Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы жайлы



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
3. Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы.
4. Бруцеллезді серологиялық балау.
ІІІ.Қорытынды
Бактериялар— тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан.Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымыДжозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана,цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады.
1. Амиреев С.А., Сатаров А.И., Иванов Н.П. «Эпидемиология и эпизоотология бруцеллеза». Алма-Ата, 1986, 173с.
2. Артемов В.Т., Рахманин П.П. Бруцеллез. Эпизоотология и инфекционные болезни с-х животных. М., 1984, с. 172-180.
3. Бакулов И.А. Туляремия // Эпизоотология и инфекционные болезни с-х животных. М. 1984, С. 234-235.
4. Вершилова П.А.Бруцеллез. М. Медгиз, 1972.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ.

Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

1. Тақырыбы: Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы.
2. Бруцеллезді серологиялық балау.

Орындаған: Раймишова Г.Б
Топ: ВС-303
Тексерген: Нуркенова М.К

Семей 2015

Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
3. Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы.
4. Бруцеллезді серологиялық балау.
ІІІ.Қорытынды

1. Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы.
Бактериялар -- тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан.Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Бактериялар - табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon - таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы - Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымыДжозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана,цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 - 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін - кокк, қосарланғандарын - диплококк, таяқша тәрізділерін - бациллалар, үтір тәрізділерін - вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын - стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 - 20 мкм, ені 0,1 - 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 - 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада ([[ - 190ӘС-та, ал споралары - 253ӘС-та]]) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты ақуыздан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал,пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады. Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау - кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран, мыс,алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+, Se2-, Sb3+,U4+ элементтерін қышқылдығы (рН) 1,0 - 4,8, температурасы 5 - 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958ж.АҚШ-та мысты T. ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда бактериялардың тиондық түрі - T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен қышқылдылықты (рН-ты 1,5 - 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия жасушаларының саны 109 - 1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 гл, мырыштан 1,3 гл; қалайыдан 0,2 гл өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 -- 80 сағат ішінде 90% пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe2+) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ105 есе жылдамдатады. Ашық әдіс үш валентті (Fe3+) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының (H2SO4) судағы ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым - екі есе төмен болады. Бактериялық сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат, Николаев кеніштерінде қолданылды.

2.Бруцеллезді серологиялық балау.
Бруцеллез ауруымен әсіресе ірі қара, түйе, жылқы, бұғы, шошқа, ит, кемірушілер және құстар, сондай-ақ адамдар да ауырады. Сондықтанда бұл індет халық шаруашылығына көптеген әлеуметтік және экономикалық зиян келтіреді. Бруцеллез ауруы ертеден келе жатқан, жер шарына кеңінен таралған індет. Ол туралы біздің эрамызға дейін 460-370 жылдар бұрын өмір сүрген грек ғалымы Гипократ жазып кеткен. Ал оданда басқа ХVII-ХVІ ғасырда өмір сүрген ғалымдарда сарып ауруы туралы әртүрлі хабарлар қалдырған. Сондықтанда бұл індеттің даму тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан өріс алған деп саналынады. Індет жұққан күннен, ең алғашқы белгілерінің байқала бастауына дейін бірнеше ай, ал жас төлдерде бірнеше жылдарға созылуы ықтимал.
Ал негізінде аурудың инкубациялық кезеңі 2-4 аптадан аспайды. Егер қысыр қалған малдар сарыппен ауыртса, онда ауру асқынбай, ешқандай белгісіз өтеді. Буаз малдар ауыратын болса, онда, буаздықтың екінші жартысында немесе тууға жақын қалған кезеңдерде төлін шала-жансар етіп тастап қояды, ал кей уақыттарда әлі туады. Сондай-ақ сарыппен ауырған малдардың буындары (бурсит) қантамырлары (артрит), бұқалармен қошқарларда ұрық бездері қабынады (орхит). Іш тастаған малдардың шуы түспей, соның салдарынан жатыр қабығының қабынуына (эндометрит) әкеліп соғады да соңынан емшегі қабынып, аналық бездері кеселге ұшырайды. Егерде кесел ауьр түрде өтетін болса, онда малдың температурасы көтеріледі, салмағы төмендейді, сауын сирдың сүті азаяды.Жыныс жолдарының қабынуының арқасында, көп жағдайларда мал организмінің ұрықтану процесстері бұзылып, аналық малдар қысыр қалады.
Бруцеллезға қарсы күресу шараларының ең басты шарты ауруды дер кезінде дұрыс анықтау болып саналынады.Малдардың сарыпын негізінен бактериологиялық, серологиялық, аллергиялық, биологиялық әдістердің көрсеткішіне қарай отырып және де, эпизоотологиялық деректермен бірге аурудың клиникалық белгілерін ескере отырып анықтайды.
Серологиялық әдіспен диагноз қою
Аурудың басталғанынан оның патогенетикалық сатыларының пайда болып, және де кеселдің асқынуына дейін, мал организмдерінде әр түрлі иммуналогиялық өзгерістер болып жатады.
Сондай өзгерістің, ең бастысы, организмге түскен бактериялық микробтарға жауап ретінде сол малдың қанында өзіндік тән антиденелердің түзілуі болып есептелінеді.
Антиденелер қолайлы жағдайларда өздеріне тән антигендермен байланысқа түсе алады. Сондықтан да оларды әртүрлі серологиялық реакциялармен анықталып соның нәтижесімен аураға диагноз қоюға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде мал дәрігерлік ғылыми қызметкерлері сарып ауруына диагноз қою үшін көптеген серологиялық реакцияларды ұсынып отыр. Солардың ішінде: Аглютинация, комплименті байланыстыру, комплементті ұзақ байланыстыру Розбенгал, шеңбер реакцияларын мал дәрігерлік лабороторияларында кеңінен қолданылып жүр.
Аглютинация реакциясы
Бұл реакцияны 1897ж. ағылшын зерттеушілері Райлд пен Семпул ашып оны сарып аурына диагноз қоюға қолдануға ұсынғандықтан, ғалымдардың құрметіне Райд реакциясы - деп атап кеткен.
Райт реакциясын қою үшін негізінен мынандай дәрмектер қажет:
1. Зерттеу үшін алынған қанның сарысу.
2. 0,5 % карбул қышқылы қосылған изологиялық ерітінді.
3. Антиген-биофабрикада дайындалған, құрамында (1 мл көлемде) 10 млрд. өлтірілген сарып микробы бар физиолгиялық ерітінді.
4. Бруцеллезге оң және теріс реакция беретін қанның сары сулары.
Реакцияны таза 4 пробиркада 1 мл көлемінде 4 қатынаста ірі қара, жылқы және түйе қандарын 1:50; 1:100; 1:200 және 1:400 қатынастар қояды. Мысалы: қой, ешкі, шошқа, елік және иттің қандарын 1:25;1:50;1:100 және 1:200 қатынаста тексереді.
Малдарды сарып ауруына жалпылай тексеру кезінде реакцияны 2 қатынаста (2 пробиркада) қоюға рұқсат беріледі. Бұндай жағдайларда ірі қара, түйе мен жылқы қанын 1:50 және 1:100, ал қой, ешкі, шошқа және елік пен иттің қандарын 1:25; 1:50 қатынасында ғана тексеру қолайлы. Осы екі қатынастың кем дегенде біреуінде оң реакция берген қандарды іріктеп бөліп алып, оларды қайтадан 4 қатынаста тексеріп аглютинациялық титро анықталып қорытынды диагноз қабылданады.
Ірі қара, жылқы, түйе, шошқа және иттің қанын тексеру үшін реакцияны 0,5%-тік фенол қосылған 0,85%-тік физиологиялық ерітіндіде ал қой, ешкі және еліктің қанын 10% ас тұзы бар дистіленген суда қою қажет.
Реакцияны қою үшін ең алдымен 4 пробирканың ең біріншісіне 1 мл, ал қалған 3-не 0,5мл фенол + немесе 10-тік ас тұзы бар (қой, ешкі және елік қанын тексеріледі) физиологиялық ерітінді құяды. 1-ші пробиркаға 0,08мл (ірі қара, түйе, жылқы ) немесе 0,2 мл (қой, ешкі, шошқа, елік) қанының сары суын қосады да араластырып болған соң 1-ші пробиркадан 0,5мл алып 2-ші пробиркаға, екіншіден 0,5 үшіншіге, осылайша 4-ші пробиркаға дейін араластырып ең соңғы 4-ші пробиркадан 0,5мл қанның сары суымен физиологиялық ерітіндінің қоспасын алып төгіп тастайды.
Содан соң аталған 4 пробирканың әр қайсына 0,5мл 1:10 қатынастағы 10% ас тұзы ерітіндісімен (қой мен ешкі және елік) араластырылған сарып антигені құйылады. Антигенді құйып болғаннан соң пробиркалардың ішіндегі қоспаның көлемі 1 мл жетеді және де осындай тәртіппен құйылған реакцияның 1-ші пробиркасындағы қатынас 1:50-ге, 2-де 1:100, 3-де 1:200 және 4-де 1:400 тең болады немесе қой мен ешкінің зерттегенде бұл қатынас 1-де 1:25, 1:50,1:100 және 1:200-ге сәйкес келеді. Сонымен бірге реакцияның дұрыс жүруі қадағалау үшін сарыпқа оң және теріс қанның сары суларымен жоғары да көрсетілген қатынастар тексеру реакциясы қатар жүргізіледі.
Барлық (негізгі және тексеруге арналған) пробиркаларға антигенді құйып болғаннан соң, пробиркалардың ішіндегі қоспаның жайлап сілку арқылы мұқият араластырады да, пробиркаларды 18 сағ термостатта (t-37°) ұстайды, уақыт өткен соң реакцияғва термостаттан шығарып 1 -2 сағ бөлме темп-мен сақтау қажет.
Комплементті байланыстыру реакциясы
Бұл реакцияны 1901 жылы Борде және Жангу деген ғалымдар ұсынған. Кейінен Сикре деген ғалым сарыппен ауырған адамның қанында комплементтермен байланыса ауырған адамның қанында комплементтермен байланыса алатын антителелера бар екендігін анықтаған. Содан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар сол комплементті антителалармен байланыстыру арқылы сарып ауруын анықтау әдісін мейлінше жетілдіру тұрғысында едәуір жұмыстар атқарып келді.
Біздің елімізде бұл реакцияны ең алғаш М.Е.Лисовский 1930 жылы, басқада авторлармен бірлесіп қолданған, кейіннен 1944 жылы бұл реакция малдарды сарып ауруына зерттеу үшін кеңінен қолдануға болатындығы туралы заңды нұсқаулармен бекітілген.
П.Н.Жованик (1940), Ф.П.Локтева(1940), Е.С.Орлов (1940), К.П.Студенцов (1973), М.К.Юсковец (1952), П.С.Усласевич (1956), П.А.Триленко (1956), К.П.Сапегина (1970), М.С.Абиджанов басқа авторлармен бірге (1980) және басқалары өздрерінің ғылыми еңбектерінде үлкен баға берген.
Авторлардың қорытындысы бойынша КБР өте сезімтал әрі өзіндік тән нәтиже бере алатын әдіс, сонымен бірге оның көрсеткіші аглютинация реакциясына (АР) қарағанда әлдеғұрлым тұрақты болып келеді. Ондай басымдылық әсіресе осы екі әдіспен сарып ауруымен бұрынан бері ауру малдарды қатар зерттегенде айқын байқалынады. Өйткені ауру малдың қанында комплемент байланыстырғыш антителалар, аглютиндерге қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады екен де, соның салдарынан ондай малдар аглютинация реакциясынан гөрі, комплемент байланыстыру реакциясында жиі оң реакция көрсетеді екен.
К.П.Студенцов (1959) керісінше сарып ауруы жаңадан басталған отардағы малдарды зерттегенде КБР-дің көрсеткіші аглютинация реакциямен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған, яғни аглютинация реакциясымен оң нәтиже берген малдардың көбі КБР әдісімен теріс нәтиже көрсеткен.
Сондықтан да осы екі әдісті зерттеген ғалымдардың көпшілігі малдарды сарып ауруына тексеру үшін аталған екі реакцияны қатар қолдануды дұрыс деп тауып отыр. Қазіргі кезде біздің елімізде малдардың осы жұқпалы ауруын анықтау үшін негізінен жоғарыда осы жұқпалы ауруын анықтау үшін негізінен жоғарыда аталған екі реакция комплексті түрде жүргізілуде.
Комплементті байланыстыру реакциясын қою үшін негізінен мынандай заттар қажет: физиологиялық ерітінді, сарыпқа оң және теріс қанның сары суы, комплемент, ангитен, гемолизин және қошқардың қызыл қан түйіршіктері. Төменде осы дәрмектерді алдын ала дайындау немесе алу жолдары келтіріледі.
Физиологиялық ерітінді. 1л буландырып алынған суға 8,5г ас тұзын ерітіндіде 3-5 минут қайнатады немесе автоклавта 10-15 минут залалсыздандырады.
Гемолизин. Гемолизин дегеніміз қошқардың қызыл қан түйіршіктерімен қояндарды шектен тыс иммунитеттендіру арқылы алынатын сұйық зат гемолизин әдетте биофабрикаларда дайындалады.
Комплемент дайындау. Комплемент ретінде теңіз шошқасы қанының сары суы немесе кептірілген күйінде қолданады.
Сұйық комплементті кез-келген лабораторияларда дайындауға болады. Ол үшін бірнеше теңіз шоқасынның қанын жүрегінен немесе құлағының қан тамырына 5 граммдық шприцпен сорып алып бір пробиркаға құяды.
Алынған қан пробирканың ішінде ұйылған соң, ұзын сым темірмен 3-4 рет айналдыра жиектеп шығады. Ондағы мақсат, ұйыған қанды пробирка қабырғасыннан ажырату және қанның сары суының тез бөлініп шығуын тездету болып табылады. Осылайша жиектелген пробиркаларды 30 минут термостатқа содан соң 1-2 сағат салқын бөлмеде ұстайды. Бөлінген сары суларды таза ыдысқа құйып алады. Егерде оның құрамында қызыл қан түйіршіктері қалып қалса, онда 15 минут 1000 айналымды центрифугадан өткізіп тазартып алады. Сұйықтық сіркеқышқыл натримен 4%-тік бор қышқылының қоспасын қолданады. Мұндай кормплемент өзінің күштілігін 5 айға дейін сақтай алады.
Соңғы жылдары комплиментті байланыстыру реакциясын қою үшін малдәрігерлік лабораториясында кептірілген комплементтер кеңінен қолданып жүр. Кептірілген комплементтер биофабрикаларды арнайы түрде жасалынып барлық лабороторияға таратылып отырады. Кептірілген комплементтің сұйық комплементке қарағанда артықшылығы бар. Мысалыға кептірілген комплемент өзінің күштілігін 8 айға дейін жоғалтпайды, сол сияқты оның лабороториялық жағдайда әр маманның өзі қолдан теңіз шошқаларын емдеп, оны бағып, қанын алып оның сару суын бөліп жатудың қажеті жоқ.
Серологиялық әдіспен диагноз қою
Аурудың басталғанынан оның патогенетикалық сатыларының пайда болып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы. Бруцеллезді серологиялық анықтау
Патогенді бактериялардың антигендік құрылымы
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы және Микроорганизмдер антигендері
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы Бруцеллезді серологиялық анықтау жайлы ақпарат
Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур
Стафилококктардың патогенділік факторлары
Бруцеллезді серологиялық анықтау. Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы
Микроб жасушаларының құрылысы
Тірі вакцина түсінігі
Пәндер