Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
Кіріспе
1 . тарау . Инфляцияны әлеуметтік . экономикалық салдарлары және оның мәніне теориялық көз . қарастар
1.1. Инфляция түсінігі және оның пайда болу себептері
1.2. Инфляцияның түрлері және әлеуметтік . экономикалық салдарлары
2 . тарау . Инфляцияны реттеудегі мемлекеттің экономикалық саясаты
2.1. Мемлекеттің инфляцияға қарсы реттеу әдістері
2.2. Нарық жағдайындағы мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ерекшелігі
3 . тарау . Қазақстан Республикасы жағдайында мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ерекшелігі және іске асу механизмдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Бұл жұмысты жазу барысында қарастырылған негізгі мәселелер – Жалпы инфляция туралы түсінік , оған қарсы жасалатын шаралар негізі және де Қазақстандағы жүргізілетін инфляцияға қарсы саясаттың ерекшелігі , сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы инфляцияның деңгейі туралы болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – инфляция туралы ұғымның кеңінен қолданылуын және де инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асырылуын жоспарлау мен бағдарлау туралы болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция (латын сөзінен алғанда inflatio - қабыну , ісіну деген мағына береді) – бұл бағаның өсуінен , тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай – ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. – Алматы , 1997 ж.
2. Я.Әубәкіров , К.Н.Нәрібаев , Е.Б.Жатқанбаев . «Экономикалық теория негіздері» Алматы , «Санат» , 1998 ж. 401 – 412 б.б.
3. С.С.Сахариев , А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» Алматы «Дәнекер» , 2004 ж. 89 – 90 б.б.
4. Б.А.Жүнісов, У.Е.Мәмбетов, Ү.С.Байжомартов «Нарықтық эконо- миканың негіздері» Ақтөбе 1994 ж. 91 – 103 б.б.
5. Қ.Қ.Ілиясов , С.Құлпыбаев «Қаржы» , Алматы , 2005 ж. 496 – 506 б.б.
6. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов «Жалпы экономикалық теория» , Ақтөбе 2004 ж. 71 – 75 б.б.
7. Қ.Р.Нұрғалиев «Қазақстан экономикасы», Алматы «Қазақ Универ- ситеті», 1999 ж.
8. Ш.Қашықов, Ө.Нұрғалиев «Экономикалық теория негіздері» Қарағанды 1997 ж.
9. Экономикалық саясат . Лекциялар – Алматы Экономика 2002 ж. 75 – 94 б.б.
10. Экономика Әлемдік Классика 10 том . Мәдени мұра , Таймас Баспа Үйі, Алматы 2005 ж.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті
Факультет Экономика
Кафедра Экономикалық
теория
Курстық жұмыс
Тақырыбы : Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан
Республикасындағы қолдану ерекшеліктері.
Дайындаған :
Тексерген :
Ақтөбе - 2007 ж
Жоспар
Кіріспе
1 – тарау . Инфляцияны әлеуметтік – экономикалық салдарлары және оның
мәніне теориялық көз – қарастар
1. Инфляция түсінігі және оның пайда болу
себептері
2. Инфляцияның түрлері және әлеуметтік – экономикалық салдарлары
2 – тарау . Инфляцияны реттеудегі мемлекеттің экономикалық
саясаты
1. Мемлекеттің инфляцияға қарсы реттеу
әдістері
2. Нарық жағдайындағы мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының
ерекшелігі
3 – тарау . Қазақстан Республикасы жағдайында мемлекеттің
инфляцияға қарсы саясатының ерекшелігі және іске асу
механизмдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Бұл жұмысты жазу барысында қарастырылған негізгі мәселелер –
Жалпы инфляция туралы түсінік , оған қарсы жасалатын шаралар негізі және де
Қазақстандағы жүргізілетін инфляцияға қарсы саясаттың ерекшелігі , сонымен
қатар Қазақстан Республикасындағы инфляцияның деңгейі туралы болып
табылады.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – инфляция туралы ұғымның
кеңінен қолданылуын және де инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асырылуын
жоспарлау мен бағдарлау туралы болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция (латын
сөзінен алғанда inflatio - қабыну , ісіну деген мағына береді) – бұл
бағаның өсуінен , тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер
сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай – ақ оның
сатып алу қабілетінің төмендеуі. Инфляция – елде айналымдағы қағаз ақша
көлемінің тым көбейіп кетіп , оның ақша тауары жөнінде құнсыздануына ұласуы
және соның салдарынан тауар бағасының өсуі деп те түсіндіріледі.
Инфляцияның өрістеп , күшеуі экономикалық және әлеуметтік қарама –
қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша
айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . инфляция
кезінде мемлекет іс – қимылының екі нұсқасы болады:
- Бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу ; Бұл кезде
табыстарды , жалақыны , пайыздық өлшемелерді , инвестицияларды
индекстеу жөнінде шаралар қолданады.
- Инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың
кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы
мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.
Бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсат – инфляция ұғымына
түсінік беру, инфляция кезінде кең етек жаятын әлеуметтік – экономикалық
зардаптарды шешу үшін қандай саясат жүргізіледі, және оның ерекшелігі
қандай екендігін ашып көрсету.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалды :
- Инфляцияның мәні мен мазмұнына түсінік берілді;
- Инфляцияны реттеудегі мемлекеттің экономикалық саясатын ашып көрсету ;
- Қазақстан Республикасы жағдайында мемлекеттің инфляцияға қарсы
саясатының ерекшелігі туралы қарастырылды.
Бұл жұмысты жазу барысында басшылыққа алынған әдебиеттер :
Сахариев С.С., Жүнісов Б.А., Я.Әубакіров, Ілиясов Қ.Қ., Ө.Шеденов,
Ш.Қашықов, Ө.Нұрғалиев ; Ақтөбе қаласының статистикалық басқарма
орталығының мәліметтері; Аль Пари экономикалық журналы, Деловая неделя ,
Ақтөбе облыстық қоғамдық – саяси газеті, Егемен Қазақстан, Айқын газеттері,
және т.б.
Бұл жұмыс кіріспеден , үш тараудан , қорытынды , қолданылған
әдебиеттер тізімінен, және қосымшалардан тұрады.

1. Инфляция түсінігі және оның пайда болу себептері
Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда инфляция деген ұғым
капитализмнің кеселі ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар
– ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның
себебі , әрекет ету механизмі , көрінуі және оның зардаптарымен күресу
жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты
ерекшелігі – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан
алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық
механизмінің қызметінен туындайды.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775 –
1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың
құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1794 ж.ж. ревалюция кезінде
ендірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ –
та Азамат соғысы кезінде (1851 – 1865 ж.ж.) орасан зор гривналар (ақша
орнына қолданылған күміс кесек) (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты
қолдана бастады , ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 пайызыдейін
төмендеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялық реттеу , соның ішінде
ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизімін атқару кезінде қалыптасқан
айналым саласында алтын монометализмі жағдайында инфляцияның созылмалы ауру
ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм
жағдайында инфляцияны соғыс , дағдарыстар , стихиялық апаттар кезінде
болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтауы кезінде пайда
болды. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сипат
алып , маңызды әлеуметтік – экономикалық проблемалардың біріне айналды.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық.
Инфляция (латын сөзінен алынғанда inflatio - қабыну , ісіну деген мағына
береді) – бұл бағаның өсуінен , тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен
қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай –
ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Бағалардың қосындысынан артып
кетіп , осы нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда
болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірейік
. айталық , тауар айналымы үшін 10 млрд алтын доллар керек екен , ал қағаз
ақша 20 млрд доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз долларының
екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс
жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі , тауар бағасы бірнеше есе
өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады.
Ақшаның құнсыздануы халықтың әл – ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп
соқтырады . Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның
деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекте деген ынта да бұзылады. Инфляция
тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық – түлікті
белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді. Инфляция кешенді себептердің
негізінде пайда болады және оның маңыздылары болып мыналар саналады :
мемлекеттік бюджет тапшылығы , оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы
қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбеюіне
айналмайтын адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарына жол беретін
мемлекеттің өндірістік емес шығындары.
Жалпы инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді , экономикалық
өсудің пропорциясы бұзылады, ақша – несие , қаржы және валюта механизмі
бүлінеді, елде әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция
халықтың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар
мен астыртын экономикалық дамуын жеделдетеді. Жалпы инфляцияның философиясы
мынада : бірте – бірте тереңдеуіне байланысты экономиканы уақытша
жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға
айналады. Инфляцияның жалпы , әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша
массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген
елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстарғанда
құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру , яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы алтынды бұрынғысынша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен , бағаның өсуі – тауарларға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныспен
ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы , әлі инфляция емес. Инфляция – елдері
баға деңгейінің өсуі. Баға көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да
әсер етеді.
1) мемлекеттік шығындар мен кірістердің тепе – теңдігінің бұзылуы,
байланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
2) осындай жолмен, әдіспен инвестициясы қаржыландыру жүргізілген жағдай да
бағаның инфляциялық өсуі болады. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану,
өндірісте емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуә етеді.
3) баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне
байланысты. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигаполиялық нарық . Ал
олигаполист едауір дәрежеде бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да ,
олар оны қолдауға ынталы. Салаға жаңа өндірушілердің келуге тежеу үшін ,
олигаполистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Инфляциясының ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет .
ішкі фактордың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық
факторды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары бұл шаруашылық сәйкестігінің
бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы ,
инвестициялардың теңгерімсіздігі , әлеуметтік , саяси сипаттағы ерекше
жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының бюджет
тапшылығы , мемлекеттік борыштың өсуі , ақша эмиссиясы, сондай – ақ несие
жүйесінің кеңеюі , ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие
құралдарының өсуі және басқалары жатады. Дүниежүзілік құрылымдық
дағдарыстар , басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты , алтынды валютаны экспортқа шығару инфляцияның
сыртқы факторы болып табылады. Сөйтіп көпфакторлы прцесс ретінде инфляция
– бұл ақша айналысы заңының бұзылумен байланысты болатын қоғамдық ұдайы
өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларын байланыстырып
отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторға тәуілді
болып келеді:
- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану ;
- инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы ;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері ;
- мемлекеттік берешектік көлемі.
1.2. Инфляцияның түрлері және әлеуметтік – экономикалық салдарлары
Соңғы кездерге дейін дүнйежүзілік шаруашылықта инфляция әдетте ,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатынеді. Мысалы , соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін , көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болады. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға , ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды. Инфляция
қарқынының жай , орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 20 – дан 200 пайызға
жетеді. Ал бұл – экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт ,
келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады. Аса зор шексіз
инфляция айналымдағы ақша мөлшерімен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап ,
шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы , Никаракгуада азамат соғысы жылдарында
бағаның жылдық өсуі 3300 пайызға дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен
зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болды. Ұлттық шаруашылық
бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде , бағалардың
өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынын әлдеқайда жоғары
болады. Шаруашылық субьектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде
, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысады. Нәтижесінде айналымдағы
ақша айтарлықтай өсіп , ал оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында
баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына
инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Басыңқы
инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
Жалпы шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны
үш түрге бөледі :
- баяу немесе сұлама инфляция ;
- қарқынды инфляция ;
- ұшқыр инфляция .
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де ( жылына 10 – 20 пайыз ) ақша
негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да , мемлекетте де
төтенше жағдай тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2 – 3 пайыз
деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Қарқынды инфляция кезінде баға
жылына 10 – 20 пайыздан 200 – 300 пайызға дейін өседі. Соның салдарынан
жалақы өсіп , ал бағаның одан әрі өсуіне әкеліп соқтырады. Ал ұшқыр
инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен ( 500 – 1000
пайыздан жоғары ) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап , бай адамдардың
да тұрмыс – тіршілігі қиындай бастайды. Шет ел нарықта болатын инфляциялық
тепе – теңдік нысандарына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп
бөледі. Еркін баға белгілеу экономикаға тән ашық инфляция бағаның тауарлар
мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір
тауар нарығындағы бағаның оқтын – оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің
баяулауымен сыйыса береді. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір
бұрмалағанымен , әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді. Жасырын
инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын
экономикаға тән , ол тауар тапшылығында , өнімнің сапасының нашарлауымен
амалсыздан ақша жинақтауға астыртын экономикада,бартерлік айырбастың
дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар
құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған
жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік бағасынан төмен
ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады.Бұл жағдай ұзақ
уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен,ақшаның амалсыз
жинақтауымен,астыртын экономиканың,бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік
бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем
құралы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады.Егер
біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ,онда ол ұзақ жылдар бойы
басылыңқы инфляция жағдайында болады және болашақ экономика үшін бұл
қауіпті емес,одан әлі де болса құтылуға болады.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны 2
типке бөледі:
а) Сұраным инфляциясы
б) Өндіріс шығындарының өсуінің жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде
болатын инфляция.
Сұраным инфляциясың мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады,
Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды. Сұраным инфляциясы нарықтық
байланыстарды монополизм мен әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің
үстемдігі болған жағдайда да орын алады.Олар өзіндік айрықша нысан
сипатында болады.
Ұсыным инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы
мүмкін. Ұсыным инфляциясының екі түрі бар: а) жалақының өсуі әсерінен
болатын инфляция; б) ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде
пайда болатын инфляция.
Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту барысында елеулі
түрде өзгереді.Осыған байланысты инфляцияны кейбір елдерде орын алатын
жергілікті инфляция, мөлшерден тыс несие экономикасынан туындайтын несие
инфляция, сыртқы себептерден туындайтын, сырттай әкелінген және сыртқа
шығарылатын инфляция, инфляциялық процестің бірқалыптылығы еместігімен
байланысты болатын сатылы инфляция деп ерекшелейді.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көптүрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі–баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
коньюктураны жандандырады. Процестің ұшығуы барысында, инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруаның шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,экономикалық
саясатты жүргізуге жол бермейді.Бағаның әр-түрлі өсуі экономика салаларының
арасындағы сәйкестілікті бұзып,тұтыну- шылар сұраным бүркемелеп, ішкі
нарықта тауарлар өткізуді қиындатады.Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан
тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға
айналдырып,ақша қорларындағы ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін
бұзады.
Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін
мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы бір елден екінші елге
аударылады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ел ұлттық табысты қайта бөледі,
халыққа халық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу
қарқыны қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырылады.
Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері,зейнеткерлер және т.б. басынан өткізеді.

1. Мемлекеттің инфляцияға қарсы реттеу әдістері
Инфляцияның өрістеп,күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-

айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция
кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1) Бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу.Бұл кезде
табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшемелерді, инвестицияларды индекстеу
жөнінде шаралар қолданылады. Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімді
жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді
және т.с.с.
2) Инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың
кешенін жүргізу.
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс әрекет
етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институтционалдық, моралдық-
адамгершіліксфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те,
олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным экономикасын жоюға ақша немесе фискалдық саясатты
пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат –инфляция мен күреске бағытталған
экономиканы мемлкеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.Мұндай саясаттың
негізгі екі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат- мемлекеттің шығындарын азайту,несие үшін
пайыздық мөлшерлемелерді арттыру,салық ауыртпалығын күшейту,ақша массасын
шектеу жолымен несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді
қарастырады.Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты-бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе
олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет
етеді.Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қыздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі
әдістерін кіріктіреді:
1) Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша
массасының ауқымын азайту.
2) Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту
мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайтақаржыланды-рудың есептік
мөлшерлемесін арттыру.
3) Кредит мультипликаттарын қысу және коммерциялық банктердің кредит
экспансиясын шектеуге жету үшін орталық банктің коммерциялық банктерге
резервтік талаптарын арттыру.
4) Сондай мақсаттарда орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту,мемлекеттің
шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
төмендету арқылы төмендетеді.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты,бірақ
қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс: біріншіден, мемлекет бюджеттің
теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін
көтеру керек; екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында өндіріс пен
айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет. Инфляцияға
қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр.Жанама
салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді,
сұранымды қысқартады, жоғары салықтардың іс әрекетінің екінші аспекті
өндіріске олардың қысымы болып табылады,бұл ұсынымды шектейді.Үшіншіден,
едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін
көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан
жалтарынуға әкеп соғады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға,салық салуға акцептпен түсір-
мейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талап-
тарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай
өлшемелерді жіктеудің жоғарғы дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына
да,мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материал-дық
өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді.Бұл жерде мынаны еске ұстаған
жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас
бөлігі –шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр,
сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады.Бұл жөнінде
инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің
өзара байланысы байқалады.
Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары
жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша
қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды тіркелген
кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік
қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
1) Тура әдістермен-шектеумен (рестикциялармен) яғни заңнамалық актілер
немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен
деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
2) Секвестірлеу әдісімен –барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен
анықталатын төмендерудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді
төмендетумен;
3) Қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
4) Мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен;
Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық
бағдарламаларының іс-қимылын,тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты
жобалардан бас тартуды және т.с.с. қалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін шығындардың өсуінен
туатын инляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді.
1) жалақыны көбейту
2) ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына
байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;
3) шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары,
осыған орай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара
байланысы проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономика- лық
тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретінде өндірістің құлдырауын
жоюда болып отыр.Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды:
Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді
нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі
өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру.Бұған қажырлы еңбек пен оның
нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды
дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда – делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын
қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың
жеңілдік жүйесімен несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша
төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбек ақы төлеу
қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды
белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор
қызметінің басым түрлерінің қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге
асырылады.
2.2. Нарық жағдайындағы мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ерекшелігі
Инфляцияның жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген
елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл
жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады :
күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе , әлде
инфляция жағдайына икемделген дұрыс па ?
Бұл екіұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты
шешіледі екен. Мысалы , АҚШ – та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі
мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға
икемделу іс – шаралары жүргізіліп , тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады.
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда , екі әдістемені бөліп
айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты
жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен
салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып,
салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны
төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада
дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол
қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет
саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса ,
онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар
артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық
субьектілеріне салынатын салық қысқарады. Бұл бірден нәтиже береді. :
сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды , жалпы экономикалық өсу
басталады. Бірақ 60 – 70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей ,
сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен.
Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады
және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынды.
Олар бірінші орынға ақша – несие арқылы реттеу әдісін қойды. Бұл әдіс
экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты
үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк
айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесімін реттейді,
сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда , мемлекет сұранымды шектеу мақсатында
инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық
экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты
қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді.
Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция
жағдайларын толық жою мүмкін емес. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою
емес , оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz