Қазақстандағы инфляция
Кіріспе:
Инфляцияның ұғымы және оның факторлары
Негізгі бөлім:
2.1 Инфлияцияның қаржымен өзара байланысы.
2.2. Инфляцияның түрлері.
2.3. Инфляцияның пайда болу себептері.
2.4.Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері.
2.5. Қазақстандағы инфляцияның проблемалары және бәсеңдету шаралары.
Қорытынды

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркіліс пен дағдарыстармен ұласатынын және де қоғам тарапынан көп күш-жігерді жұмсау қажет екенін көрсетеді.
Жаңа экономикалық саясат мақсатының негіздемесі нарыққа өту барысында өзіндік бағдарламасын іске асыру. Баға мен шаруашылық байланысын ұштастыру қатаң ақша-несие саясатына айналды. Елдің шаруашылық өміріне мемлекеттің араласуы көктемгі егісті, егін жинауды, қысқа дайындықты қолдау сияқты бір жолғы шаруалармен шектелді. Бұл бағытта табандап ұстаудың өзі бағаның бақылаусыз өсуі мен инфляция тенденциясының етек алуына, табысты нәтиже бере алмаған қаржылық макрореттеу әрекеттеріне әкеліп соқты. Нарықтық экономика жағдайында үкімет жеке меншік іскерлік базары барынша тиімді жұмыс істеуіне экономикалық жағдай жасауда аса маңызды рөл атқароды.
Үкіметтің бұл қызметінің қыры мынада: қолдау табатын тұрақты валютаны қамтамасыз етіп, сол арқылы тиімсіз бартер жүйісін аластауға және инфляцияны шектеу саясаты арқылы сол валютаның құнын төмендетпеуге тиіс.

1. Қаржы. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Алматы 2003ж.
2. Ақша. Несие. Банктер. 1-бөлім. Сейітқасымов Ғ.С. Алматы 2001ж.
3. Егемен Қазақстан 09.04.1993ж.
4. Егемен Қазақстан 12.01.,11.08. 1994ж.
5. Егемен Қазақстан 02.02.,31.04. 1995ж.
6. Қаржы және қаражат 1996ж. №5
7. Қаржы және қаражат 1995ж. №2
8. Учебник по основам экономической теории. Под рук. д.э.н. Камаева В.Д. из МГТУ им. Н.Э.Баумана
9. Общая экономическая теория. Учебник. Под редак. В.И.Ведьяпина Москва 1995ж.
10. Спарвочник по рыночной экономике. Г.А.Калиев, Е.Т.Тимиров. Изд. центр – «Бастау» 1993ж.
11. Ақша айналысы және несие. С.Мақыш
12. Ақша. Несие.Банктер. Б.Көшенова. 2000ж.
Алматы.

Жоспар
Мазмұны
Кіріспе:
Инфляцияның ұғымы және оның факторлары
Негізгі бөлім:
2.1 Инфлияцияның қаржымен өзара байланысы.
2.2. Инфляцияның түрлері.
2.3. Инфляцияның пайда болу себептері.
2.4.Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері.
2.5. Қазақстандағы инфляцияның проблемалары және бәсеңдету шаралары.
Қорытынды
Курстық жұмыстың мазмұны.
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде
қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркіліс пен дағдарыстармен
ұласатынын және де қоғам тарапынан көп күш-жігерді жұмсау қажет екенін
көрсетеді.
Жаңа экономикалық саясат мақсатының негіздемесі нарыққа өту барысында
өзіндік бағдарламасын іске асыру. Баға мен шаруашылық байланысын ұштастыру
қатаң ақша-несие саясатына айналды. Елдің шаруашылық өміріне мемлекеттің
араласуы көктемгі егісті, егін жинауды, қысқа дайындықты қолдау сияқты бір
жолғы шаруалармен шектелді. Бұл бағытта табандап ұстаудың өзі бағаның
бақылаусыз өсуі мен инфляция тенденциясының етек алуына, табысты нәтиже
бере алмаған қаржылық макрореттеу әрекеттеріне әкеліп соқты. Нарықтық
экономика жағдайында үкімет жеке меншік іскерлік базары барынша тиімді
жұмыс істеуіне экономикалық жағдай жасауда аса маңызды рөл атқароды.
Үкіметтің бұл қызметінің қыры мынада: қолдау табатын тұрақты валютаны
қамтамасыз етіп, сол арқылы тиімсіз бартер жүйісін аластауға және
инфляцияны шектеу саясаты арқылы сол валютаның құнын төмендетпеуге тиіс.
Тарих мынаны көрсетіп отыр: нарықтық экономика оқта-текте бұрқ ете
қалатын, баға деңгейінің немесе жұмыссыздық деңгейінің тез көтерілуі, кейде
инфляция мен жұмыссыздық қабаттаса келуі сияқты дерттерге осал екенін
көрсетеді. Үкімет нарықтық экономикада жұмыссыздықпен және инфляциямен ұзақ
күресте бәріне кепілдік бере алмаса да, ол осы проблемалардың зардаптарын
жеткілікті дәрежеде жұмсарта алады.
1-ші бөлімде инфляцияның мәні, түрлері, пайда болу себептері және,
сонымен қатар, оның қаржымен байланысы қарастырылады. Ал 2-ші бөлімде
инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері, экономикадағы инфляцияның деңгейін
сипаттайтын басты көрсеткіші тұтыну бағаларының индексі(ТБИ) туралы
баяндалады.
2,1-бөлімде Республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар
және оларды жеделдету мен жақсарту бағдарламаларын жүзеге асыру
күткендегідей әлеуметтік экономикалық нәтижелердің бәрін бірдей берген. Ең
алдымен инфляцияны және өндірістің құлдырауын толық дәрежеде жою мүмкін
болмады. Дағдарысқа қарсы шаралардың орташа мерзімді болашаққа (1993-1995
жылға) арналған бірінші бағдарламасында инфляцияны жарамды деңгейге дейін
төмендету өндірістің құлдырауын тоқтатуға және 1995 жылдың аяқ кезіне дейін
оның өсуі үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді деп болжағам болатын.
Алайда, 1993 жылы инфляция деңгейі 2265%-ға жетті. 1994 жылдың орта тұсында
бұл қарқын үдей түсті де, алдыңғы жылдағы 116,1%-бен салыстырғанда мамыр
айында 133,8%-ға жетті. Инфляциялық процестің үедй түсуі өндірістің күрт
құлдырауына әкеліп соқты. Міне, осы тығырықтан шығу үшін қандай шаралар
қолданғаны және инфляцияны бәсеңдету шаралары туралы толық баяндалады.
Кіріспе. Инфляцияның ұғымы және оның факторлары.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан-кебіну,ісіну)
ақша айналысына қатысты 19 ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың
Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) Қағаз долларының (“гринбектердің”)
қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. 19-шы ғасырда бұл термин сондай-
ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
ұғымы 20-шы ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал
бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі
ретінде- тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға
жарамсыздығы төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады.
Инфляция- ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
қолайсыз төмен балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы;
Ұзақ уақыт бойы инфляцияның монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейініің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуінде көргенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға
болмаайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция
әлемнің көптеген елдерінднгі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларының бірі болып есептеледі.
Инфляцияның көріну нысандары:
Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бірқалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаныңқұнсыздануыны, оның сатып алу жарамдылығының
төмендеуіне ұрындырады;
Ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының
төмендеуі;
Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық
шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу
қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары - бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы – бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар(шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
II тарау. 2.1. Инфлияцияның қаржымен өзара байланысы.
Сөйтіп, көп факторлы процесс ретіндегі инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып
келеді:
белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
мемлекттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске
бірқатарфакторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (нфляциялық тенденцияларды
күшейте түседі).
Бірінші фактор - мемлекетшығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымның артуынажеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері,иең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор - табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір
бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның
көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор - бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік
емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді ( 1-ші сызбаны
қараңыз). Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатын сияқты,
инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және
бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің
шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне,
мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне
ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын
құнсыздандырады, өйткенгі салықтық кірістер мен қарыздар оларды
есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі,
сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас
мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту
үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз
деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы
өсуін тудырады. Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты
келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі
келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-
экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ
мерзімді ивестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай
жинақтардың құнсыздануы,нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық
байланыстардың бұзылуы және тағы басқалары.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші
пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі
бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасым арасындағы
арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша
анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары
индексі шегеріліп, өткен жылдың бағаларыиндексіне бөлінеді, сонан соң жүзге
көбейтіледі:
Инфляция қарқыны: = (Iб1-Iб0)*100 Iб0
Қазақстанда тұтыну тауараларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері
өткен жылға қарағында былайша өсіп отырады (есе): 1990-1%; 1992-2,5%; 1993-
30,6%; 1994-22,7%; 1995-1,6%; 1996-1,39%; 1997-1,17%; 1998-1,07%; 1999-
1,18%; 2000-1,13%.
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде
және одан көбірек жағдайда айына елу пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса
онда мұндай деңгей әсіресе инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда
бұл деңгей 1992-1995 жж ішінде айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның
түрлерін мынадай критерийлер бойынша ажыратады:
бағалар өсуінің қарқыны бойынша;
- баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны
сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
- өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
- әсіре – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы
алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция
кезіінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгеруссіз
қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде – олардың бір-біріне
арақатынасы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;
болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
күтілген, болжамды және күтілмеген;
шығу немесе пайда болу орнына қарай:
импортталынған және экспортталынған;
Сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы
өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі
тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Практикада инфляцияның екі типін бөледі: сұраным инфляциясы
(тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының
өсіумен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің
салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, несиелер
бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбейуіне, тұтынатын шикізатқа,
материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электрқуатына,
ақпаратқа және т.б.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбейуі
инфляцияны тудырады.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға
ілеспелі салдарлары тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл
инфляциялық шиыршық деп аталатынды тудырады, бұл кезде өндірістің
тұтынылатын компаненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде
шығындардың көбейуі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай
өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық
шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді
(1.1-сурет)
Нарықтық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол
жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын
немесе несиелерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның
төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемі қысқартуға, не оның
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық мұнымен қатар не
іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда,
фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра
алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр
болады. Процестің жаппай ауқымды әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік
жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді,
өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала
фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді
таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге
мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына,
тұтынушылар өз кезегінде арықарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша
түкпілікті тұтынушыға-халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет
шығыстары мен несиелерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына
жеткізеді.
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін,
бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол
шетелдік валютаны шамадан тыс түсіміне және импорттық бағалардың
жоғарлауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық
банкке депозиттейді,орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк
пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және несиелік
экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналданылған
ақша ауқымы көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге
экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы – елдерде, соның
ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар
халықаралық корпорациялардың – нарықтардағы үстемдік жағдайда пайдаланатын
монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық
операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын
жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және
коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық айналысқа шығарылады.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар
ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.
Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің
арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді
орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.
Инфляцияға өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық
жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.
Инвестицияның классикалық көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан
үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып
табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты
мемлекет кірістерінің құнсыздауынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның
егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің шығыс бөлігінде
20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-
17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%, 2001-6,4% құрады. 2002жылы
республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,11%)
құрады.
Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды –
алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді,
экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына
қосылған қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына ( бұрын –
инвестициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекттік
қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден
көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін
туғызды.
Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын несиелер бойынша
пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; несие үшін төлемақының өсуі
жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне
соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын - өндірушілер инфляциясын
арандатушы факторларға жатады.
2.2. Инфляцияның түрлері.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды. Шет ел
мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:
а) баяу немесе сұлама инфляция;
ә) қарқынды инфляция;
б) ұшқыр инфляция;
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де ( 10%-тен аз), ақша негізінде
өз құнын сақтап қалады. Мысалы, кейнсшілер мұндай инфляцияны экономикалық
даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат
жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың
өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20%-дан 200%-ке дейін өседі.
Соның салдарынан жалақы өсіп, ол бағаның одан әрі өсуіне әкеліп соқтырады.
Біздің елде болып жатқан ақшаның құнсыздануы инфляцияның осы түріне жатады.
Сонымен қатар, бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт,
келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Ұшқыр инфляция кезінде баға жылына астрономиялық қарқынмен (1000%-тен
жоғары), айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап,
шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада азамат соғысы жылдарында
бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлккен зиян
шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық
бүлінеді. Ұшқыр инфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағаның өсу
қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Мұндай құбылыс; мысалы 1945-1946жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық
субъектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы
құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша
айтарлықтай өсіп, ал оның санының өсуіне тең болады. Салдарында баға
қауіпті шектерге дейін шарықтайды.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты
ашық және басыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық
инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді.
Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен
немесе оның өсуінің баяулауымен сайыса береді. Басылыңқы инфляция
реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында,
өнім сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын
экономикада көрінеді. Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға
байланыстыинфляцияны екі типке бөледі:
а) сұраным инфляциясы;
ә) өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының
нәтижесінде болатын инфляция-ұсыным инфляция. Сұраным инфляцияның мәнін бір
сөзбен: “Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды” – деп сипаттауға
болады.
ұсыным инфляцияның екі түрі бар:
а) жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция;
ә) ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын
инфляция.
2.3. Инфляцияның пайда болу себептері.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады.
Инфляцияның былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы,
алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.
Ең алдымен бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынымнан артық болуымен
байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің
бұзылуы әлі инфляция емес.
Инфляция елдегі бағадеңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы бір
экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-ші жылдардағы
энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен ( мұнай бағасы 20 есеге
өсті ) басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.
1973 жылы бағаның деңгейі 7%-ке, 1974 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс,
тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және
маусымдық толқуларға, ұдайы өндіріртегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның
монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа
ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен
ревальвациялануына, нарық коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты.
Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болды.
Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскенін инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдік түрлі фазаларынан өту барысында, әсіресе, 19-
20ғасырлардың бас кезіне тән “классикалық түрі”( бағаның динамикасы)
өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезінде оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқудың тағы
бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай
құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ал ол өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне
көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтағы құрылыс материалдарын
шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толықтыру барысында баға
төмендеуі тиіс.
Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктекрмен байланысты екенін есте ұстап, оның
ішіндегі ең бастыларын атап көрсетсек:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен қарыз арқылы қаржыландырылса,
пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе,
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті барн сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өтуіне әкеледі. әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекетаралық қарыздардың ұдайы
өсуіне ұсындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта
көптеген өндірушілер болады, өнімнің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды, қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал
олигополис (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны білмейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дифицит жасуға тырысады.
Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін
олигополия пен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа
өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен
ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық” инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергия бағаларының шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағаның қымбаттауына әкеледі.
“Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын
арзандатуға болады. Бесіншіден, инфляция өзінен-өзі дем беретін сипат
алады, “инфляцияны күту” нәтижесінде пайда болады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де экономистері осы факторды ерекше
көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою,
инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеді.
Инфляциялық күту жағдайында экономикаға ықпал етудің механизмі қандай?
Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның
одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап
етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да
өсуі мүмкін. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп
қысқа мерзімді шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы,
Ресей экономикасындағы ( қаңтар-сәуір 1992 жыл ) инфляцияның жоғары қарқыны
тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру
мүмкіндіктерінен сақтанып, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты.
Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы
төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен
деңгейден де асып түсті.
2. 4. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері.
КСРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы
мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғана тән, ал социализм
жағдайында жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер
оған себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы,
халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты
деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі
бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай-
ақ өнеркәсіптегі және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz