Оңтүстік өңіріндегі тарихи ескерткіштер


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Оңтүстік өңіріндегі тарихи ескерткіштер.

2. Оңтүстік өңіріндегі зертеуші ғалымдар

Қорытынды.

Ұлы Жібек жолының облыс аркылы өтетін бөліктері бойында көнеден сыр шертетін қалалар мен кенттердің, қорғандардың, түрлі мәдени ескерткіш-тердің, ғажайьш сәулет өнерінің баға жетпес үлгілері, тұтастай және жартылай сақгалған қалдықгары, аз ғана бөліктері, жұрнақ-жұканалары, жойылуға шақ тұрған қирандылары көп-ақ. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнерінің ерекше ескергкіші. Ол ең алып, зәулім және тарихи-мәдени мән-маңызы жағынан ешқандай теңдесі жоқ кұрылыс болып саналады. Кесененің ені 46, 5 м, ұзындығы 12, 5 м, ал биіктігі 40 м. Симметриялы тік бұрышты кешен өзара басқалар мен дәліздер арқылы байланысқан әр түрлі 35 бөлмеден тұрады. Дәліздер ғимаратгы бір-біріне тәуелсіз 8 бөлікке бөліп түр. Бұл оның жер сілкінісіне төзімділігін арттырмақ мақсатта жасалған. Диаметрі 18, 2 м болатын орталық күмбез Орта Азияда сақгалған ескерткіш күмбездерінің ішіндегі ең үлкені. Түркістанның 1500 жылдығы карсаңында кесенені қалпына келтіру мен жаңарту бағдарламасының жетіжылдық кезеңі аяқталды. Иасауи түлғасы мен оған арнап салынған алып кесененің де құпия касиетгері аз емес. Олардың сырына қанығып, ғажап құрылысты күтіп ұстау - ұрпақгардың абзал парызы.

Отырар өңірі - тұнып тұрған шежіре, таусылмас тарих. Ежелгі қаланың орны әр кезде қазылып, зерттелуде. Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесі де бірегей мәдени, діни, тарихи ескерткіш болып табылады. Оның маңайында соңғы жылдары жаңа, кешенді құрылыстар салына бастады. Созақ ауданының Бабаата ауылындағы Баба-ата кесенесі мен мешіт-медресені қалпына келтіру қолға алынды.

Қазір облыста мінәжат, зиярат жасау орындары және сәулет ескерткіштері бойынан ежелгі дәстүрлерінен танысу мақсатында қолөнер шеберханаларында болу да қарастырылған. Бұларға қосымша тарихи орындарға бес бағыт белгіленген, олар - Ақсу - Жабағылы, Машат демалыс аймақтары, Қырыққыз, Біркөлік, Ақниет туристік базалары, Қызылкөл.

Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін тарихи-мәдени, киелі-қасиетті, әулиелі орындар, кесене-күмбездер қалпына келтіріле бастады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесін күрделі түрде қалпына келтіруге Түркия мемлекеті көмектесті. Республика және облыс бөлген қаржымен, әсіресе, жеке азаматтар бойынша алғанда жеті түрлі туристік маршрут белгіленген. Олардың бағдарламала-ры мен ұзақтығы да әр түрлі, бір немесе үш күндік болып келеді. Ол бағдарламаларға Сайрам ауданындағы Ыбырайым ата мен Қарашаш ана кесенелері, Отырар ауданындағы Арыстанбаб әулие кесенесі, Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан мұражай-қорығы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің тарихи-мәдени сәулет кешені, Ордабасы ауданындағы Қажы-мүқан Мұңайтпасұлы мұражайы, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек баба мен Домалақ ана кесенелері және Созақ ауданындағы Қарабура әулие кесенесі енгізілген. Сонлай-ақ осы жұртшылықгың жұмылуымен көптеген кесенелер жөнделді. Соңғы жылдар ішінде Арыстанбаб, Ұзыната, Баба Түкті Шашты Әзіз, Жабайата, Саңғыл би, Бабаата, Қарабура әулие, Ысмайыл ата, Бәйдібек баба, Домалақ ана, Бес ана, Өзбекстандағы Төле би, Шымыр баба кесенеле-

рінің кейбіреулері қалпына келтірілді, бір-қатарлары жаңадан салынды.

Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында, көнеден келе жатқан Кәлен баб мазары маңында сәулет өнерінің бұрынғы және соңғы үлгілерін үйлестіре ұштастырған Жаныс баба кесенесі бой көтерді.

Қаратау жотасының беткейіндегі ертедегі керуен жолы бойындағы Ақтөбе (4 - 6 ғ. ), Қошқарата (6 - 8 ғ. ), Созақ (10 - 18 ғ. ), Майтөбе (11-16 ғ. ), Шолаққорған (13 - 18 ғ. ), т. б. көне қорғандар мен ескерткіштер, тасқа түскен таңбалары бар Арпаөзен, Жүнісата, Қойбағар шатқалдары туристер қызыға көретін орындарға айналып отыр.

Облыс көлеміндегі православиелік ғибадат орындарының ішінде ерекше көзге түсетіні - Шымкенттегі Никольск шіркеуі. Ол орыс мәнері аталатын үлгіде салынған және Түркістан епархиясының ең тамаша шіркеулерінің бірі болып есептеледі.

1993 жылғы мамыр айында Ордабасы тауында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды ұлы бабаларды еске алуға арналған ұлы жиын өткізілді. Онда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларының Президенттері атақты Тутөбе биігіне көтеріліп, Ордабасы Декларациясын қабылдады. 18 ғасырдағы жоңғар шапкын-шылығына қарсы күрес пен елді азат ету майдандарындағы ұлы ерліктер еске алынды. Аталмыш жиынға 150 мыңнан аса адам қатысты. Сол жиынның белгісі ретінде Ордабасы тауының биігіне "Бірлік монументі" орнатылды. Оны 1998 ж. қыркүйек айында Елбасының өзі келіп ашты. Қазір Бірлік монументі де елеулі ескерткішке, жастар жиі келетін қасиетті орынға айналған. 2004 ж. облыстың туристік ұйымдары 5731 адамға туристік қызмет көрсетті. Оның ішінде 391 шетелдік туристер болды.

Оңтүстік Қазақстан жерінде археологиялық ескерткіштердің көптігі мен әртектілігі ертеден-ақ әуесқой өлкетанушылар мен маман зертте-ушілердің назарын өзіне аударғанды.

Облыс жеріндегі Сырдария, Арыс, Келес, Бөген, Арыстанды, Шаян секілді үлкенді-кішілі өзен алқаптарында ертедегі қалалар, бекіністер мен керуен-сарайлардың қирағая қлпдықтары, кішігірім ауылдар мен

зираттардың орны көптеп кездеседі. Міне, бұл белгілі тарихшы А. Н. Бернштам бастаған Оңтүстік Қазаңстан: археологиялық экспедициясы мүшелерінің пікірі.

Бүгінгі біздің әңгіллеміздің желісі' жоғарыда аталған өзендердің бірі - Келестің бойьшдағы көне мәдениет ескерткіштерінің зерттелу тарихы жайында болмаң. Келес - Сырдария өзенінің көне сағаларының бірі. Соңғы кездегі археологиялың зерігеулер Оорыеында оның бойындағы жоталар мен тау қыраттарын адам баласы сонау тас дәуірінен бастап мекен етіп келе жатқаын дәлелдейтін деректер жинақталды. Бұлар көшпенділердің обалар тобыын бастап, ортағасырлық қалалардың, қоныстардың, бекіністердің, елді мекендердің қираған қалдыңтары болып есептелетін үлкенді-кішілі төбелер (төрткүл төбелер) түрінде сақталған. Мұндай төбелерді Келес бойындағы қазіргі елді мекендердің кез-келгенінің маңынан ұшырастыруға болады. Демек, Келес бойындағы ме-кен-жайлар ертеден-ақ дәл қазіргідей тығыз орналасқан деп жорамалдауға негіз бар.

Шындығында да Келес даласы археологиялың ескерткіштерге өте бай. Бұл даладаи сонау тас дәуірінің тұрақтарынан бастап, соңғы кездегі сағаларға дейін кездестіруге болады. Осылай бола тұра бұл өңір өте аз зерттелген.

XIX ғасырдың аяғында Келес даласына ең алғаш рет кеңіл аударған өлкетанушы Е. Т. Смирнов. Ол: «Құрың-Келес, Келес, Шыршық, Ангрен өзендерін бойлай Сырдарияға жеткенше жағалай орналасқан көптеген төбелер көне қоныстардың қалдықтары. Бұл төбелер әрқилы кезеңдерге жатады, тек нақтылы жүргізілген зерттеу жұмыстары ғана олардың мәдениеті мен өмір сүрген уақыты жайлы мәлімет алуға мүмкіндік береді» 1 - деп жазған болатын.

Кейіннен біздің ғасырымыздың қырқынша жылдарында Сақ тайпаларының мәдениетін зерттеуші белгілі археолог Г. В. Григорьев Ңауыншы мәдениетінің ескерткіштерін зёрттеу барысында Келестің бойына да қызыға көз тіккен болатын. Ол Ташкент пен Шарапхананы жалғастырып жатқан жолдың жағасында ерте дәуірлерге жататын үлкенді-кішілі төбелермен қатар мұсылман кезіне тән және оған дейінгі қалалар мен Қоныстардың қалдықтары көлтеп кездесетінін сөз ете келіп, бұл өрдің Қазаңстан бөлігі зерттелмей қалғандығын айтқан болатын.

Осыдан көп ұзамай 194/-1948 жылдары Оңтүстікке қарай арнайы экспедиция шықты. Бұл топтың мақсаты Қаратау бөктері мен Сырдария бассейні аралығында зерттеу жүргізу және ғундар мен оғыздарың қазақ тарихындағы орны мен рөлін анықтау болды. Осы Оңтүстік Қазақстан археологиялың экспедициясы өздері зерттеп жатқан аймаңты оңтүстікте Ташкент оазисімен жалғастыру мақсатымен Келес өңірінде де бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өкінішке орай бұл ауданда жүргізілген зерттеупер биік деңгейде болмады.


Экспедиция өздері жүріп өткен Келестің бөлігінен бірқатар көшпелі -тайпалардың молаларымен қатар, небәрі төрт-ақ төбені (Қара төбе, Ақпайчқан, Жартытөбе, Шарапхана) кездестіре алды. Осының салдарынан болуы керек, зерттеушілёр «Келес өңіріндегі табиғат жағдайының өмір сүруге қолайлылығына қарамастан бұл ауданда көне қалалар мен қоныстардың қалдықтары өте сирек кездеседі»-деген қорытынды шығарды. Шындығында олай емес болатын. Ол туралы кейінірек айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсуат ауылдық округі
Сақ ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялар
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz