Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Кіріспе
І. Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны
1.1 Мағжан Жұмабаев шығармалары
ІІ. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми.әдістемелік негіздері
2.1. Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тәлім.тәрбие мәселелері
2.2 Мағжанның бастауыш мектепте оқыту ісіне қосқан үлесі
ІІІ. Қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістері
3.1. Қазақ әдебиеті пәніндегі Мағжан Жұмабаев тақырыбына арналған сабақ жоспарлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын.
Ал бұл дәуірдегі қазақ әдебиеті – жалпы демократиялық қозғалыстар, қиян-кескі соғыстар, төңкеріс дамыған кездегі, қос қыртыс дәуір тарихын көрсететін әдебиет еді.
Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі қазақ тарихындағы, осы, бір жағынан ұлттық ояну, екінші жағынан, жаңа жол іздеп, дағдару дәуіріне тура келді. Өмірі халық тарихындағы күрделі кезеңмен тұспа- тұс келіп, сол дәуірдің барша қарама-қайшылығын жүрегімен сезінген, тарихтың тар жолдарында бүкіл ғұмырын шындық іздеумен тауысқан, сол тауқыметі мол жылдар тез есейтіп, қиялына қанат, қаламына қайрат бітіріп, қатарға қосқан Мағжан Жұмабаев – «қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны». «Мағжан бүкіл ұлтқа тән ұғым-сезімнің, поэтикалық өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ әлемінің жан дүниесін ашып берді. Оның таза қазақтық рухы кімнен де болса жоғары.

1. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992
2. С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында
3. Б.Байменова. М.Жұмабайұлының педагогикалық мұрасы // Ұлт тағылымы.
4. М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие // Ұлағат.
5. С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық-тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы
6.Дюкенова Н.Е. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (5-7, 11 сыныптар бойынша): пед.ғыл.канд.дис.-А.: Абай атындағы ҰПУ. 2006ж.
7.Жұмабаев М. Шығармалары (өлендер мен поэмалар, қара сөздер). Алматы.: Жазушы. 1989ж.-448б.
8.Қуантайұлы Н. Мағжан Жұмабаев өлендерінің текстологиясы// Қазақ әдебиеті. -2002.-9 тамыз.-10 б.
9.Мағжан Жұмабаев. Көп томдық шығармалар жинағы. Аудармалар, ғылыми еңбек мақалалар.-Алматы.: Жазушы, 2005ж.-232б.
11. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
12. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – XI сыныптар, — А., 1999.
13.Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі.
14.К.Құнантаева, И.Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде //
15.С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында.

Мазмұны
Кіріспе
І. Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны
1.1 Мағжан Жұмабаев шығармалары
ІІ. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
2.1. Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері
2.2 Мағжанның бастауыш мектепте оқыту ісіне қосқан үлесі
ІІІ. Қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістері
3.1. Қазақ әдебиеті пәніндегі Мағжан Жұмабаев тақырыбына арналған сабақ жоспарлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын.
Ал бұл дәуірдегі қазақ әдебиеті - жалпы демократиялық қозғалыстар, қиян-кескі соғыстар, төңкеріс дамыған кездегі, қос қыртыс дәуір тарихын көрсететін әдебиет еді.
Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі қазақ тарихындағы, осы, бір жағынан ұлттық ояну, екінші жағынан, жаңа жол іздеп, дағдару дәуіріне тура келді. Өмірі халық тарихындағы күрделі кезеңмен тұспа- тұс келіп, сол дәуірдің барша қарама-қайшылығын жүрегімен сезінген, тарихтың тар жолдарында бүкіл ғұмырын шындық іздеумен тауысқан, сол тауқыметі мол жылдар тез есейтіп, қиялына қанат, қаламына қайрат бітіріп, қатарға қосқан Мағжан Жұмабаев - қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны. Мағжан бүкіл ұлтқа тән ұғым-сезімнің, поэтикалық өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ әлемінің жан дүниесін ашып берді. Оның таза қазақтық рухы кімнен де болса жоғары. ...Мағжан суреткерлігі бүкіл қазақтың өмір үшін күресі мен қайғысын тұтас қамтиды. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы жайында қалам тартып жүрген әдебиетшілеріміз Ш.Елеукенов, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, М.Қараев, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов, Б.Дәрімбет, Б.Қанарбаева, Б.Кәрібаева, Е.Тілешев т.б. ғалымдар еңбектерінде ақын мұрасы сан қырынан сөз етіліп келеді.
