Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары


Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары
Жоспар:
1. Қылмыстық құқықтың түсінігі.
2. Қылмыстық құқықтың міндеттері.
3. Қылмыстық құқықтың қағидалары
Кіріспе
Қылмыстық құқық - қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) - мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі - 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы - ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.
Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы, мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т. б. ) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Қылмыстық құқықтың қағидалары деп - қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.
Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:
1. Заңдылық принципі - бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.
2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі - бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.
3. Жауаптылық принципі - бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.
4. Әділеттілік принципі - бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
5. Демократизм принципі - бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.
6. Гуманзим принципі - бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.
7. Интернационализм принципі - бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.
Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.
Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстың қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушылық органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, согдай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.
Жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істеген үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікте, қоршаған ортаны, ҚР-ның Қонституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалады мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асру үшін осы Кодексте қылмыстың жауптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлект үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылады екенін айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтың құралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстық пен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың заңдарды, қылмыстың институттар мен түсініктерді, нақты қылмыс құрамдарды, яғни қылмыстық құқықтық нормаларын зерттейді. Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымы ҚР қылмыстық құқық тарихи, даму кезеңдерін, шет мемлекеттердің де қылмыстық құқықтық ілімдерін терең талдайды. Дамыған, өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын елімізде кеңінен қолданудың ұсынатын да қылмыстық құқық ғылымы болып табылады.
Қылмыстық-құқықтың принциптер - заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыс пен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңнын құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құрылады. Оның біріншісі - Республика қылмыстық Кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.
Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы - азаматтардың заң алдындағы теңдігі болып табылады. ҚР Конституциясының 14 - бабының 1 - тармағында - заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп атаған.
Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі - жауаптылықтан құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты мойынмен көтереді.
Қылмыстық заңнын төртінші принципі - жеке жауаптылығы болып табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмыстық құқықтың бесінші принципі - кінәлі жауаптылық принципі болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді.
Қылмыстық құқықтың алтыншы принципі әділеттілік принципі болып табылады. Бұл принциптің мәнісі сол қылмыстың жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.
Қылмыстық құқықтағы тағы бір принцип ізгілік принципі болып табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстың заң арқылы азаматтардың жеке басын, оладың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.
Қылмыс істеу сатылары
Жоспар:
1. Қылмыс істеу сатыларының ұғымы
2. Қылмыс істеуге дайындалу
3. Қылмыс істеуге оқталу
Кіріспе
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу - бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән - жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.
Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.
Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады) . Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық) . Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді) . Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу - бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдлйлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т. б. ұрлау.
Дайындау - бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.
Бейімдеу - заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту) .
Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т. б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т. б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес.
Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп - адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.
Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т. б. ) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды) .
Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады) . Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды) .
Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі) .
Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:
1. Қылмысқа дайындалу;
2. Қылмысқа оқталу;
3. Аяқталмаған қылмыс.
Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда болады.
1. Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау» объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойыншаақырына дейін жеткізілмейді. Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен бас тарту болар еді.
2. Қылмыс жасауға оқталу. «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады».
3. Аяқталған қылмыс. Егер адам әрекеттерінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективті және субъективтік белгілердің бәрі болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.
Жазаның белгілеріне мыналар жатады:
1. Қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды;
2. Жаза тек қана жеке сипатта әке-шеше, туған-туыс емес тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;
3. Ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан шектейді.
Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларына бой бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тоқтатуға тура келеді.
Жазаның мақсаты:
- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;
- сотталған адамды түзеу;
- жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz