Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.тарау.
1.Қәзіргі кезеңдегі мектепке дейінгі мекеменің мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
ІІ.тарау.
2.Мектеп дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің кәзіргі кезеңдегі дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІІ.тарау.
3. Мектеп дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде этностық.мәдени сәйкестілігін қалыптастыру әдістемесі.(эксперименталды тәжірибелік)...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы екені сөзсіз. Қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден. Мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнының жүйелілігін және сабақтастығын қамтамасыз етудің білім беру сатыларында сақталмауы; білім мазмұнын жаңартуға арналған төл туынды, авторлық және балама бағдарламалар мен оның оқу–әдістемелік кешендерін заман талабына сай қайта дайындау қажеттілігі;
-білім мазмұнын жаңартуда тәрбиеші педагогтардың шығармашылық
ізденістері мен кәсіби шеберлігі және белсенділіктерінің төмендігі;
-білім мазмұнын жаңартуға арналған оқу–әдістемелік кешендерінің жас
ерекшеліктеріне сай дайындалмауы және аздығы;
-балалардың денсаулығын нығайтуға және жағымды эмоционалдық көңіл - күй туындатылу деңгейінің жеткіліксіздігі; (үш жастан он жасқа дейінгі аралықта ол өте төменгі деңгейде);
1.Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз
ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
2. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика
Алматы «Рауан» 1992 ж.
3. Ф. Жұмабекова Мектепке дейінгі педагогика
Астана «Фолиант» 2012ж
4.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Егемен Қазақстан. 2007. 15 тамыз
5.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
6.Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы. Ана тілі. 1992ж.
7.Ахметова Г.К, Таубаева Ш.Т. Педагогика. –Алматы. Қазақ университеті,
2006ж.
8.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. - Алматы. Дарын, 2006ж.
9.Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
10.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1-тарау.
1.Қәзіргі кезеңдегі мектепке дейінгі мекеменің мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
ІІ-тарау.
2.Мектеп дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің кәзіргі кезеңдегі дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІІ-тарау.
3. Мектеп дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру әдістемесі.(эксперименталды тәжірибелік)...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы екені сөзсіз. Қазіргі кезде болып жатқан тарихи - әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден. Мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнының жүйелілігін және сабақтастығын қамтамасыз етудің білім беру сатыларында сақталмауы; білім мазмұнын жаңартуға арналған төл туынды, авторлық және балама бағдарламалар мен оның оқу - әдістемелік кешендерін заман талабына сай қайта дайындау қажеттілігі;
-білім мазмұнын жаңартуда тәрбиеші педагогтардың шығармашылық
ізденістері мен кәсіби шеберлігі және белсенділіктерінің төмендігі;
-білім мазмұнын жаңартуға арналған оқу - әдістемелік кешендерінің жас
ерекшеліктеріне сай дайындалмауы және аздығы;
-балалардың денсаулығын нығайтуға және жағымды эмоционалдық көңіл - күй туындатылу деңгейінің жеткіліксіздігі; (үш жастан он жасқа дейінгі аралықта ол өте төменгі деңгейде);
-мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендерге сенімді қарым - қатынасы,
қоршаған ортаға ашық қарауы, өзін-өзі жағымды сезінуінің бұзылуы;
-мектепке дейінгі жастағы баланың денсаулығының дұрыс болмауы,
-танымдық қызығушылығы, шығармашылық әлеуеті бастауыш сыныптарда
жалғаспай қалу тенденциясы байқалады;
-баланың ынта - ықыласын арттыру мен жеке дара қабілеттерінің ескерілмеуі;
-балаға жеке тұлға ретінде қарау білім беру үдерісі барысында үнемі ескеріле
бермеуі;
-білім беру бағытындағы білім, білік, дағдылар өмірлік дағды ретінде
қалыптастырылмауы;
-ата-аналар мен педагогтар баланың өздігінен саналы түрде білім беру жүйесін
таңдауына мүмкіндік бермеуі;
-балабақшаларда жас топтарында балалар санының шектен тыс көп болуы
оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыруда кедергі келтіріп, білім мазмұнын
қабылдауда қиындықтар туғызуда;
-арнайы мамандардың жеткіліксіздігі;
-білім мазмұнының жеке пәндік мазмұндарға бөлшектенуі баланың тұтас
тәжірибе жинақтауына кедергі келтіретіндігі;
Бүгінігі таңда жалпы білім мазмұны азаматтық қоғамның жаһандану бағытына сай ақпараттандыруды қамтамасыз ету деңгейіне және демократиялық қоғамдағы жеке тұлғаны қалыптастырудың талаптарынан кейін қалуда. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады Осыған орай жеке тұлғаны қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерді дұрыс ұйымдастыра білу және олардың санын көбейте отырып, барлық балаларды қамту маңызды және бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеті: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау,басқа елдердің жұмыстарымен салыстыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің түрлерін анықтау. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу бағытына сараптама жасау.Қәзіргі кезеңдегі мектепке дейінгі мекеменің мақсаттары мен міндеттері және мектеп дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде этностық-мәдени сәйкестілігін тәрбиеге енгізу эксперименталды тәжірибелік.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мекемелері.

1.Қәзіргі кезеңдегі мектепке дейінгі мекеменің мақсаттары мен міндеттері.

Мектепке дейінгі мекемелелерде балаларды ерекшелігіне сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде балалар меңгеретін, іріктелген қарапайым ғылыми білім, білік, іскерлік, дағдылар жүйесі және сол арқылы баланы мектепке дайындап, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын, жан - жақты дамуын қамтамасыз ету екені даусыз.
Балабақшалардың міндеттері сол олар денесі шыныққан,ақыл-ойы ұшқыр,адамгершілік жағынан мінсіз,еңбекке қабілетті,достыққа берік эстетикалық талғамы бай жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр.Әлем елдерінде мектепке дейінгі білім беру ісінде балаларды жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеуді ұйымдастыруда едәуір бай тәжірибелер жинақталған.Сәбидің өмір дағдыларын қалыптастыра отырып,шығармашылық қуат мүмкіндіктерін ізгілік тұрғыдан ашуға,дамытуға,алдағы уақыттарда өзін-өзі танытуына негіз қалыптастыруға басымдық беріледі.Әлемдік тәжірибедегі білім беруді ұйымдастыру әр алуан болуымен бірге ортақ тенденциялар байқалады.Олардың негізгілері мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуға тиіс балалардың жас мөлшері;мектепке дейінгі ұйымдардың типтері;білім беру тұжырымдамалары мен бағдарламаларындағы және білім мазмұнындағы мақсат-міндеттер,олардың құрылымдық ерекшеліктері;балаға білім беру,тәрбие берудің формалары;жабдықтары,тәрбиелеу әдістері; мамандар мен ата-аналардың рөлі,сонымен қатар,қазіргі шетелдік мектепке дейінгі педагогикадағы тенденция деңгейінде жаңа көкейкесті мәселелерге назар аударылуда,оларды шешуде түрлі бағыттағы мектепке дейінгі ұйымдар ұйымдастырылуда.Осы жағдайларда жеке тұлғаны тәрбиелейтін әрине педагог мамандар. Мектепке дейінгі тәрбие саласын ғылыми - әдістемелік және ақпараттық-сараптаумен қамтамасыз ету және арнаулы мамандар даярлау мәселесі дәл бүгінгідей өзекті болған емес.Сондықтан, жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуға қажетті жағдай жасалуын, білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ету көзделуде.Білім беру мазмұнын жетілдіру,білім сапасын арттыру мәселелері жан-жақты қарастырыла бастады. Бұл болашақ педагог мамандардың өз ісіне жауапкершілікпен қарауын және шығармашылығы мен іскерлігін ұдайы ұштап отыруын талап етеді.Осыған сәйкес арнаулы мамандарды даярлайтын оқу орындары болашақ мамандарды түрлі сипаттағы кәсіби қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени қызметтерге даярлауда, белгілі бір көлемде нақты білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оның адамдармен және адам үшін жұмыс істей алуына негіз қалауы қажет және олардың бойында мәдени әлеуетін қалыптастыру,өмір сүруі мен болмысының тәсілдерін айқындап, еңбегінің мазмұнды да өнімді болуына ықпал ету, бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі кәсіби деңгейін көтеріп отыру,сонымен қатар педагогикалық технологияларды пайдалана білуге даярлауы қажет. Сонда ғана қәзіргі кезеңдегі мектепке дейінгі мекеме толық қанды жұмыс жасай алады.

2. Мектеп дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар.
Қазақстандық мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың негізгі қағидаттары мен басымдықтары Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында айқындалған.Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа негізде құру - өте жауапты әрі күрделі міндет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және шет тілдерін оқытуды қамтитын Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары бекітілді.МЖБС пен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламалары мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімі арасындағы сабақтастық проблемаларын тиімді шешуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда республикадағы мектепке дейінгі ұйымдарда 90-нан астам атауды қамтитын оқу-әдістемелік кешендері бар Балбөбек, Қайнар, Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз, 5-6 жастағы балаларды мектеп және 5-7 жастағы балаларды балабақша жағдайларында мектепалды даярлаудың жалпы білім беру бағдарламасы пайдаланылады.
Мектепке дейінгі білім берудің шетелдік тәжірибесінің технологиялары пайдаланылады.
Мысалы, әр баланың даралығын дамыту негіз етіп алынған Монтессори технологиясы бойынша оқу материалдары. Н. Зайцевтің жүйесі бойынша оқыту балалардың оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Баланың сезім аппараты арқылы Вальдорф педагогикасы (Штайнердің әдістемесі) дүниені табиғи жолмен тануын қамтамасыз етеді. Балаларды дамытуда Ф. Фребельдің текшелерін пайдалану баланы қарапайым геометриялық пішіндермен таныстыруға мүмкіндік береді.Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесіне талдау жүргізілді. Бұл мынадай проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді: балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен жұмыс нысандарының қазіргі заман талабына сәйкес келмеуі, мұнда балалардың танымдық қызығушылықтары, олардың білуге құмарлығы мен дербестігі ескерілмейді. Бұдан басқа мектепке дейінгі білім беруде технологияларды енгізуде жүйеліліктің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны МЖБС талаптарына сәйкес қайта жаңарту талап етіледі.
Қазіргі уақытта Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз, Мектепалды даярлықтың жалпы білім беру бағдарламасы негізгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының, сондай-ақ Балбөбек, Қайнар және т.б. баламалы бағдарламалардың мазмұны жаңартылуда. .
Қоғамымыздың барлық саласында болып жатқан жаһандық қайта құру мемлекетіміздің болашақтағы зияткерлік әлеуетін айқындайтын және оның өсіп-өркендеуіне жағдай жасайтын білім жүйесін де бейжай қалдырмады.
Халықаралық тәжірибе заманауи білім берудің өзекті міндеттерінің бірі мектепке дейінгі жастағы зияткерлік тұрғыдан дамыған балаларды анықтау, оқыту мен тәрбиелеу болып табылатынын көрсетеді. Мәселен, Ресейде, Жапонияда, Финляндияда, АҚШ-та, Қытайда және т.б. дамыған елдерде әл-ауқаттың артуы ерте жастан бастап балалардың зияткерлік дамуына капитал салуымен байланысты. Осы мемлекеттердің бәрінде жаңа үлгідегі ұйымдардың желісі - мектепке дейінгі зияткерлік ұйымы арқылы іске асырылатын зияткер дамыған баланы тәрбиелеуде жаңа ақпараттық технологиялар мен ғылыми жетістіктер пайдаланылады. .
Балалардың жалпы және арнайы зияткерлік қабілеттері зияткерлік пен креативтілік арақатынасы тұрғысынан В.П. Зинченко, П.Я. Гальперина, А.Н. Леонтьева, М.А. Холодной, А.М. Матюшкина, Д.Б. Богоявленской, Б.М. Теплова, С.Д. Бирюкова, А.Н. Воронина, Л.А. Венгер және т.б. Ресей ғалымдарының еңбектерінде айқындалған. Американдық психолог Брайан Дж. Кэрролл балалардың қабілеттерін зерделеу мен өлшеу кезінде олардың танымдық іс-әрекетіндегі орнын айқындау қажеттігін, яғни әрбір балаға оның жеке дамуы үшін жағдай жасау керектігін көрсетті. Мектепке дейінгі деңгейді дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін түсіне отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жобасының шеңберінде балаларды ерте дамыту бойынша зерттеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ерте жастағы балаларды дамытудың түрлі нысандарын дамыту жөнінде іс-шараларжүргізуде:
1. Икемді режимдегі бөбекжай, бөбекжай-балабақша, шағын орталық желілерін кеңейту, жеке сектордағы күтіп-бағу мен қарау тобын, балаларды ерте жастан дамыту орталықтарын құру, сондай-ақ ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдардың жаңа типтері мен түрлерін құру (санаторлық бөбекжай, балалы аналарға арналған профилакторийлер жәнет.б.)
2. Консультациялық пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабар тарату арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз енгізу.
3. Ата-аналарды ағарту жөніндегі инновациялық технологиялар енгізу: үйрететін сайттар, қашықтықтан білім беру, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділін қамтамасыз ету.
4. Ерте жастағы балалармен жұмыс істеу үшін гувернер-мамандар дайындау, сондай-ақ кадрлар қайта біліктілік беру жөнінде оқыту курстарын ұйымдастыру
5. Балалардың зияткерлік дамуы үшін (бесік жыры, ертегілер, аңыздар, эпостар және т.б.) адамгершілік-рухани құндылығы бар базамен қамтамасыз ету.
6. Балаларды ерте дамыту бойынша мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарту.
7. Жеке білім беру мен өз балаларының біліміне инвестицияларды пайдалану
жөніндегі ата-аналардың қамқоршылық кеңестерін қолдау тетігін әзірлеу.
8. Балаларды ерте дамыту жөнінде іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.Мемлекет бала 3 жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу бойынша демалыс кезінде қызметкерлердің жұмыс орнын сақтай отырып, аналарға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінде оқыту және баланы күтіп-бағу жүйелерін бөлу жұмыс істейді. Бөбек жасындағы балалар, әдетте аналарының ерте күтіп-бағу жүйесімен қамтамасыз етілген. Бөбек жасындағы балаларды күтіп-бағу жүйесі оқытумен тығыз байланысқан Солтүстік Еуропа елдері (Норвегия, Финляндия, Швеция) бұған кірмейді.Ал, Орталық Еуропа елдерінде экологиялық балабақшалар пайда болған. Қоршаған ортаны қорғау қажеттігі, салауатты өмірге ұмтылушылық, табиғатқа сүйіспеншілікті арттырусияқты себептермен олардың саны көбеюде.Экологиялық балабақшаларда гүл өсіру,жеміс,бақша өсіру қолға алынған.Балалар олардың өсуін өз қамқорлықтарына алып, өсу процнесіне бақылау жүргізеді. Бөлме өсімдіктерін күтіп зерттейді,табиғи тәсілдер арқылы өсімдік зиянкестерімен күреседі.Олардағы ойыншықтардың едәуір құрамын табиғи заттар құрайды: ағаш ойыншықтар,емен жаңғақтары, ұлу қауашақтары, түрлі әсем тастар, құм, қой жүні,т.б. Жиһаздардың да жасалуы қадағаланады.Пайдаланылатын желімді, бояуларды балалар өздері дайындайды. Мұнда тиісті шараларға, мерекелерге арнап нан пісіру, тамақ дайындау ата-аналар және балалардың қатысуымен іске асырылады. Балабақшаның алаңында түрлі табиғи жабдықтар жасалады. Бұл жағдайлардың барлығы балаларға бір жағынан экологиялық тәрбие беру болса ,екінші жағынан еңбекке баулу болып табылады .Сондай - ақ экологиялық бағытта Данияда орман балабақшалары да құрылған екен.Мұнда табиғатты қорғау, табиғатқа сүйіспеншілік сезімдері оқу-тәрбиесі орман жағдайында ұйымдастыру арқылы жүрзеге асады, әр баланың денсаулығын нығайту көзделеді. Әр топта 15 баладан орман ішінде жылжымалы вагондарда жұмыс істейтін орман балабақшаларында балалар күні бойы демалады, ойнайды, орман өсімдіктерін, жан-жануарларды бақылайды, дене шынықтырады, ормандағы табиғи материалдардан ойыншықтар жасайды, орман бұтақтарын тамашалайды, ұйымдасып әңгіме тыңдайды (орманшыларды, тәрбиешілерді,ата-аналарды), кітап оқиды.Әр баланың арқа қоржынында өзіннің сүйікті ойыншығы және тамағы болады. Күн сайын жаңа алаңда тамақтанады. Тамақ қалдықтарын жинап, үйлеріне алып кетеді. Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея, т.б. елдердегі мектепке дейінгі білім мекемелерінде экологиялық тәрбие бағдарламаларда жетекші мән алған. Олар тек табиғатқа сүйіспеншілік сезімін баулумен шектелмейді, ең алдымен күнделікті тұрмыста дұрыс мінез танытуға үйретеді, атап айтқанда жер, су, ауа, энергия, өсімдік және жануарлар сияқты табиғи қорларды дұрыс сақтауға балаларды бағыттап отырады. Сонымен мектепке дейінгі білім беруге тән жалпы әлемдік процестерді жинақтап айтқанда. Ол мынаған саяды: тәрбиешілер баланың қоршаған ортамен қуанышты және алаңсыз айналысуын, мейілінше дербестігін, білуге құмарлығын, түрлі тәсілдермен өзін таныта алуын ынталандыратын жағдай, орта жасайды. Оқыту мен тәрбиелеу күштеусіз, бедел мен ынта -- ықыласқа негізделіп, жоғары деңгейдегі кәсіптік сапада атқарылады. Бұл жағдайлар біз үшін де үлгі алуға тұрарлық жағдай. Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгін қалаушы мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысу жағдайын жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады. Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесін 12 жылдық оқытуға көшіруді ескере отырып, балаларды мектепте үш жастан алты жасқа дейін оқытуға дайындауды қамтамасыз ету қажет.Баланың жан-жақты дамуы үшін тиісті орта, яғни мектепке дейінгі зияткерлік ұйым қажет. Англия, Голландия, Австралия, Жаңа Зеландияның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жұмысын талдау балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тартудың тиімділігін көрсетеді. Жұмыстың аталған нысаны республикамыздың жекелеген өңірлерінде ата-аналарға арналған консультациялық пункттер түрінде табысты енгізіле бастады. Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді, мектепке дейінгі ұйымға бармайтын бала тұлғасының жан-жақты дамуын қолдауды қамтамасыз ету мақсатында республикада ата-аналарға арналған 1046 консультациялық пункт жұмыс істейді. Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Бағдарлама шеңберінде жер-жерде ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді ашу жалғасады. Стратегиялық маңызды құжаттарды: 2011 - 2020 жылдарға арналған БДМБ және 2010 - 2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасын қабылдау халықты мектепке дейінгі көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігіне ынталандырды және адамдардың мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға өтініш беруінің көбеюіне түрткі болды. Бұл бір ғана көрсеткіштерге қарай отырып мектепке дейінгі мекемемелердің санын арттыру қажет екені сөзсіз. Министрлік МЖӘ-нің жұмыс істеуіне аз көңіл бөліп отырған, бұл шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері үшін мектепке дейінгі білім беру секторының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда балабақшаларда орын тапшылығының проблемасын шешу мақсатында білім беру саласындағы үш концессиялық жоба жоспарлау кезеңінде тұр.
Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін жетілдіру мақсатында Министрлік Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығын қабылдады. Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 3128 балабақша жұмыс істейді, оның 1115-і (35,6 %) ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.Ыңғайластырылған ғимараттарда балабақшалар ашу кезінде Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысына сәйкес барлық жағдайлар жасалуда. Мектепке дейінгі ұйымдарда қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес спорт жабдықтарымен (швед баспалдақтары, гимнастикалық орындықтар, тренажерлер, степ-тақтайшалар, массаж жасайтын құралдар) жарақтандырылған спорт залдары бар. Балабақшалардың топтық бөлмелерінде ұсақ спорттық мүкәммалдар, спорт және қимыл ойындарының атрибутикасы бар дене тәрбиесінің бұрыштары жабдықталған. Финляндияның білім беру мекемелерінің орын-жайларын трансформациялау есебінен кеңістікті өзгерту бойынша инновациялық жобаларын зерделеу балалардың даму ортасын құру үшін балабақшалардың топтық орын-жайларын ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. Әрбір мектепке дейінгі ұйымның аумағында балалардың қимыл-қозғалыс, ойын әрекеті жүзеге асатын, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар өткізілетін ойын және спорт алаңдары жабдықталған. Заманауи жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.

2.1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің кәзіргі кезеңдегі дамуы.
Қазақстандағы заманауи қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың зияткерлік, жеке және дене дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға ықпал етеді.Азаматтарды, отбасын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық база жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын
қамтамасыз ететін нормалар қабылданды. Сөйлеу, ақыл-ой, эмоциялық-ерік саласы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламалары әзірленіп, сынақтан өткізілді.
Балабақшаға бармайтын балалар үшін мектеп жасына дейінгі балалардың үй жағдайларында дамуын қамтамасыз етуге бағытталған Язык детской игры атты білім беру курсы әзірленді.
Заманауи жағдайларда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында Бағдарламаны іске асыру басталғанда жас педагог қызметкерлердің саны өскені байқалады.Сонымен қатарбалабақшалардың педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі жақсару үрдісін көрсеткен. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түлектері заңнамаға сәйкес медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға арналған медбикенің 1,5 ставкасы және диеталық бикенің 0,5 ставкасы көзделген. Баланың дене және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын, физиотерапия кабинеттері бар ұйымдарда дәрігер лауазымының бір штат бірлігі көзделген.2010 - 2014 жылдары медициналық колледждерді бітіретін медбикелердің межеленген саны 720 адам, бұл 2010 - 2014 жылдары мектеп жасына дейінгі оқушыларға медициналық қызмет көрсетуге арналған кадрларға қажеттілікті қанағаттандырады. Бұдан басқа, шағын орталықтардағы, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің (МСАК) аумақтық ұйымдарында жүзеге асырылатын болады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру үрдісі байқалуда. Мемлекет мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке меншік жеткізушілердің көрсетілетін қызметтерін қолдау жөніндегі шаралар қабылдауда. Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда орналастыру практикасы бар. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі 6770 елді мекеннің 4691-інде, немесе 69 %-ында мектепке дейінгі ұйымдар жоқ. Аталған факт білім беру ұйымдарын ашу үшін балалардың жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың бір түрі ретінде шағын орталықтар құрыла бастады және де 2010 жылы олардың саны 2969 бірлікке, ал контингенті 75 872 балаға жетті. Бағдарламаны іске асыру басталғанда бес-алты жастағы 271 мыңнан астам бала жалпы білім беретін 6430 мектептің базасында 1271 балабақшада мектепалды даярлықпен қамтамасыз етілді.Осы бағдарлама аясында біздің облыста біршама жұмыстар атқарған екен.
Ақтөбе облысында Балапан бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі мекемелер жүйесі 27%-ға көбейді - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі осы ағымдағы жылдың қыркүйек айында
Жалпы Балапан бағдарламасына іске асыру барысында мектепке дейінгі ұйымдар саны 141-ге өсті. Оның 60-ы балабақша болса, 81-і шағын орталықтар. Жалпы орын саны - 7768. Бұл мектепке дейінгі бүлдіршіндердің 14323 мыңын қамтуға мүмкіндік беріп отыр, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 1060 орындық 9 балабақша салынды. Кезінде жекешелендірілген 1480 орындық 7 балабақша қайтарылды. Қала сыртындағы 1565 орындық 32 түрлі ғимараттар жөндеуден өтті.1863 орындық мектепке дейінгі шағын орталықтар ашылды, 1290 орындық 9 жекеменшік балабақша мен 1 қабатты 150 орындық 2 балабақша Ақтөбе қаласы мен Алға ауданында ашылды.
Жалпылай алғанда 2010-2013 жылдар арасында облыс көлемінде 7718 орындық 132 мектепке дейінгі ұйым ашылған.
Айта кету керек, мектепке дейінгі мекемелер құрылысын қолға алуда мемлекеттк тапсырмалардың алар орны орасан. Өткен жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі мекемелердің жеке меншік түрі 7-ден 16-ға артқан. 2010-2014 жылдарға арналған Балапан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына сәйкес Ақтөбе облысында бүлдіршіндердің 106 мектепке дейінгі мекемесі ашылады.
Бүгінде облыс көлемінде 2014-2020 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекемелер құрылысының қарқынды жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала жоспар бойынша Ақтөбе облысында осы жылдар аралығында үш-алты жас аралығындағы бүлдіршіндер жүз пайыз балабақшамен қамтамасыз етілмек. Міне бүгінгі деректерге қарап отырып біздің облыста мектепке дейінгі нысандарды салып іске қосуда біршама жұмыстар атқарғандығын байқауға болады.
Ал,жалпы Қазақстанда Балапан бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері балалар бақшалары мен шағын орталықтар саны төрт есе , оның ішінде жекеменшік балалар бақшасының саны екі жарым есе өскен екен. Бүгінде мектепке дейінгі білім берумен үштен алты жасқа дейінгі балалардың 71,5% қамтылған, төрт мыңнан астам мектеп алды ұйымдары құрылған, балалар бақшаларын құру жөніндегі мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік енгізілуде. ҚР БҒМ ақпарына қарағанда, қазіргі кезде елімізде 8590 мектепалды ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде - 3128 балалар бақшасы мен 5462 шағын орталық бар, оларда 644,3 мың бала тәрбиеленеді.Балаларды мектепалды тәрбиесімен және оқытумен қамтамасыз етудің 2010-2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Жолдауына және Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарына сай әзірленген.Бағдарламаның негізгі мақсаты - 2015 жылға дейін балалардың жетпіс пайыз мектепалды тәрбиесімен және оқытумен және үш пен алты жастағы балалардымектепке даярлау ұйымдарымен толығымен қамтамасыз ету.2007-2009 жылдары Қазақстанда 142,1 мың орындық 2557 мектепалды ұйымдары ашылды, оның ішінде 75 мың балаға арналған 612 балалар бақшасы болған. ҚР БҒМ мәліметтері бойынша, 2010 жылы құжат жүзеге асқанға дейін республикада 4972 мектепалды ұйымы болған, оның 2003 - балалар бақшасы. Балаларды мектепалды ұйымында тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектеп жасына дейінгі балалардың 38,7 % құрайды. Соңғы жылдары балалар бақшасына қатысты заңнама елеулі түрде оңтайландырылып, енді балалар бақшаларын тұрғын үйлердің бірінші қабаттарынан ашуға рұқсат етілді. Әлемдік тәжірибе мектепте оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланың үштен алты жасқа дейінгі даму кезеңі болып табылатынын көрсетті. Айталық, Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ жасы үштен алты жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда жағдай осыған ұқсас. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай - бір жарым жастан үш жасқа дейінгі, балабақшалар - үш жастан бастап алты-жеті жасқа дейінгі балаларды қамтамасыз етеді. 2013 жылы мектепке дейінгі ұйымға баратын барлық балалар санының - 89,7 %-ын үш жастан алты жасқа дейінгі балалар, 10,3 %-ын екіден үш жасқа дейінгі балалар құрады. Бұдан басқа, республикадағы тоғыз облыстың балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс істеді, онда екі жасқа дейінгі балалар тәрбиеленген.Елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеу проблемасы өзекті күйінде қалып отыр. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қажеттілік барлық өңірлерде байқалды: Бағдарламаны іске асыру басталғанда бір жастан алты жасқа дейінгі 260 мыңнан астам бала мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру үшін тіркелген. Балабақша топтарындағы тығыздық: 100 орынға орташа есеппен алғанда республика бойынша 111 адамнан келді. 2010 жылы мектепке дейінгі ұйымға орын алу үшін кезекке тіркелген 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны 147084 адамды немесе балалардың жалпы санының 56,4 %-ын құрады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, балаларды оқу қызметіне сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады. 2013 жылғы 1 қаңтарда республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаған, оларға 644,3 мың адам барған. Бұл көрсеткіштерден мектепке дейінгі ұйымдардың әлі де болса балаларды толық қамти алмай отырғаны байқалады.
Оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і 39 арнайы балабақшада тәрбиелеумен қамтылған. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы 71,5 %-ды құрады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып (Германияда, Жапонияда балалар толық күн болмайтын мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді), сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен кең ауқымда қамту мақсатында шағын орталықтар белсенді түрде ашылуда. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар санын арттыру негізінен шағын орталықтар желісін (шағын орталықтар - 63,5 %, балабақшалар - 36,4 %) дамыту есебінен қамтамасыз етілген. Бұл ретте жарты күн болатын шағын орталықтар саны басым. Тиісінше жарақтандырылған және толық күн болатын шағын орталықтар саны 2197 бірлікті құрайды (40,5 %). Шағын орталықтардың белсенді түрде ашылуы негізінен Шығыс Қазақстан , Қостанай , Солтүстік Қазақстан , Алматы облыстарында байқалады. Қазақстан Республикасының заңнамасында білім беру саласындағы халықаралық негіз қалаушы құжаттарға сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білімге тең құқықтар қағидаты көзделеді. Бүгінде республикада инклюзивтік білім беру 2375 балаға арналған 166 балабақшада жүзеге асырылады, ол анықталған даму мүмкіндігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің мәні оның міндеттері мен құрылымын нақтылау
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі мекемелердегі инновациялық педагогикалық технологиялар туралы түсінік
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қазақстандағы инновациялық технологияның бүгінгі даму қарқыны
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
Спорттық дайындық құрылымы
Балабақшадағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Пәндер