Аяқ киім гигиенасына қойылатын талаптар



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Гигиена
2. Аяқ киім түрлері
3. Аяқ киім гигиенасының талаптары
4. Аяқ киімді таңдау және күту
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Адамның ең бірінші аяқ киімдері - сандалдар болды дейді тарихшылар. 25мың жылдар бұрын бірінші рет аяқ киім киіле бастаған.Олар былғары жіптерінен және тактайшадан тұрған. Жылы, қысқы аяқ киімді аң терілерінен жасап, сол типтегі баулармен байлаған. Бұл аяқ киімді жасаудағы жалғаудың бір түрі болды, екіншісі- балық терісінің майынан және ферменттерінен жасалған желім. Оны тастармен, аң сүйектерімен, жапырақтармен және де қолдағы бар заттармен әшекелеген. Егер басында аяқты кесіп алудан, тістеп алудан, қорғауға арналған болса, қазірде осы талаптарға тағы бірнешеуі қосылды [4].

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ №1
Пән: Киім және аяқкиім гигиенасы
Тақырыбы: Аяқ киім гигиенасына қойылатын талаптар

Орындаған: Рымханова Қ.Н.
Тобы:Тк-321
Тексерген: Нұрымхан Г.Н.

Семей, 2015 жыл
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Гигиена
Аяқ киім түрлері
Аяқ киім гигиенасының талаптары
Аяқ киімді таңдау және күту
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамның ең бірінші аяқ киімдері - сандалдар болды дейді тарихшылар. 25мың жылдар бұрын бірінші рет аяқ киім киіле бастаған. Олар былғары жіптерінен және тактайшадан тұрған. Жылы, қысқы аяқ киімді аң терілерінен жасап, сол типтегі баулармен байлаған. Бұл аяқ киімді жасаудағы жалғаудың бір түрі болды, екіншісі- балық терісінің майынан және ферменттерінен жасалған желім. Оны тастармен, аң сүйектерімен, жапырақтармен және де қолдағы бар заттармен әшекелеген. Егер басында аяқты кесіп алудан, тістеп алудан, қорғауға арналған болса, қазірде осы талаптарға тағы бірнешеуі қосылды [4].
Аяқ киім адамның сырт келбетінің бір өлшемі саналады. Онсыз өмірімізді көре алмаймыз да. Бірақ соны күнделікті пайдалана отырып, оның қайдан шыққанын, бізге қалай жеткенін, неден жасалып, қалай өңделгене мән бере бермейміз. Біз аяқ киімнің утилитарлы функциясынан басқа, яғни қорғау, жылу сақтау дегендей, эстетикалық функциясына мән береміз. Ол міндетті түрде қыста жылы, ыңғайлы, әдемі, сән үлгісіне сай, аяқта жақсы отыратын болуы керек деп жатамыз.
Қазіргі кезде тағайындалуына байланысты тұрмыстық, спорттық, туристтік, ортапедиялық, әскери, бала аяқ киімін және тағы көптеген түрлерін айтуға болады. Осы кезде оның гигиенасы жайлы ұмытылып кетеді де. Аяқ киім гигиенасы бірнеше талаптарға сәйкес болуы қажет. Шынында, аяқ киім гигиенасы деген не өзі? Оның сақтау міндетті ме? Гигиена дегеніміз өзі нені білдіреді? Осы және басқа, зерттеу барысында туындайтын сұрақтарды қарасырайық...

1. Гигиена

Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. 
Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде т азалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен.
Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық  сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі.
Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады,
Санитария (лат. sanіtas — денсаулық) — санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария СЭҚ қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен. шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды [6].
2. Аяқ киім түрлері

Аяқ киім түрлері оның жасалатын материалы, формасы, арналуы, тұтынушынның физилогиясы мен жынысына байланысыты әр түрлі болып топталады. Киілетін жыл мезгілі де үлкен рөл ойнайды. Осыдан барып, тағайыналуына сай аяқ киімдер күнделікті, тұрмыстық, дем алысқа арналған, жұмыс, спорттық, ортаппедиялық, баланың аяқ киімі және тағы сол сияқты шығады.
Жақсы гигиеналық талаптарға табиғи материалдар тән. Олар серпімді, ауаөткізгіш, төменгі жылуөткізгішітігі бар, теріге әсер ететін зиянды заттар бөлмейді. Бұл жерде әлемге таңылған австралиялық, 100 жылдық тарихы бар, қой аяқ киімін айтуға болады. Өзіміздің қыста киетін пимамызда жоғарғы қасиеттерге сай. Жүн ылғалды жақсы сіңіріп, өзі жылу сақтап, құрғақ қалады.
Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі.
Қазіргі заманғы аяқ киім жасау үшін синтетикалық материалдарды көптеп қолданады (поливинилхлорид, полиамид, полистерол, полиуретан, химиялық пластификатор, стабилизатор, толтырғыштар, пигменттер, лактар, желім және т.б.). Бұндай аяқ киімдердің негізгі жетіспеушілігі төменгі ауа және бу өткізгіштік, деформация. Сол себепті синтетикалық материалдарды аяқ киімнің төменгі жағына қолдануға болады. Кейбір синтетикалық материалдар табиғиға жақын. Мысалға, лавсан. Сол себепті оны ішкі жылытқыштар ретінде қолданады.Төменгі буөткізгіштік пен ауаөткізгіштік көптеген кроссовкаларға тән. Сол себепті ыстықта, ұзақ уақытта оны кию тыйым салынады [3].
Қазіргі кезде аяқ киімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтетикалық талшықтардан жасалған материалдардың киім гигиенасына әсері
Ветеринариялық дәріхананың құрылымы
Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
Халықаралық маркетингтің теориялық ерекшеліктері
«Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар»
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Тұтыну бағасының индексі
Еңбек жағдайларының кестесін толтыру
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын есептеу
Пәндер