Индустрияға дейінгі экономика, өндіріс тәсілдері



1. Индустрияға дейінгі экономика: мәні және негізгі сипаттары
2. Алғашқы қауымдық өндіріс тәсілі
3. Азиялық және антикалық өндіріс тәсілдерінің сипаттамасы
4. Феодалдық өндіріс тәсілі (әдісі)
5. Көшпенді (номадтық) өндіріс тәсілі
Индустрияға дейінгі экономика бірнеше қоғамдық экономикалық формацияны (алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық) біріктіреді. Олардың бәріне өндіріс күштерінің даму деңгейінің төмендігі, экономикалық еркіндіктің болмауы, үстемдік пен бағыныштылықтың қарым-қатынастары, экономикадан тыс мәжбүрлеушілік болуы тән.
Өндірістің индустрияға дейінгі кезеңіне мына сипаттар тән:
- экономиканың бастапқы саласы (ауыл шаруашылығы) басым болады;
- еңбекке жарамды халықтың басым бөлігі егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты;
- шаруашылық әрекетте қол еңбегі үстем болды (прогресс қарапайым құралдардан күрделілеріне өтуде байқалды);
- өндірісте еңбек бөлінісі нашар дамыды және ғасырлар бойы оны ұйымдастырудың қарабайыр формалары (натуралды шаруашылық) сақталды;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Индустрияға дейінгі экономика: мәні және негізгі сипаттары

2. Алғашқы қауымдық өндіріс тәсілі

3. Азиялық және антикалық өндіріс тәсілдерінің сипаттамасы

4. Феодалдық өндіріс тәсілі (әдісі)

5. Көшпенді (номадтық) өндіріс тәсілі

1. Индустрияға дейінгі экономика: мәні және негізгі сипаттары

Индустрияға дейінгі экономика бірнеше қоғамдық экономикалық формацияны
(алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық) біріктіреді.
Олардың бәріне өндіріс күштерінің даму деңгейінің төмендігі, экономикалық
еркіндіктің болмауы, үстемдік пен бағыныштылықтың қарым-қатынастары,
экономикадан тыс мәжбүрлеушілік болуы тән.

Өндірістің индустрияға дейінгі кезеңіне мына сипаттар тән:

- экономиканың бастапқы саласы (ауыл шаруашылығы) басым болады;

- еңбекке жарамды халықтың басым бөлігі егіншілікпен және мал
шаруашылығымен айналысты;

- шаруашылық әрекетте қол еңбегі үстем болды (прогресс қарапайым
құралдардан күрделілеріне өтуде байқалды);

- өндірісте еңбек бөлінісі нашар дамыды және ғасырлар бойы оны
ұйымдастырудың қарабайыр формалары (натуралды шаруашылық) сақталды;

- халықтың көпшілік бөлігінде өндіріспен бірге тоқырау жағдайында тұрып
қалған ең қарапайым қажеттіліктер басым болды.

Капитализмге дейінгі қоғамда экономикалық еркіндік жоқ, ырықсыздық
үстем болады: шаруалардың келіп-қону бостандығы жоқ; қолөнершілер
қолөнерге таңылған, кұлдар - "сөйлейтін құрал-саймандар", т.б.

Қоғамның "Рулық", содан соң "тектік" құрылысы "баршаға ортақ түрде"
жағдайын, социологтар сөзімен айтса, "сатылай әлеуметтік жұмылдырудың"
бұған миграциялық формасы да кіреді: мысалы, ауыл тұрғыны үшін ауылдан
қалаға көшудің өзі ғана мансап алумен пара-пар; қалалық адамның кішкене
қаладан ірісіне көшуі де - аз (табыс емес) мүмкіндік еместігін білдіреді.

Жаппай бәрі алдын ала белгілі болуының салдарынан жаппай тоқырау -
капитализмге дейінгі қоғамның бейнесі осындай. Капитализмнің социалистік
(әлеуметтік) хабаршыларының капитализмге дейінгі қоғамның бірде бір
әлеуметтік тобына келмейтіні кездейсоқ емес. Әлеуметтік кедергілерді жоюға
қоғамның бүкіл дерлік тарихы бағынады.

Капитализмге дейінгі кезең үстемдік пен бағыныштылық қатынастарына
толы болатын. Тек капитализм ғана жеке адамға экономикалық еркіндік әкелді.

Капитализмге дейінгі қоғамда өндіріс факторлары жоқ - еңбек те, жер
де, капитал да тауар емес еді; тек "тауар" мәртебесі ғана бұларды "өндіріс
факторына" айналдыра алатын еді, өйткені осы жағдайда ғана оларды тиімді
(бәсекелестермен күресте) сатып алу және табсты (сондай-ақ, бәсекелестермен
күресте) пайдалану мәселесі туындайды.

Еңбек міндеттілік, жуктелген міндет болатын; оған ақы төленбегенімен
қоймай, керісінше - еңбек нәтижесінің бір бөлігі тартып алынатын (оның
үстіне "қожайынды" ауыстыруға тыйым салынатын).

Жер айрықша сату-сатып алу объектісі ретінде "жылжымайтын мүлік" болып
табылмайтын еді.

Капитал қатып қалған қазына ретінде болған; капиталдың ұдайы орын
ауыстыруы, одан түсетін табыс капитализмге дейінгі экономикада мүмкін емес
болатын.

2. Алғашқы қауымдық өндіріс тәсілі

Алғашқы қауымдық тарих - адамның пайда болуынан мемлекет пайда
болғанға дейінгі кезең - таң қаларлық оқиғалардан тұрады: адамның, тілдің
пайда болуы, адамның шаруашылық (кейіннен - ендірістің, одан кейін -
экономикалық) әрекетінің негізі қалануы, әлеуметтік институттардың,
материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасуы, еңбек, меншік бөлінісі,
сондай-ақ, кептеген "социум" құрайтындар.

Алғашқы қауымдық қоғам экономикалық теориясының міндеті - алғашқы
қауымдық қоғамның негізгі айрықша сипаттары мен оның қозғалысының
(қалыптасу, гүлдену, қулдырау) заңдылықтарын анықтап шығару.

Алғашқы қауымдық қоғам онда өндірістік күштөр дамуының бастапқы, ең
төмен деңгейі жағдайындағы әлеуметтік ұйымдасу болғанымен ерекшеленеді.
Қазіргі қоғам табиғатты билеп отыр, қазіргі адам мен табиғат арасында оны
қорғайтын ноосфера құрылған, ал алғашқы қауымдық кезеңде қоғам мен
табиғат тікелей қатынаста болатын және басты роль табиғатқа тиесілі еді.

Алғашқы қауымдық құрылыс - ендіріс күштерінің қалыптасу дәуірі: оның
басынан аяғына дейін еңбек құралдарын жасау үшін басты материал тас болды,
одан тек қарапайым, кемелдендіруге келмейтін құрал-саймандар жасауға
болатын еді. Дәл осы жағдай алғаш рет Адамның басты күші - ұжымдық
бірлескен еңбек күшін көрсетті.

"Адамдардың ұйымдасқан қоғамдастығы" - адамзаттың басты өндірстік
күші, осының арқасында жеке тұлғаның тарихы қоғам мен әлеуметтік прогресс
тарихына айналды.

Алғашқы адамдардың техникалық әлсіздігінің" орны тек олардың ұжымдық
бірлесу күшімен ғана толтырылуы мүмкін еді. Алғашқы адам тек тарих таңында
өзі сияқтылардың қоғамдастығына біріккендіктен аман қалды.

Алғашқы қауымдық қоғам жеке меншікті, мүліктің дифференциация және
қоғамнан шеттетілген мәжбүрлік билікті білмеген.

Алғашқы қауымдық өндіріс тәсілі - бұл ең узақ формация; оның "басы"
мен "аяғы" ұдайы анықталу үстінде (бүгінде оның диапазоны б.э.д. 1,5 млн.
жылдан 5 мың жылға дейінгі аралықта деп қабылданып отыр).

Оның дамуының мынадай сатылары ажыратылып жүр:

"алғашқы адамдар табыны→ алғашқы рулық қауым → алғашқы көршілік қауым".

Ерте алғашқы қауым иеленуші шаруашылық жүргізіп, тіршілікті
қамтамасыз етуші (қажетті енімге тең) өнім асырды: өнімді өндіруге
қатысқан-қатыспағанына қарамастан, қауымның әрбір мүшесінің өнім үлесіне
құқығы бар болатын.

Кейінгі алғашқы қауым өндіруші шаруашылыққа, яғни артық өнім алуға кешті,
сондықтан, теңгермелі бөліспен қатар еңбек бөлісі ("еңбек бойынша") де
пайда болды.

Осының нәтижесінде ортақ меншікпен қатар жеке меншік те қалыптаса
бастады (осы кезде қоғамның өзіндік қозғалыс кезі, яғни қазірге дейін
қоғамды қайда тартып бара жатқаны белгісіз әлеуметтік дифференциация пайда
болды).

Теория жүзінде қоғамның "басы" деп нені есептеуге болады? Қоғам
тарихының басы - адамның биологиялық дамуы негізінен аяқталып, прогрестің
жалғыз факторы длеуме ттік болған кез.

Адамды жануарлардан ажыратушы шек және адам өмірінің алғашқы негізгі
шарты болып еңбек құралдарын жасауға бағытталған әрекет болып табылады.

Алғашқы қауымдық қоғам өндірістік күштердің нашар дамуына байланысты
өндіріс пен қолданыстағы қарабайыр ұжымшылдықпен сипатталады. Өндіріс
"негізінен ұжымдық болған, сондай-ақ тұтыну да өнімдердің үлкен не кіші
коммунист қоғамдар арасында тікелей үлестіруге тірелетін. Өндірістің
бұндай ұжымдық сипаты ең кіші ауқымда жүзеге асырылатын, бірақ ол
өндірушілердің өздерінің өндіріс процесіне және өндіріс еніміне үстемдік
жүргізуіне ерте келді" (Ф.Энгельс, 21 т., 174-6.). Алғашқы қауымдық
ұжымшылдық "еңбек бөлінісінен және оның салдары - қоғамның таптарға
белінуі нәтижесінде жаралған еді" (Сонда, 169-6.).

Бастапқы тарих өзіндік ерекшелігіне карамастан, негізгі беталыс - тапқа
дейінге қоғамнан таптық қоғамға қарай қозғалыс - әмбебаб болған еді.

Ерте алғашқы қауым 20 - 30 ересек особьтан тұратын, өйткені одан
үлкен топ өзін-өзі асырай алмас еді (жеміс жинау көп өнім бермейді, бірақ
көп уақытты қажет етеді, аң аулау болса - сенімсіз), оған біршама
отырықшылық сипат (табиғи турғын жайлар - үңгірлерді игеру турінде) тән.

Жеміс жинау мен аң аулау - екеуі де шаруашылық жүргізудің ежелгі
түрлері, бірақ, аң аулау неғұрлым прогрессивті: ірі жануарларды аулау -
еңбек әрекетінің бастапқы формасы, ұжымшылдықтың өндіріс күшін жүзеге
асыруы болды.

Алғашқы қауым адамы "екіге бөлінді": жануар ретінде ол инстинкттерінің
ырқында болуы керек, ал адам ретінде - әлеуметтік нормаларды басшылыққа
алуы керек; бұл күрес қоғам мен жеке тұлғаның нақты өркениеттілігінің
деңгейін анықтай отыра, әлі күнге дейіи жалғасуда.

Алғашқы қауым кезіндегі "табиғи іріктеу" физикалық күшті емес,
әлеуметтік күшті ұжымдардың тірі қалуында болатын (белгілі бір тұрмыстық
заттар жерленген неандертальдық молалардың өзі-ақ әлеуметтік бастаманың
басым болғанын керсетеді).

Өркениеттілік - жануарлық инстинктті басу. Ойлау мен сөйлеудің пайда
болуы - алғашқы қауымдық кезеңдегі тағы бір революция. Олар бір мезгілде
пайда болды (тарихшылар мидағы сәйкес орталықтардың дамуына қарап, солай
деп шешіп отыр). Тілдер болса, кейінгі палеолитте қалыптаса бастады.
Биологиялық және әлеуметтік бастамалардың бірлігі әлеуметтік байланыстар
қалыптасуының нақты негізі тек табиғи етжақын туыстық қана болуы мүмкін
екендігінде еді: реттелмеген жыныстық қатынастардың бей-берекеттігі және
әкелік түсінігі жоқ болуы салдарынан туыстық қатынастар тек бір ананың
ұрпағы арасында ғана құрылуы, яғни аналық әйелдік желі бойынша қалыптасуы
мүмкін болатын. Алғашқы қауым адамы жыныстық қатынас пен бала туылуы
арасындағы байланысты білмейтін. Сондықтан да, қоғамды ұйымдастырудың
алғашқы реттелген формасы - аналық желі бойынша шығу тегі бір туыстар
ұжымы еді. Осылайша, табиғи туыстық қатынастар әлеуметтік (және
керісінше) деп танылып, бұл оларды биоәлеуметтік ұйым - рулық қауымның
"кірпішіне" айналдырды.

Ерте рулық қауым екі кезеңнен - "архаикалық" және "дамыған" аң аулаушы,
- жеміс-жидек жинаушы шаруашылық (шегі: жебе мен садақ пайдалану)
кезеңдерден өтті.

Жер ұжымдық меншікте ("кәсіпшілік аумақ" ретінде) болды. Жеке адамдарға
тек олардың ез қолдарымен жасалған еңбек құралдары ғана тиесілі болған
еді, бұл олардың тиімділігін арттырды. Осылайша, жеке меншік ортақ меншікке
еніп кеткен. Басқаша айтқанда: рулық қауым мүшесінің жеке меншігі оның
затқа деген қатынасы еді, бірақ қоғамдық қатынастар шеңберінде ол зат
рулық меншікте болатын.

"Тұтынудағы ұжымшылдық ұжымдық ендірістің автомат нәтижесі емес,
өміршеңдік шарты еді. Бірақ, қоғам мүдделерін есепке ала отырып (мысалы,
аңшылардікін көбірек) теңгермелі емес, "тең дәрежеде қамтамасыз етуші"
болды.

Еңбек белінісі ол кезде әлі әлеуметтік емес, табиғи силатка ие еді. Ерте
рулық қауымдағы негізгі жастық - жыныстық топтар - балалар, ересек әйелдер
және ересек ерлер топтары болатын. Ересектер санатына ету -маңызды меже
саналатын. Табиғи еңбек белінісі үстемдік пен бағыныштылық қатынастарын
тудырмап еді. Жыныстар тең дәрежелі болатын. Алғашқы қауым тең дәрежелілер
қоғамы еді, бірақ тек өндірістік ұжымның толыққанды мүшелілері ғана тең
дәрежелі болатын.

Жаңа тыйымдар арқылы неке шеңбері тарылуы жалғасып жатты. Сонда да,
қазіргідей отбасы әлі де болмады, жанұяның осындай тұрақсыздығы оның рулық
қауымға қарсы тұратын, оқшауланған экономикалық ұяға айналуына кедергі
жасайтын: ері мен әйелі неке барасында әрқайсысы өз руымен байланысты
болып, ортақ меншіктері болмады, ал балалар тек анасының руына тиесілі еді.
Осылайша, отбасын бөлудің өзі табиғи-рулық қатынастар шырмауынан әлі де
шыға алмай жүрді.

Кейінгі рулық қауым. Керамиканың - қыш ыдыстарды қалыпқа салу және
күйдіру - пайда болуы ("керамика ғасыры").

"Неолиттік революция" егіншілік пен мал шаруашылығы.

Артық өнім, онымен бірге жеке меншік пайда болды.

"Беделді экономика" - тайпалар арасында сыйлықтар алмасу туындайды. Бұндай
әдетте таусылмайтын, әрі бір қарағанда мағынасыз көрінетін айналым
қоғамдық алмасу үшін өте маңызды болған.

Алғашқы қауымдық демократия өзін-өзі басқарудан көрінетін. Рулық
құрылыстың кушті әрі әлсіз жері - қандай да бір жеке тұлғаның жаншылуы.

Алғашқы қауымдық қоғам оның шеттетілуін, эксплуатацияның экономикалық
тиімділігін, сондай-ақ, ерекше әлеуметтік институттарды ұстауды мүмкін
қылған артық өнімнің пайда болуынан туған сынаққа шыдай алмады.

Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі түсында үстем тап және құлдар,
жеке иемдену (жеке шаруашылык пен жеке меншікті) көзі ретінде парцеллярлық
пайда болды. Еңбек бөлінісі өндірістің, өндіріс көлемінің өсуіне, сондай-ақ
тауарлылықтың өсуіне алып келді.

Рулық кауым қанша қарсылық білдіргенімен, ол "көршілік" (ауылдық,
егіншілік, аумақтық) қауымға - етжақын туыстық байланыстары жоқ адамдардың
алғашқы әлеуметтік бірлестігіне айналды. Көршілік қауым дуализмнің бейнесі
болып еді: жер меншігі әлі де ұжымдық (рулық) болып қала берді, өйткені
отбасы оны әлі жеке-дара меңгере алмайтын.

Отбасы пайда болуымен туыстықтың аналық есебі және аналық желі бойынша
мұрагерлік әкелік желіге ауысты. Бұл, Энгельстың айтуынша, адамзат
тарихындағы ең радикалды революциялардың бірі.

Рулық қоғам ыдырауының мәні қалай болғанда да жеке меншік, таптар мен
мемлекет пайда болуының құрамдас бөпігі болған.

Бұл феномендарды сыртқы факторлармен емес, қоғамнын өзіндік дамуымен
түсіндіру маңызды.

Еңбек өнімділігі өсуінің екі салдары болды: ұйымдық тұрғыдан
өндірістің даралануы (индивидализация) жүрді, ал экономикалық тұрғыдан
қосымша (прибавочный) өнімнің пайда болуы. Осылар бірігіп біреулерге
өзгелер өндірген артық өнімді меншіктеп алуға мүмкіндік берді. Ал қоғамдық
еңбек бөлінісі тауар өндірісін туғызды. Осының нәтижесіндө. еркін
шеттетілетін жеке меншік пайда болды, ол рулық, құрылым жеке меншігінен
эксплуатацияға (қамруға) мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленетін.

Жеке меншіктің басы - жекелеген отбасылардың артык өнімді байлық
(қолөнер буйымдары, металдар, өндіріс жарақтары, қару-жарақ, мал, кейіннен
- байлық) түрінде, яғни тек табиғи формада ғана емес, сондай-ақ қазынаның
өзгерген түрі - жалпыға ортақ қабылданған эквивалент, заттанған ақша
формасында жинауы.)

Жеке меншіктің қалыптасуы рулық-қауымдық ұжымшылдық дәстүрлерімен
күрес үстінде жүрді: барлар жоқтар мен бөлісуге, беделділер қонақасылар,
руластарына сыйлықтар беруге мәжбүр болатын, байлардың артық мүлкін күшпен
тартып алу жиі болып тұрды, шектен тыс артық көлемде мүлік иеленуге тыйым
салынатын, тіпті жиналған мүлікті көпшілікке таратып беру және жою да жиі
орын алатын.

Жеке және қауымдық меншіктің басты ұстасу саласы - әлсіреді. Жерге
ұжымдық меншік бар кезде, қозғалмайтын мүлікке (соның ішінде, өндіріс
құралдарына) жеке меншік екінші дәрежелі, бағынышты сипатқа ие болған.
Сөйтіп, жилжитын мүліктің жеке меншігінен бастап, іс жердің жеке меншігіне
дейін жетті және бұл ұдайы әлеуметтік күрес үстінде жүрді. Алдымен тура
емес формалары (алғашқы болып мекендеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустрияға дейінгі экономика мәні және негізгі сипаты
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Ашық экономикалық жүйе
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Сапалы инженер маманды даярлаудың өзекті мәселелері
ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Өндіріс концентрациясы және өнеркәсіптегі кәсіпорындар мөлшері
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Пәндер