Банктік қызметте салық салуды құқықтық реттеу



І. Кіріспе

ІІ. Салық саясаты және оның мемлекетiмiздiң экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі
2.1 Салық төлеуден жалтарынудың себептері
2.2 Салық төлеуден жалтарынудың салдары
2.3 Салықтарды мәжбүрлі өндіріп алудың шаралары

ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатының басты бағыттырын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету. Іс жүзінде Қазақстан Ұлттық банкінде барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Қазақстан Ұлттық банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды ҚҰБ мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда ҚҰБ-нен несие ала алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары Ұлттық банктің негізгі тұжырымдамалық құжаттарының бірі, ол жыл сайын үш жылдық кезеңге алдағы жылда жүргізілетін шаралар жан-жақты көрсетіле отырып жасалады. Онда негізгі макроэкономикалық өлшемдердің болжамдары бар. Мәселен, инфляцияға болжамды Ұлттық банк елдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын, сыртқы экономикалық ахуалды және ақша-кредит саясатын сипаттайтын өлшемдерге жасалған талдау негізінде әзірлейді.
1. Найманбаев С.М. Салықтық құқық: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005
2. Худяков А.И. Налоговые правонарушения.Алматы: Баспа, 1997
3. 2001 ж. 12 маусымдағы «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі.
4. Порохов Е.В. Теория налоговых объязательств, Алматы: Жеті жарғы, 2001

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Банктік қызметте салық салуды құқықтық реттеу

М а з м ұ н ы

І. Кіріспе

ІІ. Салық саясаты және оның мемлекетiмiздiң экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі
2.1 Салық төлеуден жалтарынудың себептері
2.2 Салық төлеуден жалтарынудың салдары
2.3 Салықтарды мәжбүрлі өндіріп алудың шаралары

ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатының басты бағыттырын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету. Іс жүзінде Қазақстан Ұлттық банкінде барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Қазақстан Ұлттық банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды ҚҰБ мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда ҚҰБ-нен несие ала алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары Ұлттық банктің негізгі тұжырымдамалық құжаттарының бірі, ол жыл сайын үш жылдық кезеңге алдағы жылда жүргізілетін шаралар жан-жақты көрсетіле отырып жасалады. Онда негізгі макроэкономикалық өлшемдердің болжамдары бар. Мәселен, инфляцияға болжамды Ұлттық банк елдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын, сыртқы экономикалық ахуалды және ақша-кредит саясатын сипаттайтын өлшемдерге жасалған талдау негізінде әзірлейді.
Бақылау мәселесі экономика ғылымында бірінші жоспарда тұр, яғни, өте актуалды мәселе болып отыр. Бақылау мәселесін зерттеген көптеген авторлардың көзқарастары бақылаудың-басқарудың құрамдас бөлігі екендігін, оның кез - келген дәрежеде біліктіліксіз басқару мүмкін еместігін айтуда түйісіп отыр, және де басқарылушы жүйе неғұрлым көпжақты және кәсіби болса, соғұрлым бақылау да күрделі болуы тиіс. Кеңестік дәуірдің салық - қаржы әдебиеттерінде бақылау мемлекеттік және қоғамдық өмірдің рәміздерінің бірі ретінде, экономиканың дұрыс дамуының маңызды жағдайы ретінде қарастырылды. Бақылаудың жан - жақты қажеттілігі, оның түрлері мен жүзігі асырылу әдістері көрсетіліп отырды. Әсірісе мемлекеттік бақылау түрлері оның ішінде мемлекеттік қаржы бақылауы терең зерттелді. Мемлекеттік саяси, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар сәйкес шешімдер мен ережелермен бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсімге, қаржы тұрақтылығына, азаматтардың өмір мүру деңгейінің көтерілге, олардың қаіпсіздігіне және тағы сол сияқтыларға қол жеткізе алмайды. Біздің ойымызша, бақылау дегеніміз кері байланыстың бір түрі бола отырып, сол сәтте басқару шешімдерінің орындалуына катализатор бола алады. Бақарылу объектісі туралы қажетті ақпаратты алып, оны талдау арқылы оған шаралар қолдануға, яғни, жағдайды түзетуге бағытталған нормативтік актілермен басқару шешімдерін қабылдауөажеттігі туралы шешімді қабылдауға болады. Ал салықтық бақылау дегенде салық заңдылықтарының: Салық кодексі, және заңдық нормативтік актілерді т.б. орындалуын бақылауды түсіне қажет.
Негізгі заңның бұзылмауын қадағалау - ол Заңның әрбір саласына қатысты жалпы мемлекеттің міндеті. Құқықтық нормативтік актілерді шығарып және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, мемлекет қоғамдық саяси жүйенің субъектісі ретінде әрекет етеді. Сол арқылы мемлекеттік бақылау заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Сол жағынан салық заңдылықтарының сақатлуын бақылау басқа салдардан ешбір айырмашылығы жоқ. Сонымен қатар салық заңдарын бақылау, мемлекеттің табысы болып табылатын салықтың түсуін қамтамасыз ету құралы екендігін көрмеу мүмкін емес. Яғни, бұл дегеніміз салықтық бақылаудың негізінде мемлекеттің материалдық қызығушылығы жатыр. Басқаша айтар болсақ, егер бақа жағдайларда қоғамдақ қатынастарды реттей отырып, мемлекет оған қатыспайтын болса, онда салықтық құқықтық қатынаста мемлекет әрі реттей тұрып, оған қатынасады. Мұның барлығы басқа мемлекеттік бақылау түрлерінен салықтық бақылаулың өз алдына ерекше жүгі бар екендігің бөліп көрсетеді. Біздің ойымызша қорыта айтар болсақ, салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың барынша жақсылап ұйымдастырылған түрінің бірі болып табылады. Мысалы: салықтық бақылаудың ұйымдастырылуын экологиялық және санитарлық сияқты бақылаулармен салыстыруға болмайды. Мұндағы мемлекеттің материалдық қызығушылығы салықтық бақылаудың барлық аймағына қатысты болады, яғни төленбеген салықтың салдары басқа экономикалық, әлеуметтік сияқты салаларға да әсерін тигізеді.

Салық саясаты және оның мемлекетiмiздiң экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі

Салық механизмі салықтың ұйымдық - құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығы, бұған әр түрлі салықтық реттеу құралдары да (салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері және т.б.) енеді. Мемлекет өзінің салық механизміне салық заңдылықтары арқылы құқықтық нысан беріп, оны реттеп отырады. Салық механизмі практикалық салық іс-қимылдарының жиынтығы, яғни салық заңдары ережелерін практикада жүзеге асырудың шарттары мен тәртіптерінің жиынтығы. Объективті негізгі бағытталмаған кез-келген салықтық іс-қимыл ұдайы өндіріс процесіне субъективтік қол сұғу ретінде қарастырылады және олардың нысанының өзгеруіне әкеледі. Салық механизмі салық салуды басқарудың негізі болып табылатын салықтық құқыққа сүйеніп, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.
Салық механизмі - бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады.
Бұл процесте қалыптасатын қатынастың барлық саласын үш қосалқы жүйемен шектеуге болады: салықтық жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.
Салық принциптерінің, жалпы салық салу теориясының негізін қалаушы болып шотландық экономист, әрі философ Адам Смит табылады. А.Смиттің классикалық принциптері төмендегідей:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік принципі);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық принципі);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс. (қолайлылық принципі);
4) салықтан жиналған түсімнен оны жинауға кеткен шығын аз болуға тиіс (үнем принципі).
Бұл принциптерді пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты азайтты, бұл процеске реттемелеуді енгізді. Салық салудың кейінгі даму барысында принциптердің тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:
- Қарапайымдылық принципі. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол айқын әрі жеңіл болуы керек. Ол үшін мына шарттар орындалуы қажет:
- салық түрлері өте көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;
- бір салық түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;
- салық салуобъектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі барынша жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;
- салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екенін дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше аз болғаны дұрыс;
- салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ыңғайлы.
- Әділеттілік принципі. Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік принципі - салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
Көлденең әділеттілік принципі - тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылуы керек. Салық төлеушілер белгілі бір табыс не қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.
- Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша салық ставкаларын бекіткен кезде, олардың мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген салық ставкаларымен салыстырылып отырылуы қажет.
- Салықтардың анықтылығы - алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
- Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
- Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.
Салық төлеуші салық заңына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелерінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздің салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері
Жеке табыс салығының алыну механизмі
Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі ролі
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері, мемлекеттің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын жеңілдіктері және мемлекеттің осы саладағы саясатының бағыттары
Салық салудың әділдігі
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылатын арнаулы салық режимдері
Төлем көзінен салық салынатын табыс
Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын құру және алу қағидалары
Салықтық әкімшілік мәселелері
Қаржылық қызметте лизингті қолдану,жалпы сипаттамасы және түрлері
Пәндер