Кәсіпорынның тауарлық стратегиясын құру жолдары


Кіріспе ..3

I Бөлім. Кәсіпорынның тауарлық стратегиясын құру жолдары ..4
1.1 Тауарлық стратегияны жоспарлау ..4
1.2 Тауар стартегиясының шетелдік тәжіребесі ..7
1.3 Рынок сыйымдылығы және тауар көлемін өткізуін жоспарлау 13

ІІ тарау. “Рахат” АҚ кәсіпорынның тауарлық стратегиясы ... ... ... ... ... ... .14
2.1. “Рахат” АҚ өндірстік жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. “Рахат” АҚ маркетинг жұмысын талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 “Рахат” АҚ тауар өндірісін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұсқалар ... ..26



Қорытынды 30
Пайданылған әдебиеттер тізімі 32
Курстық жұмыстың өзектілігі.Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Қазақстанда тауар ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақмүлікақсылық мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері тауар ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда тауар сөзі ерекше мәңге ие.
1. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.ӘлімбетовКәсіпорын экономикасыАлматы, «Экономика»,2003.
2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова, У.А.ЖанайдаровЭкономикалық теория
Астана,2002.
3. Экономикалық теорияАлматы, «Санат»,2005
4. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.ҚұдайбергеновЭкономикалық теория
Алматы, «Экономика»,2003
5. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенғалиева, М.Ә.ТілеужановаМикроэкономика
Алматы, «Экономика»,2010
6. Қ.Р.НұрғалиевҚазақстан экономикасыАлматы, «Қазақ университеті»,2009
7. Бабич Т.Н, Кузьбожев Э.Н, Планирование на предприятия, уч.пос. 2009 ж
8. Морозова Ю.П, Планирование на предприятия, Под. ред М ЮНИТИ 2007 ж
9. Бурлибаева Д.Я, Формирование производственной программы предприятия в условиях рыночной экономике, Автореферат 2011 ж
10. Дюсембаев К.Ш Анализ финансового положения предприятия, Алматы, 1998 ж 282 бет
11. Савицкая Г.В Анализ хозяйственной деятельности предприятия Минск, 2003 ж, 360 - 369 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Көлемі: 29 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 2000 теңге




Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім. Кәсіпорынның тауарлық стратегиясын құру жолдары ... ... ... ... ... ..4
1.1 Тауарлық стратегияны жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Тауар стартегиясының шетелдік тәжіребесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Рынок сыйымдылығы және тауар көлемін өткізуін жоспарлау ... ... ... ... ... ..13
ІІ тарау. “Рахат” АҚ кәсіпорынның тауарлық стратегиясы ... ... ... ... ... ... .14
2.1. “Рахат” АҚ өндірстік жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. “Рахат” АҚ маркетинг жұмысын талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 “Рахат” АҚ тауар өндірісін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұсқалар ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықты жинақты зерттеу ереже
бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану,
тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену,
пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Тауар - нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір
жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.
Қазақстанда тауар ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік
тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ мүлік ақсылық
мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне
ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері тауар ұғымын басқаша
айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі
мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады.
Экономикалық теорияда тауар сөзі ерекше мәңге ие.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына
жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен
шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы
арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал
болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді
жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару
қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу,
ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Курстық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тауарлық
стратегиясын құруын қалыптасу және дамуын жан-жақты зерттеу
табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- кәсіпорынның тауарлық стратегиясын құру жолдарын талдау;
- тауарлық стратегияны жоспарлау;
- тауар стартегиясының шетелдік тәжіребесіне шолу жасау;
- рынок сыйымдылығы және тауар көлемін өткізуін жоспарлау;
- Саяхат туристік фирмасының қаржылық-экономикалық жағдайын
талдау;
- туристік инфрақұрылымның жетілдіру жолдарын зерттеу.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдылық
құжаттары, ғылыми мақалалар мен оқулықтар интернет сайттарының және
кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының
мағлұматтары, отандық және шетелдік ғалым экономистерінің еңбектері, үкімет
бекіткен бағдарламалар мен қаулылар, Қазақстан Республикасының статистика
жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылды.

I Бөлім. Кәсіпорынның тауарлық стратегиясын құру жолдары
1.1 Тауарлық стратегияны жоспарлау
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді.
Стратегия гректің – генерал өнері деген сөзінен шыққан. Стратегия
термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен,
қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына
жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен
шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы
арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал
болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді
жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару
қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу,
ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды,
және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық
деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның
болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен
негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа,
рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан а қпаратты ұдайы
жинауы, әрі талдауы тиіс.
Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін
білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын
сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды
жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Сурет 1 - Стратегиялық жоспарлау моделі
Ұйым
міндеті

Ұйым
мақсат
ы

Стратег
ияны
бағалау

Стратег
ияны
жүзеге
асыру

Сыртқы
ортаны
бағалау және
талдау
Стратегияны
таңдау

Күшті және
әлсіз жақтарды
басқарушының
тексертуі

Стратегиялық
баламаны
таңдау

Схемада ең елеулі басқару функциялары келтірілген сол арқылы жоспарлар
жүзеге асырылады
Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып
табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алу ға
байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың
бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда ( ұйымдастыру, кадрлармен
жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен,
басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және
басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін
бақылайды.
Жоспарлау ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары
енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс ж әне
сатып алу
секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады:
- жалпы мақсатты ойластыру;
- белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған на қтылы
мақсатты айқындау;
- оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
- жоспарлы көрметкіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы
қойылған мақсатқа жетуді бақылау.
Ірі бағдарламаны шешкен кезде, кезеңдері мен жоспарлануы біршама
ауқымды блады. Мәселен, жоспралаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:
- бар мүмкіндікті бағалау;
- басты міндет немесе мақсат;
- жоспарлы ұсыныстар;
- баламалар (альтернативтер);
- баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;
- баламаларды таңдау;
- қосалқы жоспарлауды тұжырымдау;
- жоспарды цифр түрінде көрсету.
Жоспарлау
әрқашанда бұрынғы
деректерге
сүйенеді,
алайда
кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады.
Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштерді ң
дәлдігіне тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік д әл есепсіз
және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі
айқын.
Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып
саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл а қпаратты
мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық
дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды
жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі
болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым
оңайырақ
болады. Дегенмен, ірі

кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір
факторлар едәуір айқынырақ болады.
Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономиклық кейбір
жағдайлары, мәселен
экономикалық
дағдарыстарды, ереуілдерді, т.б.
жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжауды ң
мүмкін болмайтындығы секілді, тұтастай рынок туралы, бірінші кезекте,
бәсекелестер қызметіне тиісті маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін
емес.
Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге
сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толы қ
болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір деректер
жетіпейтіндіктен, жоспарлау сатысы көбіесе қызметкерлердің өз ісін
қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.
Осыған орай, жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толы қ
пайдалануы, сонымен қоса жоспар жасағанд а өзгеріс енгізетіндігі
ойластырылуы, ал жоспардың өзі жоспардың өзгеруіне қарай үйлестіріліп
отыруы тиіс. Сондықтан да, жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервті ң
көп болуы жоспардың көптігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер
жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткітерін ақтық
басшының билігінде, оның орындалуын үйлестіру мен бақылау да соны ң
игілігінде.
Демек, кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан түрлі
саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспардан
тұрады (2- суретті қараңыз).
Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын
қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағыда атап
көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады.
Жоспардың екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты
бағыттары бойынша жоспар жасау. Ода жекелеген міндеттер қойылып,
ақша, сондай – ақ сандық көрсеткіштері айқындалады. Мұнда жоспарлау
кезінде осал орындар, басқаша айтқанда, кәсіпорын қызметінің маневрлігін,
демек істің даму мүмкіндігін шектейтін салалар қатыстырылмауы тиіс.
Батыста соңғы жылдары әдетте осал орынға өткізу, қаржылар немесе
жұмысшы күштері жатады.
Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (акив пен
пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі,
өйткені мұндайда негізгі бғыт өтімділігі – кәсіпорынның төлем қабілетін
сақтау болып саналады. Әдетте, жеклеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер
бойынша жасалады, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша
көрсеткіштерін есептейді.

1.2 Тауар стартегиясының шетелдік тәжіребесі
Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар
қойды: Компанияның ұзақ мерзімдік мақсаты қандай?, Компания орта
өзгерісіне қалайша бейімделеді?, Жұмыскерлерді қалайша тиімді
пайдалануға болады?.
Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға
болады:
1.Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы
фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы
әдістермен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның
өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.
2. Тәуекел стратегиясы. Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз ж әнеде
олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал
етеміз.
3. Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы а қша,
тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.
Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі
көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
4. Стратегия әсерлілігі фирмаға тамаша жұмыс қабілетін сақтауға
мүмкіндік береді. Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару шешімдерін
қабылдай білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда жапондықтар ең
тиімді шешім қабылдайтындарға жатады. Американдық немесе европалы қ
шешім қабылдаудан, жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі – мұнда
шешім қабылдау дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.
5. Машықтанған мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым адамдарға
әдеттен тыс жұмыстарды орындауына ықпал ету.
Менеджмент тиімділігінің және машықтанған мамандар стратегиясы
тиімділігінің басты мақсаты – мақсат айқындалғаннан оның өлшем әдісі мен
ақы төлеу әдісі белгілегеннен кейін фирманың әрбір қызметшісінің дербес
әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс істейтін машы қтан ған
қызметшілер құрамының болуын қамтамасыз ету.
6. Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше қарапайым
қалпында сақтау, төрешілдікке жол бермеу. Басқару құрылысын оңайлату.
7. Сапа стратагиясы. 50 жылдары проффессор Деминг американдық
бақылау саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына
үйретті. Осы жылдары жапондық менеджерлер, өз кезегінде, басқару
амалдарын орташа және төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын
әуелі фирмадағы барлық деңгейдегі қызметшілерге үйретті.
8. Адалдық және берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің
қойылған мақсатты түсінуіне және өз еркіме жүзеге асырылуына ж әрдемдесу,
әрі қызметкерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап ету.

9. Ынтымақтасу стратегиясы – барлық қызметшілердің шешім қабылдауға
қатысуы.
Жапонияда еңбек өнімділігін арттыру үшін, бірлесіп әрекет ету мен
бәсекелестікті тиімді пайдаланады. Компаниялардың өзара бәсекелесін,
әлемдік рынокқа шығуы көтермелеп отырады, ал компания ішіндегі
бәсекелестікке жол берілмейді.
1.3 Рынок сыйымдылығы және тауар көлемін өткізуін жоспарлау
Батыс кәсіпорындары қызметінің осал тұстары, сату саласы болып
саналады, сондықтан да кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі
салаларында рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау негізгі роль
атқарады.
Кез-келген қаржы жоспарының ақтық бағасы өнімді сату көлемінің
мүмкіндігін болжалдауға немесе өткізуден түскен пайда к өлемін болжалдау ға
байланысты. Сол себепте де рынок сыйымдылығы мен өткізу к өлемін
болжалдау маркетингте және өткізу ісінде айрықша роль атқарып қоймай,
басқа да іс-әрекет бағытында шешуші фактор болып саналады. М әселен,
өндірісте - өндірістік қуат ауқымын жоспарлағанда, жабдықтауда – шикізат
қажетін, ал қаржы саласында – ақша айналымы мен к үрделі қаржыны
жоспарлағанда болжалдау ерекше қажет.
Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт
мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:
- қысқа мерзімдік: өнімнің әр түрін өткізу (көлемі және құны),
географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер
бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;
- орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы өткізу,
бағалар, жалпы
экономикалық
жағдай, рынокқа тауар
жеткізілуіні ң
ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу;
- ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы к өлемі,
рынок орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктағы
бұрынға өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері, т.б.
Болжалдаған кезе, тек қысқа мерзімді ғана емес, сондай ақ орташа ж әне
ұзақ мерзімді бағалау ма болжалдауды ескеру керек. Соңғы екі уа қыт
мүмкіндігіне жататын факторлар ішінара болуы мүмкін, алайда олар қыс қа
мерзімдік болжалдауға елеулі ықпал етеді (м әселен, технологияны ң өзгеруі,
кез келген артық материалдардың қолайлылығы, т.б.).
Рынок сыйымдылығы, өткізу көлемі мен бюджет аралықтарындағы
байланыстарды үш түрлі тәсілмен анықтауға болады:
- рынок пен өткізу болжамы дегеніміз, нақты тауар мен қызметті ң
заттай түрінде болашақта өткізілуі (өткізудің сандық көрсеткіштің болжамы)
және нақты, әрі потенциалды клиенттердің белгілі бір уақыт аралы ғында
(қысқа, орташа және ұзақ мерзімде) тауарды өткізуден түскен пайда
құнының болжамы;

- бюджет дегеніміз, табыстардың, шығындардың және белгілі бір уа қыт
кезеңінде сатылған өнім санының болжамы (мүмкіндігі) туралы қаржы
құжаты (документ);
- рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемінің болжамы сол уақытта
бюджет болады, егер оны компаниядағы жалпы қызметке жауаптылар қарап,
бекітетін болса.
Жоспар жасаудың алғашқы қадамы бастапқы ақпарат жинау болып
саналады, өйткені мұның өзі рынок туралы толық мағлұмат береді.
1-схема. Кәсіпорындарда жоспарлаудың құрылымдық схемасы

Ұзақ мерзімді жоспарла
(Ұзақ мерзімді жоспарлау функциялары: ұйымдық құрылым, өндіріс қуаттары, бөліген күрделі қар

Қысқа мерзімді жоспа
Тауар айналымының қоры
Шикізат жоспары Өндрістік жоспар

Еңбек жос

Шығын сме

Жарнамалар жоспары

Баланстар мен қаржылардың ұзақ ме
Табыс жоспары
Негізгі

Пайданы жүзеге асыру жо

Қосалқы

Төлем мерзімі ескерілгенде
Күрделі
Кредит жоспары

Қысқа мерзімді қаржы жоспары (табыстар)
Тұрақты қаржы байланысы

Өткен жылдардағы айналымды талдау әдетте кесте түрінде беріледі де,
мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды. Кестеде мыналар көрсетілуі тиіс:
1. сату айналымы (саны);
2. сату құны (айналымы);
3. сату бағасы (өз өнімдері, бәсеке өнімдері);
4. өз өнімдерінің өткізу болжамы;
5. өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көрсеткіштердің
арасындағы ауытқулар.
Әр ай сайынғы көрсеткіштерді осылайша мұқият талдау және барлық
ауытқу түрлерін мұқият қарастыру мүмкіндіктері өткізудің болашақтағы
деректерін болжауға ықпал етеді. Өткізу статистикасы мынадай өзгерістер
бойынша айқындалады:
1. тауарлар және тауар топтары;
2. сауда есебі, және өкілдіктер (сатушылар) есебі;
3. сатып алушылар тобы;
4. тапсырыс (заказ) саны мен жиілігі;
5. сату жиілігі.
Тауарларды тобы бойынша айыру өте қажетті, өйткені сауда бағдарламасы
көбінесе едәуір ауқымды. Оның үстіне тауарлардың кейбір түрлеріне
сыртқы жағдайдың әр түрлі әсері ықпал етеді.
Сауда аудандары және аудан өкілдіктері бойынша айыру жекелеген
аудандарда тауарлардың өткізілуінің дамуын көрсетуге, сауда қызметкерлерінің
арасындағы өзара байланысты жарнамаларды және жарнама құралдарының
тиімділігін талдауға, сондай ақ сатушылардың жалақы де ңгейін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Барлық 5 пункт бойынша өткізудің жүйесі деректері өткізуді ң деректері
мен мазмұны туралы мағлұмат береді. Тұтастацй алғанда фирма ішіндегі
деректер өткізу жолдарын көрсетуге, әрі оған жұмсалатын шығындарды
белгілеуге мүмкінді береді
Рынок туралы деректерді алу өте қажет, өйткені бұрынғы өткізу
қызметінің көрсеткіштері болашақта өткізілуге тиісті тауарларды бағалау ға
мүмкіндік бере қоймайды. Тек айналым көлемі мен рынок факторларыны ң
әрекеті арасындағы ара қатынасты талдау, оның болашақта дамуын нақты
бағалауға мүмкіндік береді.
Батыс кәсіпорындарында мынадай көрсеткіштер талданады:
1. аудандарға және жас топтарына бөлінген тұрғын халы қ саныны ң
динамикасы. Мұндай
мәлімет
халық тұтанатын тауарларды сатуда
ұйымдастыруда айрықша маңызы бар;
2. әр жан басына есептегенде тауар тұтынылуы. Мұндай деректерді
талдау тұтынушылардың талғам тілегіндегі өзгерістерді анықтауға м үмкіндік
береді;
3. халық (сатып алушылар) табысының динамикасы. Мұндай м әлімет
шығынның бір түрінен екінші түріне ауысуын көрсетеді;
4. сатып алу қабілетінің динамикасы;

5. рыноктағы барлық салыстырмалы тауарларға тұтастай сұраныс
динамикасы. Мұндай деректерді нақты өнеркәсіптік саладағы өндірістік
қуаттың пайдалану статистикасы бойынша алуға болады. Осындай талдау
өзара алмасытырылатын тауарлардың пайдалануының ауысу мүмкіндігін
көрсетеді;
6. бәсекелестердің өндірстік қуатының немесе нақты салада ж ұмыс
істейтіндер санының өзгеру динамикасы.
1-3 пунктер бойынша қандай мәліметтердің алғанына қарай, кәсіпорын
өзінің өндірістік бағдарламасын өзгертеді.
4-6 пунткегі деректерді талдау, тауарларды 3-тпқа бөлуге м үмкіндк
береді:
- өскелең сұранысқа ие тауарлар;
- бейтарап тауарлар;
- сұранысы кеміген тауарлар;
Рынок бойынша деректерді тұтастай талдау, оларды фирма ішіндегі
деректермен салстыру, рынок динамикасы мен кәсіпорын меншігіндегі
динамика аралығында қалыптасқан пропорцияны бейнелейді.
Жарнаманы жоспарлау товарды өткізу жоспарымен бірге жасалады да,
мұнда рынокты зерттеу нәтижесі және бәсекелестер қабылдаған шаралар
ескеріледі. Өнімді өткізуде жарнаманың тиімділігін дәл анықтау еш қашанда
мүмкін болмайтындықтан, кәсіпорын жарнама құралдарын пайдаланған
кезде қалауынша еркін әрекет ете алады.
Дегенмен, жарнама бюджетін анықтауда мынандай тәсілдер анықталады:
1.айналым процессін анықтау;
2. бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау;
3. өзінде жұмсалған жарнама қаржыларын бағалау.
Әдетте бірінші және үшінші тәсілдермен жарнама құралдарының жалпы
сомасы, ал екіншісімен - бөлінісі анықталады. Жоспарлар резервтерді ескере
отырып жасалады.
Жарнама шараларының жоспарына жататыны:
1. күнделікті жарнама шараларын өткізу жоспары;
- жарнама құралдары бойынша;
- жекелеген шараларды өткізу уақыты бойынша;
2. көрмелер мен экспозициларға қатысу жоспары;
3. жарнама шараларының қорытынды жалпы жоспары, бұған резервтер
де жатады.
4. арнайы жарнама науқандарын өткізудің жеке жоспары.
Ірі американдық фирманың қожайыны жарнама бюджетін талқылаған
кезде былай деген көрінеді: осыған жұмсалған а қшаны ң жартысына жуы ғы
желге ұшқанын білемін, бірақ оның неге тектен – тек жұмсалғанын білмеймін.
Көп жағдайда мұы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Өткізу деңгейін сақтау, содан кейін арттыру үшін, жарнама шараларымен
бір мезетте кәсіпорын имиджін (мәртебесін) сақтау және жақсарту мақсатында
шаралар жоспарын қабылдау қажет. Мұның өзі өкілеттік шығындар ға
байланысты (журналистерді шақыру, қабылдау, газеттер мен журналдарға

хабарландырулар жіберу, т.б.). Осының барлығының қоғамдағы байлансы
қызметіне (паблик рилейшнс) тікелей қатысы бар.
Батыс рыноктары ауытқуын бағалағанда байқалатыны, фирмаларда ба ға
үнемі өсіп, тұрақтанған, коньюктурасы жоғарылаған сайын, олар жарнамаға
ақшаны аямай жұмсайды, ал тоқырау кезеңінде, үнемдей мақсатында
жарнама бюджетін әдетте қысқартады. Мұны циклды жарнама деп атайды.
Дұрысында төмен коньюктура кезеңінде жарнама қызметін жандандыруы,
яғни оны антициклы ету қажет еді.
1.2 Тауар өткізудің жоспары
Оның негізгі алынған деректерімен және болашақта өткізу болжамымен
қаланады. Тауар өткізуді әр айға және аптаға жоспарланады. Егер тауарларды
қайта бөлу тенденциясы байқалмаса, онда басты негіз ретінде тауарларды
уақытша қайта бөліп өткізуді пайдаланады. Мұндайда жлдық м өлшер
шамасын 100% етіп алады да, айлық айналымды жылдық айналымны ң б өлігі
ретінде есептейді.
Бұл жылдық жоспар өндіріс жоспарына ықпал етеді, өйткені өндіріс
процессі, әдетте, тауар өткізумен қатар жүреді. Дұрыстап бақылау үшін, тауар
өткізу жоспарын тауар өткізу статистикасымен жасайды.
Жоспарды
сандық
көрсеткіштермен
жасағаннан кейін, құндық
көрсеткіштердің есебін жүзеге асырады, мұндайда әдетте орташа бағаға
сүйенеді.
Содан кейін өнімнің жекелеген түрлері, тауар өткізу аудандары мен
сатып алушылар тобы бойынша өткізу шығындарының жоспары жасалады.
Осыдан кейін, өндіріс құны мен сату бағасының ең төменгі деңгейі
бойынша жоспарлы пайданы анықтайды. Мұнда ең көп жеңілдікті ж әне
төлем жағдайын анықтау керек.
Осы жоспарларға сәйкес жоспарлы тапсырмалар мен барлы қ сатушылар
үшін қосымша нұсқаулар жасалады.
Сонымен, тауар өткізу жоспары қалған барлық жоспарларды жасауды ң
негізі болып саналады және де әрдайым бұған мыналар енеді:
- мөлшерлік (сандық) жоспар;
- құн жоспары;
- жеңілдіктер, мерзімдер және төлем жағдайлары туралы нұсқаулар.
Пайдаы жоспарлаудың алуан түрлі тәсілдері болады, соның төртеуі
неғұрлым кең тараған.
1. Тиімділікті болжалдау. Жұмсалған капиталдың тиімділігін есептеу
үшін айналым капиталы шамасы мен жұмсалған капиталды ң т үскен пайда
мөлшерінің (%) мәнін табады. Мұнда мынадай формуланы пайдаланады:
Айналым қаржысы + күрделі қаржы-жұмсалған капитал;
айналым _ каржысы
капиталдын _ айналымдык _ коэфициент i
жумсалган _ капитал

капитал _ айналымы
пайда _ коэфициент i
озiндiк _ кун
пайда
тиiмдiлiк _ коэфициент i
айналым

айналым
пайда

капитал _ тиiмдiлiгi
жумсалган _ капитал айналым

АҚШ-та формула кеңінен, тіпті өнімнің жекелеген түрлері бойынша да
қолданылады.
2. Тиімділік лимитін талдау. Бұл тәсіл график арқылы жоспарлы
пайданы, әрі капитал айналымы кезінде шығын амасының ауытқуы бойынша
кәсіпорынның икемділігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұл талдауда өлі нүкте (шығынды жабу үшін е ң аз йналым) ме
жоспарланған айналымның арасындағы қабыспаушылықтың зор м әні бар.
Тек осының өзі ғана капитал айналымын жоспарлағанда к әсіпорынны ң
еркін әрекет етуін көрсетедеі.
3. Өтімділікті жабуды талдау (тиімділікті талдау варианты). Өндіріс
шығындарын
осы
тұрғыдан
қарастырғанда
кәсіпорындар
ақша
жұмсайтындарға бөлінеді, бұған қатысты, мәселен, амортизация ығандары
да жатады. Ақша жұмсауға сәйкес келетін құн қитсық сызы ғы н үктесіні ң,
айналым қисық сызығы нүктесімен қиылысуы, өтімділікті сақтау үшін
айналымның ең аз шамасын көрсетеді.
4. Аз айналымды регрессивтік бөлу. Аталған тәсілмен капитал
айналымының айлық өзгерісі жоспарлы пайданың мөлшеріне қандай шамада
ықпал ететіндігін бақылауға мүмкіндік береді.

ІІ тарау. “Рахат” АҚ кәсіпорынның
тауарлық стратегиясы
2.1. “Рахат” АҚ өндірстік жағдайын талдау
Акционерлік Қоғам “Рахат” бұрынғы кондитер кәсіпорыны ретінде
Алматыда құрылған. Осы кондитерлік өнімдері ең алғашқы өндірісі соғыс
кезінде Харковтан Москва қаласына көшірілген ликер зауытының құралдары
мен сол зауыттың алаңдарында болған. 1958 жылы жаңа корпус салу мен бірге
ең алғашқы ірі реконструкциясы болды. Одан кейінгі ірі реконструкция 19781979 жылдар аралығында болып өткен. Сонымен қатар административтітұрмыстық корпус салды.
Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіздік жариялауымен бірге 1991
жылы егемендік алып, нарықтық экономикаға көшіп, көптеген салаларға өзгеріс
жасады. Ал 1992 жылы кәсіпорын меншік түрін өзгертумен айналсып,со ңғы
негізінде еңбек коллективімен кәсіпорын жекелешендіру жүргізіп акционерлік
қоғам құрылды. Кәсіпорын басшылығы акционерлер кеңесімен жүреді, ол оның
құрамына жұмысшылар мен кәсіпорын қызметкерлері кіреді.
Ал 1994-95 жылдары кәсіпорын мүлдем жаңа және жаңартылған құралдар
мен техникалық қайта жабдықтау жүргізілді. Кәсіпорын орналасқан өндіріс
көлемі 5,3 гектардан турады. Ал 1996 жылы мемлекет экономикалық реттеитін
заңдылық жұйеде көптеген алға жылжулар басталып, кәсіпорынның жұмысына
жақсы әсерін тигізді. Сонымен қатар,кәсіпорын ішінде де антикризистық
шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1996 жылдың алғашқы айларындақсату көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2.5 есе өсті. Кәсіпорын
қызметінң негізгі түрі кондитерлік өнімдер өндіру және оларды сату болып
табылады.
Кәсіпорын атмосфераны ластауға қарсы әрекет жасайды және қоқыс (шаң)
тастаудың берілген шектік нормасынан аспайды.
“Рахат” акционерлік қоғамдағы жабдықтың бекітілген қуаттылығы 32,2
тонналық өндірістік максимал көлеміне жетіп 2014 жылы 22 мың тонаға жуық
кондитерлік тағамдар өндірілген.
Кәсіпорында 2000- нан астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде 300-ден аса
мамандар мен инженер-техникалық жұмыскерлер істейді. өндірістің бір талай
құлдырауына қарамастан, оны дамыту бойынша мәселерді шашу ға қабілетті
еңбек жұмысын сақтау үшін шаралар қолданды.
“Рахат”Акционерлік Қоғам кондитерлік тағамдарын шамамен барлық
түрлерін шығарады. Сонымен қатар дәстүрлі тағам - тәттілер шығарады.
Шоколад, Карамел Печенье, Вафли, Мармелад, Зефир (тәтті- қа қ), Ирис,
Драже. мұнда жартылай фабрикаттар барлығы 200-ден аса атауға ие. Қазіргі
кезде кәсіпорынның алты цехы жұмыс істейді. мысалы: бисквит, корамель,
ирис, шоколад кәмпиттер, зефир, драже цехтері бар. қоймадағы дайын өнімдер
екі күннен артық жатпайды. Өзінің өнімінің тең жартысын Алматы қаласы мен
Алматы Обылстарға өткізумен айналсады. 2005 жылдардың өзінде-ақ өнім
түрлері 7 обылысқа таратылған.

“Рахат”Акционерлік Қоғамдағы негізгі құралдардың құны ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның тауарлы-стратегиясын құру есебі
Кәсіпорынның тауарлық стратегиясы
Кәсіпорынның бәсекелестік стратегиясын қалыптастыру
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Фирма стратегиясын құру және оны жүзеге асыру
Кәсіпорынның бизнес жоспарын құру негіздері
Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Фирманың бәсекелестік стратегиясын қалыптастыру
Туристік кәсіпорындарда фирмалық стильді, тауарлық белгіні, брендингті, тауарлық марканы құрастыру
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь