Тұтыну несиесі жайлы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

1. 1 Тұтыну несиесінің теориялық негіздері

1. 2 Тұтыну несиесінің қажеттілігі және экономикалық мазмұны

1. 3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесінің

шетел тәжірибесі

ІІ. Тұтыну несиесін «казкоммерцбанк» ақ тәжірибесінде Қолданылуына баға беру

2. 1 Казкоммерцбанк АҚ тұтыну несиесін қолдану механизмі

2. 2 Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары

ІІІ. Екінші деңгейдегі банктердегі тұтыну несиесін берудегі тәуекелділікті басқару проблемалары мен несие саясатын оңтайлы етудің болашақтағы бағыттары

3. 1 Екiншi деңгейлi банктерде тұтыну несиесiн берудi, басқаруды және

бағалауды оңтайлы етудiң болашақтағы бағыттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк істерінің дамуында жаңа кезеңдер мен міндеттер ашты. Қазақстандық және шетелдік банктер қызметін тәжірибе негізінде зерттегенде ғана аталған міндеттерді шешуге мүмкіндік туады. Бүгінгі таңда Қазақстанның банк саласы, экономика секторында серпінді дамып келе жатқан бірден-бір сала. Біздің республикамызда екі деңгейдегі банктік жүйе жұмыс істейді. Қазақстандағы орталық банк ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жоғары деңгейдегі Банк болса, ал коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктер болып саналады. Соңғы аталғаны бұрындары қатаң реттелініп келсе, қазір жеке, үлкен өзіндік орны бар және банктер арасында күшейе түскен бәсекелестік жағдайында қызмет етуде. Дәл бүгінгі кездері Қазақстан экономикасында туындап отырған мәселелер дағдарысты жағдайлар мен инфляциялық үдерістерді жеңуге байланысты банк жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдірудің үлкен тәжірибелік мәні бар.

Қазіргі заманғы банктер қызметтеріне банк операцияларының ең озық техникасын қолдана отырып, кең ауқымда қызмет жасайды, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Банктердің ең басты экономикалық қызметі - кредиттер (несиелер) беру. Банктер несиелер беру қызметін қаншалықты жоғары деңгейде іске асырса, олардың қызметін пайдалушы клиенттердің де экономикалық жағдайы көбінесе соған байланысты болады. Ұйымдар мен кәсіпорындар үшін несие алу - өндірісті жақсартуға, инвестициялар мен жұмыс орнын арттыруға ынталандырады. Ал халық үшін қажет кезде тауарлар сатып алу мен қызмет көрсетулерді пайдалана отырып, өмір сүру деңгейін жақсарту деген сөз.

Соңғы кездері барлық коммерциялық банктердің пайымдауынша халықпен, яғни тұтынушыларымен жұмыс істеу үлкен басымдыққа ие. Банктерде жеке тұлғаларға несиелер беру көлемі жыл сайын арта түсуде. Халықтың ақшалай табысының шектеулілігі жеке тұлғалардың несие алуына сұранысты кеңейте түсуге мүмкіндік береді, сөйтіп сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсету көлемін де ұлғайтады. Сол үшін ол мемлекет тарапынан экономикалық конъюнктураның қолайсыз кезеңдерінде белсенді әлеуметтік саясат жүргізу және сұранысты қолдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Курстық жұмыстың өзектілігі: оның ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік мәнділігі жұмыстың тақырыбы ретінде таңдауға себепші болды. Қазіргі уақытта тұтыну несиесін беру өсе түсуде, сондықтан да оны жан-жақты зерттеу мен оны жүргізудің ерекшеліктері аса маңызды мәселеге айналуда. Қазақстандық коммерциялық банктер тізбесінде халыққа көрсетілетін қызметтер әзірше онша мәнді орын алып отырған жоқ, әрі банктерге алдағы уақытта операциялар түрлерінің саны мен сапасын арттыра түсу міндеті жүктеледі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін берудің дамуын қарау мен талдау. Халық арасында несие берудің бұл түрі кеңінен таралып өсе түсуде, себебі халықтың отандық банктерге деген сенімі арта түсуде, сонымен қатар банктердің өз ішінде де сенімі ұлғая түсті. Жеке тұлғаларға несие беру рыногында екінші деңгейдегі банктер арасында қатаң бәсекелестік жүруде, жеке клиент тартымды бола түсуде, себебі, еліміздің экономикалық жағдайы қалпына түсе бастады, клиенттердің табысы арта түсті әрі тұрақтана бастады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді түйіндеуіміз керек:

1) тұтынушыларға несие берудің теориялық негізін қарау;

2) тұтыну несиесін берудің түрлері мен ұғымын анықтау;

3) коммерциялық банктер үлгісінде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыруды талдау;

4) тұтыну несиесін берудің құрылымы мен құрамын қарау;

5) Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін беруді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау.

Курстық жұмысты жазудың теориялық әдістемелік негізі ретінде батыс елдерінің, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының ғалымдарының ғылыми еңбектері қарастырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

I. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

1. 1 Тұтыну несиесінің теориялық негіздері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оны қолданылатын түрін өзгертеді.

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайлдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелеодің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т. б. анықталады.

Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық несие және банктік несие. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

Коммерциялық несие - тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді.

Қорыта айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.

Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие банктік несиенің бір-бірінен бір сыпыра айырмашылықтары бар.

Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

Екіншіден, коммерциялық несие банктік несие бір-бірінен, субъектілер, яғни келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші-банк, қарыз алушы- кәсіпкер.

Үшіншіден, коммерциялық несиенің щектеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет корсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының уақытша бос ақщасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.

Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндірумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс кобейді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяады. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өссіру үшін пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады.

Банктік несиенің мұндай шартты екі түрге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қаоыздаодың капитал несиесін алғаны.

Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі саласына берілуі мүмкін. Несиенің негізгі екі формасының- коммерциялық және банктік несиелер-әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т. б.

Тұтыну несиесі- бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу, мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы-халық, ал несие беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру- ұзақ қолданылатын тауарлар-жиhаз, жеңіл машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т. б. ) беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Коммерциялық банктер төмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына тұтыну несиесін береді: Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер, автомобиль, жиhаз, телевизор, тоңазытқыш, және басқа да техникалар сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу процесінде банктер тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-ын төлейді. Ал несиеге берілген тауар кепіл ролін атқарады. Берілген несие сомасы қарыз алушымен несие келісім шартында көрсетілген график бойынша өтелуі тиіс; Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды, тауарларды жалға алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі; Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер; Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін ұзартуға берілген несиелер, егер бұл жағдай несиелік карточканы пайдалану келісім шартында қарастырылса; Қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз және оқу үшін, емделгелі үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.

Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиесінің бір түрі, оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей байланысты, яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.

Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты- халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген несиеге деген сұранысты тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын көрінеді.

Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар өнімдерін сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автакөлік сатып алу мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма- қол ақша арқылы сатып алынады.

Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль атқаратындықтан, мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады.

Бұл реттеулерді екіге бөлуге болады: несиені беру деңгейіндегі және тауарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды көздейді. Яғни, банктердің, қаржы мекемелердің қызметтеріне несиелік шектеулер қолданылады.

Экономикалық құлдырауы, сұраныстың азаюы кезіндегі мемлекеттің саясаты- елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну несиесіне деген жеңілдіктер, мысалы: қолма қол ақшамен сатып алынған тауарлардың бағасын төмендету, несиенің құнын азайтып, мерзімін ұзарту шаралары қолданылады.

Ал, экономика ақша инфляциясының күшеюі кезінде алдағы айтылған саясатқа қарама қарсы саясат жүргізіледі, яғни мемлекет несие мерзімдерін азайтып, проценттік ставкаларды жоғарылатады.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады, тауарларға деген сұранысты, олардың өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алды. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады. Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның даму деңгейі әр елде әр түрлі сатыда екенін көре аламыз. Соңғы зерттеулерге сәйкес, көбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін несиелердің ішінде ең табысты түрі болып табылады, мысалы, әлемдегі ең пір танымал - « Ситикорп оф Нью-Йорк » өзінің мыңдаған бөлімшелері бойынша, үнемі өсіп отырған ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе, несие карточкаларының маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін несиелерге, тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетулерге) бағыттап отырады, бірақ, тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және тәуекелі жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық жағдайы әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға байланысты күрт өзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды жүзеге асыру мүмкін жағдайларды есепке ала отарап жүргізілуі тиіс.

Сонымен, халыққа берілетін несиелер тұтыну несиесі деп аталады. Іс жүзінде осының бәрі тұтынушыға бағытталған несиелендіру, атап айтқанда автомобильді, жиһазды, тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған несиелер және тұрмысымызды жақсартуға қажетті басқа да заттар.

Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін кез келген несиелерді соның ішінде ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды алуға берілетін несиелер, ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға берілген несиелерді жатқызады.

Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт өткеннен кейін және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер несие уақытында өтелмесе банк өз талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға құқы бар. Тұтыну қажеттіліктеріне арналған несиені алу үшін несие алушы банкке несиелік қарыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің соммасын, неиенің қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін көрсетеді. Ал, банк өз тарапынаннесие алушының несие қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс деңгейі мен олардың табыс деңгейін қарастырады. Ол үшін банк қарыз алушының жалақысы туралы анықтаманы және басқа да табыс көздері туралы мәліметтерді талап етеді. Егер осы мәліметтерді зерттей отырып, несие алушының несиені өтей алатынына күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл немесе кепілдемені талап етеді.

1. 2 Тұтыну несиесінің қажеттілігі және экономикалық мазмұны

Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде олардың саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелуінің мынандай нышандары бар: қарыз алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты пайдалануы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және тағы басқа.

Дамыған батыс елдерінде несиелеу объектілеріне қарай тұтыну несиесі - кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін, үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын үйлерді жөндеуге және оларды газ, су және тағы басқа жүйелерге қосылуына берілетін несиелер деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тұратын азаматтарға жеке шаруашлығындағы жұмыстарды жүргізу үшін, шағын механизация құралдарын алуға және мал мен үй құстарын ұстау үшін, аула құрылыстарын салуға несиелер беріледі. Сонымен қатар, бау - бақша өсірушілік кооперативтеріне және серіктестеріне кіретін мүшелердің әртүрлі мақсаттарына ұзақ мерзімді несиелер, яғни автокөліктер және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар сатып алуға, шаруашлықта қажет үй жануарларын сатп алуға және тағы басқа қажеттіліктерге беріледі.

Тұтыну несиелерінің төмендегідей түрлері бар: Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы сипаты бойынша) : Банктік тұтыну несилері; Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;

Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну несиелері (ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т. б. ) ;

Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;

Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей алынған тұтыну несиелері;

Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері былай жіктеледі: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер.

Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдалану мерзіміне қарай бөлінуі:

Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін ) Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін ) Ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары ) Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдық деп те атайды. Мұндай несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап етпеген жағдайда өзіне қолайлы уақытта өтей алады.

Тұтыну несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз (овердравт, кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге) деп бөлінеді.

Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген (сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген ) және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуекелімен байланысты.

Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығымен қамтамасыз ету - жалпы экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда жоғары тәуекелділікпен ерекшеленеді. Ал банктердің ең негізгі қызметтерінің бірі - банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайды.

Жалпы банк табысы берген несиесіне байланысты:оның сапасы, қайтарымдылық деңгейі, т. б. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.

Тұтыну несиесі және жеке тұлғаларға берілетін персоналды несиелер. Өткен уақытта барлық дерлік коммерциялық банктер жеке тұлғаларға қарыз шоттарын ашпауға тырысқан. Олардың ойынша тұтыну несиелерінің негізгі мөлшері төмен және несие алушылар несие келісім шарттарын орындамау тәуекелі жоғары болғандықтан, бұл қызмет түрі рентабельді емес болады. Бірақ депозиттер және кәсіпорындарды несиелеу үшін бәсекенің өсуіне байланысты өз саясатын, стратегиясын өзгертуге тура келеді. /2, 135б/

1. 3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесінің шетел тәжірибесі.

Төлемді кешіктіріп беретін несиелер тікелей немесе жанама банкілік несие нысанын қабылдауы мүмкін. Тікелей банктік несие берілгенде банк пен несие алушы арасында несие келісімі жасалады. Жанама банкілік несие берілгенде банк пен несие алушы арасында несиелік қатынастарды делдал болуын айтады. Мұндай делдал болып көбіне бөлшек сауда кәсіпорындары болады. Осы жағдайда несиелік келісім дүкен мен клиент арасында жасалып, ары қарай келісілген тәртіпте банктен ссуда алады. Мұның көп таралғандыған, мысал келтірсек, қазіргі қазіргі уақытта американдықтарға автомобиль сатып алуға берілетін 60% - дан астам ссуда жанама несие түрінде беріледі.

Тікелей және жанама тұтыну несиесі өзінің кемшіліктері мен артықшылықтарына ие. Біріншісі, ол банктік несиені жанамадан ерекшелейтін-бұл несиелендіру объектісін дәл бағалауға мүмкіндік беретін несиелендіру процессін ұйымдастырудың қарапайымдылығы. Мұның бәрі, әрине банк пен қарыз алушының арасында несие қатынастарының ұйымдастырылуында жақын орын алады.

Екінші жағынан, келесі банктік несиелендіруге байланысты банк көзқарасы бойынша жағымсыз факторларға жанама банктік несиелендіруге қарағанда тәуекел деңгейінің жоғарылығы. Бұл шешім немен негізделген?

Біріншіден қазіргі несиелендіру тәжірбиесі бірқатар күрделілікке ие: а) жеке клиенттерлің несие төлей алу мүмкіндігін ссуда беру сатысында көп банктердің жүргізбеуі; б) несие төлей алу мүмкіндігі анализі әдістемесінің тәжірибеге сай келе бермеуі; в) ссуда бойынша қамтамасыздандырудың тек формалды сипатта болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау
Несиенің мәні, функциялары және түрлері туралы
Тұтынушылық несие
Несие. Несиенің мәнін
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Несие қызметінің түсінігі
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz