Оңтүстік Америка елдеріндегі туризм


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Оңтүстік Америкаға қысқаша шолу.

2. Бразилия туризмі.

3. Аргентина туризмі.

4. Перу туризмі.


1. Оңтүстік Америка.

Оңтүстік Америка - батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Құрлықты 1501 жылы Америго Веспучи қатысқан португал экспедициясы ашқан. Жерінің аумағы - 18, 28 млн шаршы шақырым. Халқы 340 млн адамнан астам. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солтүстігін Кариб теңізі, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстігін Магеллан, Дрейк бұғаздары шайып жатыр. Солтүстік батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкамен жалғасады.

Ең биік жері - Аконкагуа 6960 метр. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері - Вальдес ойысы (-40 метр) . Ең ұзын өзен жүйесі - Амазонка 6437 метр. Дүние жүзінде теңіз деңгейінен ең биік орналасқан 3812 метрдегі - Титикака көлі. Сондай-ақ ең биік сарқырама - Анхель сарқырамасы 1054 метр және ең биік жанартау Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос, Чили топ аралдары т. б ұсақ аралдар кіреді.

Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлы, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Материк 6 климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Максималды температура - 49 градус цельсийге дейін барады. Ал суық Перу ағысы шайып өтетін метериктің батысы әлдеқайда салқынырақ. Жауын-шашын ең көп түсетін жері - Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000-8000 мм дейін) .

Материктің батыс бөлігін бойлай Анд таулары алып жатыр. Солтүстік - шығысында дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі - Амазона ойпаты алып жатыр.

Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, онда басқа құрлықтармен салыстырғанда екі есе артық жауын-шашын жауады. Оған дүние жүзіндегі өзендер ағысының 27 пайызы тиесілі. өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Маракайбо, Титикака, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин, Патус, Лагао-Мирин сияқты көлдерге бай. Сол сияқты «саларес» деп аталатын батпақты көлдер Уюни, Салинас-Грандес бар.

Өсімдіктер дүниесі өте бай. Олардың ішінде мәңгі жасыл шамшат, бал пальмасы, чили араукарийі, сейба, жакаранда, паубразил, гуаякан, гевея, хинн ағашы, какао ерекше көзге түседі. Құрлықтың көпшілік бөлігін ылғалды тропиктік ормандар алып жатыр. Ағаштардың 4000-ға жуық түрі бар, биіктіктері 80-100 м дейін жетеді. Жануарлар дүниесі де алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Онда қабылан, шибөрі, оцелот, пампа мысығы, пума, көзілдірікті аю, жалды қасқыр, пекари, амазона бұғысы, лама түйесі, т. б кездеседі. Құстардың 2, 5 мыңнан астам түрі, басқа еш жерде кездеспейтін нанду, ара, тинаму, кондор, колибри, тукан, гоацинт. б бар.

Оңтүстік Американың жер қойнауы кен байлықтарына, әсіресе, мыс, темір, марганец, молибден, қалайы, полиметалл мен сирек кездесетін металл кендеріне бай. Темір кенін өндіруден Бразилия дүние жүзінде 2 орынды, Чили мыс кенін өндіруден 1 орынды иеленеді. Перу, Чили, Бразилия, Боливияда алтын мен алмастың ірі кен орындары кездеседі. Маракайбо, Ориноко, Магдалена, Гуаякиль ойыстарында мұнайдың, Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртінде тас көмірдің ірі кен орындары бар.

Оңтүстік Американың саяси картасы 12 егеменді мемплекет пен Франция иелігіндегі Гвиана мемлекеті және Ұлыбритания мен Аргентина иелігіндегі даулы аймақтар болып есептелетін Фолкленд аралдарынан тұрады. Мемлекеттердің барлығы дерлік - республика. Олардың ішнінде экономикалық және әлеуметтік жағынан басқаларынан алда келе жатқан елдер қатарында: Бразилия, Аргентина және Перу т. б. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 100 адамнан артық. Урбанбалу дәрежесі өте жоғары 3 ірі агломерация: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Буэнос-Айрес.

2. Бразилия туризмі.

Бразилия - Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекет. Территориясы - 8512 мың шаршы шақырым. Бразилиялықтар - еуропалық испандықтар мен португалдықтар және үнділер, аборигендер, негрлер қосылысынан пайда болған халық. Олардың ішінде 65%-ды ақ нәсілдер құраса, қалғандары - метистер, мулаттар, негрлер, үндістер. Сондай-ақ онда 3 млн астам иммигранттар, олардың ішінде: жапондар, итальяндар, немістер, испандықтар, арабтар, француздар, поляктар т. б бар.

Астанасы - Бразилиа. Онда 1, 7 млн астам халық тұрады. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Діні - католиктік. Ақша бірлігі - крузадо. 1 доллар - 103, 7 крузадоға тең.

Бразилия 1500 жылы португалдықтармен ашылған. 19 ғасырдың басына дейін Португалияның отары болып келді. 1822 жылы ғана тәуелсіз ел болып жарияланған. Бразилия - федеративтік республика. Ол 24 штаттан, 3 федерациялық округтен тұрады. Жоғарғы заң шығарушы органы - Ұлттық конгресс. Ұлттық конгресс - Сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Елбасы - президент.

Бразилияның жер қойнауы темір, марганец, уран, боксит, түсті металлдар, көмір, алмаз, күміс, алтын, мұнай т. б. бай. Елдің экспортын негізінен - темір рудасы, кофе, какао, жүгері, соя, қант, мақта, цитрустер, автомобиль, жеңіл ұшақтар, қару-жарақтар экспорты құрайды. Ал импортын - мұнай, көлік және көлік жабдықтары, азық-түлік тағамдары импорты құрайды. Бразилияның негізгі сауда әріптестері - АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Аргентина, Ресей т. б.

Бразилия туристерді қызықтыратын көрікті жерлер мен экзотикаға толы. Сондықтан да онда туристік кезең жыл бойына созылады.

Ең атақты және танымал бразильдық карнавал дәстүрлі түрде ақпан айында өтеді. Бірақ соған қарамастан басқа айлары да мұнда қызық жетерлік. Ашық терезелерден, ресторандардан шыққан әуенді музыканы кез-келген уақытта естуге болады. Сондай-ақ Бразилияның кез-келген жерінен қарапайым азаматтардың рахаттана самбо биін билеп жүргендерін кездестіруге болады. Бұл елде көңіл көтерудің кез-келген түрі орын алған. Тіпті Амазонияның джунглиіне 2-3 күнге келген туристердің жабайы табиғат аясындағы үрейлерімен қатар көтеріңкі көңіл-күй жүреді. Бразилия джунглиі тоғайларында жабайы маймылдардың түрлері көптеп кездеседі. Жалпы алғанда туристермен болатын барлық оқиғалар рахат пен қызыққа толы болуын саяхатты ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді.

Атлант мұхиты жағалауындағы ең танымал және атақты Бразилия курорттары - бұл Белем, Ресифи, Форталеза, Бузиос, Сан-Паулу және де Рио-де-Жанейро.

Рио-де-Жанейро - 1960 жылға дейінгі Бразилияның астанасы болған қала. Онда елдегі ең атақты жағажай курорты -Копакабана орналасқан. Бұл жағажай таңғажайып 3 киломертге созылған аппақ құмымен әйгілі. Сондай-ақ бұл курортта үнемі әлем жұлдыздары қатысуымен болатын салтанатты көңіл көтеру кештері өтіп тұрады.

Рио-де-Жанейроның басты көрікті жері, оның символы - Корковидо тауындағы Христостың 710 метрлік гигант мүсіні. Ол 1931 жылы салынған. Мүсін қаланың кез-келген бұрышынан көрінеді. Қаладағы тағы бір таңғажайып табиғи символ - Сахарная Голова тауы. Оның бұлай аталу себебі, таудың басын әрдайым ақ бұлт жауып тұрады. Сол сияқты мұнда келген туристер міндетті түрде қаланың ескі ежелгі көшелерінің бойында орналасқан тамаша колониалдық архитектуралық ғимараттарды, ежелгі церковьтар мен моностырьларды, көптеген мұражайларды, ботаникалық саябақтарды тамашалай алады. Туристерді көптеп тартатын тағы бір қала кереметі - Петрополис. Ол 19 ғасырдың 2 жартысында патшалық құрған соңғы Бразилия императоры Педру екіншінің жазғы резиденциясы болған тарихи ғимарат.

Рио-де-Жанейро - бұл сондай-ақ әсем фонтандар, жайнаған гүлдер мен тамаша тарихи ескерткіштер қаласы болып табылады. Бразилиялықтар және туристер үшін нағыз әлем кереметі болып табылатын - Игуасу сарқырамасы. Биіктігі 72 метрлік алып сарқыраманы Игуасу паркінде тамашалауға болады.

Түрлі дәмдерге толы және европалық, африкалық, үнді аспаздық дәстүрлерінің қоспасын жинақтаған бразилия кухнясы да өз ерекшеліктеріне толы. Бразилияның ұлттық тағамдарының бірі - Фейжоада. Бұл фасоль (үрмебұршақ), ет және түрлі дәмдегіштер қосылған ассорти тағам. Келесі - Сарапател - бұл қышқыл соустағы мариноватталған бауырдан жасалған тағам. Карнеду-сол - күнге кептірілген еттен жасалған нағыз үндістер тағамдарының бірі.

Мейрамдарға толы Бразилия күнтізбесінде 20 сәуір бұл - Үндістер күні мейрамы. Бұл салтанатты мейрам елдің жергілікті тұрғындары үндістер мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған мейрам. Үндістер мейрамы әсіресе үлкен салтанатпен Ресифи қаласында өтіледі. Ол қала Пернамбуку штатының орталығы болып табылады. Бұл мейрамда түрлі шерулер, әуендер мен билер ойналып, арты фейерверк пен карнавалға ұласады. Осы мейрамды тамашалауға бүкіл бразилиялықтар мен шетелден туристер жиналады.

Бразилияға арналған ең қысқа 11-12 күндік турдың миниалды бағасы 1200 АҚШ долларын құрайды. Ең қымбат және комфортабелді туристік қонақ үйлері курорттық жағажайларда орналасқан.

Рио карнавалы . Бұлмейрам өз бастауын португалдардың «Потешный день» деген дәстүрінен алады. Бұл дәстүр бойынша мейрам күні барлығы көңіл көтеріп, бір-біріне су, ұн, бор, күл шашып көңіл көтеріп ойнаған. Тек 30 жылдары ғана бұл дәстүр салтанатты көше шерулеріне айналған. Содан бастап қазіргі кезде барлық Риолықтар немесе кариокилер бұл мейрамды ерекше тойлайды. Мейрамның негізі бұл - самбо мектептерінің шеруі болып табылады. Бұл мектептер самбо биін ұнатушылар мен қатысушылардың өзіндік клубтары. Туристер мен қызықтаушылар үшін бұл көңіл көтеру үшін қызықтау ғана болса, самбистер бұған ерекше дайындалады, арнайы костюмдер, декорациялар, сәнді бұйымдар, маскалар мен платформалар даярлайды. Карнавалдың негізгі музыкасы - Бразилияның оңтүстігіндегі батысафрикандық ритмдермен үлкен барабан дауысынан тұратын әуендер.

Самбо мектептерінің конкурсы арнайы самбодромда өтеді. Бұл атақты самбодром танымал архитектор Оскар Нимейердің жобасымен Рои-де-Жанейроның орталығында 85 мың көрерменге арналып салынған. Арнайы әділ-қазылар мектептердің көріністерін 10 балдық шкаламен бағалайды. Онда колоннадағы қозғалыс түзулігі, платформалардың және костюмдердің әсемделуі, барабаншылардың таланты, көрермендердің әсері барлығы есепке алынады. Ереже бойынша әрбір мектептен 5000-ға дейін бишілер, 10 метрлік 6-10 платформа қатысады. Қаншалықты платформалар ауыр болғанмен самбистер оны ешбір техниканың көмегінсіз өздері алып өтуі керек. Әр мектептің түсін негізгі ең жақсы деген бишілері - церемониймейстерлер мен атақтылары тамаша костюмдерімен көрсетеді. «Самба патшалары» - барабанда ойнайтын музыканттар 200-300 кісілік топпен жүріп өтеді. Самбистерге ең алдымен күшті шыдамдылық қажет, өйткені олардың киімдері 10-15 килограммға дейін жетсе, ал платформалардың үстіндегілердің киімдері тіпті 80 килограммға дейін барады. Сондықтан да самбистер үнемі дене шынықтырумен айналысуы керек.

Осы бір қызықты карнавалдарды тамашалау үшін, әрбір жылдың ақпан айларында Рио-де-Жанейроға 350 мыңнан астам туристер келеді.

3. Аргентина туризмі.

Аргентина Оңтүстік Американың оңтүстік - шығысында орналасқан мемлекет. Территориясы - 2, 8 млн шаршы шақырым. Халқы - 31 млн астам. Аргентиналықтар - испан, итальян, орталық еуропадан қоныс аударған халықтар. Үндістер мен метистер - 650 мыңға таяу, олар көбінесе елдің солтүстігінде орналасқан. Астанасы - Буэнос-Айрес (10, 8 млн таяу халқы бар) . Мемлекеттік тілі - испан тілі. Діні - католиктік христиан діні.

1816 жылы Аргентина өз тәуелсіздігін алған. Қазіргі уақытта ол Латын Америкасындағы экономикасы жоғары дамыған елдердің бірі. Ақша бірлігі - аустраль. 100 аустраль - 18 рубльға тең. Аргентинаның экспортын негізінен - бидай, ет, жүн, вино, жемістер экспорты құрайды. Ал импортын - көліктер, құрал-жабдықтар, химиялық тауарлар, электрондық құрал-жабдықтар импорты құрайды. Елдің негізгі сауда әріптестеріне - Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, Ресей т. б кіреді.

Буэнос-Айрес - елдің негізгі экономикалық және әлеуметтік орталығы. Буэнос-Айреста уақыт Астана уақытынан 8 сағатқа артта. Бұндағы ең ыстық 30 градус цельсийдегі айлар - қаңтар-ақпан айлары. Ал туристер үшін ең қолайлы уақыт - аргентиналық қысқы айлар - шілде-тамыз аралығы. Бұл кезде температура 20-30 градус қалыпқа түседі.

Аргентинаны Оңтүстік Америкадағы «Европаның аралы» деп атайды. Әсіресе елдің астанасы - Буэнос-Айресте Еуропа дәстүрі қатты сезіледі. Аргентина - бұл Патагония провинциясындағы ақшақарлы Анды таулары, мұз дәуірі көлдері, Игуасу сарқырамалары, пампа, Отты жер архипелагы орын алған ел.

500 жыл бұрын испандықтар бұл жерді «күміс елі» деп атап кеткен. Бұл жердің жергілікті халқы алғаш келген испан саяхатшыларына күміс бұйымдар сыйға тартқан. Сол себепті олар көп уақыт бойы осы бағалы металлды іздестірумен болды. Ешқандай күміс табылмаса да «күміс елі» атауы сақталып қалған.

Аргентина - католиктік христиан дінді, испандық тілді және өмір сүрудің европалық үлгісін жинақтаған Латын Америекасының ең «ақ» елі. Жергілікті халқы үндістер мен африкандықтар өте аз. Бұнда алғашқы испан, итальян, неміс, ирлан, швейцар, югослав, поляк, украин және орыстардың ұрпақтары көп. Ең алғаш болып испандықтар келген. Олар Буэнос-Айрестің негізін қалаған, испан тілінен аударғанда қаланың аты - «жақсы ауа және су» деп аударылады. Бұл қаланың қолайлы орналасуына, яғни Ла-Плата шығанағының желдерінен жақсы қорғалған, таза ауасына байланысты. Шындап келгенде, бүкіл елдің 1/3-і тұратын Аргентинаның астанасы атмосферасы және колориттілігімен ерекше.

Аргентинадағы туристер үшін ең қолайлы және экзотикалы орын - Сантельмо районы. Бұндағы аркалы әктелген үйлер, торлы кішкентай балкондар, соборлар оналасқан төртбұрыш алаңдар көз жауын алардай. Қалада жайлы ежелгі көшелер мен қазіргі заманғы бизнес орталық үйлері өзара үйлесімді түрде орналасқан. Осындай ерекшеліктеріне байланысты Буэнос-Айресты Оңтүстік Америкадағы ең тартымды, элегантты орталықтардың бірі санайды.

Бір қызығы бұнда оңтүстік климатқа тән жұқа әрі ашық киімдер көп кездеспейді екен. Онда көшеде шорты киген адамды кездестірмейсіз, өйткені аргентиналықтар - тек әдемі, үйлесімді және элегантты киінеді. Шортыны тек жағажайда кисе, ал көшеде не клубтарда тек - смокинг киеді екен. Аргентиналықтарға тән қасиеттер - біріншіден бұл сабырлылық пен байсалдылық болып табылады. Ал атақты оңтүстіктерге тән темперамент тангода орын алады.

Танго - бұл экзотикалық баршаға танымал би. Ол 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қалыптасты. Бұл би Аргентинаның притонды аудандарының бірі -Ла-Бона ауданында бастауын алған. Танго басында ұрылар мен көше адамдарының биі ретінде пайда болған. Бас кезінде оны тек ер адамдар әйел адамдардың көңілін аулау үшін билеген. Кей-кездерде бұл билер ер адамдар сайысына айналып, пышақ қолдану, тіпті өлімге дейін барған. Ал жұпты танго билері кейінірек қалыптасқан. Онда ер адам жүргізеді, ал әйел адам оған еріп отырады. Бұл әсерлі биді тамашалаушы не болмаса билеуді ұнатушы туристер үшін танго би клубтары Буэнос-Айрестың кез-келген бұрышында бар. Тіпті көшелердің тура ортасында да би кештерін ұйымдастырады. Бұл би қозғалыстарында барлығы: құштарлық та, қайғы да, махаббат пен нәзіктік те, бақыт та, кездесу мен қоштасу да бар . . .

Аргентинада малшыларды гаучос деп атайды. Олардың шеберлігі американдық ковбойлардан да асып түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік елтану
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Туризмі дамыған Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне жалпы сипаттама
Халыққаралық туризм формасы ретіндегі рухани туризм
Америка Құрама Штаттары туралы мәлімет
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz