Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық процестер



Кіріспе 3.4
I.ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 5
1.1. Инвестиция және инвестициялаудың түсінігі және мәні 5
1.2. Инвестицияның түрі мен нысандары 8

II. ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ. 12
2.1 Инвестициялық қорларды тиімді пайдалану жолдары 12
2.2 Дамушы елдердің экономикасын инвестициялау 18

III.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР. 23
3.1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және оны жетілдіру мәселелері. 23
3.2 Экономиканы дамытудағы шетел инвестицияларының ролі 27

Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33
Қосымша 34.35
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын - соңды болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайда бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды. Оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етеді, ал оны жүзеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі.
Өндіріс орындарын дағдарыстан шығарып жандандыру үшін, өндіріс инфрақұрылымын жаңартып, озық технологиялық процестерді енгізу үшін жаңа экономикалық, инвестициялық бағдарламалар жасау қажеттігі туындады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында көптеген кәсіпорындар инвестициялардың арқасында ұлғайып және өсіп келеді.Егер кәсіпорындарды қаржыландырмаса олардың өсуі және материалдық техникалық базасын ұлғайтып және жаңарту мүмкін емес.
1. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ.Шеденов., Е.Н.Сағындықов., Б.А.Жүнісов., Ақтөбе, «А-Полиграфия» 2004ж. 455 бет.
2. Абрамов С.И. Инвестирование. –М: Центр экономики и маркетинга. 2000г. 440 стр.
3. Игошин Н.В. Инвестиции. Организация управления и финансирование: Учебник для вузов.-М: Финансы, ЮНИТИ, 2000г. 413 стр.
4. Сахариев Е.К. Әлем экономикасы. А. 2001ж.
5. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. –Алматы.: МВП «Инкар» МЧП. Тулга. 1993г. 320 стр.
6. //Ақиқат. №4. 2004ж.
7. Тоқсанбай Т.А. Толық экономикалық қазақша-орысша сөздік. 1999ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе 3-4
I.тарау. Инвестиция туралы түсінік 5
1.1. Инвестиция және инвестициялаудың түсінігі және мәні 5
1.2. Инвестицияның түрі мен нысандары 8

II. тарау. Инвестициялық қызметтің жүзеге асырылуы. 12
2.1 Инвестициялық қорларды тиімді пайдалану жолдары 12
2.2 Дамушы елдердің экономикасын инвестициялау 18

III.тарау. Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық процестер. 23
3.1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және оны жетілдіру
мәселелері. 23
3.2 Экономиканы дамытудағы шетел инвестицияларының ролі 27

Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33
Қосымша 34-35

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика
экономикасында күрделі бұрын - соңды болмаған өзгерістер болды. Реформа
экономикада әлеуметтік жағдайда бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды. Оған
жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық
жүйесін өзгертуді қажет етеді, ал оны жүзеге асыру, күрделі де ауыр процесс
екені белгілі.
Өндіріс орындарын дағдарыстан шығарып жандандыру үшін, өндіріс
инфрақұрылымын жаңартып, озық технологиялық процестерді енгізу үшін жаңа
экономикалық, инвестициялық бағдарламалар жасау қажеттігі туындады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында көптеген кәсіпорындар
инвестициялардың арқасында ұлғайып және өсіп келеді.Егер кәсіпорындарды
қаржыландырмаса олардың өсуі және материалдық техникалық базасын ұлғайтып
және жаңарту мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты – инвестиция туралы жалпы түсінік беру және
оның ел экономикасын дамытудағы орнын көрсету.
Аталған мақсатты алға ала отырып келесідей міндеттер орындалды:
I тарауда инвестиция түсінігі, оның мәні, түрлері және нысандары ашып
көрсетілген.
II тарауда инвестициялық қорларды тиімді пайдалану жолдары,
инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері, сондай – ақ дамушы елдердің
экономикасын инвестициялау жайлы айтылған.
Ал Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық процестер деп
аталатын III тарауда Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал,
экономикамызды инвестициялаудың проблемалары мен бағыттары және ел
экономикасын дамытудағы шетел инвестицияларының ролі туралы жазылған.
Инвестиция - әрбір елдің экономикалық дамуының негізгі көзі болып
табылады.
Әкімшіл - әміршіл жүйенің күйреуі және Қазақстанның жаңа нарықтық
қатынастарға біртіндеп көшу елдегі экономикалық даму мен тұрақтылықты
орнатуға байланысты болды.
Ал экономикалық дамудың негізгі шарты болып, елдегі жоғары деңгейдегі
инвестицияық белсенділік табылады. Сол себепті Қазақстан тез арада ел
экономикасына салымдар мен шетел капиталын тартуды қолға алды. Алайда, бұл
процесс көптеген қиындықтар жағдайында іс жүзіне аса бастады.
Әр уақытта шетел инвестициясын тиімді бола бермегендіктен, отандық
инвесторларды қолдау саясатын қолға алу қажет болды.
Осы және басқа да мәселелер курстық жұмыстың келесі бөлімдерінде
қарастырылған.

I-тарау. Инвестиция туралы түсінік.

1.1. Инвестиция және инвестициялаудың түсінігі және мәні

Инвестиция немістің іnvеsitiоn дегеи сөзі және бұл кәсіпорынға
(фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін
көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға карағанда кең
мағына білдіреді.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін
былай түсінген: кез-келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және
зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі
банктердің еркін ақшалай коры, Тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің
акшалай қаржылары. яғии мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және
т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға көтпеген
барлық ресурстар — жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде
жана кәсіпорынды сатуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту,
мәдени объектілеріме бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.
Қорлану теориясын К. Маркс Капиталдың бірінші томында қарастырады, онда
капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезегінде оның
органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестииия теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің Еңбекпен
қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы (1936 ж.) еңбегінде қарастырды,
онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты
факторы ретінде анықтайды.
Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша
жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен
салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске
қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Иивестиция тиімділігінің артуы дегенміз ең аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір онімге деген иивестицияның жеке үлесінің азаюында коғам үйінің
қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
- иивестицияның техникалык құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар
оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен
реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке
үлесінің артуы;
— жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрсс болып
табылады. Жаңа техниканы өндіру оны экономикалық тиімділігін анықтау
қажеттілігін қарастырады және оның салалы тиімділігінің ескісімен
салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ: машина, станоктың куаты мен
өнімділігі, ондағы деталдарды дәл өндеу және т.б. Сондай-ақ пайдалы
тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздін, қызмет жасаудың
ыңғайлылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.
Инвестициялар бұл – Қазақстан экономикасы үшін жаңа түсінік болып
табылады. Орталықтанған шаруашылық кезінде жалпы капитал салымдары
түсінігі қолданылды. Ол дегеніміз негізгі қорларды қайта өндірумен
байланысты барлық шығындар яғни оларды күрделі жөндеуге кеткен шығындар.
Нарықты қатынастарға көшкеннен кейін Қазақстанда басқа елдердің
көпшілігіндегі сияқты инвестиция ұғымы қолданыла бастады.
Инвестиция – түсінігінің мәнін ашу үшін оған келесідей анықтамалар
беруге болады:
1. Инвестициялар – ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары, пайлар,
акциялар мен басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар,
лицензиялар. Соның ішінде тауар белгілеріне лицензиялар кәсіпкерлік қызмет
және қызметтің басқа түрлерінің объектілеріне пайда табу және оң әлеуметтік
әсерге жету мақсатында салынатын несиелер кез – келген басқа мүлік немесе
мүліктік құқық, интелектуалдық құндылықтар.
2. Инвестициялар бұл – халық шаруашылығының әртүрлі салаларының
кәсіпорындарына ұзақ мерзімді капитал салымдар. (Ел ішінде немесе шет
елдер)
3. Инвестициялар бұл – пайда табу немесе әлеуметтік не экономикалық
әсерге қол жеткізу мақсатында өндірістік коммерциялық әлеуметтік, ғылыми,
мәдени немесе қандай да бір басқа салалардың әртүрлі бағдарламалары мен
жобаларды жүзеге асыруға салынатын барлық ақшалай мүліктік және
интелектуалдық құндылықтар жиынтығы.
4. Инвестициялар бұл – ұлттың немесе шетел экономикасының әр түрлі
салаларына пайда табу мақсатын да жеке немесе мемлекеттік капиталдың,
мүліктің немесе интелектуалдық құндылықтардың ұзақ мерзімді салымдары.
5. Инвестиция (капиталдық салымдар) – халық шаруашылығының барлық
салаларының негізгі қорларының ұдайы өндірісін кеңейтуге бағытталған
материалдың, еңбек және ақша ресурстарының жиытығы.

1.2. Инвестициялардың түрлері

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінің пайда (табыс)
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке де жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілері жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың
барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелде экономикаға ұзақ
мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып
бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылыс және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары — мемлекеттен, басқа да
кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар мен акцияларды
сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда
инвестор бағалы қағаздарды дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын
ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанак болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы Тікелі инвестицияларды мемлекеттік қорғау
Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік
кепілділігіне баі ланысты және арнайы техникалық көмек пен гранті арналған
инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері Жанама инвестициялар -
қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік
бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар оларды
атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші
рольге ие болып отырған меншік инвестицияларға және қайталама өтімді
резервтер дейтіні яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік
міндеттемелерге бөлінеді.
Инввстицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір
бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске
асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
табиғи активтерге инвестициялар;
ақша активтеріне инвестициялар;
материалдық емес активтерге инвестициялар.
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету
уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс
процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне — басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын
алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар,
акциялар несиелер, қарыздар, кепілділіктер т.б.
Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке
оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау
тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу,
өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар
жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
Тиімділікті арттыруга бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты –
жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің
тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын
азайтуға жағдай жасау.
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс
орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
3. Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер,
тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған
инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекетгік ұйымдардың
экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға
байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.
Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты.
Инвестициялардың түрлері; мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде
көрсетілген:
Инвестиция түрлері мен тэуекелшілдік деңгейінің байланысы
3-түрі 2-түрі 1-түрі 4-түрі
Жаңа Өндірісті Тиімділікті Мемлекеттік
өндіріс-терді кеңейтуге арттыруға ұйымдардың
салуға инвестициялаинвестициялар талаптарын орындауға
инвестициялар р инвестициялар
Тәуекелшілдіктің жоғарғы Тәуекелшілдіктін, төмеыгі деңгейі
деңгейі

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі
өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту.
Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті - инвестициялық іс-әрекет деп аталады.
Қазақстан Республикасының Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы
Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке
инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық
іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңдыя түлғалар), тапсырыс берушілер,
жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар,
сонымен бірге жеткізушілер, занды тұлғалар (банкілер, қам-сыздандыру
ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа, да инвестициялық процестің
қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа да
инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері
Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы, Қазақстан Республикасы
Президентінің заң зкүші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы, Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы, Шетел
инвестициялары туралы Зандармен және де Банкроттық жайлы, Бағалы
қағаздар нарығы жай-ілы, Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы
Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар
формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба
- капиталдары ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен
сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар
жиынтығы.
Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден
тұрады:
инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
инвестициялық мүмкіншіліктерді зерггеу;
жобаны техникалық-экономикалық негіздеу;
жер учаскесін алу немесе жалға алу;
• келісім құжаттарын дайындау;
• құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
• объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің
мониторингі.
II. тарау.Инвестициялық қызметтің жүзеге асырылуы

2.1 Инвестициялық қорларды тиімді пайдалану жолдары.

Экономиканың қай саласыда қаржысыз дамымайды.Оны табу, толықтыру
мүмкіндіктері түрліше қиындықтар кездестіруде. Ел экономикасын дамытуда
ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ, ол жеткіліксіз болып отыр.
Осыған байланысты шетел қаржыларын тарту басты мақсатқа айналуда.Осы
тұрғыдан біраз жұмыстар да тындырылды. Алдағы уақытта шетелдік
инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты әңгімеге айнала бастады
.Бұл орынды да. Себебі, шетелдік инвестициялар бізге тегін, рақмет
айтқанымыз үшін келіп жатқан жоқ. Оны пайдаланғанымыз үшін шетелдіктерге
көптеген қосымша процент төлеуге мәжбүр болып отырмыз. Оның мөлшері онша аз
емес, жыл сайын өсіп келеді.
Егер шетелдік қаржының алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3
млрд. долл. болса,соңғы кезде ол 5,8 млрд.долларға жетіп отыр. Жыл сайын
шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе беретін болады. Оны
уақытымен толық мөлшерде төлеу үшін еліміздің өндіріс орындары, шаруашылық
салалары өз жұмыстарын жандандыруы керек.
Осы тұрғыдан қарағанда шетел капиталын өзімізге тарта берудің жағымсыз
жақтары баршылық.
Осыны ескере отырып, инвестициялық қорларды пайдалану жолдарына,
еліміздің ішкі резервтеріне тоқталайық.
Ертеден келе жатқан тәжірибе бойынша, ішкі инвестициялық қорды құруға
барлық халық қатысатын, олар мемлекеттік заемдарға жазылып, өздерінің
табыстарының біраз бөлігін мемлекетке беретін. Бұл тәжірибені қазіргі
жағдайда қолдану, халықтың басым көпшілігі тығырыққа тіреліп отырғанда,
оладан қаржы бөлуді сұрау да қиын . Бірақ, өте көп қаржы жинаған
коммерсанттар бар. Олардың жинаған қаржысы халақтікі екенін де ескеруіміз
керек. Осы тұрғыдан алғанда ішкі резервтерді молайту мақсатында еліміздің
коммерсанттары өз қаржыларының біраз бөлігін орындастырғаны жөн . Ол
өндірісті дамытуға, негізгі қорларды жаңартуға бағытталуы тиіс.
Амал не, осы бағытта жүзеге асып жатқан жұмыс жоқтың қасы, жеке
меншіктегі капиталдың өндіріске құйылуына, оның дамуына жол ашуына жағдай
жасалмай отыр. Көптеген меншік иелері бағаны көтеру жолымен табыс табуға
ұмтылуда, өз капиталдарын өндірісті кеңейтуге, олардың негізгі өндірістік
қорларын жаңартуға жұмсағысы келмейді.Әсіресе, ауыл шаруашылығында,
металлургияда, отын өнеркәсібінде, жеңіл өнеркәсіпте негізгі қорлар шамадан
тыс ескірген. Оларды жаңарту үшін 40-120 жыл керек болады. Ал оларды
уақытша басқаруға алған шетел компаниялары капиталды осы мақсатта жұмсауда
ыждағаттылық көрсетіп отырған жоқ. Егер жеке меншік капиталы да, шетел
капиталы да өндірістің негізгі қорларын жаңартуға жұмсалмаса, олар одан әрі
ескіре беретін болса, қандай техникалық прогресті, алға жылжуды күтуге
болады? Қазірдің өзінде машина өнеркәсібінде қондырылған құрал-саймандардың
пайдалану коэффиценті 2,7 есе, жеңіл өнеркәсіпте -6 есе төмендеген.
Негізгі қорлардың жаңармауының бірнеше себепттері бар: біріншіден,
оларға көптеген салық төленеді, ал олардың өндірісте пайдалану дәрежесі
төмен, 100 машинадан есептегенде орта есеппен 47-сі толықтай тоқтап тұр, 24
машина 15 процентке, 37 машина тек ғана 25 процентке пайдаланылады.
Инвестициялық қорлар өндірістік потенциалды толықтай пайдалануға жұмсалуы
керек. Сол сияқты ауыл шаруашылығында да көптеген өндірістік ғимараттар
қаңсап тұр, немесе қойма, т.б. өндірістік маңызы жоқ мақсатта пайдалануда.
Қазақстандағы қазіргі саясат шетел инвестициясын көбірек таратуға
бағытталған. Көп жағдайда өзіміздің отандық инвесторлардың мүмкіндіктері
ескерілмейді, олардың капиталын өндірістік саланы дамытуға жұмылдыру
жөнінен мемлекттік шаралар жүзеге асырылмай келеді.
Егер жеке меншіктегі капитал олардың иелерінің еркімен кез-келген
керексіз бағытқа жұмсала беретін болса, отандық кәсіпкерлерден халқымыз
қандай көмек күте алады? Комерсанттар мен бизнесмендердің капиталы төбеден
түскен жоқ. Жоғарыда айтылғандай, ол Республика байлығы негізінде
жинақталғандықтан, халқымызға көмектесуге міндетті.
Бұл тұрғыда мемлекттік реттеу керектігі әлде қашан белгілі болған ды.
Мысалы, Республикамызға белгілі ірі- ірі капитал жинаған Бутя,''Акцепт'',
Райымбек,тағы басқалардың қаржыларын өндірістік саланы дамытуға бағыт
беріп, олардың капиталын тиімді пайдалануға мемлекет тарапынан бақылау
жасаған орынды.
Олар қашанға дейін алып, сатарлық жұмыспен шұғылдануға, шетелдіктердің
рыногын, соның арқасында оларда ауыл шаруашылығын, өнер кәсіпті дамытуға
көмектесуге тиіс. Тауарларды таза валютаға сатып алу арқылы, олар көптеген
шетелдердің экономикасын дамытуға, оларда жұмыссыздар санын азайтуға
тікелей көмегін тигізіп отыр. Егер осы тауарды сатып алуға жұмсалатын
инвестицияны өз елімізде өндірісті жандандыруға пайдалансақ, халықты
жұмысқа орналастыруға, елімізде олардың тұтынуына керекті тауарларды
өндіруге жағдай жасалар еді. Біртіндеп қазіргі орын алып отырған
экономикалық күйзелістен айығар едік. Елімізде өндірістік саланы дамытудың
тағы бір пайдалы жағы:біздің өнімдеріміздің сапалылығы. Медициналық
тексерулер (тамақтану ғылыми-зерттеу институтының материалдары) көрсетіп
отырғандай, шетелден (әсіресе Қытайдан) сатып алынған тауарлар өзінің
сапасы жағынан отандық тауарлардан әлде қайда төмен. Бұл жағдай әсіресе
тамақ өнеркәсібінде көбірек байқалады. Тіпті, дамыған елдер қатарындағы
Англияның печеньесі сапасы (көректік жағы, калориялығы ) тұрғысынан
Қазақстан фабрикалары шығаратын печеньеден нашарлау. Егер осы жағдайларды
ескерсек, отандық инвесторлардың ауыр өнер кәсіпті (машина жасау, мұнай,
көмір өнер кәсібі) дамытуға шамасы келмегенімен шағын тамақ өндіру
фабрикаларымен өндеу кәсіп орындарын ұйымдастыруға толық мүмкіндігі бар.
Әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына инвестициялық қорлар жағдай
жасауы тиіс. Егер жеңіл және тамақ өнер кәсібінде шағын кәсіп орын ашылса,
оған республиканың әр аймағындағы көптеген жұмыссыздар орналаса алады.
Әрине, айтылған ойлар жүзеге асуы үшін мемлекет тарапынан мардымды
көмектер керек. Алдымен әңгіме өнім өндірушілерден алынатын салық жайында.
Егер елімізде өндірістік сала дамысын десек, өндіріспен шұғылданатын кәсіп
орын иелерінен салық алуды олардың өндіріске жұмсаған қаржысы екі есе өзін
ақтағанша тоқтату керек. Әсіресе, енді ғана тәй тұрып келе жатқан шағын
және орташа бизнесті жандандыруда бұл жеңілдікті кеңінен пайдаланған жөн.
Қазіргі кезде отандық инвесторлар шетел инвесторларына берілген жеңілдікпен
пайдалана алмай келеді. Егер шетел инвесторларынан өндірісті меңгергенше
екі жыл бойы салық алынбаса, отандық инвесторлардан салық үстемелеп
алынады, олардың өндірісті дамытуына салық инспекторлары, әртүрлі
дәрежедегі бақылаушылар(олардың ішінде заң орындарының қызиаткерлеріде бар)
мүмкіндік бермейді, дәлірек айтқанда, оларды тұншықтырады бұл бағыт отандық
өнер кәсіптің дамуына жол бермеу үшін әдейі істеліп отырған сияқты.
Бұған қоса айта кету керек: шетел инвесторлары да отандық өнеркәсіптің
жандануына кедергі жасап отыр. Олар өндіріс орындарын өз жағдайына биімдеп
қайта құрады, көп жағдайда оның профилін өзгертеді, өздеріне шикі зат,
материал беріп тұруға бағыттайды . Егер отандық өндіріс орны оларға
бәсекелестік туғызса, оны тезірек жаншып тастауға, немесе таратып жіберуге
жұмыстанады. Сондықтан да шетел капиталын тек аса керекті жағдайда, отандық
капиталдың өресі жетпейтін жағдайда тарту керек.
Шетел инвестициясын өз экономикамызда дамытуға тартқан жағдайдың
өзінде олардың қай қиғылмен келгенін, не істеуді жоспарлағаны қадай
технологияны өндіріске енгізетінін алдын ала білуіміз керек. Олардан
инвестиция бөлген өндіріс орнының ұжымына қандай пайда түседі- осы
фактордың мөлдір болғаны жөн.
Шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың қай
саласында пайдалану тиімді-осыған көбірек мән беру керек. Кейіннен осы
нивестицияны пайдаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан бұл
инвестицияны қай салада пайдалануды шетелдіктер бұйрық етпей, өзіміз шешуге
тиіспіз. Қазіргі кезде шетелдіктер өз инвестициялары елімімдің шикі затын
меңгерге ккөптеп жұмсап, машина жасау, жеңңіл , тамақ өнер кәсіптерін
дамытуға мән бергісі келмейді.Ал, құрылысқа тартылған шетел инвестициясы
тұрғын үйлер, мектеп пен ауруханалар салуға емес, бұрын салынып қалған
ракета қондырғыларын бұзуға жұмсалуда . Осының салдарынан республикадағы
көптеген құрылысы бітпей қалған бейбіт мақсатқа арналған обьектілер қаңырап
есік- терезесіз бос тұр, құрылысшылар жұмыссыз жүр. Шетел инвестициясын
пайдаланудағы бұл келіссіз бағытты өзгертпей болмайды.
Сол сияқты шетел инвестициясын ғылым мен білімді дамытатын салаға,
ғылым жетістіктерін көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға,
жаңа технологияны енгізуге жұмсаған тиімді.
Тәжірибеде байқалып отырғандай, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды
дамытуға, немесе шетел тауарларын көп тасмалданатын , соның салдарынан
бәсекелестік кең өріс алып отырған салаларды дамытуға жұмсау самарқаулау.
Сондықтан да, мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар
өндірушілерден қорғауы керек. Бұл жөнінен арнайы бағдарлама болғаны жөн.
Сонымен қоса отандық тауар өндірушіні қорғау мына фактормен де байланысты.
Ол шикізат мәселесі. Қазіргі валюта курсына байланысты шикізатты шетелге
көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлде қайда пайдалы. Сол
себепті республикамыздың шикізаты шеике кетіп жатыр, ал отандық
кәсіпорындар осының салдарынан шикізатсыз қалуда.
Бұған жол бермес үшін валюта курсын өзімізде қай өндіріс саласын
дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп отыру керек.
Экономикалық дамуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және
өнеркәсіптік саясат міндетті түрде кіргізілуі керек. Шаруашылық салаларын
қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн.
Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының дамуына жағдай жасау, республикамыздың халқын жұмысқа
орналастырумен, олардың хал- ахуалының жақсаруымен тығыз байланысты.
Отандық өндірісті дамытуға керекті инвестиция табу-еңбекке орналасу
дәрежесін көтереді, қалаларда жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады,
жұмыссыздықтан қоғамның тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.
Қорыта айтқанда, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану үшін
төмендегі талаптарды сақтауды ұсынамыз.
-Экспорттық потенциалды көтеріп, шетелден тасмалданатын тауарды
елімізде өндіру.
- Республикадан заңсыз жолымен валютаны сыртқы шығаруға жол бермей,
валюталық бақылау жүйесін жетілдіру.
- шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме берррудді
шектеу.
-экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициямен
қаруландыру, халықтың төөлем төлеу қабілетін жоғарылату.
Осыған байланысты еліміз алдында екі басты міндет тұр: инвестициялық
белсенділікті көтеру, ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Аймақтық экономиканын бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және бағалау
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері
Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Пәндер