Қaсым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . . 3

I ТАРАУ ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ, АҚЫНДЫҚ ӨМІРІНЕ ШОЛУ . . . 5
1. 1 Қ. Аманжоловтың өмірі, ақындық өмір жолының басталуы
1. 2 Ақын өлеңдері мен Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер . . . 8

ІІ ТАРАУ Қ. АМАНЖОЛОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ОТАНШЫЛДЫҚ, ӨМІР ТУРАЛЫ, АДАМГЕРШІЛІКТІҢ СИПАТТАЛУЫ . . . 14
2. 1 Ақын өлеңдеріндегі отаншылдық пен патриоттық сарпынның бейнеленуі . . . 14
2. 2 Қасым Аманжолов туралы ой-пікірі . . . 26

ІІІ ТАРАУ ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ . . . 41

3. 1 Әдебиет пәнінде Ақын шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары. . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52
ҚОСЫМША . . . 53


Кіріспе

Қоғам қалай және қайтіп дамиды? Тарихты кім немесе не жасайды? Осы сұрақтарға философтар мен тарихшылар, социологтар мен политологтар бірге жауап іздеуге талпынады, бірақ ортақ пікірге келе алмайды. «Тарих - бұл табиғи тарихи процесс», - деп тұжырымдайды біреулер. «Тарих - саясатшылар әрекетінің нәтижесі», - деп санайды басқалары. «Тарих - кездейсоқ оқиғалар ісі», - деп үшіншілері олармен келіспей жатады. Дегенмен, әдетте, бәрінің бір мәселеге көзқарасы ортақ - тұтас адамзат қоғамының тарихында да, жеке алғанда ұлттар қоғамының тарихында да басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады.

Ұлы тұлғалар - өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі. Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге ие болмақ, егер осы адамдар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени құндылықтарын, адамгершілік принциптері мен дәстүрлерін бойында сақтап, оның жетекшісі бола білген жағдайда. Өздерінің ұлы бабаларының даңқты тарихына ортақ еткізу адам баласының өз еліне, оның ұлы тарихына, оны жасаған ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. «Біздің бабаларымыз қазіргі Қазақстанның ұлан байтақ даласын қорғап, төл мәдениетін сақтап, өмірді түйсіну мен танудың ерекше түрін бізге мұра етіп қалдырды. Оған орасан зор үлес қосқан ақынның бірі - Қасым.

Қасым Аманжолов - қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.

Қасым Аманжолов - көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Поэзияда, егер оған жарқын бейнелерге оранған жоғары идеялар сіңбеген, ойлармен рухтанбаған, сезімге қанықпаған болса, көпшіліктің үгіттеушісі және тәрбиешісі бола алмайды. Қ. Аманжолов поэзияның осы ерекшеліктерін тамаша түсінді және көркем сөздің күшімен оқырмандар санасына әсер етуге талпынды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығын зерделеу, жоғары сыныптарда оқыту әдістемесін ұсыну

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Қасым аманжоловтың өмірбаянына шолу жасау
  • Ақынның тәрбиелілік мәні бар шығармалары жөнінде ой-қозғау
  • Әдебиет сабағында Қасым Аманжолов шығырмаларын оқыту әдіс-тәсілдерін айқындау

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.


I ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ, АҚЫНДЫҚ ӨМІРІНЕ ШОЛУ
1. 1 Қ. Аманжоловтың өмірі, ақындық өмір жолының басталуы

Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 30-жылдардың басында әдебиет саласына енді. Ол 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген, ата-анасынан ерте айрылады да, интернатта тәрбиеленеді. 1927 ж. бастап 1930 жылға дейін мал дәрігерлік техникумда оқиды. 1932 жылы журналистика саласында - «Лениншіл жас» республикалық жастар газеті редакциясында жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысы басталғаннан бастап 1946 жылға дейін ақын Кеңес Армиясы қатарында шайқасты. Әскерден қайтқаннан кейін біраз уақыт «Әдебиет және өнер» журналының поэзия бөлімін басқарады. Қ. Аманжолов алғашқы өлеңдерін жиырма жасында жасөспірім кезінде жариялайды. 1938 жылы Ленин комсомолының жиырма жылдығына арналған әдеби конкурста Қ. Аманжоловтың «Құпия қыз» поэмасы екініші сыйлықпен атап өтілді. Сонымен қатар ол Пушкин, Лермонтов, Маяковскийдің шығармаларын; кейінірек Шевченко мен Некрасов шығармаларын аударады. Аудара жүріп, ол орыс поэзиясы классиктерінен көптеген нәрселерді үйренеді. Қ. Аманжоловтың осы кезеңдегі, социализм құрылысына, кеңес адамдарының ойлары мен сезімдеріне арналған өлеңдері ой тереңдігімен, поэтикалық шеберлігімен ерекшеленеді. Енді оның лирикалық шығармалары сөзшеңдіктен арылады, олардың негізінде нақты ойлар мен сезімдер жатыр.

Қ. Аманжолов біздің халқымыздың табыстарын ғана емес, социалистік құрылыстағы кеңес адамдарына кедергі болған кемшіліктерді де соққыға алды. «Бидайдың» арызы өлеңінде Калинин атындағы колхозда орын алған кемшіліктерді сынайды, қамсыз басшыларды соққыға алады. 30-жылдары Аманжолов кеңес жастары, олардың адамгершілік бейнесі туралы, достық және махаббат туралы көп жазды. Жастар туралы шығармаларында ақын оларға бірде қуанышты және бақыт сезімдерімен 90 (Колхоздан келген қыз) жазады, бірде жас буынның өз Отанына шексіз берілуі туралы (Алма бағында, Отан үшін жан пида және т. б. ) баяндайды. Қ. Аманжоловтың «Дауыл» атты екінші өлеңдер кітабы 1941 жылы шығады, оған көбінесе соғыс жылдарындағы өлеңдері мен «Біздің дастан» поэмасы енеді. Ақын В. Маяковскийдің «Бар дауыспен» поэмасын қазақ тіліне аударды. Қ. Аманжоловтың көзі тірісінде көпшілігіміз оны көбінесе азаматтық тебіреністегі ақын, ақын-публицист деп санадық. Бірақ Қ. Аманжоловтың толық шығармалар жинағы жарық көрген кезде, көп қырлы, өзінің шығармашылық ізденістерімен өте қызықты ақынды көрдік. Осындай жаңа қырын түсіну оңай - мұнда оның кейбір сатиралық және лирикалық өлеңдері алғаш рет басылды. Алғаш рет болатын себебі - социалистік өнер туралы жұпыны ұғым, сындағы көркемдік талғамның нашарлығы, қазақ әдебиетінде орын алған түпнұсқалы, өзіндік дүниеге новорапповтық бүйірден шабуылдар жасау, жалғыз Қ. Аманжоловқа қана оқырман досының алдында өзінің жүректен шыққан ойларын ашуға кедергі жасап қойған жоқ. «Ләйлі мен Мәжнүн», «Фархад пен Шырын», «Ромео мен Джульетта», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» поэмаларын, Татьянаның Онегинге хатын толғаныспен және сүйіспеншілікпен оқитын біздің халқымыз, бақытты кеңес уақытында өмір сүретін жас буынның еңбек қажырын да, сонымен қатар сәулелі махаббатын да жырлайтын өлеңдер мен поэмалар шығарылуына қызығушылық танытты. Қ. Аманжоловтың тамаша лирикалық өлеңдері оқырмандардың осы заңды талаптарына жауабы болды. Адамгершілік тазалық, махаббатқа адалдық, сезімдердің тереңдігі - оның лирикалық кейіпкерлерінің тұрақты қасиеттері міне, осындай. Осындай поэзия оқырманның жағымды сезімдерін тудырады, оны эмоциялық тәрбиелеуге қызмет етеді. Шыншыл ақын Қ. Аманжолов солдаттың сезімін: қайғысын, сағынышын, қуанышын жан-жақты суреттей білді. Сонымен, мысалы, сағынышпен толғандырар әуені оның көптеген майдандағы өлеңдері арқылы айтылады. Мұнда ешқандай өрескелдік жоқ. Өмір мен өлім арасында жатқан адам туған үйін, өз отбасын, сүйікті әйелін, анасын сағынбауы мүмкін емес. А. Сурковтың, К. Симоновтың майдандағы бір қатар өлеңдерінің тақырыбы солдаттың туған жеріне, сүйікті қызына және достарына деген сағынышы болып табылады. Бірақ кейбір майдандағы өлеңдерінде Аманжолов осы сезімді арттырады, оны пессимизмге дерлік жеткізеді. Соғыс күндері әр халық өзінің ерлік дәстүрлерін және ұлттық намысын жоғары көтергені белгілі. Бірақ біздің елімізде халықтардың ұлттық мақтанышы баяғыда-ақ интернационалдық болған. Алайда Аманжолов соғыс жылдары осы шындықты онша айқын түсінбеген. Бұған көзімізді жұмып қарауға болмайды.

1943 жылы Аманжолов, Қиыр Шығыстан Батысқа өтіп бара жатып, «Сарыарқа» өлеңін (Арал-Ертіс су бөлігі, ауыспалы мағынада - Қазақ жері) жазды. Мұнда әңгіме дала табиғатының сұлулығы туралы, бірақ өлең келесі таң қаларлық жолдармен аяқталады, сіздердің көздеріңізді жеткізу үшін төменде келтірілген: 91 Сарыарқа, сағындырдың, атамекен, Сар дала, анам едiң, құшағың кең. Тұсыңнан тоқтай алмай барам өтiп, Артта - сен, алда - майдан, қайтсем екен?! - Соғыс жылдары көптеген патриоттық өлеңдерден басқа Қ. Аманжолов, майданда қаза тапқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиевтің жарқын бейнесін жандандыратын «Ақынның өлімі» поэмасын шығарады. Қ. Аманжоловтың соғыстан кейінгі жылдардағы өлеңдері өзекті, оперативті, замандастарымыздың толық еңбегі мен өміріне, олардың бейбітшілік үшін күресіне арналған. Сонымен қатар ол балаларға арналған нәзік, тартымды өлеңдер жазады. Осы соғыстан кейінгі жылдары ол кеңестік мемлекет табыстарын, Коммунистік партияның, құдіретті кеңес халқының ұлылығын жырлайтын үлкен ойлар мен сезімдердің шығармаларын жазады. Осы жылдардағы шығармаларда Коммунистік партияның ұлы көсемдерінің де, қарапайым кеңес адамдарының да колориттік бейнелері сомдалған. Осы күрделі мәселені шешу кезінде ақын поэзияның барлық құралдарын - жүректен шыққан лирикадан бастап азаматтық, мінбелік интонацияға дейін қолданады. Нақ осындай қорытпа Аманжоловқа үлкен эмоциялық қызба шығармалар шығаруға көмектесті.

Қ. Аманжолов жан-жақты дарынды адам болған. Ол, мысалы, өз мәтіндеріне бірнеше әуендер шығарды. Қазір оның өз сөздеріне жазған «Қайдасың, қайда дариға, сол қыз» өлеңі өте атақты. Үлкен мәнерлілік, жаңа түрлер іздеуде ақын қазақ өлеңіне он буынды жол енгізгенін атап өтпеуге болмайды, оны біз қазір түпнұсқалық шығармашылықта да, аудармада да пайдаланамыз. Дәл осылай ол алғаш рет сегіз және тоғыз буын жолды кезектестіріп қолданды, бұл сөйлеу интонациясын беру үшін өте қолайлы. Қ. Аманжолов өлеңдер ғана емес, фельетондар да, бір актілі сатиралық өлеңдер де жазды. Олар да автордың үлкен және жан-жақты таланты, тіл байлығы мен дәлдігі туралы куәландырады. Оның әдеби-сыни мақалаларында өнердің ерекшелігін өзінше, шебер түсіну байқалады.

Ақын аударма саласында да жемісті еңбек етті. Оның көптеген аударма жұмыстарын аударма өнерінің үлгілері деп санауға болады. Қ. Аманжолов түпнұсқаны оның астарымен терең түсіне, оның идеялық сапасын, көркемдік ерекшеліктерін, ойлары мен тілінің өзіндігін шеберлікпен сақтай отырып, бір мезгілде қазақ тілінің ішкі заңдарына адал болды. Нақ сондықтан бірқатар өлеңдері мен Шевченко, Лермонтов, Пушкин, Твардовский поэмаларының аудармалары оқырмандар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қазақ халқының үздік ақындарының бірінің, осы кітапта толық берілмеген зор мұрасының мағынасы мен сипаты осындай. Қ. Аманжоловтың әдеби мұрасы әлі өзінің зерттелуін күтуде. Осы мұраны қолына алған әдебиет танушы да, оның алдында үлкен, толғантарлық және жемісті еңбек күтіп тұрғанына сенімді бола алады. 92 1940 жылы жазылған «Орамал» романсында ақын махаббаттың сұлулығын және тұрақтылығын сипаттайды. Майданға бара жатқан жауынгерге естелікке орамал сыйлайды. Мұндай жағдайда ешқандай жаңа және көңіл аударарлықтай ештеме жоқ сияқты. Оның үстіне түрлі бояудағы орамалды кімдер жырламады!

1. 2 Ақын өлеңдері мен Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдері

Қ. Аманжоловтың шығармашылық биографиясында Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше орын алады. Соғыс кезінде ақын біршама уақыт Қиыр Шығыста қызмет етеді, сосын майданға аттанады. Оның ең құдіретті өлеңдері сол қаһарлы күндері жазылған. Олардың арасында екі өлеңі - «Байқал» және «Орал» шеберлікпен ерекше көрінеді. «Байқал» - бұл үлкен лиро-эпостық хикая. «Торғын тұман жамылып, Байқал жатты көсіліп: Таң сәріден сабылып Жәрмеңкеге жосылып Кернейлеткен көп өзен Жатты құйып тұс-тұстан Ерте оянған Таң жеңгең Тұрды қарап шығыстан. Ой тастап бір Байқалға Ғашық болған Таң сұлу, Айнала асқар тауларға Қойды қадап алтын ту». Қасым Аманжолов 1955 жылы шығармашылық күшінің толысқан кезінде қайтыс болды. Ол өзінің туған халқына, туған әдебиетіне асыл мұра - жарқын және шабытты поэзия қалдырды. Ақынның көз жұмуы қазақ кеңес әдебиеті үшін орны толмас қаза болды. «Қазақ әдебиеті» газеті былай жазды: «Қазақ кеңес әдебиеті өзінің ең үздік ақындарының бірінен айрылды. Коммунист ақын Қ. Аманжолов, өзінің алғашқы өлеңінен бастап, соңғы - өлер алдындағымен аяқтай отырып - өзінің кеңестік Отанын жырлады, Коммунистік партия идеяларына шексіз берілген болатын». Оқырмандар қауымы, ақын естелігіне құрмет көрсетіп, оның шығармаларын сүйіспеншілікпен оқып, өзінің шығармашылығымен қазақ кеңес әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан Қ. Аманжолов бейнесінде біздің әдебиетіміздің ірі талантты ақыны болғанын түсінеді.

Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл - сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеу үстінде екенін көрсететін еді. Әсіресе көзге ауыз әдебиетінің 7-8 буынды терме, толғау үлгілеріне бой ұруы жиі шалынатын. Өлеңіне арқау етіп алған өмір құбылыстарын сырттай таңырқап, тамашалауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбелеп суреттеуге әуестік байқалатын.

Бірақ ақын бұл қалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш жылда-ақ:

Ішім пысты, жалықтым,

Жүре алман енді аяңдап.

Кенде қаппын, жаңа ұқтым,

Не болса соған аяңдап -

немесе:

Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,

Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!. .

Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,

Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.

Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,

Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басып

Жығылсам да, жүгірумен өтемін,

Аяңшылдың ақылын мен не етемін.

Жығылармын, алқынармын, шаршармын,

Барар жерге бұрынырақ жетермін, -

дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып, ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену оның буырқанған күшті талантын тез қанаттаңдырды. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А. Пушкиннен, М. Лермонтовтан, Т. Шевченкодан, Дж. Байроннан, В. Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті.

1939-1940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды. " Нар тәуекел", "Бурабай толқындары", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Сұлтанмахмұт туралы баллада", "Өз елім", "Ғашық едім қайтейін" сияқты тамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді. Бұл кезеңдегі ақын өлеңдерінде түр, дыбыстық үндестік, ырғақ жағынан да жаңалықтар көрініс берді. Сондай-ақ, Қасым лирикалық өлеңдермен қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, "Құпия қыз", "Бикеш" (алғашында "Азғынбаев" деп аталған) секілді алғашқы поэмаларын жазады.

Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен - Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы - соның айғағы.

"Ақын Өлімі туралы аңыз" поэмасы. Қ. Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәңді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.

Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В. Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", - деп жазды.

Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі.

Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.

Өмір гүлін жаншып, таптап,

Шаштан сүйреп махаббатты,

Жерімізде жындай каптап,

Найзаға іліп ар-ұятты

Келе жатты сұм жендеттер.

Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар - барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер.

Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді.

Қасиет күші ұлы Отанның,

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың!

Күллі әлемнің ашу кегі,

Орна менің кеудеме кеп!

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл жүрек! -

деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:

Қара толқын орман шашын

Жұлды талдап снарядтар.

Мәңгі мекен көл жағасын

Тастап, суға сүңгіді жар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Қасым Аманжолов - қазақтың ұлттық ақыны
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов
Халқымыздың дарынды ақындары
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz