Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүргізу



Кіріспе 3

І.TAPAУ. КӘСІПОРЫН ІШІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТЫ 4
1.1. Қаржылық жоспарлау мен болжayдың мазмұны, қағидалары мен әдістері 4
1.2. Қаржы жоспарларының жүйесі 5
1.3. Қаржы көрсеткіштері 9
1.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары 12

ІІ.ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ. 15
2.1. Кәсіпорын қызметін жоспарлау: программалар дайындау және сметалар құру 15
2.2. «Бал» ЖШС.нің жасанды бал шығару бойынша бір жылға арналған қаржылық есебі 22

Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 27
Қазіргі кездегі нарық жағдайында кәсіпорын қаржысын жоспарлау мен болжау өте маңызды. Қаржылық жоспарды жасау кәсіпорынның қаржылық дамуын көрсетеді.
Қаржылық операцияларды талдау мен жоспарлау бизнестің жалпы стратегиясын жасауда маңызды орын алады. Өйткені олардың көмегімен компанияны ұзақ мерзімді жүргізудің курсы жасалынады.
Қаржылық жоспарлау қаржыландыру обьектілерін таңдау арқылы барлық жақтарына және ақша қаражаттарының жұмсалуының бағыттарына әсер етеді, сонымен бірге еңбек, материалдық және ақша қорларының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – қаржылық жоспарлаудың мәнін, оның кәсіпорын шаруашылығың жүргізудегі маңызын көрсету.
Ал, курстық жұмыстын міндеті-кәсіпорын қызметін алдағы кезеңге жоспарлаудың негізгі әдістерін, программалар дайындау мен сметалар құру жолдарын көрсету.
1. Қаржы. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлыпбаев. Алматы 2003 ж. І-бөлім.
2. Финансы. Мельников. Москва 1992 г.
3. Введение в рыночную экономику. А.Я. Ливниц. Москва 1992г.
4. Экономикалық теориа негіздері. Әубікіров. Алматы 1997 ж.
5. Финансовый и управленческий учет на предприятий. В. К. Радостовец. Алматы 1997 ж.
6. Нарықтық экономика негіздері. Б. Жүнісов. Алматы 1994 ж.
7. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. К. Ш. Дүйсенбаев. Алматы, Экономика 2001 ж.
8. Бухгалтерлік есеп негіздері. Попова.
9. Экономическая энциклопедия. Москва 1995 г.
10. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Попова.

11. Финансы предприятий. А. Д. Шеремет. Р.С. Сайфуллин.
12. Финансы предприятий. Попова.
13. Экономика предприятий. В. К. Радостовец.
14. Основы финансовой деятельности предприятия. А. Б. Крутик, М. М. Хайкин. Санкт-Петербург 1999 г.
15. Финансы. Под редакцией Л. А. Дробозиной. Москва. Финансы 1998 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3

І-TapaУ. Кәсіпорын ішінде қаржылық жоспарлау жүргізудің мақсаты 4
1.1. Қаржылық жоспарлау мен болжayдың мазмұны, қағидалары мен әдістері
4
1.2. Қаржы жоспарларының жүйесі 5
1.3. Қаржы көрсеткіштері 9
1.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары 12

ІІ-Тарау. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау. 15
2.1. Кәсіпорын қызметін жоспарлау: программалар дайындау және сметалар құру
15
2.2. Бал ЖШС-нің жасанды бал шығару бойынша бір жылға арналған қаржылық
есебі 22

Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 27

Кіріспе

Қазіргі кездегі нарық жағдайында кәсіпорын қаржысын жоспарлау мен
болжау өте маңызды. Қаржылық жоспарды жасау кәсіпорынның қаржылық дамуын
көрсетеді.

Қаржылық операцияларды талдау мен жоспарлау бизнестің жалпы
стратегиясын жасауда маңызды орын алады. Өйткені олардың көмегімен
компанияны ұзақ мерзімді жүргізудің курсы жасалынады.
Қаржылық жоспарлау қаржыландыру обьектілерін таңдау арқылы барлық
жақтарына және ақша қаражаттарының жұмсалуының бағыттарына әсер етеді,
сонымен бірге еңбек, материалдық және ақша қорларының дұрыс пайдаланылуын
қамтамасыз етеді.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – қаржылық жоспарлаудың мәнін, оның
кәсіпорын шаруашылығың жүргізудегі маңызын көрсету.
Ал, курстық жұмыстын міндеті-кәсіпорын қызметін алдағы кезеңге
жоспарлаудың негізгі әдістерін, программалар дайындау мен сметалар құру
жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржылық жоспарлаудың мазмұны,
қағидалары, әдістері, қаржы жоспарларының жүйесі, қаржы көрсеткіштері және
қаржылық жосапарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары толық қамтылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімі практикалық бөлім, онда кәсіпорын
қызметін жоспарлау, программалар дайындау және сметалар құру; Бал
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір жылға арналған қаржылық
жоспарын дайындау көрсетіледі.
І-TapaУ. Кәсіпорын ішінде қаржылық жоспарлау жүргізудің мақсаты.

1.1. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың мазмұны, қағидалары мен әдістері.

Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі,
салалы басқарудың маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық
жоспарлаудың құрамынды бөліп, олар экономиканын үйлесімді және тепе-теңдік
дамуына жетуіне, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының
қызметін үйлестіруге, қоғамдық-өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз
етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың
өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттық
элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал
жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасқан
ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылық жүргізудің
барлық деңгейлерінде ақша қорларын калыптастырып, бөлуді алдын-ала
үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті анықтайтын өзара
үйлесілген тапсырмалардың көрсеткіштерін кешенді жүйесін жасауды, ақша
түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдерінің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық
болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге
асыруы тиіс. (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарын
қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауға тиіс). Қаржылық жоспарлаудың
көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер
өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ
таңданылған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталынады.
Қаржылық жоспарлау бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының
жәңе тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Қаржылық жоспарлауда қабылданатын экономикалық және әлеуметтік
шешімдердің (оларды қаржыландыру көздерімен қамтамасыздығын ескере отырып)
тиімділігін белгіленетін шығындарды және оңтайлы түпкілікті нәтижелерді
оңтайландыру жөніндегі мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші буындар мен
субьектінің мақсаттық қызметі ретінде қарастырған жөн. Адамның субьективті
қызметі ретіндегі қаржылық жоспарлау тек қоғам дамуының
обьективті заңдылықтарын танып білуге қаржы ресурстары қозғалысының
тенденцияларына басты негізді бұрын негізделген шаралар мен қаржы
операцияларының нәтижелілігін зерделеуге негізделген жағдайда ғана ол
нәтижелерін береді. Бұл процесте жоспарлаудың, шешімдерді бағалаудың
прогрессивті әдістерін пайдаланудың, ғылымның, техкиканың дамуымен тиісті
ақпараттардың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың
негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалылығының үлкен маңызы бар.
Қаржылық жоспарлаудың тікелей обьектісі-табыстар мен қорланымдарды
жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын
қалыптастыру және пайдалану.
Қажылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорлнымдарды жасау
және бөлу, қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні
бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осылардың негізінде
орталықтанған, орталықтан-дырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және
пайдалану.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті-жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы
ресурстарының ұдайы өндірістің материялдық-заттық элементтеріне оңтайлы
сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жүйенің дамуының
үйлесімдігі мен теңгерілімдігіне жету.
Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мыналар: 1)қаржы ресурстарың
қалыптастырудың көздерін және олардың жалпы мөлшерін анықтау;
2) орталықтанған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, ұлттық
шаруашылық салалары мен әкімшілік-аймақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды
бөлудің оңтайлы үлесімдерін (пропорцияларын) белгілеу;
3)қаржы ресурстарын пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және
қажетті резерівтерді жасау. [1; 131]

1.2. Қаржы жоспарларының жүйесі.

Қазіргі жағдайда кәсіпорын қаржылық жоспардың
көмегімен салық төлегеннен кейін өз қарамағында
табыстарды пайдалану бағыттарын өзі анықтайды.
Қаржылық жоспapды жacayдың мақсаты қаржылық көрсеткіштер көлемін болжау
негізінде мүмкін болатын капитал мен резервтер, қаржылық ресурстар мөлшерін
анықтay.
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау бес жылға, бір жылға немесе тоқсанға
жасалынады. Осыған сәйкес перспективті (стратегиялық, соның ішінде бес
жылдық), ағымдағы және оперативті жоспарлар болады. Перспективті қаржылық
жоспар маңызды көрсеткіштерді, кеңейтілген өндірістің пропорциялары мен
қарқынын анықтайды. Бес жылдық жоспар бұл-кәсіпорын дамуының мақсаттары мен
міндеттерінің жүзеге асырылуының инвестициялары мен болжамды жинақтар
стратегиясының негізгі формасы. Перспективті қаржылық жоспар әдетте
кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады.
Ағымдағы қаржылық жоспарлау кірістер мен шығыстардың жылдық балансынан,
ақша қаражаттары фондтарының құрылуы мен жұмсалуының сметаларынан: еңбек
ақы фонды, өндірістің дамуы мен жетілдіруіне бағытталған қор фонды
(жинақтау фонды) резервтік және басқа фондтардан тұрады.
Оперативтік қаржылық жоспарлау төлем календарын құруда және пайдалануда
көрінеді. Төлем календары-кәсіпорынның оперативтік ақша айналымын
көрсететін толық қаржылық құжат (Қосымша-1).
Кәсіпорынның қаржылық жоспарына тексерістік (шахматтық) кесте
құрылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субьектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорламындарын құрудың және
пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын
бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған
орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топка бөлінеді:
орталықтандырылған (жалпы мемлекеттік) және орталықтандырылмаған жоспарлар.
Орталықтандырылған қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы
ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге
асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ оның
жалғыз ғана белгісі емес.
Орталықтандырылған қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен,
ресурстардың обьектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және
арналымымен ерекшеленеді.
Орталықтандырылған қаржы жоспарларының мынадай елеулі белгілері болады:
-обьектісі-микро деңгейде қалыптасып, бөлінетін жалпы мемлекеттік
ресурстар;
-қамтуы-мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, тиісінше оның ұдайы
өндіріс процесінің қатысуымен өзара қаржы қатынастары да және сонымен бірге
пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар да;
-негізгі мақсаты-жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы
мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге
арналған оның қаржы жоспарын негіздеу.[13; 62-68]
Орталықтандырылған қаржы жоспарлары экономикалық және әлеуметтік
процестерді мемлекеттік реттеуде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде құрама қаржы жоспарлары жалпы
мемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды қамтиды.
Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекеттің құрама қаржы
балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет.
Құрама қаржы балансы–деп орта мерзімді (бес жылдық) кезеңге арналған
дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны
жасаумен Қаржы министрлігінің, ұлттық банктің белсенді катысуымен экономика
және бюджеттік жоспарлау айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын
аймақтық органдар жүргізуі тиіс.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды қамтиды; таза табыс, тұтынуға
салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салықтар, акциздер, кеден
баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін
түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары,
ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері:
-экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды
қаржыландыру, мемлекеттік субвенциялар);
-сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар;
-әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалынатын шығындар;
-басқару мен қорғаныс шығыстары;
-қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредиттер беруге
арналған қаражаттар өсімі;
Құрама қаржы балансы сонымен, ұлттық шаруашылық қаржы ресурстарын
сипаттайтын қаржы көрсеткіштерінің жүйесі болып табылады. Бес жылдық
мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-
несие катынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын-ала айқындайды. Бұл
баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы
қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.
Дүниежүзінің барлық елдерінде таралған маңызды орталықтандырылған қаржы
жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі
мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлуді
қажеттігінен туындайды.
Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесінде басқысы
болып келеді; өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына белсенді ықпал
етеді.
Бюджет баланс нысанында жасалады, онда ағымдағы кезеңге арналған елдің,
оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл
кірістері мен шығыстары жоспарланады.
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік
бюджеттің құрама қаржы балансынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда
мемлекеттің барлық кірістері емес, тек оның орталықтандырылатын бөлігі
қамтып көрсетіледі.
Орталықтандырылған қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары
бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстарының козғалысының деңгейі
бойынша да жалпы мемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және
жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.
Салалық қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары
министірліктерінің (ведомстваларының) кірістері мен шығыстарынын балансын,
өндірістік емес салалар министрліктерінің шығындарының құрама
сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.т. қаржы жоспарларын қамтиды.
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың құрама қаржы
баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы коғамдық ұйымдардың және
тағы басқаларының жоспарлары.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орташа мерзімді
(үшжылдық,бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде осы
аталған жоспарлардын барлық түрлері бір және бес жылдық мерзімге
жасалынады.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларының саны орталықтандырылған қаржы
жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл
толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен
қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүрпзуші субьектілердің,
ведомстволардың қаржы жоспарлары.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларын топта-стырудың негізіне
кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай-
ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен
қаржылық өзара қатынастардың катынасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер
қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларының, буындар-ының қаржы жоспарлары
болады және қаржы жоспapының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы
жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы
жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың щығындары анықталады,
ол кірістердің косымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша
барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары
жасалынады. Ұжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және
сақтық компаниялар қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі
деңгейлердегі бюджеттерді жасайды.
Коомерциялық есепте жұмыс істейтін кәсіпорын-дар мен ұйымдар қаржы
жоспарларын бұрын кіріс-тер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл
жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорын-дар үшін де, сондай-ақ
бірлестіктер үшін де бірдей болды. Олардың кіріс бөлігіне табыстар мен
қаражаттардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын
шығындар анықтала-тын. Баластың Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым-
қатынастары(алғашқы екі бөлімді-кірістерді және шығыстарды
теңдестіруші) бюджетке түсетін түсімдері және бюджеттен қаржыландыруды
көрсететін.
Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді
басқарудың шешуші шарты ретіндегі фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні
арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және
басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік
стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен
қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бизнес-жоспар жасау туралы болып отыр.
Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес-жоспар бұл – кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық
негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше
кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-
жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, оларды
бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды (рынок болжамы) және
сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды-өнім өткізудің
болжамы, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен
кірістердін балансын қамтиды. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің
балансын және графигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисапы) қосымша жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізу субьектілерінің қаржы
жоспарлары, бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мемлекеттік
мекемелердің сметалары бастапқы қаржы жоспарларына жатады.
Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық
деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістердің, казіргі заманғы
техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып, бұл
процесті жүргізуге мумкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен
молаяды.[5; 46-49]

1.3. Қаржы көрсеткіштері.

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржы
көрсеткіштері-шаруашылық жүргізуші субьектілердің, салалардың және жалпы
ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және
пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспарлық,
есептік немесе есеп-қисаптық мәліметтер пайдаланылады. Олар абсалюттік және
салыстырмалы (нормаларда) мөлшерлерде көрінеді. Қаржы көрсеткіштері сан
және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы
категорияны, қаржы қатынастарының элементінің бейнелейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мыналар аса маңызды қаржы
-экономикалық көрсеткіштер болып табылaды:
-өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс; бұл
көрсеткіш мақсатты арналымдар-дың қорлары бойынша ақша қаражаттарын одан
әрі бөлу және пайдалану ауқымдары мен мүмкіндікте-рін алдын-ала анықтайды;
-шығындардың көрсеткіштері (өткізілген өнімнің өзіндік құны,
шығындардың жалпы шығындардағы жеке элементтерінің үлес салмағы, кезең
шығысы:)
-жалпы табыс;
-таза табыс;
-рентабельділіктің (табыстылықтың) деңгейі;
-амортизациялық аударымдардың мөлшері;
-өндірістік және әлеуметтік дамудың шаруашы-лық есеп қорларының ауқымы
(қорлану, тұтыну, резерв, валюта және оларға ұқсас қорлар);
-жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа
ұйымдармен (несиегерлік және дебиторлық берешек, міндеттемелердің ауқымы,
бюджет бойынша берешектер және басқалары) есеп айырысу ахуалының
көрсеткіштері;
-айналым қаражаттарының көлемі, сақталымдығы олардың жасалу көздері;
-айналым қаражаттарына деген қажеттіліктің оның қолда барымен
сәйкестігі;
-негізгі және айналым құралдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор
қайтарымы, өнімнің қор сыйымдылығы, айналымның ұзақтығы);
-ақционерлік капиталдың ауқымы және девиденд-тердің көлемі;
-жолдау ақысының мөлшері және басқалары;
-кәсіпорын қаражаттары өтімділігінің көрсеткіш-тері;
Қаржылық жұмыста сонымен қатар мынадай жалпы экономикалық көрсеткіштер
пайдаланылады:
-шығарылған өнімнің бір ақшалай бірлігіне жұмсалған шығындар (өнімнің 1
теңгесіне);
-өнімнің өзіндік құны, кезең шығыстарын төмендету, саудадағы айналым
шығындарын қысқарту ;
-күрделі жұмсалымдарын (инвестициялардың ауқымы);
-құрылыстағы ішкі ресурстарды жұмылдыру;
Салық салу кезінде мынадай айрықша көрсеткіштер пайдаланылады:
-салық төлеуші алуға тиіс, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға
немесе тікелей не болмаса жанама шығыстырады өтеуге бағытталған ақша немесе
басқа қаражаттар (жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс;
-көрсетілген қызметтер мен басқа да операциялар үшін) кіретін жылдық
жиынтық табыс;
-жылдық жиынтық табыс пен салық заңнамасында көзделген шешім жасау
арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын табыс;
-қосылған құнға салынатын салық, акциздерді алу кзіндегі салық
салынатын айналым мен салық салынатын импорт;
-басқа бірқатар көрсеткіштер.
Аталған қаржы экономикалық көрсеткіштердің көбісі кәсіпорындардың,
салалардың жалпы топтары бойынша жұмыс нәтижелерін сипаттау үшін жоғары
ұйымдардың, министрліктердің, ведомстволардың деңгейінде пайдаланылады.
Ұжымдық шаруашылық-тарда жалпы және таза табыстардың, құрылыста сметалық
құн мен құрылыстың өзіндік құнының, аяақталмаған құрылыс ауқымының
көрсеткіштері, делдалдық (жабдықтау және өтініш) ұйымдардың сауданың
шығындары және басқа көрсеткішкер қолданылады.
Мемлекеттік мекемелерде жалпы және жеке
элементтер (санаттар, сыныптар) бойынша шығыстардың көрсеткіштері, ағымдағы
шығындар, соның ішінде еңбекақы төлеу шығындары, күрделі қаржы шығындары,
соның ішінде негізгі капиталды сатып алу, кредиттер беру және сыныптаманың
басқа бөлімдері, жедел жөндеу сияқты көрсеткіштер қолданылады. Құрама қаржы
көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың
жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардын үлес салмақтары;
Бюджеттер тапшылығынын саласы;
Мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының
(профицитінің) жалпы ішкі (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және
басқалары жата-ды. Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі қаржы көр-сеткіштері
мемілекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет
және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың
бөлінуін, экономикалық түрлі салаларының рента-белділігін және бюджетке
төленетін табыстардың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын
қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының
жалпы ұлттық өнімге қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.
Қаржы көрсеткіштерін есептеу кезінде нормалар мен номативтер
пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми
негіздеуге арналған.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен
нормативтері қолданылады. Құрама қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа
нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржы
көрсеткіштерін жоспарлаған да жеке-дара нормалap мен нормативтер
пайдаланылады.
Қаржы нормалары мен нормативтері сондай-ақ
бекітілетін және есеп-қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен
нормативтер қолданыс-тағы заңнамамен белгіленеді, есеп-қисаптары ішкі
жоспарлауда пайдаланылады.
Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері әлеумет-тік қажеттерге, бюджеттен
тыс қорларға аударыла-тын аударымдардың нормалары, есеп-қисаптықтарға
аударымдардың нормалары және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлану
және тұтыну қорларын, негізгі қоларды, капиталды жөндеу қорын жасау
нормативтері және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қызметін
реттейтін басқалары жатады, Сондай-ақ біріңғай нормалар мен нормативтер
болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жургізуші субъектілерде
түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері -
сараланған, және әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін
амортизациялық аударымдардың нормалары.
Көптеген қаржы көрсеткіштері бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе
лимиттер болып келеді, мысалы, реңтабелділіктің деңгейі, түрлі қаржы
қорларының терминдері көрсеткіштер де, ңормативтер де немесе лимиттер де
болып табылады. Сөйтіп, шаруашылық қызметінің қаржы нәтижиелерін жоспарлау
мен болжау процестеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің
тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.

1.4. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің
негізгі бағыттары.

Халықтық шаруашылықтағы нарықтық қатынас-тарға көшу қаржылық
жоспарлаудың қаржылық механизмдегі орнының өзгеруіне, оның қайта құрылуының
бағыттары мен экономиканы нарықтық ретеу әдістерімен әрекеттестігін
жорамалдайды. Нарықтық катынастардын реттеушілік бастаулары да бар:
салықтар, аударымдар, банктік несие және пайыздар, келісім-шарттық
міндеттемелер, мемле-кеттік тапсырыс. Осы жағдайларда экономиканы жоспарлық
реттеу де сөзсіз қажетті болып табыла-ды, оның елеулі элементі- қаржылық
жоспарлау. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу ең біріншіден салықтық,
банктік кедендік саясатты жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік реттеуде индикативтік жоспарлау (болжау) маңызды орын
алады, бұл процесс кезінде экономиканың қажетті дамуының жалпы пішіні
анықталады. Оның маңызды бөлігі индикативті қаржылық жоспарлау болып
табылады, оның негізгі мақсаты-болжамды дамуды қамтамасыз ету үшін қаржылық
ресурстардың бағытталуын және болжамды мөлшерді анықтау.
Индиктивті қаржылық жоспарлар тек мемлекет-тік секторларда ғана
міндетті түрде болады, ал меншіктің басқа түрлеріне ие секторлар үшін
ұсынылатын түрде. Соңғысына экономикалық құралдарды реттелетін баға,
субсидиялар, несиелер, салықтық ставкалар мен жеңілдіктер және тағы
басқаларды пайдалану жолымен жетуге балады. Маңызды индикаторлар: валюта
бағасы, инфляцияның болжамды деңгейі, Ұлттық банктік қаржыландыру
ставкалары, амортизациялық аударымдардардың нормалары болып табылады.
Индикативті жоспар экономикалық процестерді ғылыми негіздеп көрсетуге
және экономика мен қаржының дамуының жеке параметрлерін сәйкестен-діріп,
дамудың ұзақ мерзімді тенденцияларымен сәйкес оларды қажетті арнаға
бағыттауға міндетті.
Индикативті жоспарлау жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады. Бұл
жерде де мемлекет, аумақ, кәсіпорын (кәсіпкерлер) мүдделерінің келісімділік
принципі міндетті. Нарықтық экономика принцип-теріне сәйкес келетін
шаруашылық механизмді енгізу басқарудың барлық деңгейінде қаржылық жоспар-
лаудың жаңа әдістерін жасаудың қажеттігін көрсетеді. Қаржылық жоспарлаудың
мазмұнындағы өзгерістерді анықтайтын маңызды шарттар есебінде мыналарды
көрсетуге болады:
-меншікті қаражаттарды пайдаланудағы тәуелсіздікті кеңейту және
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтиежелеріне жауапкер-шілігін
өсіру, (жаңа салықтық принциптердің енгізілуі) табысты болудың жаңа салалық
принциптерін енгізу орталықтандырылған мекмелердің бақылауынан ресурстардың
маңызды бөлпін шығapaды;
-аумақтық жоспарлау сферасында жергілікті билік органдарының және
басқарудың барлық деңгейінің өз бюджеттерін қабылдау мен өңдеуде дербестігі
күшейеді.
Республика парламенті (аумақтарының қаржылық ресурстарына тиіспей) тек
республикалық бюджетті қарастырады. Сондықтан аумақтағы өзін-өзі
қаржыландыру принципіне аударып, аумақтың қаржылық жинак балансының рөлі
өседі.
Өндіріс пен қаржы нарық жағдайында тез өзгеретін
нарықтық конъюнктура әсерінде болатындықтан, жоспарлық кезеңдер ұзақ
мерзімді бола алмайды. Қаржылық жоспарлар өтпелі кезең жағдайында болжауға
айналады. Осы кезеңге тән өндіріс динамикасының тұрақсыздығы және
шаруашылық байланыстардағы және ақшалай катынастардағы басқа да жағдайлар
қаржылық жоспарлар өндіру кезеңділігін 5 жылдан 3 жылға немесе 1 жылға
дейін қысқартуға әкеледі. Қазақстан Республикалық әлеуметтік-экономикалық
дамуының индикативтік жоспары 3 жылға жасалды.
Қаржылық және бюджеттік жоспарлау мемлекеттің біртұтас қаржы саясатын
жүргізуін қамтамасыз ететін тұрақты, ұзақ мерзімді нормативтер жүйесі
базасында жасалуы қажет. Қаржылық катыңастарды реттейтін экономикалық
нормативтер мыналарды қамтамасыз ету керек:
-жалпымемлекеттік, коллективтік, жеке мүдделерді бөлу қатынастарындағы
ықтималды үйлесімділік;
-өндіріс дамуы бойынша шығыстарды қаржыландыру, әлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру мен еңбек коллективтерін олардың тапқан
қаражаттары есебінең материалдық қолдау.
Кәсіпкерлік топтар өздерінің шаруашылық коммерциялық қызметінде бизнес
жоспарларды басшылыққа алады. Бұл - кәсіпкерлік қызметтің техникалық
экономикалық негізіне сәйкес келетін құжат. Ол мемлекеттік
кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына
қарағанда, жеке
мекмелердің қатынастарының барлық жақтарын толық қамтиды. Бұл - өнім
және қызметтердің ерекшеліктерін (көрсететін), олардың бәсеке
қабылеттілігін, өтім нарығының бағасын (нарық болжамы), маркетинг
стратегиясын, өндірістік, ұйымдастырушылық жоспарларды, тәуекелді бағасын
және сақтандыруды көрсететін белгілерді кіргізеді.
Қаржылық жоспар маңызды құраушы ретінде бұл жоспардың басқа
бөліктерінің материалдары мен көрсеткіштерін жинақтап корытады және оларды
құндық бейнеде көрсетеді. Бұл жерде бірнеше кұжаттар дайындалады:
-өткізу мөлшерінің болжамы; -ақшалай кірістер мен түсімдердің балансы;
-кірістер мен шығыстардың кестесі;
-кәсіпорынның активі мен пассивінің жинак балансы; -зиянсыздықка жету
графигі;
Дербес бөлім қаржыландыру стратегиясын және инвесторларға қаражаттарды
келісілген мөлшерде және мезгілде қайтаруды көрсетеді.
Осылай, қаржылық жоспарлау нарықтық ортада жоғары сапалы деңгейде
жүзеге асырылды және (осы процесті) ғылыми әдістерді, қазіргі техникалық
құралдарды және сенімдіақпараттық базаларды пайдалана отырып, осы процесті
жүргізуге мүмкіншілік беретін жаңа әдістермен және түрлермен молаяады. [7;
240-247]

ІІ-Тарау. Кәсіпорындағы ҚаржылыҚ жоспарлау.

2.1. Кәсіпорын қызметін жоспарлау: программалар дайындау және сметалар
құру.

Басқарушылық бақылаудың мақсаты- кәсіпорын стратегиясын іске асыру
болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
«Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау
Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау
Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның қызметін жоспарлау
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Персоналды басқарудың құрамы
Астана полиграфия АҚ қаржылық-шаруашылық қызметі
Пәндер