Аталған салада ғалым Ш.Елеукеновтың зерттеулерін ерекше бөліп айтамыз. Ғалымның Мағжан атты еңбегі ұлы суреткердің өмірі мен шығармагерлігін жан-жақты саралауға арналған тұңғыш көлемді зерттеу болды. Автор мұнда ақынның өмір өткелдерін және шығармашылығының кезеңдерін зерделеген.
Б.Майтановтың Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы оқу құралында ақын шығармашылығындағы көркемдік әдіс пен поэтика мәселелері, романтизм, символизм, реализм эстетикасы мен жанр заңдылықтары, өлең құрылымы зерттеледі.
Ақынның поэтикасы, өлең өлшемі сыншы Б.Кәрібаеваның еңбектерінде де кеңінен талданады.
Б.Қанарбаева Жырымен жұртын оятқанатты Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы хақындағы монографиясында ақын шығармаларының фольклорлық қырлары жөнінде ой толғайды.
Поэмалардың өне бойындағы шиеленіскен тартысты, кейіпкерлердің көңіл күйін, іс-әрекетін, мінез-табиғатын Мағжан айрықша шабытпен жырлайды. Кейіпкер бойындағы бірбет қайсарлықты, асаулықты, сондай-ақ ниетінің ақтығын, жанының тазалығын қатар сипаттау арқылы ақын шығарманың ішкі драматизмін шарықтау шегіне жеткізеді. Оқиғаны баяндау барысында тау мен суды, күн мен аспанды, табиғат құбылыстарын кейіпкерлерінің көңіл күйімен, қалмақ кызының сұлулығымен астастыра отырып, поэмадағы әр түрлі характерлер кақтығысын ширата бейнелейді. Сонымен қатар, ақынның шеберлігі, өлең өрімі, сөз көркемдігі, образды суреттеу, романтикалық асқақтық тәрізді қасиеттер де поэмада кеңінен көрінеді.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Мағжан Жұмабаевтың көшбасшы болғаны белгілі. Мағжан Жұмабаевтың оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ол Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру, -- деп жазған Мағжан Жұмабаевтың бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің Бастауыш мектептегі ана тілі атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Тақырыптың өзектілігі: Мағжан Жұмабаев - бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған казақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мағжан Жұмабаев шығармашылығын, ғылыми тәжірибелерін саралау және осы мәселе жөнінде өзіндік пікір айтып, мектепте оқыту жолдары туралы ой қозғау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянына шолу жасау
oo Ақынның мектепте оқыту ісіне қосқан үлесін талдау
oo Әдебиет сабағында Мағжан Жұмабаевтың шығырмаларын оқыту әдіс-тәсілдерін айқындау
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.
Мағжанның туып өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен - көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.
Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы Ғалия медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.
Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген - ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.
Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.
Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады.Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.
Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.
Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел - жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан - лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар - адамгершілік, шынайы махаббат, т.б.
Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан Батыр Баян, Қорқыт, Жүсіпхан сияқты поэмалар туған. Батыр Баян поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі - батыр Баян. Батыр Баян поэмасы алашым деп еңіреп, майданда жолбарыстай ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.
Мағжан Жұмабаев -- көрнекті жазушы, ақын, публицист. Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақынның есімі кеңес өкіметі тұсында қазақ әдебиеті тарихынан жазықсыз сызылып, оның маржан жырлары идеологиялық қудалауға ұшыраған болатын. Халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған ол, өмірінің аса ауыр сәттерін бастан өткерді. Алайда, тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа өлмес мұра болып қалған Мағжан Жұмабаев еңбектері туралы кемеңгер жазушымыз кезінде көрегенді ой айтқан еді.
ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі -- ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен ол төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, бұл білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан білім жолында іздене түседі.
Жан -- жақты білімін жетілдірген Мағжан Жұмабаев бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алып, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Сөйтіп өзі де әдебиетпен шұғылдана бастайды. 1912 жылы небәрі 19 жасында Мағжан ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен Шолпан атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарады. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазан қаласында басылған өлеңдер жинағында Мағжан жалындаған жасқа тән махабатты емес, ел - жұртының тағдырына алаңдаған әлеуметтік, ауқымы кең мәселелерді көтереді.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп халқына деген шексіз махаббатын жырлаған Мағжан алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ" газетіне өлеңдерін жариялап тұрған. Ол Міржақып Дулатұлының Оян, қазақ өлеңінің рухында Жатыр деп аталатын жырын жазады. Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеуде оқыған кезде батыс Еуропа әдебиетімен, орыстың жазушы-ақындарымен етене жақын таныс болған.
1924 жылы Мәскеуде Кеңес пролетариат жазушыларының қауымдастығы құрылады. Социалистік реализімді орнату мақсатындағы бұл ұйымның Қазақтанда жүзеге асуына әдебиетте жүрген зиялы қауым өкілдері қарсы болады. Шығармашылық адамының өз ой-пікірін айтуына тосқауыл жасайтын саясатқа келіспеген қайраткерлер қатарында болған Мағжан сол жылы Мәскеуде жүріп Алқа ұйымын құруға әрекет жасайды. Қазақ жазушыларының басын ұлтттық бағытқа біріктіріп, Семей, Ташкент, Петропавлда жүрген белсенді қайраткерлерге Табалдырық атты жаңа бағдарламаны қолжазба түрінде таратып, өзінің саяси ұстанымын білдірген.
Өкінішке орай, ұлттық мүддені көздейтін құжат жарыққа шықпайды. Бірақ, осы әрекеті үшін 1929 жылы Мағжан Жұмабаев жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады. Сол кезеңде Мағжанның осы бастамасы қазақ зиялыларына терең ой тастап, қоғамның шынайы болмысын суреттеген туындылар жарық көре бастайды. Мысалы, Мұхтар Әуезов Хан Кене шығармасын жазса, Мағжанның Жүсіпхан деп аталатын көркем дүниесі соның айғағы.
0.1 . Мағжан Жұмабаев шығармалары
Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда Мағжан ұлт -- азаттықты поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. 1929 -- 1938 жылдар аралығында көркем туындылары тоқырауға түскен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі тек 1936 жылы ғана бостандыққа шығып, Қазақстанға қайтып оралады. Петропавл қаласында мұғалім болып жұмыс істейді. Алайда, оны қалалық оқу ісінің меңгерушісі саяси айыптап, қызметінен босатады. 1937 жылы Алматыға келіп аударма ісімен айналысқан Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында. Қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналған ұлы суреткердің шығармашылығын көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериздан Елеукенов, Мағжантану жолында сүбелі еңбек етіп, осы саладағы ізденісі үшін мемлкеттік сыйлыққа ие болған қаламгер. Ол 1988 жылдары Алаш азаматтарын ақтау туралы құжатты әдебиет және өнер институты атынан дайындап, атпал азаматтың халқымен қауышуына мұрындық болған.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? -
Мағжан ақындығының құпиясы оның өз тұсының шындығын дәл бейнелуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе, бірде жылаған, қайғы жұтқан қазақтың ішкі сезімін көрсетеді.
Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңіріп, орыс тілін жетік білген. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете секілді орыс, батыс ақын-жазушыларының шығармаларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырды. Әдеби туындылармен бірге Мағжанның қаламынан туған оқу құралдары да көпшіліктің қызметіне жарап жатыр. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер әлемдік педагогиканы қазақтың ұлттық ерекшеліктерге сай етіп, бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы оның Ташкентте Педагогика атты кітабы және төменгі сыныпқа арналған Сауатты бол атты оқулығы жарық көреді.
Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білген Мағжан қаламынан Батыр Баян, Қорқыт, Оқжетпестің қиясында, Қойлыбайдың қобызы, Ертегі сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырды.
...Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой, - деп тебіренген ол Тұран, Түркістан арқылы Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Сондықтан, Мағжан Жұмабаевтың түркі жұртының алдында тұлғасы биік ақын. Оның шығармасына байланысты жиындар Түркия мемлекетінде жиі ұйымдастырылып, көптеген өлеңдері түрік тілінде жарық көрген.
Мағжан Жұмабаев ешқандай басшылық қызметтер атқармаған. Сырт бейнесі өте сұлу, келбетті адам болған екен. Сәбит Мұқанов ол туралы: Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді, қалтқысыз жан еді... деп жазады. Ақынның алғашқы жарынан Граждан атты баласы болып, кейін ол шетініп кеткен. Ал соңғы қосылған зайыбы Зылиха өмірінің соңына дейін Мағжанмен бірге болып, оның өлеңдерін бастырып, жинаған екен. Сондай-ақ аумалы-төкпелі заманда өзіне қара күйе жаққан жандарға ақынның жаман сөз айтпауы да оның бойында адамшлық қасиеттің биік болғандығын көрсетеді.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері
БАЛАПАН ҚАНАТ ҚАҚТЫ
("Балапан" журналына арналып қара сөзбен жазылған өлең)
Балапан қанат қақты...
Жас едi. Қанаты да қатып жеткен жоқ едi. Амалсыз қақты.
Солтүстiктiң суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегiне жеттi. Ызғар өкпесiне өттi.
Ұшып орманға барып едi, күнi кеше күбiрлесiп, күлiмдесiп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. Ұшып тоғайға барып едi, қанша шырылдап айналып жүрсе де, қалың ақ кебiнiн жамылып, тоғай тұрмады.
Балапан баспана таба алмады.
Балапан қанат қақты...
Аштан өлетiн болды. Ойды-қырды қар басқан. Бiр қылтанақ таба алмады. Тоңып, дiрiлдеп, аласұрып жүрген балапанды көрiп: "Қорама кiр, қолымда тұр, қалған-құтқанымды берермiн", -- деп күледi солтүстiктiң салқын жүрек, тас бауыр адамы!
Балапан қанат қақты...
Ойы -- жандәрмен жылы жаққа жетпек, егiз Есiл -- Нұраның тәттi суларынан iшiп, Аралдың ыстық құмын құшпақшы. Терең Балқаштың мөлдiрiне шомылмақшы. Алтайдың етегiнде "уһ" деп демiн алып, Марқакөлдiң қаймағында жүзбекшi.
Балапан қанат қақты...
ҚАЗАҚ ТIЛI
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай -- алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар -- асқан жандар ұмытылды!
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, --
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
ЖЕР ЖҮЗIНЕ...
Жер жүзiне ер атағым жайылған,
Жан емеспiн оттан, судан тайынған.
Қайраты мол қандыбалақ қыранмын,
Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.
Еркiн ырғып шыққам асқар Алтайға,
Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға.
Талай тайғақ, тар кешуде таймаған
Батыр жүрек, қайрат ендi алдай ма?!
Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер,
Арыстанға қарсы ұмтылған мендей ер.
Бiр барқылдақ жалпылдаған төбеттен
Қорқар болсам, жұтсын менi қара жер!
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМIН
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты -
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар - балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер -
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!
СЕН СҰЛУ
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала,
Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу,
Хош иiстi түрлi-түстi гүл сұлу.
Әдемi аспан - төбедегi көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күлiп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерiлген бу сұлу.
Шаңқай түсте өткiр, алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлi сұлу дүниеде,
Бәрiнен де маған, сәулем, сен сұлу!
ЖАУҒА ТҮСКЕН ЖАНҒА
(М.Д.-ға хат)
Дамыл көрмей ерте-кеш,
Жұрттың қамын көп жедiң.
Байладың белдi, салып күш,
Тыныштық жүзiн көрмедiң.
Жағаластың жауменен,
"Бермеймiн жұртым, жаным", - деп.
Алыспақ болдың тауменен,
"Жұрт үшiн төгем қаным", - деп.
"Оян! - дедiң жұртыңа, -
Бас көтерiп, тiрлiк қыл!"
Ақыл айттың ұлтыңа:
"Таста талас, бiрлiк қыл!"
Бiр шешпедiң белiңдi,
Жұрт үшiн уайым-қайғы жеп,
Сақтамақ болып елiңдi:
"Қара күн алда, бекiн", - деп.
Менменсiген күштi жау
Көздеп тұрды iсiңдi.
Қоймады сенi есен-сау,
Алды қолдан күшiңдi.
Қараңғы үйге қамады,
Мейiрiмсiз өңшең тасбауыр.
Сорлыға Тәңiрi пана-ды,
Болса да бейнет қанша ауыр.
Қиялға ескi бата бер,
Қайра өзiңдi, дәрмен не?
Уайымсыз, ойсыз жата бер,
Жұрт үшiн түстiң, арман не?
Көзiн ашып, артыңда
Жұртың ойлар: "Бұл қалай?
Тайынба, қорықпа, тартынба!" -
Деушi болар бiрталай.
Ұмытпаған өз ұлтын
Қайратты жас жiгiттер
Жұрт үшiн салар мал-мүлкiн,
Бiрiн-бiрi үгiттер.
Ұстасын, жапсын, уайым жоқ:
"Қоймай қуса қорқақты -
Батыр болар" деген көп,
Батыр ғып, одан не тапты?
Өрнек болар мұндай iс
Кейiнгi жанған жастарға.
Қайраттанып, күйiп iш,
Азуын шайнар қастарға.
Қараңғы болса қанша түн,
Жұлдыз сонша жарқырар.
Бұлт басса да Алтын күн,
Бiр шығар, жердi жарық қылар.
Келешек күнде қағазға,
Алтынмен жазар атыңды.
Құшақтап сүйер, қағазда
Көрсе жазған хатыңды.
Уайым-қайғы жұтады,
Сенi ойлап, сорлы жұрт.
Аңдыған жау ұтады,
Тәңiрi, соның түбiн құрт.
Саған көк те тiлектес,
Бұралған өңшең нәзiк бел,
Перiштелер жаныңда!
Еш қайғырма, рақат - анық бiл...
Мейiрiмi кең күштi Ием,
Сорлы жұртты оң баста.
Дұшпан - құлаш, бiз - сүйем,
Рақмет ұшқынын таста!
Көбейсiн елде қайратты ер,
Жұрт үшiн болсын қара тер.
Сорлы жұртты бастасын,
Жасаған, соған көмек бер!

Ұлттың өз мәдениетін жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған өз тәжірибесі негізінде тануына мүмкіндік бермей билеуші формациялардың белгілеп берген жасанды шындығы негізінде тануына мәжбүр ету ұлттық эволюциялық дамуын тежеп, ұлттық сананың деградацияға ұшырауына апарып соғатыны ақиқат.
Осы негізде кеңестік идеологияға сай келмейді деген желеумен А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Құдайбердиевтің өзге де қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғаларының әдеби мұраларының қалық жұртшылық назарынан ұзақ жылдар бойы тыс қалуы, мектептерде оқытылмауы ең алдымен осы ұлттық сананың ойсырай түсуіне ықпал етті.
Мағжан Жұмабаев өзге де әдебиетімізбен мәдениетіміздің аса ірі өкілдері қатарында негізсіз репрессияланған қаламгер ретінде ақталуы, 1989 жылы Жазушы баспасынан шығармаларының бір томдығы жарық көруі оның әдеби мұраларының ортамызға оралғандығынын айқын айғағы болды. Осы кезден бастап Мағжанның Жүсіп хан, Батыр Баян поэмалары, отыздан астам өлендері жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарламаларына енгізілді.
Соңғы он төрт-он бес жыл көлемінде Мағжан туындыларын әдебиеттану тұрғысында зерттеп, бағамдаған ірілі-ұсақты М.Әуезов, М.Базарбаев. Х.Абдуллин, Г.Қайырбеков тағы басқа бірнеше ондаған еңбектер жарық көрді. Өз өлендерінде азаматтық, ақындық позициясы, өмір жолы, өзі бастан кешкен тарихи-әлеуметтік жағдайлардың көркем бейнесі тайға таңба басқандай айқын көрінетін Мағжандай ақын қазақ әдебиетінде кемде-кем. Өлендеріндегі ақындық позицияның айқындығы, суреткерлік шеберлігінің күштілігі осылай ой түюге еріксіз мәжбүр етеді.
Мағжан-күрделі ақын, ақындық көзқарастары да көп қырлы. Осы көп қырлылық оның шығармашылығында да кеңінен көрініс тауып отырады. Осы ерекшелік оның шығармаларының поэтикалық болмыс-бітімінен, ондағы көтеріңкі романтикалық пафостан айқын аңғарылып тұрады. Бұл Мағжан ақынның өзіне ғана тән көркемдік әлемі. Шығармаларын сөз еткен 1991 жылға дейін жарық көрген кейбір мақалаларда ақын өлендерін талдаудан гөрі тақырып ауқымының кеңдігіне,ой тереңдігіне, образ жасау шеберліктеріне, сыртқы сымбатына тамсану басымырақ болып келеді. Ақын мұраларының оқырман игілігіне айналғанына төрт-бес жылдай уақыт өткен кездің өзінде, яғни, 1992 жылы әдебиет зерттеушілерінің Мағжанның көркемдік әдісі жөнінде әрқилы пікірде болғандығы аңғарылады.
Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өтіп бойға қуат, ойға нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ, көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар: Бастауыш мектептегі ана тілі (1928), Сауатты бол (1926), т.б. зерттеу еңбектері туды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағының төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарыныңың тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан 1922ж. Педагогика атты (Ташкеңт, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі қазақ зиялыларының бірі-белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазған: Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрынғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал.... Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады. Бұл кітаптың басылуы оған оңай болмаған, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек.
Әдебиетші ғалым Р.Бердібаев Мағжан Жұмабаевтың мұрасын тану мен бағалауда орын теуіп келген жаңсақтықтың бір ұшығы оның ұстаған көркемдік тәсіліне мен бермеушілікке байланысты дейді. Мағжан- романтик ақын, дүние құбылыстарын да романтиктің көзімен шолған. Ал романтикалық әдісте реалистік тәсіл секілді көркем әдебиет жаралғалы бері қатарласа келе жатқан құбылыс. Тіршілік заңдылықтарының ағысын емес, өмір-бақыт туралы алдын-ала қалыптасқан ұғым мен сенімді бірінші кезекке шығарып айту романтизмге тән нәрсе. Басқаша айтқанда, романтиктер өмір процесін тәптіштеп тексеріп жатпайды, Өмір осылай болса дейтіп арманды ғана ардақ тұтады. Сондықтан да олар ұнамаған көріністерді барынша жексұрын етіп, жақсылық деп ұғынғандарын асқақтатып жырлайтыны әзелден бері мәлім десе, осы пікірді әдебиетші ғалым С.Қирабаев былайша жалғастырады: Мағжан Жұмабаев романтикалық куат күшке, фантазияға, қиялға, қанатты ойға ерік берген. Мұны оның бүкіл шығармашылық болмысынан, өлендері мен поэмаларынан айқын аңғаруға болады. Мағжан романтикасы оның поэзиясын ажарлаңдыра түседі.-дейді.
Мағжан көкжиегінің кеңдігі ол өз замандастары сияқты тап тартысын, кедей теңдігін жырлаған жоқ. Мағжанды толғандырған ұлт тағдыры. Ол өз ұлтының тыныс тіршілігін басқа халықтармен салыстыра отырып, қазақ елінің отарлау саясатының құрбаны болып отырғанына күйінді. Осыдан келіп, оның өлендерінде сары уайым, трагедия басым. Екіншіден, батыстың символистеріне еліктеуі ақын поэзиясының екінші бір ерекшелігін ашты, яғни, әшекейі, еуропалығы.
Романтик ақын кейде символистерге, кейде сентименталист ақындарға еліктеп жазған. Бұл жөніңде Ж.Аймауытов: Мағжан еліктегіш ақын. Еліктеу -ақынға мін емес, қандай күшті ақындар алдынғы ақындарға еліктемей жаза алмаған. Еліктеу алдағандық не адасқандық емес, іздену соқпағына өзін-өзі салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу әрекетінің басы,- деп атап көрсетеді.
Мағжан шығармашылығынан кең орын алған құбылтудың бір түрі символ деп аталады. Оған толқын өленіндегі ақынның бермек астарлы ойы ағып жатқан, бірін-бірі қуып, сырласып жүрген, еркелеп жүрген, кеңескен-егескен адамдар жайлы айтқаны дәлел.
Мағжан үйренген орыс символистерінің артында еуропаның үздік ойшылдары, ағартушылары, ақын-жазушылары: СДанте, Петрарқа, Байрон, П.Верлен, Роллан т.б.тұрды. Осылардың ішінен Мағжанға ең жақыны француздың Поль Верлені еді. Екеуінін тағдырлары да, поэзияларының тамыр дірілдері ұқсас.
Мағжан орыс символистеріне сырттай еліктегенімен, ішкі мазмұны жағынан олардан бөлек. Оны символизммен әуестеніп жүрген кезде жазған Пайғамбар, Біраз Фетше, Александр Блок, Мені де өлім, әлдиле т.б. өлендерінен кездестіруге болады. Жас Мағжан неге Мені де, өлім алдиле, -дейді. Мағжан өленінде күңіреңген жел, суық жел өтінен құлаған жас қайың, майданнан қайтқан жас ұлан, көз тиіп өлген нәзік құрақтай жас нәресте, алтын уық, жібек бу ақ отау, өлім тезіне, құштар болған лирикалық мен бар. Тағы ол Әлдиле, өлім әлдиле-дейді. Мағжандікі әлдилесі нағыс қазақи сөз. Ол әлдилеп отырып, аяла, ая, мәнгі ұйқыға жіберме дегендей наз білдіреді.
Романтик Г.Гейне, Гете, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов шығармаларын оқып қанаттаса, символист М.Д. Мережковский, К.Бальмонт, В.Брюсов, А.Блоктың естілген жырларын жаданда сақтап, өзінше самғиды. Жалпы символистерді үш топқа бөліп қарастырсақ, олардың лирикаларымен түпкілікті әрі жан-жақты танысқан Мапқан Поэзиялар атымен аталатын символистердің үлкендер тобынан: В.Брюсовтан, К.Бальмонттың, Ф.Сологубадан; қоғамдық-символистер тобынан: Д.Мережковскийден, З.Гипплустең, Д.Философовадан және кіші топтан: А.Белог, А.Блок, Вяч Ивановтардан көзқарастары ұқсас, ойлары ортақ жақтастарды, пікірлестерді тапты,- дейді әдебиетші ғалым Б.Жетпісбаева.
Мағжанның сырлы сазды сөзге деген махаббаты ерекше. Д.Мережковскийдің, В.Брюсовтің, С.Больментонның өлендерінің ізімен жырлаған Мағжан жолма-жол жыр жазып кетпей, мұң мен сырдан мөлдір мрамор жыр жазып шығарды.
Сондықтан, Мағжан Жүмабаевтың қазақ өленіне әкелген өлшемдері, формалары өлен теориясына қосқан үлесінің салмақтылығын көрсетеді. Мағжан поэзияға тартымды формалар әкелумен қатар, оның мазмұнын тың тақырыптармен байытты. Жеке адам баласын толғандырған әлемдік күрделі мәселелер арасындағы сан қилы ой-толғаныстар Мағжан поэзиясынан табылатын қасиеттер.
Оның шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, болашақты болжау, бүгінгі күннің шындығына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар бір- бірімен астасып жатады. Оның өлендерін оқи отырып, тылсым сырға еніп, таңғаларлық күйге түсіп, әсем суреттер дүниесіне кіресің, ақынның күдіретті шеберлігіне бас ұрасың. Эстетикалық талғам талабымен айрықша көзге түсуі, жүрекке жылы тиіп, жанды тебірентуі-ақынның өзгеге ұқсамас дарындылығынан. Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге қанаттасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттерді көз алдына келтіреді. Сондықтан да табиғатты жырлап отырып оның адамға қатасты жақтарын, адамды оның көңіл-күйін айта отырып адам баласының табиғаттағы мәңгілік орнын іздеу- Мағжан лирикаларының негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Мағжан шығармаларында қарапайымдылықтың ізі басым. Тума дарын иесі оқырманға ойлы сауал тастап, өзін қалай қабылдасаң, солай қабылда дегендей, түпкі шешімге ұзын арқау, кең тұсау тастайды. Мағжан поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір бөлшегі ретінде қабылдайтын ақын екенін байқаймыз. Бұл әдіс Мағжан өлендерін көркем кестелендіріп, шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар дарытты. Сондықтын Мағжан өлендері көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды.
Сондықтан, Мағжан шығармашылығын зерттеп-зерделеген Ш.Елеукеновтің, Х.Абдуллиннің, С.Қирабаевтің, Т.Кәкішевтің, З.Қабдоловтың, М.Базарбаевтың, Р.Бердібаевтың, Б.Дәрімбетовтың т.б. ғалымдардың еңбектері Мағжантанудын тұрақты арнаға түсе бастауына елеулі ықпал еткенін атап айтамыз.
М.Жұмабаев шығармаларының жалпы білім беретін мектептердің әдебиет пәні бағдарламаларына 1990 жылдан бастап енгізілуі оны оқытуды міндеттеді. Бұл кезінде ақын шығармашылығын әдебиеттану тұрғысында зерделенген еңбектердің әлі дүниеге келе қоймаған кезі болғаңдықтан, пән мұғалімдерінің Мағжанның мұраларын шығармашылық денгейде оқып- үйретуіне елеулі қиындықтар туғызды. Бұл зәрулік бүгінгі күнге дейін сезіліп келеді. Себебі, Мағжан шығармашылығын әдебиеттану тұрғысында зерделенген еңбектердің әлі дүниеге келе қоймаған кезі болғандықтан, пән мұғалімдерінің Мағжанның мұраларын шығармашылық денгейде оқып-үйренуіне елеулі қиыңдықтар туғызды. Бұл зәрулік бүгінгі күнге дейін сезіліп келеді. Себебі, Мағжан шығармашылығын әдістемелік тұрғыда зерттеу ісі әлі де жүйелі түрде қолға алынған жоқ. Мағжан ақталғаннан бері он бес жылдай уақыт өткеніне қарамастан Ш.Елеукеновтің жоғары сыныпқа арналған жалғыз көмекші құрал мен әр түрлі Республикалық басылымдарда жарияланған мектеп мұғалімдерінің он шақты шағын мақалаларынан басқа ақын шығармашылығын мектепте оқыту мәселесіне тікелей арналған іргелі ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбегі жарық көрген жоқ.

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт -- өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əлуетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдар да сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. [1, 125]
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит - балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ ,Платон, Аристотель ,Тертуллиана еңбектерінде жарияланған.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады.К. Д Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIXғ екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады. Оның Балалар әлемі, Ана тілі, Педагогикалық антропология атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.
Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру - менің өмірімнің бірден-бір мақсаты, -деп жазды К.Д.Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді. [1, 158]
Олай болса тәрбие - мәңгілік категория. Соған қарамастан Педагогикадағы қиын, күрлелі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады.
Қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісіне мейілінше еңбек еткен ұлы тұлғалар болды. Солардың бірі де бірегейі алаш арыстарының бірі, өзі өмір сүрген дәуірдің бір туар азаматы, халқының патриоты атанған Мағжан ақын зерттеп, этнопедагогиканың негізін салды.
Мағжан Жұмабаев әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiн жазумен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған "Бастауыш мектепте ана тiлi" (1925), "Сауатты бол" (1926), "Педагогика" (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң "Педагогика" атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: "Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр - С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер - С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым".
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.
Мағжанның жоғарыда аталғандай Педагогика атты ғылыми еңбегі барын жақсы білеміз. Бұл еңбектің алғаш басылымы 1922 жылы 15 қырқүйегінде жарық көрген. Мағжанның бұл кітабы он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан-жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал етіп қалдырған. [2 , 149]
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1.Ақыл тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3. Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі.
Ақыл тәрбиесі - түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын болса. Құлық тәрбиесі - жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса. Сұлулық тәрбиесі - сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден лаззат алып, жан толқытатын болса. Дене тәрбиесі - ыстық - суық, аштық-жалаңаштық, тұрмыста жиі ұшырайтын.
Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: "Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы... Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын..." - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.
Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән -- қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар сықылды мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді. 5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды. [2, 187]
Қорытындылай келгенде мына рухани азғындаған заманда Алашордашылардың, оның ішінде Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін қалыптастыруда бірден бір көмекші құрал болары сөзсіз .
Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады.
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz