Нарықтық экономикада несие



Кіріспе 3
І.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ РОЛІ 4
1.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы 4
1.2. Несиелік жүйені құру принциптері 8

ІІ.БӨЛІМ. БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ. 13
2.1 Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі 13
2.2 Несие жүйесінің дамуы 19

ІІІ.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ 26
3.1. Қазақстандағы банк ісінің даму барысы 26
3.2 Қазақстандағы банк секторы 29
3.3 Stаndаrd&Рооrs .тың Қазақстан бойынша есебі 31

Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 36
Қосымша 37
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
1. Н. Назарбаев Қазақстан - 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, 1997. - 176 бет.
2. Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша, Несие, Банктер. Алматы. 2001ж.
3. Б.А.Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы. 2000.
4. Абалкин Л.И. Курс переходной экономики: Учебник. -М.: Финстатинформ, 1997.
5. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебное пособие. - М.: Инст. межд. права и экономики, 1996.
6. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг: Введение в фондовые операции. - С: Сомвен, 1992г.
7. Алмазова О.Л., Дубоносов Л.А. Золото и валюта: прошлое и настоящее. -М.: Финансы и статистика, 1988. - 154 с.
8. Антонов А.Г., Пессель М.А. Денежное обращение, кредиты, банки. - М.: Финстатинформ, 1995.
9. Балабанов В.С. Рынок ценных бумаг: Коммерческая азбука /В.С. Балабанов, И.Е. Осокин, А.И. Поволоцкий. - М.: Финансы и статистика, 1994. - 128 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы
тұрақтандырудағы ролі 4
1.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы 4
1.2. Несиелік жүйені құру принциптері 8

ІІ-БӨЛІМ. БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ. 13
2.1 Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі 13
2.2 Несие жүйесінің дамуы 19

ІІІ-Бөлім. Қазақстандағы банк жүйесі Және оның дамуы 26
3.1. Қазақстандағы банк ісінің даму барысы 26
3.2 Қазақстандағы банк секторы 29
3.3 Stаndаrd&Рооrs –тың Қазақстан бойынша есебі 31

Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 36
Қосымша 37

Кіріспе

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың
ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай
қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан
қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер
халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Бұл курстық жұмыста еліміздің экономикасындағы қарқынды жүріп жатырған
несиелеу процесі туралы және оны іске асырудағы банктердің алатын орны
туралы айтылады.
І-БӨЛІМ. Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы
тұрақтандырудағы ролі

1.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы

Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі
қарыздардың үлесі жалпы төлем айналымы және т.б. АҚШ несиелік қатынастардың
даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес
сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлігі мен көп
тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің
басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы
кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік
мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем
айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар сомасында
бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен 34
бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған
ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды
құраған.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар
туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмүны тек қана ақшалай капиталды жинақтап,
оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды.
Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем
құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны
төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке
тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық
қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері
үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны
несиелік мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал
оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру - несие беруді
білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі
мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің
несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада
несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады.
Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол
несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік
қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік
қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын
ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар
мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субъектілеріне -шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағанасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай
қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің
жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық
формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды
ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені
бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны
қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет
көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру
типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-
орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен
ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы
үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден
құралатын несие жүйесі қажет.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де
несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін
негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін
бөліп қарастыруға болады:
1. Орталық (эмиссиялық) банк;
2. коммерциялық банктер;
3. мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық,
сенімгерлік (трастовый) және т.б.).
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет
көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал
несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган - Орталық банк
болып табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген
елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе Ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз
эмиссиялық, ақша-несие ииституты болып табылады. Орталық банк - бұл
"банктердің банкі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді,
оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ
үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу,
бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына
Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі
секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарынын байқалатын
жанама әрекет етеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды.
Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі,
базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Мамандандырылған несие мекемелері (оларды пара-банктік деп атайды) нарық
экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл
мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға
көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер
негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың
кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар
несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты
болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылықка алады.
Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе
басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу
әрекеттеріне ұшырайды.

1.2. Несиелік жүйені құру принциптері

Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір
принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға
өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен
үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие
саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды
қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия,
Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен
жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін
заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк
Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және
банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат
беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін
белгілейді.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре
отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық
қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші
деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң
жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі
несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты
роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық
ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің
банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруыда байланысты
орталық коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне
әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік
мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар.
Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне
толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда
кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен
тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық
қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие
жүйесін толықгырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және
сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы
бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. бұл принцип айналыстағы ақша
массасының көлемін реттеу жолымен Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық
саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында
республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі - несиелік мекемелер торабының
барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын
шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп
айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783
бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.
Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы - несиелік ресурстарды
шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға
мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді.
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай деліңген:
"Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті
шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін
нормативті актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазакстан Республикасының
валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады".
"Валюталық реттеу" түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат
жинау, валюталық заңдардын сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға
санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге
асырады.
Бұл принцип - ел тәуелсіздігш сақтау шарттарының бірі, валюталы
резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының
ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банктың автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер
жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен
атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.
Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере
алды.
Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің корғаушысы
ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес
келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында
Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға
тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша
айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап
береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің
негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде
жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз
қозғауға да болмайды.
Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде,
алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да
орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп
береді.
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде
бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз
саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналы-
сын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес
деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек
Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.
АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын - Федералды резерв
жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін - сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды
және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы
мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгресс алдында есеп беріп отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі
дәрежесі - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие
және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі
жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік
қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк
қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.
Президенттің "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар
жарлығында былай деп жазылған: "Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие
саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының
кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді
несиелер береді;
ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық
ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты
өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
қосымша несиелер береді".
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие
бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік
шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
Үкімет әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мөшерлемелері бар
тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу
мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы
Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.
АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей
несиелендіру жоқ; Германия, Голландия Францияда заңмен шектелген, Австрияда
үкіметтік несиден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100%
қамтамасыз етілуі талап етіледі.
ІІ-БӨЛІМ. БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

2.1. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық
үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы манызды халық шаруашылығы
қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз
қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен
міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы депозит
деген жана міндеттеме жасаса, ал қарызды арқылы қарыз алушыға жаңа талап
қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың
негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық
институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың
құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарьшың "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын
капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды
қанағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін
ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың
дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен
шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе
"ертегідей күшке" ие бола отырып "нақты өндіріске ең қауіпті түрде
араласуы" мүмкін. К.Маркс келесіде "Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда
мен өнеркәсіпке билік етуіне" назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің
орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді камтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені
осылай деп түсінуден келесі туындайды яғни оларға қажеттіліктерді
канағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың
экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі
буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерің әр түрлі несиелермен
немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет
етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз
клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің
экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік
түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық
органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне
әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа
жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін
операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады.
Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы
ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау,
банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес,
сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті
оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі
жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің
мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын элементтерінің
көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге
мүмкіндік береді. сігі банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды
бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз
байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар
арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған:
мемлекеттік шаруашылық буындардың каражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол
арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда,
меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары
санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек
қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда.
Нарыктық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің
экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-
әміршілік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп
экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта
түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуіне және олардың нарықтық
жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі
ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенін негізгі мақсаты - несиелік механизмді
жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды
тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы
1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл
теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыны 1994 жылы шілде
айында 46 %-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды
қабылдауыньщ нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994
жылы тамызда 13,5%-ға, кыркүйекте -10,9%-ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-
ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы 100%-дық
мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс
пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми және
бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда
қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция
төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді
беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін
ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.
Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды
төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және
инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердін ролі маңызды.
Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет
көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік
реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек
жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсатының бірі -
экономикалың жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік
көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны - банктік реформа мемлекеттік
меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды
несиелерден арыла алмайды бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік
кәсіпорындардын несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға және көп шығын
шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін алуы керек.
Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар
өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды
кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың жаңадан
құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктердегі
нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын болдырмауы тиіс.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату және
сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға
қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының
негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды
кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі.
Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына катысып,
олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке
меншік кұқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын
қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол
шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Жекешелендіруіші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны құрудың
барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл
жерде әңгіме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге
ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі
туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.

2.2. Несие жүйесінің дамуы

Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде
көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:
Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде
банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде
ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады.
Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың
капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып,
нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердің
үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар
капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Капиталды шоғырландыру мен орталықтандырудың ашық және жасырын түрлері
кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір-бірімен
қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша капиталының құралдары
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақста Республикасының банк жүйесi
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Банктік жүйе
Сыртық экономикалық банкі
Төлем құралы
Пәндер