Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы ақпарат


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері
Орындаған: Өмірбек Г.
Тексерген: Қуантқан Б.
Семей 2015
Жоспар:
- Кіріспе бөлім
А. Нарық дегеніміз не?
- Негізгі бөлім
А. Нарықтық шаруашылық. Артықшылығы.
В. Нарықтық шаруашылықтың кемшлігі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу және сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.
Нарық қатынастарын зерттеуін экономикалық теория классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған Адам Смит пен Давид Рекардо жатады. Адам Смит рыноктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» - «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Рыноктың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Рыноктың тепе-теңдігі жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады - пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. Адам Смиттің ойынша, адам рынокта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін рынокқа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды. (Liberalis - еркін деген латын сөзі. ) К. Маркс экономикалық теорияда рынок тепе-тепеңдігі мәселесі үш деңгейде қараған: микродеңгей - көпсалалы шаруашылық деңгейін және қоғамдық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі. Мысалы, К. Маркс «Капиталдың» екінші томында рыноктык тепе-теңдіктің схемасын экономиканың әр түрлі аясындағы өндіріспен қорланудың өзара байланыстылығына қатысты қарастырған. К. Маркс схемасында ұдайы өндірістің екі бөлімшесі пайдаланылады. (І-өндіріс құрал-жабдығының ұдайы өндірісі, ІІ-тұтыну заттарының өндірісі) және өзара айырбастың болуы қарастырылады. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңдары айқындалады және жиынтық қоғамның өнімінің өткерілу шарты көрсетілген. Жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілуі І мен ІІ бөлімшелердің арасындағы және әр бөлімшенің өз ішіндегі пропорциясының сақталғанында ғана жүзеге асу мүмкіндігін К. Маркс ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасында көрсеткен. Осы прапорцияның бұзылуы әр түрлі өндіріс аясының өзара байланысының бұзылуына әкеліп, артық өндіру дағдарысын тудырады. К. Маркстың ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасындағы жалпы рыноктык тепе-теңдік швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910жж. ) осы тектес теориясына дөп келеді. Италия экономистері Вальфредо Паретто (1848-1923жж. ) мен Энрико Баронне (1859-1924жж. ) сияқты замандастары дер кезінде ол теорияны бағаламады. Шынын айтсақ, жалпы тепе-теңдікті талдау шаруашылықты жоспарлы жүргізу теориясының салдарын жасады.
Нарық дегеніміз - экономикалық категориядағы қатынастар.
Социалистік лагердегі қоғамдық меншікті дамытудағы экономикалық қатынастардың кесапаты жеке адамдардың мүмкіншілігіне қатаң тыйым салу салдарындағы білімсіздік, ең кедей мемлекеттер қатарына қосып кетті. Ал қазіргі қоғамның түпкі даму мақсаты - сондағы әркімнің өзіндік қабілет мүмкіндігіне байланысты құқықтық қатынастарды құру. Қандай бір қатынастар болмасын, оның ішіндегі ең өзектісі егелік экономикалық қатынастар. Экономикалық қатынастар дегеніміз өзі ақша, тауар, қарыз, несие, құнды қағаздар, т. б. барлық категориялардың қатынастары. Тек экономикалық қатынастар арқылы әркім өзін және өзіндік, өзгенікі және өзге материалдық және рухани әлеуметтік байлықты жасай алады. Экономикалық категориялар қызметтерінің тәртібі мен мақсатының нәтижесінде жарату, болу, қайта болу, тұтыну, жинау заңдылығы орындалады. Сонымен нарық дегеніміз - әрбір экономикалық қатынастардың жүру келісімді бағасын өлшеу арқылы анықтау. Экономикалық қатынастардың орындалуы алдымен нарықтық бағаны есептеу, нарықтық бағаға келісу, нарықтық келісім бағасымен есептесу процестерінен өтеді. Ал бұл процестердің толық орындалуы үшін оның заңды және жеке тұлғалар арасындағы сұраныстар мен ұсыныстардан құралған екі жақтық құқықтығы болады. Сұраныстар мен ұсыныстары жоқ жердегі экономикалық қатынастардың жүру нарығы болмайды.
Қазақстан экономикасының түйіні - мұнай-газ кешені. Қазақстанның «Стратегия - 2030» бағдарламасында энергетикалық ресурстарға және оларды тиімді пайдалануға приоритеттік мән беріледі. Мұнай ұлттық экономиканың болашақтағы дамуын анықтайды және анықтап берді.
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарық - айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Нарық бұрын - соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Шын мәнінде тауар - ақша, нарықтық байланыстар сату, сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар - ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе - теңдік қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Нарық түралы ілім. Ағылшын экономисі А. Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. жарық көрген. А. Смиттің досы Давид Юм алғашында оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде. А. Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз - еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А. Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. А. Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
А. Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау” -дейді В. И. Ленин, - “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. В. И. Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды.
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың қажеттілігіне қарағанда, табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілеті бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды. Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т. б. жатады. Ресурстарға тән нәрсе - олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл феномен шамасы “Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурсттар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеген «Көрінбейтін қол» деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты - өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол, оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады.
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де - жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де - елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Қазіргі заманғы нарық шаруашылығының қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезең - қарапайым тауарлық өндіріс. Тауар өндірісі жетістігінің ең жоғарғы деңгейінің дамуы капиталдың алғашқы сатысын құрайтын және оның екі жағын қосатын, алғашқы капиталдың жинақталу үдерісіндегі өндірістің капиталистік әдісінің бекітілуімен байланысты:
1) өндіріс құралдарының барлығынан айрылған, жекелей бос адамдарды өндіруші көпшілікке айналдыру. Бұл үдеріс рынокта жаңа тауар - адам күшінің пайда болғанын көрсетеді;
2) ақшалай байлық пен өндіріс құралының аз адамнын қолына жинақталуы;
Қазіргі нарық экономикасы келесі факторлардың ықпалымен қалыптасты мемлекеттік реттеу, әлемдік экономика, нарық инфрақұрылымының дамуы, әлеуметтендірілген тауарлық өндірісі (нарық экономикасында адамның рөлінің өсуі) .
«Нарық» түсінігінің әр түрлі мағынасы тараған. Әуелгі уақытта рынок базар, бөлшек сауда орны, рынок алаңы ретінде қаралған. Тауарлық-ақшалық қатынастардың дамуымен рынокты тауарлық-ақша айырбасы (айналымы) мен тауар нысаны ретінде жаңаша түсіну пайда болды.
Классикалық мектептің көрнекті өкілі А. Смит нарық экономикасы - өзін реттеуші жүйе: өзін-өзі реттеу «көрінбейтін қол» деп аталатын автоматты түрде өзін-өзі реттейтін, сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатын еркін нарықтық баға болып табылады деп есептеді.
- өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;
- шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;
- шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;
- әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
- нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
- қоғамда теңсіздікті туғызады;
- тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;
- нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz