Омейядтар халифаты


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І тарау. Омейядтар халифатының саяси әкімшілік тарихы.
1. 1 Омеядтар мемлекетінің негізін қалаушы муавия мен абу Суфиянның
мемлекет басына келуі . . . 4
1. 2 Омейядтар халифатының ішкі саясаты . . . 5
ІІ тарау. Омейядтар халифатының саяси құрылысы мен басқару жүйесі.
2. 1 Омейяд халифатының әскери жорықтары . . . 8
2. 2 Омейядтықтар кезеңіндегі ғылым және мәдениет . . . 12
2. 3 Омейядтықтар кезеңіндегі қаржы, әскер жүйесі және сот жүйесі . . . 15
Қорытынды . . . 18
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 19
Сілтемелер . . . 20
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты - Омейядтар халифатының саяси және әкімшілік тарихын ашу. Жұмыстың мақтасына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады.
- Омейядтардың халифатының билік басына келуіОмейядтардың халифатының әскери жорықтарыХалифаттағы қаржы әскери сот жүйесі. Омейядтардың халифатындағы ғылым және мәдениет
Жұмыстың өзектілігі - Муавия ибн абу Суфия араб тарихында Мухаммед Пайғамбардан басталған биліктен бергі уақытта 6-шы Халиф. Ал Омейядтар мемлекеттің құрылуына негіз салған алғашқы Халиф. Тарихи дерекке қарағанда Араб тарихында ең ұзақ мерзімде басқарған Халиф. Муавияның билігіне қарсы әртүрді формадағы діни қозғалыстар етек алды. Бірақ Муавия өзінің қол астындағы Сирия -арабтық әскери - құрамы арқылы т. б. әскери қолбасшылары арқылы барлық көтерілісті басып тастап отырды.
Мысалы, 680 ж. Әлидің баласы Хусейн Пайғамбардың қызы Фатима бастаған Шииттер қозғалысы. Суниттер қозғалысы, Кариджилер көтерілісі. Муавия тұсында Омейядтар руынан шыққан Халифтер билеуі.
І Тарау. Омейядтар Халифатының саяси және әкімшілік тарихы.
1. 1 Омейядтар мемлекетінің негізін қалаушы Муавия ибн абу Суфиян мемлекет басына келуі.
Омейядтар мемлекетінің негізін қалаушы Муавия ибн абу Суфиян мемлекет басына келмей тұрған уақытта 656 - 661 жылдар аралығында Хз. Әли басқарды. Хз. Әли билік басына келгенде оны араб халқының төменгі бөлігі қолдады. Алайда Әлидің шешімсіздігі жақтастарының бір бөлігінің бөлініп кетуіне түрткі болды. Олар Хариджидтер (кетушілер) деп аталды. Олар әлеуметтік теңдікті уағыздайтын алғашқы исламның оралуы үшін күресті. Хз. Али Хариджилердің жансыздарының бірі Абдуррахман ибн Муиджемнің тарапынан өлтірілді.
Хз. Алидің өлтірілуінен кейін мұсылмандар Хиджраның 40 жылының Шавваль айында (б. з. 661 жылының ақпанында) оның үлкен баласы Хз. Хасанды Халиф сайлады. Алайда, Хз. Хасан соғыстан әлсіреген және күйзелген Ирак халқының тұрақсыз әлеуметтік және саяси жағдайын ескере отырып, Муавиямен соғысу райынан қайтты. Алты айдай халифтіктен кейін 6661 ж. жасалған бітімге сайланыста халифатты Муавияға берді. Осылай билік Омейядтардың қолына өтті. Муавия ибн Абу Суфиянды Халиф деп Сирия, египеттің араб ақсүйектері жариялайды. Омейядтықтар мемлекетінің негізін Муавия ибн Абу Суфиян қалауы, Муавия Умения ұлдарынан, Омейяд руынан болғандықтан бұл мемлекет “Омейядтар мемлекеті деп аталды. Халифаттың астанасы Дамаск қаласы болды. Мемлекеттің шекаралары Орта Азиядан Испанияға, Магрибке дейін кеңейтілді.
1. 2 Омейядтар халифатының ішкі саясаты.
Муавия ибн Абу Суфиян қалаған Омейядтар мемлекеті 91 жылдай өмір сүрді. Муавия ибн Абу Суфиян Меккеде туылды, Меккелік ақсүйектердің бірі болған әкесі Абу Суфиян баласы Муавияға жақсы тәлім тәрбие беріп, оқу - жазуды үйретті. Муавия арабтардың төрт кемеңгерінің бірі болды. Саясатты өте жақсы білетін және адамдар арасындағы қарым - қатынасқа зор мән берді, болашақты болжай білетін қабілеті де бар болатын.
Муавия ибн Абу Суфиян құрған Омейядтар мемлекеті негізінен Ислам мемлекеті болды. Омейядтар мемлекеті Ислам тарихында патшалық және сұлтандық кезеңді бастан кешірді. Омейядтар кезеңінің ішкі саясатында дін мен мемлекет арасында қатынастар өзгерді. Мемлекеттің діни және саяси функцяиларында маңызды жікке бөліну болды.
Тағы да халифатты қолға алған соң, белгілі араб тайпалары мен арабшылыққа артықшылық берген жүйе құрды.
Жалпы Омейядтықтар сұлтандығы Ислам қоғамының Қайс, Келб, Езд және осыған ұқсас араб тайпаларының үстемдігіне арқа сүйейді. Рушылдық пиғылға сай жасалған іс - әрекеттер этникалық алауыздық пен ұлтшылдықты туғызып тәуелсіз “Араб- Ислам” қоғамын дүниеге әкелді. Мевали немесе Шубийе деп белгілі болған. Мұсылман ұйымы ұлтшылдыққа қарсы күресіп, әкімшілік тарапынан қысым көрді. Араб мұсылмандары араб емес мұсылмандарға зорлық көрсете бастады. Нәтижесінде мемлекет пен халық бірлігі бұзылып жікке бөліну ушыға түсті. Омейядтар сұлтандарының жөнсіз, қате басшылығы мен сана сезімі, пиғылы мен іс - әрекеттері де мұсылман қоғамының теңдіктерін бұзған фактор болды.
Мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды оқиғалардың бірі - Кербала шайқасы болды. Хз. Әлидің баласы - Хз. Хусейн өзінің жақтастарымен 680 жылы мемлекет билеушісі Муавияның ұлы Йезидтің әскері арасында болған Кербала шайқасы Ислам тарихында көптеген оқиғалардың пайда болуына себеп болды. Хз. Әлидің баласы Хз. Хусейн отбасымен бірге Меккеде тұрды. Мәдина қаласының әкімі Валид ибн суфиянның қысымына шыдай алмаған Хз. Хусейн отбасымен бірге Меккеге көшуге мәжбұр болады. Оның Меккеге келгенін естіп Куфалықтар Хусейнді заңды Халиф деп танығанын білдіреді. Осы шақыруға байланысты Хз. Хусейн Куфалықтардың шын ниетін білу үшін ағасы Хассанның ұлы Муслим ибн Акильді Куфаға жібереді.
Муслим амалсызданХани ибн Урвенің үйін паналауға мәжбүр болады. Куфа әкімі Убайдуллах ибн Зияд Хани ибн Урвеге хабар жіберіп, Муслимді өзіне беруін талап етеді. Бірақ Хани ибн Урвеннің бас тартқанын естіп Муслим ибн Акиль халықты көтеріліске шақырды деп. Ал Хани үкіметке қарсы адамды, арандатушы тұлғаны үйінде жасырғаны үшін өлім жазасына кесті.
Иракта жағдайдың қауіптілігі айтылып, Хз. Хусейннің куфаға қайтуы қарастырылады. Хусейн жақындарымен жолға шығып салебия деген жерге жеткенде Хз. Хусейнге муслим ибн Акильдің өлтірілгені туралы хабар жетті.
Бұл жағдайда Куфаға барудың қате және қауіпті екендігі айтылып Хз. Хусейннің меккеге қайтуы өтініледі. Хз. Хусейнге қайтпайтындықтарын білдірді. Шындығында Куфа әкімі Убайдуллахтың жіберген әскері оларды қоршап алып, қайтуларына мұрша бермейді. Хз. Хусейннің керуені бағдат қаласына 200 шақырым жақындықтағы Хербелаға дейін келді. Бұдан басқа Йезид жіберген Омар, ибн Саад ибн Абу Вақкас басшылығындағы 3000 адамдық әскері Кербелада күтіп тұрған болатын.
Әскердің қолбасшысы Омар Хз. Хусейннен Йезидке адал болуға ант беріп, Халифатын таныған жағдайда бостандық беретіндігін айтады. Хз. Хусейн бұл ұсынысты қабылдамай, Меккеге қайтатындығын білдіреді.
Нәтижесінде 10 Мухаррем айында көптеген адам өлді. Хз. Хусейн мен оның серіктері аяусыз өлтірілді. Бұл оқиға шииттік ағымның пайда болуына себеп болумен қатар, Мұсылман қоғамының Омейядтықтар патшалығына қарсы наразылығын тудырды.
Хз. Хусейннің Кербелада өлтірілуі мұсылман қоғамы ішінде аласапыран мен жікке бөлінушілікке түрткі болды көптеген жерде үкіметке қарсы көтерілістер болғанмен Омейядтар билеушілері оларды кұш қолдана отырыып, басты. Мекке мен Мәдинаға қанды оқиғалар етек жайды.
Тағы да Омейядтар мемлекетінің ішкі саясатынжа Омейядтар билігіне қарсы әртүрлі формадағы діни қозғалыстар болды. Хариджтерді де бірнеше бас көтерулері боды.
Омейядтар билігі келгенге дейін мемлекеттік аппаратта тегі араб емес, грек, парсылар ерекше орын алды. Омейядтар ішкі саясатқа яғни мемлекеттік аппаратқа тек арабтарды ғана алды. Барлық құжаттар араб тілінде жүргізілді. Батыс азияның, Солтүстік Африканың көптеген аймағы және арабтық испания халқы үшін араб тілі халықаралық тіл болып саналды.
Омейядтар кезеңі Құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан муавиядан басталып, 14 халыфтің билеуінен тұрды. Омейядтықтар әкімшілік және саяси құрылысын жақын көршісі Византияға еліктеп құрды.
Омейяд халифтері де өмір салтын, саарй өмірінің ішкі саясатын, киім мен бұйымдарын белгілі бір дәрежеде Византия билеушілерінен үлгі ала отырып қалыптастырды.
ІІ Тарау Омейядтар халифатының саяси құрылысы мен басқару жүйесі.
2. 1 Омейяд халифатының әскери жорықтары
Омейядтықтардың тұсында жаңа әскери жорықтар басталды. Бұл жорықтардың көпшілігі Византияға қарсы бағытталды. Жорықтар қысқы және жазғы айларда жүргізіліп, нәтижесінде Византия мемлекетін салық төлеуге мәжбүр етті, Алайда, Анатолияға теңіз және құрлықтан жасалған жорықтар сәтті болмады. Омейядтықтар халиф Османның дәуірінде шығыста орналасқан көп жер өздеріне қаратты. Әсіресе Ирак өкімі Зинауддиннің қуатты әскері Амудария өзенінен өтіп, көптеген жерлерді басып алды. Солтүстік Африкада да бірнеше маңызды жорықтар жасалынды. Үкке ибн Нафи басқарған әскерлер Суданды, кейінірек Африканың бірнеше мемлекеті Ислам мемлекетінің қол астына алды. Кайраван қаласын талқандап, Мағриб, Сицилия және Миле кіші аралдарына дейін өзінің билігін жүргізді. Омейядтықтар Анатолия, Кавказ, Еуропаға бірқатар жорықтар жасады. Көрші Византия мемлекеті Омейядтықттар мемлекетінің қолайсыз жағдайын пайдаланып мемлекеттің солтүстігінен жиі-жиі шапқыншылықтар жасап тұрды. Нәтижесінде Абдульмалик 685 жылы Византияға садық төлейтін болды. 692-694 жылдары Византияға қарсы жорық жасауды Алжирдің әкімі әскер қолбасшысы Мухаммед иби Мерванға тапсырады. Сивас түбегіндегі шайқаста Мухаммед өзінің әскерінен сан жағынан өте көп болған Византия әскерін талқандалды. Мұсылман әскері 695 жылы жауды жеңіп, Мараш өлкесін өздеріне қаратты. Мұсылмандар жазғы және қысқы мезгілдерде Визактия территориясына шабуыл жасады, Алайда, 699 жылы Сирияға қарсы жасалған осындай бір шапқыншылықтың нәтижесінде мұсылмандар Византия әскерінен жеңіліс тапты. Сонымен қатар Абдумалик ибн Абдуллах пен оның інісі Валид 700-701 жж. Анатолия мен Арменияға қарсы жорыққа аттанып жеңіс нәтижесінде қазіргі Эрзурум қаласын басып алды. 705 жылы билік басына келген Валидтің тұсында Кавказдың солтүстігіндегі Хазар мемлекеті омейядтықтардың солтүстікте орналасқан шекараларын бұзып кірді. Меслеме ибн Абдумалик пен Аббас ибн Валидтің басшылығындағы әскерлер Хазарларға қарсы ұйымдастырылған шайқастың нәтижесінде маңызды табысқа қол жеткізе алмады. Алайда, омейядтықтар 712 жылы Кавказдағы - Амасия, Ялвашты, ал 714 жылы Эреглиді жаулап алды. Валидтің кезінде батысқа маңызды әскери жорықтар жүргізілген болатын, Солтүстік Африка әкімі Мұса ибн Нусайыр мен оның , көмекшісі Тарық ибн Зиядтың ерлігі мен қаһармандығының арқасында кең жерлер жауланды. 711 жылы 7000 әскерімен Испанияға бағытталған Танжаның әкімі Тарық ибн Зияд осы жерлерде орнығуды қолға алды. Король Родриттің күшті әскерін Муса ибн Нусайырдан әскери көмек ала отырып жеңді. Испанияның королі Родриг те осы шайқаста қаза тапты. Тарық ибн Зияд пен Муса ибн Нусайырдың бірлескен әскері Испанияның көптеген жерлерін басып алды.
Мауереннахр пен Түркістанда да шапкыншылық жорықтары жүргізілді. Иран мен Ирак өлкелеріндегі үзіліссіз көтеріліс жасап жүрген Харижилік қозғалысты басқаннан кейін, осы өлкеге де шапқыншылық жорықтары жасалды. Ирак әкімі Хожжаж бен Хорасан өлкесінің әкімі Мухеллеб ибн Абу Суфра осы жорықтардың жеңіспен аяқталуында маңызды роль атқарды. 705 жылы Хожжаж Хорасан әкімдігіне Кутейба ибн Муслимді тағайындады Хорасанның жаңа әкімі Тохаристан мен Мауереннахрды түрлі сыртқы шапқыншылықтан қорғауға қызмет етті. Тохаристанға жасалған жорық соңында Балхты қол астына қаратса, артықша Бейкентке кіріп барды. Мұнымен бірге өлкенің ең көп халқы болған түріктермен жасалған арадағы келісімді пайдаланып 707 жылы Тумушкас пен Рамсияны қол астына қаратты. Содан кейін Күтейба Бұхараға аттанды. Оның мақсаты бүкіл Мауереннахрды Ислам еліне қосу еді.
Омейядтар мемлекетінің халифаты 11 жылдай өмір сүрді. Дамастық халифат осы уақыт аралығында өз аумағын айтарлықтай кеңейтіп алды. Омейядтар VІІІ ғасырдың басында Солтүстік Африканың жағалауларын басып алды. 711 -714 жж. аралығында арабтар Пириней түбегін басып алды. Муавияның өзі қол бастап 669-680 жж. Константинопольға екі рет жорық жасайды.
717-718 жж. арабтар Константинопольға үшінші рет жорық жасап, 1 жыл бойы қоршауда ұстайды. Шығыста араб әскери шебі Орталық Азия бет алды, ол жақта Хива, Бухара қалаларын басып алды. Уақыт өте ауғанстан мен Үндістанның Солтүстік батысында орналасқан Инда аумағында өз қол астына өткізді. Омейядтар халифатының құрамына Армения, Грузия да кіреді. Шекаралары Атлант мұхитының батысындағы Қытай және Үндістан провинцияларына дейін созылды.
Муавия абу ибн Суфия көп жерлерді кұлиелену арқылы жаулап алып отырды. Хиджаз қаласында өз атында жеке меншік жерлері болды. Мәліметтерге қарағанда 4 мың құлы болған.
VII ғ. Муавия тұсында арабтар әскербасы Саид ибн Османның бастауымен 670 жылы Бұхара қаласын басып алады. Әскербасы Саид ибн Осман тұтқынға түскен. Бұхара қаласының жерлерін Хоросанға одан әрі Мәдина қаласындағы өзіне тиесілі жерге жер аудартады. Х ғасырда Бұхара қаласының тарихшысы Нершахидің мәліметінше. Саид қолбасшы өз қаласына келген соң тұтқындардың заттарын алып қойып, оларға қатты матадан тігілген киімдер кигізіп, жұмысқа салған екен. Тұтқындарға жерді өңдетіп еңбегін пайдаланған. Тұтқындар жерімізді жаулап алып, өзімізге жер аудартып құл ретінде жұмсады деп шағымдар айтты. Бірақ олардың құқығын ешкім де қорғамады.
Омейядтар халифатында әскери бөлімде Сирия - арабтық топ болды. Сирия - арабтық әскери топ араб тайпасынан болғанмен ІV - V ғғ. Оңтүстік арабиядан Исламның таралуымен Сирияға, Палестинаға және Иракқа қоныс аударғандар болатын. Осы кезеңнің өзінде Сирия - арабтық топ Византиямен байланысты орнатты яғни, Византия мен Ираның ықпалындағы әскери - қарулы күш болып қалыптасты.
Сирия - арабтық әскери топ - араб тайпасының ішіндегі екі тараудың қоспасынан шыққан.
1-ші тараудағы топ - кельбиттер (арабша беку келб) немесе иелсииттер.
2-ші тараудағы топ Кайсииттер (арабша беку - кайс) немесе низариттер. Араб тайпасындағы осы екі тараудан тараған, Кельбиттер мен КайсииттерДжахимей кезеңінен бері, осы екі топ арасында билік үшін бітіспес талас жүргізген.
Кайсииттер бұлар бағзы араб бедиундарының салтын ұстанған. Астамшылдық пен қолдана билік жүргізуге қатаң тиым салынған халық болды.
Кельбиттерде керісінше өте әскери күшті топ болған. Билік басына қандай жолмен келсе де дұрыс санаған. Омейядтар құрайтын тайпасының ішіндегі Қайсииттер тобына жатады. Ішкі саяси бірлікті ұстау үшін Қайсииттер Кельбиттермен туыстас болуға тырысты. Дәл осы саясатты қолданған муавия Кельбит тайпасының қызы Меймунға үйленеді. Меймун Муавияның басты әйелі болады. Ол болашақ Халиф Йазидтің шешесі еді. Өз кезегінде Йазид те Кельбит тайпасының қызына үйленеді.
Омейядтар мемлекетінде Сирия - арабтық флоты Осман Халифтың тұсында салыну үстінде еді. Муавия тұсында флот толық құрылып, Сирия, Муавияның билігінде болатын Сирия -арабтық флот Визиантияның флот күшінен де мықты болды.
2. 2 Омейядтықтар кезеңіндегі ғылым және мәдениет
Омейядтықтар кезеңінде оқу-ағарту, тәрбие жұмыстары мешіттерде және үлкен медреселерде жүргізілгеніндей, куттаб деп аталатын бастауыш мектептерде де оқу-жазу үйретілді. Шәкірттерге негізгі діни сабақтарды үйретумен қатар грамматика, нахив және сарф сабақтары да өтілетін. Бастауыш мектептерді бітіргендер ары қарай мешіттерде оқуын жалғастырды.
Омейдтықтардың алғашқы кезеңінде мешіттерде дәріс беретіндердің көпшілігін жас сахабалар құрайтын. Омейдтықтар кезеңінің алғашқы ғылымдары болып табылатын "Табиун" тобын құрып, жас ғалымдарды тәрбиелеп өсірді. Мекке, Мәдина, Куфа, Басра, Дамаск (Шам) және Фустат сияқты үлкен қалалар оқу, ғылым және мәдениеттің орталықтары болған, Дін ғалымдары және осы ғылымдардың негізі ретінде Ислам тарихы ғылыми әрекеттердің қозғаушы күші болды. Сонымен бірге осы кезеңде аудармашылық, медицина, химия сияқты ғылымдармен шұғылданылды.
Араб тілі мен әдебиеті омейядтар кезеңінде үлкен жетістіктерге жетті. Әлеуметтік және саяси оқиғалар мен діни әрекеттер және мазхабтар араб әдебиетінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Араб поэзиясы жаңа тақырыптар, түсініктер мен нақыштарды дүниеге әкелді. Саяси және әлеуметтік бәсекелестік пен мазхабаралық бәсекелестік поэзияның халыққа тигізетін әсерінің артуына және көптеген ақынның өсіп жетілуіне жол ашты. Мысалы, газель (араб, парсы сөздерін араластыра жазылған екі жолдық өлеңдер), мадих (мадақтау, мақтау), хиджив (сықақ) ақындары өсіп жетілді. Сөздік және нахив салаларында да құнды ғылыми зерттеулер жазылды.
Омейядтықтар кезеңінде ғылыми жұмыстардың негізін діни ғылымдар құрады. Әсіресе Құран ғылымдары және хадис ғылымдары дәріс ретінде оқытылды. Сахабалар хадистерді алғашқы түрінде жеткізіп отырды. Кейбіреулері хадистерді парақтарға жазып берсе, ал кейбіреулері хадистерді жинақтап кітапша етіп шығарды.
Мәдинада Зейд ибн Сабит, Меккеде Абдуллах ибн Саид, Дамаскте Музире ибн Шихаб, Куфада Абу Абдурахман ас-Салами, Басрада Амир ибн Абдулқаис сияқты ғалымдардан қырағат және тафсир ғылымдарын үйренген шәкірттер өсіп жетілді. Омейядтар мемлекетінің алғашқы қырағат және тафсир ғалымдары болып табылатын бұл жаңа ұрпақ осы ғылымдарды зерттеп, дамытты. Дамаск аймағының қырағат ғалымы Абдуллах ибн Амир ибн Йезид аль-Яхсуби (118/736), Меккенің қырағат имамы Абдуллах ибн Қасир (170/738) қырағат саласында аса атақты қырағатшылар болып табылады. Осы және басқа ғалымдар қырағат саласында алғашқы шығармаларын жазды. Құран мәтіндеріндегі нүкте және харекелер осы кезеңде қолданысқа енгізілді.
Омейядтықтар кеңінде тафсир жұмыстарын іске асырған Абдуллах ибн Аббас сияқты жас сахабалар болды. Тафсир жұмыстары Мекке, Мәдина және Куфа калаларында шоғырланып, кезеңнің атақты муфассирлері осында өсіп жетілді. Табиун тобына мүше муфассирлердің тіркеулерінде тафсир жұмыстарының алғашқы үлгілері болды. Мысалы Мухаммед ибн Джебрдің тафсир кітабы осы кезеңде жазылды. Ата мен Катада осы кезеңнің атақты муфассирлерінің бірі болып табылады. Мәдина аймағында таф жұмыстарын Убей ибн Каб, Куфа аймағында Абдуллах ибн Масуд басқарған. Ислами ғылымдардың барлығын қамтитын хадис ғылымы омейядтар кезеңінде маңызды жетістіктерге жетті. Хадистерді бөлу, айыру осы кезеңде басталды. Хз. Пайғамбардан естілген және оның заманында жазуға өткізілген хадистер парақтар түрінде бөлінді. Хадистерді талдау және бөлу жұмыстарына Омар ибн Абдульазиз үлкен көмек көрсетті. Осы халиф хадистерді жинауға бұйрық бергеннен кейін Мухаммед ибн Шихаб аз-Зухри (124/742 жж. ) хадистерді ең алғаш жалдаған кісі больш есептеледі.
Омейядтықтар кезеңінде маңызы арта түскен жұмыстардың фықых (Ислам құқығы) жұмыстары болып табылады. Белгілі, атақты қалаларда фықых мектептерінің ашылуына себеп болды. Хадисшілердің оқиғаларға көзқарасы мен шешімдері, дауысына ие болған Ирак ғалымдарынан өте ерекше еді. Фықық саласында алғашқы кітапшалар мен кітаптар жазылды. Омейядтықтардың алғашқы кезеңінде басталған құқық үкімдерін жазу және кітаптарда жинақтау әрекеттері Хиджаз, Ирак және Сирия сияқты өлкелердің фықых жинағын қамтыды.
Омейадтықтар кезеңінің атақты фықыхшылары: Абдуллах ибн Аббас, Абдуллах ибн Амир ибн Ас, Алкаме, Урве ибн Зубейр, Зейд ибн Сәбит, Саид ибн Мусейнеб, Абу Бакир ибн Абдурахман Харис, Али ибн Хусейн ибн Али, Ата ибн Абу Рабах, Икриме, Мекхул, Тавус ибн Кейсан.
Омейядтықтар кезеңінде бірқатар имандылық және фықық мазхабтар пайда болды. Саяси және хилафет саласындағы тартыстармен имандылық және құқық мәселелері тұрады ерекше көзқарастар түрлі фырқалардың пайда болуына себеп бодды. Муржия, Кадирия, Жабрия осы кезеңде пайда болған келәм мазхабтары болып табылады. Ал Хасан аль-Басри, Васил ибн Ата, Абу Ханифа, Имам Джафар осы саланың таңдаулы өкілдері болатын.
Сиер және Мегазы саласында басталған Ислам тарихшылдығы да омеядтар кезеңінде жетістіктерге жетті. Кейбір сахабалар тарапынан бірқатар парақтарда жинақталған Сиер мәліметтерін ғалымдар зерттеген. Алайда, бұл кезеңнің ғалымдарының жазған еңбектері біздің қолымызда жоқ. Эбан ибн Осман, Урве ибн Зубейр, Вехб ибн Мунеббих, Шурахбил ибн Сад ибн Исхал ибн Сад осы кезеңде тарих саласында еңбек еткен тарихшылар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz