Несиелік тәуекелдер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 I. НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛІНУІ
1.1 Несиелік тәуекелдердің пайда болу коздері мен себептері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Несиелік тәуекелдерді есептеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 1.3 Несиелік тәуекелді басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... 16
II. НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ.ның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ...22 2.2 Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін талдау ... ... ... ... ... ... .26
2.3 Несиелік тәуекелді төмендету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Тақырыптың өзектілігі. Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді. Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент. Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
1. Г.С. Сейткасымов «Банковское дело»- Алматы: Экономика, 1998г
2. Н.Рамазанов – Банковский сектор Казахстана. Кредитный бум и его издержки.
3. Банковское дело /под. ред В.И.Колесникова, Л.П. Кроливецкой.- М.:Финансы и статистика, 1996
4.Вальравен К.Д. Управление рисками в коммерческом банке – Вашингтон Институт экон. Развития Мирового банка, 1997
5. Хандурев А.А. Управление рисками банков // Деньги и кредит, 1997, №6 6.С.Б. Мақыш «Коммерциялық банктердің операциясы».- Алматы-2002ж 7.Панова Г.С. «Кредитная политика комбанка» .-М.-1997 8.Тлеукулова Г. Организация взаимодействия головного банка с филиалами при управлении кредитными рисками //Финансы и Кредит № 4-2005г 9. Поляк «Финансовый менеджмент» 10 .Питер С. Роуз «Банковский менеджмент »М.-1997г 11.Овчаров А.О. Организация управления рисками в комбанке // Банковское дело ,1998 , №1

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 I. НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛІНУІ
1.1 Несиелік тәуекелдердің пайда болу коздері мен себептері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Несиелік тәуекелдерді есептеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..15 1.3 Несиелік тәуекелді басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ...16
II. НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Қазкоммерцбанк АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ...22 2.2 Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін талдау ... ... ... ... ... ... .26
2.3 Несиелік тәуекелді төмендету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді. Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент. Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген операциясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады. Бұл жұмыстың мақсаты несиелік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде колданылу мен баскарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді баскаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Жұмыстың негізгі объектісі-несиелік тәуекелдер және банктерде қолайсыз жағдай лардың пайда болу ықтималдығы болып табылады. Менің жұмысым екі тараудан тұрады:
1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі;
2. Несиелік тәуекелді талдау әдістерін қарастырдым, және өзіме көптеген мәліметтер жинап, білімімді толықтырдым.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты - несиелік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады. Осы мақсатты орындауға байланысты келесідей мәселелер туындайды: - Тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау; - Қазақстан жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау; - Шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау; - Отандық және шетелдегі несиелік тәуекелдерді басқару тәжіри- белерінің негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау. Міндеті: коммерциялық банктердің тиімділіктерін саралап қарастыру және несиелік тәуекелдің тиімділігінің пайдалы жолын айқындап ашу.
Зерттеу объектісі: Несие және банк тәуекелдерін басқару туралы жазылған әдебиеттер.

I. НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛІНУІ
1.1 Несиелік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері
Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты.
Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдылығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:
а) Проценттік тәуекел -- ағымдағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
ә) Валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.б)Инвестициялық тәуекел -- қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.
2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел -- контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына байланысты тәуекелді айтамыз.
3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:
а) Оперативтік тәуекел -- банктің кейбір функцияларымен байланысты тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен камтамасыз етілу дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және нақты орындау қабілеті.
ә) Стратегиялық тәуекел - банк қызметінің дұрыс ұйымдаспауымен немесе жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар: шешім қабылдау үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, қаржы нарығының математикалық модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау әдістемелерінің толық еместігі.
Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады. Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің пайда Өтімділік тәуекелі активтерді тез арадаболуына себеп бола алады: ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды Проценттік тәуекел нарықтағытарту қабілетін жоғалтумен байланысты. Несиелік тәуекел қарызпроценттік ставканың ауытқуымен байланысты. Нарықтық немесеалушының өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты. инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен. Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен байланысты. Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланғансипатталады. Операциондық тәуекел төлемдерді деңгейдегі ауытқуымен байланысты. Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында жүргізу барысында немесе мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады. Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады. Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:
1. коммерциялық банктің түрі немесе мамандану саласы;
2. банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
3. банк клиенттерінің құрамы;
4. тәуекелділікті есептеу әдістері;
5. банктік тәуекелдің деңгейі;
6. тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
7. тәуекелді есепке алу сипаты;
8. банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуте болады: маманданған, салалық және әмбебап. Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алынған несиесі бойынша қарызы немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктердің зиян шегуін сипаттайды. Кез келген банктік несие белгілеген мөлшер шегінде беріледі.
Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып материалдық қорлардың құралу қажеттілігінің зерттеу негізінде шығындарды өндіріс көлемі мен өнімнің өнімділігін және де басқа да шығындарды ескере отырып есептейді.
Несиелік операциялар - табыстың басты көзі және активтердің ең ірі тобы болып табылады. Бірақ мұндай несиелік портфель біз үшін сенімді және қауіпті. Экономиканың нашарлануына байланысты пайда болатын ссудалық портфельдің проблемалары ысыраптардың басты себебі. Несиелік портфельді тиімді басқару тәуекелдерінің азаюына және ссудалық операциялардың табыстылығының өсіруіне көмектеседі. Банк тәуекелдерінің ішінде банк қызметтерінің тиімділігін анықтаушы несиелік тәуекел болып табылады. Несиенің мөлшері экономикалық жағдайға байланысты. Соның ішінде:
1) қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтылық шамасына байланысты;
2) несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне байланысты;
3) маржа деңгейіне;
4) несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
5) банктің ресурстарының көлеміне.
Несиелерді авторизациялау - несиелік тәуекелдерді басқару мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді. Несиелік мониторинг - несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайында қарыз алушының несиелік қабілеттілігің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі. Несиелік портфельді басқару - бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады. Несиелік портфельді басқарудың алғышарттары:
1) нақты қарыз алушылармен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
2) несиелік рейтингпен байланысты болатын жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелдерді талдау формасын жасау;
3) әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
4) төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
5) жоғары тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату. Несиелеу лимитін белгілеу - несиелік портфелбді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Несиелік тәуекелдің дәрежесі мынадай факторларға байланысты болады: 1) банктердің несиелік стратегиясының жиі өзгеруі немесе ұзақ мерзімді мақсаттардың болмауы;
2) банктердің жаңадан келген клиенттері арасында несие көлемінің үлкендігі;
3) банк клиенттерінің белгілі бір салада немесе географиялық аймақтарды шоғырлануы;
4) клиенттерге берілген қамтамасыз етілмеген және сенімсіз несиелердің көрсеткіштері;
5) банктердің қызметтерінің нарықтың жаңа дәстүрлі емес сегменттерінде шоғырлануы;
6) қысқа мерзім ішінде экономикалық негізделмеген жаңа қызметтердің үлкен көлемін енгізу;
7) кепілзат ретінде сенімсіз құндылықтары бар тауарларды алу.
Несиелік тәуекелдерді осы факторларға байланысты мынадай классификациялауға болады:
1. Классификацияның критерийлері тәуекел жәрежесіне байланысты.
а) микродәрежелі ә) макродәрежелі
2. Банктің тәуекел дәрежесіне тәуелділігі.
а) несиелік қызметке байланысты ә) несиелік қызметке байланысты емес
3. Несиелеудің салалық бағыттылығы.
а) өндірістік ә) саудалық б) шаруашылық
4. Несиелеудің масштабы.
а) комплексті тәуекел ә) жекелеген тәуекел
5. Несиенің түріне байланысты.
а) субъектілер бойынша тәуекел ә) объектілер бойынша тәуекел б) қамтамасыз етілу бойынша тәуекел
6. Несиенің құрылымы.
а) несиені берілу кезінде тәуекел ә) несиені қолдану кезінде тәуекел б) несиені қайтару кезінде тәуекел
7. Рұқсат етілу дәрежесіне байланысты.
а) минималды ә) жоғарылатылған б) мүмкін емес
Проблемалық несиелерге жататындар:
1) несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілмеген және қосымша келісім берілген несиелер;
2) сақтандыру кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелерді орындамауы;
3) несиелерге есептелген пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Проблемалық несиелерге қарсы шаралар:
1) қарыз алушының қызметін қайта құру;
2) несиені қайтару кестесін өзгерту;
3) пайыз төлеу тәртібін өзгерту.
Несиелік операцияларды басқарғанда банк жауапкершілікті басқарманың кеңеске жеріндіреді. Басқармалық кеңес несиені беру оны басқару және де оның жалпы принциптерін жүзеге асырады. Несиелік саясат банктерде меморандум түрінде қалыптасады. Ең алдымен банктердің ортақ мақсаты алға қойылады. Сонымен қатар меморандумда алға қойған мақсатқа жету үшін мыналар анықталады:
1) банк үшін қолайлы ссудалар;
2) банк үшін өте қажет емес ссудалар;
3) қарызгердің қолайлы ортасы;
4) банк үшін қажет емес қарызгерлер;
5) банктің несиелік қызметі бойынша географиясы;
6) қызметкерлерге несие беру бойынша саясат;
7) қарызгердің әрбір категориясы бойынша несиегердің көлемін шектеу;
8) несиелік тәуекелді басқару саясаты.
Қарызгердің бойынша төленушілікті азайтудың әдістерінің ең маңыздысы бұл - потенциалды қарызгерді таңдау. Клиенттің қаржылық жағдайын талдау бойынша әр түрлі әдістер бар. Осы әдістердің бірі 5 Cи ережесі. Оған жататындар:
1) қарызгердің мінез-құлқы (Character);
2) қаржылық мүмкіншілігі (Capacity);
3) капитал, мүлік (Capital);
4) қамтамасыз етуші (Collateral);
5) жалпы экономикалық жағдай (Conditions).
Қарызгердің мінез-құлқы - бұл оның репутациясы, жауапкершілік дәрежесі, қарызды жабу мүмкіндігі. Ең бірінші банк осы клиенттерінің өзінің міндеттемелеріне деген қарым-қатынасын анықтайды және де өткен шақтағы қарыздар бойынша төлеу мерзімін кешіктіру, оның іскерлік ортадағы статусы.
Банк осы қарызгердің психологиялық бейнесін алуды көздейді. Ол үшін банк осы клиентпен интервью жүргізеді. Оның бұрынғы іс-парақтарын қарастырады және де басқа банктермен, фирмалармен кеңес жүргізеді. Қарызгердің қаржылық мүмкіншілігі - бұл оның несиені жабу мүмкіншілігі, ол қарызгердің табысы мен шығысын талдау кезінде және осы табыс пен шығыстың болашақта өзгеру перспективасын анықтауда байқалады.
Қарызгердің қарызды жабу үшін 3 көздері бар:
1) ағымдық кассалық түсімдер (Сash flow);
2) активтерді сату;
3) қарыз алудың сенімді көздері.
Банктер дәстүрлі түрде несиегердің категориясы бойынша олардың саудалары таза ағымдық түсімдерден жабылатын қарыз берушілер тобына жатады. Таза ағымдық кассалық түсімдер = Таза операциялық пайда + Амортизациялық аударымдар - Дебиторлық қарыздардың өсуі - Тауарлық-материалдық запастар (ТМЗ) + Төлеуге қажет шоттар сомасы. Сонымен банк осы 5 Си ережесіне сәйкес мына факторларға көңіл бөледі:
1) фирманың акционерлік капиталына;
2) оның құрылымына;
3) баланстың басқа статьяларынан қатынасына;
4) қарызгердің қамтамасыз етілу дәрежесі;
5) оның жеткіліктілігі;
6) кепілзаттың сапасы мен оның өтімділік дәрежесі.
Несиелік қызметкерлердің мақсаттарының бірі бұл - әрбір жағдайларға сәйкес критерийлерді сан түрінде көрсету (квантифицировать). Осының негізінде қарызгердің несиелік қабілетіне сәйкес шешім қабылданады. Тәуекел табыстылық пен осы дилемаға сәйкес нашар қаржылық жағдайы бар қарызгер несие үшін сенімді қарызгерлерден көп сомада төлейді Несиелеу процесін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Бұл этаптар несиенің банк үшін сенімділігін және табыстылығын анықтайды:
І-этап. Несиелік өтінішті қарастыру және клиентпен интервью жүргізу.
ІІ-этап. Клиенттердің несиелік қабілеттілігін анықтау және несиелік тәуекелді бағалау.
ІІІ-этап. Несиелік келісімшартты дайындау және несиелік келісімшартқа отыру. ІV-этап. Несиенің орындау жағдайларын және де несие сомасын өтеу жағдайларын қадағалау. І-этап. Несиелік өтініш - клиенттің несие алу бойынша мақсаты, несиенің көлемі, түрі және де мерзімі, қамтамасыз етілу мүлкі. Банк осы өтінішке керекті құжаттардың және қаржылық есептердің болуын сұрайды. Бұл құжаттар өтініштің қажетті бөлігі, оларды талдау келесі этаптарында жүзеге асырылады. Осы өтінішке сәйкес мына құжаттар қарастырылады:
1. Қаржылық есеп. а) баланс ә) пайда және зиян шегу шоттары б) соңғы 3 жыл бойынша Баланс - белгілі бір мерзімге жасалады және активтердің, міндеттемелердің, капиталының құрылысын көрсетеді. Пайда және зиян шегу шоттары бойынша - 1 жылға қарастырылады. Ол табыс және шығыс бойынша толық мағлұмат береді. а) таза пайда және оның бөлінуі; ә) дивиденттердің төмендеуі; б) резервтерге жасалған аударымдар.
2. Кассалық түсімдердің қозғалыс есебі - компанияның балансының 2 күнге анықталуын сәйкестейді және де осы арқылы баланстың әр түрлі статьяларының өзгерістерін анықтайды. Бұл есеп ресурстарының фондтарының басталуының және кассалық түсімдердің дифицитін көрсетеді.
3. Ішкі қаржылық есептер - компанияның қаржылық жағдайын бөлшектеп көрсетеді. а) квартал бойынша ә) ай бойынша және т.б.
4. Ішкі басқарушы есептер - балансты құрастыру өте көп уақытты қажет етеді. Сондықтан банкке оперативті есептің мәліметтері қажет. Бұл мәліметтер осы компанияның басқармасына жасалған құжаттарында болуы мүмкін. Бұл құжаттар: а) инвестицияларға; ә) дебиторлық және кредиторлардың міндеттемесінің өзгеруіне; б) активтердің сатылуына; в) қорлардың көлеміне байланысты болады.
5. Қаржыландыру болжамы - бұл болжам мынадан тұрады. Болашақтағы: а) сатылымдардың; ә) шығыстардың; б) өнімді өңдеу ысыраптардың; в) дебиторлық міндеттемерді; г) қорлардың айналымын ақша қаражаттарындағы қажеттіліктерді бағалау. Болжамның 2 түрі бар: 1) балансты бағалау 2) кассалық бюджет Балансты бағалау - баланстың шоттарын болжау, пайда және зиян шегу шарттарын болжау арқылы жүргізіледі. Кассалық бюджет - ақшалай қаражаттардың түсуін және олардың жұмсалуын болжау. а) апта бойынша; ә) ай бойынша; б) квартал бойынша.
6. Салықтық декларациялар - бұл қосымша мағлұматтардың ең маңызды көзі. Бұл мәліметтерде басқа құжаттарды жоқ информация болуы мүмкін. Салықтық декларация қарыз алушының табысын және де оның салықты төлеу шамасын анықтайды.
7. Бизнес-жоспар - көптеген несиелік өтініштер шартындағы бастаушы кәсіпорындарды қаржыландырумен байланысты. Яғни бұл компанияларда қаржылық есептер болуы мүмкін емес. Сондықтан олар дәстүрлі түрде бизнес-жоспарда ұсынады. Бұл бизнес-жоспарда процентінің мақсаты, оны жүзеге асыру әдістері көрсетіледі. Бұл құжат мыналарды қамтуы қажет: а) өнімдер мен қызметтердің сипаттамасы; ә) салалық және нарықтық болжамдар; б) маркентингтік жоспар; в) өндіріс жоспары; г) менеджмент жоспары; д) қаржылық жоспар.

1.2 Несиелік тәуекелді есептеу әдістері. Тәуекел деңгейін есептеу көрсеткіштері.

Есептегіш тәуекелдері банк төлем арттырған жағдайда туындайды. Несиелік тәуекел келесі көрсеткіштермен есептелінеді: 1. Активтердің сапасының коэффициенті. К1 = ссуда бойынша шегерімдер ссуда бойынша қарыздардың орта шамасы К2 = ссуда бойынша шегерімдер ссуданың жалпы көлемі 2. Тәуекелге мөлшерленген маржа (RAM). RAM = таза пайыздық табыс - ссуда бойынша шегерімдер активтер (бұл көрсеткіштер 2,5% - 4% болуы қажет). 3. Таза пайыздық маржа (NIM). NIM = таза пайыздық табыс активтер 4. Жалпы пайыздық маржа (SIM). SIM = таза пайыздық табыс + тағы басқа пайыз активтер 5. Несиелік тәуекел пайызы Несиелік тәуекел пайызы = проблемалық несие сомасы несиенің жалпы сомасы 6. Несиені диверсификациялау пайызы. Несиені диверсификациялау пайызы = 1 қарыз алушының ссудасының сомасы банктік меншікті капитал сомасы

1.3 Несиелік тәуекелді басқарудың шетелдік тәжірибесі

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33% - ы сыртқы факторлар үлесі кіреді. Несиелердің барлығы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар 5 - кесте Ішкі факторлар 67% Сыртқы факторлар 33% Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі 22% Компанияның банкроттығы 12% Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалау 21% Кредиторлық қарызды қайтаруын талап ету 11% Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі 18% ЖұмыссыздықЖанұя мәселелері 6% Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы 5% ҰрлықАлдау 4% Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несилік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктері шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады. Несиелердің қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелрді мынадай тәуекел топтарына жіктейді:
:: ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);
:: ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;
:: шектеулі тәуекелі бар несиелер;
:: ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер).
Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді. Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне - потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуды.
Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетуде басты шара болып табылады. Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады. PARSER: P - Person - потенциалды қарыз алушу туралы ақпарат, оның беделі; A - Amount - сұрайтын несие сомасының негіздемесі; R - Repayment - несиені қайтару мүмкіндігі; S - Security - қамтамасыз ету құралы; E - Expediency - несиенің мақсаттылығы; R - Remuneration - несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі. CAMPARI: C - Character - қарыз алушының беделі; A - Ability - қарыз алушының бизнесін бағалау; M - Means - ссудаға деген қажеттілігін талдау; P - Purpous - несиенің мақсаты; A - Amount - несие сомасының негізделуі; R - Repayment - несиені қайтару мүмкіндігі; I - Insurance - несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.
Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде алты си ережесі қолданылады:
:: character (қарыз алушының сипаты);
:: capacity (қаржылық мүмкіндігі);
:: cash (ақшалай қаражаты);
:: collateral (қамтамасыз етуі);
:: conditions (жалпы экономикалық жағдай);
:: control (бақылау).
Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын және қалуын білдіреді. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несие қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.
Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруын үш көзі болады:
1. Нақты ақшалар тасқыны;
2. Активтерді сату;
3. Қаржыларды тарту.
Көрсетілген көздердің кез келген несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының баланстын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді. Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде анықталады:
Нақты ақшалар тасқыны = Таза пайда + Амортизация + Кредиторлық қарыз - Тауарлы - материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз. Бұл формуланын артықшылығы - оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.17 Қамтамасыз етуі. Сондай - ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді.
Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға, және т.б. қарастырылады. Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады. Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылады: 1. Активтер сапасындағы коэффициенттер: а) К1 = Несие бойынша зияндар Несие бойынша қарыздың орташа сомасы. б) К2 = Несие бойынша зияндар Несиелердің жалпы сомасы. Екі коэффициент те (К1 және К2) банктердегі активтердің сапасын бағалау үшін пайдалынады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк тәуекелдері туралы
Банктік тәуекелдердің экономикалық құрылымы
Қаржылық менеджер тәуекел
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Шығындар тәуекелі
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны
Пәндер