Өндірістік шығындар



«Микроэкономика» курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Осыған байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің еңбегін, жерді, капиталды – барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын фаторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Өндірістік шығындар
Микроэкономика курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім
шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін
талдауға арналған. Осыған байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі
фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы
анықталады. өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды
өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері
арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты
шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына
кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен
қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз,
оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын
пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің
еңбегін, жерді, капиталды – барлық нарық құны бар және оларды балама
қолданғанда төлем алуға болатын фаторларды жатқызамыз. Сонымен,
экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты
да кіргіземіз.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары.
Қысқа мерзім кезеңі деп – белгілі бір уақыт кезеңін айтамыз. Ол уақыт
ағымында өндірістің кеібір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа
мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның
тұрақты (FС) және айнымалы (VC) ажыратады, яғни:
ТС = FС + VC
Тұрақты шығындар (FС) деп – қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару
көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға
мыналар жатады:амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар,
сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
Айнымалы шығындар (VC) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен
бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға :
шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен
отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және
т.б. жатқызамыз.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін
тұрғыза аламыз. 1-суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы графигі
көрсетілген.

1-сурет. өндірістік шығындар.

Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС
қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы
және жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың VC А нүктесіне дейін
төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің
жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі.
Шекті өнімділіктің азаю заңының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының
көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды. ТС
қисығы түгелімен VC қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FС-
тің жылжуы болып табылады.

Орташа және шекті шығындар
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және
шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.
өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім
көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен
жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен
есептеледі:

АТС =
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып
табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді.
Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар
(АFС) және орташа айнымалы шығындар (АVC). Олар келесідей анықталады:

АFС = АVС =
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруінің ()
өнім көлемінің өзгеруі () қатынасына тең болады және өнімнің қосымша
данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни:
МС =
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі
белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне
тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай
есептеуімізге болады:

МС =
Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті
өнімділік пен шекті шығындар арасында кері байланыс бар. Жоғарыда айтылған
байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар РL жалғыз
айнымалы фактор деп қарастырайық. Бұл жағдайда:

МС = =;
;

Осы жерден біз зерттеп отырған көрсеткіштер арасындағы кері байланысты
көреміз. МР өскен жағдайда, МС төмендейді және керісінше МР максимумге
жеткен уақытта МС минимумге жетеді. Осындай байланыс АР және АС арасында да
бар. 2-суретте МС және МР, АС және АР арасындағы өзара байланыстар
көрсетілген. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа, шекті шығындары
мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар
екендігін көрсетеді.

2-сурет. МС және МР, АС және АР арасындағы өзара
байланыс.

Шекті,орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас
Өндірістің шекті шығындары мен орташа шығындарының қисықтарын график
түрінде көрсетейік. Ол үшін 3-суретте көрсетілген VC және ТС
қисықтарын, сонымен бірге АVC, АС және МС анықтамаларын қолданамыз.

3-сурет. Орташа және шекті шығындардың қисықтары

МС, АVC және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда
айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа
өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі.
Өнім шығару көлемін көбейткен кезде АС және АVC қисықтары бір-біріне
жақындайды, өйткені АҒС бұл кезде азаяды.
МС пен АС арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады: егер
өнімнің қосымша бір данасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар
Шығындардың экономикалық мәні
Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны
Өндірістік шығындар есебінің ұйымдастырылуы
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
ЖШС «ОПТСНАБ» - тың ұйымдастыру - экономикалық мінездемесі
Шешім қабылдаудағы шығындар классификациясы
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Өндірістік шығындарды талдау жайлы
Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі
Пәндер