Персоналды басқару жүйесі туралы
Кіріспе
I. Басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясы
1.1 Экономикалық әдістер
1.2 Әлеуметтік . психологиялық әдістер
ІІ. Кәсіпорынның басқару құрылымының теориялық негіздері
2.1 Кәсіпорынның басқару құрылымының түсінік және оның мәні
2.2 ҚР кәсіпорынның басқару құрылымының ерекшеліктері
ІІІ. Өндірістік кәсіпорында персоналды басқарудың теориялық әдістері
3.1. Персоналды басқару жүйесінің мәні, негізгі бағыттары, әдістері және персоналды жоспарлауды ұйымдастырудың негізгі аспектілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін республикакамыздың тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және жыл сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасында бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемелекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік- әміршіл басқару жүйесінен – пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

1. Х. Мескон. ,М. Альберт. , Ф. Хедоури. Основы менеджмента. М. 1992
2. Грейсон, О'Дейл. Американский менеджмент на пороге ХХ века. М. 1991.
3. М. Волков. Швеция - социально-экономическая модель. М. 1991.
4. Травин В.В. Основы кадрового менеджмента.- М.: Дело,1995.
5. Абрасимов И.Д. «Менеджмент как система управления», Москва,1991.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы - 1995г
7. Ахметова К.Ғ. “Менеджмент негіздері”. - Алматы, 1998 ж.
8. Бердалиев “Басқару негіздері” Алматы, 1997 ж.
9. Гершикова И.Н. “Менеджмент” - учебник – М., 1997г.
10. Кабушкин Н.И. “Основы менеджмента” – М., 1997г.
11. Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар - Алматы, 1999 ж.
12. Нарибаев К., Жұмабаев С. “Менеджмент” – Алматы, 1998ж.
13. Шекшня С.В. “Управление персоналом современной
организаций” - М., 1997г.
14. Закон о труде Республики Казахстан, 2000г.
15. Виханский О.С.Наумова А.И. “Менеджмент”. – М., 1994

Жоспар
Кіріспе
I. Басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясы
1.1 Экономикалық әдістер
1.2 Әлеуметтік - психологиялық әдістер
ІІ. Кәсіпорынның басқару құрылымының теориялық негіздері
2.1 Кәсіпорынның басқару құрылымының түсінік және оның мәні
2.2 ҚР кәсіпорынның басқару құрылымының ерекшеліктері
ІІІ. Өндірістік кәсіпорында персоналды басқарудың теориялық әдістері
3.1. Персоналды басқару жүйесінің мәні, негізгі бағыттары, әдістері және персоналды жоспарлауды ұйымдастырудың негізгі аспектілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін республикакамыздың тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және жыл сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасында бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемелекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік- әміршіл басқару жүйесінен - пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Басқару әдістері - басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жеклееген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіңдер:
oo мақсаттарды анықтаудың ережесі;
oo басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
oo Нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
oo Жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және т.б.
Осылайша, тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқару объектісіне ықпал етудің аяқталған актісін сипаттайды.
Жіктеудің жалпы тәсілдерінің бірі - бұл жалпы ғылыми және өзіндік ерекшелігі бар әдістерін олардың білім салаларында қолданылу критерий бойынша бөлу болып табылады.
Менеджмент әдістерінің арсеналын қалыптастыратын негізгі принциптерді бөліп көрсетуге болады. Оған жататыңдар: мәселені анықтаудың ғылыми негізделген тәсілдемесі; толық сипаттау принципі; әрбір мәселені шешудің әдістерін толық ұсыну және басқару әдістерінің арсеналын ақпаратпен қамтамасыз ету принципі.
Өндірісті басқарудың барлық процесінде әдістер жүйесі аса маңызды рөл ойнайды. Оның көмегімен объектінің нақты әлеуметтік-экономикалық дамуы және нарықтық экономиканың мақсаттары жүзеге асырылады. Нарықтық экономикаға көшу өндірістің басқару әдістерінің мазмұны мен сипатын түбегейлі өзгертуге әкеледі.
Басқару әдістерінің өндірістің нақты тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар белгілерін көруге болады. Оларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: басқару әдістерінің мазмұны мен классфикациясы және басқару әдістердің Қазпочта АҚ-да қолданылуы туралы мәселесін толық ашу.
Зерттеу нысаны ретінде қазіргі дамыған Қазпочта АҚ-ын көрсеттім.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясын, яғни
басқарудың экономикалық әдістері және басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерін қарастырдым.
Екінші тарауда, мен Казпочта АҚ-ның басқару әдістерінің қолданылуын туралы мәселесін толық аштым.
Үшінші тарауда, өзін-өзі басқаруды талқындадым.
I. Бөлім: Басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясы
1.1 Экономикалық әдістер
Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика жағдайында мынадай міндетті істерді орындайды: реттеуші, теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен импортының көлемі мен бағытында және басқа да экономикалық процестерде құрылымдық жылжулар реттеледі.
Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде экономикалық әдістердің ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының бірі - жекелеген қызмет салалары мен түрлерін саралау тәсілдемесі болып табылады. Бұл саралау ең алдымен экономикалық ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы бар салаларында, яғни басым салаларында қолданылуы керек, салық және процент мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімде және ұзақ мерзімді кредиттерде артықшылықтарға ие болу қажет.
Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың түпкі мақсаттарына қол жеткізу үшін микродеңгейдегі (кәсіпкерлердің әрекет ететін саласындағы) басқарудың экономикалық әдістер жүйесін әлеуметтік бағыттағы тиімді нарықтың талаптарына сәйкес орайластыру (ыңғайластыру қажет.
Басқарудың экономикалық әдістері - бұл адамдардың экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.
Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан өндірістің тиімділігін бастапқы буын деңгейіне дейін арттыра алатын әдістерді бөліп көрсетуге болады.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
экономикалық ынталандыру;
экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру;
баға және баға белгілеу;
фирмалардың қаржылық саясаты және т.б.
Экономикадық ынталандыру - жұмыскерлердің экономикалық мүдделерінде көрініс табатын өндірісті басқарудың әдісі. Оның негізін ЖҰӨ жалпы табысына қосқан үлесіне қарай өндірістік ұжымның және әрбір қатынасушының табыстарын қалыптастыру құрайды.
Экономикалық ынталандыру мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:
экономикалық ынталандырудың мақсаттарын қоғамды дамытудың мақсаттарымен ымыраластырып (келісімге келтіріп), өзара байланыстыру;
қоғамдық өндірістің құрылымындағы жоспарланған өзгертулерді жүзеге асыруға бағытталған экономикалық ынталандыруды саралау;
ұжымдық және жеке мүдделерді біріңғай болуын қамтамасыз ететін алғышарттарды жасау;
экономикалық ынталандыруды моральдық ынталандырумен ұштастыру;
кәсіпорындардың жәнем лауазымды тұлғалардың материалдық жауапкершілігін қарастыратын экономикалық санкциялармен экономикалық ынталандыруды ұштастыру.
Экономикалық ынталандырудың маңызды элементіне материалдық ынталандыру жатады. Ол әр түрлі формада жүзеге асырылады, оны ең алдымен әрбір жұмыскердіңеңбекақысы түрінде және ұжымның еңбек нәтижелерін ынталандыру түрінде жүзеге асыруға болады.
Еңбекақы материалдық тұрғыдан ынталандыратын жүйеде жетекші орын алады.
Шаруашылық жүргізудің іс-тәжірибесінде бірігіп еңбек етуге және шұғыл міндеттерді (тапсырмаларды) қабылдап, орындауға ұжымның материалдық тұрғыдан мүдделілігін тудыратын әдістерді әзірлеу әдісі маңызды мәңге ие. Экономикалық ыцнталандырудың көтермелеу қорын қалыптастырушы тетігі аударылатын (ұсталатын) аударымдардың нормативтерін белгілеуді, қор мөлшерін анықтайтын әдістерді әзірлеуді қарастырады. Нақ осы бағытта ғана ол ұдайы жетілу үстінде болады.
Басқару тетігінде фирмалардың, бірлестіктер мен салалардың өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелеріне және олардың басқару органдарының басқарушылық тиісті (міндетті) істерді қалай орындағанына экономикалық тұрғыдан жауап берудің, яғни экономикалық жауапкершілік әдістері маңызды орын алады.
Шаруашылық тетіктің экономикалық тұтқасы фирманың әлеуметтік-экономикалық табиғатымен сәйкеседі әрі нарық негізінде айырбастаудың және өндірісті дамытудың бір факторы болып табылады. Мұнда шаруашылық жүргізудің маңызды элементі ретінде коммерциялық есептің мазмұнын зерделудің айрықша мәні бар. Ол басқарудың міндетті ісінде, экономикалық тұтқалар мен құралдарды да синтездейді. Ол өндірістің пайдасын - нәтижелерін, шығынын өлшеуге бағытталған.
Фирманың іс-әрекет жасауының экономикалық тетігі коммерциялық есеп әдісін пайдалануды ұйғарады. Бұл ұйғарымның себептері мынадай:
өндіру мен өткізудің пайдалы болуын қамтамасыз ету;
инвестицияларды бөлу және өндірісті орналастыру;
қаржыландыру және кредит беру;
технологияларды дамыту және т.б.
Орталықтандырылған тәртіптегі коммерциялық есеп аясында, сондай-ақ, мынадай экономикалық тұтқалар мен құралдар пайдаланылады:
баға белгілеу саласындағы ғаламдық (глобальная) саясат;
өндіріс шығындары;
қаржыландыру және кредит беру.
Бұл саясат тұрақты пайда алып отыруды көздейді. Ол коммерциялық есептің түпкі мақсаты болып табылады.
Коммерциялық есептің ерекшеліктері, яғни ерекше жақтары (орталықтандыруды күшейту және өндірістік бөлімдерге дербестік беру) ең алдымен жоспарлау, бақылау функцияларын дамытумен әрі коммерциялық есепті осы функцияларды істерді жүзеге асырудың әдісіне айналдырумен байланысты.
Коммерциялық есеп аясында ішкі фирмалық есеп деп атауға болатына фирма ішіндегі қарым-қатынастардың формасы пайда болып, дамиды. Бұл форма корпорация ішіндегі жабдықтаумен байланысты фирманың жекелеген бөлімшелерінің өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ осы негізде қалыптасатын шаруашылық қатынасты бейнелейді.
Ішкі фирмалық есеп шаруашылық жүргізудің жаңа әдісі ретінде басқарудың орталықсыздандырылған құрылымына ие кәсіпорындарға тән.
Коммерциялық ішкі фирмалық есеп әдістері шаруашылық есептің біртұтас жүйесін білдіреді. Бұл олардың мақсаты мен міндеттерінің ортақ болуымен түсіндіріледі. Яғни, бүкіл фирма мен оның бөлімшелерінің алдына қойылған мақсат пен міндеттер коммерциялық және ішкі фирмалық есеп әдістерін шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне айналдырады.
Ішкі фирмалық есеп көп жағынан коммерциялық есептің элементтерін қамтиды, өйткені ол коммерциялық есептің мақсаттарын жүзеге асыруға бағдарланған.
Ішкі фирмалықө есептің басты айырмашылығы: ол бір ғана компанияның меншік аясында жүзеге асырылады, ал коммерциялық есеп - бұл есепті жүргізуге мүмкіндік беретін әрі әр түрлі меншік иелерінің арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін шаруашылық етудің әдісі болып
табылады.
Басқару тетігінің әр түрлі экономикалық тұтқаларының ішінен басты орынды фирманың экономикалық қызметін барлық жағынан бейнелей алатын баға және баға белгілеу алады.нарықты монополиялық тұрғыдан реттеудің осы замаңғы жағдайында бағаның рөлі мен мәні, оны қалыптастырудың шарты мен даму тенденциясы елеулі өзгеріске ұшырады. Бұл реттеудің басы мен нақты нарық күшін тоқайластыру білдіретін барлық баға белгілеу тетіктерінің сапалы түрде өзгергенің айғақтайды.
Бұл өзгерістердің елеулі жағына бағаның өндірісті тікелей реттейтін ретіндегі ролінің әлсіреу салдарынан құн заңы әрекет ететін салалардың
1.2 Әлеуметтік - психологиялық әдістер
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерінбілдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты - адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной - себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы - себепкерлер) көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселелерді шешіп алмайынша еібекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай ұғуға болады?
Өндіріс ұжымы - бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызметететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы - бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай ғана бас қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық, өндірістік-техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени,
Басқарудың әлеуметтік әдістері
Әлеуметтік әр қилы әдістердің кең спектірін қамти алады:
әлеуметтік-саяси;
әлеуметтік реттеу;
әлеуметтік бастама;
моральдік ынталандыру.
Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды енгізу жолымен ұжым және жеклееген жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік әдеп ережелері, тәртіпке шақыру формалары жатады.
Әлеуметтік - саяси әдіс - бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету әдістері кіреді.
Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың топтардың, тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде пайдаланылады.
Моральдік ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды көтермелеу үшін қолданады.
Басқарудың психологиялық тәсілдері адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал жасау арқылы реттеуге бағытталған.
Басқаруды ұйымдастыру адам психикасының жұмыс істеуі, яғни дүние таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады. Соныдқтан, адамның уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмеи қорытындыларына да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде адамдардың іс-қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар:
адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;
әрбір адам нәтижесінде жарамды формада өзіне ең көп шамадағы көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет етуге ұмтылады;
әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын инстанция не айтса, соны істейді;
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:
шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;
еңбекті ізгілендіру;

Кәсіпорынның басқару құрылымының негізі - құрылымының графикалық бейнесінің немесе көрсетілімінің детализациясының дәрежесі. Олар бөлінеді: басқару жүйесінің макроқұрылымы звенолары болып басқару органдары табылады (басқару субъектілері, заңды тұлға болып табылады); мезоқұрылымы, бұны құрылымдық бөлімшелер құрайды; микроқұрылым, звеноларыболып жұмыскерлер табылады (жұмыс орындары) және басқару құралдары. Мысалы, макроқұрылым масштабындағы басқару жүйесінің звенолары қонақ үй, мейрамханалар, ойын-сауықханалар орталығының - ҚР Сауда министрлігі, мезоқұрылым масштабында - сызықтық функционалдық құрылымдық бөлімшелері (директор және оның орынбасары, бөлімдер: өндірістік, жоспарлы-экономикалық, кадрлік және т.б.).
Құрылымдық бөлімшелер - мезо және микроқұрылым масштабында басқару жүйесінің звеносы, мысалы, функционалдық бөлімдер болып табылады. Звено - бұл басқару жүйесінің иерархия құрайтын элементі, подсисбема. Басқару жүйесінің құрылымының масштабына сәйкес оның звенолары: басқару органдары, құрылымдық бөлімшелер, жұмыскерлер немесе басқару жүйесінің техникалық құралдары бола алады.
Басқаратын жүйе бөлімінің звенолары басқару субъектілері болып табылады, ал басқарылатын ол басқару объектісі болып табылады.
Басқару звеносы ретінде жүйенің элементі болуға қажетті және жеткілікті шарт болып оның басқару функцияларының біреуін орындағаны болып табылады.
Звенолар арасындағы байланыс 2 түрлі болуы мүмкін: тігінен (басшылар және бағынушылар) және көлденеңінен (теңқұқылық элементтер кооперациясы). Тігінен байланыс бөлінеді:
сызықтық (басқарушылардың барлық сұраныстары бойынша міндетті бағыну);
функционалдық (кейбір мәселелер ғана бойынша бағыну).
Көлденең байланысты сипаттама беру үшін жұмыскердің жалпы санының көрсеткіші қолданылады, олармен басқару процессі кезінде байланыс орнатылады.
Кешенді құрылған жүйеде минимум ретінде басқарудың 2 деңгейі бар, ал жалпы саны басқарудың төменгі деңгейінің басқару объектісінің байланысының қиындығымен айқындалады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына қойылатын талаптарды қарастырайық.
1. Басқарудың негізгі элементін, мақсатты, әдістерді, принциптерді, функцияларды және шешімдерді қабылдағанда кезеңдерін айқындап білу мүмкіндіктің болуы.
2. Құбылмалы басқару - әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық шарттардың өзгеруін тез қабылдай білу.
3. Иерархиялық баспалдақтың минимум болуы.
4. Мәселелердің тез шешілуі, яғни минималды уақытта орындалуы.
5. Ұйымдастырушылық құрылым бөлімшелер бойынша функцияларды тиімді бөлумен қамтамасыз ету керек. Яғни, басқару звеноларына және функцияларды жетілдірудің қажеттілігін және мүмкіндігін қарастыру керек.
6. Басқару аппаратының әр бөлімшелеріне жүктемені бір қалыпты бірдей беру керек, әр звено бір-бірімен ортақ мақсат және мәселелерді шешу арқылы байланыста болу керек.
Басқару органдарының құрылымдық бөлімшелерін келесідей топтарға топтастыруға болады:
* жетекшілік - бұл басқару органдарының барлық құрылым бөлімшелерінен басқаратын жұмысшылар болып табылады (басшы, оның орынбасары, коллегия);
* салалық құрылымдық бөлімшелер - басқару объектісінің әр түрлі бөлімдерін басқарады;
* функционалдық құрылымдық бөлімшелер - басқарудыңқандай да бір функциясын асырады;
* қосымша құралдың бөлімдерін - басқару органдарының жұмысын қамтамасыз етеді.
Басқару функциялары - басқару қызметінің қатысты бағыттары болып табылады және басқарушылық ықпалды іске асыруға мүмкіндік береді.
Қонақ үйлерді негізгі, нақты және арнайы болып бөлінеді. Қонақ үйлерді негізгі басқаратын функциялары барлық өндірістік-экономикалық жүйелер үшін ортақ болып табылады.
1.Жоспарлар болжау модельдеу және бағдарлама жасау негізінде өңделіп жасалынады. Басқаруда жоспарлау функциясы негізгі болып табылады, себебі басқа функциялардың жұмысы нәтижеге қарап жасалынады, ал нәтижені жоспар айқындайды.
2. Оның мәнісі мынада: болашақ және ағымдағы экономикалық және әлеуметтік жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру; іріктеп алуды ұйымдастыру; функционалдық белгілері бойынша кадрларды орналастыру.
3. Басқарушылық еңбекті бөлу және мамандандыру мамандардың және басшылардың қызметін үйлестіруді қажет етеді. Тек қана адамдардың жұмысын, өндіріс үрдісін ғана үйлестіріп қоймай ақпараттық процесстерді де үйлестіреді: жинау, өңдеу және мәліметтерді табыстау, басқаруға қажет ақпарат көзі болып жұмыс жоспары, құрылым бөлімшелер басшысы жұмыстың графигі, басқару схемасы және басқа нормативтік құжаттар табылады.
Үйлестіру функциясының мақсаты - өндірістік коллективтің нақты жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үйлердің шегінде ұйымдастыру үлгісі президенттің жұмысы болады. Ол тек қана басқару функцияларын орындап қана қоймайды, ол өз орынбасарларының, бөлім басшыларын және жетекшілерінің жұмысын үйлестіреді, бағыттайды.
4. Қонақ үйлерді реттеу функциясы жоспарлық жұмыстан ауытқып кетудің алдын-алуды қарастырады. Басқару тәжірибесінде бұл функция диспетчерлеу атымен белгілі, орталық звеносы болып диспетчер қызметі (процесті реттеуші) табылады.
5. Ынталандыру бұл оң стимулдарды ғана емес сол стимулдар да қолданылады: сыйлықтан айыру, административтік төлемдер төлеттіру болып табылады.
Қонақ үйлерді қызметіне үлкен әсер мемлекеттік санитарлық инспекция және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет болып табылады. Олар жалпы және өндірістік санитарлық гигиенаның жалпы ережелерін орындауын бақылап қадағалайды және санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың жүргізуін бақылайды.
Егер де санитарлық ережелер бұзылып жатса олар жұмысты тоқтатуға құқығы бар немесе санитарлық ережелерді бұзушыларға айыппұл төлеткізуге құқылы.
Басқарудың нақты функциясы кәсіпорын қызметінің басқару шешімдері, өндірістік-сауда процесінің нақты стадиясы шаруашылық қызметінің бөлек бағыттары және басқаруды ақпараттық қамсыздандыру есептерінен айқындалады.
Басқарудың нақты функциялары келесі белгілер бойынша жіктеледі. Қонақ үйлерді басқару мақсаттарына кіреді: болашақ және ағымдағы техникалық-экономикалық және әлеуметтік жоспарлау, стандартизация жұмыстарын ұйымдастыру, есеп және есеп беру, экономикалық анализ. Өндіріс-сауда процесінің нақты стадияларын басқару міндеттері қарастырады: өндірістің техникалық дайындауды басқару, өндірісті ұйымдастыру, технологиялық процесстерді басқару, өндірісті оперативті басқару, метродологиялық қамсыздандыру ұйымы, технологиялық бақылау, өнімді өткізу және тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымы.
Шаруашылық қызметтің нақты функцияларына жатады: кадрлар жұмысын ұйымдастыру, еңбекті және жалақыны ұйымдастыруды басқару, еңбек ұжымының шығармашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамсыздандыру, қаржы қызметін ұйымдастыру.
Басқарудың арнайы функциясы - бұл басқарудың нақты функциясының подфункциясы ретінде бір немесе бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған міндеттерді біріктіретін кешен болып табылады.
Қонақ үйлерді басқару жүйесінде бір мақсатты арнайы функция ретінде қолданылады, яғни бір негізгі мақсатты орындауға бағытталған және көпмақсатты арнайы функция ретінде, яғни барлық негізгі мақсаттарды орындауға бағытталған.

Брэндинг - бұл тауар мен қызметке деген ұзақ мерзімді талғамды қалыптастыруға бағытталған тауар маркасы, жарнамалық үндеу, бірігіп әсер ету арқылы белгілі бір идеямен бір типті безендіру біріккен, басқа бәсекелерден тауарды немесе қызметті бөліп,ерекшелігін айқындайтын іс-әрекет.
Брэндингті қолдану келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:
-нақты нарықтағы жоспарланған сату көлемін сақтау және тұтынушының ақыл-ойында тауардың бейнесін қалыптастыру және нығайтуға арналған ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру;
- ұжымды бейне арқылы өткізілетін тауардың сапасы туралы ақпарат негізінде тауар ассортиментін көбейту арқылы пайданың көбейуін қамтамасыз ету;
- жарнама материалдары мен компанияларында жасалған елдің, аумақтың, қаланың мәдениетін көрсету, тұтынушылардың мұрауларын, сонымен қатар, тауар сатылатын аймақтың ерекшеліктерін ескеру;
-брэндинг материалдық емес актив құны бар, сондықтан кәсіпорынның нарықтық бағасы өсіреді;
-брэнді бар тауар қымбаттырақ сатылады.
Брэнд қалыптастыру процесіне кем дегенде 2-3 жыл уақыт қажет және мамандардың пікірі бойынша 5 -- тен 10 млн.долларға дейін қаржы қажет етеді.
Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта қалуы үшін фирма тауардың ассортиментін жаңалап, тұтынушылар талаптарына сай, олардың сапасын жақсартып отыруы тиіс. Жаңа тауарға жаңа принципті қажеттіліктерді қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары жатады. Жаңа өнім - бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгізу және жаңартпасы. Жаңғыртып, жетілдіру-бұл тауарлар сипаттамасының сапалық және физикалық өзгерісі. Брэндті қолдануда төмендегідей жағдайлар жатады:
тауардың немесе қызметтің функционалдық сипаттамасы, әмбебаптығы;
тауардың эстетикалық сипаттамасының (сыртқы түрі, дизайны, түсі);
тауарды таңбалаудағы (тауар белгісінің, символының) өзгерістері.
Жаңа енгізулер-ол, фирмада бұрын болмаған, өндірілмеген және сатылмаған өнім. Инновациялық қызмет немесе тауар шығару - бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар. Жаңа қызметтерді немесе тауарларды шығару - бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар. Жаңа қызметтер ұсыну күрделі мәселе, олар фирманың дамуына үлкен үлес қосады.
Жоғары сапалы қызмет көрсету қонақ үйдің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Қонақ үй сапасы келесі стандарттармен сәйкес келуі тиіс:
- Қонақтарды жылы шыраймен, шын ниетпен қонақтарды қарсы алу, егер мүмкіндік болса, қонақтың атын атап жолығу;
- қонақтың барлық қажеттілігімен келісу және орындауға тырысу;
- сыпайы қоштасу-сәтті сапар тілеу, екінші рет келуін сыпайы айта білу.
Сапа менеджмент жүйесі дегеніміз, сапаға қатысты басшылықпен басқарылатын менеджмент жүйесі- ол, ұйымдық құрылым жиынтығын көрсетеді. Өнім сапасын қадағалауға және дамытуға байланысты міндеттер мен жауапкершілік, әдіс - тәсілдер мен реусрстардың ұйым ішіндегі байланысы.
Барлық сапа менеджментінің жүйеіс (сапа жүйесі) кәсіпорын мен ұйымның ерекшелігіне қарамастан, келесі төмендегі негізгі мақсаттарға жетуге бағытталған:
Тұтынушының қанағаттануын арттыруға;
-шығыындарды азайтуға;
-бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуға;
- өндірістік жағымды ішкі жағдайды жақсартуға;
-табиғи ортаны қорғауға.
Сапа жүйесі келесі талап топтарын қанағаттандыру керек:
-Өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңінде сапаны басқару;
-өндірісті ұйымдастыру жүйеісне деген талаптар;
Сапа жүйесін жобалау және енгізу бірнеше кезеңдерден тұрады:
-тұтынушылардың қажеттіліктерін мен күтімдерін анықтау;
- сапа саласында ұйымда стыру саясаты мен мақсаттарын жобалау;
-сапа саласында мақсатқа жету үшін қажетті процестер мен жауапкершіліктерді анықтау;
-сапа саласында көздеген мақсатқа жету үшін қажетті ресурстарды анықтау және қамтамасыз ету;
-әрбір процестің нәтижелілігі мен тиімділігін анықтау үшін осы өлшеулердің мәліметтерін қолдану;
-сәйкессіздіктің алдын-алу және болдырмау үшін қжетті құралдарды анықтау;
-сапа жүйесін тұрақты жақсартып отыру үшін процестерді жобалау мен қолдану.
Ұйымда сапа жүйесін жобалау мен енгізу негізінде қолданатын негізгі құжат. Ол сапаға қатысты басқару, сапаны басқарудың жалпы жүйесі көрсетілген құжат жүйенің ақпараттық мәліметтерін енгізу мен жұмыс істеуге қажетті жағдайда ұстап тұруда тұрақты қызмет атқарады. Өнімнің жаңа түрін жобалау кезінде ұйымның басшылығы Сапаға қатысты басқару қағидаларына сүйене отырып, сапа бағдарламасын құрастырады. Сапа бағдарлама келесілерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz