Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау



1. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау ережелері
2. Радияциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару, қадағалау және бақылау
3. Радияциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар
4. Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен міндеттері
Халықтың радиациядық қауіпсіздігі саласында мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
араласу деңгейi - жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады;
әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейiндегi зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы;
бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;
иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;
қызметшiлер - тiкелей иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар;
1. ҚР СТ ИСО 9000 «Сапа менеджмент жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік»;
2.ҚР СТ ИСО 9001 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»;
3.ҚР СТ ИСО 9004 «Сапа менеджменті жүйесі. Қызметті жақсарту жүйесі жөніндегі ұсыныстар»;
4.ҚР СТ ИСО 19011 «Сапа менеджменті жүйесіне және/немесе экологиялық менеджментіне аудит жүргізу бойынша басқарушы нұсқаулар»;
5.Исикава К. Японские методы управления качеством: Сокр. пер. С анг. / Науч. ред. и авт. предисл. Гличев А.В. – М.: Экономика, 1988. – 215 с.;
6.Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Шәкібаева Г.Х., Оспанов Х.Қ., Сыздықов Р.Р., Сыздықова Л.И. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 285 б.
7.Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару: Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. – 140 б.;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ қаласының МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СТАНДАРТИЗАЦИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

МӨЖ

Тақырыбы: Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау

Орындаған : Турдиева А.М.
Тексерген: т.ғ.к. Толеубекова С.С.

Семей 2015 жыл

Жоспары:

1. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау ережелері
2. Радияциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару, қадағалау және бақылау
3. Радияциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар
4. Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен міндеттері



Халықтың радиациядық қауіпсіздігі саласында мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
араласу деңгейi - жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады;
әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейiндегi зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы;
бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;
иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;
қызметшiлер - тiкелей иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар;
радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе) иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi;
радиациялық қауiпсiздiк - белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі;
радиациялық қорғаныш - радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы;
радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру;
табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi;
техногендiк өзгертiлген радиациялық орта - адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта;
техногендiк радиациялық фон - сол жердiң табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткiштердiң деңгейлерiн шегерiп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер деңгейi.

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгі принциптерi мыналар болып табылады:
нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;
негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;
оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау;
авариялық оңтайлыландыру принципi - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп оңтайлыландырылуға тиiс.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
Радиациялық қауiпсiздiк:
құқықтық, ұйымдық, инженерлiк - техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелiк, жалпы бiлiм беру мен ақпараттық сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, жеке және заңды тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау жөнiндегi шараларды iске асыруы;
республиканың бүкiл аумағында радиациялық мониторингтi жүзеге асыру;
иондаушы сәулелендiру көздерiмен нақты қызметтi жүзеге асырудың барлық деңгейiнде радиациялық қауiпсiздiктi сапалық жағынан қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттк органдар:
Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды, олардың арасындағы: иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау; радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия беру; қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн бақылау жөнiндегi өзара iс қимыл тәртiбi мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет қарастырған.
Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi, басқау әкiлеттi мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ:атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады;
Радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және келiсiп отырады;
радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi құзыреті:
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне мыналар жатады:
1) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) иондаушы сәулелену әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртiбiн айқындау;
3) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу;
4) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
5) ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;
6) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру;
7) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
8) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне мыналар жатады:
1) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу;
2) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау:
1.Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзгеде құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.
2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
3.Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау:
1.Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жасайды.
2.Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен келiсiледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
3.Радиациялық қорғаудың қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиiстi ұйымдар да радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, нормаларды ережелер мен гигиеналық нормативтердi, радиациялық қауiпсiздiк ережелерiн, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жайлы
Радиациялық қауіпсіздік нормасы
Қазақстан Республикасының заң актілері
Жануарлардың иондаушы сәулелер әсеріне сезімталдығы
Мөлшерлі саты. Бақыланатын саты
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Пәндер