Инвестиция саясаты туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Инвестиция таратудың теориялық негіздері
1.1. Инвестицияның экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инвестицияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ тарау.Аймақтық инвестициялық белсенділігін арттыру.
2.1. Қ.Р. Президентінің халқына Жолдауы «Қазақстан.2030».Шетел инвестицияларының белсенділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Аймақтың инвестициялық белсенділігін арттыру бағыттары ... ... ... ... ..12

ІІІ тарау.Инвестиция саясатын дамыту жолдары мен маңыздылығы.
3.1. Инвестициялық саясатты дамыту ерекшеліктері және шетелдік қорлардың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3.2. Венчурлық қорлардың инвестиция саясатын дамытуға қосатын үлестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.3.Шетел инвесторларын тарту мақсатындағы мемлекеттік саясат және оны жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды.
Қосымшалар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Инвестициялық қозғалыс халық шаруашылық байланыстарды дамытуда және дүниежүзілік экономиканың негізгі қызметінде анықтаушы элементтің ролін атқарады.Ең алғаш рет инвестицияны шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер айналысты.Соның ішінде АҚШ, Батыс Европа, Жапония, үштігі төңірегінде жүрді.Бүгінгі күні бір елден екінщі бір елге инвестиция салумен жаңа индустриалды елдер де айналысады.Атап айтқанда Азия жолбарыстары Сингапур,Гонконг,Тайланд,Оңт.Корея, Латын Американың жаңа индустриалды елдері.
1.Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауы. «Егемен Қазақстан». 2005 жыл.
2.Қазақстан Республикасы Перзидентінің халқына Жолдауы. «Қазақстан-2030»
3.ХХІ ғ-ғы ұлттық экономиканың даму проблемалары мен тенденциялары.РОесрубликаның ғылыми конференциясы.Ақтөбе 2002 жыл.
4.2000-2005 жж. кезеңге арналған «Аймақтық инвестицияны дамыту» мемлекеттік бағдарламасы. 22 тамыз 2000 жыл.
5.Статистикалық жинақ.Ақтөбе қаласы.2004.
6.Қаржы журналы.Ал., 2003,2005-2006
7. «ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз».Оразәлі Сәбден.
8. «Экономикалық саясат».Иманғозрн О.Қ., Досқалиев Б.Қ.,
9. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселері».Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О.
10. «Жаңа кезең экономикалық теориясы» Сембаева А.С.
11. «Экономикадағы ғылыми зерттеулердің әдістері» .Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев.
12. «Нарықтағы экономика негіздері».Әубакіров, К. Нәрібаев.А.: Санат, 1998.
13.«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Қ.Ш. Дүйсенов,Э.Т.Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиева.
14. «Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы» Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Алматы: «Экономика», 2003.
15. «Жалпы экономикалық теория». Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И.Комягин.
16. «Экономикалық теория негіздері». Қ.К.Кеуімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Инвестиция таратудың теориялық негіздері
1.1. Инвестицияның экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инвестицияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...7

ІІ тарау.Аймақтық инвестициялық белсенділігін арттыру.
2.1. Қ.Р. Президентінің халқына Жолдауы Қазақстан-2030.Шетел
инвестицияларының белсенділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Аймақтың инвестициялық белсенділігін арттыру
бағыттары ... ... ... ... ..12

ІІІ тарау.Инвестиция саясатын дамыту жолдары мен маңыздылығы.
3.1. Инвестициялық саясатты дамыту ерекшеліктері және шетелдік қорлардың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16
3.2. Венчурлық қорлардың инвестиция саясатын дамытуға қосатын
үлестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.3.Шетел инвесторларын тарту мақсатындағы мемлекеттік саясат және оны
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды.
Қосымшалар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Инвестициялық қозғалыс халық шаруашылық байланыстарды дамытуда және
дүниежүзілік экономиканың негізгі қызметінде анықтаушы элементтің ролін
атқарады.Ең алғаш рет инвестицияны шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер
айналысты.Соның ішінде АҚШ, Батыс Европа, Жапония, үштігі төңірегінде
жүрді.Бүгінгі күні бір елден екінщі бір елге инвестиция салумен жаңа
индустриалды елдер де айналысады.Атап айтқанда Азия жолбарыстары
Сингапур,Гонконг,Тайланд,Оңт.Корея, Латын Американың жаңа индустриалды
елдері.
ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап капиталдың шетке шығарылуы үнемі
өсіп келеді.
2003 жылдың бірінші тоқсанында негізгі капиталға 16,7 млрд. теңге
сомасында инвестиция игерілді, бұл 2002 жылдың осы кезеңінен 71,7 %-ке
артық.
Құрылыс- монтаж жұмыстарының көлемі 2002 жылдың бірінші тоқсанымен
салыстырғанда үш есеге өсіп 6,6 млрд. теңге құрады.Негізгі капиталға
инвестициялардың жалпы көлемінде олардың үлесі 39,5 % құрады.
Шаруашылық субъектілердің меншік қаржылары (69%) және шетел
инвестициялары (26%) негізгі капиталға салынған қаржының негізгі көздері
болды.
Республикалық бюджет есебінен Хромтау- Алтынсарин жаңа темір жол
желісінің құрылысына байланысты ағымдағы жылда бюджеттік қаражат 2,3 %-тен
- 4,9 %-ға өсті .
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі көлемін (95%)
мемлекеттік емес меншік нысаныдағы кәсіпорындар мен ұйымдар игерген.
Облыс аумағында Кеңқияқ- Атырау мұнай құбырының құрылысына
байланысты ағымдағы жылы көлік және байланыс саласы инвестициялауға басымды
сала болып тұр.Кен өндіру өнеркәсібіндебағытталған инвестициялардың маңызды
үлесі (43%), олардан 95,4% мұнай және газ өңдіруде игерілген.
Бұл инвестициялардың тарту мақсаты- елге күрделі қаржы тарту.Ал бұл
ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды.Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй
тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық
процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.Осы шетелдік
инвестицияларды тарта отырып, біз өз еліміз Қазақстанды экономикасы жоғары
биік тұрғыдан көрсете білуіміз қажет.
Міндетін айта кететін болсақ, яғни бізге келген ірі инвесторлардың
үлкен кәсіпорындарын, зауыттарын т.б. соны өзімізге иемденіп қалу, сонымен
тоқтамай алға қарай жылжып, экономикамызды нақты тұрғызып дамытуға және
дамыған елдердің қатарына қосылу.
Біздің еліміздің инвестициялық жағдайы жақсы болу үшін, Қазақстан
тарта білген инвестициялары көлем және сапа жағынан ұтымды болу үшін,
құралдарды қолдану кезінде ең жоғарғы шеберлікті көрсетуіміз керек.
Осы шетелдік инвестицияларды тарта отырып, біз өз еліміз Қазақстанды
экономикасы жоғары биік тұрғыдан көрсете білуіміз қажет.
Біздің еліміздің инвестициялық жағдайы жақсы болу үшін,Қазақстан
тарта білген инвестициялары көлем мен сапа жағынан ұтымды болу үшін,
құралдарды қолдану кезінде ең жоғарғы шеберлікті көрсетуіміз керек.

І.Инвестиция таратудың теориялық негіздері
1.1. Инвестицияның экономикалық мазмұны
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің Жалақы, пайыз және
ақшаның жалпы теориясы (1936) еңбегінде қарастырған, онда ол инвестицияны
өндіріске жан беретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде
қарастырады.Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша
жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жкек үлгісінің азаюына қрғам үшін
қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.Инвестиция тиімділігін
арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады.
Инвестицияны жеңілдету үлгісі- сол инвестицияны жайымен реттеудің
ыңғайлы жағдайы.
Қазақстан Даму банкі туралы заңға сәйкес, даму банкі инвестициялық
жобаларды несиелеуі үшін қаражаттың үш көзін пайдаланады.Олар негізінен
ішкі және сыртқы рынокта заемдау, елдің бюджет қаражаты және мемлекет
кепілдігі арқылы қаржы тарту.
Инвестиция немістің inresition деген сөзі және бұл кәсіпорынға
пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.
Инвестиция- бұл жаңа құрылысқа , жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған
кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын- үй, мәдениет
тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.Инвестиция жкек адамның қарсылық
жағдайын, сонымен қатар, экономикалық дамуына және көтерілуіне қаржыландыру
үшін өте қажет.
Инвестиция – ол кез келген құрал, бұл арқылы ақшаны сақтау немесе
көбейтуге болады. Инвестиция сөзі кең көлемде болашақты үлкен өндірісте
алу үшін, бүгін ақшадан айрылу деген мағынаны білдіреді.Бұл процеспен
уақыт және құрбандық факторлары байланысты.Кейде уақыт, ал кей- кезде
құрбандық немесе екеуі де қатар ең басты мәселе болып орын алуы мүмкін.
Инвестицияның қайнар көзі –не- өнеркәсіп кәсіпорынның көптеген
пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары,
мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден
салығы) оның барлық шығындарын алып тастау.
Реальды және қаржылай инвестициялар бар (real and jinancial
inrestments). Бірінші аталған инвестицияға жер, жабдық мәселесі, заводтар
жатады.Қаржылай инвестицияға акция, облигация секілді қағазға жазылған
келісім- шарттар жатады.Бұл екі түрде бір-бірі айырбастап, толықтырып
отырады.
Шетел инвесторларын таратудың алдағы 10 жылдық болжамы ұзақ мерзімді
қамтитын бағдарламаның мақсаты: экономиканы тұрақты дамыта отырып, өзіндік
қосымша құны жоғары экспорттық өнімдер өндірісін қалыптастыру және
өнеркәсіпті әртараптандыру арқылы бәсекелестікке қабілетті тауарлар
шығаруды жолға қою.Ал міндетіне келсек, өңдеуші өнеркәсіптің жылдық орташа
өсімін 8,4 пайызға, еңбек өнімділігін ең кемі үш есеге арттыру көзделген.

1.2.Инвестицияның түрлері.
Қарызға ақша алған кезде бұл адам қандай болмасын қымбат затын
кепілдікке қалдырады.Алған қарыз ақшаны төлей алмаған жағдайында, ақша
берген адам оның қымбат затын алып, орнына ақшамен толтыруына болады.Жалпы
алғанда бір бет қағаз құнды қағаз деп аталады.
Облигацияның негізінде несие алу қатынасы жатыр.Облигацияның әр типі
ұзақ мерзімді болып келеді.Несие алған адам белгіленген уақытында, мерзімі
біткенше несиесін төлеп отырады.
Акция дегеніміз коорпарация капиталында өзіндік құқығын көрсететін
инвестициялық құрал.
Опциондар бағалы қағаздар, олар инвесторға белгіленген уақытқа дейін
сатып алу немесе басқа бағалы қағазды сату мүмкіндігін береді.
а) Права (right) опцион, жаңа акцияның белгіленген бөлшегін сатып
алуға.Мерзімі 2 айдан 3 айға дейін.Бұның құндылығы бағасының төмендігімен
ерекшеленеді.
ә) Варрант( ордер)- белгіленген уақыт ішінде инвесторға бірнеше акция сатып
алу құқығын береді.
б) Пут- опцион, белгіленген уақыт ішінде 100 акцияны сатуға мүмкіндік
береді.
в) Колл - белгіленген мерзім ішінде 100 акцияны сатып алуға мүмкіндік
береді.
Біздің өміріміздегі тұтынушылық кредиттеу ролінің артуы банк
белсенділігінің жарқын үлгісі болып табылады. Басқа бір жетістігі
ипотекалық кредиттердің жалпы санасы сегіз миллиард дерлік теңгеге дейін
жетті.
Қазір зейнетақы активтері есебінен кәсіпорын облигацияларына
тартылған инвестициялар 30 пайыз дерлік болды.
Осы жылдың басында акциялардың қолданыстағы эмиссияларының саны
3596 болып, олардың жиынтық номиналдық құны 825,7 миллиард теңгеге
жетіпті.
Коопаративтік облигациялар рыногы барынша серпінді сектор болып
табылады.Бұдан бар жоғы 6 жыл бұрын Қазақстанда бұл рынок іс жүзінде жоқ
делінетін.Енді 2002 жылы ғанап кәсіпорындар облигация шығару есебінен 48,2
миллиард теңге тарта алды, ал айналымдағы облигациялардың жалпы саласы
қазір 92,1 миллиардты құрайды. Сонымен қатар, инженер- техник, жұмысшы
кадрлары, басқарушы мамандар дайындалып, негізгі және қосалқы нысандардың
құрылысы жүргізіледі.Ал үшінші кезеңде бәсекелестік қабілеті өнімдер мен
тауарлар өндіретін өңдеуші кәсіпорындардың жұмысы жолға қойылып, сапалы
өнімдер шығара бастайды.
Егер ұзақ мерзімді арналып, еліміздің индустриялық саясатын
нақтылауға қызмет ететін бұл бағдарлама толықтай жүзеге асырылатын болса,
ол өнеркәсіп құрылымдарының жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 2015 жылы 35,5
пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.

ІІ тарау.Аймақтың инвестициялық белсендігін арттыру.
2.1. Қ.Р.Президентінің халқына Жолдауы Қазақстан -2030.Шетел
инвестицияларының белсендігін арттыру.

Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып
алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер
қатарында ұсталады.Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды
игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат , еліміз үшін бұлар
тұрақты маңызға ие.Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес,
әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа
кіруіне ықпал етеді.Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту
үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы
қажет.Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды
қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар.Мұндай жағдайларда және осы
мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына
алады.
Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел
инвестицияларының неғұрлым бәтуагер режимін орнатуды талап етеді.Тек
осылайша ғана біз қаржы мен білімнің ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді
және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.
Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын анық және қатаң ұстанатын заңдары
бар ашық және бэтуагерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын
тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады.Мұндай саясатты
талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздіңі бір болуға тиіс, өйткені
Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел
экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға
келтіру қиын.
Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы , ал Қазақстан
тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға
шығуы үшін бізге саяси еоік –жігер мен нақты іс –қимыл қажет.Әлемге әйгілі
инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді
пайдалануда асқан шеберлік танытуға тиіспіз.
Сондықтан да мен өз Жарлығыммен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитетті құрып, оған тікелей инвестицияларды қорғаудағы саясатымызды іске
асыру құқығы бар Қазақстандағы бірден- бір мемлекеттік орган мәртебесін
бердім.Шетелдің күрделі қаржылары соңындағы қуғынның ұзаққа созылатынын
әрі ешқашан бітпейтінін есте ұстау керек.Бұл бәйгеде біздің артта қалуға
хақымыз жоқ.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру
қажеттілігі дүние- жүзілік тәжірибеден туындап отыр.Дамушы елдердің барлығы
дерлік еңбекті қажетететінн өндірістен капиталды, технология мен ғылымды
қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдардан өтті.Өндірістің инерциялық және
ауыр құрылымын құлашты бір сермеп түзетуге болмайды.Дүние- жүзілік
тәжірибеде жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің
үлесін ұдайы кеміту және керісінше , өңдеуші өндірістің, ең алдымен-
ғылымды қажет ететін, қосылға құны жоғары өндірістерді, сондай- ақ қызмет
көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің
қажеттігін көрсетіп отыр.
Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай –
газ өндіру саласының, сондай- ақ бүкіл өндіруші өнеркәсіптің көлемі
айтарлықтай артады деп санауға жеткілікті негізіміз бар. Бұл- өз
инвестициялық саясатымызды құруда басшылыққа алуымызға тиісті бағдар
болады.Бұл ретте біздің индустриялық стратегиямыз жекелеген кәсіпорындарды
қозғамайды.Біз мемлекеттік саясат тіректерін Қазақстанға қолайлы салаларды
дамытуға жәрдемдесетіндей етіп пайдаланатын боламыз.
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қаламау үшін біз жеңіл және тамақ
өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай-
химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін
түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да
ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау
көмектеседі.Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында
өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі жүріп жатқан
кезде, біздің шиікзаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз
өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл
өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама- қарсы бағытта жүріп
барады.Өндірістің құлдырауы мен оның кері тартпа құрылымы бұдан былай
есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады.Егер еркін
рынок шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады.Біздің
міндетіміз Қазақстанды дүние- жүзілік қауымдастық алдында инвестициялар
үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды салаларға
инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.
Бірақ әзірге тек рыноктық күшіне ғана сенуге болмаайды.Үкімет
диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарда
макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен
бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін
салаларға көңіл бөлу керек.Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ- ауыл
шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл тамақ өнеркәсібі,
туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау.Осы салаларды дамыту
арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту
және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды
нәрсе.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін
баршамыз түсінеміз.Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен
қылымскерліктен қорғай алмаймыз.Сондықтан да бұл басымдық бүгін де, ертең
де және алдағы отыз жылдың ішінде ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала
береді.

2.2. Аймақтың инвестициялық белседігін арттыру бағыттары

Шетел инвестицияларында жетекші орындарды Жапоноия, АҚШ, Ұлыбритания,
Оңтүстік Корея т.б. алып отыр.Айта кететін бір жайт, инвестициялық
белсенділікті жоғарылатуға ұйымдастырушылық- құқықтық және салық
жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық
басқару жүйесіндегі айқынсыздық т.б. кедергі болуда.
Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің, оның
ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты
болуы өте маңызды.Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық
және әлеуметтік қағидасы негізгі болып саналады.Осы қағиданы басшылыққа алу
– яғни, инвестициялық жобаның жоғары рентабельдігімен, тікелей
инвестициялар мен инвестициялық кредит берудің қолайлы жағдайларымен,
жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі.
Шетел инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы- ол
келісілген істің екі жаққа да пайдалу болуы.Халықаралық тәжірибе
көрсеткендей, біржақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы
инвестициялық қарым- қатынасты қиындатады, нәтижесінде екі жақта ұтылып
қалуы мүмкін.
Біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың
маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық қауіпсіздігін
сақтау және нығайту болып саналады.Осыған байланысты, экономика салаларының
негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің
елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға
болмас.Практика көрсеткендей, олардың барлығы дерлік инвестициялау
жағдайларын сақтап және біздің мүдделерімізді, әсіресе экологиялық
қауіпсіздікті ескеріп отырған жоқ.Және де шетелдік инвесторлар негізінен
өнеркәсіптің өндіруші салаларына көңіл бөлуде, ол республика халық
шаруашылығы құрылымының біржақты дамуын сақтайды, әсіресе Қазақстанның
басқа елдер алдында ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін
қалыптастырады.Сондықтан, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге
асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы өнімдер шығару
негізінде, елдің экспорттық мүмкіндіктерін жоғарылату және импортты
алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалауы тиіс.Түптеп келгенде,
республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді ұйымдастыруға
қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың даму полигонына айналдырмау
керек.
Маңызды қағидалардың бірі- елдердің инвестициялық жобалардың ашық,
жариялық негізде болуы.Инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштері және
жүзеге асыру механизмдері келісуші жақтарға алдын –ала белгілі болуы
шарт.Және де қоғамдық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.Бұл жерде сөз
мемлекеттік құпияны құрайтын нысандар туралы болып отырған жоқ.
Егер де қағидалар инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет
болса,шетелдік инвестицияларды тарту формасын нақты жағдайды ескере отырып,
олардың қолайлысын таңдап алу үшін қажет.Тікелей инвестициялау- шетел
инвестицияларын тартудың тиімді және нәтижелі түр іболып есептеледі.Ол
адрестілігімен және өндірістік сфераға бағытталуымен ерекшеленеді.Ол
халықаралық экономикалық және ғылыми- техникалық интеграция үрдісін
жеделдетуге мүмкіндік береді, біріккен кәсіпорындар құру негізінде екі
жақтың интеллектуалдық потенциалын өзара байытады.Қабылдаушы елдерде жаңа
құрылыс, болмаса жкекшелендіру ( жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды сатып
алу) негізінде шетелдік кәсіпорын құру – осы форманың бір түрі.Бірақ,
шетелдік инвестицияларды тартудың бұл формасы халық шаруашылығының
аумақтық, салалық құрылымын тиімді өзгерту, оның шикізаттық бағытын жою
және экономика мен өнеркәсіптің негізгі саласын техникалық қайта
жарақтандыру үшін қолданылуы тиіс.
Соңғы кезеңдері, өндіргіш қондырғыларды және экологиялық таза
технологияларды жалға алу лизингтік операциялар, жекелеген жұмыс түрлерін
атқару жөнінде келісім жасау күрделі емес формасы да қолданылуда.Бұндай
лизингтік келісімдер қабылдаушы жақ үшін экономикалық және әлеуметтік
пайда ғана емес, сонымен қатар ғылыми- техникалық үрдісті жеделдетуге
мүмкіндік береді.
Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып
табылады, бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады.Түптеп келгенде
, шетелдік инвестициялық несиелер, елдің өз несие қорымен салыстырғанда, 2-
3 есе қымбатқа түсуі мүмкін.
шетелдік инвестицияларды тартудың келесі формасы- концессиялық
келісімдер.Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі
(ставкасы), концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи
ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелері, жергілікті жұмыс күшін
пайдалану жағдайлары және т.б. көрсетіледі.Егер концессияға алушы келісім-
шарттарын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық
тәуелсіздігін айырылу қаупі туындайды.
Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей, мемлекеттің
инвестициялық жобаларды бағалауы ғана емес, сонымен бірге, шетелдік
инвестицияларды тарту формаларын таңдауы да стратегиялық мақсаттар мен
жоспарлардың шеңберінде жатыр.
Бұл шетел капиталының құйылымын ынталандыру мен тиімді пайдалану –
ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың тактикалық жолдары
екендігін көрсетеді.Осы стратегияға сәйкес, барлық каналдар бойынша
тартылған шетел инвестициялары көбінесе төмеңгі екі бағытта пайдаланылуы
тиіс: а) алдымен- капиталды, содан кейін – еңбекті. содан соң – ғылымды көп
керек ететін салаларды басыңқы дамыту; ә) шетелдік инвесторлардыңь
қаржыларын экономикаынң жеке меншік секторына бағдарлау.
Шетеллдік инвесторлардың қызметі мн тартылған инвестициялық қорларды
тиімді пайдалануға ұйымдық- құқықтық , әлеуметтік- экономикалық, ішкі
саяси, институционалдық т.б. жағдайлар жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда
айтылған мәселерді дұрыс шеше алады.Әзірге, ос ыжағдайлардың
жетіспеушілігіне, құқықтық негіздердің жиі өзгертілуіне, инвестициялық
қорларды пайдалану үрдісінің жариялы болмауына, экономикалық басқару
органдарының тізімі мен құзырының жиі өзгертілуіне , билік құрылымдарының
сыбайлас жемқорлығына т.б. байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға
немесе бекітілген келісім – шарттардан біржақты пайда көздеуге мәжбүр.
Сол себептен, аймақтық инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары
төмендегідей болғаны жөн:
- шетел инвесторларына кепілдік беретін құқықтық, қаржылық,
сақтандырушылық т.б. механизмдерді жетілдіру;
- олардың инвестициялық келісімдерде көрсетілген міндеттемелерін толық
орындалуын бақылау;
- басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін
инвестицияларды тартудың әртүрлі әдістері мен жолдарын кеңінен
қолдану;
- отандық және шетелдік инвесторлардың импортты ауыстыратын өнімді
дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлуеті және іс жүзінде қолдану;
- басыңқы салалардың, әлеуметтік және экономикалық жағынан артта қалған
аудандардың (қалалардың) дамуына қаржы жұмсайтын инвесторларға
жеңілдетілген салық тәртібін орнату, несие беру;
- экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын
заңды және жеке тұлғаларға материалдық- техникалық, қаржылық-
бюджеттік, салықтық, несиелік т.б. қолдау жасау.
Жоғарыда айтылған мемлекеттің аймақтық инвестициялық қызметінің
бағыттары тек негізгі болып саналады, олардың нақты құрамы экономика
дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттің экономикалық
саясатына байланысты анықталады.

ІІІ тарау.Инвестиция саясатын дамыту жолдары мен маңыздылығы.
3.1. Инвестициялық саясатты дамыту ерекшеліктері және шетелдік
қорлардың маңыздылығы.

2004-2005 жылдарға қордың инвестициялық саясаты туралы меморандум
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2004 жылғы 3 маусымындағы № 615 қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің
бұйрығымен бекітілген.Меморандум қордың инвестициялық саясатының негізгі
басымдылықтарын анықтайды.Қордың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін,
қаржыландыратын жобаларды жүзеге асырудың, инвестицияланған компаниялар мен
венчурлық қорлардың қаржылық жағдайының мониторингі мен талдауы.Қордың
инвестицияланған компаниялар мен венчурлық қорлардан шығуы туралы шешім
қабылдау процедураларынан тұрады, қордың инвестициялық қызметіне сапалық
және сандық көрсеткіштері мен шектеулерді бекітеді.
Меморандумда қызметтің негізгі бағыттары анықталған: инновациялық
жобаларды жүзеге асыратын компанияларды, венчурлық қорларды құруда, ұлттық
инновациялық инфрақұрылым элементтерін (технополиятерді, технопарктерді,
бизнес- инкубаторларды, инновациялық орталықтарды) құруда , сондай-ақ,
қолданбалы ҒЗТКЖ қаржыландыруды инвестициялау және инвестицияларды
тарту.Инвестициялаудың негізгі түрлері: заңды тұлғалардың жарғылық
капиталын қалыптастыру немесе арттыру барысында қатысудың акциялық үлесін
сатып алу арқылы жарғылық капиталға бақылаусыз қатысу.
Меморандумда инвестициялық қызметке шектеулер қойылған.Қор:
1) акциялардан басқа бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға;
2) заемдар ұсынуға;
3) үшінші тұлғалардың міндеттемелер бойынша кепіл және кепілдік беруді
ұсынуға;
4) шарттары мен қабылдау тәртібі, сондай- ақ олардың мақсатын жүзеге асыруы
қордың жарғысына және Қазақстан Республикасының Заңнанмасына қайшы келетін
міндеттемелерді өзіне алуға құқы жоқ.
Қор қызметін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының
Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2005-2045 жылдарға Қазақстан
Республикасынң ұлттық- инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының
бағдарламасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық функциялары
Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану
Жергілікті инвестиция есебі
Инвестициялық саясат
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Пәндер