Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы . . . 4
1. 1. Есімдіктердің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірі . . . 4
1. 2. Есімдіктердің мағыналық топтарының пайда болу тарихы . . . 8
ІІ ТАРАУ. Есімдіктердің мағыналық топтарының ерекшеліктері . . . 9
2. 1. Жіктеу есімдіктері . . . 10
2. 2. Сілтеу есімдіктері . . . 12
2. 3. Сұрау есімдіктері . . . 14
2. 4. Өздік есімдіктері . . . 16
2. 5. Жалпылау есімдіктері . . . 18
2. 6. Болымсыздық есімдіктері . . . 20
2. 7. Белгісіздік есімдіктері . . . 21
2. 8. Есімдіктердің емлесі және сөйлемдегі қызметі . . . 23
ІІІ ТАРАУ. Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері . . . 24
3. 1. Жоғары сыныптарда есімдіктерді тиімді оқыту жолдары . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35
Қосымша
Кіріспе
Есімдер табына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімждіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: Ол Прутковтың барлық афоризмін білетін (С. Ерубаев) ; сен қымсынба, артыңда біз бармыз (М. Әуезов) дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтың барлық афоризмін білетінін ғана аңғарғанымыз болмаса, ол адам кім? - Бейсенбай ма, әлде Мұрат па? Жоқ, тіпті біз білмейтін басқа бір адам ба? Әйтеуір, оның кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі сен, біз дегендердің де мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ондай болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін білдіреді, демек, көзбе-көз я бетпе-бет сөйлесіп тұрған екі адамнан басқаның бәрі ( адам ба, зат па - бәрі бір) - ол болады. Ал, мен тек бірінші жақ (сөйлеуші я айтушы) болады да, сен - тыңдап (сөйлесіп) тұрған адам, демек, сөйлеушімен (менімен) әңгімелесіп отырған адам болып шығады. Сонымен, жоғарыдағыдай дара тұрған сөйлемдердегі есімдіктердің дәлді мағыналары бірден айқын болмайды.
Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я одан да көп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер монолог түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дәлді мағыналары, яғни олар туралы мәлімет, сол сөйлемдерден бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға (оқушыға) ғана белгілі болады. Демек, есімдіктердің дәлді мағыналары бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты анықталады. Мысалы: мен жаратпаған атшыға қарап едім, ол «тек отыр» дегендей басын шайқап, ернін тістей қойды (С. Көбеев) деген мысалды алсақ, сөйлемдегі ол деген сөздің дәл кім екенін бірінші сөйлемдегі атшы деген сөзден аңғарамыз. Сол сияқты, кімді айтса, сол келеді деген мақалдағы кімді, сол деген есімдіктердің де кімді нақтылы білдіріп тұрғанын, яғни дәлді мағыналарын бұрынғы сөйлемде аталған адамға қарап барып аңғарамыз. Шынында, ол, мен деген есімдіктерді алсақ, әркім я әр адам ол да, мен де бола алады.
Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар (есімдіктер) қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т. б. ) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мысал үшін сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім, не, қай сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Сонда сен, ол кім? Не? Есімдіктері заттық ұғымды білдіретін сөздердің, бұл, сол, қай? Есімдіктері белгі атауларыны болып шығады. Осындай екі жік сөздерді, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары - субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білідретін сөздердің орынбасарлары - аттрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге ұқсастықтар болғанымен, өздеріне тән ерекшедіктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды.
Есімдіктердің бәріне ортақ, тән деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналары екі жікке бөлінуімен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тіліндегі есімдіктердің, есімдіктердің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат алу және есімдіктердің мағыналық топтарының пайда болуы тарихын жан-жақты зерттеп, терең меңгеру, мектепте оқыту әдіс-тәсілдерін үйрену.
Курстық жұмыстың міндеттері: жоғарыда көрсетілген курстық жұмыстың мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды
- Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихын зерттеу
- Есімдіктің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірін қарастыру
- Есімдіктердің мағыналық топтарының пайда болу тарихын зерттеу
- Жоғары сыныптарға есімдікті оқыту әдістерін талдау
- Есімдіктердің мағыналық топтарын қарастыру
- Жіктеу есімдігін қарастыру
- Сілтеу есімдігін қарастыру
- Сұрау есімдігін қарастыру
- Өздік есімдігін қарастыру
- Жалпылау есімдігін қарастыру
- Белгісіздік есімдігін қарастыру
- Болымсыздық есімдігін қарастыру
Тақырыптың өзектілігі: Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, санын, сынын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ олардың орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде меңзеу арқылы білдіреді. Есімдіктер өзінің құрамдық ерекшеліктерінің айрықша көзге түсуі негізінде ғалымдар зейінін ерте кезден ақ өзіне тартқан. Сондықтан есімдіктерге тән жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды зерттеуге, олардың тарихы мен қалыптасу жүйесін анықтауға арналған еңбектердің саны аз емес. Еңбектердің бәрінде де жеке авторлардың есімдіктердің тарихы және олардың қалыптасу жүйесі т. б мәселелер жайында айтқан өзіндік пікірлер көп.
Курстық жұмысының құрылымы: курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде курстық жұмысының тақырыбын таңдау себебін, оны жазудағы мақсат-міндеттер, сөз етіледі. Бірінші бөлімді есімдіктердің пайда болу тарихы, екінші бөлімде есімдіктердің мағыналық топтары туралы, ал үшінші бөлімінде бүгінгі таңда жоғары сыныптарда қазақ тілі сабақтарында есімдікті оқытуда пайдаланылатын әдіс-тәсілдер тақырыбында баяндалады. Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстар нәтижелеріне негіздей отырып, есімдікті меңгертудің ең тиімді әдіс-тәсілдері тұжырымдалады.
І. Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы.
1. 1. Есімдіктердің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірі.
Қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзқарас болды. Ғалымдардың біразы есімдікті есім сөздермен бірге қарау керек десе, кейбір ғалымдар есімдік өз алдына жеке сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте қарау керек дейтін пікір ұстанушы ғалымдардан А. А. Шахматов, А. М. Пешковский, А. Н. Гвоздевті атауға болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзқарасты дәлелдеушілер: В. В. Виноградов, Е. Н. Сидоренко т. б.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, А. Ибатов, А. Төлеуов еңбектерінен орын алған. Аталған ғалымдардың қай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А. Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: «Есімдік дегеніміз есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер» [7, 226] . Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті мағыналық жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) танықтық есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да қазіргіден басқаша. Сондай-ақ ғалым «жіктеу есімдігі» деген атауды екі рет қолданып, біріншісіне қазіргі мен, сен, (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген қазір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.
Профессор Қ. Жұбанов есімдікке: «Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз» - деген анықтама береді [16, 236] . Қ. Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жатқызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), өйтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т. т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен басқа сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.
А. Ысқақов есімдіктер: «заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары» - деп сипаттайды [63, 209] .
Ғалым Ә. Төлеуов: «Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады» - деп, орынбасарлық қызметті есімдіктің белгілі бір топтарына ғана жатқызады.
Есімдіктерді арнайы зерттеген - ғалым А. Ибатов. Ғалым А. Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлғасын, олардың мағыналық топтарын жеке-жеке сөз етеді. Ғалым: «Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де сөз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді» -деп, « . . . оларға 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер» - деген түсінік береді [22, 3-8] .
Есімдіктердің өзіндік тарихи дамуы бар, өйткені есімдіктер көне сөздер сапынан орын алады. Бұл туралы А. Ибатов: «Есімдіктердің өте ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың мағыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте көне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді» - дейді [23, 8] .
Сұрау есімдіктерін зерттеген ғалым - Б. Омарова. Ғалым сұрау есімдіктерін арнайы зерттеу нысаны етіп, жалпы сұрау қоюдың заңдылықтар мен ерекшеліктерін, сұрау есімдіктерінің грамматикалық сипатын анықтаған. Ғалым Б. Омарова есімдіктердің нақты мағынасы болмайтыны туралы қағиданы шартты деп түсіну керектігін айта келіп, былай дейді: «Олай дейтін себебіміз есімдіктердің семантикалық тұлғасын контекске ғана қатысты деп кесіп айтудың қисыны жоқ. Өйткені есімдіктер тілімізде жеке дара сөз табы болғандықтан, ол жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналық бөлшектерді танытады деп білеміз. Мысалы, мен, ол, кім, не, әлдекім есімдіктері заттық ұғымды көрсетсе, қандай, әлдеқандай, әрқашан есімдіктерінде сапалық мән бой көрсетеді» [43, 10] . Шынында, есімдіктердің жалпылама, абстракт мағынасы контекст ыңғайында нақтылана түседі, алайда сөз табы ретіндегі «жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналық бөлшектерді» білдіретіндігі де шындыққа жақын.
Есімдіктер зерттелген сөз таптарының қатарына жатады. Дегенмен есімдіктердің әр мағыналық тобының жеке зерттеуді қажет ететін тұстары баршылық.
1. 2. Есімдіктердің мағыналық топтарының пайда болу тарихы
Есімдік - лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды.
Есімдік саны жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны, бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарынан кем емес екені. Есімдік есімдер тобына жатқанымен, олардың ешбірінің нақтылы мағынасын (заттың атын, сындық белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде білдірмейтіні. Есімдіктің бұл ерекшелігі сөздің сөйлемде қайталану қажеттілігінен құтқаратыны. Есімдіктердің түрленуі, оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, есімдікке ғана тән сөз түрлендіруші қосымша, категория жоқ екендігі.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздөр деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1) жіктеу есімдігі;
2) сілтеу есімдігі;
3) сұрау есімдігі;
4) өздік есімдігі;
5) жалпылау есімдігі;
6) болымсыздык есімдігі; .
7) белгісіздік есімдігі.
ІІ. Есімдіктердің мағыналық топтарының ерекшеліктері
Есімдіктерді тануда ғалымдар арасында бірқатар пікірталастар да кездеседі. Рылов Ю. А. оны грамматикалық категорияға жатқызса, Крушельницкая К. Г. коммуникативті-синтаксистік категорияға, Алехина М. И. контекстуалды категорияға жатқызса, Ревзин И. И. оны «жасырын синтаксистік категория» деп атайды. Тілдік семантикаға деген қызығушылықтың артуы, ғылымдардың байланысы тілді де тұтас жүйе ретінде қарастырып, есімдіктер мәндерін сан қырлы сипатын анықтауға жол ашып отыр. Есімдіктер мәні жағдаят сипатымен тығыз байланысты. Мұнда сөйлеуші позициясына ерекше мән беріледі, себебі оның нысанға қатысы, тыңдаушыға әсері т. б. байланысты сөйленістің белгілілік деңгейі анықталады. Есімдіктер мәндерінің жиынтығы тілдік бірліктердің көптүрлілігімен ерекшеленеді.
Қазақ тіліндегі есімдіктердің құрылымы өте күрделі. Ол имплицитті (морфологиялық, синтаксистік, лексикалық құралдар арқылы) және эксплицитті түрде көрініс табады. Тіл фактілерін функционалдық тұрғыдан қарастырғанда ғана тілдің түрлі деңгейлеріндегі құралдарды бір категория (белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы) шеңберінде сөз етуге болады.
Есімдіктер категориясын референтті категория ретінде қарастыру есімдердің мәніне ғана емес, тілдік емес нысандарға, сөйленіс пресуппозициясына, тілдік және тілдік емес контекстерге, сөйлеуші мен тыңдаушының орнына, олардың аялық білімдеріне назар аударуды қажет етеді. Есімдіктер категориясының логика-семантикалық және прагматикалық сипатын тексеру есімдіктер сияқты инвариантты мәнді анықтауға да мүмкіндік береді. Белгілілік мәні анафора, дейксис немесе сөйлесушілердің аялық білімінің нәтижесінде туындауы да мүмкін.
Түркі тіл білімінде есімдіктер туралы алғаш пікір А. Казембектің грамматикасында, «Алтай тілі грамматикасында» да зерттеушілер белгілілік/белгісіздік категориясын табыс септігі мен ілік септіктерінің ашық не жасырын келуімен байланыстырады. Мысалы, А. Казембек: «Винительный падеж заменяется именительным в том случае, если предмет действия не определен и не стоит непосредственно перед глаголом» [1, 81-82] . Зерттеушінің бұл ойын кейін «Алтай тілі грамматикасында» сабақтастық табады: «Винительный падеж употребляется с приставкой, когда им обозначается предмет определенный, а без приставки - когда предмет неопределенный» [2, 142] . Алайда авторлар белгілілік/белгісіздік категориясының көрсеткіштері алмаса беретінін, бірінің орнына бірі қолданылуы мүмкін екенін де айтады. Бұл пікірді П. М. Мелиоранский де қолдайды, ғалым септік жалғауларының ашық не жасырын келуін сөйлеушінің көзқарасымен байланыстырады: «Употребление оформленного винительного падежа весьма часто зависит от личного взгляда говорящего и пишущего» [3] . Н. Ф. Катанов табыс септігінің түсірілмей, ашық келуін сөзге логикалық екпіннің түсуімен де байланыстырады: «Винительный падеж оформленный, т. е. с полным окончанием, употребляется вообще тогда, когда речь идет о предмете определенно явно, и мысленно, когда говорящий, желая обратить на него внимание слушающего, ставит на нем в речи ударение».
2. 1. Жіктеу есімдіктері
Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:
І
II
сыпайы
III
Мен
сен
сіз
ол
біз, біздер
сендер,
сіздер
олар
Бірінші жақ- айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ - тыңдаушы жақ. Бұлар - адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сүраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол - адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні) . Ол (кім?) - оқыған азамат. Ол (не?) - биік тау т. б.
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер - жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.
сен
се-нің
Ол
о-ның
біз
біз-дің
сіз
сіздің дің
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
ма-ған
ме-ні
мен-де
ме-нен
мені-мен
са-ған
се-ні
сен-де
се-нен
сені-мен
о-ған
о-ны
о-нда
о-дан
оны-мен\
біз-ге
біз-ді
біз-де
біз-ден
біз-бен
сіз-ге
сіз-ді
сіз-де
сіз-ден
сіз-бен
А.
I.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
сендер
сендер-дің
сендер-ге
сендер-ді
сендер-де
сендер-ден
сендер-мен
Сіздер
сіздер-дің
сіздер-ге
сіздер-ді
сіздер-де
сіздер-ден
сіздер-мен
олар
олар-дың
олар-ға
олар-ды
олар-да
олар-дан
олар-мен
Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс} шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -‘ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жактың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі .
І
ІІ
ІІІ
-
-
сен-сің, сіз-сіз
сендер-сіңдер
сіздер-сіздер
-
-
-
олар, ол
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz