Етістікті мектепте оқыту



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Етістік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Етістіктің түрлері, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Етістіктің жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ тарау. Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ...16
2.1 Жоғары сыныптарда есімдіктерді тиімді оқыту жолдары ... ... ... ...18
2.2 Жоғары сыныптарға етістікті оқытудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ...22

ІІІ тарау. Етістікті оқытудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.1. Қазақ тілі сабағында етістік тақырыбына сабақ жоспарлары ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Тақырыптың өзектілігі. Мектепте қазақ тілін оқыту оқушылар қауымына қазақ тілінің мазмұны мен жүйесін, оның өзіндік грамматикалық құрылысын сөйлеу тілі мен байлығын, сауатты және әдемі жазу шеберлігіне төселдіру, мәдениетті сөйлеуді қалыптастыру, дұрыс оқу, оқығанын түсініп айтып беруге жаттықтыру. Оқушылардың өздерін іздендіріп, көркем шығармаларды өздігінен оқып үйренуге дағдыландырады. Ал етістіктің формаларын оқыту мәселесі өте күрделі.
Қазақ тілін оқыту тек тілді ғана меңгеруге шектелмейді, сонымен қоса оқушылардың тілден алған білімдерін, басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал ету болып есептеледі. Демек, оқушылар өмірдегі қоғам шындығын тіл арқылы біледі, үйренеді. Мәселен, оқушылар химия, география, физика, тарих, математика және т.б. пәндерден алған білімдерін қазақ тілінде оқып, творчестволық жұмыстарға дағдыланады. Олай болса оқушылардың техника мен ғылымды меңгеруі, оған жұмсалған талабы мен ынтасы және өзінің өмірін түсінуі мен сүюі, ең алдымен тілді жақсы білуіне байланысты.
Осыған байланысты менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Етістіктің формаларын оқыту». Мұндағы алға қойған мақсатым – етістіктің формаларын қазақ мектептерінде қалай оқыту жөнінде, сағат сандарының бөлінулері мен қазіргі кезде педагог ұстаздар сабақ барысында, яғни оқытуда қандай да әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді екені жайында тоқталу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. -Алматы, 1964. 170 б.
2. Жаппаров А. Қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі, 1985. –160 б.
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Арыс, 1992. –215 б.
4. Жүнісова М. Тіл тарихы: етіс категориясы. –Алматы: Дарын, 2006. –173 б.
5. Кәтенбаева Б.Ш. Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау. –Алматы: Арыс, 1992. -360 б.
6. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. –Алматы, 1953.
7. Қосымова, Исаев, Назарғалиева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. -380 б.
8. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. –Алматы, 1980.
9. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары. –Алматы, 1975.
10. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктердің құрылысы мен мағынасы. –Алматы, 1979.
11. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. –Алматы: Санат, 2001. -280 б.
12. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. (бақылау-пысықтау жаттығулар кешені) – Алматы: Санат, 2003. -240 б.
13. Құлмағанбетова Б., Исанова А., Исинғарина М. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы: Білім, 2000. -250 б.
14. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. –Алматы: Қаз.унив-ті, 1999. –159 б.
15. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы: Санат, 1995. -260 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Етістік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.1 Етістіктің түрлері, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
0.2 Етістіктің жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ тарау. Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ...16
2.1 Жоғары сыныптарда есімдіктерді тиімді оқыту жолдары ... ... ... ...18
2.2 Жоғары сыныптарға етістікті оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ...22

ІІІ тарау. Етістікті оқытудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3.1. Қазақ тілі сабағында етістік тақырыбына сабақ жоспарлары ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мектепте қазақ тілін оқыту оқушылар қауымына қазақ тілінің мазмұны мен жүйесін, оның өзіндік грамматикалық құрылысын сөйлеу тілі мен байлығын, сауатты және әдемі жазу шеберлігіне төселдіру, мәдениетті сөйлеуді қалыптастыру, дұрыс оқу, оқығанын түсініп айтып беруге жаттықтыру. Оқушылардың өздерін іздендіріп, көркем шығармаларды өздігінен оқып үйренуге дағдыландырады. Ал етістіктің формаларын оқыту мәселесі өте күрделі.
Қазақ тілін оқыту тек тілді ғана меңгеруге шектелмейді, сонымен қоса оқушылардың тілден алған білімдерін, басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал ету болып есептеледі. Демек, оқушылар өмірдегі қоғам шындығын тіл арқылы біледі, үйренеді. Мәселен, оқушылар химия, география, физика, тарих, математика және т.б. пәндерден алған білімдерін қазақ тілінде оқып, творчестволық жұмыстарға дағдыланады. Олай болса оқушылардың техника мен ғылымды меңгеруі, оған жұмсалған талабы мен ынтасы және өзінің өмірін түсінуі мен сүюі, ең алдымен тілді жақсы білуіне байланысты.
Осыған байланысты менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Етістіктің формаларын оқыту. Мұндағы алға қойған мақсатым - етістіктің формаларын қазақ мектептерінде қалай оқыту жөнінде, сағат сандарының бөлінулері мен қазіргі кезде педагог ұстаздар сабақ барысында, яғни оқытуда қандай да әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді екені жайында тоқталу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ал енді етістік туралы зерттеуші ғалымдардың көзқарастары жайында тоқталар болсақ, етістіктер жөнінде зерттеушілердің зерттеген еңбектері біршама. Бұл еңбектерді атап кететін болсақ, мысалы: Н.Т.Сауранбаевтың Қазақ тіліндегі көсемшелер туралы, Ә.Төлеуовтың Сөз таптары және Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категорияларыв, Т.Қордабаевтың Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы т.б. ғалымдардың зерттеулерінде етістікті жан-жақты қарастырып, өз пікірлерін білдірген.
ҮІ-ҮІІ сыныптарға келгенде оқушылар бастауыш сыныптардан алған білімдерін одан әрі қарай кеңейтеді. Мысалы: ҮІ сыныпта етістікті оқытуға 14 сағат берілген. Онда етістіктің мағыналық түрлерін түгелдей қарастырылады да, ҮІІ сыныпқа келгенде оның түрленуі меңгертіледі.
Етістікті оқытуда оқушыларға ұғыныңқы, әрі түсінікті болу үшін мұғалімдер қауымы сабақ барысында әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданған өте тиімді. Жалпы, әдіс-тәсілдерге тоқталмас бұрын, бүгінгі таңда білім беру ісі ерекше қолға алынуда. Яғни, білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа оқыту технологиялары бар. Осыған сәйкес жаңа бағдарламалардың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін Қазақстан мектептерінде ұстаздар ұжымы, профессор әрі ғалым Ж.Қаратаевтың Оқытудың педагогикалық технологиясы атты еңбегін басшылыққа ала отырып кеңінен пайдаланып жүр.
Ж.Қаратаевтың Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы атты еңбегінде әртүрлі жаңа оқыту технологиялары енген. Атап айтар болсам, олар: модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы және т.б. оқыту технологиялары кірген.
Осындай әртүрлі жаңа оқыту технологиялардың әдіс-тәсілдерін әр мұғалім өзінің білім-біліктілігіне қарай оқыту жолдарында қолданыла алса, сонда ғана әр оқушының ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыта түсуге, шығармашылық жұмыс жасауға, яғни топпен ынтымақтаса отырып бір ұжым құруға дағдыланып, дағды арқылы оқуға деген ынта-зейіні артып, білімдері біршама кеңейеді.
Жаңа оқыту технологиялардың, жаңа оқыту үрдістердің әдіс-тәсілдерін қолданымен қатар мектептерде оқушылардың санасына сәуле түсіріп, олардың ұғымдарын молынан кеңейтіп, білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, жеке оқышуның қабілетін дамытуда Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын қолға алып, осы бағдарламаның стратегиялық әдіс-тәсілдерін педагог ұстаздар сабақтарынд ажүйелі қолданып келеді. Бұл жаңа үрдіс, жаңа оқыту Қарапайымнан күрделіге көшу деп те аталады. Сонымен, Сын тұрғысынан ойлау атты оқыту бағдарламасына енген стратегиялық әдіс-тәсілдер әр түрлі атаулармен аталады. Осы оқыту стратегиялардың өзіне тән әдіс-тәсілдерін де мұғалімдер сабақтарында балалардың белсенділіктерін, беделділіктерін арттырып отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: жоғары сынып оқушыларына етістік туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін толықтыру, мектепте етістікті оқытудың тиімді әдістерін ұсыну;
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жоғары сыныптарда етістікті түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;
2. Оқушылардың етістік туралы білімдерін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Құрылымы: курстық жұмыс үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде етістік туралы жалпы түсінік берілді. Жоғары сыныпта қазақ тілі сабағында етістікті оқыту тапсырмаларын қолданудың міндеттері айқындалды. Екінші кезеңде етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттеріне талдау жасалынды. Үшінші тарауда қазақ тіліндегі етістік сөздердің маңызы туралы ой қозғалды. Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстар нәтижелеріне негіздей отырып, есімдікті меңгертудің ең тиімді әдіс-тәсілдері тұжырымдалады.
І тарау. Етістік туралы жалпы түсінік
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі.
Қазақ тіліндегі етістік түбірі - нақтылауды қажет ететін сондай тұстардың бірі.
Түбір - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі екені белгілі. Етістік түбірінің өзіндік ерекшеліктері оның лексика-грамматикалық сипатынан туындайды. Қазақ тіліндегі етістіктің түбірі сыртқы тұлғасы жағынан бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сол себепті қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарда, арнайы зерттеу еңбектерінде етістіктің түбірі- бұйрық райдың 2 жағы деп, екеуінің арасында тепе-теңдік белгісі қойылады. Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондық-тан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау жалғанады. Қазақ тілінде етістіктің бастапқы түрі бұйрық райдың 2 жақ жекеше түріне ұқсас болып саналады. Әрине, бұл екеуі екі басқа тұлға екені айқын, алайда көріністері бірдей. Бұйрық райдың арнайы көрсеткіші болмағасын түбірге сәйкес келетіндей сыртқы көріністе ғана болады.
Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі 2 жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды т.б.
Етістік түбірін арнайы зерттеген А.Хасенова етістік түбірі туралы былай дейді: Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан келгенде, етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, рай, т.б. грамматикалық категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2 жақ-тың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып (сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады.
Демек, бұл айтылғандар етістіктің түбір тұлғасы өзіне о бастан тән қимыл, іс-әрекетті білдіру мағынасымен бірге, түбір күйінде тұрып бұйрықтық мағынамен 2 жақ жекешелік мағынаны білдіре алады деуге саяды. Яғни етістіктің түбірі мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы бір ұғым болып саналады. Бұл- қазіргі қазақ тілінде қалыптасқан пікір. Етістік түбіріне берілген осы анықта-маның өзі нақтылаумен қатар, етістік түбіріне басқа тұрғыдан келуді қажет етеді. Қалыптасқан анықтама тұрғысынан емес, жаңа тұрғыдан қарайтын болсақ, осы анықтаманың дұрыстығы дау туғызады. Ең алдымен, етістіктің түбір тұлғасы беретін грамма-тикалық мағына мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы беретін мағына-ның арақатынасын ажырату керек.
Қимылдың түбір тұлғасына іс-әрекет, қимылды білдіретін грамматикалық мағына тән. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына оның (етістік түбірдің) бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрінде, яғни етістік белгілі бір тұлғасында беретін мағынасы. Етістік түбіріне 2 жақтық бұйрықтық мағына тән емес. Бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрі - етістік түбірінің бұйрықтық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық формасы.
Ал егер етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2 жағы бір грамматикалық мағынаны білдіріп, бір ұғым болып ұғынылатын болса, бірдей екі нәрсені екі бөліп атаудың қажеті жоқ сияқты. Олай болса, беретін мағыналары бір, сыртқы тұлғалары бір ұғымдарды бір атаумен атаған орынды. Егер етістік түбіріне бұйрықтық мағына о бастан тән болса, етістіктің белгілі бір тұлғадағы көрінісі, яғни бұйрық райдың екінші жақ анайы жекеше түрінде ол қайталанбаған болар еді.
Оларда 2 жақ бұйрықтық, жекешелік мағына бар. Бірақ осы етістіктерді тұтасымен алып түбір деуге болмайтындығы дәлелдеуді қажет етпейді. Мағыналық жағынан сәйкес келетін болымсыз етістік, етіс жұрнақтары жалғанған етістікті түбір деп қарастырмасымыз анық. Ендеше, етістік түбірі мен бұйрық райдың 2 жағы бір нәрсе емес. Сыртқы тұлғасы бірдей болып, қимылды білдір-генімен, екеуін бір нәрсе деп шатастыру дұрыс емес. Етістіктің түбір күйінде тұрып білдіретін грамматикалық мағынасы- қимыл, іс- әрекетті білдіру мағынасы. Бұл мағына етістік қандай тұлғада қолданылса да сақталады. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына етістік түбірінде жоқ, ол сөйлемде етістіктің бастауышпен (сен жіктеу есімдігімен ) қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын мағына. Етістік түбірі сөйлем ішінде қолданылғаннан кейін бас-тауышпен тікелей мағыналық қатынасқа енеді, екеуі бұйрықтық, жақтық, шақтық және жекешелік қарым-қатынасқа түседі.Міне, осы жердегі етістікке 2 жақ бұйрықтық мағына үстеледі. Демек, бұйрықтық мағына - етістік түбірінің сөйлеу процесінде қолда-нылғанда пайда болатын мағынасы.
Етістіктерді мін, ер, түс, айт, жүр деп сөйлем ішінде емес, сен деген бастауыш қызметіндегі жіктеу есімдігімен байланыстырмай жеке алатын болсақ, оларда 2 жақ бұйрықтық мағына жоқ, етістік түбірінде о бастан бар қимыл, іс-әрекетті білдіретін грамматикалық мағына бар. Бұл етістіктер сөйлем ішінде сен бастауышымен жақтық, жекешелік, бұйрықтық жақтарынан байланысып, етістіктің бұйрық рай формасында қолданылып тұр. Бұйрық рай- етістіктің рай категориясындағы белгілі бір тұлғасы, ол бұйрықтық мағынаны білдірудің арнайы грамматикалық формасы болып табылады. Ендеше, осы жердегі етістік түбірінің тағы бір грамматикалық ерекшелігі шығады. Ол ерекшелік етістік түбірінің түбір күйінде қолданылмайтындығында.
...Етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялану нәтижесінде қалыптасып, туатын жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенімен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды.
Сөйлемдерге айт, бол, тос, кет етістіктерін алайық.. Бұл етістіктер сыртқы тұлғасы жағынан етістік түбірімен сәйкес келеді де, бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасында қолданылған. Бірақ айт, бол, тос, кет етістік түбірлері мен сөйлемдегі айт, бол, тос, кет деген етістіктер бүтіндей бір емес. Сөйлемдерде етістіктер түбір тұлғаларында емес, бұйрық райдың 2 жақ формаларында қолданылған. Өйткені, сөйлемдерден анық көрінетіндей, айт, бол, тос, кет етістіктері бұл жерде сен деген бастауышпен қиыса байланысып тұр, сөйлемде ол айтылмаса да, оның бар екені грамматикалық байланысынан анық байқалатыны еш күмән тудырмайды. Сонымен бірге етістіктің түбіріне тән, бірінші лекси- калық айту, болу, тосу, кету қимылы мағыналары, екінші, сол лексикалық мағыналардың жалпылануы нәтижесінде туатын жалпы қимылды білдіретін грамматикалық мағыналар үстеліп отырады. Мәселен, айт-са-м, айт-қыз-ба-ды, айт-ып-ты, бол-айын, бол-ып, бол-сақ, бол-ғыз-ба, тос-қан, тос-ыңқыра, тос-ып-ты, кет-ті, кет-пе-сек, кет-ер, т.б. тұлғаларда жалпы айту, болу, тосу, кету қимылы сақталған да, бұйрықтық 2 жақтық мағына жоқ.
Етістік түбірінің осы ерекшелігін алғаш байқап, оның бұйрық раймен 1, 2 жақ, жекеше, анайы бір емес, тек сәйкес келе-тінін айтқан ғалым - Ы.Маманов.
...Негізгі етістіктер бұйрық райдың 2 жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келеді. Ол етістік түбірінің бұйрық райдың 2 жағымен сыртқы тұлғасы жағынан ғана сәйкес келуін айтумен қатар, қалып етістіктерінен басқа етістік түбірлерінің тікелей жіктелмейтінін айтты. Бірақ Ы.Маманов бұл мәселелерді толық зерттеуге бармай, тек үстірт атап көрсеткен. Ғалымның пікірін С.Исаев дамытты. Ол өзінің Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар еңбегінде етістік түбірінің кейбір грамматикалық ерекшеліктеріне тоқтап өтті. Автор етістік түбірін тілде қалыптасқан қырынан емес, байқалмаған жаңа қырынан таныған.
Етістік түбірінде 2 жақ бұйрықтық мағына жоқ, ол тек сөйлеу процесінде бастауышпен қатынасқа түскенде ғана пайда болады? Бұл етістік түбірінің бір ғана грамматикалық ерекшелігі.

2.1 Етістіктің түрлері, жіктелуі.

Морфологиялық сипаттары
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етісітіктер
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.
Түбір етістіктер
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.
Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
Есім негізді етістіктер
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден,еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
1. -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;
2. -лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;
3. -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;
4. -лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;
5. -а (-е) жұрнағы;
6. -ай (-ей, -й) жұрнағы;
7. -қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;
8. -ар (-ер, -р) жұрнағы;
9. -ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;
10. -ық (ік) жұрнағы;
11. -сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;
12. -сын (-сін) жұрнағы;
13. -сыра (-сіре) жұрнағы;
14. -ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы;
15. -ырай (-ірей) жұрнағы;
16. тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:
:: -ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)
:: -шы, -ші
:: -ан, -ен, -ын, -ін, -н
:: -ырқа, -ірке
:: -ырқан, -іркен
:: -ына, -іне
:: -қа, -ке, -ға, -ге
:: -ди, -тый, -ти
Етістік негізді етістіктер
Бұл салаға етістік негіздерінен арнааулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады.
:: Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына амалдың жиілену, еселену, қайталану, үстемелену, солғындау сипаттарын білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады, олар, шартты түрде, амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады.
1. -ла (-ле, -да, -де, -та, -те)
2. -қыла (-кіле, -ғыла, -гіле)
3. -мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле)
4. -ғышта (-қышта, -кіште, гіште)
5. -ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре)
6. -ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре)
7. -ыстрыр (-істір, -стыр, -стір)
:: Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар етіс жұрнақтары деп аталады. Ерекшелігіне қарай, бұл жұрнақтар етіс категориясының арнаулы формалары болып саналады да, етістердің көрсеткіштері делініп танылады.
1. -ыс (-іс, е)
2. -т
3. -тыр (-тір, -дыр, -дір)
4. -қыз (-ғыз, -кіз, -гіз)
5. -ыл (-іл, -л)
6. -ын (-ін, -н)
Күрделі етістіктер
Күрделі етістіктердің түрлері:
:: Құранды етістік
:: Құрама етістік
:: Сараламалы етістік
:: Суреттеме етістік
:: Тұрақты етістік
Құранды етістік
Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.
Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.
Құрама етістік
Бұл етістіктердің әрбір компонентінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі.
Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет т. б.
Сараламалы етістік
Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грмматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді.
Мысалы: айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.
Суреттеме етістік
Бұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан формаларында болады. Бұларға әрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің көбі -- е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді.
Мысалы: барып едім, барған едің, келетін еді, түсінуші едік, ұйықтап кеткен екенмін, кешігіп қалған екенсің, келсе игі едіңдер, мұғалім едіңіздер, жас екен; бармақ болды, келемек екен, жазатын болды, келетін көрінеді т. б.
Тұрақты етістік
Бұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады.
Мысалы: опық жеді, таяқ жеді, құр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, арам тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу салды, жан алқымға алды, ауыз салды, көз салды, жек көрді, жанын қияды т. б.
Етістік формалары
Етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді:
1. Етістік негізі.
2. Қимыл атауы категориясы.
3. Салттық және сабақтылық категориясы.
4. Етіс категориясы.
5. Болымдылық және болымсыздық категориясы.
6. Амалдың өту сипаты категориясы.
7. Есімшелер категориясы.
8. Көсемшелер категориясы.
9. Рай категориясы.
10.Шақ категориясы.
11.Жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы.
Етістіктердің мағыналары
Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады:
:: амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т. б.);
:: қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т. б.);
:: қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т. б.);
:: ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б.);
:: өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т. б.);
:: бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т. б.);
:: көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т. б.);
:: бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра т. б.);
:: дыбыс-сес етістіктері;
:: көру-есту етістіктері;
:: мінез-құлық етістіктері
деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады.
Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды
:: омоним естістіктер,
:: синоним етістіктер,
:: антоним етістіктер
деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.
Дара етістіктер - тек кана сөз түбірінен немесе бөлінбейтін негізінен түратын етістіктер (қаз. бар, кел, ал, т.б.)
Статистикалық етістіктер - халды (қаз. аурып жатырмын), катынасты (қаз. сәкестену), сапа- лар мен қасиеттер көрсетуін (қаз. шөп көгіріп көрмеді) белгілейтін етістіктер.
1.2 Етістіктің жасалу жолдары.

Етістік - заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды?Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).

Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.

Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегіестіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.

Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар - алып бар, әкел - алып кел, әкет - алып кет, әпер - алып бер, түрегел - тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер:бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.

Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.

Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі түбір етістік; 2) туынды түбір етістік.

Негізгі түбір етістік етістіктің өзінен жасалады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.

Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Туынды етістіктің жасалу жолдары.

ЕСІМ СӨЗДЕР
ТУЫНДЫ ЕТІСТІК
Балта
Би
Бас
Үтік
Дамыл
Сән
Рух
Әдет
Көмек
Сыр
Пікір
Жиын
Орын
Жаман
Көк
Екеу
Балтала
Биле
Баста
Үтікте
Дамылда
Сәнде
Рухтан
Әдеттен
Көмектес
Сырлас
Пікірлес
Жина
Орна
Жаманда
Көгер
Екеуле
БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ
ТУЫНДЫ ЕТІСТІК
Бұрқ
Күрк
Жымың
Күлім
Тасыр
Ілгері
Жоғары
Ақырын
Аз
Көп
Ауһау
Құрау
Уһ
Бұрқыра
Күркіре
Жымыңда
Күлімде
Тасырлат
Ілгеріле
Жоғарыла
Ақырындат
Азсын
Көпсін
Ауһаула
Құраула
Уһле

Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:

1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.

Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т. б.

Түрі
Ереже
Жасалуы
мысалдар
Өздік етіс(орындаушы өзі)
Қимылдыорындаушының
өзі істейді.
-ын, -ін, -нжұрнақтары
арқылы
Жуынды, киінді, боянды, таранды.
Өзгелік етіс(орындаушы өзге біреу).
Қимылды өзге біреугеорындатқызады.
-дыр, -дір, -тыр,
-тір, -ыр, -ір;
-қыз, -кіз, -ғыз,
-гіз;

жұрнақтары
арқылы
Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет.
Ырықсыз етіс(орындаушы белгісіз)
Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігіненжасалғандай.

-ыл, -іл, -л;
-ын, -ін, -н;
жұрнақтары арқылы
Айтылды, көтерілді, тасылды,
салынды, әкелінді, тазаланды.
Ортақ етіс(орындаушы көп)
Қимылды орындаушыбіреу емес, бірнешеуболады.
-ыс, -іс. - с
жұрнақтары арқылы
Орысты,
тазаласты, көтерісті.

2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т. б.

Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік - мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы: Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?)сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді - -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.

Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы:Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т. б.

Етістер - іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысынбілдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.

Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы:

Өзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,
-р, -т және ортақ етістің -ыс, -іс, -с жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:

Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және өздік етістің -ын, -ін, -н жұрнақтары сабақтыетістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы:

ІІ тарау. Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері

Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік компетенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу алға қойылды. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында қалмай, баланың өмірлік танымының, айналамен тіл табысуының басты базасына айналуы қажет екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың логикалық ой жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің маңызын айқындайды. Тілдің ғылыми негізін меңгерту оның қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани құндылығымен қоса берілгенде ғана жас ұрпақ бойында пәнге деген шынайы құрмет сезімін тәрбиелеуге болатыны бағамдалған. Өз ана тілінің даралық ерекшеліктеріне көз жеткізу ғана тілдің эстетикалық талғамын арттыруға негіз қалайтыны дәйектелді. Тілдің адам болмысымен байланысы, санаға қатыстылығы туралы тұжырымдардың білім жүйесінен орын алуы - коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі.
Міне осы түйіндеулер қазақ тілін оқытудың тұғырнамалық негізі етіп алынған. Әрі олар қай сыныпта, қай саланы оқыту кезінде де ескерілуге тиіс. Сондықтан морфологияны оқыту, соның ішінде көсемшені оқыту етістік тарауын өткенде осыған сәйкестендіріле отырып анықталады. Жаңа бағдарламаға сәйкес морфологияның ғылыми негіздері 6 және 7 - сыныптарға бөлініп берілген.
6-сыныпта сөздің түрлері мен сөз құрамы жайында мағлұмат берілгеннен кейін сөз таптары оқытылғанда етістік, оның түрлері және категориялары туралы тақырыптар оқытылады. Мұнда етістікті мағыналық жағынан қарастырса, ал 7- сыныпта оның түрлену жүйесі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы білім беріледі.
Сонымен 6- 7-сыныпта морфология тарауы бойынша білім берудің мақсаты - оқушыларға морфорлогияның үлкен бір күрделі де өте жиі қолданылатын саласы - етістік екенін, оның орны мен рөлін таныту, оның қазақ тіліндегі алатын орнын, етістіктің жасалу жолдарын, жіктелу ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін айыруды үйрету және осы білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде игерту.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
- етістіктің және оның категорияларының өзара байланысы мен ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік машықтарын арттыру;
- оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;
- етістікті оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау;
- етістіктен алған білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білуге үйрету;
- етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Мектепте қазақ тілі грамматикасынан оқушылардың игеретін білімдері екі деңгейге бөлініп анықталады: міндетті және мүмкіндік деңгейлер. Міндетті деңгей оқушылардың білім дәрежесінің ең төменгі қажетті мөлшерін белгілесе, мүмкіндік деңгей баланың шығармашылық бағыттағы белсенді іс-әрекетіне бағдар болатын білім көлемін көрсетеді. Бұл екі деңгей көлемі бойынша қазақ тілінің оқытылу процесінде етістік бойынша мынадай болып белгіленеді:
1. Міндетті деңгей:
- етістікті өзге сөз таптарынан ажырата білу;
- етістіктің және оның категорияларының сөйлеудегі атқаратын ролін тану;
- етістікті сөйлеу тілінде орынды жұмсай білу;
- етістіктің жіктік формаларын айыру, қызметін білу, оларды қатыстырып сөйлемдер құрау;
2. Мүмкіндік деңгей:
- етістік және оның категориялары мен үстеудің, етістік және оның категориялары мен еліктеуіш сөздердің арақатынасын сөйлеу тілінің мақсатына сай айқындай алу;
- етістік және оның категорияларының сөйлемдегі қызметін зат есімдермен, сын есімдермен салыстыра талдап, түрленуіндегі өзгешеліктерді айқындау:
Осы мақсаттар мен міндеттерді айқындау арқылы етістікті мектепте оқытуды тиімді жүзеге асыруға болады.
Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым - мектепте етістіткті оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындап, етістікті қазақ тілінің заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды іріктеп, оларды оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай таңдап алу арқылы етістікті оқытудың тиімділігін пайымдау.

2.1 Жоғары сыныптарда есімдіктерді тиімді оқыту жолдары

Сабақтың дұрыс өтуіне, нәтижелі болуына әсер ететін бірнеше факторы бар. Олардың барлығы да мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс- әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік тиісті мәнге ие болады. Ал, сыныптағы балалардың білім, білік өрісіне сәйкестендірілмеген оқыту формалары жасанды жұмыс түрінен аса алмайтыны анық. Сондықтан жаңа нәрселер жат болып қабылданбас үшін, әр жаңаның бойында осыған дейін қолданылып келген әдіс - тәсілдердің белгілі бір элементтері орын алып келгенін ескеру қажет. Әдетте, орта сыныптарда оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырудың бір тәсілі ретінде грамматикалық ойындарды ұйымдастыру жиі аталып жүр. Дегенмен, ендігі жерде ойын түрлерінің ой қалыптастыруға бейімделе жүргізілгені тиімді. Ребустар мен сөзжұмбақ түзу, морфологиялық ұғымдар үздіксіз сөзтізбек жасату, қызықты диаграммалар жасату, кестелер жасату, арнайы картотекалар жасату т.б. сыныптағы жұмыстарда оқушының жарысуы мен ой тұжырымын беруі қатар қамтылады. Әрі оқушылардың өіндік әрекеттеріне негізделе орындалады.
Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі - пәннің практикалық мәніне үнемі назар аударып оқыту. Бұл оқушылардың оқу мотивтерін оятудың, дамытудың мәйегі болып табылады. Ал, мотив бар жерде әрекеттің де нәтижелі болары сөзсіз. Мотив оқушылардың білуге құштарлығынан, зейінінен және сабақтағы белсенділіктерінен байқалады. Сондықтан, олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар арқылы жүргізілгені тиімді:
1) Сабақтың қызықты болуы;
2) Тілдік білім - машықтардың қажеттіліктеріне көз жеткізу;
3) Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.
Бұл үшеуін өзара үнемі байланыстыра отырып берілсе білім әрқашан да сапалы болады. Пәнге деген қызығушылық тақырыптағы жаңашылдық элементтердің қамтылуымен байланысты да туындап отырады. Мысалы, сөз таптары туралы оқушының алған жалпы түсініктерін қызықты детальдармен толықтыруға болады. Оған морфологияның етістік саласын оқытқанда көз жеткізуге болады. Етістіктің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар: көсемше тұлғалы етістіктер жеке тұрып толық мағыналы сөз есебінде қолданылмайды, көсемшелерге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды; көсемшелер тек етістік сөздермен ғана тіркесіп қолданылады; есімше тұлғалы етістіктер және тұйық етістіктер заттанады, есім сөздер сияқты түрленеді. Етістіктер көсемше тұлғасында тек пысықтауыш, баяндауыш бола алады, есімше тұлғасында келіп анықтауыш, тұйық етістік тұлғасында зат есім қызметін атақарады: Күрделі етістіктер құрамы көсемшелерден тұрады. Осыларға назар аударту оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жолы - тілдік терминдердің мағынасын аша отырып оқыту. Әуелде мұғалімнің басшылығы мен жүргізілетін мұндай жұмыс бірте - бірте тілдік ұғымдарды оқушылар өз бетімен тануына алып келеді. Сөзжасамдық, морфологиялық тақырыптардың қай-қайсысы да бұлай оқытуға әбден қолайлы. Мысалы, түбір, қосымша, дара сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, шылау, қысқарған сөз, негізгі, көмекші, одағай сөздері, сөз таптары, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, есімше, көсемше, үстеу, еліктеу сөз деген терминдердің қай-қайсысының да мағынасы өзі білдіретін грамматикалық ұғымының табиғатын, даралық сипатын айқындап тұрған жоқ па? Олай болса, оқушы үшін оның қызықтылық қасиетінің өзі де осы байланыстылықтан өрбитіні анық. Тек оны тиянақты меңгерту үшін сөз төркінін тани білуге үйрету басты шарт болып табылады. Мысалы, етістіктің көсемше категориясын оқытқанда "көсемше" сөзін А.Байтұрсынұлы енгізгенін, көсем тәрізді үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді, есімше заттанғандықтан түбірі есім деген сөзден туған дегенді айта кету оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.
Оқушылар игерген білімнің қажеттілігіне көз жеткізудің бір жолы - тақырыпаралық, салааралық, пәнаралық байланыстарды үнемі ескеріп отыру. Бұл, бір жағынан, оқушыларды тілді бір тұтас құбылыс ретінде тануға негіз болса, екінші жағынан, үйреніп отырған білімнің ендігі сыныптарда өтілетін тақырыптарға тірек болатынын саналы түсіне бастайды. Оқушының лингвистикалық дүниетанымы мен тілдік компоненттілігін қалыптастыру бағытындағы жаңа талаптардың жүзеге асуында бұл жол елеулі маңызға ие болады. Мысалы, етістікті зат есіммен, сын есіммен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі тақырыпаралық байланысты жүзеге асырса, етістікті оқытқанда әдебиетпен, тарихпен, педагогикамен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі пән аралық байланысты жүзеге асырған болар еді. Осы мәселелердің барлығы білімнің тиянақтылығының кепілі бола алады. Оқушылардың бойында білім қорының мол болуының пайдалылығына деген сенім қалыптаса бастайды. Фактілер - ұғымдар - заңдар - жеке теориялар - тілдің жалпы адамзат дамуымен байланысы секілді тізбектің құрамына енген бөліктердің әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерін айқындала дәлелденуі оқушы логикасын дамыта түсумен қатар негізгі, қосалқы білімдердің ара қатынасын танытады. Ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін екшеу, саралау, жүйелеу, қорыту дағдыларын жетілдіреді.
Бұрынғы кездері әдістемеші - ғалымдардың еңбектерінде оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру мәселесі көбірек орын алса, соңғы жылдары оның орнын білім беру ісін оқушылар сол білімді түсінуі, меңгеруі тұрғысынан ұйымдастыру мәселесі кең өріс алуда. Оқу процесін оқушының белсенді әрекеттерінің педагогикалық - психологиялық заңдылықтарын дәйектілікпен есепке ала отырып жүргізуге назар аударып қажеттілігі айқындалды.
Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі атап көрсетіледі. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың ынта-ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді. Грамматикалық ережелер мен анықтамаларды, оның заңдарын бала өзіндік ой қорытулары арқылы түйіндейді. Мұндай сабақтарды мұғалім алдын ала жоспарлап, онда мынадай міндеттерді белгілейді:
- грамматикалық материалдарды оқушыға түсіндіру жолын ықшамдап, өнімді әрі баланың қабылдануына, ақыл - ойына қонымды болу жағын қарастыру;
- меңгерілуге тиіс материалдардың түйінді мәселелерін оқушының өздері ашатындай жағдай тудыру, олардың түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, оның жолын көрсету Д.Б. Эльконин, Оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу Т.Я. Гальперин болып табылады. Ал, оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері табады, бұл олардың ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталады.
Бала ұғымына ауырлық келтірмейтіндей деңгейдегі мәселелерді проблемалық жағдай туғыза отырып меңгерткен тиімді. Себебі оқушының интеллектуалдық күшінің өсуі жаңа фактілерді түсінудегі және ой елегінен өткізудегі қиыншылықтарға тап болуынан туады және проблемалық мәселенің, оқушының тақырыпты меңгеруге деген ынтасының, оның эмоциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕТІСТІКПЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту
Етістік формалары және оны оқытудың әдістері
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер