Кәсіпорынның басқару құрылымы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕРОИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басшылық ұғымының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кәсіпорындағы басқару функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Басқару құрылымының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
2 «АТАМЕКЕН АГРО» АҚ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.2 Кәсіпорынның басқару құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Қарым.қатынасты және өкілеттікті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.4 Басқару құрылымын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОСЫМША

Нарықтық экономикаға өту басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпорының тиімді қызмет етуі көп жағдайда басқару шараларына байланысты.Сол себепті басқаруды ұйымдастырудың маңыздылығы әрбір ұйым, әрбір қор, әрбір кәсіпорын үшін өте маңызы зор. Өйткені кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе білуі керек. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шаруашылықтардың шараларының барлығын белгілі бір жүйеге келтіріп, бақылау жасауға ықпал етеді.
1. Ахметов К. Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б. А., Жұмаев Ж. Ж. – Менеджмент негіздері. – Ақтобе-Орал. 201-214 б.
2. Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жақ-сартудағы экономикалық-математикалық әдістер. // «Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Шымкент. – 2009. 249-255 б. (бірлескен авторлықпен).
3. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізу: теориясы, әдісте-месі және жетілдіру жолдары. // Монография – Шымкент, - 2009. – 112 бет. (бірлескен авторлықпен).
4. “Менеджмент негіздері”. Нұрғалиев.-Оқу құралы. Қарағанды, 2001ж-403бет.
5. “Менеджмент”. Ахметов К.А. – Оқу құралы, Қарағанды, 1994ж-309бет
6. Б.А. Рахметов .«Персоналды басқару», Экономика 2005 жыл
7. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева «Кәсіпорын», Экономика – 2008 жыл
8. Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева «Персоналды басқару» Алматы Экономика 2006 жыл
9. Б.Қ.Жакенова, Қ.Б.Тәмпішева, Л.М.Мақсатова «Менеджмент негіздері», Фолиант 2007 жыл
10. К.Ж.Оразалин «Кәсіпорын экономикасы», Алматы 2008 жыл
11. Мауленова С.С. «Экономикалық теория»
12. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. «Кәсіпорын», Экономика 2003 жыл
13. А.Д.Үмбетәлиев, Ғ.Е. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Фолиант – 2005 жылы
14. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж
15. «АТАМЕКЕН АГРО» АҚ жарғысы
16. интернет көздері: stat.kz; kase.kz т.б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1
КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕРОИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Басшылық ұғымының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1.2
Кәсіпорындағы басқару функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
1.3
Басқару құрылымының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2
АТАМЕКЕН АГРО АҚ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1
Кәсіпорынның ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..
15
2.2
Кәсіпорынның басқару құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
19
2.3
Қарым-қатынасты және өкілеттікті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
2.4
Басқару құрылымын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 29
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға өту басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпорының тиімді қызмет етуі көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Сол себепті басқаруды ұйымдастырудың маңыздылығы әрбір ұйым, әрбір қор, әрбір кәсіпорын үшін өте маңызы зор. Өйткені кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе білуі керек. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шаруашылықтардың шараларының барлығын белгілі бір жүйеге келтіріп, бақылау жасауға ықпал етеді. Басқаруды ұйымдастырудың қажеттілігін сұраныс пен ұсынысын қамтамасыз етуде маңызы зор. Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр. Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі - елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты.
Шаруашылық субъектілерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сауатты басқаруды талап етеді, ал ол өз кезегінде шаруашылық қызметін талдаумен тығыз байланысты. Экономикалық талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оған әсер етуші факторлардың даму тенденциясы, өзгеру себептері жан-жақты терең талданады, басқарушылық жоспарлары мен шешімдері негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорындағы басқару қызметін ұйымдастырылуын жетілдіру жолдарын анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
oo кәсіпорынның басқару құрылымына талдау жасау;
oo кәсіпорынның басқару құрылымын қалыптастырудағы тиімді бағыттарды және кәсіпорынның даму стратегиясына ықпал етуші факторларды анықтау;
oo кәсіпорынның басқару құрылымының ұтымды жолдарын дайындау бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылды: басшылық ұғымының түсінігі, кәсіпорындағы басқару функциялары, басқару құрылымының түрлері, Атамекен Агро АҚ ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы, кәсіпорынның басқару құрылымын талдау, қарым-қатынасты және өкілеттілікті ұйымдастыру, басқару құрылымын жетілдіру жолдары.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Зерттеу объектісі болып Атамекен Агро АҚ алынды. Курстық жұмыста кәсіпорынның жарғысы, 2014, 2015 жылдарға бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыс есебі, капиталдағы өзгерістер есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы есебі, қаржылық жағдай туралы есеп қолдалынды.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басшылық ұғымының түсінігі
Басшылық пен қолбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.
Басқару қызметі - бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған қызметінің біріңғай тұтас синтезделуін және интеграциялауын басшылық деп атайды.
Кәсіпорын басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелері әкімшілік еңбекті атқарады. Бұл қызмет өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен істес болуына тура келеді.
Басшы өзіне негізгі 2 міндеттің жүктелгенін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене түседі.
Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипатына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса, басқару жұмысы біршама творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады.
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындалуына ықпал ету. Осы қызметін орындау үшін оның өзінің формальды өкілеттілігі мен қоса билігі болған қажет. Билік - бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Ұйымның әр түрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылар мен әріптестеріне тәуелді. Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз қызметін ойдағыдай жүзеге асыра алмайды. Көпшілік басшылар сонымен қоса, өз ұйымынан тысқары жерлердегі адамдар мен ұйымдарға, сондағы өнім жеткізушілерге, тапсырушыларға, бәсекелестерге, олардың қызметін реттейтін ведомостволар мен кәсіподақтарға да тікелей тәуелді.
Тіпті басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады. Бұл тәуелділік тікелей басқаруға болмайтын факторлар мен адамдарға байланысты және де мұның өзі басқару тиімділігін қиындататын басты себепкердің бірі. Осы проблемаларды шешу үшін басшының бірден-бір қолданатын құралы - билік жүргізу, ықпал ету және жетекшілік ету.
Ықпал ету мен билік жүргізу ықпал ететін жеке адамдарға, сондай-ақ, нақты жағдайларға және басшының қабілетіне байланысты. Ұйымдастыру жағдайынд, мәселен, билік жүргізу қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай белгіленеді. Мұндай жағдайда адамда биліктің қаншалықты болатындығы оның формальды өкілеттігінің деңгейіне қарай емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесіне қарай белгіленеді. Адамдар басшыға неғұрлым тәуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп болады.
Басшының қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырысын алу, қызмет бабында жоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтай, басшының қол астындағыларға толық билігі бар. Екінші жағынан қабылданған шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшының қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүргізе алады.
Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген. Басқару саласында еңбекті бөлісу бірлескен еңбек процесінде басқару аппаратының қызметін шектеуді, олардан дербес жұмыс түрлерін оқшаулауды, сондай-ақ біркелкі басқару жұмыстарын орындау үшін арнайы бөлімшелерді бөлуді және құруды көздейді. Басқару еңбегін бөлудің негізгі белгілері мыналар болып саналады: жұмыстың технологиялық біркелкілігі, орындалатын қызметтер және орындаушының кәсіптік-мамандық сипаттамасы. Мақсатқа жету үшін ұжым ұйымдасуы, әрі басқару органы болуы керек. Өндіріс процестерін басқаруды үйлестіру үшін әкімшілік құрылым жасалып, онда ұжым мүшелері сызық және басшылық деңгейі бойынша орналасады. Осы құрылым бойынша адамдар басшыларға және бағыныштыларға бөлінеді. Басшылар тобы басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге құқығы бар, ал бағыныштылар оны орындауға міндетті.
Ұжымдағы қызмет қарым-қатынасын бейнелейтін, құрылым әлеуметтік психологияда ресми топтар деп аталады. Ресми топ термині белгілі бір әрекет етуді, жүріс-тұрыс стилін аңғартады, әрі ұжым мүшелері де басшыдан осындай қасиеттердің болуын талап етеді.
0.2 Кәсіпорындағы басқару функциялары
Басқару жүйесі аса күрделі, әрі жауаптылықты қажет етеді. Сондықтанда бұл мәселені талдауда ең алдымен оның зерттеу тәсілдеріне ерекше мән беріледі. Отандық және шетел баспаларында көптеген ғалымдардың пікірі бойынша негізінен басқару жүйесінде үш тәсіл қолданылады: процестік, жүйелі және ситуациялық тәсілдер.
Процестік тәсіл: Бұл концепция басқару жүйесіндегі елеулі өзгеріс, жаңалық, бүгінде іс жүзінде кең қолданып жүр. Мұнда басқару процесс ретінде қаралады. Басқару үшін үздіксіз өзара байланысты болатын санқилы әрекет қажет болады. Бұл іс-әрекеттің әрқайсысы ұйым табысы үшін аса қажет. Мұның бәрі басқару функциясы деп аталады.
Бұл концепцияның алғашқы негізін қалаған Анри Файоль бес функцияны айрықша бөледі. Оның айтуынша басқару дегеніміз - жоспарлау, ұйымдастыру, билік жүргізу, координациялау және бақылау жасау. Ал, қазіргі заманғы баспада жарияланған туындыларды қорытып жинақтасақ, басқарудың мына функцияларын атауға болады: жоспарлау, ұйымдастыру, үкім жүргізу, мотивация(дәлелдеу), басшылық жасау, координациялау, бақылау, коммуникация, зерттеу, бағалау, шешім қабылдау, кадр іріктеу, өкілдік, келіссөз жүргізу не келісім жасау.
Әр автор өзінше басқару функциясының тізімін жасайды. Аталған функциялардың ішіндегі барлық ұйымға ортақ болатыны мыналар: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау.
Осы функцияларға қысқаша сипаттама бере кетелік:
Жоспарлау. Жоспарлау функциясы - ұйымның алдына қандай міндет- мақсат қоюға болатыны жайлы шешім белгілейді және ұйым мүшелері не істеуге тиіс, қандай мақсатқа жетуі тиіс екені жобаланады.
Жоспарлау функциясы мына негізгі үш сұраққа жауап бере алады:
1. Қазір біз қандай денгейде тұрмыз?
2. Біз қайда бара аламыз?
3. Мұны қалай орындауға болады?
Жоспарлау тәсілі арқылы басшылар ұйымның барлық мүшелерін белгіленген мақсатты орындауға жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру - деп, белгілі бір құрылмды құру. Басшы нақты жұмыс істейтін адамдарды тандап, оларға тапсырма беріп, ұйымның ресурсын пайдалануға рұқсат етеді не соны атқаруға делегат жідереді.
Делегат субъектісі сол міндетті орындауды өз жауапкершілігіне алады, бірақ ол сол басшыға бағынады.
Мотивация-функциясының міндеті ұйым мүшелері жұмысты делегат қойған талабына сай белгіленген жоспармен орындалуы керек екені дәлелденуі керек.
Бақылау жасау - басшылардың алғашқы белгіленген міндетінен күтпеген ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен ұйым негізгі бағыттан ауытқуы мүмкін. Сондықтан белгіленген тапсырманы орындау барысына бақылау жасау қажет болады. Бақылау деп - ұйымның өз мақсатына шын мәнінде жетуін қамтамасыз ету процесі.
Басқару тарапынан жүргізілетін бақылаудың 3 түрі болады:
1.Стандартты белгілеу - бұл нақты мақсатты белгілі бір мерзімде орындауды анықтау. Бұл тек белгіленген жоспарға ғана сүйенеді.
2.Белгілі бір мерзім ішінде нақты орындалған істі - өлшеу және қол жеткен нәтижені, алдағы орындалатын нәтижемен салыстыру.
3.Алғашқы белгіленген жоспардың орындалу брысында көп алшақтық болса, онда нақты шара қолданылады.
Жоғарыда аталған басқарудың 4 функциясы - жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау жасауға ортақ болатын екі сипаттама бар: оның барлығы да шешім қабылдауды қажет етеді және бәріне де коммуникация қажет болады.
Шешім қабылдау - ұйым жақсы жұмыс істеу үшін басшы әртүрлі альтернативті мнмкіндіктердің ішінен ең дұрыс дегенін таңдауы қажет. Альтернативтердің біреуін таңдау бұл шешім қабылдау деген сөз. Демек шешім қабылдау деп таңдау, іріктеу, былай айтқанда, қалай және нені жоспарлау керек, қалай және нені ұйымдастыру, мотивация жасау бақылау керек. Міне, жалпы алғарда басшы адамның қызметінің негізгі мәніне осылар жатады.
Коммуникация - бұл информацияны айырбастау процесі , оның мағынасы бұл екі не одан да көп адамдар арасындағы процесс. Басқару тиімділігі коммуникацияның сапасына байланысты. Мысалы , егер жоспарды басқа орындай алатын адамға бермесе, онда оны орындауға болмайды не егер қызметкерлер өзінің алатын көтерме силығына толық хабардар болмаса , онда жұмысты жақсы орындауға ынтызар болмайды. Сондай-ақ, коммуникация байқау жүргізу функциясы үшін де аса қажет.
Жүйелі тәсіл - бұл қандай да болмасын басқару жүйесіндегі жинақталған тәсіл не ол меңгерушілер орындайтын міндеттер емес, бұл ұйым жөнінде және басқару жөніндегі ойлау тәсілі.
Жүйе - деп бұл өзара тәуелді бөлшектерден құралған бір тұтастылық. Орың әр бөлігі тұтас жүйеге өз үлесін қоса алады.Барлық ұйым жиынтығы бір системаны құрайды.
Системаның негізгі екі түрі бар : жабық және ашық жүйе. Жабық жүйенің қатаң сақталатын шекарасы болады, ол өзін қоршаған ортаға және жүйеге тәуелсіз әрекет жасай алады. Ал, ашық жүйе сыртқы ортамен өзара тығыз байланыста болады. Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз етпейді, ол сырттан келетін энергияға , информацияға жәек материалға тәуелді болады.
Алдымен, ұйым өзін қоршаған ортадан: информация, капитал, адам ресурстарын және материалдар алады. Бұл компоненттердің бәрі - алыну деп аталады.
Ұйым бұл алынғандарды өндеу және қайеа өндеу процесі нәтижесінде өнімге айналдырады не қызмет көрсеіледі, мұны ұйым еңбегінің түпкі нәтижесі не оның сыртқы ортаға шығарылуы деп аталады.
Ситуациялық тәсіл. Мұнда ұйымға белгілі уақытта әсер ететін нақты жағдайлар жиынтығы алынады. Ситуациялық тәсілде ұйым өз мақсатына тиімді жетуі үшін нақты ситуацияда дұрыс жол тауып , әртүрлі концепцияны іріктей, талдай білу талап етіледі.
Ситуациялық тәсілдің методологиясы мына ережелерді қамтиді:басшы профессионалды басқарудың жолдарын, құралдарын жақсы білу қажет;
Әрбір басқару концепциясы мен методикасының жақсы және осал жақтарыі болады, нақты ситуацияда қолданғанда оның нәтижесін басшы адам алдын - ала болжай білу қажет, оның тигізетін зиянында және пайдасында;
Сонымен қатар, басқарушы нақты ситуацияда кемшіліктерді неғұрлым азайта түсетін жол тауып, ұйымның алға қойған мақсатын орындауды қамтамасыз етуі шарт.
3.2 Басқару құрылымының түрлері
Еңбек бөлінісі мен бірлестігі басқару құрылымын құрудың ұйымдық нышанына тікелей байланысты. Нақты басқару құрылымы - бұл басқару шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға байланысты еңбек бөлінісінің нышаны.
Бір басшысы бар, бірақ бағынышты қызметкерлері жоқ басқару қызметшілерінің тобы бастауыш ұйым болып саналады. Белгілі бір байланыста бағынатын, қатар бағынатын және үйлесетін дербес бастауыш ұйымы немесе олардың тобы басқару құрлымы деп аталады.
Басқару құрылымын қалыптастыруға мынадай факторлар ықпал етеді: басқару қызметшілерінің саны; қызметшілерді басқару қызметі бойынша орналастыру және қызметшілер тобын бірыңғай қызметібойынша бөлектеу; басқару қызметін бөлектеу дәрежесі, бір адамның (басшының) мүмкіндігі және басқару шегі; ресми (ұйымдық) қатысы.
Кәсіпорынның сипатына және алдына қойған мақсатына қарай басқару құрылымын құру негізгі екі тәсіл бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші тәсіл - аналитикалық, бұл бірегей кәсіпорында қолданылады;
Екінші тәсіл - нормативтік, бұл біркелкі кәсіпорындар үшін.
Басқару құрылымын айқындаған кезде ұйымдық жүйе мақсатын жете анықтап, осы мақсатқа жету үшін қажетті процестерді білу қажет. Әрбір кәсіпорын үшін мақсат тұтастай алғанда бірдей келеді, әрі ол өндірістік, ғылыми-техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік болуы мүмкін. Ұйымды басқару тұрғысынан осы мақсаттарға жету үшін басқарылуға тиісті процестерді анықтау қажет. Демек, осы мақсаттарға жету үшін жұмысты орындайтын адамдар, құрылымдар т.б. пайда болады.
Осыдан кейін басқару жүйесінің құрамын анықтайды. Орындалатын процесстерге орай тұтастай ұйымдық жүйенің құрамы мен құрылымын белгілейді. Өз кезегінде, мұның өзі басқару жүйесінің өзіндегі құрамды дұрыс, әрі толық анықтауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер басқару жүйесінің құрылымын белгілеуге ықпал етеді.
Басқарудың қажетті салаларын сызықтық басшылардың бір-біріне бағынуын, басқару органдарының - қызметтік, штабтық саны мен деңгейін анықтайды, байланыстар мен коммуникациялар бөлінеді, нақты жағдайға қарай қолданылатын қолайлы құрылым типі негізделеді. Осымен бір мезетте саланың қызмет бабы белгіленеді, басқару органдарының мақсаты, құқы мен міндеттері тұжырымдалады, бөлінеді, олардың ішкі құрылымы айқындалады, қажетті жұмыскерлер саны белгіленеді, штаб кестесі жасалады т.б.
Мұнда бір ескеретін жайт, жоғарыда атап көрсетілгендей, кез-келген ұйымдық жүйеде екі жағдайды айыру қажет: ресми ережелері мен лауазымдық нұсқауларды белгілеу және бейресми, еңбек процесінде өз жұмыскерлеріне ережелер мен нұсқауларды белгілеу. Жоғарыда аталған факторларға орай басқару органы құрылады.
Шет ел авторлары әкімшілік аппаратты, оның орындайтын қызметіне қарай кеңесуші, қамтушы және жеке аппараттар деп бөледі. Бұлайша бөлу шартты түрде деп есептелінеді, өйткені практикада олардың аралығын айқын шектеу мүмкін емес.
Кеңесуші аппарат. Арнайы мамандықты қажет ететін проблемалар туындағанда линия басшысы тиісті мамандарды шақырып, кеңесуші аппарат құрады, ал олар линия басшысына білім саласында кеңес береді. Кеңесуші аппарат құқық саласында, жаңа және арнайы технологияларда, мамандыққа баулуда және жетілдіруде, сондай-ақ жұмыс жөнінде кеңес бергенде қолданылады.
Қамтушы аппарат маркетингтік зерттеулермен, қаржыландырумен, жоспарлаумен, материалдық-техникалық жабдықтармен кадрларға заң жөнінде қызмет көрсетумен және мәліметтермен қамтамасыз етумен шұғылданады.
Жеке аппарат - бұл қамтушы аппараттың бір түрі, басшының талабын орындаушы. Жеке аппараттың ресми ережесі болмайды, бірақ оның мүшелерінің үлкен билігі болуы мүмкін. Жоғарғы қызметтегі басшының жеке хатшысының билігі көп болатындығы соншалық, кейде ол өзінің ресми өкілеттігінен едәуір асып түседі.
Басқару теоретиктері басқарудың идеалдық нормасын анықтауға зор көңіл бөледі. Шет елдерде бұл мәселемен басқарудың әкімшілік мектебі шұғылданады. Олар әр түрлі санды ұсынады, ал бірқатар авторлар ең дұрыс нормасы 7-ден 10-ға дейінгі бағыныштылар. Басқару нормасы мәліметтерді қабылдау және өңдеу мүмкіндіктеріне, адамның күш қуат мүмкіндіктеріне, басқару жұмыстарын орындаудың күрделілігіне қарай белгіленеді.
Басқару құрылымының жіктеулі
Басқару құрылымының жіктеулі
Сатылар саны бойынша
Сатылар саны бойынша
Екі сатылы
Екі сатылы
Үш сатылы
Үш сатылы
Төрт сатылы
Төрт сатылы
Аралас
Аралас
Байланыс сипаттарына қарай
Байланыс сипаттарына қарай
Сызықтық
Сызықтық
Функционалдық
Функционалдық
Сызықтық-штабтық аралас
Сызықтық-штабтық аралас
Дивизиондық бөлімшелік
Дивизиондық бөлімшелік
Матрицалық
Матрицалық
Сурет 1. Басқару құрылымының жіктеулі
Сызықтық басқару құрылымдары шағын кәсіпорын-ұжымдарға тән. Мұндай құрылымдарда басқарудың барлық қызметтері басшының өкілеттігінде болады, кейінгі органдар тек содан ғана тиісті нұсқауларды алады, яғни бұл құрылымда басшы басқарудың барлық қызметтерін дербес атқарады.
Басшы
Басшы
Мамандар
Мамандар
Қызмет басшылары
Қызмет басшылары
Бөлімше меңгерушілері
Бөлімше меңгерушілері
Бригада жетекшілері
Бригада жетекшілері
Сурет 2. Сызықтық басқару құрылымы
Функционалдық басқару құрылымдары. Мәні - басқару функцияларын (жоспарлау, еңбекті ұйымдастыру, есеп, талдау жүргізу, материалдық-техникалық қамсыздандыру т.б.) бірнеше басшылар жүргізеді. Орындаушылардың басқару функцияларын іске асыруда бірнеше функционалдық басшылары болады.
Басшы
Басшы
Мамандар
Мамандар
Қызмет басшылары
Қызмет басшылары
Бөлім
меңгерушілері
Бригада жетекшілері
Бригада жетекшілері
Сурет 3. Функционалдық басқару құрылымы
Функционалдық басқару құрылымдарының кемшіліктері мен артықшылықтары
Артықшылықтары
1. Іскерлік және кәсіптік мамандануды ынталандырады.
2. Іс-қызметтегі бір-бірін қайталауды және заттық ресурстар тұтынылуын қысқартады.
3. Функционалдық іс-қызметтерді іске асыруда үйлестіруді жақсартады.
Кемшіліктері
1. Бөлімшелер, әр-қайсысы өздерінің мақсат, міндеттерін бірінші кезекте іске асыруға күш салады, сол себепті орталық мақсат, міндеттер жеке мақсат, міндеттердің көлеңкесінде қалу мүмкіндігі бар. Ол ішкі келіспеушілікті туғызады.
2. Үлкен, күрделі ұйымдарда негізгі орындаушыдан басшыға дейінгі басшылық тізбегі өте үлкен болады.
Кесте 1. Функционалдық басқару құрылымдарының кемшіліктері мен артықшылықтары
Матрицалық басқару құрылымы екі құрылымды - линиялық - функционалдық және бағдарламалы - мақсаттық құрылымдарды үйлестіру жолымен ұйымдастырылады. Бірінші құрлымға сәйкес ұйымдағы жекелеген қызмет салалары ғылыми-зерттеу, конструкторлық іздестіру, тәжірибелік өндіріс, сынау т.б. бойынша басқару ісі құрылады. Сызықтық құрылымдағы басқару қарым-қатынасы тікелей байланыс түрінде қалыптасады. Екінші құрылымға сәйкес бағдарламаларды басқару ұйымдастырылады.
Сурет 4. Матрицалық басқару құрылымы
Дивизиондық басқару құрылымы - қазіргі уақытта ірі фирмалар арасында ең көп тараған басқару нысаны. Бұл құрылымда бөлек алынған бөлімшелер біркелкі өнімдерді өндірумен және өткізумен аймақтарда шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне жауап береді. Дивизиондық құрылымдағы бөлімшелер функционалды құрылымдағы бөлімшелермен салыстырғанда пайданы максимизациялауға және нарықта позицияны жеңіп алуға көбірек бағытталған.
Директор
Директор
Бөлімшелер вице-президенттері
Пластмассадан өнім жасау бөлімшесі
Пластмассадан өнім жасау бөлімшесі
Ағаштан өнім жасау бөлімшесі
Ағаштан өнім жасау бөлімшесі
Болаттан өнім жасау бөлімшесі
Болаттан өнім жасау бөлімшесі
Сурет 5. Дивизиондық басқару құрылымы.
2 АТАМЕКЕН АГРО АҚ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы
Тіркеу күні қайта тіркеу
Толық аталуы
Қысқартылған атауы
03.09.2010ж.
КазАгроТрейд жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
КазАгроТрейд ЖШС
13.12.2011ж.
КазАгроТрейд+ жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
КазАгроТрейд+ ЖШС
26.09.2010ж.
Атамекен-Агро акционерлік қоғамы
Атамекен-Агро АҚ
Сурет 6. Эмитент атауының өзгертілуі туралы мағлұмат
Бас директор - Джазин Фархад Амангельдыевич
Қоғамның атқарушы органдарының тұрағы: ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жаңа Мясокомбинат ауданы, Д.У. -30үй.
Қоғамның негізгі мақсаты - дербестік негізде шаруашылық іс-әрекет жасау нәтижесінде таза табыс табу.
Атамекен Агро АҚ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, КазАгроТрейд ЖШС қайта ұйымдастыруы арқылы. Қоғамның іс-әрекет мерзімі - шектеусіз. Қоғам өз іс-әрекетін жүзеге асыру үшін жарна қағаз (акция) шығара алатын заңды тұлға болып табылады. Меншік түрі - жекеменшік. Қоғамның өзіндік балансы, банк есеп шоты, мемлекеттік және орыс тілінде белгіленген мөрі бар. Мақсатқа жету үшін және негізгі бағыттағы іс-қимылдарын жүзеге асыру жолында Қоғам ҚР заңнамаларына қарсы келмейтін және оның құрылуына тыйым салмайтын шаруашылықтың кез келген түрін қолдануға құқылы. Заңнамалық актілердің тізбесі анықтаған кейбір жекелеген түрлерімен Қоғам тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Қоғамның фирмалық атауы, мүліктік таңбасы бар.
Қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз түрде шығарылады. Акция бөлінбейді. Егер акцияны жалпы меншік құқығына бірнеше адам иеленсе, олар бір акционер болып саналады және акциямен куәландырылған құқықпен жалпы өкілі арқылы пайдаланады. Акцияның бір түрі иеленген әрбір акционерге, ҚР басқа заңнамаларымен анықталмаған болса, осы акцияны иеленген басқа қожалықтарымен бірдей құқық береді. Жай акция акционерге дауыс беруге шығарылған барлық мәселелерді шешкен кезде дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын береді, қоғамның таза табысы мен акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімі болған жағдайда дивидент алуға, сондай-ақ, қоғам таратылған кезде ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте қоғам мүлкінің бөлігін алуға құқық береді.
Қоғам акциясын ұстайтын реестлер жүйелерін келіссөз негізінде Қоғам тіркеушісі іске асырады. Акция ұстайтын реестрлер жүйесінің көшірмесі акционердің қолы қойылған және ақысы төленген құқылы құжаттары бола алады. Басқа акциялар мен облигацияларды шығару, айналым және түгендеу сұрақтары ҚР заңнамаларымен реттелмейтін болғанда Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының ҚР заңнамасына сәйкес оларды шығару жайында қабылданған шешіммен анықталады.
Атамекен Агро АҚ коммерциялық ұйым. Кез-келген коммерциялық ұйымның, кәсіпорынның мақсаты озінің капиталының рентабелділігі, яғни пайда табу. АҚ өзінің пайда табу масатында алуан түрлі шаруашылық қызмет түрлерін жүргізеді. Акционерлік қоғамның алуан түрлі шаруашылық қызметі екіге бөлінеді:
oo негізгі шаруашылық түрлері;
oo негізгі емес шаруашлық түрлері.
Кәсіпорын құрылғанда негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру болатын. Уақыт өте келе өнім түрлері мен қызметтердің да саны арта түсті. Осы қызметтердің ішіндегі негізгі қызмет турлері
1. егін шаруашылығы:
* бидайды өндіру, оны өңдеу;
* күнбағысты өндіру, оны өңдеу;
2. мал шаруашылығы:
* мал басын кобейту мен бордақылау;
* ет өнімін сату.
АҚ айналысатын қосымша қызмет түрлері:
oo құрылыс қызметі;
oo ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz