Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері



1. Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері
2. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы
3. Психологияның ғылымның негізгі принциптері,түсініктері мен принциптері
4.Адам мен жануар психикасының айырмашылықтары
Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, тәң iрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығы уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бipi iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкін емес.
Адамның даму заңдары мен оның болмысы жасампаздық мүмкiндктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн те қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзi не тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi мүмкiн емес. Л. С. Рубинштейн «Жалпы психология негiздерi» (1940) атты еңбегiнде »Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анык; Keiлiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас-ниеттерiмiз бен тектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз ушып денiмiзге ажырамастай болып сінген құбылыстар жиыны», — деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншк толғанысының болуы, ол түйск сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері

Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, тәң iрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығы уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бipi iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкін емес.
Адамның даму заңдары мен оның болмысы жасампаздық мүмкiндктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн те қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзi не тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi мүмкiн емес. Л. С. Рубинштейн Жалпы психология негiздерi (1940) атты еңбегiнде Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анык; Keiлiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас-ниеттерiмiз бен тектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз ушып денiмiзге ажырамастай болып сінген құбылыстар жиыны, -- деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншк толғанысының болуы, ол түйск сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты əдемi, нəрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезiнуi қиын; керең ткелей қабылдамаған соң, əн-күй əуенiн танымайды; махаббат лəззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндеп эңгіме-дастан да түкке де тұрмайды.
Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым кұбылыс болуында. Себебi, əрқандай нақты заттың өзi мен онық қабылданған кейпi бiр-бiнен ажыратылып тұратыны даусызАдам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмip тəжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлктi тұрмыс құруға, iс-əрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады. 3
Осы бiршама бiлктер əр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-əрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның eқі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дəлелсiз. Оларды бiз күнделктi тұрмысты тəжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем əдебиеттен, халық ауыз əдебиетi үлгiлерi нен (мақал-мəтел, ертек, əпсана) ұғып, түсiнiп келдк Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастауларынақ осы тəжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiпшығады.
Психология өте ежелгi де, өте жаста ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда. Психологияны дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе жатыр.
ХIХ ғ. соңы -- ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психологияның фəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды.
Пəн атының өзiде грек тiлiнен аударғанда психология -- жан туралы ғылым (психо -- жан, логос -- ғылым) дегендi аңғартады. Кең тараған түсініктергетерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күрес iнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөн iндегi зерттеулер мен түсiнктер психологияның пəндк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан жан туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түандайды.
Психика мəнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн -- материя мен сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелдi болып келдi.
Дəл осы мəселенiң шешiмi тәңiрегiнде бiр-бiрiне ткелей қарсы философия бағыттары -- идеализм мен материализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистк танымда психика -- туынды, материяға тəуелдi құбылыс.
Идеалистк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiзбен елестерiмiздiң нəтижесi.
Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тəнге ен iп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан жəне рух əрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Ойдын пайда болуымен жан о дүниемен байланысты, көрiнбейтын әpi мəнiң жасайтын, тəны өзгеше бiр екiншi баламасы -- рухтық зат деп танылды. Бар əлем бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды.
Адам психикасы -- рухани өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан дүниесiн материалистк тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ой-пiкiрлердi көп ғасыр кейiнге ысырып тастады.
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетi ретiндесапалықерекшелiгi
Барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика -- материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желiсiнде, оның бiр қозғалыс формасынан екiншiсiне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi.
Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша, тiршiлiк ие-сiнiң iшкi психикалық өмiрi болуы мүмкiн емес, яғни сана, психика өзiнен тыс жəне тəуелсiз жасайтын танымды болмыстың бейнесi. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесi жөнiнде əңгiме қозғау қажетсiз. Əрқандай психикалық акт нақты болмыстың бiр бөлшегi əрi оның бейнесi болып табылады.
Сонымен, психиканың қызметi, бiрiншi ден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн, байланыстарын бейнелеу, екiншiден осының негiзiнде адам қылығы мен қызмет əрекетiн реттестiқ. Психиканы диалектика-материалистк тұрғыдан қарастыру əрқандай iшкi Жан күйлiк былыстардың өзiмен өзi шектелмегенiн, шындықтан бөлiнбей, онымен түбегейлi əрi тығыз байланыста екенiн танытады.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми бiлiмдердiң құрамы неден тұрады, яғни пəнiне? Бұл -- ең алдымен психикалық өмiр деректерi. Мысалы, психикалық дүние дерегi ретiнде адамның тəжiрибе топтау қабiлетi -- жад, естi қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның мiндетi түсiндiру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мəнiн айқындап беру. Əрқандай ғылым мақсаты зерттелетiн процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгiлеу. Теориялық жəне эксперименталды зерттеулердiң бəрi нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзi құбылыстар арасындағы міндi, қажеттi, тұрақты, қайталанып жүретiн байланыс, қатынастарды бiлуден келiп шығады. Мысалы, ес өзiнiң қызметтiк заңдылықтарына бағынады. Естiң түрлерi болатыны белгiлi. Жақсы есте қалдыру қайталуға тəуелдi екенiн бiлемiз, байланыссыз материалға қарағанда, жоспарланғаны жеңiл əрi тез еске түсетiнi мəлiм.5
Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi -- заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бipre ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi -- психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлкте зерттейдi.
Қорытындыласақ, жантану ғылымы психология -- психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы.

Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетiнiң зерттеу объектiсі болып келдi. Адам болмысыньщ табиғатыньң, оньщ саналы қоғам шеңберiнде еркендеуiмен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен
қ,арым қаатынасыньң ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде
жатқ,ан қызьқсыну уақыт озуымен бiрге ерiстей тускен. Адам әртурлi ғылым тұрғысынан жанжақтты зетрттелетiн объект, ал ғылымдардьң әрбiрi өзiне тән ерекше меселелермен айналысады. Психология ерекшелiктерiн танудьң қиындығы олардьң адам ақылына сиып болмайтын, қаалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi әр қандай нақты заттың өзi мен қабылданған кейiпi бiр бiрiнен ажыралып туратыны даусыз.
Пән атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология-жан туралы ғылым дегендi аңғартады. Дәл осы меселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары-идеализм мен материализм- пайда болды. Жан женiнде танымдар Кқандай құбылыс-өзгерiстерге eнгенімен өмiрлiк ic-әpeкeттік, қозғаушы кушi жан деген тұжырымға ешбiр шубе келтiре алмады. Тек 18ғ психология бiлiмнiц дамуында Рене Декарт жаца дәуiр ecігін ашты. Ал адамньң iшкi мушелерi ғанa емес, тiптi де не әрекетінің, де жанға ешқандей әрекетінің, қаатысы болмайтыны жөнiнеде пiкiр айтып дәлелдедi.
Декарт ғылымға екі түсінікті енгiзген - рефлекс және сана -бiрдей енгiздi. Декарт тағылымы дуализм атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикальқ табиғат ми қызметiнiң өнімі емес,мидан тыс, оған тәуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екені тусiндiрiлдi.
Интероспектiк психология аймағындағы теориялардьң бiр-бiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмуны жене белсендiлiк дережесiне қарай әрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы турғыдан идеалистiк сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды:
1.санальқ элементтер теориясы.
2.санальқ әрекеттер психологиясы.
З.санальқ aғым теориясы.
4.дербес құрылым психологиясы.
5.Дильтей суреттеме психологиясы.
Бул теориялардың бәрiне ортақ тусiнiм: қоршаған дуниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оньң бар ic әpeкeтi сана белсендiлiгi деп танылды. Осыдан ХХF.екiншi он жылдығында психологияньң және бiр бағыты пайда болып,оньң өкiлдерi психологияньң жаңа пәнiн жариалады:ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнiң адам қозғалысыньң жиынтығы- әрекет қыльқ едi. Бул бағыт бихервиоризм аталып, психология пәнi жөнiндегi түсініктep дамуыньң үшiншi кезецiн қалады.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап - обьектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психологиялық зерттеулердің обьекті - психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті - психологиялық деректер мен заңдылықтардыа аша отырып, психологиялық іс - әрекетті қозғаушы механизмдерді деанықтап білу. Қорытындыласақ, жантану ғылымы - психология психика деректерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы.
2. Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилығында орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті - психикалық әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Жантану ғылымы үшін ең маңыздысы - зерттелуші құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда диалектикалық материализм үлкен роль ойнайды. Б.Ломов өзінің аталған еңбпгінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер әлеуметтік және биолгиялық.
Алғашқы оң жылдықта психологияның теориялық тарапы басым болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы ролі көп өзгеріске ұшырады. Ол енді білім жүйесіндегі, өзгерістегі, мемлекеттік басқару, медицина, спорт және т.б кәсіби практикалық қызметтің ерекше саласына айналып барады. Психолгия ғылымының практикалық міндеттерді шешуне араласуынан оның теорисының даму жағдайлары да біршама өзгерді. Шешімі психологиялық біліктілікті қажет еткен міндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмірінен барша тарапында әр қилы формада болуда. Адамдық факторлар дегеніміз әрбір адамзат тұлғаға тән болып, олардың нақты іс-әрекетінде көрініс беретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасеттердің кең ауқымы.
Психолгия ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдануынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарынг іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып даиуда, ол келешекте ғылыммен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.
3.Психологиялық басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректерді басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады.Психологияны жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі
қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай? Психологиның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объекті дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуымен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады.
Психологияны педагогикамен байланыса аса назар аударған жөн.Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі,кезінде К.Д.Ушинский Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет, - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр.Педагогиканың барша салаларының даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағынаға ие.
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерден белгіленеді. Осы заман психологиясы білімдер жүйесі ретінде көп тармаққа бөлініп, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі - іс-әрекеттер даму принципі.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған психологиялық ерекшеліктері. Еңбектің ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарына зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі.
Педагогикалық психологияның қызметі - адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту, тәрбиелеу психологиясы.
Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады.Ол да бірнеше сатыларға жіктеледі: қылмыскер пчихологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принципі мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде: психикалық процесстер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы

Психология -- адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты -- психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология тарихының даму кезеңдері. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ ." Психология" терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді.
Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады
1-ші кезең (б.з.дейінгі 5ғ.). Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты.
Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады.
Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.
Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше "жан- мәңгі өлмейді, өшпейді",- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің - ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық - локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.
Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез - құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді сананың орнына мінез-құлық алындысөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. "Сана" ,"түйсік" "қабылдау ", "ерік "деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. "Стимул" (сыртқы орта қоздырғышы ) "реакция " (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы "байланыс"( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды.
Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты - ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.
Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.
Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Психика-қоғамдық - тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі -- шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734)атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі -- психоанализдідамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі -- теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.
Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.
Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер -- адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияныңжасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.
Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.
Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым -- когнитивттік ғылым жаратылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында психологияның дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы үшін объективті жағдайлар жасалады.
Шет елдік және орыс ғылымында философия мен жаратылыс танудан бөлек психологиялық ойлар шеңберіндегі дербес ғылымының қажеттілігі жайл ы ойлар жиі кезедесе бастайды.
Бірінші бүкіл ресейлік психоневропатологтар съездінде Г.И. Челпанов психология дамуының басты шарты оның философиядан бөлініп шығуы болатынын атап көрсетті. Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары жүзеге асты. Ол арнайы ғылыми зерттеу мекемелерінің - психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Пәндер