Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І Халықаралық қатынастардың экономикадағы объективті мазмұны

1. 1 Халықаралық қатынастардың негізгі нысандары

1. 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық қатынастарын реттеудің мәні

ІІ Халықаралық экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың формалары

2. 1 Халықаралық еңбек бөлінісінің экономикадағы көрінісі

2. 2 Дүниежүзілік шаруашылықтың интеграциялануы

2. 3. Халықаралық қаржы - экономикалық қатынастардың маңызды буыны

ІІІ Қазақстан Республикасының экономикалық қатыснастардың дамуы

3. 1

3. 2

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Бүгінде еліміздің егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа таныла бастауы Қазақстан Республикасы тарих ғылымында күрделі де жауапты бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Оның бір көрінісі ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бір жақты қаралып, ақиқаты айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегізінен өткізіп, шынайы бағасын беруге деген талпыныс. Қазіргі таңда ұлттық сананың қайта жаңғырған тұсында, Еліміздің зор мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, дамыған елу елдің қатарына қосылуға барша Қазақстан азаматтары атсалысып келе жатқаны баршамызға белгілі.

XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне ұшырады − капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану процесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі − әлемнің материалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық ұстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бұрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр − Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы) . Бұл аймақтық ұйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншыларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның ұстанымдарын білдіретін үкіметтік емес ұйымдар халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда. [1]

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШпен қатар жаһандануға, өңірленуге, сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері «әлеует кіндіктеріне» айналады деп болжануда. Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы, инвестициялау көлемінің ұлғаю, ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорынрдың құрылуы көрсетіп отыр.

Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша, 2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіреді. ХВҚ, Бүкіл әлемдік банк, Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің, ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды. 2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн 880 млрд. теңге (99 млрд) деңгейінде болжанып отыр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3, 5 есе ұлғайып, республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.

Сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады.

1. 1 Халықаралық қатынастардың негізгі нысандары

Халықаралық экономикалық қатынастар - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. Экономикалық қатынастардың аса маңызды нысандары - халықаралық сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал әкетілімі мен халықаралық несие, халықаралық валюталық (есеп айырысу) қатынастары, халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастық. Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты және өзара іс-қимылда болады. Халықаралық сауда экономикалық қатынастардың жетекші нысаны болып табылады.

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі - халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

  1. Абсолюттік артықшылық теориясы - басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.
  2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д. Рикардо ХІХ ғ. ) - мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.

Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар:

  • халықаралық еңбек бөлінісі;
  • тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда;
  • халықаралық несие;
  • өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы;
  • халықаралық валюта-қаржы қатынастары;
  • халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар;
  • экономикалық интеграция.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

  1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар - жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  2. Табиғи экономикалық факторлар - табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  3. Техникалық экономикалық факторлар - жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
  4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

  • белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
  • меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
  • бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т. б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы - бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:

  • жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;
  • ақша және тауар капитал миграциясы;
  • қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;
  • қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару - басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:

  • тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т. б. салаларға бағытталған;
  • портфельдік инвестиция - шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.

Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы - ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.

ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары:

  • осы аймақты дамыту;
  • әлемдік тәжірибе алу;
  • сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;
  • экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін: еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т. б. ) ; ашық аудандар мен қалалар.

Халықаралық несие - бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

  1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.
  • байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер) ;
  • қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.
  1. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.
  2. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.
  3. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.
  4. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.

Дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономиканың заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм. Яғни бұл ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр түрлі сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық, ғылымдық, т. б. байланыстар арқылы біріккен ғаламдық экономика.

Дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер боды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық бір тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес.

Дүниежүзілік шаруашылықтың болашағына және оның дамуына әсер ететін себептер:

  • ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдадауы, жаңа технологияның тарауы;
  • қоршаған ортаның проблемаларындағы ғаламдық өзгерістер;
  • халықаралық өсу мен қоныстаудың қозғалысы;
  • бай және кедей елдердің арасындағы алшақтықтың өсуі.

1. 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық қатынастарын реттеудің мәні

Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса - онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі:

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

  • кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту;
  • тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т. б. шаралар арқылы) ;
  • экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады;

2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Мемлекет даму үшін оның сыртқы экономикалық қатынастарының жан-жақты болуы маңызды. Ал оларды реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

  • сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
  • салық салу;
  • инвестициялау;
  • сыртқы қарыз алу;
  • сырткы берешек;
  • экспортты қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кірістіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі нарықты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салымдар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, баска бағалы қағаздар мен төлем каражаттарының бағамы жатады.

Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының, ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінін бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар ішін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары ішін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттық тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық, тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлгая түседі; екінші жағдайда импорттық − тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады. Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта нарығының қызметіне араласады.

Импорт кезінде шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы тґмендеуі жергілікті нарықта мүмкіндіктердің кезегендігін білдіреді және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты нарықтың тұқыруына ұрындырады.

Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.

Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол өз кезегінде, қаржы құралдары − экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары аркылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.

Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидалар бұзылады, әрі бұрмаланады. Бұл тұтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған импортты да шектеуге мәжбір етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.

Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады; бұл жерде жалпымемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары (экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болыл отыр.

Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.

Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаларының (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы ұту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.

Кеден тарифі ішкі нарықтағы шетелдік бәсекені реттейді. Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.

Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдеріні басты түрлерінің бірі кеден баждары − ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар. Отандық тәжірибеде баж салығының, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адвалорлық − салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен, айрықшалықты − белгіленген мґлшерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне, ал құрамдыстырылған мөлшерлемелер − салық салудың екі түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер. Әкелім, әкетілім, транзиттік, маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік, протекционистік (қолдампаздық), пұрсаттылықты (преференциалдық) кеден баждары болып ажыратылады. Қазақстанда импорттық (әкелімдік), маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады.

Қазақстанның кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және оның кеден заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларда кеден баждарынан басқа кеден төлемдерінің мынадай түрлері төленеді:

1) кеден ресімдеуі үшін кеден алымы;

2) тауарларды сақтау үшін кеден алымы;

3) кедендік ілесіп алып жүру үшін кеден алымы;

Қазқстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы; кеден ресімдеуі женіндегі маманның біліктілік аттестатын беру алымы; алдын − ала шешім үшін төлемдер және т. б.

Қаржы министрлігі мен оның Кедендік бақылау комитеті - кеден төлемдерін алудың тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік мағлұматқа сәйкес тауарларды кедендік бақылауға ұсынған кезде төлемдерді төлеуді тексереді.

ТМД мемлекетінде өнім жеткізілімі үшін кеден баждарын төлеу қолданыстағы заңнамаға және осы елдермен жасасқан үкіметаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Халықаралық экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың формалары

2. 1 Халықаралық еңбек бөлінісінің экономикадағы көрінісі

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі - халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми - техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттар
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Валюталық нарыққа қатысушылар
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Экономикалық Одақ жайлы
Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы
Түркия Республикасы құрылуының Кеңестік басылымдарда жариялануы
Қазақстанның Шығыс Еуропамен қарым-қатынасы
Қазақстан облыстарының алыс шетелдер мен экономикалық байланысы
Қазақстанмен екіжақты қатынасқа жапондық көзқарас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz