Нарықтық экономикадағы меншік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І МЕНШІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ . . . 6

1. 1 Меншік - экономикалық категория . . . 6

1. 2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері . . . 9

1. 3 Меншіктің экономикалық мазмұны . . . 12

ІІ МЕНШІК ФОРМАЛАРЫНЫҢ ӘР АЛУАНДЫҒЫ - НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ . . . 15

2. 1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері . . . 15

2. 2 Мемлекет иелігінен алудың мәні . . . 22

2. 3 Жекешелендіру мәні, қызметі . . . 23

ІІІ КӘСІПКЕРЛІК-РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА МЕНШІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ ӘДІСІ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31








КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - нарықтық экономикадағы меншік. Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын қарастыру.

Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:

- меншік экономикалық категория ретінде;

- меншік түрлері, олардың қызметі;

- меншік формалары мен заңдылықтары.

Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.

Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.

Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері - Рональд Коуз (1915 ж. ) және Армен Алчиан (1914 ж. ) қосты. Бұл теория кейінірек Й. Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен-өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.

Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық, жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық, буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан және байланысты сомасы. Онымен қатар, қоғамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбекпен жасалған жаңа құн.

Бұл курстық жұмысымның өзектілігі: меншік - экономикалық категориясы ретінде; меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері; меншіктің экономикалық мазмұны; нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері; мемлекет иелігінен алудың мәні; жекешелендіру мәні, қызметі.

Тұтастай мемлекеттік меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық экономикасына көшу кезеңінде анық көріне бастады. Нарық экономикасының қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.

«Мемлекет қарамағынан алу» түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік-директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді.

Меншік - бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие болудағы қатынастары. Меншіктің экономикалық мәні өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын өзіне қосатын, өндіріс қатынастарының жиынтығы арқылы көрінеді.

Меншіктің басты мәнін анықтаушы иемдену болып табылады. Иемдену экономикалықпен қатар, күштеу немесе заңды әдістермен меншіктегі объектіні субъектімен басқа субъектіден иесіздендіру болып табылады. Иемдену санатын зерттей отырып, еңбек жолымен, өндіріс кезінде жүзеге асатын акт ретінде және сұрау ретінде көрсетуге болады.

Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы.

Меншік объектісі - табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, ақпараттар және т. б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта заңдық, құқықтық және экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады.

Меншік формасы - ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері) . Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімде меншік формаларына жеке-дара тоқталып қарастырамын.










І Меншік - экономикалық категория ретінде

1. 1 Меншік-экономикалық категория

Ең алдымен меншік дегеніміз не? Оның мәнін жалпы алғанда кез келген ересек адамның түсінуі де, түсіндіруі де мүмкін. Көпшілігінде бұл сұраққа жауап күнделікті тұрмыс-тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Мысалы, «меншік - дәл жеке дара басыма тиесілінің бәрі, меншік - басқа біреудің иелігіндегі байлығы» т. б. Әрине меншіктің бұдан да басқа анықтамасы болғаны тарихтан белгілі. Ертеректегі француз социалисі Пьер Жозеф Прудоның (1809-1865 ж. ж. ) меншік - ұрлау деген мағынаны береді дегені бар.

Жоғарыда келтірілген анықтамаларда белгілі бір ақиқаттың бары анық. Олай дейтініміз осы түсініктемелердің қай-қайсысында да бірінші кезекте адамның затқа қатынасы (материалдық игіліктерге) сипатталады. Шын мәнінде дәл осылай ма екен? Меншік түсінігі адамның «тірі», не «өлі» материалға қатынасы ма? Бұған үзілді-кесілді бір жақты жауап беру дұрыс болмас еді. Олай дейтініміз экономикалық теорияда «робинзонада» әдісінің кеңінен орын алатыны белгілі. Міне осы әдісті меншіктің мәнін, мазмұнын толық түсіну үшін қолданып көрейік. Адам аяғы баспаған аралда Робинзон бір өзі емір сүрді деп ұйғаралық. Ол табиғаттың жемісін, атап айтқанда, банан жеп, өзеннен балық ұстап, пальма жапырақтарынан киім киіп тіршілік етеді. Ал Робинзон өзі-өзіне осының бәрі менің меншігім деп айта алар ма еді? Өзін айнала қоршаған материалдық игіліктердің бәрі де менікі деген түсінік оның миына да кіріп шықпас еді. Қоршаған, көзге көрінгеннің бәрі де менікі деп айту үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт. Олай болса бұдан мынадай қорытынды шығаруға болар еді: меншік - адамның затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте (әрдайым емес) затпен байланысты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Дәстүрлі кеңестік, қайта құру кезеңіне дейінгі экономикалық әдебиеттерде меншік категориясының мәнін, оның адамдар арасындағы қатынасты сипаттайтынын тек К. Маркс ашқан түсінік берік орнағаны белгілі. Сөз жоқ, К. Маркс меншіктің әлеуметтік-экономикалық мән-мазмұнын ашуда елеулі үлес қосқаны даусыз мәселе. Алайда жоғарыда келтірілген П. Ж. Прудонның меншік туралы түсініктемесі де оның адамдар арасындағы қатынас екенін сипаттап тұрған жоқ па? Өйткені бір адамның екінші бір адамнан ұрлай алатыны белгілі. Олай болса бұл арада қатынас туралы әңгіме болып отыр. Ал қазіргі батыстық экономикалық пікірлерге көңіл аударар болсақ, мысалы П. Хейненің «Экономикалық ойлау бейнесі» деген әйгілі кітабында меншіктенудің қайшылықты мәселелеріне арналған XIII тарауында, меншікті адамдар арасындағы қатынас деп жазған. Мұнда П. Хейне 1991 жылы эконо- мика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты американдық экономист - Рональд Коуздың (1910 жылы туған) меншік және рыноктық қатынастар мәселелеріне арналған терең де, ерекше идеяларын негізге ала отырып, меншік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың өзара қатынасы деп сипаттайды.

Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің біреудің иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз: «мына жер аумағы - менің меншігімде». Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай түсіндіріледі? Жер бетінде адам өз бетімен жұмыс істей ме? Әлде сол жерде басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке салып, содан тиісінше табыс алатын шығар? Байқап отырсақ меншіктің экономикалық мән-мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен.

Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін осы әдіс анықтайды (әлеуметтік-экономикалық дамуға формация шеңберінде талдау жасағанда) :

- бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, құл иеленушілік және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі;

- жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі.

Формациялық тұрғыдан қарау қосылудың басқа түрлерін классификациялау мүмкіндігін бермейді. Тікелей өндірушілерді мемлекет күш көрсету жолымен қосу, әдетте, меншіктің азиялық өндіріс әдісіне тән жағдайды сипаттайды (азиялық өндіріс әдісі түсінігін ғылыми айналымға К. Маркс енгізген), сонымен қатар «нақты социализм», немесе «феодалды социализм» немесе әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі меншіктің типтері. Формациялық тұрғыдан меншік түрлерін түсіндіргенде өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы ешкімнің көмегінсіз, сыртқы күш көрсету жолынсыз (жай тауар өндіруші - қолөнерші, фермер т. б. ) орын алады деп түсіндіру де қисынсыз. Тағы да бір басып айтатын жағдай, меншікті экономикалық категория ретінде түсіну, оның мәнін ашу адамдар арасындағы өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады. К. Маркстің мына бір пікірімен келіспеске болмас (жерге меншіктің пайда болуы мен мазмұнын сипаттағанда) : «Оқшауланған жеке адам жерге иелік ете алмайтыны сияқты, оны айта да алмас еді».

Меншікті заңдылық құқылық тұрғыдан қарастыру да маңызды (ол туралы келесі параграфта толығырақ әңгімеленеді) . Меншік заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын керсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік қатынастарды құқықтар нормасы ғана емес, мораль нормалары, дәстүр формаларын қабылдау, жай әділеттілік ережелері т. б. арқылы да көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің мүлігін ұрламауы тек бір жауапкершілігінен қорыққандықтан емес, сонымен қатар ол оның ар-ұжданына өмір сүріп отырған қоғамның салт-дәстүріне қайшы келетіндіктен де болуы ықтимал.

Жеке және қоғамдық меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К. Маркстің еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Өйткені жеке меншік мәселесіне К. Маркс еңбектерінде қатаң үкім шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін болсақ, К. Маркс «Капиталында» бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді пікірлер айтқанын ескерген абзал.

Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты объективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік, онымен байланысты экономикалық оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) тауарлы, рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты. Адамның жеке дара оқшаулануы белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі осы жеке дара оқшауланудың басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны ыдыратады. (К. Маркс) . Алғашқы қауымдық құрылыстың өндірістік қатынастарының шектеулі сипаты туралы айта келе К. Маркс, бұл қоғамда «қоғамның, не жеке бастың еркін және толық мағынада дамуы мүмкін емес» деп жазды (К. Маркс) .

Сонымен, жеке меншік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады. Солай бола тұрса да, «Капитал» мен «Коммунистік партияның манифесі» жеке меншікке мүлдем қарсы. Буржуазиялық қоғамның бүкіл қайшылықтары мен қарама-қарсылықтары пролетариаттың қанауда болуы, қайыршылануы, оның тұрмыс жағдайының абсолютті және салыстырмалы нашарлануының барлық салдарын осы жеке меншікпен байланыстырды.

Экспроприаторларды экспроприациялау деген әйгілі ұраннан баска, К. Маркстің мына бір пікірін де еске түсірелік, яғни жеке меншікті жою әлеуметтік революция және пролетариат диктатурасының үстемдігін орнату жолымен шектелмейді. Экономикалық дамудың объективті жолы жеке меншіктің жойылуына әкеліп тірейді. К. Маркстің акционерлік қоғам туралы сипаттамасына көңіл аударатын болсақ, ол мұны капиталистік өндіріс әдісі шеңберінде капитализмнің ыдырауы деп көрсеткен.

Әрине жеке меншіктің қанаушылықты жоққа шығармайтыны да белгілі (әсіресе капитализмнің қалыптасу кезеңінде) . Дегенмен қанаушылық мәселесіне тәптіштеп талдау жасамай-ақ, оның экономикалық категория ретінде мәніне теориялық тұрғыдан қарау қажеттігі де жоқ емес. Олай дейтініміз қанау процесі тек жеке меншікке ғана байланысты деу көңілге сенімсіз. Бұрынғы КСРО-ның бүкілхалықтық меншік кезеңіне халықтың мемлекет тарапынан қанауға ұшырағанын ашып айтпасқа болмас. Оған мына бір деректің өзі дәлел бола алады. 80-жылдардың орта шенінде жалақының ұлттық табыстағы үлесі КСРО-да - 35 процент, ал батыс елдерінде - 65 процент болды. Жеке меншіктің өзі әр қилы формаларда болады: жеке, өз басының еңбегіне негізделген жеке меншік; жалдамалы еңбекке негізделген капиталистік жеке меншік; ұжымдық формадағы жеке меншік (кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік кәсіпорындар) .

Мемлекеттік меншік мәселесі өз алдына талдауды қажет етеді. Кеңестік дәуірдегі саяси экономияда меншіктің бұл түрі жеке меншікке жатпағаны айдан анық. Шын мәнінде сол тұстағы оқулық авторлары, мемлекеттік меншік «бюрократияның жеке меншігі» деген К. Маркс пікірін ешқашан ескерген емес. Ал мұның өзі мемлекеттік меншікті «қоғамдық» немесе «бүкілхалықтық» деген балама түсінікке қарағанда ақиқатқа анағұрлым жақын екені де көрініп тұрған жоқ па?

Сонымен, марксизм-ленинизм классиктері жеке меншікті бүкіл әлеуметтік зілдің, әділетсіздіктің зардабы деп қарағаны белгілі. Солай дей отырып, коммунизм мен социализм бір жағынан, жеке меншікке негізделген рынок, екінші жағынан, теориялық тұрғыдан бір-біріне қарама-қарсы, сиыспайды деп қорытындылады. Рынокты және жеке меншікті түп-тамырымен жою «әскери коммунизм» кезеңінде практикалық мәселе ретінде күн тәртібіне қойылды, одан кейінгі ондаған жылдар бойы да дәл солай болғанын тарих дәлелдеп отыр (жаңа экономикалық саясаттың кезеңін есептегенде) . Жеке меншік жұмысшының, қызметкердің еркін еңбек етуіне өзіндік құқы барын растайды, оған кепілдік береді. Жалданып еңбек етудің еркінділік принципі әлеуметтік және шаруашылық өмірде анайы, экономикалық, физикалық тұрғыдан еңбекке зорлық-зомбылықты жоққа шығарды. Жеке меншік өзіне тән жекешелену, оқшаулану, пайда табуға ұмтылумен оны ыдыратады деген түсініктің берік орын алып келгені де белгілі (марксизм-ленинизм классиктері осылайша сипаттады) .

Алайда, тауарлы шаруашылық жағдайында жеке меншік иесі рынокта өз тауарларын рыноктық байланыстарға сүйене отырып өткізеді, жеке меншік өндірушілерді біріктіреді, қоғамдық қажеттіліктерді үлкен тиімділікпен қанағаттандыру мүмкіншілігін туғызады. Әрине, жеке меншік жер бетінде тек молшылық, әділет әкеледі деп айту да күпіршілік шығар, алайда оның «нақты социализм практикасында» орын алмағанынан ұтылмасақ ұтпағанымыз да нағыз шындық. Жалпы жеке меншік адамзат баласынын дамуында жеткен ірі жеңістерінің бірі деуге болады.

Қоғамдық меншік түсінігіне көңіл аударалық. Бұл категорияның өзі ойдан шығарылған, оны екі жақты практикалық және теориялық тұрғыдан дәлелдеу қиын емес сияқты. Практикалық тұрғыдан оның қисынсыз екені мынадан-ақ көрініп түр: қоғамдық меншікті мойындаған, ұран етіп ұстаган, барлық елдерде XX ғасыр бойы экономика өзінің тиімсіздігін әбден танытты (тапшылық, ашаршылық, бүкіл өндірістік ресурстарды тиімді пайдалана алмауы. Ал әлеуметтік-саяси тұрғыдан қоғамдық меншік тоталитарлық құрылыспен майдалап, жұмсартып айтқанда әкімшілдік-әміршілдік жүйемен тығыз байланысты. Теориялық тұрғыдан қоғамдық меншік логикалық ақыл-ойға сыймайтын түсінік.

Меншік экономикалық категория ретінде ең алдымен өз мәнінде жеке меншік болып табылады. Неліктен дейтін болсақ, ол үшін алғашқы қауымдық сатыны, адамзат қоғамының тууы, қоғамдық еңбек бөлінісі, шаруашылық өмірінің жекешеленуі, жалпы экономиканың қалыптасуы орын алмаған кезеңді еске түсірелік. Экономиканың өзі айырбас, рынок орын алған жерде қалыптасып даму алады, ол тек жеке меншік негізінде мүмкін болады. Алғашқы қауымдық меншік өндірістік шаруашылық іс-қимыл арқылы табиғаттан алып игеру, иемдену мүмкіндігін берді. Алайда, адамның жеке дара басының және экономиканың қалыптасуы тек жеке меншік институтымен тікелей байланысты.

Мұндай ұқсастық байланысты жеке меншік пен отбасының қалыптасуынан да көруге болады. Меншікті жекешелендірудің мәніне жан-жақты талдауды Ф. Хайектің «Өз-өзіне сенудің қауіптілігі» кітабында берілген. Адамның адам болуы (жануар емес) полугамиядан моногамиялық некелесуге, ерекше жеке махаббатқа көшуімен де байланысты. Олай болса, отбасы еркек пен әйелдің жеке дара өмір сүруі. Әрине отбасының үш және төрт адамнан да кұралады («швед семьясы») алайда 1000 адамнан құралса, бұл отбасы емес полигамия болғаны, жеке дара жыныстық қатынас сезімі емес, керісінше отбасының жоқтығын, сол сияқты қоғамдық меншіктің де меншік атаулының да болмағанын сипаттайды. Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол «менікі», «сенікі» емес, «біздікі», «сіздікі емес» деген ұғымды береді.

Кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік қалай болғаны? Бұлар қоғамдық меншік болмағаны ма?

Шын мәнінде кооперативтің де, акционерлік қоғамның да және мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады. Оның үстіне чиновниктердің немесе мемлекеттік бюрократияның өз мүдделері бар, ол әрдайым қоғамдық мүддемен ұштаса, үндесе бермейді. Мемлекеттің салыстырмалы жеке дара болуын Ф. Энгельс жайдан-жай айтпаған сияқты. К. Маркс те жоғарыда көрсетілгендей мемлекеттік меншікті бюрократияның «жеке меншігі» деп айтуы да жай болмағаны. Экономикалық тұрғыдан қоғамдық меншік қалай даму алады? Қалайша бүкіл қоғам қоғамдық меншік объектілеріне иелік етіп, оны пайдаланады? Бұл да өте қиын сұрақ. Сайлау органдары немесе қоғамның қызметтілігі арқылы ма? Халық сайлаған өкілдер қоғамның бір бөлігі ғана емес пе, олай болса олардың өзіндік, жеке меншіктілік мүддесін жоққа шығара алмаймыз (заң шеңберінде болсын, болмаса одан тысқары) ал қоғамдық мүдцені түсіну, ескеру мәселесіне ол қайшы келмейді.

Негізінде К. Маркс және қоғамдық меншіктің басқа да жақтаушылары XVIII-XIX ғғ. шаруашылықты бірлесіп ұйымдастырып, шаруашылық ісін саналы жоспарлаған болашақ коммуна (фаланстерлер, бірқатар діни қауымдар, жекелеген кооперативтер) тәжірибелерін механикалық түрде дәріптеген. Сөз жоқ, 100-150 адам шеңберінде бұл мүмкін де шығар. Ал Маркс бұл тәжірибені қоғамдық меншіктің құрылымына теориялық тұрғыдан ұсынды. Осыдан да шығар ғылыми коммунизмнің негізін қалаушы өз жұмыстарында қоғамдық меншікті экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытудың нақты пікірін жазбаған. Бұл жайдан жай емес, өйткені оны теориялық тұрғыдан жазып, іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін де емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Нарықтағы әлеуметтану
Меншіктің экономикалық мазмұны
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz