Өндірісті экономикалық ұйымдастыру


Өндірісті экономикалық ұйымдастыру негіздері
Әлем тарихының соңғы екі жүз жылдығында өндірісті ұйымдасытрудың билік құрушы үлгісі ретінде бекітіліп отырған қоғамдық өндірістің негізгі прогресіне көп жағдайда экономикалық қатынастар арқасында қол жеткізіліп отыр. Бұл қатынастың потенциялы маңызды. Ол әлі таусыла қойған жоқ.
Қоғам дамуындағы экономикалық қатынастың мұндай міндеті өндірісті ұйымдастыру үшін табиғи әдіс деп түсіну керек. Экономикалық қатынастар кедергілерге қарамастан (экономикадан тыс тәуелділіктің әртүрлі үлгілерінің билік құруы, адамдардың жағрапиялық шарттары, әртүрлі елдер мен халықтардың хұқықтық және мәдени ерекшеліктері түрінде) қызмет нәтижелері қарапайым актілердің алмастырудан бүкіл әлемді қамтыған, былайша айтқанда, қоғамның экономикалық жүйесі немесе "экономика" болып отырған қатынас жүйесіне айналып отыр.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың алғы себептері мен мәні
Экономикалық ұйымдастырылған қоғамдық өндіріс алдында да өндірісті ұйымдастырудың басқа кез - келген үлгісі алдында да проблемалар тұр. Олар - "не өндіру керек?", "қалай өндіру керек?" және "кім үшін өндіру керек?" деген мәселелермен байланысты. Әйтсе де экономикалық жағдайда бұл проблемалар негізінде шығындар мен өндіріс нәтижелерін салыстыру ерекше механизмі жәрдемімен шешіледі. Осынау салыстыруда өндірісті экономикалық ұйымдастырудың мәні жатыр.
Шығын мен өндіріс нәтижелерін салыстыру қажеттігі экономикалық қызметпен айналысатын (үй шаруасындағы әйелден ірі кәсіпкерге дейін) барлық адамның қол жететін және баршаға міндетті экономиканың "дұрыстығын" бейнелейді. Алғашында экономиканың "дұрыстығын" басшылыққа алғанда не теорияда, не тәжірибеде ешқандай проблемалар жоқ сияқты. Әйтсе де бұл жаңылыс.
Өндірісті экономикалық ұйымдасытырудың екі негізгі алғы шарттары бар:
Ресурстардың шектеулілігі.
Жеке бостандығы бар дара адамдар (индивид) . Ресурстардың шектеулігін белгілі бір мөлшерде - табиғи алғы шарттар деп есептеуге және оны түзетуге болмайтын айқын факті ретінде қарап отыру керек. Ресурстар сан жағынан да, сапа жағынан да немесе екі жағдайда да шектеулі болуы мүмкін.
Екінші алғышарттың "әлеуметтік" маңызы бар. Ол қоғам дамуының белгілі бір сатысында ғана толық мөлшерде қалыптасады. Біріншіден, бұл өз күшінің қабілеті мен іскерлігінің даралығын қолдану еркі. Былайша айтқанда қоғамның әрбір мүшесі өз ісімен айналыса білу керек. Екіншіден, оған тиісті өндіріс факторларына өзі еркін иелік ету. Ал, мұндай еркіндікті жекеменшік қамтамасыз ете алатындықтан жекеменшік өндірісті экономикалық ұйымдастырудың маңызды шарты болады.
"Жеке меншік" пайда болуының жеке дара бостандығында біздің баршамызға "көрініс" бермейтін, өз иелігін пайдалану үшін міндетті жауапкершілік жүктейтін басқа да жағы бар. Жеке даралық, экономикалық қатынастың субьектісі ретінде, оның мүлкі болып табылатын өз қызметінің нәтижесі үшін жеке пайда табуға, табыс алуға ұмтылу тән, бұл оның тұрмыс жағдайы деңгейінде байланысты екенін ерекше айтуымыз керек.
Таңдау - экономиканың бастапқы шарты
Ресурстардың шектеулігі қоғамдағы барлық қажеттілікті толық мөлшерде қанағаттандыратын тауарлар өндіруге және қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Дәл осы жерде таңдау мәселесі туындайды. Таңдау дегеніміз - өндірістің ең жоғарғы экономикалық нәтижесіне жеткізетін соңғы ресурстарды (өндіріс факторларын) пайдаланудың бірден -бір тиімді жолдарын анықтау.
Таңдау жағдайында қадам сайын барлық қоғам толығымен және де өндіріске қатысушы әрбір адам көрініс береді. Оған өмірдің өзінен - ақ қарапайым мысалы жетіп жатыр: бір отбасы тоңазытқыш алуға қор жинаған еді, табан астында телевизоры бұзылып қалды. Жиналған қаржы бірдей тоңазытқыш және телевизор алуға жетпейтіндіктен таңдау қиындығы міндеттеді (қашып құтыла алмайсыз) .
Осылайша ресурстар шектеулілігі таңдаудың міндетті шарттарын туындатады. Бірақ, еркіндіктің қажетті мүмкіндігіне ие адамдардың жақсы таңдау мүмкіндіктері бар. Таңдаудың жергілікті шарттары осында жатыр. Таңдаудың міндеттері және жергілікті шарттарына орай шындыққа айналады.
Таңдау қайшылықтары
Экономикалық теорияда "қисық сызық өндірістік мүмкіндіктер" болып көрінетін. (3 тақырыпқа арналған. 1 графикті қараңыз) таңдаудың қарапайым үлгісін алып көрейік. Қолда бар ресурстардың белгіленген мөлшерінде қисық сызық графикке әртүрлі екі тауарды өндіру мөлшері арасындағы байланысты көрсетеді.
Айталық таңдау "А" және "В" деген екі тауар арасында болып отыр. "А" тауары тұтынуға, "В" тауары өндіріске арналған. Таңдаудың көптеген түрлері арасында "ең негізгі" екеуі бар:
1. Барлық ресурс "А" тауарын өндіруге жұмсалады.
2. Барлық ресурс "В" тауарын өндіруге жұмсалады. Әдетте бұл қаралған жағдайда бір тауардың жоғары мөлшерде өндірілуі екіншісінің түк өндірілмеуіне әкеліп соғады.
Осы қисық сызықтың өзі - ақ соңғы мүмкіндікті жоюшы болып табылады. Оның әр нүктесі "В" тауарын өндірудің берілген мөлшерінде "А" тауарын өндірудің барынша мүмкін мөлшерін көрсетеді және керісінше график (кесте) ішіндегі кез - келген нүкте (мәселен "С" нүктесі) нақты ресурстар толық пайдаланылмайтынын көрсетеді.
Қисық сызықтың "керісінше бағыттылығы" (былай айтқанда) оның оң жаққа иілуі бір тауарды өндіруден екіншісіне ауысатын ресурстар шығынын бинелейді. Бұл дегеніміз "А" тауарынан және оны "В" тауарымен айырбастаудан бас тарту және керісінше. Ресурстарды толық пайдалану кезінде бір мезгілде екі тауарды да өндіруді арттыру мүмкін емес. Олардың бірі өндіруді арттыру міндетті түрде екіншісін өндіруді азайтады. Мәселен "В" тауарын өндіруді азайту "А" тауарын өндіруді арттыруға төленетін өзіне тән "баға" болып табылады. Өндірістік мүмкіндіктің қисық сызықтағы әр нүктесі таңдаудың қарама - қайшылығына көрсететін қарама - қарсы орналасуды жалғайды. Ал, қисық сызықтың өзі қоғамның тауар өндіру мен қызмет көрсетудегі баламалы мүмкіндігінің әділетті көлемін көрсетеді.
Шығынды көтеру және кеміген өнімділік
Өндірістік мүмкіндіктің қисық сызығында тағы бір ерекшелік бар: оның дөңес формасы үнемі өсіп отыратын түсу бұрышымен болады. Бұл үлгі тауарды өндіру арттыру кезінде екінші бір тауарды кемітудің "бағасы" арқылы көбейту деген сөз. Басқалай айтар болсақ, қосымша ө ндірілген "А" тауар мөлшері "В" тауарын азайтуды талап е теді және керісінше. Бұл ретте "А" тауарының әрбір Қосымша бөліктері қайталама шығындар арқасында Қымбаттай түседі. Өсіп отыратын шығындарды экономистер "азайған өнімділік" деп атайтын құбылыспен тығыз байланыстырады.
Азайған өнімділік өндірістің қолданылып отырған факторлары көлемінің өсуіне қарай өндірілген нәтиженің көбею шегін кеміту болып табылады.
Мәселе мынаны, жұмыс істеп отырған өндірістің шығын факторлары әдеттегідей тең емес мөлшерде өсіп отырады. Сонда кейбір факторлардың жаңа "мөлшері" сол сәтте белгіленген басқасының кем санына қатысып қосылады. Мысалы, уақыттың қысқа бір аралығында капиталдым материалдық элементтері (үйлер, машиналар, құрал жабдықтар) өзгермейтін болып қалатыны айқын. Одан гөрі пайдаланылған еңбек саны мүмкін. Бірақ ерте ме, кеш пе өндіріске жаңа еңбек ресурстарын тарту әрбір мөлшерінің азаюына әкеледі. Соның салдарынан жаңа жұмысшы қамтамасыз ететін өнімнің өсуі оның "байырғы" жұмысшы өндіргендегі көлемінен кем болады.
Баламалы шығындар
Өндірістік мүмкіндіктер қисық сызықтарына тағы да назар аударайық. Онда көрсетілген "А" және "В" тауарларын өндірудің өсуі екі әдісте болады. Бірінші барлық ресурстарды барынша пайдалану әдісі. Басқа графикада өндіру үшін өндіруден бас тартуға тура келетін тауардың өндірістің шығынның әр нүктесін көрсетіп тұрғаны қисық сызықтың өзі. Бірінші әдіс "тиімді өндіріс" әдісі деп аталады. Тиімді өндіріс дегеніміз, ресурстарды барынша пайдалану арқылы қол жеткен нәтижесінде басқа тауар өндіру немесе қызмет көрсетуді қысқартпай белгілі бір тауар өндіруді немесе қызмет көрсетуді қысқартпай белгілі бір тауар өндіруді, немесе қызмет көрсетуді арттыру мүмкін еместігі. Екінші әдіс, "А" және "В" тауарларын өндіруде ресурстарды толық пайдаланбайтын әдіс. Графикте оны шектерінен кординат пен қисық сызықты жазықта көрінген нүктелей бейнелейді. Егерде өндіріс бұл әдісте жұмыс істесе бір тауарды тоқтатып, екінші бір тауардың шығаруын көбейтуі қажеті болмайды. Бұл өндірістің тиімсіз әдісі. Бірақ оның таңдау мүмкіндігін, сонымен бірге ресурстарды баламалы пайдалануды жоққа шығармайды. Мұндайда пайда болған шығын "өндірістің баламалы шығыны" деп аталады. Біздің мысалымызда "А" тауарын өндіруді арттырудың "СЕ" кесіндісі мөлшеріне тең баламалы шығыны "СД" кесіндісі мөлшеріне тең "В" тауарын өндіруді арттыру болып табылады.
"Баламалы шығын" - дегеніміз болу мүмкін, бірақ, әлі жасалынбаған талдау ортасы. Сондықтан баламалы шығындар деңгейінде әңгіме әрқашан шамаланған, мүмкіндікке сай нәтижесі туралы ғана болмақ, Экономистер оны "қолдан шығып кеткен табыс" деп атайды және оған қатысты мәселелерді әрқашан ықыласпен талдайды.
Экономиканың "алтын" ережесі
Өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығын қарау таңдау механизмін жалпылама білуге ғана мүмкіндік туғызады. Барлық жалпылама білу анық болмағандықтан ақсап жатады. Бұл қисық сызық технологиялық тиімділік өндірісінің барлық түрлерін қамтиды. (қисық сызықтағы нүктелердің жиынтығы), Оның анық еместігі сонда бірден -бір экономикалық тиімділік жөніндегі сұраққа жауап бере алмайды. Бұл кемшілік осы үлгіде ең басты жағдай "А" және "В" тауарларына тұтыну мөлшері ескерілмеуінен туындайды. Белгісізі - қоғамға осындай тұтыну игілігі мен осындай өндіріс заттары керек пе? Керек болған жағдайда қанша керек?
Осындай анықтылықтың жоқтығы тиімді өндірістің толық мәнді экономикалық мағынасы түсінігінен айырады. Өйткені ол тиісті деңгейде өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынасты түсіндіре алмайды. Бұл түсінік мәні: А және В тауарларының шығарылған мөлшерімен оларға деген қажеттілік ескерілетін болса, соған сәйкес олардың қайсысы пайдалы екендігі мәселесі де шешіледі. Онда өндірістік мүмкіндіктер қисық сызыгында тек қана бір нүкте ең жоғары экономикалық өндіріс тиімділігіне сәйкес келеді. Онда шығарылған "А" және "В" тауарларының адамдар қажеттілігіне жақсы жауап бере алатын өзара сандық қатынасына қол жетеді. Бұл нүктенің "ең жоғары" принципі өндіріс факторларының ең төменгі шығынында қажеттілікті қанағаттандырудың ең жоғары нәтижесі жүзеге асырылады.
Өндіріс шығыны мен нәтижесінің мұндайын "өте жақсылық" деп айтуға болады. Өмірге олар қол жеткізудің қиындығынан сирек болады. Қоғамда әрбір нақты жағдайда оның жоғары принципінің жүзеге асуына мүмкіндік жасайтын өндіріс шығыны мен нәтижесін салыстырудың осыншалық жетілген механизмі, экономиканы ұйымдастырудың мұндай деңгейі болған емес.
Орынды жұмсауды экономиканың "алтын" ережесі аталған таңдау ережесі тәжірибеде танымал. Ол өндіріс нәтижесін шығындардан асыруды талап етеді. Басқаша айтқанда экономиканың "алтын" ережесі шығарар шығын мен қажеттілікті қанағаттандырудың өзара қатаң мөлшерін, бірақ соңғысының пайдасына шамалайтын болады.
Орынды жұмсау тәртібі
Бүл ережені басшылыққа алу - "экономикалық субъект" болу деген сөз.
Экономикалық субъектінің ерекшелігі шығын мен пайданың есебін жақсы біліп, өз дәрежесіне жұмсауда. Егер мұндай ерекшеліктер адам мінезінде болмаса, ол жақсы маман, үлгілі отбасшысы болуы мүмкін, тек ол экономикалық субъект бола алмайды.
Орынды жұмсау тәртібі әрбір нақты экономикалық жағдайда осы үшін келтірілген "зиянды" қажеттілікті қанағаттандыру деңгейімен салыстырумен шектелмейді. Экономикалық субъект қазіргі және болашақ қажеттік арасын, қажеттілік пен қор жинау арасын, қор жинау мен кәсіпорынынына капитал салу арасын таңдайды.
Орынды жұмсау тәртібі экономикалық процессте қозғалысына елеулі түрде ықпал жасайтын ерекше психологиямен айқындалатынын атап өту маңызды. Ол әліптің артын бағу, тәуекелге ұмтылу және басқа да жайдайларға ие.
Тандау, үнемді жұмсау тәртібі өндірісті экономикалық ұйымдастырудың қажетті де маңызды сәттері болып табылады. Олар бұл ұйымдастыру адамға бағытталумен айқындалады және оның белсенді қатысуымен жүзеге асырылады.
Таңдау құралдары шектеулі мөлшерде
Өндіріс шығындары мен нәтижелерін салыстыру механизмінде нарықтың дамыған үлгісінде болатын екі сатыны бөлуге болады, олар - "тандау" және айырбас". Бұл шектеу шартты болып келеді, қанша дегенмен айырбас арасында айқын шекара жоқ. Таңдау экономикалық ұйымдастырудың басы ретінде айырбас кезінде жалғасып жатады. Айырбас таңдаудың жаңа жақтарын пайда жасайды да шындыққа әкеледі. Бұл жағдай көрсетілген шектеуді ақтайды.
Таңдау - күрделі процесс. Бұған оның қарапайым үлгісі - өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығын қарау кезінде көз жеткізуге болады. Естеріңізге салайық, таңдау мәнісі өндіріс ресурстарын (факторларын) орналастырудың ең жақсы жолдарын анықтауда жатыр. "Ең жақсы" дегеніміз - былайша алып қарағанда ең жоғары мүмкін нәтижеге қол жеткізу. Өндірісті экономикалық ұйымдастыру мағынасын түсіну үшін таңдаудың не екенін білу маңызды. Бірақ оның қалай жүзеге асырылатынын білу одан да маңыздырақ.
"Қалай" деген сұрақ тандаудың басында-ақ туындайды. Өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығын еске алайықшы. "А" және "В" тауарларын өндіруге ресурстарды бөлуді түпкі тиімді жолын анықтау үшін бірінші кезекте олардың қайсысы пайдалы екенін, яғни тауарлардың қайсысы көп жағдайда қоғам қажеттілігіне сай келетінін анықтап алу міндетті болды. Бұл үшін олардың пайдалылығын салыстыру керек. Пайдалылығын салыстыру - демек оларды өлшеу, яғни бағалау, игілікті құнын анықтау.
Шектеулі пайдалылық
Қазіргі экономикалық ғылымның ең беделді бағыттарының басында жатқан шектеулі пайдалылық теориясы бойынша игілік бағасы, оның шекті ("соңғы") мөлшерінің бағасымен анықталады. Игіліктің соңғы бағасы "шектеулі пайдалылықтың" мөлшерін де анықтайды.
Осыған орай шектеулі (соңғы) пайдалылық дегеніміз - игіліктің соңғы - "бірлігіне" - ие болып отырған пайдалылық.
Игілік бағасын анықтау негізінде қолда бар игілік саны . мөлшері) мен пайдалылық арасындағы қатынастылық принципі қойылған. Бұл принцип адамдар қажеттілігі әр түрлі үдемелі деңгейге ие екендігіне негізделген. Және қажеттіліктің өсімталды бағасы субъективті іс болғанымен, маңыздылығы қажеттіліктің шын мәніндегі объективті түрде қалыптасқаны да бар. Егер мысалға онда азық-түлік қажеттілігі алдыңғы орындардың бірін алса, шашылу жөнінен соңғы орындардың бірінде болатыны түсінікті.
Дегенмен, кез келген жеке қажеттілік өзгермей қалмайды: ол қанағаттандыру деңгейіне орай азайып та отырады. Өз кезегінде қажеттілікті қанағаттандыру мөлшерінің толықтығы қолда бар игілік мөлшеріне байланысты. Ендеше игілік пайдалылығы оның қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті болса, онда бұл осы игілік мөлшері өзгеруін көрсететін әсерлі қабілет.
"Өте жоғары" қажеттіліктен оның толық қанағаттандырылуына өту бірте-бірте болады, яғни тездету түрлерін кеміту жолдары арқылы. Егер игілікті белгілі бір бөлшектерге бөліп, оның әрбірінің өзінше бірлік деп қарар болсақ, онда бірінші бөлік қажеттіліктің бірінші сатысын ең жоғары түрде қанағаттандыратын болады. Екінші бөлігіне одан төмендеу, одан әрі де тағы төмен, тағы солай кете береді. Пайдалылықтан кемуінің қарапайым көрінісі - аш адамның алдында тұрган бір табақ көже. Алғашқы ұрттаган қасық - ол үшін ең үлкен пайдалылық, әрі қарай қарынының тоюына қарай әр ұрттаган қасықтың пайдалылығы кеми түспек. Пайдалылық нөлдік деңгейде, тіпті кереғар болуы да мүмкін. (Аталмыш мысалда шектен аса, көкірек ата тою) .
Әр тауардың шектеулі пайдалылығы оның мөлшеріне, ғана емес, сол сияқты осы қажеттілікті қанағаттандыра алатын да тауарлардың мөлшеріне де қатысты. Бірін-бірі айырбастай беретін мұндай тауарлар - "субституттар" деп аталады. Нан мен картоп субституттар. Жеке адамның қажеттілігін қанағаттандыратын тамағындағы нанның шектеулі пайдалылығы мен мөлшеріне ғана емес, ондағы бар картоп мөлшеріне де қатысты.
Шекті шығындар
Таңдау құралдары ең соңғы пайдалылықпен] шектелмейді. Оған өндіріс нәтижесінің ерекше түрі сияқты шығынның да ерекше түрі - "ең соңғы шығындар" сәйкес келеді.
Ең соңғы шығындар дегеніміз игіліктің қосымша бірліктерін өндіруге күтілген шығындар.
Ең соңғы мөлшер - бұл жалпы қосымша мөлшер. Тандау кезінде олардың мәні бар. Мысалы, өндірісті ұлғайтуды шешуде "қайтарылмайтын шығындар" деп аталатын игеріліп ғамдандыру емес, тек жаңа, алда тұрған (қосымша, ең соңғы) шығындар назарға алынады.
Ең соңғы (шектеулі) шығындарды "орташа шығындардан" ажырата білу керек. Олардың арасындағы айырмашылықтарды түсінуге келесі мысал көмектесе алады : А" тауарды өндірісінің көлемі Өндірушінің шығындары
а) 35 бірлік 3500 теңге
б) 36 бірлік 3564 теңге
в) 37 бірлік 3626 теңге
Көріп отырсыздар, бірінші жағдайда барлық 35 бірлік тауардың әр бірлігіне орташа 100 теңге шығын жұмсау арқылы өндіріліп отыр. 36 бірліктің әрбіріне орташа шығын 99 теңге. 37 бірлікке 98 теңгеден. Естеріңізге салайық, орташа шығындар шығын мөлшерінің өндіріс көлеміне қатынасымен анықталады. Онда бұрынғы және қосымша шығындар ең соңғы (қосымша) шығындармен салыстырылады. Мысалы, 36-шы бірлікті өндіруге жұмсалған шығын 64 теңге (3564-3500), ал 37-шісіне жұмсалғаны 62 теңге (3626-3564) .
Ең соңғы шығынның орташа шығынынан елеулі айырмашылығы бар. Бірақ өндірісті дамыту, қандай бір болмасын тауарды өндіруді арттыру немесе азайту мәселесін шешу жолын тандай отырып өнім өндіруші ең алдымен ең соңғы шығындарды ұстанады. Бұл жағдайда ол ең соңғы (шектеулі) шығындар өндіріс факторлары өнімділігінің азаюы салдарынан өсетінін ескеру керек. Соңдықтан тауарлардың қосымша мөлшерін өндіру өз кезегінде ресурстардың көп бөлігін қосуды талап етеді.
Баламалы құн
Ең соңғы (шектеулі) шығындар дегеніміздің өзі "баламалы шығындар", немесе жұмсалған шығындар баламасы. Тағы да өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығын еске алайық, "А" тауарын өндіруші үшін шығындар аса қажетті ресурстарды алуға жұмсалғанымен тең болады. Бірақ ресурстарды пайдаланудың басқа да мүмкіндігі "В" тауарын басқа да көптеген тауарларды, әрине қисық сызықтың сыртында қалған шығару бар. Қанша дегенмен мүмкін баламалар арасында жақсылары бар. Ол "А" тауарының баламалы құны бола отырып, оның өндірістік шығындарын анықтайды. Сонда аталмыш тауардың шектеулі (ең соңғы) шығыны, былайша айтқанда қосымша бірлігін шығаруға жұмсалған шығын, осы бірлікті алу үшін бас тартуға тура келетін құнға тең.
Басқа да шектеулі мөлшерлер
Шектеулі мөлшерлер экономикалық қызметтің барлық саласында бар. Өнім өндірішінің жаңадан қаржы жұмсауға шешім жасауы, өткен жолғы инвестициядан түскен кіріспен емес, жаңасынан шамамен күтілген пайдамен анықталуда. Кәсіпорында еңбек етушілер санының артуы туралы да осыны айтуға болады. Жұмысқа жаңа адамды тарту бұрыннан жұмыс істеп жатқандардың қанша өнім өндіргендеріне емес, жаңа қызметкердің кәсіпорынға не беретініне қатысты. Қызметтің тиімді жолын таңдау үшін "шектеулі кіріс", "шектеулі өнімділік" және "шектеулі өнім" дегендердің мәні жоғары. Шектеулі мөлшердің тәжірибелік мәні осында, өйткені олар өндіріс өсуінің экономикалық тиімділігін болжайды. Олай болса, шектеулі кіріс - тауардың қосымша бірлігін өндіруден алынған кіріс, шектеулі өнімділік - өндіріс факторлары қосымша шығынның нәтижелілігі, ал шектеулі өнім - жаңа қызметкер өндірген қосымша өнім.
Шектеулі мөлшер тіліндегі "алтын" ереже
Таңдау экономикалық субъект екендігінен ғана емес, оның жауапкершілігінің пайда болуынан туындайды. Әңгіме орынды тандау, яғни "алтын" ережені сақтау шеңберіндегі таңдау үшін жауапкершілік жайында болып отыр. "Шектеулі мөлшерлер" осы ережені нақтылау ғана.
Қандай бір болмасын тауар өндіру немесе қызмет көрсету шектеулі шығындар шектеулі кіріске теңелгенге дейін мақсатты. Бұл пайдалынылатын ресурстар мөлшерін "соңғы" бірлік ресурсына жұмсалған қаржы тиімділіп кайтарымға (3-ші тақырыпқа арналған 2-ші графикті қараныз) теңелгенге дейін арттыруға бару деген сөз. Графикте көрініп тұрғандай "К" нүктесінде азаюші шектеулі кірістер өсіп отырған шектеулі шығындарға теңесуде. Бұл жағдайда "ОКІ" кесіндісінде көрсетілген мөлшерде өндірілген игіліктің ең жоғары пайдалалылығына қол жеткізіледі. Осы нүктеге дейін өндірістер, сондай-ақ ресурстар жұмсауды арттырып отыру керек, одан кейін қысқарту керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz