Қаржылық есептің аудиті


ЖОСПАР:
Кіріспе
1-Бөлім. ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі.
1. 1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
1. 2 Жалпы қоғамдық қаржылық катынастар
1. 3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
2-Бөлім. Қаржылық есептің аудиті
2. 1. Қаржылық бақылау және оның мәні мен маңызы
2. 2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
2. 3 Аудиторлық бақылау (аудит)
2. 4 Аудиттің түрлері
2. 5 Қаржылық бақылаудың әдістері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Нарықтық экокномика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын, ақша ағымын бейнелеп көрсетеді. Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет, тауар, ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуші тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулер, мәліметтер жүйесінің сұранымы мен ұысынымы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырамас бөлігі, ол әлде қашан экономикалық жүйе шеңберіндегі ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастары емес тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді. Қаржының басты белгілерінің бірі оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақты қозғалысы мен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың іс-әрекетіне негізделеді. Қаржыны құндық-экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігін олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатынында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын білдіреді.
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрайды. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында көтерген өзекті мәселелер
қаржының мәні мен функциялары және рөлі, оның жалпы қоғамдық қаржылық катынастардағы ролі, қаржылық есеп беруді жасау және ұйымдастыру ұсыну, қаржылық бақылау және оның мәні мен маңызы, қаржылық бақылаудың сыныптамасы, аудиторлық бақылау, аудиттің түрлері, қаржылық бақылаудың әдістері т. б. болып отыр. Осы жұмысты жаза отыра айтылған барлық мәселелер бойынша теориялық және практикалық дәлелдемелер келтіріліп, анықталды.
1-Бөлім. ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕПЗДЕРІ
1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1. 1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржы ("қолмақол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finanсе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430365 жж. ) болды.
Аристотельдің (б. э. д. 384322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдықэкономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдықэкономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатыңастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өңдірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдықзаттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күшжігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өвдірілген өнімдер сатып алусатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен күндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортак, балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдык емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы қоғамдық өнімніц натуралдық заттай кәрінісімен бірге оның ақшалай кәрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдықзаттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрыды. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар ақша, бага, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірбірімен қолмақол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолмақол ақшасыз немесе қолмақол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық енімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтыды. Ұғым қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұрынымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын бідіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепетеңдік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады. Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тутыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі баға жұмыс істейді. Қаржының іс-әрекет'етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі ұлттық табыс алгашқы бөлу ( Алгашқы бөлу- деп өткізілген құнды бөлшектеу процесі мен тауар бағасының элементтеріне (жалақыға, пайдаға, табысқа т. с. с. ) сәйкес келетін оның құрымындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді айтады; ал бөлінгенді одан әрі бөлумен байланыстының барлығы қайта бөлуге жатады) процесіне ұшырап, мақсатгы арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрыйтын микроэлементтерге - с, v, және т*ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құрылдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім (т) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларьін) құрыйтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп, өңдірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді "с", "v" және " т "ге сәйкес элементгерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоеамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындагы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдықәлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
** с - өндірістің материалдық шығындары; v - қажетті онімнің құны; т - қосымша өнімнің құны. Шет елдің оқулық әдебиеттерінде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткіші - кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын жалпы ұлттық онім пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҮӨ мына элементтерді жинақтаумен жасалынады: тұтынылған капиталдың колемі (амортизациялық аударымдар) ; бизнеске салынатын жанама салықтар; жалдамалы қызметкердің жалақысы; ренталық толемдер; пайыздар; меншіктен түсетін табыстар; корпорациялардың пайдасы. Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл жиынтығы бойынша) ЖҮӨ мыналарды қамтиды: үй шаруашылығының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі - С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар - Іg; тауарлар мен қызметтер корсетуді үкіметтің сатып алуы - G; Хn - таза экспорт (экспорт көлемінің импорттан асып түсуі немесе керісінше минус белгісімен) . ЖҰӨ (GNР) сомасы = С+Іg+ G +Хn. Бұл корсеткіш қоғамдық ондірістің ақырғы нәтижесін сипаттайды, ол айналым қорларының (капиталының) (бұл қорлардың қалыптасуы мен қозғалысында қаржы зор рөл атқарады) елеулі белігі болып келетін аралық өнімнің құнын қамтымайды. Сондыктан бұл оқулықта жалпықоғамдық өнімнің Р=с+ү+m дәстүрлі формуласы алынды және үлкейтілген түрде экономикадағы құнның қозғалысын оның осы негізгі элементтері бойынша бақылап отыруға болады.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі өндірістік қатынастарға кіреді (1. 2 сызбаны қараңыз) . Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистікәрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы өңцірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар - бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т, б, жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұрыным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
1. 2. Жалпы қоғамдық қаржылық катынастар
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпыдан - жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т. б. )
Әр түрлі қоғамдық саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да ақша, табыс (пайда термині Қазақстанда таза табысқа ауыстырылған), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құрылы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады. Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен өзгешеліктерін ашып бере алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz