Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру



Кіріспе.
I. Қазақстан Республикасының қаржы тұрақтылығында мемлекеттің ролі.
1.1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.
1.2. Макроэкономикалық тепе.теңдік және қаржы.
II. Қазақстан Республикасының қаржы.несие жүйесінің дамуы.
2.1. Фискалдық саясаттың нұсқалары.
2.2. Қазақстан Республикасындағы монетарлы саясат мәселесінің дамыту.
III. Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру.
3.1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен табысы.
3.2. Пайда.кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.
3.3. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы.
3.4. Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, сонын ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекетгік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, үлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.- 96 бет.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасыныц Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егсмен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). — Алматы: ЮРИСТ, 2002.- 230 бет.
5. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу қүралы. — Алматы: 1999.- 188 бет.
6. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. - М.: 2001.-760 с.
7. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учсбное пособие. - Петербург: 2000. - 192 с.
8. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента.Учебное пособие.-М.: 1999 - 512 с.
9. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.:Приор,
2000. - 256 с.
10. Гостенко Л.Н. Страхование. Учсбное пособие. — Алматы:2003. - 183с.
11. П.ДробозинаЛ.А. Финансы. Учебник для вузов. — М.: ЮНИТИ, 2000. - 527 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.
I. Қазақстан Республикасының қаржы тұрақтылығында мемлекеттің ролі.
1.1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.
1.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы.
II. Қазақстан Республикасының қаржы-несие жүйесінің дамуы.
2.1. Фискалдық саясаттың нұсқалары.
2.2. Қазақстан Республикасындағы монетарлы саясат мәселесінің дамыту.
III. Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру.
3.1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен табысы.
3.2. Пайда-кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.
3.3. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы.
3.4. Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар.

Кіріспе.

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген
қоғамдық жүйенің, сонын ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік
реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі
буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші
нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық
тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.
Экономиканы мемлекетгік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен
буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, үлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайындағы қаржы
тұрақтылығының проблемалары мен оларды шешу жолдарын ашып көрсету.
Осы мақсат ескеріле отырып, мынадай міндеттер қарастырылады: ҚР-ның
қаржы тұрақтылығындағы мемлекеттің ролі, қаржы-несие жүйесінің дамуы,
Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру .
Курстық жұмыстың құрылымына тоқталар болсақ, жұмыс кіріспе,
қорытынды және үш бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлімінде –
Қазақстан Республикасының қаржылық реттеу, макроэкономикалық тепе-теңдік
және қаржы, фискалдық саясат нұсқалары, монетарлы саясат мәселесін дамыту
қарастырылып отырса, үшінші бөлімінде – Қазақстан Республикасындағы
Кәсіпорынның - табысы, оның мәні мен табысы, пайдасының бөлінуі және
пайдалануы, қызметінің пайдалылығы мақсаттары ашылып көрсетілген.
Курстық жұмысты жазу барысында келесідей экономист – ғалымдардың
еңбектері негізінде алынып отыр: С.Б.Мақыш; А.Ә.Ілияс; Н.К.Мажыров;
М.Ә.Тілеужанова; Б.Көшенова; Әубакіров П., Нәрібаев К., Есқалиев Ж.
және т.б.

I. Қазақстан Республикасының қаржы тұрақтылығында мемлекеттің ролі.
1.1. Экномиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.
Экономиканы мемлекеттік қаржылык, реттеу бұл макроэко-номикалық тепе-
теңдікке және экономиканың жүмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мүндай реттеудің
қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек
бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірісгің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың
алгышарттары болып табылады:
1, Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-
қимылын есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама
мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз
ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады;ойда болмаған
жағдайларга байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы
және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мудделерін
еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олар-
дың демократиялық институттарының болуы.
Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен
ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы
жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем кабілеттігінің
сүранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер
арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың
салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының кемсгімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
✓ материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының
жалпы деңгейін реггсу;
✓ өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
✓ кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,
олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
✓ кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды
материалдық жағынан ынталандырып отыру;
✓ кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын
бөлудің ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
✓ ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма келемінде инвес-тициялық
және инновациялық процестерді реттеп отыру.
Сөйтіп, ондірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып огырудың негізінде
жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының
көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақты-лы қорытындысына
оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталган кезде қол жетеді. Мұндай
шарттарға мыналар жатады:
а) экономшаны құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және мсншіктің бар-лық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, зандағы
ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік
беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігшің бүкіл
нысандарының шынайы тсндігін- жасау ысгізінде бәсекені, кәсіпкерлікті
дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекст щеңберіңде де,
халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше
елдердің бірыңғай инте-грациялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер,
аумақтар ара-сында өндірістің өзгермелі факторларылық (әр түрлі нысандағы
капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік
құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті фактор-лардың,
экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуанды-ғымен, әр түрлі
категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан
осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге,
түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық,
кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік
реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік,
кедендік-тарифтік, валюталық-қаржы-лық, шаруашшық ішіндегі (фирма ішіндегі,
кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық
реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады:
мысалы, бюджетте —Қаржыландыру (субвенциялар, субси-диялар, трансферттер),
салықта—тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда—сыртқы инвестициялау,
сыртқы қарыздар, сырт-қы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі
нысандары.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар
мен әдістер арқылы жанама рет-теме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика
мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда - салыктардың
мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мсн санкциялар,
табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары;
бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың
пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет
артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың
қорларына аудары-латын аударымдардың нормативтері, әлуметтік
қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бүл реттеушілер ақша (колма-
қол жөне қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит
(кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен үлттық банктердің
резервтік талаптары, ашық рыноктағы ұлттық банк операцияларының ауқымы),
баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың
арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен
толықтырылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды
орын беріледі. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық
белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен
рентабедділіліктің деңгейі мен кәсіпорындардын қарамағында қалатын ақша
қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық
салудағы әдістер арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен
қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дорежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады:
валюгалық бағам, акша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық
төлем қаражатгары мен ба-ғалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді
сақтан-дырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық неме-се шаруашылық
есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын
аударымдардың нормотивтері және олар-ды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге
экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды.
Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен
әдістерін қажет етеді.

1.2. Макроэкономикалық тепе-теқдік және қаржы.

Макроэкономикалық тепе-тендіктің жай-күйі мынадай аса маңызды
экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным;
тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және
жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және
қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттін
кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың
көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың
тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде
немесе бірнеше бас-қаларында тепе-тендікті тудыратыны анық .
Қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін
өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мультипликатор"* ұғымы пайдаланылады.
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі
әдіспен анықтаудан барып шығады:
шыгыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын
сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шы-
ғыстарының жиынтығы бойынша;
кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім
өңдіруден алатын табыстары тұрғысынан.
Тепе-тенді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін
тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақаты-насын шыгыстардың
мулътишшкаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-тенді ішкі ұлттық
өнімнің одан туындайтын өзгсрісіне қатынасын салықтардың мулътипликаторы
деп атайды.
Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің (GNР) құны мына формула бойынша
қалыптасады:

ЖҰӨ (GNР) = С + Іg + G + Хn

Мұндағы: С — үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл хал-қының тұтыну
шығыстарынын көлемі; I — жалпы жекеше ішкі инвестициялар; G — тауарлар мен
қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті арттыратын трансферттік
төлемдерді шығара отырып);
Хп — таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.
Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді
жиынтықтау арқылы жасалады:
тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
бизнеске салынатын жанама салықтар;
жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
ренталық төлемдер;
5)пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше
бизнестің ақшалай табысын төлеу);
6) меншікген (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;
Мультипликатор (лат. multiplicator көбею, өсу) қазіргі макроэкономикада —
бір айнымалының басқа, тәуелді айнымалыға (мыс., инвестициялардың өзгеруі
нәтижесінде кірістің өзгеруі) әсерін бейнелейтін коэффициент.
7) корпорациялардың пайдасы (бүл пайдаға салынатын салық, дивидендтер,
бөлінбеген пайда).
Бүдан әрі, жалпы үлттық өнімнен ЖҮӨ мен капиталды тұты-нуға аударылатын
аударымдар, яғни амортизациялық аударым-дар арасындағы айырма ретіндегі
таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ес-кере отырып
түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге шекті бейімділік" -
МРS және "тұтынуға шекті бейімділік"- МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші
жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы,
екіншісінде - тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны
негіздей оты-рып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен
білдіруге болады.

Mт_ 1 _ 1
МРS 1-МРС
Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен
жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен ба-қылау және экономикалық өсуді
тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-
шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген
кезде пайдаланылады.
Салықтар түтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-
нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің
көлеміне (салықпен бірге) үнем-деу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.
Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің
еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-
қарсы салық мулъты-пликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.
Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну
компонентіне тәуеділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:

mt = ТхМРС,

мұндағы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының
мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS-тің осы мөлшерлері кезінде).
Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың
өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер
мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен
салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін
теңдестірілген бюджет мулътипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т
мен
әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 млрд.
теңгеге көбейтетінін күтуге болады. Сонымен, теңдестірілген бюджеттің
мулътипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

mB = mе + mt = 1

Мұндағы: mB — тендестірілген бюджеттің мультипликаторы; me —шығыстардың
мультипликаторы; mt — салықтардың мультипликаторы.

II. Қазақстан Республикасының қаржы-несие жүйесінің дамуы.2.1. Фискалдық
саясаттың нұсқалары.

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты -бюджет (мемлекеттің
шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей
қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға
кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет
олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса
зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Мультипликаторлардың іс-өрекеттерінің жоғарыда баяндал-ған мүмкіндіктері
ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық
фискалдық саясаттың нұсқал-ры тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы
фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:
мемлекет шығыстарының көбеюі;
салықтардың төмендеуі;
мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық
саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық
саясат кері бағыттарды қамтиды:
мемлекет шығыстарының азаюы;
салықтардың көбеюі:
3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге
қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме
тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет
етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық
алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді:
өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты
түрде экономикалық өсудітежейді; құлдырау кезтде, керісінше, ұлттық
өңдірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. 1-сызбада
мемлекетгің шығыстары мөлшерінің (О сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіңдегі
бұл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.
Автоматты түрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып та-былады: бюджет тапшылығы өрлеу
фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады,
бүл инфляцияны тежеуге жөрдемдеседі, өйткені үлттық өнімнің жоғары деңгейі
инфляциямен жалғасады; қүлдырау фазасында қүдцырауды жоюға ынталаңдыратын
бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша
факторлардың әсерін бастан кешіреді:
фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың
кешеуілдеуі);
ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногында пайыздық мөлшерлемелердің
өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар
элементтерінің қысқаруында көрінеді;
3)сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың
инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін
төмендетеді;
4)ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде
таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын
басынан кешіреді.
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шарала-ры жоғарыда айтылған
факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар
мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз
қалаушы фак-торы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды
ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына
ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің
құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстарды
көбейтуді, инвестициядарды ынталандыруды (пайыз мөлшерлемелерін
төмендетудің көмегімен) қажет етеді.
Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айыр-машылығы ол ақша
айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты құралы деп мойындайды.
Сонымен қатар ры-ноктар-бәсекелестер макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары
дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне
мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық
процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың
МхV = РхQ теңдеуіне салынған қағидат пайдаланылады. Теңдеудің сол жақ
бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға
жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде
бұл көлемді сатушылардың түсім-ақшасы көрсетіледі.
Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:
1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік
шығыстарды,субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер
көрсетуінің бағасын арттыру, салықтарды көбейту);
2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
3) шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына жөне
Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының
мөлшерлемесін көбейту;
4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды
әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың
қайта қүйылымын көтермелеу;
5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау*;
Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:
1) ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;
1) дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті
икемділігі;
2) бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (ұсынудың)
жоғары икемділігі.
3) экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы
(ұсынымның өзгергіштігімен байланысты).
Стагфляцияны* жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары
ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі — өндіріс шығындарын
төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен
ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамда-
рын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды
қамтиды:
1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;
2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек
өнімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);
3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық
сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының
ауысымдылығын арттыру, бос түрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына
жету);
4) өндірісті техникалық жағынан жетіддіру жөніндегі инно-
вациялық бағдарламаларды енгізу.
Бұл бағытта заңдылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бой-ынша анықталғандай
тұрақтандыруға және инфляцияны төмен-детуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен
жетуге болмайды.
XX ғасырдың аяғында жаңа теория — тұрақты даму теория-сы қалыптасты, онда
қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғалам-дық экономикалық және қаржылық
процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашьшық жүйелердің түрақты эволюциялық
дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.
Тұрақты даму теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді — төменгі
шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономи-ка мен бірнеше елдің
экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін
себептер айшықталады. Бүл теория мына қағидаттарға негізделген.
1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің
ездігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық
қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.
2. Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-тендікті
тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың
үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін
тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.
3. Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны
нақтылау ретіндегі ортараптандыру қағидаты. "Әртараптандыру" термині кең
мағынада экономикалық жүйенің құрамды беліктерінің әр алуан түрлерінің,
тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық
әртарап тандыру ретінде пайдаланылады.
4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархия-
лық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.
Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші
жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау
тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды
қолдану келеңсіз фак-торлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті
эконо-микалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де
экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджменті туралы
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Қаржылық стратегияның түрлері
Кәсіпорындағы есепті ХҚЕС бойынша жетілдіру саясаты
Есеп саясатын қалыптастыру
Кәсіпорын қаржысы
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
Кәсіпорын шығындары мен пайданы арттыру
Таза пайданы талдау
Пәндер