Қаржылық есеп беру түрлері және есепті ұйымдастыру
Кіріспе бөлім.
1. Қаржылық есеп берудің мәні мен экономикалық негізі.
1.1 Қаржылық есеп берудің жалпы сипаты мен әдістері.
1.2 Қаржылық есеп берудің есептеу әдістері.
Негізгі бөлім.
2. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
2.1 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.
2.2 Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру
Қорытынды бөлім.
3. Қаржылық. шаруашылық қызметі туралы есеп беру.
3.1 Қаржылық есеп беруді жасау.
3.2 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменттің №4 «Қаржылық есептің қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің қаржылық есеп қозғалысы туралы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі қаржылық есептің келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субьектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген.
1. Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. Алматы: Экономика,2001ж.
2. Стандарты бухгалтерского учёта.
3. Нидлз Б., Андерсен Х., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учёта. Финансы и статистика, Москва,1993ж.
4. Миддлтон Д. Бухгалтерский учёт и предприятие финансовых решений. «ЮНИТИ», Москва,1997ж.
5. Бухгалтерский учёт. Под ред. Проф. П.С.Безруких. Москва, Бухгалтерский учёт,1997ж.
6. Радостовец В.К., Радостовец В.В, ҒабдуллинТ.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы:2003ж.
7. Заочная Школа Бухгалтера.
8. Палий В.Ф., Палий В.В. Финансовый учёт- М: ФБК Пресс,1998ж.
9. Типовой план счетов бухгалтерского учёта Утверждённый Министерством финансов от 18.09.2005ж.
10. C.Б. Баймұханова ИздатМаркет Алматы 2005 «Бухгалтерлік есеп»

Республикалық Мемлекеттік Ақмола Қаржы – Экономикалық колледжі
Бухгалтерлік есеп және салық кафедрасы
Қорғауға қабылданды
___ _________ 2005 жыл
Жетекшісі: Рыспекова М.Ж.
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қаржылық есеп беру түрлері және есепті ұйымдастыру
Орындаған: 3 курс 3 ЭБА 404
тобының оқушысы Шоланова Ә.А
Жетекшісі: Рыспекова М.Ж.
Астана 2005
Жоспары.
Кіріспе бөлім.
1. Қаржылық есеп берудің мәні мен экономикалық негізі.
1.1 Қаржылық есеп берудің жалпы сипаты мен әдістері.
1.2 Қаржылық есеп берудің есептеу әдістері.
Негізгі бөлім.
2. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
2.1 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары.
2.2 Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру
Қорытынды бөлім.
3. Қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру.
3.1 Қаржылық есеп беруді жасау.
3.2 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі департаменттің №4 Қаржылық есептің қозғалысы
туралы есеп- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында:
Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің қаржылық есеп қозғалысы
туралы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы
қызметі бойынша есепті кезеңдегі қаржылық есептің келіп түсуі, кірістелуі
ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға
осы заңды тұлғаның, яғни субьектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін
бағалауына мүмкіндік береді делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:
Заңды тұлғалар,субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа)
қаржылық есептің қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай
жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында
тапсырады делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке әртүрлі
төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым,
мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе
қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді
өндіріп шығару үшін қызмет болатын шикізаттар және материалдармен
жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.Осындай
кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирманың арасында берешек операциялар көбіне
қолма- қол ақша және ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі.
Қаржылық есеп беру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны
ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1. қаржылық есеп операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
2. субьектідегі қаржылық есептің түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді
пайдалануды бақылау.
3. есеп айырысу, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың кірістері мен
шығындарын дұрыс есептеу.
Курстық жұмыстың мақсаты қаржылық есепті жасау үшін қолданылатын ең
тиімді әдісті анықтау.Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттемелерді алға
қойдым:
1. қаржылық есеп берудің мәнін ашу;
2. қаржылық есеп берудің ерекшеліктерін, маңыздылығын айқындау;
3. қаржылық есеп беру және оны толтыру тәртібін анықтап көрсету;
Курстық жұмысты орындауға байланысты отандық және шетелдік экономист,
бухгалтерлердің еңбектерін және газет-журналдық материалдарды қолдандым.

1. Қаржылық есеп берудің жалпы сипаты мен әдістері.
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржылық есепті банк
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте осы мекемелер арқылы қаржылық нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты қаржылық есептесуді жүзеге асырады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субьектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық
қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субьект үшін ашылады.
Субьект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субьектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және жүрген заңдарда
көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. Субьектілердің
шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субьектінің
басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында қаржылық есеп беруді жүзеге
асыруда келесі әдістерді:есептеу, толассыздық, түсініктілік, маңыздылық,
мәнділік, дұрыстық, шындық және алалықсыз ұсыну,
бейтараптылық,сақтық,аяқтау және салыстыру, жүйелілікті, республикалық заң
актілерімен белгіленеді.
2. Қаржылық есеп берудің есептеу әдістері.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық
қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұнын өзі
заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға
мүмкіндік береді.
Қаржылық есепті анықтау үшін тікелей және жанама әдістер қолданылады.
Тікелей әдісте қаржылық есептің негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді
сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін,
несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерден шегереді.
Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде қаржылық есеп
берудің түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан
кейін түскен түсімнен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен
бюджеттен тыс төлемдерімен және т.б. шығындарынан тұрады.
Операциондық қызметі- заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі және
инвестициялық пен қаржылық қызметтеріне қатысы жоқ басқадай қызметі;
Жанама әдістер- бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы
активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен
жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің
нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл
әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық- шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді
көздемейді.
1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық- шаруашылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субьекттің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-
ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару
үшін қажет және ол болашақ кезендерді жоспарлау мен болжау үшін басты
(бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және обьективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
(үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып
табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу.Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,
соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың
төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады(көрініс табады), а шығысы
мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субьект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын(оқиғаларын)
бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған(немесе пайдаланған)
мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субьекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай- ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс.
Ақпараттардың пайдалығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі
екінші бір есептік кезеңмен салыстыруы тиіс.
Жүйелілік.Пайдаланушы субьекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып
табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде
жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және
жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын
бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша
жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық
қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып,
жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай
есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
(деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін
толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден
өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлерінде ЖО,
ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс,
қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру т.б.).
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық- шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік
тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау
жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы
есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі: №2
Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып
көрсету (2 БЕС); Қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
беру (3 БЕС) және Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру (4 БЕС)
арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында)
немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті
органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша);
жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай
ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті
жылдан кейінгі келесі жылдың 1 раурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік
есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық
органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары,
құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның
барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы
кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол
қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы
жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін
жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші
айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін
берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі,
сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.
Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректер қажетті
түзетулер енгізілуі мүмкін.
Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды
жабу көздеріндегі брлған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және
олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі
қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес
келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе
бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін.Аталған алшақтық
табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-
жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде
жіберілген қатерліктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп
мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды
дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе
түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу) –бұл бухгалтерлік есеп әдәсінің басты
элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған
өндірістің, тауарлы- материалдық құндылықтардың, материалдық емес
активтердің есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне
(нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық
кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек
соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық
құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына
қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында
жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін
баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы
органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана
түгенделетін обьектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға,
кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі
құралдардың саны т.б.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі
мүмкін:
- жоспарлы- алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және
мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
- кезектен тыс- бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы
органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан
кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 Бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның
кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының
құрамы және т.б.қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді,
оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын,
олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорындатұрақты жұмыс істеп
тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және
өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді
тексеру, кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу
нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем
шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-
материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге,
есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде,
сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге;
мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі
түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-
материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі
бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға
түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе
артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға
біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан Республикасының
Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу
комиссиясы кіріс- шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін
немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара
бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері
де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезенде құндылықтардың номенклатурасы
бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу
әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның
деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың
арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелері
көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті
бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері
қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға
бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету
үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық
құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда
қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың
тұрған орындарында сақталады.
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған
мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы
алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде
анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік
ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның
жұмысые бағалау үшін және тауарлы- материалдық құндылықтардың сапасы мен
мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде
материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясына егжей- тегжейлі
түсініктеме береді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты
жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қарауына беріледі және оны кәсіпорын
басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалды зерттегеннен
кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы бойынша
олардың артық не кем шығуын есепке алғаннан кейін, жетпей қалған
құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де
сортталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем
шыққан мүліктер қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай- ақ банк
мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, бас кәсіпорындарымен есеп
айырысудың дәлме- дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша
реттелмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте тұрған кем шыққан және
тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен негізделгендігі;
баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек сомалары да
тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген
шоттардың аттарын атап, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық
берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және
дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн. Берешектің
көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама қоса
тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен-
жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, қай уақыттан бері
және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада
бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен
дебиторлық берешек, күдікті қағаздар бойынша резерв қаражатының шотына
немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар
негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есептегі
деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
- артық немесе кем шыққан кезде олар өзара зачетқа жатқызылады, бірақ
зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;
- артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар кәсіпорынның
табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың артық шығу себептері мен
оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
- құндылықтардың кемуі (жоғалуы) белгіленген тәртіпте бекітілген
нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не айналым
шығындарына көшіріліп жазалады;
- материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың және басқа мүліктің
шыққандары, сондай- ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған
жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар
анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған
жағдайларда кем шыққан мүліктер және ыссыраптардан келген зияндар
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының қолда бар
құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде
анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын
түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді.
Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия
цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толық
түскенің (немесе түспегенін) тексеруді, ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі
барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдардың
амортизациясын, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді;
жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және
басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы
бухгалтерлік есептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл – стандарт
бағалау әдісі. Есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер
анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері
туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын
белгілейді. №3 БЕС 2003 жыл 17 қаңтарында өз күшін жоғалтты.
№5 – кестеде KEGOC ААҚ – ның 2003 жылғы жартыжылдық кіріс пен шығыс
жайлы есебі көрсетілген.
Кіріс пен шығыс туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
- негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, кызметтерді сатудан) алынған
табыс;
- сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;
- жалпы кіріс;
- кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік шығындар,
проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар;
- негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- табыс салығы;
- салық салуды кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;
- таза кіріс немесе зиян.
№5 кесте
Кіріс және шығыс жайлы есеп
(ААҚ KEGOC 2003 жылдың жарты жылына)
Көрсеткіштер атауы Коды Алдыңғы Есепті
мерзім мерзім
Дайын өнімді сатудан түскен табыс
(жұмыс, тауарларды) 010 6095570 7634633
Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны
(жұмыс, қызмет, тауарларды) 020 4897941 4625339
Жалпы кіріс 030 1197629 3009294
Барлық мерзім шығыны оның ішінде: 040 1039991 906295
сатуға байланысты шығындар 041 22331 13782
жалпы және административтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz