Ішімдік



Кіріспе
1. Ішімдік атауының шығу тарихы.
2. Ішімдіктің зиянды әсерлері.
3. Ішімдіктен арылу жолдары.
4. Статистикалық мәліметтер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жеке адамның да, қоғамның да, ең басты байлығы – денсаулық екені белгілі.Сондықтан да, денсаулық мәселесі, оған деген қамқорлық, жауапкершілік еш уақытта да күн тәртібінен түскен емес.
Бірінші байлық -денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтында да сыңайлымыз.
Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз.
Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дерітке шалдығып санымызды соғамыз.
«Тәннен жан артық еді,- дейді Абай атамыз –тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жан бізді жас күнімізден билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық , ешнәрсеге көңілмен қарамадық көңіл айтып тұрса сенбедік».
Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру , интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты , салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
1. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – денсаулық кепілі, Алматы, 1999
2. Малдыбаев Ә. Мұны әркім де білуі тиіс, Алматы, 1987

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ішімдік
Кіріспе
1. Ішімдік атауының шығу тарихы.
2. Ішімдіктің зиянды әсерлері.
3. Ішімдіктен арылу жолдары.
4. Статистикалық мәліметтер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Ауырып ем іздегенше
Ауырмаудың жолын ізде

Жеке адамның да, қоғамның да, ең басты байлығы - денсаулық екені белгілі.Сондықтан да, денсаулық мәселесі, оған деген қамқорлық, жауапкершілік еш уақытта да күн тәртібінен түскен емес.
Бірінші байлық -денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтында да сыңайлымыз.
Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз.
Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дерітке шалдығып санымызды соғамыз.
Тәннен жан артық еді,- дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жан бізді жас күнімізден билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық , ешнәрсеге көңілмен қарамадық көңіл айтып тұрса сенбедік.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру , интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты , салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады. Жас ұрпақтың дені сау болуына күнделікті күн тәртібінің де ықпалы зор.
Әр оқушы өзінің күн тәртібін дұрыс пайдалана отырып, оған жоспар құра білу керек. Мектебіміздің салтына айналған Қара жорға ұлттық би дәстүрімен таңғы жаттығуымызды бастаймыз. Қара жорға биін оқушылар бар ынта - ықыласымен билейді. Бұл биді игеріп алғандары соншалықты, бір- бірімен жарыса билейді. Сондықтан да адам өзін сергітіп көңілін көтеріп, денсаулығы жақсы болу үшін би билеуде денсаулыққа өте пайдалы.
Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі -- деп тегін айтпаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кемуі салдарынан қимылдың кемуі гиподинамия дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің - шылым шегу, ішімдік пайдалану, нашақорлық көп таралуы. Егеменді еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі -- адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық..
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ .
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп, әрқашан жаман ойдан аулақ болып. Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, елімізде өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің денсаулықтары мықты, келешегі зор болу үшін қолымыздан келетін барлық жақсы, игі істерімізді аямауымыз керек.
Ішімдікке дағдылану - алкоголизм деп аталатын психологиялық сырқаттың алғышарттарының бірі. Бұл дерт біздің ұлтымызға жат еді. Осы күндері өкінішке орай жиі кездестіріп қалып жатамыз. Жуырда Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының мамандары журналистер алдында ресми мәлімдеме жасады. Келтірілген деректер жаға ұстатады. Алькогольді ішімдік ішуден біздің еліміз алдыда келеді! Еліміз сыраны тұтыну көрсеткіші бойынша әлемде 8-ші, ал Азияда тіпті алғашқы орынға шығыпты.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде елімізде есепке алынған 300 мыңнан аса тұрғын ащы судың жетегінен шыға алмай жүр. Алайда бұл нақты дерек емес. Республикалық психиатрия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының меңгерушісі Айгүл Нәшкенованың айтуынша шын мәнінде ішімдікке тәуелді жандардың саны бұдан әлдеқайда көп. Себебі, олардың көбі жеке клиникаларда емделгендіктен тіркеуге алынбайды. Сондай-ақ, ауылды жерлерде ішімдікке әуестілік қалыпты жайт болып санаға сіңіп бара жатқаны тағы бар. Тағы бір дерек бойынша орташа есеппен алғанда, қазақстандықтар алкогольге 14-16 жасынан әуес.
Қазақстанда соңғы кездері балалардың -- 9,4, ал жасөспірімдердің -- 21,3, ересектердің 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. 2007 жылғы орталықтың зерттеулері бойынша Қазақстан халқының 35,6 пайызы алкогольді ішімдіктерге бейім. Оның үстіне республикамызда ішімдікке әуестенушілер қатары күн санап жасарып барады. Айналымдағы ащы судың көлемі де арта түскен.
Жобаның мақсаты: жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері кетіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.
Жобаның міндеттері:
oo салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдіктің адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін түсіндіру;
oo ішімдіктің пайда болу тарихымен таныстыру;
oo ішімдіктің зиянды жақтарын толық ашып мағлұмат беру;
oo статистикалық мәліметтерді келтіру;

1. Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау Ү-ҮІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь -- ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер. пайда болады. Адам неше түрлі оға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі бір мөлшерде болмяйды.
Денсаулық және залалды дағдылар Сырада орта есеппен алғанда -- 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін -- 10-17%, шарапта -- 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады.
Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.
Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресс айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.
Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сәтбаева және т.б. үш кезеңге бөледі.
1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.
2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік кезге көріне бастайды.
3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам куш-қуатынан мүлдем айырылып қалады;
Алкоголь -- ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақым-дайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттщ у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды
Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдсрдің (Вь РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді.
Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады.
Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді.
Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады.
Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұ-ның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны популяциялық деградация деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф.Т.Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Ақыр заман деген осы ғой. Әрбір іішмдік денсаулыққа залалын тигізеді.

2. Ішімдіктің зияны

Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсе қызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь нерв уы деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды дәстүр халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.
Салауаттылық -- денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі -- арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері сәнге айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның өзінде, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қалыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер өмірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы -- осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын жазбай жүру дәстүріне жол бермеу.
Өмір өлшемі -- салауаттық, салауаттық -- өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері
Ішімдіктің организмге әсері
АДАМЗАТТЫ УЛАҒАН ІШІМДІК ТУРАЛЫ АҚИҚАТ
Зиянды әдеттер
Ішімдіктің ұрпаққа әсері
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
Алкоголдің әлеуметтік әсерлері
Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары
Есірткі мен уланудың әлеуметтік қаупі. Ішімдік ішудің әлеуметтік қаупі. Ойынқұмарлық
ТЖ тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық және жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу. Алкогализм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері
Пәндер