Өнеркәсіптік революция және индустриялық даму



1. Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы
2. Капиталистік өндірістің мәні
3. Капитализмнің даму кезеңдері
Капиталистік құрылыстың пайда болуы мен қалыптасуы - бұл XVІ ғасырдан бастау алатын тұтас тарихи дәуір. Кез келген өндіріс тәсілі пайда болуы үшін белгілі алғышарттар қажет. Капиталистік өндіріс тәсілі пайда болуының материалдық негізі - қоғамның материалдық-техникалық базасының ірі машина өндірісі негізінде өзгеруін білдіретін (танытатын) өнеркәсіптік төңкеріс болды. К. Маркс мануфактурадан ірі машиналық индустрияға көшудің белгісі болған өнеркәсіптік революцияны феодализмнен капитализмге өту ретінде қарастырған.
Капитализм пайда болуының әлеумөттік-экономикалық негізі - жұмыс күшінің тауарға айналуы еді, ал оған екі тарихи процесс ықпал етті:
а) еңбек адамдарының құлдық және басыбайлылық тәуелдіктен босануы;
ә) олардың өндіріс құралдарына меншіктен "босануы".

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы

2. Капиталистік өндірістің мәні

3. Капитализмнің даму кезеңдері

1. ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСЫ

Капиталистік құрылыстың пайда болуы мен қалыптасуы - бұл XVІ ғасырдан
бастау алатын тұтас тарихи дәуір. Кез келген өндіріс тәсілі пайда болуы
үшін белгілі алғышарттар қажет. Капиталистік өндіріс тәсілі пайда болуының
материалдық негізі - қоғамның материалдық-техникалық базасының ірі машина
өндірісі негізінде өзгеруін білдіретін (танытатын) өнеркәсіптік төңкеріс
болды. К. Маркс мануфактурадан ірі машиналық индустрияға көшудің белгісі
болған өнеркәсіптік революцияны феодализмнен капитализмге өту ретінде
қарастырған.

Капитализм пайда болуының әлеумөттік-экономикалық негізі - жұмыс
күшінің тауарға айналуы еді, ал оған екі тарихи процесс ықпал етті:

а) еңбек адамдарының құлдық және басыбайлылық тәуелдіктен босануы;

ә) олардың өндіріс құралдарына меншіктен "босануы".

Өндірушіні өндіріс құралдарынан күшпен айыру, оларды азғантай
адамдардың қосына шоғырландырып, капиталға айналдыру процесі капиталдың
бастапқы қорлануы деп аталады. Бастапқы корланымның экономикалық негізі -
жіктелу, біреулердің кедейленіп, басқалардың баюы болды. Тауар өндірісінің
жоғары өнімі ретінде ақша капитал пайда болуының бастапқы нүктесі ретінде
қызмет атқарды. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты - ақша иесінің
нарықта өз құнынан әлдеқайда жоғары жаңа баға қалыптастыра алатын тауар
табу мүмкіндігі еді. Жалғыз бұндай тауар - адамның жұмыс күші болып
табылады.

Өндірістік күштер дамуы тұрғысынан қарағанда, капитализм өз дамуында
үш кезеңнен өтті:

1) қарапайым кооперация;

2) мануфактура;

3) ірі машина ендірісі.

Эволюция процесінде қарапайым құралдардан машиналарға, одан кейін
машиналар жүйесіне көшу жүзеге асырылады, яғни өндірісті индустрияландыру
жүреді.

Индустрияландыру ірі машина өндірісінің жасалуын, машиналар жүйесі
негізінде қоғамның материалдық-техникалық базасы өзгеруін білдіреді.
Мануфактураның орнын ірі машиналы индустрия басты. Ірі машиналы
индустрияның пайда болуына Ұлыбританиядағы алдымен тоқыма өндірісіндегі,
кейін басқа салалардағы өнеркәсіп төңкерісі ықпал етті. Ірі машиналы
өнеркәсіп машиналардың экономиканың барлық салаларына енгізілуіне мүмкіндік
берді. Капиталистік индустрияландыру жеңіл өнеркәсіптің машиналық бағаға
көшірілуінен басталды.

КСРО-дағы индустрияландыру машиналық техниканы енгізу ауыр әнеркәсіптен
басталғандығымен ерекшеленеді. Осыған байланысты екі түсінікті сөздің кең
және тар мағынасындағы индустрияландыруды ажырату керек. Сөздің тар
мағынасындағы индустриялардыру өнеркәсіп өндірісінің материалдық-техникалық
базасының кемелденуін білдіреді. Сонымен қатар, революцияға дейінгі Ресей
өнеркәсіптік өндіріс келемі бойынша әлемде бесінші орында иелененгенін,
бірақ, өндіріс құралдарын ендіру ("А" тобының салалары) 1913 жылы барлық
енеркәсіптік өнімнің 35,1%-ін құрағандықтан, ел шетелдік жабдықтарды
әкелуге мәжбүр болғанын назардан тыс қалдырмау керек.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін бүкіл халық шаруашылығын жаңа
техникалық негізде, электрификация негізінде қайта құрудың кешендік
бағдарламасынан тұратын ГОЭРЛО жоспары жасалған болатын. Кең мағынадағы
индустрияландыру кешенді механикаландыру, машиналар жүйесін ендіру,
экономиканың барлық салаларындағы қол еңбегінің үлес салмағын азайтуды
білдіреді.

КСРО-дағы индустрияландырудың тағы бір ерекшелігі - оның жеделдетілген
қарқыны еді. Индустрияландыру қарқынын жеделдету мақсатымен ауыр
индустрияны алғашқы кезекте әрі жеделдете дамытуға және тек оның жасалуына
қарай ғана экономиканың басқа да салаларындағы өндірісті біртіндеп
кеңейтуге бағыт алынған болатын.

Қазақстанда индустрияландыру кең келемде Ұлы Отан соғысы жылдарында
Москвадан, Ленинградтан және басқа өнеркәсіп орталықтарынан машина жасау
кәсіпорындарын көшіру нәтижесінде жүзеге асырылды.

2. КАПИТАЛИСТІК ӨНДІРІСТІҢ МӘНІ

Капитализм - "экономикалық" деп сипаттауға лайық тарихтағы жалғыз
қоғам, өйткені ол "экономикалық мәжбүрлеу" принципіне құрылған.

"Классикалық" капитализм деп экономикалық мәжбүрлеу принципінің
абсолютті үстемдік құру дәуірі түсіндіріледі.

Экономикалық мәжбүрлеу - шығу тегі мен мазмұны бойынша таза "қоғамдық"
күш: экономиканың қоғамдық құрылысына бір мезгілде оның "тежегіші" әрі
"жылжытушысы" бола отырып айналады.

Тек капитализмнің қатал "экономизмі" ғана "дәстүрлі" қоғамды (қатар
өмір сүретін қауымдар бірлестігі) нағыз қоғамға - экономикалық
субъектілердің өзара байланысты қызметінің күрделі жүйесіне айналдыру
қабілетіне ие еді.

Бұндай айналудың экономикалық механизмі капитализмнің бір-бірінен
ажыратылған жеке өндірістерді - біртұтас қоғамдық өндіріске, жеке
тұлғалардың өндірістік қабілеттерін - қоғамдық ендірістік күштерге, жеке
еңбек нәтижесін - қоғамдық жиынтық өнім элементіне, жеке жұмысшыларды -
қоғамдык жиынтық жұмысшыға, жеке байлықтарды қоғамдық жиынтық байлыққа
айналдыруында.

Капитализмнің бұдан бұрын бір-бірінен бөлектенген өндіріс актілерін
интеграциялық түрлендіру бұрынғы әлеуметтік байланыс формаларын (етжақын -
туыстық, тектік, идеократиялық) жойып, оларды жалғыз - нарықтық формамен
алмастырады.

Осы нарықтық байланыс - капитализм, адамды бұғаудан босататын және адам
алғаш рет барлық қоғамдық қатынастардың жиынгығы ретінде көрінетін
бастауыш тарихи форма болып табылады.

Нырақтық өндіріс пайда болуы және әлеуметтік байланыстардың нарықтық
формасының үстемдік құруы капитализмнің тарихи (оның әлемдік еркениеттің
дамуына қосқан өзгермейтін үлесін құрайтын) миссиясы - қоғамның тіршілік
әрекетін экономикалық қоғамдастыру және оның әлеуметтік қоғамдастыруына
алғышарттар жасау.

Капитализмнің экономикалық моделін оқып-үйрену неліктен маңызды?
Капитализм - бүгінгі таңдағы өркениеттің негізгі; көптеген елдер үшін
капитализм әлі де алыс болашақ болып келеді; қазіргі экономика өндірісті
ұйымдастырудың капиталистік формаларының мүмкіншіліктерін кеңінен
қолдануда. "Классикалық" капитализмнің экономикалық моделін білу тұлғаның
экономикалық мәдениеттілігінің басты шарты болып табылады. Ал біз,
қоғамның кешігіп жеткен "капиталдандырылу" кезеңінде өмір сүріп отырғандар
үшін, бұл білім қолданбалы мағынаға да ие болып отыр.

Кең мағынадағы капитализм - баршаға ортақ бизнес (коммерция) қоғамы,
ал тар (саяси экономикалық) мағынада- жалдамалы еңбекті қанау қоғамы.

Бұл екі сипаттама капитализм аясында ажырамас бірлік құрайды, әйтсе де
оларды бір-біріне ұқсатуға болмайды, өйткені бұл жағдайда капитализмнің
ұлылығы мен кемшіліктері туралы басқаша түсінік қалыптасуы мүмкін.

Алғашқы жабайы қоғам өмірі - мамонт аулау, құлдық - Спартак
көтерілісі, орта ғасырды - инквизиция оттары деп қана қарастыруға
болмайтыны сияқты, капитализмді де тек жалдамалы еңбекті қанау дел түсінбеу
керек.

Капитализм - шын мәнінде жалдамалы еңбекті қанау қоғамы,
капитализмнің пайда болуы шынында да зорлық-зомбылықпен байланысты,
буржуазияның үстемдігі шынымен-ақ өндірістегі жұмысшылардың тері мен
олардың саясаттағы қаны арқасында ғана ұсталып тұрды. Алайда мемлекеттік
зкономиканың алпауыт секторы, шағын, кооперативтік және корпоративтік
бизнестің дамыған аясы бар қазіргі қоғам жалдамалы еңбекті қанауды
шеткері аймақтық укладқа айналдырып жіберді.

Классикалық капитализмнің ғылыми теориясының негізін қалаушы - К.
Маркс. Іргелілігі жөнінен ете толық әрі әдемілігі женінен таңқаларлық
капитализмнің экономикалық концепциясы үшін адамзат соған қарыздар.

"Менің шығармамның түпкі мақсаты - қазіргі қоғамның экономикалық
қозғалысы заңдылығын ашу болып табылады", - деп жазған еді К.Маркс
"Капиталдың" алғы сөзінде, Бүгінгі таңда қаншама күмән тудырып
отырғанымен, К.Маркс осы мақсатына жетті.

Капитализмге Маркс көзқарасының принциптік ерекшелігі - оны өндірістік
қатынастардың айрықша жүйесі ретінде түсіндіру. Осының өзі Маркс
сараптамасына "таза әлеуметтік" (саяси-экономикалық) сипат берді.
Буржуаздық өндірістік қатынастардың пайда болуы, дамуы және құлдырауы -
капитализмнің К.Маркс жасаған теориясының мазмұны осындай. Сондықтан да осы
теориямен таныстық саяси-экономикалык зерттеудің жоғары әдістемесіне
араластырады.

Капиталистік қоғамда ерекше, теңдессіз тауар - адамның жұмыс күшін
пайдалану үстемдік құрып турған. Міне, Маркстің капитализмді талдауы
түгелдей осы ерекше тауарға арнауы да осыған байланысты.

Капиталистік өндіріс құрылысы механизмін түсіндіруге көптеген ғалымдар
талпыныс білдірген болатын, бірақ капитализмнің экономикалық құпиясын
Маркс қана аша алды. Капитализмнің жалдамалы жұмысшыны талауға, есептен
жеуге негізделгені Маркске дейін-ақ белгілі болған Бірақ Маркстің ұлылығы
- ол калайша капиталистік жұмысшыға өзінше адал ақы төлеп отырып, бәрібір
ұтып кететінін түсіндіріп берді.

Қарапайым тауар өндіруші өз тауарын (Т1) басқа тауарды (Т2) сатып aлy
үшін сатады:

Т1 сату →Асатып алу→Т2

Ал капиталист керісінше істейді: ол басқаның тауарын артық ақша табу
мақсатымен сатып алады:

Асатып алу→Т сату→ А1

мұндағы D=D+m (артық ақша) .

Түсімнің бастапқы шығындардан артықтығы - бағалардың кездейсоқ (немесе
спекулятивті) ауытқуына байпанысты нарықтағы күнделікті құбылыс. Алайда,
жеке сатушы үшін нақты жағдайлармен түсіндірілуі мүмкін нәрсе мұндай
артылып қалудың жаппай және ұдайы қалыптасып отыруын түсіндіру үшін
жарамайды, Барлық сатушылар ақша артығын баға ауытқуының есебінен ала
отырып, олар сатып алушы ретінде тура сонша жоғалтар еді.

Маркс өз талдауын "капиталист, яғни жалдамалы жұмысшылар еңбегін
пайдаланатын, өндіріс факторларын меншіктеуші алатын артық табысқа аударды.
Тек капиталист алатын ақша артығын К.Маркс "қосымша құн" ("т") ретінде
керсетеді.

Әрине, қатаң ғылыми мағынада өз-өзінен ақша - әлі де капитал емес.
Капитал деген - бұл артық табыс (дәлірек - қосымша құн) алу үшін
пайдаланылатын ақша.

Сондықтан да, капитизм - ақша капитал ретінде колданылатын тауар
өндірісінің сатысы.

Қосымша құнның пайда болуы ұзақ уақыт бойы жұмбақ болып келген,
өйткені бір-бірін жоққа шығаратын екі тезисті табыстыру қажет еді.

Бір жағынан, қосымша құн тауар айналымында пайда бола алмайды,
өйткені "сатып алу-сату" барысында тек эквиваленттер, яғни тең құндар
алмасуы ғана жүреді:

Т →А→Т2

100 долл. = 100долл. = 100 долл. (100 = 100).

Екінші жақтан, қосымша құн дәл тауар айналымында пайда болуы керек,
себебі тек "сатып алу-сату" арқылы ғана капиталист өзіне ақшасын, оның
үстіне артығымен қайтарып алады:

А →Т→А2

Бұнда А (100 долл.) = А1 (120долл.) бірақ бұл сияқты "теңдік" түсініксіз
болып көрінеді.

Бұл жумбақтың шешілуі тек мынадай болжам жасау кезінде ғана мүмкін:
капиталист тек капиталист меншігінде болып, өз құнын жоғарылататын тауар
сатып алғанда ғана қосымша кұн ала алады. Осындай жағдайда ғана
қымбаттаған тауарды сату недәуір өскен ақша сомасын әкеледі.

Бірақ, пайдалануына қарай қымбаттайтын тауар бар ма? Иә, ол - адамның
жұмыс күші: жұмыс күшін пайдалану деген - еңбек, а л еңбек-құн тудырады.

Жұмысшыны жалдай отырып, капиталист оның жұмыс күшін, яғни, әлеуметтік
еңбекке қабілеттілігін сатып алады. Алайда, сырт көзге жұмысшыны жалдау
болып көрінгенмен, оның артында ғажайып феноменді - тірі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустриялық даму сатысы
Төртінші индустриялдық революция
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Франция мемлекеті тарихы
Қазіргі FTP: мәні, негізгі қасиеттері, даму кезеңдері
Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның экономикасына ықпал ететін факторларын анықтап, олардың әсер ету дәрежесін бағалау
Адамзат қоғамының дамуы
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Пәндер