Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері.
1.1.Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мн білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие
берудегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау. Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы
2.1.Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Оқушылардың эстетикалық қатнас талғамын тәрбиелеу ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Мектепте білім берудің мақсаты - ... жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру деп көрсетілген.
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін".

1.Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңы" 27.VII – 2007ж. Алматы.2007.
2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамытутұжырымдамасы. «Ана тілі». 19 маусым. 1987ж
3.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімберуді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 26 желтоқсан. 2003.
4. НазарбаевН.Ә. 2007 жылғы «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы», Алматы, 2007ж. Білім баспасы.
5.Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдердіпайдалану-заман талабы. Республикалық ғылымиконференция материалдарыҚаз Ұ.У.2004
6.Инновациялық оқытудың педагогикалық шарттары. Алматы, 2006Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ Шымкент ғылыми-әдістемелікконференцияның материалдар жинағы, Шымкент 2004.
7.Сабыров Т.А. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыружолдары. Алматы «Мектеп». 1978ж.
8.Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет.Алматы,1990ж.
9.СавинН.В.Педагогика., Москва, 1990.
10.М.Жұмабаев.Педагогика."Рауан" баспасы 1993ж.
11.Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.Алматы.1999ж.
12.Қазақстан Республикасының мелекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарты.Астана 2002ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ОТЫРАР ИНСТИТУТЫ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Жасөспірімдерге эстетикалық
тәрбие берудің мәселелері.
Орындаған: Акишева Гүлнұр
Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.д., профессор Қ.Ж. Қарақұлов
Шымкент 2009 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері.
1.1.Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мн білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие
берудегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы
2.1.Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Оқушылардың эстетикалық қатнас талғамын тәрбиелеу ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Мектепте білім берудің мақсаты - ... жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру деп көрсетілген.
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таңым ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тәрбиелейді.
Бүгшде мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушыларының ақыл-ойы сана-сезімін жетілдіруде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігін ерекшелей келе, ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қоя отырып диплом жұмысының тақырыбына арқау болатын актуалды, көкейкестілігін анықтауды жөнкөрдік.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітіп, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, этетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез - құлқын түзету, әсемдікті түсіне білу. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғарв жетіле бастағанын көрсетеді.
Мектепте оқушлар мен оқытушылар, тарбиеленушілер арасындағы, кіші және ересек оқушылар арасындагы таза адамгершілік қатынастардан өзіндік эстетиканы байқауға болады. Қатынас кезінде олар өзара түсінушілікке дағдыланады, ортақ тіл табысады, өмірге өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, Сократ дана айтқандай "әдемілікті бірлесіп іздеуде" таптырмайтын мүмкіншіліктер алады. Қатынас - ол тек қана оймен ғана адмасу емес, сезім және әсерленушілікпен де алмасу. Қатынас неден құралады немесе, басқаша айтқанда, қатынастың әдістері қандай? Олар: - көзқарас, сөз, дауыс ырғағы, ым, ишарат, дене қимылы. Бұл амалдар жеке түрде болсын, біріккен түрде болсын көп мағынаны түсіндіреді.
Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, онан алған әсері, оның көркемдік әрекеттері дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болда. Алайда бұл жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болада, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу, тіпті өнермен айналысу оны тез жалықтырады, Көркем творчвствоның нәтижесінен кері сурет салы, желімдеу, музыка процесі қызықтырады, ал эстетикалық құбылыстарды бағалауы белгілі бір жағдайларда ғана байқалады.
Баланың өзін - өзі тәрбилеуінің алғашқы сатысы жеткіншек сатысы болып табылады. Бұл жаста ол белгілі мөлшердегі көркем шығармалардың мазмұнын түсінуге тырысады, білім деңгейін кеңейтеді, қоршаған ортадан эстетикалық тәжірибе жинайды, өмір құбылыстары мен өнер шығармаларын саралап, өздігімен бағалауға талпынады.
Жоғарғы кластарда баланың өмірдегі эстетикалық саланы талғммен қабылдауы жеткіншектерге қарағанда жоғары болады, дүниетанымдылығы мен пікірі жүйелене түсед. Өнерге, көркем творчествоға, өзінің тәртібіне ерекше мән береді. Мұғалімге баланың жас ерекшеліктерінің эстетикалық дамуын білу, олардың эстетикалық талғамын мақсатты түрде жетілдіруде және сезім тәжірибесін толықтыруда көмегін тигізеді.
Эстетика эстетикалық сананың міндетті ісі мен құрылымын ашады. Ал тәрбие теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Бұған нақты дәлелдің бірі Жалпы білім беретін мектеп концепциясының негізгі бағыттары - (2006ж) құжатта орынды нұсқау бар: Аса маңызды міндет - оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнеор шығармаларын, тарих архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет. Лсы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күшібар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдаланылсын, - деп көрсетілген.
Ал өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде мектеп орасан зор роль атқаратыны белгілі. Нақосы мектепте адамының эстетикалық мәдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тәрбие мәселелері біздің елімізге әрдайым жан-жақты тәрбиенің жалпы проблемаларымен байланыстыра қарастырылып келеді.
Қоғамның материалдық - экономикалық базасын жаңа адамды қалыптастырудан,оның дамиуынан бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан стетикалық тәрбиенің принциптерін жүзеге асыру мен қатар тәрбиенің бүкіл жүйесін одан әрі жетілдіре түсуге жағдай жасап отыру қажет.
Әрбір адамның творчестволық қабілетінің қанат жаюы оның еңбек саласының артуына әсер етеді, мәдениетін дамытады. Сөйтіп адамның жалпы мәдениетінің маңызды бөлігі - өміріміздің барлық саласына ықпал тигізетін эстетикалық мәдениет болып есептеледі.
Эстетикалық тәрбие - жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамы тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделіпроблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Сондай - ақ айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс, ұстаздар тарапынан оқушыларға сапалы көмек қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка,би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамауы керек. Осы тұрғыдан алғанда мектептерде эстетикалық тәрбие беру іс - шарасында, атқарылып жатқан жұмыстар мен әліде болса, шешімін таппай келе жатқан проблемалар жеткілікті.Эстетикалық әсер көбіне оқыту процестері арқылы беріледі. Әдебиет, суркт, музыка сабақтары талапқа сай оқытылмайды. Мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында эстетикалық қарым - қатынас, үйлесім және эстетикалық сезім мәдениетінің төмендігін білдіреді. Жоғарыда көкейкесті мәселелердіталдай отырып, біз диплом жұмысының тақырыбын, эстетикалық тәрбиелеу мазмұны мен түрлері - деп таңдадық.
Диплом жұмысының мақсаты:
Жалпы білім беретін мектептерде эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
Диплом жұмысының тақырыбы мен мақсатына байланысты төмендегідей міндеттер қойдық:
Мектеп оқушыларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
- жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім - тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.
- диплом жұмысының тақырыбына сәйкес бастауыш пен жоғары сынып оқытушыларыныа әдістемелік нұсқау ұсыну.
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелері педагогика ғылымының саласы эстетикалық тәрбие беру ісін байытып оның теориялық мазмұны және деңгейлік сипаттамаларын дамытуға үлес қосады.
Диплом жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Өнер арқылы қоршаған орта табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, оқушылардың шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруға және мұғалімдердің эстетикалық тәрбие беру ісіе көмегін тигізеді.
Зерттеудің мәні: Мектептегі эстетикалық тәрбие берудің мазмұнын педагогикалық тұрғыдан талдау.
Зеттеуіміздің кезеңдері:
Бірінші кезең - теориялық ізденіс пен әдебиеттерді талдай отырып, диплом жұмысының ғылыми аппаратын айқындау, зерттеу жұмысының бағдарламасын жасау.
Екінші кезең - жинақталған материалға талдау жасау арқылы оның ғылыми нәтижесін (талдау) қортындылау.
Үшінші кезең - эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы істерге баулу.
Зерттеу обьектісі:
Жалпы білім беретін мектептердегі эстетикалық білім беру мен тәрбие негіздері.
Диплом жұмысының базасы:
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданыындағы № ... ... . атындағы мектептер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
Диплом жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысымыз кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І тарау
Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері
0.1. Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің
міндеті маңызы.
Философиялық әдебиеттерді алып қарайтын болсақ, "эстетика" деген сөздің өзінде былайша түсініктер берген. "Эстетика" - көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал "эстетикалық" дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді?
Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы "сезінушілік" дегенді білдіреді. Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы -бұл адамдардың сезінуі. Оқытушы мен оқушылардың өзара қарым-қатынасынан эстетикалық тәрбие туындайды. Қарым-қатынас қоғамда, адамдардың рухани өмірі үшін, яғни қай сала болмасын, адамдардың көзқарасын, позициясын бірте -бірте өзгеруіне алып келеді.
Адамзат баласының жеке бір тұлға болып дамуы мен қалыптасуы өте күрделі процесс. Осы қалыптасу барысындағы оңай емес бір жағы - оған эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие айналаны қоршаған табиғат әдемілігі мен таңқаларлық сұлулықты, көркемдікті, көре, сезе білуге, соншалықты оны терең сезінуге үйретеді. Шын мәніне келетін болсақ, қөркем шығарманы қадірлеп, түсіну арқылы қабылдайды.
Оқушының жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына, әсемдікті сезінуіне ықпал ететін пәндердің бірі - бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің кереметтігі - өмірдегі барша бояу түрлерінің байлығын ашып, өзіне деген ерекшеліктерін айқындайтындығында. Бейнелеу өнеріндегі көркемдегіш күштің жоғары деңгейде болуы, көрушіге өте зор ықпал етеді. Сонымен оның эстетикалық тәрбие берудегі әсер етуші мүмкіндіктердің шексіз екендігін айта кетуге болады.
Сондықтан адам баласының өмірдегі табиғат көрінісіндегі әсемдік пен сұлулықты тануға, сезе білуге үйретуде, жалпы сезімталдыққа тәрбиелеуде бейнелу өнерінің пәні аса үлкен орын алады.
Бейнелеу өнері туындыларының адамға әсер етіп, жақсылыққа жетелеуші құрал ретінде, оған ұмтылыс пен көтеріңкі көңіл туғызады. Эстетикалық тәрбиеге жүктелетін осындай күрделі міндеттердің бір бұтағы эстетикалық сезіну мен қоршаған ортаны эстетикалық жолмен қабылдау, оны қалыптастыру болып табылады.
Бейнелеу өнері мен эстетикалық тәрбие арасындағы байланысты түсіну барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін, күш-қуатын реттеуге көмектеседі. Осы орайда оқытушы өз бойындағы білімін, оқушыға эстетикалық тәрбие мен бейнелеу өнерінің өзара байланыстарын жан-жақты, салыстырмалы түрде кеңінен жеткізуі кажет. Уақыт талабына сай оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасы педагогикалық жаңа мәніне ие болады. Оқушылар мектеп қабырғасында бірте-бірте өздігінен бейнелеу өнері заңдылықтары түсініктерін қалыптасыруға ұмтылады және үйренуге бейімделеді. Бұл бір жағынан, оқушының эстетикалық тәрбие туралы түсінігін қалыптастыру арқылы, бейнелеу өнеріне деген көзқарасы, дүние танымы, ой-өрісі кеңіп, сөйлеу мәдениетінің бірте-бірте қалыптасып дамуына ықпал жасайды. Демек, сабақтарда мұғалім жалпы өтілетін сабақтың барысы жайында, бейнелеу өнері заңдылықтары туралы айтып шектеліп қана қоймай, эстетикалық тәрбиемен байланыстыра түсіндіруі қажет.
Суретші Б.М.Неменскийдің эстетикалық тәрбие туралы айтқан ойларына сүйенсек: "Эстетикалық тәрбие кең мағанада - бұл үлкендерді тәрбиелеу және терең сезіну, бұл адамның саналы және адамгершілік тәрбиесі ең алдымен адамның адамгершілігінде. Бұл бірінші кезекте адам жүрегіндегі тамаша тәрбиені, тамаша ақылмен жетекшілік еткен және адамның жүріс-тұрысы, оның адамдарға қарым-қатынасы. Мен терең сеніммен және біз сондай сеніммен эстетикалық тәрбиені кең мағынада, адамның жалғыз және аса қажетті тәрбие құралы деп атадық".
Сонымен осы айтылғандардың негізінде адамдарда талғампаздықтың пайда болғанын байқауға болады. Адамның табиғат сұлулығын тануы, оны сұрыптап бағалай білуі, әлі де болса жеткіліксіз. Өмірді жасаушы адам болғандықтан, оның осы сұлулықты өзі жасауға ұмтылуы заңды. Олай болса, адамның эстетикалық белсенділігі өмірдің сұлулығын жасай, оны құра алатындығында. Эстетикалық белсенділіктің іске асуы айналадағы қоршаған ортаның әдемілігін көркемдеп қабылдаулың негізінде болады.
Осы орайда Б.М.Неменский өз ойын былайша білдіреді: "Адамды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу - сонымен оның ойлау және сезіну эстетикасын қалыптастыру, оның өмірге көңіл бөлуі, өнерге, еңбеккке, отбасына, достыққа, жалпы күресте. Бұл өмірлік ұсыныс әсемдікті заң бойынша қалыптастыру. Ұсыныс және әрекет," - деп адам өміріндегі эстетикалық тәрбиенің маңызды екенін түсіндіреді.
Демек, мұғалімнің өзі эстетикалық тұрғыда тәрбиеленген болуы керек. Себебі ол өзінің дүниетанымы, өнерге деген көзқарасы, сезінуі, түйсінуі, эстетикалық тәрбие туралы түсінігі арқылы, өзінің бойындағы білімін оқушыға кең түрде жеткізіп түсіндіре алады. Оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда көзделетін мақсат - өмір шындығының сұлулығын көре, дұрыс тани білуге, талғамын дамытуға және білімі мен көркемдік түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге үйрету. Бейнелеу өнеріне деген ынтасын, қызығушылығын арттырып, дүниетанымына жағымды ықпал етумен қатар, оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулып тәрбиелеу, күнделікті кездесетін қарапайым және өндірістік заттарға жоғары талғам тұрғысынан қарауға, табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге тәрбиелеп үйрету.
Оқытушы бейнелеу өнері сабағында оқушыға қоршаған ортадағы шындық туралы көптеген мәлеметтер береді.
Мысалы, заттың нақты бейнесін салу барысында оқушы сол заттың пішінімен құрылысына қарап танысу арқылы оның салмағы, алатын орны, мәні, түр- түсі жағынан қандай дегенде де қарап, байқап білуге үйренеді. Осындай мақсатпен көз, ой тоқтатып, зерттеп қараудың нәтижесінде оқушының білім жүйесінің кеңеюіне әсерін тигізеді. Бейнеленуші заттар жөнінде жаңа бір түсінік, ұғым пайда болып, олардың шындығы мен құбылысы туралы сезім пайда болады.
Бұл айтылып отырған бейнелеу өнері пәні бойынша жүргізілетін әрбір жеке сабақтың өзінде тәрбиелік мүмкіндіктің мол екендігі байқалады. Сонымен оқытушының эстетикалық тәрбие туралы түсінігінің жоғары деңгейде қалыптасуының негізінде, табиғат сұлулығын терең сезіну арқылы оқушыларына мәнді етіп жеткізілуінде.
Ақын, педагог М.Жұмабаев айтқандай, сұлулық сезімдері адамның табиғат сыйлаған қабілетімен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Мағжан эстетикалық тәрбиенің тарауларын жан-жақты талдау жасай отырып, бала жаратылыс, табиғат сұлулықтары мен бірге өнерден барынша мол ләззат алып өсуі қажет екендігін айтады.
Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және толық меңгеру Мұғалімнің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ материалдарына байланысты. Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалімдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар оқу жылына толық сабақ жоспары жасалғаны жөн. Бастауыш сыныптардағы тақырыптық сурет салу алдын-ала байқау жүргізілгеннен кейін көз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады. Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салудағы алғашқы біліктілігі қалыптасады. Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.
Ойлау үрдісінде оқушылар заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезіммен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.
Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау, т.б. үрдістер қатар жүріп отрады.
Сонымен бірге, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.
В.В.Алексеева "Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек. Өйткені ол бала маңызды жалпыадамдық негізден қүр қалады", - дейді.
Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер ғана емес, сонымен бірге эмоциялық ойлау әсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қылыптастыру мүмкін емес. Бүдан басқа "Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ал мүмкіншілік шектелуі қиялдау үрдісінің тоқтауына әкеледі," - дейді Б.Т.Лихачев. Оның тұжырымдауынша, көз алдына елестету сөйлеу дамуына тәуелді, яғни баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналады.
Қоршаған болмысқа деген байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемділігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.
Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды Мұғалімнің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен, есту - бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы керек.
Сондай-ақ, мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдануы қажет.
Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бүйымдары эстетикалық қабылдаумен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты.
Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс- әрекеттері әдеби шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық байқалады.
Олар туған жердің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері мектептегі пәндер мазмұндық ерекшеліктері оның елестеу, қиялдау, көру, кеңістікйе, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытыуға бағытталуында.
Мұғалім оқушыларға әртүрлі пән сабағының эстетикалық тәрбиемен қандай байланысы бар екенін және эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, олардың өнерге деген көзқарасы, түсінігі, түсінуі жалпы бейнелеу өнерінің заңдылықтарын тиянақтап түсшдіру барысында эстетикаға деген ынтасын қалыптастыруға көмегін тигізеді.
Көркем-эстетикалық жағынан дамыған оқушы бейнелеу шығармашылығында сабақтан-сабаққа өткен сайын нақты, айқын, мәнерлі жұмыстар жасаса, керісінше, дамымаған балалар теледидардан көрген кейіпкерлерді: Ұлдар "машина", қыздар ертегі мазмұнында баяндалатын "ханшаларды" салып, салған суреттері кішкене сәбидің деңгейінде қалып отырады.
Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кездестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешелігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамдарды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.
Бейнелеу әрекеті - жас оқушының көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет етеді. Бала қолына карандаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге тырысады. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген сабақтың негізгі мазмұнын қабылдауда кең еркіндік алып, оның бастапқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.
Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Алғашқы жұмыстардың арасынан-ақ сурет салумен жүйелі түрде айналасатын оқушының биік деңгейі мен енді сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соғады. Сол себепті окушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірден үстау, яғни білім алу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сабақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатыны мәлім.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы оқитын қабілеті бар оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырып өткізу тиімді болмақ. Себебі, сабақты жақсы оқитын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сабақ орындауын қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.
Іс жүзіндегі жұмыстар кезінде сыныптағы оқу процесі барысында төменгі сынып оқушыларының ойын дамытудың жолы болып табылатын бір-бірімен сөлесіп, ой бөлісіп қарым-қатынас жасау да пайдалы. Ойын сынып оқушыларының назарын белсендіруге бейнелерді дұрыс салуға деген эмоциялық көңіл-күйін келтіріп, көркемдік шығармашылығын дамытуға өз кезегінде жақсы нәтижелешереді. Кескіндеме түрін зерделеуде, оқушыны шеберлік орындау тәсілдерінің атауларымен таныстыруда ойын түрлерін пайдалануға болады. Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану, оқушының шығармашылығын белсендіріп, әртүрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі.
Бейнелеу өнері оқушының алуан түрлі шығармашылық әрекетінің тууына және эмоциялық, эстетикалық сезімдерінің дамуына жол ашу.
Оқушылардың пәндерге, оқуға деген қызығушылығы мен ықыласы тым жоғары. Осындай сәттегі балалардың эстетика өнеріне деген ыстық ықыласы мен сенімін, күш-қайраты мен сезімін жоғалтып алмай, әрі қарай дамыту, жандандыра түсу мұғалімнің ізденушілігі мен ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты.
Мұғалімнің мақсаты баланың іскерлік қабілетін арттырып, әсемдікті өз қолымен жасауға үйрету, ұлттық өнердің асыл дүниелермен таныстырып, әсемдікті тани білуге баулу, эстетикалық тәлім-тәрбие беру болып табылады.
Мектептер жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беруде, оның ішінде өз халқының тұңғыш қылқалам шебері, 1000-нан астам туынды авторы Әбілхан Қастеевті бейнелеу өнерінің атасы ретінде мектептің оқу бағдарламасына енгізген.
Оқушыларға эстетикалык тәлім-тәрбие беру, олардың бойындағы қабілет-дарынды үштау қазіргі жаңарған, бетбұрыс заманымызда ерекше жолға қойылып отыр. Ал, бейнелеу өнері -оқушыларға эстетикалық тәрбие беретін пәндердің бірі. Ендеше, баланың эстетикалық талғамын арттыру мақсатында қазақ халқының қолданбалы өнерін мадақтайтын суретшілер мен халық зергерлерінің шығармаларын кеңінен қолдансақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапасы жоғары білім алуға деген мүдеделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның иегеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттық әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады).
Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.
Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "ата жүрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған өлке"жеке ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақылойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне, аялы, көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,т.б), шетел психолг-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский,т.б) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева, Б.Әлмұхамбетов, Ә.Қамақов, Ж.Балкенов, Е.Асылханов, Қ.Ералин, Қ.Ижанов, Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген. Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнерге эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді.
Эстетикалық талғамы биік сезімтал адам еңбектері "жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарсты тәрбиелеу - үлттық өнерге мүқият зейін салуды талап ету балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады. Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеті. Ұлы ақын М.Сүмабаев "Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері... адам жанына бір ләззәт, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды ... Сұлулық сезім адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріп, нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көрсетеді.
Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие беруіне тиісті деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтық бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдары мазмұндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, мәңгілік пен бүгінгілік, тағдыр т.б ұғымдарды қалыптастырып ұғып түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерді тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығушылығын арттырады. Эстетикалық белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қолданбалы өнері бұйымдарын жасай білуге, олар қоршаған орта табиғат құбылыстарын абстрактілі бейнелей білуге, бабалар мұрасын ұрпақ мұратына айналдыруға өз үлесін косуға талпындырады.
Демек, эстетикалық тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы өнерін кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану ақыл-парасаттылық (рационалды) және сезім (эмоционалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады. Педагогикада бұл мәселені шешуде адам ақыл-ойының, адамгершілігінің әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін негізге алады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді.
Әр баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан. Өнердің әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын оқушы болмайды.
Тәрбиенің міндеті- балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:
1) Оқушыға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Оқушы бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көкті, түрлі-түсті кемпірқосақты, буыны жоқ бүұаңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Оқушы сұлу жаратылыстың құшағында болсын.-Оқушыда сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Мұғалім жаратылыстағы түрлі сұлулыққа оқушының зейінін аудара білу керек.
2) Оқушының маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болуы керек. Оқушының үсті басы, денесі, киімі-бәрі таза ұсталуға тиісті. Өзімен бірге оқитын құрбы - құрдастарын мәдениеттікке ретті, тәртіпті, таза блуға шақыруы тиіс. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген оқушы сұлулықты тез сезінгіш келеді. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Оқушының бірге жүрген ортасы және адамдардың жүріс-тұрысы да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.
3) Оқушыны эстетикалық тәрбие өнрмен таныстыру керек. Бала неше түрлі әуендерді естісін, сұлу табиғат түрлерін көрсін мәдениетті сөздер, сезімтал өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасыын сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарына ойнауға үйрету керек.
Міне осыларды көріп, естіп, оқушының эстетикалық сезімдері өркендейді.
0.2. Оқушылардың эстетикалық мәдениеті тәрбие мен білімін қалыптастырудағы музыканың ролі.
"Өнер-білім бұлағы" дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да адамдарға, өскелең ұрпаққа рухани күш-жігер берш ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімдерін оятады.
Өнер саласының бірі - ән мен күйдің қоғамдық әрі тәрбиелік мәні өте зор.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында мектепте белгілі бір жүйелі бағытпен музыка сабағы жүргізіледі.
Бастауыш сыныптан басталып жетінші сыныпқа дейін музыка сабағы қорған ортаның әсемділін көріп, жырлап оларды оқушылыр естіп, ажыратып, бағалай білуге арналған. Оқушыға музыка жаилы түсініктерді, анықтада отырып, эстетикалық өнердің алғашқы негіздерімен тарихымен таныстыра отырып, таным түсінігін дамытып оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет. Музыка туралы мағлұматты жүйелі меңгеру іскерлік пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сезімнің, өнерге деген қызығушылығының, эстетикалық талғамның дамуына бағыттау керек.
Эстетика дегеніміздің өзі өмірдің бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі балаға музыка тілімен жетеді. Осы өнер арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді, музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады.
Эстетика баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады.
Мектептегі өнер сабағы тек қана музыкалық мағұлмат беріп қана қоймай сонымен қатар оқушыларға жоғары адамгершілік, имандылық, азаматтық қасиеттерге баулиды.
Көркемдік эстетикалық және эмоционалдық тартымдылығына оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алынған шығармалар ғана тәрбие жұмысына мол дүние бола алады. Олар өздеріне терең әсер қалдырып толғандыратын шығармаларды қабылдаған жағдайда ғана адамгершілік сезімдерін оята алады.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.
Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі, ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнердің, оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.
Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тәжірибесін ашады, қорытындалайды, жүйелейді. Кез келген мәселені шеше отырып, өнер шындықтың эстетикалық деректерін бейнелейді және ойластырады, ал өмірлік құбылыстарды бағалай отырып, басқалармен бірге оларды эстетикалық бағалауға түсіреді. Сонымен бірге ол эстетикалық эмоция туғызады және эстетикалық ләззатқа бөлейді. Мұның бәрі өнерді, демек музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын қүралына айналдырады. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл міндетті қызмет, бірақ жалғыз және дербес қызмет емес. Ол өнер атқаратын және оның табиғатымен, қоғамдық өмірдегі ерекше орнымен анықталып, әлеуметтік қызметтердің күрделі жүйесімен жымдаса байланысқан.
Өнердің, демек, музыканың да мынадай қызметтері бар: гнесеологиялық (шындықты өзіндік тәсілмен тану), аксеологиялық (оны өзіндік тәсілмен бағалау), насихаттаушылық (саяси, философиялық, этикалық және басқа қоғамдық идеяларды тарату), геоденистік (рухани көтеру, ерекше ләззаттану), суггестивтік(эмоция мен ойдың белгілі бір тәртібіне иландыру), сауаттандыру ("өмірдің оқулығы" қызметін атқару), эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендірлендіру), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым - қатынастың ерекше қызметі, өзіндік құралы ретінде әрекет етуі) және т. б.
Музыкалық - эстетикалық тәрбиенің, дәлірек айтқанда, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.
Музыка күші оның жан жақты әсер ететіндігінде (ерік -жігерге, ақыл ойға, ойлауға, "логикалық сезім" деп аталатынға; эстетикалық сана саласында үйымдасқандығын қабылдау қабілетін, оның жетілуін талап ететін арнаны сезіну ретінде әрекет етеді). Осы мағынада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық сезім эстетикалық категория ретіндегі үйлесімділік ұғымына енген мазмұнға жақын келеді.
Сонымен бірге жаппай музыкалық педагогикалық практиканы талдау бастауыш және жоғары сынып оқушыларының интонациялық қабылдау, гармония, эстетикалық қабылдау, эстетикалық талғам сияқты маңызды категорияларды тәрбиелеуге бүгінгі күні жеткіліктті көңіл бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Бұған қолайлы жағдай туғызатын мектеп сыныптардағы музыка сабақтары мен сыныптан және мектептен тыс музыканың кең эстетикалық мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмай отыр. Мұғалімдер арасында сынып оқушылары өтетін музыка сабақтарының өзі ақ олардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға өздігінен ықпал етеді деген сенім қалыптасқан.
Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан "өзінен - өзі" дамиды және ол үшін Мұғалім тарапынан арнаулы күш - жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан да, практикалық жағынан да қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне, мысалы, гармония мен, эстетикалық қабылдаумен және талғаммен байланысты мәселелерге мұғалімдер тарапынан арнаулы көңіл бөлуді қажет етеді.
Мектепте сынып оқушылары қабылдаудың өткірлігімен және тазалығымен өзіндік "сезімдік қызығушылықпен ерекшеленеді, музыкаға аса қызығады. Олардың музыкалық іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру бір жағынан, кіші жастағы балалардың эстетикалық сезімдерінің дамуына әсер етеді, ал екінші жағынан, сәйкес қабілеттердің (есту тітіркендіргіштерін нәзік ажырату, музыкалық есту, үнді есту ретінде қоя білу қабілеті және т. б.) дамуына ықпал етеді. Барлық сынып оқушыларының интонациялық және эстетикалық қабылдауына қабылдау кезіндегі талдау тереңдігінің, ұйымдасқандықтың және мақсатқа бағытталғандықтың әлсіздігі тән екендігін анықтаған. Бұл әсіресе
1 және 7 сынып оқушыларына тән құбылыс. Оларға қабылдаудың эмоциялығы тән. Олар ең әуелі тікелей эмоциялық реакция туғызатын қасиеттерді, белгілерді, ерекшеліктерді қабылдайды. Сондықтан музыка туындысын тікелей күшті эмоция туғызатын белгілі бір акустикалық немесе оптикалық орта ретінде қарастыруға болады.
Музыканың эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігінің толық пайдаланылмай отырған себебі оқу жұмысының ғылыми негізделген әдістехмесінің болмауында. Мұндай ғылыми әдістеме мынадай үш ілікке негізделген болуы тиіс деп есептейдә-ғалымдар психофизиологиялық (дыбыстың материалдық жекелеген жақтарының тыңдаушыда тікелей эмоциялық әсер туғызды), симптоматиялық (адамның музыкамен үлгіленген эмоция симптомдарын игеруге негізделген), нәрселік - жағдайлық (тыңдаушы психикасында шындықтың рмоциогендік нәрселері мен жағдайлары жөнінде түсіністің тууына негізделген.
Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысының ғылыми негізделген әдістемесінің құрылуы мыналарды анықтаумен байланысты болды: музыкалық материалды игеру үрдісінде оқушыларды гармония жөніндегі түсінікті, кідірістік және эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер, оқушылардың гармония жөніндегі түсінген, кідірістік және эстетикалық қабылдауын қалыптастыру өзгерісі; эстетикалық талғамдарды тәрбиелеуге ықпал ететін педагогикалық жағдайлар.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құрамының бірі -музыкалық білім және тәрбие беру ісінің оқушының жан дүниесін қалыптастыруда ерекше маңызы бар.
"Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,"- деп данышпан ақын Абай айтқандай, жақсы ән - күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Музыкалық шығармалар адамның жақсы, ізгі сезімдерін уландырып, дөрекілікке, топастыққа, арзан күлкіге жалған шаттықа немесе қаталдыққа жол ашады.
Музыканың тәрбие саласындағы күшті құдіретін біле тұрсақ та, табиғаттың, адамның жасаған игіліктерін қиратып, бүлдіргеннен басқаны білмейтін оқушылар музыка тілінен мақұрым қалып, көңілі соқыр, рухани мүгедек болып өседі.
Әр дәуір күн тәртібіне өз талабын қояды. Еліміздің егемендік алуы, ана тілімізге, ұлттық дәстүрімізге ерекше мән берілуі нәтижесінде мектептегі музыка пәнінің бұрынғы міндеттерінің үстіне қоса, бүгінде ұлттық сана сезімі оянған, ана тілін, елінің мәдениетін, өнерін білетін, сүйетін және келешекте дамытатын жастарды тәрбиелеу кажеттігі туып отыр. Оқу мазмұнын ізгілендіру бағытында имандылыққа тәрбиелеуге, оқушының жеке басының жан жақты үйлесімді дамуына аса көңіл қоюда музыка бағдарламасы лайықты болуы тиіс.
Біріншіден, баланың психо физиоглогиялық жеке басының ерекшелігін есепке алу. Баланың табиғатына байланысты музыкаға құштарлығын, талпынуын арттыру үшін сабақтың "оңайдан бірте бірте қиынға көшу" принципін сақтап, 10 12 минут сайын қызықты сұрақ, жүмбақ, тапсырмамен түрлендіру. Оқушыларды жалықтырмайтындай музыкалық ырғақты қимыл - қозғалыс сияқты әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану қажет.
Екіншіден, баланы тәрбие негізінде оқыту керек. Оқушыға өз басын және айналасындағы адамдарды сыйлауды үйретіп, селқостықтан аулақ болуға, елін, жерін, дәстүрін, өнерін қадірлей білетін өз елінің азаматы болуға тәрбиелеу, мәдени дағдыларды игеру музыка сабақтарында орындалатын мақсаттар.
Үшіншіден, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz