Өндіріс есебінің ұйымдастырылуы
Кіріспе
І тарау. Кәсіпорындағы негізгі өндіріс жұмысының ұйымдастырылуы
1.1 Өндіріс . экономикалық игіліктер көзі, өмірді қамтамасыз ету негізі
1.2 Өнеркәсіп саласының өндірістік бағдарламасы
ІІ тарау. Ұзақ мерзімді акивтер аудиті
2.1 Ағымдағы міндеттемелер аудиті
2.2 Кәсіпорын кірістерінің есебі
ІІІ тарау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
3.1 Шаруашылық субъектінің қаржы тұрақтылы
3.2 Шаруашылық субъектінің іскерлік белсенділігі
3.3 Шаруашылық субъектінің қызметінің тиімділігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Курстық жұмыстың тақырыбы «Өндіріс есебінің ұйымдастырылуы » болып табылады.
Осы курстық жұмысты жазу үшін төмендегі авторлардың еңбегі пайдаланылды: К.К. Жуйриков, С.Р. Раимов, В.В.Бочаров, В.Е. Леонтьев, Баймаханов , В.К Радостовец, В.В Радостовец, О.И Шмидт, Т.Ғ Ғабдуллин және т.б.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындағы негізгі өндіріс есебі және оның талдауы,кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады . Кәсіпорын пайдасы оның тапқан табыстары мен шеккен зияндарының арасындағы айырма ретінде анықталады . Дегенмен , белгілі бір шығындарды шығармай , пайда алу мүмкін емес . Ал , табыс алмай кәсіпорынның көздеген мақсаты – табыс табу болып табылады .

1. Бухгалтерлік есеп стандарты –Алматы, 2005
2. Типтік шот жоспары– Алматы,2005
3. Радостовец В.К., Габдуллин Т.Г., Радостовец В.В., Шмидт О.И.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі:Алматы 2004
4. Кеулимжаев К.К., Ажибаев З.Н., Кудайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп принциптері –Алматы: экономикс.2003
5. Баймуханов С.Б. Бухгалтерский учет . Алматы.2005
6. Ержанов М.С., ержанова С.учетная политика-Алматы.1997
7. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятий: Изд.2-е доп. И перераб. –Алматы: Центраудит-казахстан.2003
8. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю.Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы 2000
9. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Москва 2004
10. Мацкевичюс И.С. Анализ калькулирования себестоимости продукции в странах СЭВ-М: Финансы
11. Сатубалдин С.С. Учет затрат на производство в промышленности США-М.,1980
12. Василько А.И., Миневский А.И. Учет и анализ распределения косвенных затрат в промышленности-М: Финансы и статистика 1985

Жоспары:
Кіріспе
І тарау. Кәсіпорындағы негізгі өндіріс жұмысының ұйымдастырылуы
1.1 Өндіріс – экономикалық игіліктер көзі, өмірді қамтамасыз ету негізі
1.2 Өнеркәсіп саласының өндірістік бағдарламасы
ІІ тарау. Ұзақ мерзімді акивтер аудиті
2.1 Ағымдағы міндеттемелер аудиті
2.2 Кәсіпорын кірістерінің есебі
ІІІ тарау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
3.1 Шаруашылық субъектінің қаржы тұрақтылы
3.2 Шаруашылық субъектінің іскерлік белсенділігі
3.3 Шаруашылық субъектінің қызметінің тиімділігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы Өндіріс есебінің ұйымдастырылуы болып
табылады.
Осы курстық жұмысты жазу үшін төмендегі авторлардың еңбегі
пайдаланылды: К.К. Жуйриков, С.Р. Раимов, В.В.Бочаров, В.Е. Леонтьев,
Баймаханов , В.К Радостовец, В.В Радостовец, О.И Шмидт, Т.Ғ Ғабдуллин және
т.б.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындағы негізгі өндіріс
есебі және оның талдауы,кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет
етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады . Кәсіпорын
пайдасы оның тапқан табыстары мен шеккен зияндарының арасындағы айырма
ретінде анықталады . Дегенмен , белгілі бір шығындарды шығармай , пайда алу
мүмкін емес . Ал , табыс алмай кәсіпорынның көздеген мақсаты – табыс табу
болып табылады .
Кәсіпорынның нарықтық эконномикалық жағдайында қызмет етуінің
экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады.Табыстар дегеніміз-
қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі,не болмаса пассивтердің азаюы
түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады,бұл
акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне
әкеледі.
Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке-дара өндірісі бар
кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады.
Барлық тікелей шығындар әрбір тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура
баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік
бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан соң ол орындаушы-цехқа және
бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда
жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы,
өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады.
Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан
тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық әрекетінен түсетін
табыстарды және шығындарды анықтау мен олардың есебін жүргізу болып
табылады
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалды :
- кәсіпорынның табысын анықтау және оның мәні мен мазмұнын ашу;
- кәсіпорынның бөлінуін қарастыру ;
- кірістің қазіргі таңда пайдалану арналары ;
- кәсіпорынның кірістерінің есебін ұйымдастыру .
Бұл курстық жұмыс құрылымы кіріспеден ,үш тараудан , қорытындыдан
, және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарауда Өндіріс – экономикалық игіліктер көзі, өмірді қамтамасыз
ету негізі , өнімді шығару және оның сапасына қойылатын талаптары және
өнеркәсіп саласының өндірістік бағдарламасы қарастырылған.
Екінші тарауда Кәсіпорындағы негізгі өндіріс есебі және өнімнің
өзіндік құнын аудиттеудің маңыздылығы мен қажеттілігі және кәсіпорын
кірістерінің есебі
Үшінші тарауда жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданып
қарастырылған.

1.1. Өндіріс – экономикалық игіліктер көзі, өмірді қамтамасыз ету
негізі.
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті
материалдардың және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы
алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сиымды абстракция, себебі ол шын
мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және де ол өнеркәсіп ауыл
шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Қазіргі еліміздің дәуіріндегі ғылыми – техникалық прогресстің
бағыттарының алдына қойған негізгі мәселелері. Жаңа техникалық прогресстер
мен операцияларды ұтымды қолдану болып отыр.
Технология ұғымы грек тілінен алынған. Нақты аудармасы шеберлік
(кәсіптік) жайлы ілім. Бұл бес жылдықтарында қанат жайып дами бастады.
Технология – электронды енгізу, қайта реттелетін технологияларды ашу,
қолайлы процестер табудың тәсілдерін ашу. Технологиялық революцияның жалпы
тіліктері еркін еңбек, ізденіс және еңбектік бәсекелесті өрістету б.т.
Қазіргі ғылыми техникалық революцияның жетістіктерінің бірі - өндірісте
автомат тандырылған өндіріс жүйелерінің пайда болуы, бұлар өндірістің
сапасын арттырып, оны кешенді түрде автоматтандырып және сол арқылы еңбек
ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік ашып отыр.
Бүгінгі автоматтандыру дегеніміз – ғылыми – техникалық прогестің
маңызды буыны. Оның даму бағыттары өндірістің тегімен анықталады.
Өндірістік қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды өнімді
шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан
және белгілі бір мақсатпен жасалатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету
жағдайын анықтайды. Экономиканың қайсысы болмасын өндіріспен, экономикалық
өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды. Кәсіпорын өнім
шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты
молайтудың негізін қолайлы. Әрбір өндіріс кеәсіпорын, цехтарын,
учаскелерін, қосалқы шаруашылықты басқару және ұйымдастыру шаруашылығын
ұйымдастырудан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы олардың саны мен өзара қарым –
қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшының саны кәсіпорынның жалпы
құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс
шығындарын, табиғи байлық техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін
анықтауға ықпал жасады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі
болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндірістік
процестерде белгілі – бір жұмысты атқаратын буын. Цехтің 3 түрі бар.
1. Негізгі
2. Қосалқы
3. Көмекші
Негізгі цех – сатуға әзірленген дайын өнімді шығару.
Көмекші цех – құрал жабдықтар, жөңдеу жұмыстары, энергиялық, көлік
цехтары жатады.
Қосалқы цех – қайта өңдеу цехтары шығарылатын өнімді безендіретін
қораптар мен басқа да жұмыстар жатады яғни орау, жүктеу, тасымалдау,
түсіру.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық
элементтерді тұтына отырып, өзін - өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану
процесінде өзін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шекізат пен
материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді.
Тұтынусыз өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана 3 фактордың
– алдымен жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс - әрекеті
арқылы жүзеге асуы мүмкін. 1- ші фактор жеке түрде жүзеге асса, 2- ші мен 3
– ші өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады.
Жұмыс күші бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы
және өндірістің өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет
көрсетуінде қолданады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, өндірістің 2
жағы болады:
1)өндіргіш күштер
2)өндірістік қатынастар
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек
құралдары с.қ материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамның
басты құрал жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер
алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады. Мысалы:
маржинализм теориясының топтауынша 4 өдіріс факторы бар: жер, еңбек,
капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер – табиғи фактор ретінде қарастырылды. Бұған табиғат байлық,
пайдалы қазба қоры, орман және т.б.
Капитал – бұл машина, құрал жабдықтар, қойма, көлік және басқа
құралдары.
Еңбек адамның ақыл ойы және қызметтерін көрсетеді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті
ұйымдастыруда ынтайлықты, төзімділікті және тәуекелдікті көрсетеді.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін сапасы жөніндегі мәселені жан жақты
қарастырған жөн. Ол үшін шекізат, материалдар, өндірістің теникалық
құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланыстықойылатын талаптар
өзара келісуі қажет. Көптеген өндірісті кәсіпорындар өнім сапасын басқару
үшін Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін дайындауы қажет. Кешенді
жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық
кезеңдерінде өніс сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық,
әлеуметтік, техникалық шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік талап
қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларына
(болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнім өндіру және т.б.)
жүргізіледі.
Өнімді болжау және дайындау сатысында модельдердің жаңа үлгілерін
жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстар атқарылады. Өнімнің
техникалық деңгейін бағалау үшін әлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі
бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді.
Өшімді төндірісте игеру және өнімді дайындау кезеңіне байланысты
әлемдік деңгейіне сай келетін көрсеткіштердің екі катерогиясы анықталады:
өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалық деңгейін бағалау үшін
қолданылатын әлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың
техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық әлемдік
деңгей.
Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау және өнімді өндіру
сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының
жоғары деңгейіне жету үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру, оларды
бағалау мен бақылау енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Өнімнің айналымы мен өткізу өткізу сатысында дайын өнімнің сапасын
тасымалдау, сақтау сату кезеңде стандарттар мен техникалық шарттарға сай
болуын барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату мен тұтыну
кезінде рекламация мен ақауларды талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық
сұранысты зерттеу жұмыстары жан – жақты жүргізілуі қажет.
Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім
сапасын басқа шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен
бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында
өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты
жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.
Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын
басқару жүйесі қолданылуы тиіс.
Бұл жүйенің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлар мен
қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын
өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылымы – техникалық,
өндіріс әлеуметтік – экономикалық мүмкіндіктерді жан – жақты пайдалану
қажет болады.
Сонымен қатар аталған мақсатқа жету үшін жаңа өнім түрлерін жасау
және оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен
ескерген өнім түрлерін өндіріспен алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу
және қолдану барысында сапасы жоғалтпау жұмыстары жүргізілуі қажет.
Өнім сапасын басқару жүйесін тиімді жүзеге асырудың негізгі
шарттарының біріне оны техникалық бақылауды ұтымды ұйымдастыру жатады.
Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау операциялары
және оның тізбектелегі, техникалық жабдықтау, жұмыс істеу режимдері,
әдістер, бақылау операцияларын механикаландыру және автоматтандыру
құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып саналады
да, өндірістің технологиясымен техникалық бақылау бөлімнің қатысуымен
немесе олардың келісімімен дайындалады. Міндетті түрде бекітілетін
технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.
Бақылау операцияларын орындаушыларға жұмысшылар, бригадтрлер,
өндірістік бөлімдердің шеберлері жатады. Алдын ала белгіленге сапамен өнім
өндіруді қамтамасыз ететін арнаулы қызмет атқарушы бөлім жұмыс істейді.
Өнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша топталады.
Өндірістік үрдіске қатысты бақылау кіруші, операциялық, шығушы болып
үшке бөлінеді. Кіруші бақылау дегеніміз кәсіпорынға келіп түсетін
материалдық – техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік
байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызылатын болса, операциялық бақылауға
өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылау жатады, шығушы
бақылауға дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталған дайын бөліктерді
бақылау жатады.
Атқаратын міндетіне қарай бақылау ағындық, қабылдау, инспекциялық болып
тағы үш топқа бөлінеді. Ағындық бақылауға өндірістегі ақауды болдырмау
мақсатында болатын бақылау түрін айтады; қабылдауды бақылау іске жарайтын
еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшін жүргізілетін
бақылау жатады; инспекциялық бақылау өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс
сапасын бағалаумен айналысатын қызметкерлердің жұмысын айтады.
Объекті қамту дәрежесіне байланысты бақылау жалпы – дайындалатын
өнім немесе объектілердің бәрін тексеру; таңдамалы – дайындалатын өнімнің
немесе объектінің бір бөлігін тексеру болып бөлінеді.
Бақылау операцияларын жүргізу орнына байланысты стационарлық және
жылжымалы болып бөлінеді.
1.2. Өнеркәсіп саласының өндірістік бағдарламасы.
Кәсіпорынның жылдық өндіріс бағдарламасына сәйкес келешекке даму
жоспарынның негізінде мемлекет тұтынушылармен келісім шартты және
жабдықтаушы мекемелерімен өндіріс қуаттылығын өнім наменклатурасы өнімді
дайындау мерзімімен өндіріс жобасын анықтайды. Өндіріс бағдарламасы
төмендегідей жағдайға анықталады:
1. Жоспарланған жылы сатылатын өнімнің барлық наменклатурасы ассортименті
белгіленіп, тұтынушылармен келісіледі.
2. Жоспарланған мерзімде қоймадағы дайын өнім сапасы тиеліп жіберген өнім
көлемі сол сияқты керекті запастардың өндірісте өзгеруі және алдағы
мерзімде күтілетін мерзімде дайындалады.
3. Аяқталып бітпеген өндіріс деңгейінің мөлшері және оны жоспарлау
мерзімінде орын алатын керекті өзгерістері анықталады.
Өндіріс бағдарламасын жоспарлауда табиғи, еңбек және құнды өлшемдер
қолданады. Табиғи өлшемдер арқылы кәсіпорынның жұмысшылары күшіне
шекізатқа, отынға, электр қуатына жабдықтарға қажетті анықтайды. Дегенмен,
әртүрлі көрсеткіштерді жинақтау және біріктіру іс жүзінде мүмкін емес.
Өндіріс көлемінде еңбек көлемінде анықтауда ереже бойынша мөлшер сағат және
еңбек өнімділігі еңбек ақы төлеу мөлшерін анықтау үшін табиғи жағымен
үйлесуімен пайдаланады. Өндіріс көлемі құн өлшемінде жинақтаушы көрсеткіш
ретінде кәсіпорынның барлық жоспарлар тауарларын бір – бірімен байланысын
әмбебап түрінде қолданылады. Өндіріс көлемі тауарлы жалпы және сатылған
өнімдер көрсеткіштермен сипатталады.
Тауарлы өнімнің көлемі немесе сатуға арналған дайын өнім мына формамен
анықталады:
Т = Тс + Тққ + Тжф + Тнқ
Мұндағы:
Т – тауарлы өнім көлемі.
Тс – сыртқы сатуға дайындалған дайын өнім бұйымдары (қызмет немесе
жұмыс).
Тққ – бұл кәсіпорында өзінің шаруашылығына күрделі қаржыға керекті
дайын өнімнің құны.
Тжф – сыртқа сатуға арналған өзі өндірген жартылай фабриканың құны.
Тнқ - өзі өндірген негізгі қорлардың құны.
Жалпы өнім көлеміне жалпы жұмыс көлемінен есепті жылы орындауға
белгіленген және орындалған барлық өнім және қызмет түрлері жатады. Жалпы
өнім көлемі мына формула арқылы анықталады:
Ж = Т + (Өс - Өб) + (Ас - Аб)
Мұндағы: Ж - жалпы өнім көлемі.
Т – тауарлы өнім көлемі.
Өс, Өб – аяқталып бітпеген өндірістің тиісінше соңындағы және бастапқы
мезгілдегі құны.
Ас, Аб - өзі өндірген арнаулы аспаптар жартылай фабрикаттардың
соңындағы және бастапқы мезгілдегі құны.
Сатылған өнім көлемі бұл – кәсіпорынның көрсеткіштерінің бірі. Сатылған
өнімнің көлемі арқылы анықталады:
С = Т + (Рб - Рс) + (Тсб - Тсс)
Мұндағы: С – сатылған өнім көлемі.
Т – тауарлы өнім көлемі.
Рб, Рс – сатылған өнімнің бастапқы және соңғы мезгілдегі құны.
Тсб, Тсс – сатып алушыға сақталуға берілген өнімнің бастапқы және соңғы
мезгілдегі құны.
Өнімнің жеке түрлеріне немесе шығарылатын бұйым көлеміне табиғи
көрсеткіштер белгімде. Дана, тонна кәсіпорын бойынша тауарлы жалпы және
сатылған өнімдер ақшадай көрсеткішінде көрсетіледі.
Бизнес жоспардың мақсатымен құрылымы. Қандай да болмасың бизнес жоспардың
мақсаты қызметтердің нәтижесін қажет ететін болып табылады. Бизнес
жоспардың міндеті бизнестің экономикалық сәйкестігін және техникалық
мүмкіндіктерін нәтижелердің параметрлері белгілі бір мақсатта анықтау болып
табылады.Осының негізінде нарық каниктурасын болжау. Маркетинг
стратегиясының әзірлемесін болжау қаржылық және ұйымдық саясаты
қалыптастыру инвестициялық прогресстің негіздеме ретінде экономикалық
тиімді алуға шарт белгіленеді. Бизнес жоспарда мынадай негізгі міндеттер
шешіледі:
1. Мекеменің қажеттіліктері нармативтері құқықтық аспектілері
нақтыланады.
2. Материалдарға бастапқы талдау жасалынады. Жоспардың жағдайына
бизнестің техникалық жай күйінің көрсеткіштері халықтың демографиялық
және әлеуметтік құрылымына және т.б.
3. Индистициялық программалар жобаларын қалыптастырады.
4. Жобалық ұсыныстың іске асыру шарттарын анықтайды.
5. Корпарацияның өндірістік қызметінің жағдайына болжау жасайды.
6. Маркетингтік стратегиялары әзірленеді.
7. Сақтандыру жағдайын комерциялық тәуекелінің түрлерін нақтылайды.
8. Резюме дайындайды.
9. Шығындарды бағалайды.
10. Қызметтің нақты бағытталуын анықтайды.
Бизнес жоспар – нарық шаруашылығының категориясы. Корпарация табысын
жоғарлатудың тексерілген құралы болып саналады. Бизнес жоспардың ағымдық
қызметі үш бөліктен құралады: 1.Бизнестің сипаттамасы яғни өндірістік және
маркетингтік бөлімдері. 2. Қаржылық ақпарат яғни баланс, қаржылық жоспар.
3. Жөнелтпе құжаттар яғни ұйымдық және заңдылық жоспар контракттың
көшірмесі, лицензия құжаттар.
Бизнес жоспарды әзірлеуді негізгі құралы смета болып табылады.
Смета – есеп айырысу формасы. Яғни алдағы уақыттағы корпарация
программасының толық іс - әрекетін анықтайды. Сметаларды құру – бизнес
жоспардың табиғи аяқталуы. Яғни ол, ағымдық жағдайларды және міндеттермен
мақсаттарды құрайды.
Корпарациядағы бизнес жоспарды әзірлеу кезінде мынадай сметалар құрылады.
1. Сату сметасы
2. Өндіріс сметасы
3. Тікелей материалды шығын сметасы
4. Табыстар мен шығындар сметасы
5. Ақша қаражаттарының сметасы.
ІІ тарау. Ұзақ мерзімді активтер аудиті.
2.1. Ағымдағы міндеттемелер аудиті
Аудитор негізгі құралдарды сатып алу бойынша операцияларды тексеру
үшін негізгі құралдар шоты бойынша айналым дедомостісін оқу қажет. Онда
негізгі құралдар обьектісінің сатып алу мен шығару операциясы бейнеленеді.
Кейбір кәсіпорындарда тек қана инвентарлық карточкалар жүргізілуі мүмкін.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебін ұйымдастыруда обьектінің толық
сипаттамасы міндетті шарт болып табылады. Ол сипаттамаларға: обьектінің
атауы, инвентарлық нөмірі, орналасқан орны, сатып алған мерзімі, техникалық
жағдайының сипаттамасы, бастапқы және жойылу құны, жинақталған тозу сомасы,
өтелім мөлшері, уақытша тоқтап тұруының себебі, обьектілерді сақталу қорына
аудару және пайдалану кезіндегі басқа да өзгерістер себебі.
Негізгі құралдардың қозғалысы келесідей құжаттармен дайындалады:
- қабылдау – тапсыру актісі;
- жөнделетін, қайта құрылатын обьектілерді қабылдау – тапсыру актісі;
- негізгі құралдарды есептен шығару бойынша актісі;
- негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасы;
- негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының тізімдемесі;
- негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы;
- жалға алынған негізгі құралдар есебінің карточкасы;
- негізгі құралдардың инвентарлық тізімі;
Аудитор алғашқы құжаттардың арифметикалық операцияларының
заңдылығын, мақсаттылыққа сәйкестігін тексеру қажет. Осы жұмыстарды жүргізу
барысында келесілерге көңіл бөледі:
- негізгі құралдар обьектісін берілген санатқа жатқызылудұрыстығын.
Кірістелу құжаттарында обьектіні негізгі құрал ретінде пайдалану туралы
басшы рұқсатының бар болуы.
- негізгі құралдардың қандай сала қызметіне қатысты екенін анықтау.
Одан амортизация мөлшері, әдісі және оны жабу көзі анықталады. Бухгалтерлік
есепте өндіріс саласындағы негізгі құралдардың амортизациясы өнімнің
өзіндік құнына қатысты, салық салу мақсатында шегерімі үшін. Әлеуметтік
сала бойынша негізгі құралдар обьектісінің амортизациясын өтеу көзі болып
субьектінің салық және міндетті төлемдерін төлегеннен кейінгі табысы
табылады.
- негізгі құралдардың жұмыс істеп тұруын қадағалайды. Олардың жұмысы
тоқтатылған болса жөнделуіне байланысты немесе шаруашылық қызметінің
болмауы жағдайларына байланысты себептерін анықтайды. Өйткені, шаруашылық
қызмет тоқтатылып тұрған кезде амортизация аударылмайды.
- негізгі құралдар обьектісін кіммен бекітілгені және материалдық
жауапты тұлғаның еспті кезеңі белгіленеді.
- негізгі құралдарды соңғы түгендеу кіммен және қай уақытта
жүргізілгендігін және оның нәтижесі тексеріледі.
- негізгі құралдардың бастапқы құнынан субьектінің жарғылық капиталын
құру кезіндегі құнына асып кетпегендігін тексереді. Бұл жағдай меншікті
бөлу кезінде ескеріледі.
- жалға алынған негізгі құралдардың жағдайы. оған жалға алу келісім –
шарты, жал төлемінің есебі, жал төлемі бойынша есеп айырысудың дұрыстығы,
мерзімділігі жатады. Ол жал түріне байланысты тексеріледі. Негізгі
құралдардың баланста немесе баланстан тыс есепте тіркелгендігі.
Тауарлы-материалдық құндылықтар мен дайын өнімнің нақты болуының есеп
деректерімен сәйкестігін тексеру кезінде біріншіден жылдық түгендеу
деректерін, екіншіден, сақтау орындарындағы жаппай тексеруді қажет ететін
қорлар тобын және таңдамалы тексеру үшін топтарды таңдап алу керектігін
қарастыру қажет.
Аудитор материалдық қорлар аудитін жүргізерде қорлардың қоймада
сақталу тәртібін, қолар жекелеген түрлерінің сақтау орындарындағы сақталу
жағдайының сәйкестігіне назар аударуға міндетті.
Егер материалдық құндылықтарды ұйымдастыру нақты өзіндік құнмен
есептелсе, онда 20 "материалдар" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдықтар
баланста "қорлар мен шығындар" баптарында көрсетілген деректермен сәйкес
болуы керек.
Бұдан басқа материалдардың жолдағы құны, яғни ақысы төленген
бірақ, есепті кезеңнің аяғына дейін алынбаған материалдар баланс жасаған
кезде "қорлар мен шығындар" баптарына қосылады, немесе шартты бухгалтерлік
жазба арқылы айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтарды есепке алу
туралы 20 "материалдар" бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі.
Айдың басында келесі есепті кезең үшін шартты бухгалтерлік жазба 20-бөлімше
шоттарының дебеті бойынша түзетіледі және жазба жасалады.
Ескере отырып, ұйым Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес түгендеу актісі негізінде айдың аяғындағы нарықтық құны
және материалдық құндылықтардың сатып алынғаннан бұрынғы құны туралы
мәлімет материалдық құндылықтардың құны жол ішінде төмендесе, егер олар
моральдік жағынан ескірсе немесе өзінің алғашқы сапасын ішінара жоғалтқан
жағдайда жыл аяғындағы бухгалтерлік балансты қорлар материалдар мен
шикізаттар, ыдыстар мен ыдыстық заттар, дайындауға берілген материалдар,
отындар, сатып алынған жартылай фабрикаттар және жиынтықты бұйымдар,
бөлшектер, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, дайын өнім және
қаржылық нәтиже құнының айырмашылығына жатқызылған мүмкін өткізу құны
бойынша сатып алынған тауарлар көрсетіледі.
Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі №7 "Тауарлы-материалдық
құндылықтар есебі" бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Стандарт мынадай сұрақтарды көрсетеді: тауарлы-материалдық құндылықтар
өлшемі, олардың өзіндік құны және бағасы, тауарлы-материалдық құндылықтарды
шығынға жатқызу, қаржылық есепте ашып көрсету.
Кәсіпорынның қаржы есебінде маңызды орынды дебиторлық қарыздар есебі
алады. Дебиторлық берешек дегеніміз - төлемдер бойынша басқа
кәсіпорындардың шаруашылық субъектіге берешегі. Дебиторлық берешек
кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізеді.Себебі олар
айналымға қатыспайды. Дебиторлық берешектер бойынша есептесу операцияларын
дұрыс жүргізу негізінде шаруашылық субъектілердің айналым құралдарының
жоғары айналымдылығы қалыптасады.
Дебиторлық берешектерге аудит жүргізуде ең маңызды орындаы
есептесулердің заңды және нақты орын алғанына назар аудару керек.
Аудит жүргізу жинақ тізімдемесі жасалады.Онда берешектер бойынша
төмендегі реквизиттер орын алады:
- дебитор атауы;
- берешек түрлері;
- пайда болу мерзімі;
- төлем құжатының жасалған күні:
- берешектің пайда болу себебі;
- берешекті өтеу бойынша орын алған жұмыстар.
Аудит жүргізу кезінде келеслерге назар аудару керек:
- өнімді жіберу келісім -шартының болу;
- жіберілген тауар материалдар үшін берешек сомасы дұрыс алынғанына
- мерзімі өткен төлемдердің есептен дұрыс шығарылғанына.
Шаруашылық субъектінің дебиторлық берешектерінің аудитын жүргізу
бағдарламасы
№№ Аудит процедурасы Ақпараттар көздері
1 Баланс көрсеткіштерінің Бухгалтерлік баланс, Бас кітап,
бас кітаппен сәйкестігі Шоттар:301,311,332
2 Синтетикалық және Бас кітап, берілген авнстар тізімдемесі,
аналитикалық шоттардың бастапқы құжаттар
дұрыс жүргізілуі
3 Дебиторлық берешектерге Есептесулер бойынша жасалған актілер,
түгендеу жүргізу жаупты тұлғалармен есептесу құжаты
4 Басқа да брершектер Журнал ордер№8, №33 бөлім шоттары, Бас
бойынша аудит кітап, авнстық есеп беру, есеп-төлем
құжаты
2.2. Кәсіпорын кірістерінің есебі
Дайын өнімді , жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомасы
есепті кезеңнің аяғында 5 – жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады. Бұл
кезде 5410 – шоты дебеттеліп ,5420 – шоты кредиттеледі.
6020 – алынған тауарларды сатудан түскен табыс шоты . Бұл шотта
алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады. Бұл шотты сауда
, сондай-ақ жабдықтау , делдалдық саласында және сыртқы сауа жұмысын
ұйымдастыруда қолданылады. Саудамен, делдалдық қызметпен және экспорттық-
импорттық операциялармен айналысатын кез келген өнеркәсіптік ,
ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындар олардың жарғысында алдын ала
ескерілген болса ғана , бұл аталған шотты қолдана алады. 6020 – шоты
бойынша жасалатын шоттардың корреспанденциясы жоғарыда келтірілген 6040–
шот бойынша жасалған корреспанденциямен бірдей болып келеді.
6030 – Құрылыс – монтаждау , жобалау – зерттеу, геологиялық барлау
, ғылыми зерттеу және басқа жұмыстарынан түскен табыс шоты. Шотты құрылыс
– монтаждау, геологиялық барлау, жобалау – зерттеу , ғылыми – зерттеу
кәсіпорындары мен ұйымдары тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындағаннан
түскен табысты орындау үшін пайдаланылады. Аталған шотты , кәсіпорындар
келтірген жұмыстардың түрлерін орындауы қарастырылған болса ғана пайдалана
алады. Шоттардың корреспанденциясы 6010 – шот бойынша жасалған шоттардың
корреспанденциясымен бірдей болып келген .
6040 – Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілген
қызметтерден түсетін кіріс шоты . Шотты теміржол , автакөлік , әуе жолы
, теңіз жолы , су жолы және көліктің басқа да түрлері жүктерді және
жолаушыларды тасымалдау бойынша тиісті қызметтерінен түскен табыстарды
есепке алу үшін қолданылады. Шоттардың корреспонденциясы 6010 – шоттың
корреспонденциясымен сәйкес болып келеді.
6050 – Жалдан алынатын кіріс шоты мүлікті жалға бергеннен түсетін
табыстар туралы ақпаратты жинақтауға арналған . Мүлікті жалға бергені үшін
алынатын жал төлемін есептегенде 6050 Жалдан алынған кіріс шоты
кредиттеледі де , мына төмендегі шоттар:
3210 – Тараптардың берешегі, 3220 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz