Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе кооперативтік колледжі

Мамандығы:0101000 «Мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту»

Курстық жұмыс

Пәні :

Тақырыбы : Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру (екі жыл мезгілін)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ (ҚЫС ЖӘНЕ ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІ) . . .

1. 1. Табиғаттағы қысқы құбылыстар мен жазғы құбылыстар туралы жалпы түсінік . . .

1. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысында көріністерді қолдану арқылы ақыл - ойын және сенсорлық қабілетін дамыту . . .

1. 3. Мектеп жасына дейінгі әр жас топтарындағы балаларды қыс және жаз мезгілдерімен таныстырудың бағдарламалық мазмұны . . .

ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚЫС ЖӘНЕ ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР . . .

2. 1 Балабақшада ересек топтардағы балаларды «Табиғатпен таныстыру» ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті арқылы жыл мезгілдерімен таныстыру . . .

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысында жүргізілген серуен және экскурсия(қызықтыру) жұмыстары . . .

2. 3 Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруда қолданылатын дидактикалық ойындар . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қоршаған ақиқатты танудың методологиялық негіздері философ -психологтар: Г. С. Батищев, В. Н. Филипповтың еңбектерінде көрсетілген. Г. С. Батищев танымның іс-әрекеттік қырын анықтады. В. Н. Филиппов интеллекттің білім қайшылықтарымен беттесуінің бастапқы қағидасын әзірледі. Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуде үлестерін қосқан психолог-ғалымдар: Л. С. Выготский, А. М. Коршунов С. Л. Рубинштейн, С. М. Жақыпов, т. б. Л. С. Выготский сананы бір нәрсе арқылы дамыту теориясын қалыптастырды. А. М. Коршунов жүйкеде ақиқатты бейнелеу белсенділігі қағидасына назар аударды. С. Л. Рубинштейн адам жүйкесін дамытуға қызмет етуге шартталған ұстанымды негіздеді. С. М. Жақыпов, танымдық әрекет психологиясын зерттеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Зерттеудің мақсаты : мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • мектеп жасына дейінгі балалардың тұла бойында дүниетанымдық қасиеттерінің пайда болу ерекшеліктерін анықтау;
  • мектеп жасына дейінгі балалар танымдарына жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, олардың ауы су ықпалын анықтау;
  • мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру жұмыстарының мазмұнын талдау. Зерттеудіңәдістері:философиялық, педагогикалық-психологиялық т. б. әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды теориялық талдау; Теориялық зерттеу нәтижелерін жүйелеу, бағалау, зерттеу барысында жинақталған теориялық және эмпирикалық материалдарды зерделеу, мазмұндық жалпылау, салыстыру, модельдеу, ойша жобалауәдісі; Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдау.

Зерттеудің болжамы:Б алалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.

Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстырудың әдістемелік негізі.

Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ (ҚЫС ЖӘНЕ ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІ)

1. 1 Табиғаттағы қысқы құбылыстар мен жазғы құбылыстар туралы жалпы түсінік

Қыстың басталуы мен аяқталуы. Астрономдар 22 желтоқсанды қыстың басталған күні деп есептейді. Бұл - қысқы күн тоқырауының бір күні. Бұл -қыс күн тоқырауының бір күні. Бұл кезде Жердің Солтүстік полюсі оған жарық пен жылуды өте аз жіберіп тұрған Күннен басқа кездегіге қарағанда, едәуір ауытқиды. Қыс 21 наурызда аяқталады.

Фенологтар қыстың басталуын су қоймалары қатып, тұрақты қар жамылғысы түзелген кезден бастап есептейді; оның аяқталуын жер ала кеуімдене бастаған кезде жатқызады, бұл ұзақтар ұшып келетін мезгілге сәйкес болады. Қысты шартты түрде екі кезеңге бөледі.

Бірінші кезең - жайлы қыс -аяз бен қардың жаууы (әсіресе желтоқсанның аяғы мен қаңтардың алғашқы жартысында) жылымықпен кезектесіп отыратындығымен сипатталады.

Екінші кезең - суық қыс - қаңтардың ортасынан басталады. Бұл кезде күн едәуір ұзарады, ашық болады, бірақ әлі де күн нашар қыздырып, өте суық аяздар болады. «Қаңтар - қыс ортасы», «Қыстың көзі - қырау», «Қыс келеді қылышын сүйретіп»деп сипаттайды халық арасында қыстың екінші жартысын.

Өлі табиғаттағы құбылыстар. Қыстың басталуын білдіретін су қоймаларына мұз қатуы жер - жерде бір мезгілде өтпейді. Алдымен тоғандарға, одан соң өзендер мен көлдерге мұз қатады. Жұқа мұз мөп-мөлдір болады; оның өте жұқа, шыныдай жалтыраған қабаты арқылы шалшықтардан ағаштардың түскен жапырақтарын қарап көруге болады.

Қарашаның екінші жартысында тұрақты жер жамылғысы түзіледі. Жаңа жауған қар аппақ әрі үлпек болады, өйткені ол арасындағы кеңістіктерге ауа толған мұз кристалдарынан тұрады. Қар тығыздалғанда немесе ери бастағанда өзінің аппақ түсі мен үлпектігінен айрылады.

Қар ұшқыны дегеніміз өте биікке көтеріліп, онда тез суынатын су буларынан түзілетін жеңіл кристалдар. Олар алты бұрышты жұлдыздарға ұқсайды және алуан түрлі болады. Олардың көлемі мен пішіні ауаның ылғалдылығы мен температурасына байланысты.

Ауаның едәуір жылы қабаттарында олар еріп, бір-біріне жабысып, қар үлпегін түзеді. Күшті жел кезінде қар ұшқыны сәулелері сынып, жерге қар тозаңы түседі. Аласа бұлттар бүкіл аспанды торлап жататын кездегі ауаның күшті қарсы ағыны мен шамалы аяз кезінде қар баяу, ұсақ қиыршық түрінде түседі. Аспан ашық болып, қатты аяз тұрған кезде кристалдар кішкентай ине түрінде түседі. Күшті аяз кезінде табан астындағы қардың сықырлағаны естіледі - бұл ұшқыны қатты қар сәулелерінің сынуы.

Ауа температурасы төмендеген кезде терезе шыныларының сыртқы бетінде әр түрлі өрнектер пайда болады. Бұл - су буларының тез қатып, мұз кристалдарына айналуы.

Қар ұшқыны, қырау, қылау, терезедегі мұз өрнектері - мұның бәрі күшті суынудан қатты күйге өтіп, кристалдар формасына ие болатын су булары.

Қар жауған кезде тұратын күшті жел көбінесе қыстың екінщі жартысына тән болатын бұрқасын туғызады. Алайда мұндай құбылыс қар жаумаған кезде де болады. Көп ретте, тіпті аспан ашық болып тұрғанда да жел жер бетіндегі қарды күшпен ұшырып, күртік қар, қар үйіндісін түзеді.

Ақпанның соңы мен наурыздың басында ерте көктемгі жылымық болады. Күндіз шатырлар мен ағаштардан қар еріп, су тамшылай бастайды. Күн суытатын түнгі мезгілде мұз сүңгілер пайда болады. Қар еріп, нығыздалады, ол өзінің шаңқан реңінен айрылады. Егер осындай жылымықтан соң күн суытса, онда қатты мұз қабыршағы - мұздақ түзіледі.

Наурыздың ортасында қар ери бастайды; алаңқайларда, оңтүстікке қарған қия беткейлерде ала кеуім тартқан жерлер көріне бастайды. Қыс аяқталып, көктем басталады.

Өсімдіктердің қысқы тыныштық күйі. Қыста өсімдіктер аса терең тыныштық күйде болады. Қар жылуды нашар өткізеді. Жерді көрпе тәрізді жауып қалатын қар қыстап шығатын өсімдіктерді үсіп кетуден сақтайды.

Жерде бір жылдық өсімдіктердің тұқымы жатады. Күздік өсімдіктер қар астында бүкіл қыс бойы көк қалпында болады. Қара күзге дейін гүлдейтін кейбір өсімдіктердің (жұмыршақ, шегіргүл ) жапырақтары мен гүл шанақтары қар астында сақталады да, көктемде гүлдей бастайды.

Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері тіршілігін жояды, ал олардың жерде қалатын пиязшықтарын, түйнектері мен тамырсабағын қар суықтан қорғайды.

Қылқанды ағаштардан басқа ағаштар мен бұталар жалаңаштанып сидиып тұрады. Бұл өсімдіктердің тіршілігі бүршіктерде сақталады. Тығыз қабыршақтар оларды суық пен ылғалдан қорғайды. Ағаштардың қоректенуі мен ондағы сөл жүру процесі уақытша тоқталған.

Күн сәулесінің барған сайын молаюы әсерінен қыстың екінші жартысында көптеген ағаштарда ерте көктемгі «күнге күю» процесі басталады; олардың қоңырлау бояулы қабығы қызғылттау (талда, қайыңда, жөкеде) немесе күлгін - көк (қандыағашта) түске көше бастайды. Бұл құбылыс поэзияда да жырланған, мысалы ол туралы В. А. Жуковский «Күн сәулесінен қара орман алау тартты . . . » десе, А. А. Фет «Тал түсте күн әзер қыздырса, жөке биікте қызғылттанад . . . » деген.

Қыстың екінші кезеңінде көптеген ағаштар мен бұталардың тыныштық күйі аяқталады; жылы орынға әкелінген бұтақтар бірнеше күннен соң жапырақ шығарады. Әсіресе терек, қайың, орман жаңғақ, мойыл, қарақат тез бүршік атады.

Ерте көктемде ағаштардың қызуы қоршаған ауаға қарағанда едәуір жоғары болады, сондықтан олардың діңінің айналасындағы қар ери бастайды.

Жәндіктер . Қар еріп, оның астыңғы жағына су жинала бастайтын жылымық кезде түбірлер мен бұталар маңынан олардың астында қыстайтын жәндіктер: қанатсыз масалар - хионеялар, өрмекшілерге ұқсайтын қар бүргелері шыға бастайды. Әсіресе «қар құрты» - жұмсақ денелі қоңыздың барқыттай қара личинкаларын жиі кездестіруге болады.

Балықтар мен қос мекенділер. Мұз қатқан су қоймасындағы балықтар қыста мелшиіп қатып қалғандай болады, ал терең суларда бұрынғысынша жүзе береді. Бақалар тоғандағы қайраңға көміліп, ал құрбақалар ескі түбірдің астыңғы жағындағы қуыстарда қыстайды.

Қыстап қалған және өлкемізге қиыр солтүстіктен ұшып келген құстар ормандарда, парктерде, бақтарда мекендейді. Олардың бір тобы ағаштар мен бұталардың тұқымдары және жемістерімен, екінші тобы - ағаш қабығының қуыстарынан тауып алатын жәндіктердің личинкаларымен қоректенеді.

Орманнан қыста тоқылдақтың қимылын бақылауға болады. Ол бұтақтардың ашасына немесе ағаш діңінің қабығына шырша немесе қарағай бүрлерін жасырып қояды. Бүрлерді «өңдеп», ішіндегі тұқымын алу үшін құс бүкіл қысқы күн ұзағына тоқылдатумен болады.

Тоқылдақтың маңайынан олардың тоқылдатуынан жан - жаққа ұшатын тұқымдарды теріп жейтін королек, шиқылдақ, сары бауыр шымшық секілді ұсақ құстардың тобын жиі көруге болады. Өздерінің дабыл көтеретін үнімен олар тоқылдаққа төнген қауіпті сездіріп, көп ретте алғыстарын білдіргендей болады.

Ормандағы шаған мен үйеңкіден, даладағы шоңайна мен түйетікеннен шыбжықтарды байқауға болады. Олар осы өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Шоңайнадан сары бауыр шымшықты көруге де болады. Оның шоқпар басынан олар қоңыздардың личинкасын теріп жейді.

Шырша орманынан қыста әдетте қайшыауыз ұшырасады. Қатаң аязды күндері биік шыршалардың тығыз бұтақтары астына олар ұя салып, балапан шығарады да, оларды қылқанды ағаштардың бүрінен алатын тұқымдармен азықтандырады.

Жапырақты ормандарда ағаштардың жәндіктерді тауып алатын сары бауыр шымшық, қайың және қандыағаштың тұқымымен қоректенетін чечеткалар мекендейді.

Ормандар мен парктерде қыста қызыл түсті әдемі суықторғайлар кездеседі. Оларды әсіресе шетен мен шағаннан жиі кездестіруге болады, өйткені олар осы өсімдіктердің жемістерімен қоректенеді. Ақпанның аяғында бұл құстар солтүстікке қоныс аударады.

Қыста адам мекенінің айналасына қарға, шауқарға, сауысқандар ұшып келіп, сыпырынды салынатын шұңқырлардан қорек іздейді. Олар парктер мен бақтардағы ағаштарда түнейді.

Көшелерде торғайлар көбейе бастайды. Суық күндері олар жүні үрпиіп отырса, жылымық күндері өзара шоқысып, қарға «шомылады».

Қыста, әсіресе көк тайғақ кезде сары бауыр шымшық, сары торғай, чечетка, суықторғай, шыбжық секілді ұсақ құстар өзіне қорек таба алмай, көбіне аштық пен суықтан қырылады. Қиын кездерде бұл құстарға жәрдемдесу, оларды қоректендіру керек. Парктер мен бақтардағы ағаштарға арнаулы жемшашар кішкентай столдар немесе жақтаулар тақтайшалар орнатады; олардың үстіне нан үгінділерін, дән, арам шөптердің тұқымын, шетен, шәңгіш, арша жидегін салады.

Аңдар. Қысқы қолайсыз ауа - райы жағдайларына аңдар түрліше бейімделген.

Қыста кейбір аңдар организмінің барлық физиологиялық процестері төмендеп, олар ұйқыға кетеді. Кірпі ағаш тамырының астыңғы жағында, жапырақтардан салынған төсеніште ұйықтайды. Қар жамылғысы орныққанға дейін - ақ май қорын жинап алған аю апанына кіріп, бүкіл қыс бойы ұйықтайды. Бірақ бұл жағдай кірекейге ақпанның ортасында да өте кішкентай 2 - 4 қонжық тууға кедергі етпейді.

Қысты қимыл жағдайында өткізетін аңдардың терісін қалың әрі ұзын жүн басады. Қар бетіне жаңа түскен іздерге қарай отырып, қандай аңдардың ұйқыға кетпегенін білуге болады. Тышқандардың кішкентай іздерін және қоян табанының өзіне тән таңбаларын - қатар түсетін екі және бірінен соң бірі түсетін екі шұңқырды байқау қиын емес. Кейде кішкентай және үлкен иттің ізіне өте ұқсайтын түлкі мен қасқырдың іздерін, бұланның тұяғы мен күзде жасырған шошқа жаңғақтарын, жаңғақтарды тауып жеу үшін жерге түскен тиін табанының таңбасын кездестіруге болады.

Түлкі егістік пен шалғындықтардан жүгіреді, қоян және тышқан аулайды. Аш қасқырлар орман мен егістіктерді бүкіл отбасымен шарлап, кейде азық іздеп қыстақтарға да келеді. Бұландар көбінесе жапырақты ормандарда мекендейді, өйткені мұндағы ағаштардың қабығы қыста оларға азық болады. Тиіндер бүрлердің тұқымын аршып алып өзегін ғана қалдырады. Қатты аяздарда тиін көрінбейді: олар өз ұяларына кіріп алып мамық жүнді құйрығын жамылған күйде ұйықтайды.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысында көріністерді қолдану арқылы ақыл - ой қабілетін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес - жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.

Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Ес - бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау - тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі - танымдық белсенділігі. Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау - 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.

Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн. Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді.

Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс. Д. Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы - формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады.

Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Байқау - белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаға(кыс,көктем) жыл мезгілдерімен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Балаларды санауға үйрету барысында ойын жаттығуларын қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытудың теориялық сипаты
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz