Психология мамандығы және психолог


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Психология мамандығы және психолог.
2. Психологтың жұмысының қызметі, мақсаты мен міндеттері
3. Таңдалған мамандық- таңдалған болашақ
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен адам өз мамандығыңың қыр-сырын үйренуге міндетті. Қай мамандық болсын, адамға көптеген талаптар қояды. Жақсы маман, яғни инженер, экономист, ғалым, менеджер, сәулеткер, маркетолог, есепші, аудитор, оқытушы болу үшін жақсы оқу қажет. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы, металлург, жүргізуші, балташы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте жақсы істеу керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істесең, онда сенің бақташы, диқан, шопан, сауыншы, бағбан, омарташы атанарың анық. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т. б.
Қазіргі заманда болашақ мамандарға қойылатын талаптардың бірі - оның теориялық білімі мен іскерлік қасиеттерін ұштастыра білуі. Сонда ғана ол жақсы жұмысқа орналасып жұмыссыз қалмауы мүмкін.
Мамандық - бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкенжауапкершілікті қажет етеді.
Сонымен бірге, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі - психолог дер едім. Бұл мамандықтың ерекшелігі, олар адамның ішкі жан дүниесін емдейді емес пе?!
Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын адам болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайда сын тигізетін мамандық ты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша өте кем. Менің таңдаған мамандығым - психолог болу.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылыпсихологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т. б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес - қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т. с. с. Психологиялық кеңес - психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.
Психолог - өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т. б. ) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ - ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ.
Бұрын психологтардың қызметін жеңгелер, жезделер атқарған. Қазір бұл кісілер бір-бір маман иелері, жақын-жуықтарының сырын, мұңын тыңдап, кеңес беруге уақыттары бола бермейді.
Халық арасында "психологқа психикалық ауытқулары бар жандар ғана барады" деген түсінік қалыптасқан секілді. Бұл қате пікір. Себебі күнделікті тіршілік барысында кез келген жан әртүрлі күйзелісті бастан кешіріп, ірілі-ұсақты дағдарысқа ұшырап жатады. Осындай проблемалар отбасы жанжалына, ішкілікке, тағы басқа келеңсіздікке ұласады.
Кейінгі кезде елімізде психоаналитик мамандар дайындайтын оқу орындары ашылып, осы сала мамандарының көбеюіне әсер етіп отыр.
Психолог пен психоаналитиктің арасында айырмашылық бар. Психолог − адам санасындағы, алпсихоаналитик − адамның бейсанасындағы мәселелерімен айналысады.
Психоаналитик осы мәселелердің туындау себебіне терең талдау жасайды. Сол кезеңге оралта отырып, күйзелістен шығуға көмектеседі.
Бір қуантатын жайт, қазір әрбір мектепте екі психолог, әлеуметтік педагог бар. Бұл - мектеп ұжымы үшін де, ата-аналар мен оқушылар үшін де үлкен көмек.
Бұл кісілер сіздің құпияңызды, жан жараңызды ешкімге айтпайды. Екеуіңіздің араңызда ғана сақталады. Ғаламторда, тағы басқа ресурстардағы кеңестерден айырмашылығы: сіздің жеке басыңыздың ерекшелігін ескере отырып, тікелей жұмыс істейді.
Туындаған мәселелер болатын болса психологтың көмегіне жүгіну керек
Оқудағы қиындықтар. Кейбір оқушылар сабақты тиісінше онша жақсы оқымайды. Оған сылтаулар өте көп. Мысалы, есте сақтау қабілеті төмен болуы немесе оқуға деген ынталылықтың жетіспеуі, мүмкін оқытушымен өзара келіспеушілік, бірақ бұның бәрі не үшін керек. Кеңес берген кезде біз басты себеп неде екендігін, оны қалай шешу керектігін анықтаймыз, яғни басқаша айтқанда сабақты жақсы оқуды дамытатын жағдайларды қарастырамыз.
Топтағы қарым-қатынас. Кейбір адамдар бөтен адамдармен, тіпті басқа бейтаныс топтармен байланысқа түсіп, емін-еркін араласып кетеді. Керісінше кеибіреулер басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде қиындықтарға тап болып жатады, ал достарды тапқаннан кейін ғана өзін топта немесе сыныпта емін-еркін сезінеді. Психологтың көмегімен кез келген жағдайда үйлесімді қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін меңгеріп, оның жолдарын табуға болады.
Ата-аналармен өзара қарым-қатынас. Кейбір уақытта біз өзімізге ең жақын адамдармен - ата-аналармен ортақ тіл табуды, жылы қарым-қатынасты жоғалтып алып жатамыз. Жанжалдар, түсіністіктің болмауы - балаларға да, ата-аналарға да әдетте ауыр тиеді. Кейбіреулері оның шешімін тауып жатса, басқаларына мұны жасау қиындыққа соғады. Психолог сізге ата-аналармен жаңадан қарым-қатынас құруға, оларды түсінуге тырысып, ата-аналар да сіздерді түсініп, қабылдауға шешім табатын жолдарды айтады.
Өмірлік жолды таңдау. Көбі өзінің болашақ мамандығы мен өздерінің өмір бойы қалай өмір сүретіндіктері туралы ойланады. Егер де сіз қандай жолмен жүруге сенімсіздік пайда болса, онда сіз әрқашан психологқа жүгінуіңізге болады. Ол сізге өз арманыңызды, мақсатыңызды сезінуге, өз қасиеттеріңізді бағалауға және өмірдің қандай да болмасын саласында осы армандарыңызды іске асыруға, оны түсінуге көмектеседі.
Өзін-өзі басқару және дамыту. Біздің өміріміз әрқилы әрі қызықты болғандықтан үнемі біз алдымызға бірнеше тапсырмалар қоямыз. Оның көбісі жеке қасиеттер мен дағдыларды, іскерліктерді дамытуға күш пен жігерді талап етеді. Өз өміріңе қожайын болуға үйренуге болады, ол үшін алдыңа дұрыс мақсат қойып оған жете білу қажет. Психолог дегеніміз - даму технологиясы мен сапаға, дағдылар мен іскерлікке ие және оны басқалармен бөлісетін адам.
Психолог туралы тағы да не білуге болады?
Психолог сіз үшін өзіңіздің мәселеңізді шешіп бере алмайды, «рецепт жазбайды». Ол сізге барлық жағдайды түсіндіріп, бірлесе отырып мәселені шешу жолдарын іздейді. Баланың даму жағдайларын тек қана ата-ана ғана өзгерте алады, ұстаздар және басқа да жақын адамдар оған үлкен болып көрінуі мүмкін!!!
Психолог құпиялылықты сақтайды, Сізден алған ақпараттарды таратпайды.
Мені қоғамдағы басты проблемалардың бірі - жасөспірімдер мәселесі қатты толғандырады. Олардың ішкі жан күйзелісін түсіне отырып, заманның індетіне айналған «суицид» ауруымен күресіп, өскелең ұрпақты осы бір әбжыланның уытынан құтқарғым келеді.
Соңғы кездерде психолог мамандығына қажеттілік көбірек туындап отыр. Бұл немен байланысты? Мұның себептері көп, көмекке жүгінген әр адамның-біреуі жалғыз және оның қайғысына ортақтасып, қуанышына бөлісетін ешкімі жоқ, енді біреуі шынындада көмекке зәру. Қалай болғандада психолог көмегіне адам жүгінді. , яғни себебі бар. Психологтың жұмысы осы себепті табу, онымен тіл табыса отырып жұмыс жасап, оны жою тәсілдерін қарастыру.
Халқымыздың көне заманнан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзін ұмытпауымыз керек. . Баланың бақытты болуы, жақсы азамат болғаны, ең алдымен, ата - анаға байланысты. Бірақ ата -ананың бәрі бірдей ұстаз емес, бәрі бірдей психолог емес. Оның үстіне толық емес отбасылар, қараусыз балалар, ата-ана мейіріміне зәру балалар қоғамда көбейіп отыр.
Психолог маман аса сезімтал, ерекше жанашыр, мықты шыдамды болу арқылы шәкіртінің сырына бойлай алады. Айталық: Егер мен бір шәкіртімнің қатты жасық, жасқаншақ екенін анықтап шықсам, оны «шалқайғанға шалқай, ол атаңның ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол атаңның құлы емес» деген қағиданы санасына сіңіріп, оның ешкімнен кем емес екендігін, жұртпен бірдей екендігін дәлелелдеп, жігерін ұштап, өзін-өзі тануына, қабілетін жетілдіруіне бар мүмкіндігімді жұмсаймын.
Егер адам өзімшіл, қызғаншақ болса, «кең болсаң кем болмайсың» деп, халқымыздың ұлттық тәрбиесі қонақжайлық, мәрттік, жомарттық жағдайларына қатысты қызықты әңгіме, жыр, қазақ би шешендерінің айтқандарын баяндау арқылы көпшіл болуына жол ашамын.
Жантанушы ретінде толық адамға айналар тұлғаға жол көрсетер жан болғаныма қуанамын.
Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог болу үшін барлық ерік -жігерімді сарп етуге әзірмін.
Қорытынды
Рас, қазіргі заман ағымына ілесу үшін, білімді жастар санатына қосылу үшін терең білім мен біліктілік қажет. Ал мамандық таңдағанда адаспаған дұрыс. Оларды іріктеп, өз икеміңе қарай таңдай білген жөн. Ұлы педагог Ушинский: «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осыдан бар жігеріңізге сарп ететін болсаңыз, сізден асқан бақытты жан болмайды», - деген екен. Кез келген түлек мамандық таңдарда кедергілерге тап болуы ықтимал. Сол себепті әр баланың болашағына ата-анасы, ұстазы жауапкершілікпен қарағаны дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz