Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

Орындаған: Сартаев Е. Ә

Тексерген: Каженова Ж. С

Семей, 2015 жыл

ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

  1. Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары.
  2. Жүйелік программалардың түрлері.
  3. Жүйелік бағдарламалау курсын оқытуды компьютерлік оқыту жүйелерін пайдалану.

ҚОРТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КIРIСПЕ

Қазіргі кезде жүйелік бағдарламалау курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т. с. с. мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын берумен ғана шектеледi.

Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Жүйелік бағдарламалау” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.

Әрине, Бұл құралдардың барлығы бiрдей нашар деген пiкiрден аулақпыз. Дегенмен қазiргi кезде шығарылып жатқан компьютерлiк оқу құралдарының көпшiлiгi талаптарға сай келе бермейдi. Негiзiнде оқытудың компьютерлiк программалары дәстүрлi оқыту құралдарының тиiмдi жақтарын қамтып, оны жаңа сапалық көрсеткiштермен толықтыруы тиiс. Бұл компью­терлiк оқыту программаларын құруда ескерiлуi қажет негiзгi талаптардың бiрi. Сол себептi компьютерлiк оқыту жүйелерiн даярлау деңгейiн жетiлдiру қазiргi кездегi көкейкестi мәселелердiң бiрi болып алдыңғы кезекке шығады.

Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары

Жүйелік программалардың түрлері:

  • операциялық жүйелер (ОЖ)
  • утилиттер
  • сервистік программалар.

Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік.

Операциялық жүйе (ОЖ) ДК-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОЖ-ң негізгі атқаратын қызметі: барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жаюдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету; әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

Сонымен, ОЖ - адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы.

Утилиттер - программалау ортасында белгілі бірн қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде, түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді қысатын (архивтейтін), компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін болса, оларды жоятын программалар да утилиттер болып табылады.

Сервистік программалар - адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Жүйелік программалар мен қолданбалы программалар бірігіп, компьютерді прогграммалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады.

ОЖ-ң мынадай түрлері бар: MS DOS, CDOS, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйе - WINDOWS программасы.

Операциялық жүйе компьютерде орналасқан барлық жүйелерді және программаларды басқару үшін керек. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS ОЖ-ң көптеген кемшіліктері болды:

  • әр жолы жүйемен тек бір есепті шешу ғана мүмкін;
  • күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;
  • командалар тек пернетақтадан енгізіліп отырады және т. б.

Жүйелік бағдарламалау курсын оқытуды компьютерлік оқыту жүйелерін пайдалану

Жүйелік бағдарламалау курсының мазмұнын құры­лымдау иерархиялық деңгейлерге бөлiнген құрылымдық бiрлiктерге жiктеу, олардың көлемдiк сипаттамаларын бағалау және пән мәселелерiнiң ашу т. с. с. оқу-әдiстемелiк жұмыстарды тұрлендi­румен, жүйелеумен сипатталады.

КОҚ-ның құныдылығы оның қолданыс аумағының көп бағыттылығына байланысты болады. Мазмұн тарапынан көп бағыттылық үш аспектiнi қамтиды:

  • оқу материалының түрлі деңгейде жүргiзiлуi;
  • түрлі мамандықтар мен пәнаралық байланыс;
  • оқушының бастапқы дайындығының түрлі деңгейi.

Көп бағыттылықты аспектiлерiн жұзеге асыру үшін КОҚ-сiн пайдаланудың сәйкес деңгейлерiн енгiзу қажет. Программаны бөлшектеу осы деңгейлердi ескере отырып орындалады.

КОҚ мазмұнын құрылымдаудың базалық екi принципi бар:

  • тақырыптық;
  • уақыттық .

Бiрiншi принцип дәстүрлі оқулық мазмұнына ұқсас келетiн пәннiң иерархиялық құрылымы болып табылады. КОҚ құрамында ол мамзұн блогында жүзеге асырылады. Тақырыптық құрылым мазмұнның негiзгi компоненттерiнiң құрамы мен бағыныштылығын бейнелейдi.

Пән мазмұнын құрылымдаудың екiншi тәсiлi бойынша, ол құрылымдық бiрлiктердiң тiзбегiне бөлшектенедi. Бұл оқу сабақтарына ұқсас (лекциялар, жаттығулар, аралық бақылаулар, т. с. с. ) болып келедi. Мұндай құрылым оқытуды Ұйымдасқан түрде өткiзудiң әдiстемелiк бағытталған және дәстүрлі құрлымы болып табылады.

КОҚ-сiнде жоғарыда атап өтiлген принциптердiң екеуiн қатар пайдаланған тиiмдi. Яғни мазмұн алдымен тақырыптық негiзде құрылымданады, сонан соң бұл құрылымға әдiстемелiк бағытты бейнелейтiн уақыттық принцип iске асырылады.

1-кестеде екi принцип бойынша құрылымданған «Жүйелік бағдарламалау» курсының мазмұны келтiрiлген.

1-кесте

Тақырыптық принцип
Уақыттық принцип
Тақырыптық принцип: 1-Тарау. Компьютердің шығу тарихы
Уақыттық принцип: 1-сабақ.
Тақырыптық принцип: 1. 1. Ассемблердегі негізгі ұғымдар
Тақырыптық принцип: 1. 1. 1. Микропроцессор
Тақырыптық принцип: 1. 1. 2. Регистр
Уақыттық принцип:

2-сабақ.

3-сабақ. Жаттығулар орындау

Тақырыптық принцип: 1. 2. Арифметикалық командалар
Тақырыптық принцип: 1. 2. 1. Циклдар

Пән мазмұнын құрылымдауды бастау алдында келесi мәселелердi шешiп алу қажет:

  • тақырыптық жiктеу деңгейiнiң тереңдiгiн, яғни оқу мате­риа­лы­ның иерархиялық деңгейлерiн анықтау;
  • әрбiр деңгейге сәйкес құрылымдық бiрлiктердiң типте­рiнiң атауларын анықтау;
  • мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену форма­сын айқындау.

Тақырыптық жiктеу деңгейiнде, яғни оқу материалының иерархиялық деңгейлерi үш деңгейден аспауы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда оқу материалы өте күрделі болып, оқушыға оны пайдалану ауыр болады.

Құрылымдық бiрлiктер типтерiнiң атаулары түрлі болып келуi мүмкін. Бiрақ онда сабақ кезiнде қолданылатын шартты атаулар (лекция, практика, семинар, т. с. с. ) қолданылмауы керек.

Мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену форма­сын екi түрлі технологиялық бағытта болуы мүмкін: кадр - тақырып мазмұнына сәйкес мәтiн, графика, аудио, видео элементтер жиынтығы; модуль - көптеген кадрлардан және гиперсiлтемелер көмегiмен шақырылатын iшкi модульдерден тұратын құрылымдық компонент.

Қорыта айтқанда, пән мазмұнын құрылымдау оны тек тарауларға, тақырыптарға бөлiп қана қоймай, тақырыптар арасындағы байланыстарды айқындау, құрылымдық бiрлiктердiң ерекшелiктерiн анықтау, құрылымдық бiрлiктердiң бейнелену формаларын анықтау сияқты мәселелердi шешiп алуға келiп саяды.

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы мәлімет
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы ақпарат
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы ақпарат
Жүйелік бағдарлау
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда ком-пьютерді пайдаланудың алғышарттары
Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz