Қазіргі FTP: мәні, негізгі қасиеттері, даму кезеңдері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Қазіргі FTP: мәні, негізгі қасиеттері, даму кезеңдері
  2. ҒТР-дың басты бағыттары. Ақпараттық революция
  3. FTP әсерінен болатын әлеуметтік өзгерістер (трансформациялар: экономиканы жекелендіру, әлеуметтендіру, гумандандыру
  4. XX ғасыр аяғындағы жаңа трансформация (өзгерістер)

1. ҚАЗІРГІ FTP: МӘНІ, НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

"Индустриялықтан кейінгі қоғам" деп қазіргі экономикалық және әлеуметтік әдебиетте "классикалық капитализм" орнына келе жатқан қоғамды атайды.

Индустриялықтан кейінгі қоғам ҒТР жетістіктерін игеру базасында туындап, адамзаттық экономикалык дамуының бүгінгі жоғарғы сатысын көрсетеді.

Индустриялықтан кейінгі қоғамға келесідей белгілер тән:

- адам тікелей өндірістен шығарылған, ендіріс қатарында тұрады, тек адамға ғана берілген нәрсені - сананы пайдалана отырып, оны бақылайды және реттейді;

- ғылыми-техникалық сипатқа сай өндірісті қоғамдық ұйымдастыру өзгереді: жаппай интеллектуалдық еңбек қызметкер тұлғасының басымдылығын талап етеді;

- интеллектуалдық еңбек қызметкердің ендіріс құралдарынан үстем болуын қалпына келтіреді, ал бұл қоғам өміріндегі меншіктің ендіріс құралдарына қатынасының экономикалық әлуеттілігін төмендетуге әкеледі;

- Нәтижесінде қоғамның жаңа экономикалык біртекті құрылымы пайда болады (қазір тікелей материалдық өндіріс сферасына халықтың жұмысқа кабілетті белігінің 10-15% ғана қатысады, ал 80-85% интеллектуалдық еңбек және сервистік қызмет көрсетумен айналысады), бұл өндірістің акционерлік нысандарының басым болуы негізінде әлеуметтік біртеңділікті қалыптастырады;

- экономикалық және әлеуметтік біртеңділік қоғамдық өмірдің саяси тұрақтылығын тудырады;

- халықтың негізгі белігінің тамақ, киім, көлікке деген материалдық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі туады.

Адам қоғамының даму тарихындағы техникалық жекелеген облыстарында емес, жалпы материалды-техникалық база масштабында (ауқымында) болған төрт ірі технологиялық революцияны бөліп керсетуге болады. Біріншісі, XVIII ғасырдың 70-80-жылдарында, тоқыма және бұрғылау станоктарының пайда болуымен байланысты.

Екіншісі, XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында, бу двигателінің пайда болу және тарауымен байланысты.

Оның нәтижесінде үш құрамдас бөліктен тұратын еңбек құралы-машина пайда болды: механикалық двигатель (бу двигателі) - жеткізуші механизм - жұмысшы құралы.

Үшіншісі, XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында, электр двигателі мен іштен жану двигателінің пайда болуымен байланысты. Төртіншісі, XX ғасырдың 50-жылдарының ортасынан басталады. Осының нәтижесінде үш буынды машинадан еңбек құралдарының жаңа тер буынды құрылымына өту іске асырылды (үш буынды және компьютерлік құралдар) . XX ғасырдың ортасында ғылым мен техникадағы терең сапалы өзгерістер бірі-біріне өте жақындап, ерекше түрдегі ғылыми-техникалық революция (FTP) пайда болды. Ол ғылымды өндірістің жетекші факторына айналдыру негізінде шаруашылықты дамытудың барлық объективті және субъективті жағдайларын түбегейлі сапалы өзгертуді көрсетеді. FTP келесідей қасиеттері негізгі болып табылады:

- Ғылым заттар мен процестердің белгісіз кластарын аша бастады, бұл өндірістің принциптілік жаңа салаларын құруға мүмкіндік береді. Әңгіме қазіргі радиоэлектрондық және есептеу техника, кванттық электроника, тірі ағзаның мүрагерлік қасиеттерін беру кодтарын ашу және т. б. туралы болып отыр;

- ғылым, техника мен өндірістегі төңкерістер бір-біріне қосылып, ғылыми жаңалықтарды практикалық іске асыру мерзімдері күрт қысқартылды; машина жүйесінен бастап, ұйымдастыру мен басқару нысандары, өндірістегі адам жағдайына дейінгі өндірістік бүкіл технологиялық тәсілі сапалы өзгереді;

- автоматтандыру және алдын ала берілген қасиеттері бар жасанды материалдарды дайындау негізінде өндірістің барлық процестерін басқарудың жоғарырақ сатысына қол жеткізіледі;

- еңбөктің тиімдірек құрал-жабдықтары мен бұйымдарды өңдеудің технологиялық тәсілдері құрылады, адамзаттың экономикалық және әлеуметтік прогресін тездетуге мүмкіндік беретін энергияның әлеуетті шексіз кездері ашылады.

2. ҒТР-дың БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ. АҚПАРАТТЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ

Қазіргі ҒТР-дың басты бірінші кезеңі (елуінші жылдар) екі жаңалықпен байланысты:

а) өндірісте атом энергиясын (қуатын) пайдаланумен (атом электростанцияларын) ;

ә) өндірісте электронды-есептеу техникасын пайдаланумен.

Қазіргі ҒТР-дың екінші кезеңі (сексенінші жылдар) өндіріс сферасымен қатар тұмыста да компьютерлерді пайдаланумен байланысты болады.

FTP-дың қазіргі кезеңіне бірнеше басым бағыттар тән. Олардың дамуы XXІ ғасыр басындағы индустриялықтан кейінгі экономикасы бар елдер өндірісінің бүкіл жағдайын анықтайды.

Электрондау материалдық өндірісте қазіргі электрониканың жетістіктерін кең пайдалану дегенді білдіреді. Жетпісінші жылдар электронды-есептеу техникасындағы революция, микроэлектроникалык дамуы және электронды есептеу машиналардың жаңа түрін шығару, компьютердің пайда болуымен бейнеленеді. Есептеу техникасының жаңа құралдары өндірісті кешенді автоматтандыруға мумкіндік береді. Бұл кезде жұмыстың букіл циклі адамның тікелей қатысуынсыз іске асырылады. Әңгіме роботтандырылған, роторлық және роторлы-конвейрлік желілердің, икемді өндірістік жүйелердің тез дамуы туралы болып тұр. Соңғы жылдары кептеген елдерде атомдық электрстанцияларда (АЭС) электр қуатын ендіру тез дамыды.

Ғылыми-техникалық программа (ҒТП) ары қарай дамуының маңызды бағыты жаңа материалдарды өндіру мен өңдеу технологиясын жетілдіру болып табылады. Қазіргі жағдайларда пайдалану кезінде негізгі күш жүктемесін атқаратын машиналарға, приборлар, ғимараттардың каркастарын, көпірлер мен басқа конструкциялар дайындалатын конструкциялық материалдарға қойылатын талаптар кенеттен өсіп, қиындай түсті. Жеңіл, сонымен бірге жоғары және темен температуралар кезінде беріктігін сақтайтын, иілгіш және соңғы жүктемелерді жақсы ұстайтын материалдар қажет болды. Сапа беріктігін арттыруға, мысалы, материалдарды арнайы еңдеу, газотермикалық шашыратулар, металл ұнтақтарын қолдану арқылы қол жеткізілді.

Техникалық электрондық, атомдық, ғарыштық және басқа жаңа түрлері үшін ерекше бағалы қасиеттерге ие, аса таза материалдар жасалады.

FTP перспективты бағыты биотехнология болып табылады. Биотехнология - тірі ағзалар мен биологиялық процестерді, гендік инжерлік жетістіктерін (тірі ағзаның мұрагерлік белгілерін беретін заттың жасанды молекулаларын құрумен байланысты молекулярлық генетика салалары) пайдаланушы өнеркәсіптік әдістер жиынтығы. Мұндай әдістер өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында бірқатар бағалы техникалық өнімдерді дайындауда қолданылады. Кедей кендерді байыту және жер қабатында сирек орналасқан элементтерді шоғырлату, сонымен қатар энергияны өзгерту үшін биотехнологиялық бағдарламалар дайындалып жатыр. ҒТР қазіргі кезеңде ендіріс технологиясында түбегейлі төңкеріс тудырды. Осы теңкеріс аз шығын кезінде максималды нәтижелерге қол жеткізу үшін бұрын белгісіз болып келген орасан зор мүмкіндіктер ашып отыр.

3. FTP ӘСЕРІНЕН БОЛАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР (ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР) : ЭКОНОМИКАНЫ ЖЕКЕЛЕНДІРУ, ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ, ГУМАНДАНДЫРУ

Экономиканың дамуы екі ауқымды "жекелендіру" және "әлеуметтендіру" (біріншісі XVIII ғ. аяғындағы енеркәсіптік төңкеріске дейін басым болса, екіншісі, индустриялық, әсіресе бүгін, индустриялықтан кейінгі заманда қолданылып отыр; әлеуметтендірудің жоғары нысаны - өндірісті интернационалдандыру) .

Өндірісті жекелендіру - еңбекті қоғамдық болуды тереңдетудің салдары. Жекелендіруге деген тенденцияны, экономикалық субъектілердің шаруашылық ерекшеленуі күшеюінен керуге болады. Өндіруші өз бетімен (ез есебінен және өз тәуекеліне) ендіріске шығындарды жұмсайды, оның технологиясы, келемі мен құрылымын, енімді сату шарттары мен бағасын өзі анықтайды, басқа өндірушілер, тұтынушылар, институттармен, мемлекетпен кең экономикалық байланыстар орнатады. Тұтынушыда тұтынушылық таңдауды дербес іске асырады, табыстардың жеке тәуелсіз көздері болады, несие береді және алады. Жеке субъектінің дербестігі мөн тәуелсіздігі - рыноктық экономиканың негізі (фундаменті) . Сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар әрекетін үйлестіруді күшейтудің объективты тенденциясы бар. Мұндай үйлестіру қосымша шығындарды болдырмауға, сонымен бірге жағымсыз сыртқы әсерлерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Әлеументтендіру - бұл рынок, монололизмдегі стихиялықты, экономикаға бюрократиялық араласуды игеру механизмі, бұл өндірістің әлеуметтік елеулі кұндылықтарға бағынуы.

Индустриялық заман - әлеуметтік мәжбүр ету заманы (мұны жұмыссыздарды, маржиналдық қабаттарды, зейнеткерлер, әйелдер, жастарды қорғау үшін жеке қайта бөлуден, сонымен бірге экономиканың жекелеген секторларын мемлекеттік реттеуден керуге болады) . Өндірістің жекелендіруі мен әлеуметтендіруі арасындағы күрес - әлеуметтік диалектика және қозғалушы қарама-қайшылық, экономика дамуының кезі. Сондықтан кез келген экономикалық процесті қарастыруда өндірістің жекелендіруі мен әлеуметтендіруіне әсер етуі аспектісіндегі оның бағалануына міндетті түрде шығу керек.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық мүмкіндіктері келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- халықтың максималды жоғары нақты табыс алуы үшін алғышарттар құру;

- халық денсаулығын қорғау;

- ұлт мәдениеті мен білімінің жоғары деңгейіне қол жеткізу;

- еңбек қызметінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын құру.

Осының бәрі қоғам, мемлекеттің адамға деген адамгершілік катынасын қалылтастырады. Қоғамдық қызметтегі адамға деген адамгершілік, гуманизм өркениетті мемлекеттерде нормаға айналып отыр.

4. XX ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР (ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР)

XX ғасырдың ортасында бастаған ғылыми-техникалық революция өндіріс процесінің субъектісі ретіндегі қызметкер жағдайы мен қызметін өзгертіп, өндірістік күштердің сапалы өзгеруіне алып келді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒТР ҚҰРЫЛЫМЫ
WEB - сайттар түрлері, жобалау кезеңдері. Бағдарламалық жабдықты таңдау
Web - қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары
Intranet –қосымшалары
Компьтерлік қызмет көрсету орталығы
FTP - серверден файл алу
Интернет желісі жайлы жалпы мәліметтер
Ақпарат нарығы
Интернет желісі. Интернеттің негізгі принциптері
INTERNET желісін сипаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz