Сын есім және оны мектепте оқыту


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Қазақ тілі мен әдебиеті»бөлімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Сын есім және оны мектепте оқыту.

Студент:

Жетекші:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы

Қарағанды 2015жж

Жоспар

Кіріспе

І. Сын есім туралы жалпы түсінік оның сөйлемдегі қызметі.

1. 1 Сын есімнің жасалу жолдары, түрлері, жіктелуі

1. 2 Сын есімнің шырайлары

ІІ. Грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі

2. 1 Жоғары сыныптарда сын есімді оқыту әдіс тәсілдері

2. 2 Сын есімнің семантикалық топтары және синтаксистік қызметі

ІІІ. Жоғарғы сыныптарда сын есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту маңызы

3. 1 Сын есім мен зат есімді байланыстыра оқыту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоғары сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқытудың мәні мен оқыту әдістері. Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Жоғарғы сынып мектептерінде тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

  • сөздік қорын, стилистикалық дәлдіті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
  • фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы(морфология, синтаксис) меңгерту;
  • графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру. Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.

Бұл тұста орыс ғалымдары Д. Н. Богоявленскийдің, Н. Ф. Жуйковтың, Н. С. Рождественскийдің, Е. Г. Шашкованың және т. б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М. Балақаев, Р. Әміров, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова т. б. ) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды сын есімге аударған жөн. Бастауыш сыныптарда сын есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады. Сондықтан тақырып өзекті.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- Жоғарғы сыныптарда сын есім туралыалған білімдерін кеңейту.

- Сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Сын есімді оқыту тәжірибесімен танысу;
  2. Тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;
  3. Оқушылардың сын есім жөнінде білімдерін жетілдіру.

Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Сын есім туралы жалпы түсінік оның сөйлемдегі қызметі.

Сын есім сөздері - бай синонимикалық жүйесі бар, құрылымы мен семантикасы жағынан түрлілігі мен икемділігі мол сөз табы. Сын есім сөздердің стилистикалық бояуын, бай семантикасын, сөйлемдегі қызметін, контекстік мәнін оқыту - берілген грамматикалық тақырыпты оқыту барысында студенттің сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі заңдылықтарының ішкі мүмкіншілігін барынша мол пайдалануды белгілейді. Сын есім сөздер - зат есім мен етістіктен кейінгі қарымы да есесі де мол сөз табы (А. Ысқақов) . Сын есім сөздердің морфологиялық құрылымын таныту процесін олардың лексикалық мағыналары мен синтаксистік қызметтерін танытумен байланыстыру - студенттердің сөздің жан-жақты қасиетін тұтас бірлікте ұғынып, сол арқылы сөзді қолдана білу дағдыларын дамытуға, қалыптастыруға үлкен жағдай жасайды. «Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін /түр-реңін/ және басқа сол сияқты сын-сипаттарын білдіретін лексика - грамматикалық сөз табын айтамыз. »

Заттың жан-жануардың адамның саны (сан есім)

Заттың, құбылыстың, адамның, жан-жануардың аты

(зат есім)

Заттың, құбылыстың, адамның, жан-жануардың сыны белгісі (сын есім)

Заттың, құбылыстың, адамның, жан-жануардың атын, сынын, санын білдіретін сөздердің орнына қолданылып, үш жақта жекеше, көпше түрде айтылатын сөздер (есімдіктер)

Қимылдың белгісі, сыны (үстеу)

Заттың, құбылыстың, жан-жануардың, адамның қимылы. (етістік)

Тілдің даму барысында көптеген сөздер сияқты түр-түс атауларының да белгілі бір грамматикалық заңдылықтарға бағынатынын, әр түрлі топқа бөлініп кетеді. Түр-түс атауларының көп мағыналығы туралы синонимдік, омонимдік, антонимдік қатар құрайтындығы туралы ескертіп, мысалдармен дәлелдеймін: Ақ орамал - орамалдық анық, нақты түсін білдіріп тұр. Ақ көңілі - адам көңілінің пәктігі. Ақ ниет - көңіл тазалығы. Қара жүрек - адам жүрегінің қаралығы. Қара қарындаш - қарындаштың нақты түсі т. б. Сөз таптарының қай-қайсысын да оқыту барысында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға болады. Соның ішінде, біздің тоқталатынымыз - сын есімді оқыту арқылы оқушылардың танымын кеңейту. Оқушы тілдегі заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік алады. Сынды білдіретін сөздер оқушыларға таныс заттардың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді тіркестіріп айту арқылы түсіндіріледі. Мысалы: шөптің түсі, қардың түсі, алманың дәмі, ағаштың биік болатындығын ұғына бастайды.

Сын есім.

Түрлері
Мысалдар
: І. Мағынасына қарай
Түрлері: 1) сапалық
Мысалдар: ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу
: 2) қатыстық
Түрлері: тұзды, арманды, ақшалы
: ІІ. Тұлғасына қарай
Түрлері: 1) негізгі
Мысалдар: жақсы, әдемі, кең, суық
: 2) туынды
Түрлері: қысқы, таулы, сынық, өткір
: ІІІ. Құрамына қарай
Түрлері: 1) дара
Мысалдар: кіші, тар, нәзік, мол
: 2) күрделі
Түрлері: ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман

Сын есімдерді оқытқанда заттың өзіндік белгілерін тануға жетелейтін түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану керек. Бұл ретте И. Хасанованың «Сұрақ-жауап әдісін қолданғанда, әсіресе, риторикалық сұраулар қолданғанда балалар бойында белгілі танымдық көкжиек пайда болып, санаға күш түсіп, бала ойлануға мәжбүр болады да, мұнда концептілік, яғни тұтас ойлау үрдісі жүреді» [5, 38-б. ], -деген пікір өте орынды деп есептеймін. Сын есімдерді ұлттық танымдық санамен байланыстыра меңгерту арқылы оқушылар сын есімдерді ажырата отырып, сындық белгілердің қандай зат, құбылыстарға қатысты екендігін де түсінетін болады. Сөйтіп, оқушылар сындық ұғымды білдіретін сөздерді танымдық тұрғыда меңгереді, тілдік бірліктер арқылы қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың өздеріне тән сапасын, түрін, түсін, көлемін, дәмін, иісін, т. б. ерекшеліктерін түсінеді. Оқушылар заттар мен құбылыстардың сындық белгілерін тілдік бейненің бір бөлшегі ретінде меңгертуге ерекше назар аударылуы қажет. Ол үшін студенттер заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерін, қасиеттерін көрсетіп сын есімдерді қарапайымнан күрделі ұғымдарға дейін түсінетіндей етіп меңгерту мақсатында жұмыстар жүргізілуі тиіс . Мысалы, қазақ халқына тән белгілер немесе қазақ қандай халық? деген сұраққа қонақжай, кішіпейіл, бауырмал, өнерпаз, шешен деп жауап береді. Ұлттық танымды білдіретін сындық ұғымдарды түсіну, олардың когнитивтік белгілерін айыра білуге үйрету оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан сын есімді когнитивті оқыту оларда ұлттық мінез, таным қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы, адам сөзіне қатысты сын есімдер - бауырмал, туысшыл, әңгімешіл. Олардан сөз тіркестерін құрастырту - бауырмал бала, туысшыл адам, әңгімешіл ата. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырту- Әсет- бауырмал бала. Айгүлдің ағасы- туысшыл адам. Дәуреннің атасы-әңгімешіл адам. Осылайша адамға қатысты сын есімдерді сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер түрінде айтқызғаннан кейін, осы сын есімдерді қатыстырып мәтін құрастырту, яғни тілдік бірліктерді шығармашылықта қолдану олардың ойлауын жетілдіреді. Сын есімді меңгертуде тек қана сөйлемдердегі сын есімдерді табу, сұрақ қою секілді бір сарынды жұмыстармен шектелмей, оқушылардың ұлттық танымын кеңейтетін, олардың ойлау белсенділіктерін арттыратын тапсырмалар жүйесін пайдаланған тиімді. Мысалы, ақ, сұр, қорқақ немесе қызыл, қу сын есімдерді аңның қандай түрлеріне байланысты айтылатынын сөз тіркестері, сөйлемдер, шағын мәтіндер құрастыруға дейін күрделендіру студенттердің қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты жеңіл меңгерулеріне мүмкіндік береді. Сонымен ойын элеметі де тіл дамыту жұмысының келелі бір саласы болып табылатыны сөзсіз. Сын есім тақырыбын өткенде крассворд, ребустарды қолдану да сабақтың қызықты өтуіне себебін тигізеді.

1. 1 Сын есімнің жасалу жолдары, түрлері, жіктелуі.

Жұрнақтар
Мысалдар
Жұрнақтар:
  1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті
Мысалдар: атақты, пайдалы, тасты
Жұрнақтар:
  1. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, тік.
Мысалдар: қалалық, жылдық, қоғамдық
Жұрнақтар:
  1. -сыз, -сіз
Мысалдар: пайдасыз, білімсіз, ақылсыз
Жұрнақтар:
  1. -қы, -кі, -ғы, -гі
Мысалдар: жазғы, күзгі, қазіргі, ішкі
Жұрнақтар:
  1. -шыл, -шіл,
Мысалдар: турашыл, ұйқышыл, көпшіл
Жұрнақтар:
  1. -дай, -дей, -тай, -тей
Мысалдар: таудай, тақтайдай, үйдей
Жұрнақтар:
  1. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес
Мысалдар: пікірлер, қызметтес, жерлес, көршілес
Жұрнақтар: 8. шақ, -шақ
Мысалдар: мақтаншақ, ашушаң
Жұрнақтар:

9. -и

Мысалдар: әдеби, мәдени, тарихи, әскери
Жұрнақтар:

10. -қой

Мысалдар: сәнқой, әзілқой, кәсіпқой
Жұрнақтар:

11. -қор

Мысалдар: жемқор, жалақор, ызақор
Жұрнақтар:

12. -паз

Мысалдар: өнерпаз, білімпаз, жағымпаз,
Жұрнақтар:

13. -дар, -тар,

Мысалдар: қарыздар, білімдар, хабардар

2) Сын есімдердің етістіктерден жасаулы.

Жұрнақтар
Мысалдар
Жұрнақтар: 1. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек
Мысалдар: сынық, жабық, ашық, қорқақ, сирек, ісік.
Жұрнақтар: 2. -қыш, -кіш, -ғыш, -гіш
Мысалдар: сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоқғыш.
Жұрнақтар: 3. -қыр, -гір, -ғыр, -гір
Мысалдар: тапқыр, өткір, білгір, ұшқыр.
Жұрнақтар: 4. -дық, -дік
Мысалдар: жалауылқ, тістеулік, маңыраулық.
Жұрнақтар: 5. -нды, -інді, -ынды, інді, -нді
Мысалдар: туынды, жаттанды, жасанды
Жұрнақтар: 6. -нқы, -інкі, -ыққы, -қкі
Мысалдар: басыңқы, ісіңкі, көтеріңкі.
Жұрнақтар: 7. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
Мысалдар: қызба, бөспе, даурықпа, құрама.
Жұрнақтар: 8. -малы, -мелі, балы, -белі, -палы, пелі
Мысалдар:

ауымпалы, таңдамалы,

серіппелі, бүрмелі

Жұрнақтар: 9. -улы, -улі
Мысалдар: ерттеулі, жинақтаулы, бүктеулі.
Жұрнақтар: 10. -ымды, -імді, мды, -мді
Мысалдар: жарамды, сенімді, тиімді, қонымды.
Жұрнақтар: 11. -шақ, -шек
Мысалдар: мақтаншақ, еріншек.
Жұрнақтар: 12. -қақ, -ғақ
Мысалдар: жабысқақ, тоңғақ, майысқақ.
Жұрнақтар: 13-қы, -кі -ғы, -гі, -
Мысалдар: жинақы, күлдіргі, бұралқы.
Жұрнақтар: 14-ғылықт, -гілікті, -қылықты, -кілікті
Мысалдар:

жергілікті, тұрғылықты, жеткілікті,

тыңғылықты.

Жұрнақтар: 15. -аған, -еген
Мысалдар: сүзеген, қабаған, қашаған.

Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасаулы.

І. Қосарлы сын есімдер

а) ұзын-ұзын, биік-биік.

ә) ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі.

б) ұсақ-түйек, жаман-жұман.

в) қоғамдық-саяси, әскери-саяси.

І. Қосарлы сын есімдер: ІІ. Тіркесті сын есімдер
а) ұзын-ұзын, биік-биік.ә) ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі.б) ұсақ-түйек, жаман-жұман.в) қоғамдық-саяси, әскери-саяси.:

а) қара қасқа, қызыл ала.

ә) ақ шашты, қысқа бойлы.

б) жібек баулы, ат жақты.

І. Қосарлы сын есімдер: ІІІ. Тұрақты тіркес
а) ұзын-ұзын, биік-биік.ә) ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі.б) ұсақ-түйек, жаман-жұман.в) қоғамдық-саяси, әскери-саяси.:

а) қолы ашық, тілі ұзын, басы бос, көзі ашық.

ә) көңіл көтерерлік, күн көрерлік.

1. 2 Сын есімнің шырайлары, жасалу жолдары.

Сын есімнің ғылымда танылған бір-ақ категориясы бар. Ол- сын есімнің шырай категориясы. Шырай категориясы бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түлі дәрежеде болуын білдіреді. Мыс: биігірек, биіктеу, өте биік, біп-биік дегенде биік деген негізгі мағына сақталады, тек қана реңк қосылып, біркелкі сынның әртүрлі дәрежеде көрінуі байқалады. Сондықтан «заттың белгісі я сипаты (түрі, түсі сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т. б) біркелкі болмай, рең жағынан әртүрлі дәрезеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары» деп аталынады. Қазақ тіліндегі сын есім шырайларын арнайы зерттеген Ғ. Мұсабаев «жай шырай» деп аталатын сын есімдерде шырай мағынасы жоқ, сондықтан жай шырай деп атуымыздың өзі қате, - деп есептеп, сын есім шырайын салыстырмалы, бәсең, шағын, күшейтпелі, үдетпелі деп бөлген. Ғалымның жіктеуінше, 1. Салыстырмалы шырай -рақ, - рек. 2. Бәсең шырай - дау, -деу, -тау, -теу, -лау, -леу. 3. Шағын шырай -шыл, -шіл, -ғыл, -ғіл, -ғылт, -ғыш, -ілдір тұлғалары арқылы . 4. күүшейтпелі шырай-Күшейту буыны арқылы. 5. Үдетпелі шырай- күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген. САЛЫСТЫРМАЛЫ ШЫРАЙ - рақ, - рек, -ырақ, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу, жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс: Үлкенірек, үлкендеу. т. б. Сонымен бірге -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң секілді өнімсіз жұрнақтар да салыстырмалы шырай көрсеткіштері болып саналады. Мыс: дымқыл, сұрғылт, қоңырқай т. б. КҮШЕЙТПЕЛІ ШЫРАЙ: заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай күшейткіш буын арқылы жасалады, яғни сын есімнің алғашқы буыны алынады да оған -п қосылады. Мыс: Қып-қызыл, Жап-жақсы, біп-биік т. б. Заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтеріп, я тым асыра төмендетіп білдіретін шырай түрі АСЫРМАЛЫ ШЫРАЙ деп аталады. Бұл терминді проф. А. Ысқақов қолданған. Асырмалы шырай сын есімнің алдында аса, өте, тым (дым), тым-ақ (дым-ақ), тіпті, тіптен, нағыз, нақ, ең, орасан, керемет секілді күшейткіш үстеулер сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

Сын есімің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл, біреуі сары, біреуі қара, біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі текше нәрселерді салыстырудан шырай категориясы тумайды. Шырай категориясы я біріңғай ақ, я біріңғай қызыл, я біріңғай қара, я біріңғай сары, я біріңғай қоңыр, көк түсті әлденеше (кемі екі) заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе біріңғай үлкен я біріңғай кіші делініп танылған әлденеше заттардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрине ондай реңдермен дәрежелер сан жағынан да, сапа жағынан да салыстырылады. Өйткені, біркелкі белгінің осындай сандық я сапалық айырмашылықтары, сайып келгенде шырайларды бір-бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз де болып табылады.

Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынандай төрт түрлі шырайы бар:

  1. Жай шырай

2) салыстырмалы шырай

3) күшейтпелі шырай

4) асырмалы шырай.

Жай (негізгі) шырай заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептелінеді. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз, қызыл сия.

Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың санына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар (формалар) мыналар:

а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; Мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен. (С. Мұқанов) ; Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшақырақ (Ғ. Мүсірепов) .

ә) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; Мысалы: Ниет қабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады (Ғ. Сланов) . Сол ауылда таныстау бір шал бар еді. (Ғ. Мүсірепов) .

Бұл екі форма - өте өнімді формалар.

б) -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -ақ ; Бұл өнімсіз жұрнақтар, мысалы: Дымқыл шалғынның арасында, бозғылт тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді (В. Катаев) : Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты. (С. Мұханов) .

Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма. Мысалы: Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай (С. Ерубаев) ; Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. (Абай) .

Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Мысалы: іс - тым қиын да, абыройлы да іс (С. Ерубаев) ; ол тіптен жақсы адам екен. (А. Тоқмағанбетов) ; Абай - нағыз үлкен реалист ақын («С. Қ. ») ; Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек. («С. Қ. ») .

Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп де жұмсалады. Оның ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны -лау, -леу (-тау, -теу, -деу) жұрнағы. Мысалы: ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өн беріп, безеніп тұр (Ғ. Мұстафин) ; Жүзі қуқылдау керімкөз жігіт өзінен өзі жымиып қойды (Ғ. Спанов) деген сөйлемдерде -дау(-деу) жұрнағы кілең басқа шырай жұрнақтарының үстеріне қабаттасып тұр.

Сын есімнің шырайлары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Сын есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оңытудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz