Шаруашылық жүргізуші субъектілері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

II-БӨлІм. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

1. 1. Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы және мазмұны.

1. 2. Табыс туралы түсінік.

II-БӨлІм. Шаруашылық субъектінің табыстары мен шығындарының есебі.

2. 1 . Негізгі қызметтен алынатын табыстар есебі.

2. 2 . Шаруашылық субъектінің негізгі емес қызметтен түскен табыстарының есебі.

2. 3. Субъектідегі шығыстар және оларды есептеу тәртібі.

2. 4. Шаруашылық субъектілердің табыстары мен шығындарының есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияның негізгі корресподенциясы.

Қортынды.

Пайдаланған әдебиеттер .


Кіріспе.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикада әр шаруашылық субъектінің өздерінің табыстары және шығыстары болады. Жұмыс жасау, қызмет етуде, оның маңызы зор. Табыстар мен шығыстар субъектінің басты жиынтық табысы болады. Сондықтан да субъектінің қаржысы мен табысын яғни кірістер (табыстар) мен шығыстарын талдау мақсатында. «Шаруашылық субъектінің табыстары мен шығыстарының есебі» жайында тақырыпты таңдап алдым.

Жалпы курстық жұмыс 2- тараудан қамтылады:

I - тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы- оның мазмунына толық тоқталдым. Сонымен қатар шаруашылық субъектінің табысымен жалпы табыс мазмұнына олардың есебінен толық қамтылды.

II- тарау. Шаруашылық субъектінің табыстары мен шығындарының есебі - мұнда негізгі қызметтен алынған табыстар есебіне. Шаруашылық субъектінің негізгі емес қызметінен түскен табыстардың есебіне, субъектінің шығыстары және оларды есептеу тәртібіне сонымен қатар шаруашылық субъектінің табыстары мен шығыстарының есебі бойынша жүргізушінің бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы. Осы (жазылған) қамтылған II - тарауды қортындылап және қосымша енгізілді.

Қазақстан экономикасы әрқайсысы шаруашылық жүргізуші субъект мәртебесіне ие бола алатын яғни, корпорациялар, компаниялар, холдингтер, бірлестіктер сияқты әр түрлі қызмет түрлерін қамтиды. Субъект қызметінің міндеттерін оның меншік иесі белгілейді және ол міндеттер сатқан кезде қәсіпорынға табыс алуға мұмкіндік беретін жоғары рентабелді, қоғамға қажетті сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету, жабдықтау шартын орындау, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және осы негізде өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық экономикалық көрсеткіштерін жақсарту болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъект өз қызметін оған меншік иесі берген өкілеттік негізінде жүзеге асырады.

Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы дамытудың маңызды мәселелерін тұтастай әкімшілік жолмен шешу әдістері азаюда. Басқарудың экономикалық тәсілдері шешуші болып, демократиялық негіздер мен өзін-өзі басқару кеңейе түсуде.


I. Шаруашылық жургізуші субъектілер қаржысы.

1. 1. Шаруашылық жургізуші субъектілер қаржысының мазмұны

Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы- бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресуртарының негізгі бөлігі қалыптасатын қогамдық өндірістің басты буынына қызмет корсетеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін козі - қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары щаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда ( делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық орғандардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының: жекеше, кооперативтік (тауарлар, өнім өндіру және қызметтер көрсету бойынша), акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен және фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік және отандық инвесторлардың басқаруына мемлекеттік кәсіпорындарды беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару мен пайдаланудың аз жетілдірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің уақытша иелігіне көшірілді. Келесе саты мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, оның жаңа иелікке көшуі және жекешеге немесе бірлескенге айналуы болып табылады.

Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының-қоғамдардың ассоциациялардың, концерндердің, консорциумдардың және т. с. с. көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтарды өзін өзі басқару мен өзін өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық зандарға байланысты.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер ( салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз ) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұнің өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу- өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты ( пайданы ) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың ( пайданың ) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға- мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорлара түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа үйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатының анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы үйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндірістік капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекеттік қаржылардан олардың ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенде жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның- кәсіпорындар мен үйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі ( бар болуы ) жөніндегі мәселені қоюға болады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:

Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен ( олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады ) ;

өзінің еңбек ұжымымен ( бүл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты ( пайданы ) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды ( бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды ), ортақтастырады;

өз ішіндегі бөлімдермен ( олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде ) ;

мемлекетпен- бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

банктермен ( қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттеріналу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады ) ;

сақтық органдармен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде ( пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары ) ;

құрылтайшылармен ( бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын ( салымдарын ) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады ) және т. с. с.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

1. қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандағы;

2. өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар- бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық- заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;

3. жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

4. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Сөйтіп, шаруашылық жұргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім ( жұмыс, қызмет көрсету ) өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер - кәсіпорындар мен үйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін (сызбаны қараңыз) .

Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес ( өндірістік емес ) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдықөнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары іщінде ( өндірістік тұтынудың өнімдері ) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысаның қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.

Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға - қаржыландыру, өнімдер қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру - қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.

Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық шаруашылықтың техникалық-экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.

Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрекет ететін саласына да байланысты болып келеді.

Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен ( созыңқылығымен ), маусымдылықпен, өндірістің табиғат және климат факторларына тәуелділігімен, шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен анықталады.


1. 2. Табыс туралы түсінік
.

Шаруашылық субъектісінің табыстары - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 «Табыс» - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезендегі активтердің көбеюін ( ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын ) және міндеттемелердің азаюы ( өтелінуі ) негізінде капиталдың көбеюін ( үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа ) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:

  • дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
  • қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
  • дивидентер, ролятилер және пайыз ( процент ) түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.

Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:

  • алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;
  • алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.

Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің ( келісімнің ) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

-негізгі қызметтен алынған табыстар;

-негізгі емес қызметтен ( жанама қызметтен ) алынған табыстар.

Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен ( жанама қызметтен ) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.

Шаруашылық субъектісінің табыстарымынадай шарттар қанағаттандырылған кездетанылады:

-табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;

-субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;

-субъекті сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;

-мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.

Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде мәміле бойынша табыс танылмайды. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.

Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазбахатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:

1. табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін.

2. есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:

- тауарлар өткізу;

- қызметтер көрсету;

- пайыздар ( проценттер ) ;

- роляти;

- дивидендтер нәтижесінде ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы шаруашылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы жетінші «табыс» - деп аталатын бөлімнің шоттарындажүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға женілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында ( аяғында ) бұл бөлімнің шоттары бесінші «меншікті капитал» бөліміндегі 571- «жиынтық табыс ( зиян) » шотына апарылып жабылады.


II-БӨлІм. Шаруашылық субъектінің табыстары мен шығындарының есебі.

2. 1. Негізгі қызметтен алынатын табыстар есебі.

Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары - деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 70- «Негізгі қызметтен түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттар:

701- шот - «Дайын өнімді ( жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс»;

702- шот - «Сатылып алынған тауарларды сатудан түскен табыс»;

703- шот - «Құрылыс-монтаж, жобалау-іздестіру, геологиялық барлау, ғылыми-іздестіру және тағы да басқа жұмыстардан түскен табыс»;

704- шот - «Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен түскен табыс»;

705- шот - «Жалға байланысты алынған табыс»;

706- шот - «Байланыс ұйымдарының қызметінін түскен табыс»;

707- шот - «Сақтандыру компанияларының қызметінен түскен табыс»;

708- шот - «Инвестициялық қызметтен түскен табыс» және

709- шот - «Басқалары» - деп аталады.

Жалпы бұл аталған шоттар субъектінің негізгі қызметінен алған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытындылауға арналған.

701- шотта өнім өндіруші өндірістік шаруашылық субъектісінің өздері өндірген өнімдерін сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсетілген қызметтерінен алынатын табыстары есептелінеді.

702- шотта шаруашылық субъектісінің сатып алған тауарларын сатудан алған табыстары есептелінеді.

703- шотта субъектінің құрылыс-монтаж, жобалау-іздестіру, геологиялық барлау, ғылыми-іздестіру және тағы да басқа жұмыстарды орындау барысында тапқан табыстары есептелінді.

704- шотта субъектінің жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан алған табыстарының есебі жүргізледі.

705- шотта жалгерлік қызметпен айналысатын субъектінің өз меншігіндегі активтерін жалға беруден алған табыстары есептелінеді.

706- шотта субъектінің басқа жеке және занды тұрғаларға көрсеткен байланыс қызметтері барысында тапқан табыстары есептелінеді.

707- шотта шаруашылық субъектінің жеке және заңды тұлғаларды сақтандыруы барысында тапқан табыстары есептелінеді.

708- шотта шаруашылық субъектінің басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға салған инвестицияларынан тапқан табыстары есептелінеді.

709- шотта субъектінің жоғарыда аталған қызметтерден басқа негізгі қызметінен тапқан табыстары есептелінеді.

Бұл пассивті шоттар, сондыктан шаруашылық субъектісінің жоғарыда аталған қызметтері барысында алатын табыстарына 30- «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы», 32- «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы», 33- «Басқа да дебиторлық қарыздар», 43- «Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары», 44- «Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары», 45 - «Кассадағы ақша қаражаттары»- деп аталатын бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп , 701-709 аралығындағы шоттардың тиістісі кредиттелінеді. Субъектінің өткен кезенде алған, бірақ есепті кезеңнің табысы болып есептелінетін сомаларына 611 - «Алдағы кезеңдердің табысы» шоты дебеттелініп, 701-709 аралығындағы шоттардың тиістісі кредиттелінеді.

2. 2. Шаруашылық субъектінің негізгі емес қызметінен түскен табыстарының есебі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпорындар санының өсуі
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі қиыншылықтар мен одан шығу жолдары
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Қаржылық құралдары мен әдістері
Қаржының мәні. Қаржыландырудың көздері
Жеке кәсіпкер
Қаржы – мақсатты ақша қаражат қорларының экономикалық негізі
Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны басқару
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz