Инфляцияға қарсы саясат және оның ҚР қолдану ерекшеліктері



Кіріспе
І Тарау.Инфляцияның экономикалық мәні және оның түрлері.
1.1Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.2Инфляцияның түрлері мен өлшемдері

2.Инфляцияның себептері және әлеуметтік.экономикалық зардаптары.
2.1.Инфляцияның пайда болу себептері.
2.1.Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық зардаптары.

3.Қазіргі жағдайдағы инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы шаралары.
3.1.Қазіргі жағдайдағы инфляцияның даму деңгейі.
3.2.ҚР . ң ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Инфляцияға қарсы саясат және оның ҚР қолдану ерекшеліктері» болып табылады.
Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде (1851 – 1865 ж.ж.) орасан зор гривналар (ақша орнына қолданылған күміс кесек) (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолдана бастады , ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 пайызыдейін төмендеді.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция (латын сөзінен алғанда inflatio - қабыну, ісіну деген мағына береді) – бұл бағаның өсуінен , тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай – ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
1. Көшенова Б.А «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары »
Алматы, 2000.
2. Сейітқасымов Ғ.С « Ақша, несие, банктер » Алматы, 2001
3. «Деньги, кредит, банки» /Под.ред. О. И. Лаврушина/-М,1990.
4. Бункина М. К. « Деньги, банки, валюта » М.1994.
5. Шеденов Ө.Қ.,Байжомартов Ү.С. «Жалпы экономикалық теория»
Алматы – Ақтөбе, 2002.
6. Жүнісов Б.А «Нарықтық экономика негіздері»
7. Әубәкіров Я.,Есқалиев М «Экономикалық теория негіздері»
Алматы.
8. Мамыров, Тілеужанова «Макроэкономика»
9. О ситуации на финансовом рынке.//Банки Казахстана.2003№12.
10. Казахстанская правда ,2006г.№219.
11. Айқын апта, 2006ж. №180.
12. « Кәсіпорын экономикасы », Алматы, 2001жыл
13. 1. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” деп. Аталатын 2007- жылдың 28-ақпанындағы №234-III Қазақстан Республикасының Заңы;
14. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” 2006 жыл;
15. «Аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi» - 2007 жыл 11 қаңтар
16. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Астана,
Ақорда, 2010 жыл
17. “Аудит”, под редакцией доктора экономических наук, профессора В.И.Подольского, М.,”Юнити”, 2000г. – 234 бет
18. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. “Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері”, Алматы, ”Экономика”, 2006 ж. – 156 бет
19. КеулімжаевҚ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. “Қаржылық есеп”, Алматы, ”Экономика”, 2001 ж. – 78 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
І Тарау.Инфляцияның экономикалық мәні және оның түрлері.
1.1Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.2Инфляцияның түрлері мен өлшемдері

2.Инфляцияның себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптары.
2.1.Инфляцияның пайда болу себептері.
2.1.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

3.Қазіргі жағдайдағы инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы шаралары.
3.1.Қазіргі жағдайдағы инфляцияның даму деңгейі.
3.2.ҚР – ң ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар.

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Инфляцияға қарсы саясат және оның
ҚР қолдану ерекшеліктері болып табылады.
Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та
Азамат соғысы кезінде (1851 – 1865 ж.ж.) орасан зор гривналар (ақша орнына
қолданылған күміс кесек) (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолдана
бастады , ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 пайызыдейін төмендеді.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция (латын
сөзінен алғанда inflatio - қабыну, ісіну деген мағына береді) – бұл
бағаның өсуінен , тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер
сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай – ақ оның
сатып алу қабілетінің төмендеуі. Инфляция – елде айналымдағы қағаз ақша
көлемінің тым көбейіп кетіп , оның ақша тауары жөнінде құнсыздануына ұласуы
және соның салдарынан тауар бағасының өсуі деп те түсіндіріледі.
Инфляцияның өрістеп, күшеуі экономикалық және әлеуметтік қарама –
қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша
айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . инфляция
кезінде мемлекет іс – қимылының екі нұсқасы болады:
- Бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу ; Бұл кезде
табыстарды , жалақыны , пайыздық өлшемелерді , инвестицияларды
индекстеу жөнінде шаралар қолданады.
- Инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың
кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы
мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.
Курстық жұмыстың мақсаты - инфляция ұғымына түсінік беру,
инфляция кезінде кең етек жаятын әлеуметтік – экономикалық зардаптарды шешу
үшін қандай саясат жүргізіледі, және оның ерекшелігі қандай екендігін ашып
көрсету.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалды :
- Инфляцияның мәні мен мазмұнына түсінік берілді;
- Инфляцияны реттеудегі мемлекеттің экономикалық саясатын ашып көрсету ;
- Қазақстан Республикасы жағдайында мемлекеттің инфляцияға қарсы
саясатының ерекшелігі туралы қарастырылды.

І.Инфляцияның экономикалық мәні және оның түрлері.
І.1.Инфляция және оның экономикалық мәні.

Экономикалық тұрғыдан инфляция дегеніміз не? Инфляция (латынның
iflatio –қампиған деген сөзі) –қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын
әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы.
Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің
бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі
салдарынан ақшаның құнсыздануы,оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.
Инфляция қоғамдық ұдай өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол
мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез-
келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты
экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары
мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге
тірейді.
“Инфляция”- хабарлау, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін
латын сөзі.Шындығында да, қауырт жағдайларларда мемлекеттік шығындарды
қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт “көтеріліп”, қағаз
ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Одан әрі елдердегі соғыс жылдарындағы
ақша айналысын байқауға болады.
Мысалы АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1781жылдардағы және 1861-1865жылдардағы
Азамат соғысы; 1789-1791жылдардағы Француз ре-волюциясы. Әсіресе, Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті.
1921жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион1 рейхсмаркаға
жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданды. Осы келтірілген тарихи
мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен екенін дәлелдейді.
“Инфляция”термині АҚШ-та 1861-1865 жылдары азамат соғысы тұсында
екі жыл ішінде долардың 60% сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде
қолданыла бастады.
КСРО халық шаруашылығында инфляцияның барлығын көптеген жылдар
бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге тән, ал социализм
жағдайында, жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген
фактілер оған себеп болды .Шындығында да, дириктивті түрде баға белгілеу
барысы халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын
тұрақты деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік береді, бірақ тұтыну бағаларының
деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция,
сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының
деңгейімен, жалпы ішкі өнім факторымен де өлшенуі мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шығындардың
өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономиканың әртүрлі секторларындағы
табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар
шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырды.Сонымен қатар
тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды.
Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары
сақталып қалды. Мұны барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға
мүмкіндік берері сөссіз.
Ал қазіргі инфляцияға тән ерекшелік бар. Олар:
- Егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі
инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;
-Егер бұрын инфляция бір мезгілде жүрсе, қазіргі инфляция көп
уақытқа созылған құбылыс;
-Егер бұрын инфляция ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция
көптеген ақшасыз және басқа факторларға байланысты болады.

1.2 Инфляцияның түрлері мен өлшемдері.
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
1.Экономикадағы қамтитын аумағына байланысты:
-жергілікті инфляция
-әлемдік инфляция
2.Жүру қарқынына байланысты:
-біркелкі
-үздіксіз
-сатылы
3.Даму қарқынына байланысты:
-жылжымалы
-қарқынды
-ұшқыр
4.Әсер етуші факторлар бойынша:
-сұраныс
-шығын
5.Баланстану дәрежесі бойынша:
-баланстанған
-баланстанбаған
Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне
қатынасында баға өзгермейді.
Баланстанбаған кезінде әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-
бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді.
ТМД мен Қазақстанда әзірше баланстанбаған инфляция барынша белең
алуда, ол шағын және орта бизнестің дамуына белгілі кедергілер жасауда.
Баланстанған инфляцияны алатын болсақ, кәсіпкерлік қызметтің дамуына аса
қауіпті емес.
Инфляция глобальдығына қарай – локальдіқ, яғни жекелеген елдерде ғана орын
алатын және дүниежүзінде; даму қарқынына қарай – төмен, бәсең,
гиперинфляция және супер-гиперинфляция, яғни бағаның өсуі 5%- дан аспайтын
болса; циклдігіне қарай – жылжымалы (бағаның біртіндеп өсуі ), тұрақты,
сатылы.
Егер де инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл
стагфляция деп аталады.
Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей
түрлерге бөлуге болады:
А)баяу ( 5-10% )
Ә)қарқынды (200% )
Б)өшқыр (500-1000%)
Баяу инфляция кезінде бағалар баяу, жылына 10% -дан аздау өседі. Инфляция 2-
3%болған жағдайда, нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы ,
1992 жылы инфляция: Францияда-2,7%, Германия мен АҚШ-та-1,8%болды.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи, жылына 20%-дан 200-ға
дейін өседі, мұндай инфляцияға жол бермеу керек. Себебі ол өте ауыр
әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады. Бұл кезде тұрғындардың өмір
деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды.Ұшқыр инфляция кезінде
айналымдағы ақша саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен, яғни 500-
1000%-ға өседі. Қоғамның экономикалық тарихында ұшқыр инфляцияның
таңқаларлық мысалдары баршылық. Мысалы Боливияда 1985 жылы – 1400% ,
Аргентинада 1990 жылы 2000% болған. Аргентина елін ауылшаруашылығы
құтқарған. Бұл сала басқасына қарағанда басым болып, уақыттң белгілі
кезеңін нарықтық қатынастарсыз-ақ өмір сүруге мүмкіндік туғызды.
Шетел ғалымдарының ойынша баяу инфляция экономиканы “көңілдендіруге”
әсерін тигізеді және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздар
армиясын жоя бастайды. Американ экономисті А.Манның айтуынша, бағаның
қалыпты әрі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және тұтыну
қабілеттілігін арттырады. Шыныда да инфляцияның бірінші кезеңінде, қағаз
ақша қарқынын қамтамасыз ету олардың эмиссия қарқынынан қалған кезінде,
арнайы инфляциялық коньюктура пайда болып, тауар бағасының өсуі уақытша
өндірісті ұлғайтып, тауар айналымын ынталандырады. Алайда ақшаның
құнсыздану деңгейіне қарай инфляция өндіріс пен айналым процесін тезірек
бұзатын әсерлерге тап болады. Сөйтіп, несие-қаржы және валюта жүйесінің
толық бұзылуына алып келеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға
ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша,
инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы
мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басым болады.
Нарықтық инфляция тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдауына
байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп ажыратамыз.
Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен
қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-
теңдік сұраным жағына қарай бұзылса, және тұрақты бағаның өсуімен байқалса,
онда мұны ашық инфляция дейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында
бағаның кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда
олардың өсуін баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей
өзгертіп, оны аса бұзбайды.
Басылыңқы инфляция (оны кейде жасырын инфляция деп те атайды) бағаны
реттейтін экономикаға тән, жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге
асырылатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығы, өнім сапасының
төмендеуінде, ақшанң қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономиканың
дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция мемлекеттің
тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау
арқылы пайда болады. Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен
қызмет көрсетудің өлшемі болуды тоқтатады.
Шетел экономистері сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі
типке ажыратады:
А) Сұраным инфляциясы;
Б) Өндіріс шығынының өсуімен немесе жиынтық ұсынымның азаюымен болатын
ұсыным инфляциясы.
Сұраным инфляциясының мәнін бір фразамен былай деуге болады:
“Тауардың өте аз мөлшеріне өте көп ақша жұмсалмақ”. Сондай-ақ, сұраным
инфляциясы нарықтық байланыс монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік-
әміршілдік басқарудың ұзақ билеуі кезінде болады. Олар бұл жағдайда өзінше
ерекше түрді қабылдайды. Мысалы біздің экономиканы алатын болсақ, ұзақ
жылдар бойы табиғи емес ең төменгі жұмыссыздықты жүзеге асырып келді. Бұған
көптеген рентабельді емес кәсіпорындармен артық жұмыс орнын сақтау, еңбекті
көп қажет ететін өндірісті консервациялау арқылы қол жеткізіліп, ол еңбек
өнімділігіне теріс әсер етті. Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен
келмесе, онда ол сұраным инфляциясына айналады және бағаны арттыруға
итереді.
Сұраным инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни,
айналыстағы ақша массасы көтеріліп, соның салдарынан төлем қабілеті бар
сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында өндіріс
оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп, жиынтық сұраныс
экономиканың өндірістік мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне
соқтырады.
Ақша массасының “көтерілуі” себептерінің ең негізгісі әскери
шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде
қолдануға жарамайтындықтан, оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын
тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады
немесе ақша нарығына мемлекеттік заимдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын
жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша
массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың
азаюы және бағаның төмендеуі сияқты жағымды көріністер байқалады, ал
қорытындысында тепе-теңдік орнайды. Сондықтан, аз мөлшерлі инфляциядан
пайдалы деген қортытынды шығады, себебі, ондай инфляция артық өндіру
дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі
бүкіл экономикада басқа жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнім
қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің
құлдырауына, өнімнің тиімділігінің және инфляцияның қарқындауына себепші
факторлар әсер ете бастайды.
Сөтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеулі ұсыныспен салыстырғанда
айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны
құнсыздандырады.Шығын немесе ұсыным инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер
ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы
төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру
шығындарының өсуіне, пайданың төменлеуіне, қолданып жүрген баға бойынша
шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу
мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.Нәтижесінде
инфляциялық серіппе пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап
етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді .Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық
серіппе”теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады.Алайда жалақы бағаны құрайтын
элементтердің біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі, шикізат, энергия
көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне байланысты
қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың
қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі бүкіл әлемде болатын заңды
процесс. Оған қарсы тұратын фактор өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын
төмендетін жаңа технологияны қолдану.
Шығын инфляциясының пайда болуына екі негізгі себеп бар:
-атаулы төлемақының өсуі
-энергия және шикізат сияқты ресурстарға бағаның өсуі
Төлемақының өсуінен пайда болатын инфляция. Шығын инфляциясының теориясы
бойынша кейбір жағдайларда бұл инфляцияның шығу себебі кәсіподақтан болуы
мүмкін. Бұл былай түсіндіріледі: ұйымдық келісімдер көмегімен кәсіподақтың
атаулы төлемақы мөлшерлемесін қадағалауға мүмкіншіліктері бар. Ірі
кәсіподақтар төлемақыны ұлғайтты және мұндай деңгейдегі төлемақы кәсіподақ
қатарына кірмейтін жұмысшыларға тағайындады делік. Егер барлық мемлекет
аумағында төлемақының өсуі қандай болса да факторларға байланысты теңессе,
орташа шығындар өсіп кетеді.Бұған фирмалар өндірісті және тауар мен
қызметті қысқартумен жауап береді.Осы жағдайда атаулы төлемақының өсуі
байқалады; бұл инфляция түрін төлемақының өсуінен пайда болған инфляция деп
атайды, бұл шығын инфляциясының бір түрі.
Ұсыныс механизмінің бұзылуымен түсіндіретін теория өндіріс шығындарының
өсу себептерін және өнімге пайдаланатын шикізат пен энергияға ойламаған
шығынның көбеюін қарастырады. Осы мезгілде энергия бағасы өсіп жатты және
өндіріс шығындары да өсті. Бұл шығын инфляциясының жылдам өсуіне әкелді.
Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бір-бірімен тығыз байланысты
және бір-біріне себепші, оларды анық ажырату мүмкін емес.Мысалы, денсаулық
сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл
сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе
онда, кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп
жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріліп жатқан тауарлардың бағасын
көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындардың өсуі салдарынан сұраныс
инфляциясы байқалады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп
ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырыту қиын. Сұраныс инфляциясы
жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-
өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым
қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.
II.Инфляцияның пайда болу себептері және әлеуметтік-экономикалық
салдары.
2.1 Инфляцияның пайда болу себептері.
Инфляция – кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы
мыналар болып табылады:
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшалар
шығарылады;
- мемлекеттің шығындар емес деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін
шығаруды арттырмайтын және адам еңбегі шығынымен
тікелей байланысты;
- тауар тапшылығы, оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және
осының негізінде – ақшаның өсуі;
- бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, олардың өзінің
өніміне тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша өте қымбат өнімді
шығарумен жүзеге асырылуы;
- жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқа да
бірқатар себептер;
Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық
ақша эмиссиясының құны пайда болуына көмектеседі.Инфляцияның түбегейлі
себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған
елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторларға ақшаға сұраныстың
тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы
несие ақшаларының көптігі; ұлттық валюта курсын бірқалыпты ұстау үшін
үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және
басқа да факторлар.
Екінші топқа тауарлар бағасын немесе шығындарды өсіретін ақшалы
емес факторлар жатады. Олар қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының
үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің
экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы
экономикалық іс-шаралар.
Шын мәнінде екі топтағы фактілер бір-бірімен тығыз байланысып,
тауарлармен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі - тауар бағаларының күрт өсуі.
Осы көріністі американдық ғалым Дж.Гелбрейт “ақшаның тауарды қуу” деп
сипаттайды. Инфляцияның алғашқы себебі - айналымдағы ақша массасы мен
сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Бұндай диспропорция,
біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауар
массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында
қағаз ақшаны көп шығаруынан болды. Алайда, айналымдағы ақша массасы
тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70
жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша массасы бір қалыпты болса да, айналымдағы
тауарлар мен көрсетілетін қызметтің көлемі қысқарып, инфляциялық процестер
туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттырудың нәтижесінен болған
инфляция еді. Ақша айналымын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі
жөнінен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын
шығарғанға тең.

2.2. Инфляцияның әлеуметтік –экономикалық салдары.

Нақты практикада инфляцияның мынадай әлеуметтік – экономикалық салдары
болады:

- өндіріс қарқыны төмендейді
- тауар бағасының төмендеуі
- халықтың ақшалы жинағының, мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануы
- жұмыссыздықтың көбеюі
- ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі
- ұлттық валютаның басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының
бұрмалануы
- экономикалық өсу пропорциясы бұзылады
- ақша – несие және қаржы валюта механизмі бұзылады
- әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді
- халықаралық қатынастар бұзылады
- экономикалық қылмыс
- көлеңкелі экономиканың өсуі
Ақшалай табыстың құнсыздануы. Инфляция тұсында барлық ақшалай табыс
шын мәнінде азаяды. Бұл номиналды кіріс пен нақты табыстың арасындағы
айырма арқылы анықталады. Номиналды табыс – бұл адамның еңбекақы, рента,
пайда, процент түрінде алатын жалпы ақша қаржысының саны. Ал, нақты табыс
номиналды табысқа келетін барлық ақшаға сатып алуға болатын тауар тұрақты
болса немесе инфляция қарқынына қарағанда, оның өсімі баяу болатын болса,
онда нақты табыс кемиді. Міне осы себептен адамдар белгіленген табыспен көп
зиян шегеді.Егер табыс өсімі инфляция қарқынынан жоғары болса, онда
фирманың, үй шаруашылығының қаржы жағдайы жақсарады. Мәселен, егер фирма
икемді емес сұраным тұсында өз өнімінің бағасын инфляция өсіміне қарағанда
жоғары қымбаттататын болса, онда инфляциядан ол зиян шекпейді.Бірақ
көптеген фирмада мұндай мүмкіндік бола бермейді, сондықтан да олардың қаржы
жағдайы инфляция тұсында нашарлай түседі.
Табыс пен байлықтың қайта бөлінуі.Инфляция табыс пен байлықты қайта
бөледі. Мәселен, борышкерлер, кредиторлар есебіне түседі. Мұнда дебиторлар
барлық деңгейдегілердің бәрі де ұтады, өйткені, қарыз алғандағы ақшаның
сатып алу мүмкіндігі сол қалпында қалады, қарыз қайтарылғанда бұл жағдай
ескеріледі, сонда қайтарылғанда, ол ақшаға аз тауар сатып алынады.
Сөйтіп, инфляциядан сая – жай меңгеру үшін несиеге ақша алған
адамдар да, қарызды болған кәсіпорын да, көп қарызды болған үкімет те
ұтады.
Баға өсімі неғұрлым шапшаң, әрі күтпеген жағдайда болатын болса, ол
нарық экономикасының бір субъектісіне жақсы, ал екінші біреулеріне жаман
әсер етеді. Мысалы, егер кәсіпкерлер мен кәсіподақ арасында бес жыл
мерзімге шарт жасалған болса, мұнда бағаның күрт өсімі ескерілмеген
жағдайда жалдамалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР –ның инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Инфляция туралы
ҚР инфляцияға қарсы саясаты туралы
Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
2013-2014-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткішінің сипаттамасы
Инфляцияға қарсы саясаттардың жетілдіру мәселері
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Пәндер