Кәсіпорынның ауыспалы айналымы және капитал айналымы



Кіріспе

Негізгі бөлім.

I тарау. Кәсіпорын . өндірістің бастапқы буыны.
1.1. Кәсіпорын . басқарудың жүйелік объектісі.
1.2. Капитал . өндіріс факторы.
1.3. Инвестиция кәсіпорын капиталының көзі ретінде (түрі, мәні, маңызы).

II тарау. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіндегі капитал қозғалысы.
2.1. Негізгі капитал.
2.2. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы, құрылымы және айналысы.
2.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.
2.4. Негізгі капиталдың тозуы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымшалар.
Курстық жұмысымның тақырыбы: «Кәсіпорынның ауыспалы айналымы және капитал айналымы». Жалпы курстық жұмыс үш тараудан кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімде мен, кәсіпорын - өндірістің бастапқы буыны, капитал - өндіріс факторы, негізгі қор және кәсіпорынның айналым қорлары туралы қарастырдым. Негізгі капиталдың тозуы, амортизация ұғымы мен амортизация нормасы, айналым қорына қатысты айналымдылық көрсеткіштер т.б. туралы мәліметтер беріледі.
Кәсіпорын – қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған дербес өндірістік – шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру және пайда алу мақсатымен өнім (тауар) өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін құрылады және өндіріс құрал – жабдықтарымен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға құқықтарына ие болады.
1. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2001 жыл.
Шеденов Ө.Қ, Жүнісов Б.А, Байжомартов Ү.С.
2. «Экономика предприятия». Учебник, Москва, 2000 г. Волкова О.Н.
3. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2002 ж. Жолдасбаева Г.О.
4. «Кәсіпорын экономика», Алмыты, 2003 ж. Мейірбеков А.Қ.
5. «Экономикалық теория». Оқу - әдістемелік құрал, Алматы, 2005 ж.
Мәуленова С.Ж, Оралтаев Т.
6. «Негізгі экономикалық теория» 2000 ж. Байжомартов Ү.С.
7. «Экономикалық теория», Алматы, 2000 ж. Шеденов Ө.Қ.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім.

I тарау. Кәсіпорын - өндірістің бастапқы буыны.
1.1. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі.
1.2. Капитал - өндіріс факторы.
1.3. Инвестиция кәсіпорын капиталының көзі ретінде (түрі, мәні, маңызы).

II тарау. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіндегі капитал қозғалысы.
2.1. Негізгі капитал.
2.2. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы, құрылымы және айналысы.
2.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.
2.4. Негізгі капиталдың тозуы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымшалар.

Кіріспе
Курстық жұмысымның тақырыбы: Кәсіпорынның ауыспалы айналымы және
капитал айналымы. Жалпы курстық жұмыс үш тараудан кіріспе, негізгі бөлім
және қорытынды бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімде мен, кәсіпорын - өндірістің
бастапқы буыны, капитал - өндіріс факторы, негізгі қор және кәсіпорынның
айналым қорлары туралы қарастырдым. Негізгі капиталдың тозуы, амортизация
ұғымы мен амортизация нормасы, айналым қорына қатысты айналымдылық
көрсеткіштер т.б. туралы мәліметтер беріледі.
Кәсіпорын – қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған
дербес өндірістік – шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол
қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру және пайда алу мақсатымен өнім
(тауар) өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін құрылады және
өндіріс құрал – жабдықтарымен басқа да мүлікке меншік нысандарына
қарамастан заңды тұлға құқықтарына ие болады.
Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын
өнімін, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған
пайданы иеленеді.
Кәсіпорын меншік нысандарына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымдық
немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын
нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктестік, акционерлік
қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коомуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
дербестігін кеңейтумен бірге, экономикалық бірігудің жаңа нысандырын,
серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар,
биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі пайда болды.
Негізгі қордың заттық мазмұны – еңбек құралдары, Олар кәсіпорында
ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процесске бірнеше рет қатысады, соның
өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы
бұрынғы бабын кемітеді.
Өндірістік үдіріске қатысу дәрежесіне қарай негізгі қорлар 2
түрге - өндірістік және өндірістік емес бағыттағы қор болып бөлінеді.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті
шарт – қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым
қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз
өндірістік процесстер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың
ақшалай қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін
қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады.

I тарау. Кәсіпорын - өндірістің бастапқы буыны.

1.1. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі.
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан
құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп – жеп қою
болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет, яғни
тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Өндірістік кәсіпорын ішкі орта

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай
екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына
байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
● ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару
жөнімен ұйымдасқан ұжым;
● белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша
көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндірі үшін экономикалық
ресурстарды біріктіреді;
● мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа
жеке пайдаланылады;
● мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық
мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
● кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік
формасына негізделеді;
● шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
● оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі
алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті
одан әрі дамытуын жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл - әміршілдік экономика жағдайында
мына тәсілмен жұмыс істейді:

Ресурстар Өндіру Өткізім

Бұл тәсілде ең негізді – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі
өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика
жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды
қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.
Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты
бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей
қарама – қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:

Өткізім Өндіру Ресурстар

Бұл тәсілде негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің
өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау
салуларын, нарық сыйымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдері сапалылығының
және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.
Көптеген, отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен
жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың
ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан
қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы
экономика дәуіріне қайтып үміттенді және күтті де.
● КСРО – ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына
әкеліп соқтырды.
● нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға жалғасып,
кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе олардың айналым қаражаттарымен
қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады.
● көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды.
● көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе
алмады.
● Қазақстанның рыногындағы импорттық тауарлардың молықтырылуы аз болды.
● өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті рыноктың жұмыс істеуіне
қажетті жағдай жасай алмады.
Осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың қаржы
жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп
соқтырды.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана
емес, сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады.
Атап айтқанды:
● кәсіпорындар бірте – бірте рынокқа бейімделіп, шынында сатып алушылардың
мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады.
● көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс
шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту – қаржылық
сәттілікті дұрыс шешудің бірден – бір жолы екенін түсіне бастады.
● рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда
кінәратсыз бәсеке пайда болды.

Қазақстан Республикасында жұмыс істеп
тұрған бірлескен және шетел кәсіпорындарының саны

Қазақстан бойынша оның ішінде Оңтүстік Қазақстан
облысы бойынша
1995 736 27
1996 995 35
1997 1338 39
1998 1677 39
1999 1865 22

Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму
дәрежесіне сейкес болуға иіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып
қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа
жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп
отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең
зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл
дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды
экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.

2. Капитал - өндіріс факторы.
Өндірістің келесі бір факторы капитал. Капитал көп мағыналы ұғым:
ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, адамның
қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал –
жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономиканың классиктерінен
тараған. А.Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды
өндіріс құрал – жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің
еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П.Самуэльсон мен
Нордхаустың Экономикс деген еңбегінде, капитал дегеніміз – экономикада
басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер
деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер,
жүк машиналары, прокат стандары, өндірістік үйлер т.б. жатады. Кейбір
зеттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон
Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы деген еңбегінде, Капитал
қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған, - деп жазды.
Маркстың саяси экономикасының маңызды категориясы ретінде
капитал қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс
ретінде сипатталады, яғни капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды
өндірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен байланысты таптар
арасындағы қатынастарды қамтиды. Маркс капиталдың жалпы формуласын
шығарды. Ақша – Тауар – Ақша осыған орай ол капитал мәңгі қозғалыста болады
деген қорытындыға келді. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз
иемденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен қосымша құн болып табылады.
Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын алады: өндіріс құрал –
жабдықтары - өндіргіш капитал нысанда ақша – ақшалай, тауарлар – тауарлы
капитал нысанында көрінбекші. Солай дей тұра К.Маркс ақша – тауар және
құрал – жабдықтар жеке алғанда капитал болады дегенді айтпайды, олар
белгілі бір өндірістік қатынастар құрамында ғана капитал болып саналады,
деп білді. Сонымен капиталға деген көзқарас әр қилы, алайда олардың бір
мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін қабілеті тұрғысынан капитал
меншікпен үндеседі.
Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп
капиталы деп аталады. Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына бөлінген ақша
өндірістік объектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол
сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалады. Өнеркәсіп
капиталының өндіріс объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі
өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды.
Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір
мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді.
Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және
моралдық тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі капитал
элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды.
Негізгі капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Орал
ең алдымен машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтығы мен қарқындылығы,
негізгі капиталды пайдаланатын өндіріс технологиясының құрылымы,
атмосфералық ықпал, материалдың өз бойындағы болып жатқан ішкі процестер.
Негізгі капиталды пайдалану ұзақтығымен физикалық тозу дәрежесінің арасында
тікелей пропорциялы тәуекелділік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану
уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа, оның құнсыздануы
нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты
олардың моральдық тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдық тозуы ең
әуелі ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты.
Моральдық жағынан тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан да
тиімсіз, өнімсіз, сондай – ақ онымен өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті
де төмен болады. Моральдық тозған, ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту
белгілі бір бағдарламаға сай жүргізіледі, ол негізгі капиталға деген үлкен
шығындарды қажет етеді. Осымен байланысты өндірісті техникалық жаңартуға
жұмсалатын күрделі қаржының үлесі ұлғаяды. Дамыған елдерде өңдеуші
өнеркәсіпке жұмсалатын қаражат бүкіл күрделі қаржының 60 – 80 процентін
құрайды.
Заттай және моральдық жағынан тозған, ескірген құралдарға кеткен
шығындар амортизациялық жарна арқылы өтеліп отырған (негізгі капитал
құнының бір бөлігінің жыл сайын шығарылатын өнімге ауысуы). Амортизациялық
жарна сомасының негігі капитал құнына процентпен шаққанда қатынасы
амортизация нормасы деп аталады. Ғылыми – техникалық прогрестің жоғары
қарқынымен, негізгі капиталдың моральдық тез тозумен байланысты мемлекет
заңды жолымен амортизация нормасын көтеріп отырады. Мемлекеттің бұл әрекеті
жабдықтардың құнын шығарылатын өнімдерге тез ауыстырып, моральдық ескірген,
уақыт талабына сай келмейтін құрал – жабдықтардан құтылуға бағытталған
амортизацияны тездету саясаты деп аталады.
Ғылыми – техникалық прогресс жағдайында негізгі капиталдың
моральдық тозған бөлігін қалпына келтіру қаражаты осы амортизацияны
тездету есебінен түседі. Амортизацияны тездету пайдадан көптеген соманы
амортизация қорына аударуға, сөйтіп қосымша қор жинау көлемін арттыруға
мүмкіндік береді. Мұның тағы бір ұтымды жері, амортизация қорына бөлінетін
пайда салықтан босатылады.
Өндірісті кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан
пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруға
жұмсауы міндетті. Пайданың бір бөлігін үстеме капитал ретінде пайдалануды
капиталдың қорлануы деп атайды. Ол тек жеке капиталдың ғана емес, бүкіл
қоғамдық капиталдың өсуін сипаттайды. Капиталдың өсуінің тағы бір жолы –
оның орталықтануы, бұл фирмалардың бірін – бірі қосып алуы немесе жойып
жіберуі нәтижелерінде мүмкін болады. Капиталдың орталықтануынан
экономикада қызмет етуші капиталдың жалпы көлемі өзгермейді.
Материалдық игіліктерді өндірумен байлансты кәсіпорын пайдаланатын
қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Ақша капиталы
жұмыс күші мен өндіріс құрал – жабдықтарын сатып алуға жұмсалады (А - Т).
Өндіріс процесінде (Ө) сатып алған факторлар өзара әрекет етеді және өнім
өндіреді. Рынокта осы өнімдерді сатып (Т - А), кәсіпкер алдын – ала
жұмсаған капиталын қайтарып алады. Капиталдың біртіндеп алғашқы жұмсалуы,
өндірісте пайдаланылуы, өндірген өнімдерді сату және капиталдың алғашқы
нысанға қайтып оралуы капиталдың ауыспалы айналымы деп аталады. Өнеркәсіп
капиталдың бүкіл ауыспалы айналымына формуламен сипатталады.

ЖК
А – Т ... .Ө ... Т - А
ҚЖ

Капиталдың ауыспалы айналымының бірінші және үшінші сатысы айналыс
процесін, ал екіншісі - өндіріс процесін көрсетеді. Өнеркәсіп капиталы
ауыспалы айналымның әр сатысына әр қилы нысанда орын алады: ақшалай,
өндіргіш және тауарлы. Капиталдың ауыспалы айналымының үздіксіз орын алуы
үш нысанының бір – бірімен алмасуының мәнін түсіндіреді. Олар әр қилы
фазаларды ешбір кедергісіз бір – бірімен алмасып отыратын болса, ауыспалы
айналым қалыпты деген сөз. Егер капитал ақшалай нысанда тұрып қалса,
өндіріске жол ашылмайды. Ал егер ол өндіргіш нысанда тұрып қалса, бір
жағынан, өндіріс құрал – жабдықтарының, екінші жағынан, жұмыс күшінің
қызмет атқармай тұрақтығын көрсетеді. Капитал егер соңғы фазада кедергіге
ұшыраса, жинақталған айналыс саласына өту жолын жапқаны болып табылады.
Капиталдың ауыспалы айналымы тұрақты түрде бірінен соң бірі жаңарады және
қайталанады. Бұл дүркін – дүркін келіп отыратын процесс. Капиталдың бір
айналымы оның алғашқы ақшалай жұмсалған кезінен бастап, кәсіпкерге сол ақша
өсімімен қайтып оралғанға дейінгі мерзімді қамтиды. Мұны капитал
айналымының уақыты деп атайды. Айналмалы капиталдың айналым уақыты ауыспалы
айналымның бір айналымына тең.
Негізгі капиталдың айналым уақыты авансыланған негізгі капиталдың
жылдық амортизациясына тең. Авансыланған бүкіл капиталдың айналым уақыты
авансыланған капиталдың жылдық амортизациясы мен айналмалы капиталдың
жылдық айналым сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс уақыты мен (бұл
мерзімде капитал өндіргіш нысанда болады) айналыс уақытынан тұрады. Капитал
айналымының жылдамдығы өндіріс тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде пайда
табу мақсатымен кәсіпкер капитал айналымын тездетуге мүдделі болады.
Экономикада тек өнеркәсіп капиталы ғана емес, айналыс саласында
тауарларды сату мақсатын көздейтін сауда капиталы да орын алады. Тарихи
жағынан сауда капиталы өнеркәсіп капиталынан көп бұрын орын алған, ол ұзақ
жылдар үстемдік еткен капиталдың түрі. Саудамен шұғылданатын кәсіпкер
капиталын тек тауар сатып алуға ғана емес, тауарды сатып өткізумен
байланысты қызмет көрсетуге де жұмсайды. Тауарды сатып өткізумен байланысты
шығындар айналыс шығындары деп аталады. Олар екі түрге бөлінеді: таза және
қосымша айналыс шығындары. Таза шығындар тікелей айналыспен байланысты орын
алатын шығындар, мұнда жарнама шығындары үлкен үлес алады. Қосымша айналыс
шығындары - өндіріс процесін жалғастырумен байланысты шығындар. Бұл
тасымалдау сақтау, буып – түюмен байланысты шығындар.

3. Инвестиция – кәсіпорын капиталының
көзі ретінде (түрі, мәні, маңызы)
Ивестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда
(табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің
басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік
құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелден
экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып
екіге бөлінеді.
Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіаке, ауыл шаруашылығына,
құралысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан,
инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға
бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда
инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын
ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау
Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік
кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен гранттар арналған
инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда
құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін
бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің
инвестициялы қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншік
инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтіні, яғни өтімді
активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс - әрекетінің
маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды
іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
● табиғи активтерге инвестициялар;
● ақша активтеріне инвестициялар;
● материалдық емес активтерге инвестициялар.
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет
ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс
процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша
қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер,
облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.б.
Материалдық емес активтерге – фирмалардың жұмысшыларының қайта
жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау
тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің құқық алу
арқылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға
бөлінеді:
● Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты
– жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің
тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын
азайтуға жағдай жасау.
● Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты -
өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
● Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер,
тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
● Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған
инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың
экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа жағдайларға
байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.
● Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты.
Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде
көрсетілген:

Инвестиция түрлері мен тәуекелшілдік
деңгейінің байланысы

3-түрі 2-түрі 1-түрі 4-түрі
Жаңа өндірістерді Өндірісті Тиімділікті Мемлекеттік
салуға кеңейтуге арттыруға ұйымдардың
инвестициялар инвестициялар инвестициялар талаптарын
орындауға
инвестициялар
Тәукелшілдіктің жоғарғы дейгейі Тәуекелшілдіктің төменгі деңгейі

Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық іс - әрекетінің маңызды бір
бөлігі өзінің өндірістік – экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай
дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс - әрекеті – инвестициялық іс - әрекет
деп аталады. Қазақстан Республикасының Нақты инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы Заңы бойынша инвестициялық іс - әрекетке инвестицияларды
атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс - әрекет жатады.
Инвестициялық іс - әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар
(инвестициялық іс - әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс
берушілер, жұмысты орындаушылар инвестициялық іс - әрекеттің объектілерін
қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар (банкілер,
қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық
процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге – инвесторлар және
басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс -
әрекеттері Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы, Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы, Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі
төлемдер туралы, Шетел инвестициялары туралы Заңдармен және де
Банкроттық жайлы, Бағалы қағаздар нарығы жайлы, Қазақстандағы
инвестициялық қорлар жайлы Заңдармен, тағы басқа да нормативтік
актілермен реттеледі.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық
жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба – капиталдары ұлғайту
мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған,
жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.
Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден
тұрады:
● инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
● инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;
● жобаны техникалық – экономикалық негіздеу;
● жер учаскесін алу немесе жалға алу;
● келісім құжаттарын дайындау;
● құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
● объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

II. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіндегі капитал қозғалысы.

2.1. Негізгі капитал.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін
материалдық – заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете
отырып, өзінің табиғи заттай нысанын сақтайды, өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капиталдың ауыспалы моделі
Капитал теориясы
Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
Кәсіпорын капиталының айналымы
Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация
Кәсіпорын капиталының айналымы және қайтармалы айналымы
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
Айналым капиталы түсінігі
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер