Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі
1.1. Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті ... ...8

ІІ Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясы
2.1. Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ІІІ Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардағы ақша ресурстарын басқарудағы қаржы менеджментінің экономикалық рөлін артттыру
3.1 Кәсіпорынның ақша ресурстарын басқарудағы қаржы менеджментінің қызметі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын кеңейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қосымшалар
Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады.
1. Мельников В. Қаржының жалпы курсы Алматы 2005
2. Дүйсенбаев К. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау Алматы, 2001
3. Кеулімжаев, Құдайбергенов Қаржылық есеп Экономика 2001
4. Құлпыбаев, Ілиясов Қаржы Алматы, 2004
5. Мейірбеков, Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2003
6. Кәсіпордар мен шаруашылықтардың жұмыстарына талдау Алматы, 1987
7. Қожаниязов Қазіргі экономика Тараз, 2001
8. Жолдасбаева Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2002
9. Баймуханов Шаруашылық жүргізу нысандары Алматы, 1997
10. Финансы. Учебник./Под редак. В. М. Родионовой. –Москва, 1992
11. Финансы предприятий. Москва 1995г
12. Балабанов А., Балабанова Финансы Санкт-Петербург 2000
13.Шуляк П.Н. Финансы предприятия Москва 2000
14.Ковалева А.М. Финансы Москва, 1999
15.Колчина Н.В. Финансы предприятий Москва, 2000

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедрасы: Есеп және Қаржы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің
рөлі

Орындаған: Қаржы-301 Рысбаев
Н.М.
Қабылдаған:
Аязбаев М.А.

Ақтөбе – 2008

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі
1.1. Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2. Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті ... ...8

ІІ Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің
қолданылу аясы
2.1. Кәсіпорынды басқарудағы қаржы
менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

ІІІ Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардағы ақша ресурстарын
басқарудағы қаржы менеджментінің экономикалық рөлін артттыру
3.1 Кәсіпорынның ақша ресурстарын басқарудағы қаржы менеджментінің қызметі
және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23
3.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің
қолданылу аясын
кеңейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 32
Қосымшалар

Кіріспе

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және
мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық
теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және
мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар
ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық сипатта
болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде
туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық
категориясына жатады.
Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет
меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру
процесінде басты роль атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының
материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай
қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы
азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды
қалыптастыру процесіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және
басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу процесінде қатысады.
Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі
болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген
ақшалай қатынастардың субьектілері болып табылады. Қаржы термині екі
мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады: 1) материалдық мағынада; 2)
экономикалық категория ретінде;
Бұл жерде айта кететін бір жайт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп
түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет
қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың
қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы-
ақшалар болып табылады. Ақшалар екі нысанда болады: қолда бар және құжат
жүзіндегі ақшалар.
Экономикалық категория ретінде деп қаржы деп, мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың
пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рольдері мен
маңызы олардың мынадай функциялары арқылы көрініс табады:
1) бөлу және қайта бөлу функциясы;
2) бақылау функциясы;
Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың
қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.
Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық
өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттік қарамағына
жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін
еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым
бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.
Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және
бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің
ақшалай ресрустарының ұтымды әрі пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп
қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу
және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе уәкілетті
органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.
Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын
қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын
қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы
қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады.

І Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі
1.1. Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне
де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субьектінің нысаналы ықпал
етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы мақстаты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың обьективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны кредитті және тағы басқаларын қоса
өндірістік қатынастардың ныснадарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару-бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Сөйтіп қаржыны басқару-бұл тиісті
қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі-бұл мақсатқа жетудің
құралы; қаржы саясаты-қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті
қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін обьектіге
мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы
жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің,
соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және сакнциялардың көмегімен
жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің
үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып
табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме;
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
- басқарудың ғылымилығы;
- басқарудағы жауапкершілік;
- шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден,
мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны
басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық
өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі
басқарудың обьектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша
қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де,
сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.
Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау
негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат
болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген
шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік,
статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды ақша
қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары
мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы
үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау.
Ұйымдастыру-басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу-бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді және шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс
ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі
резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған
қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен
үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.Бақылау басқарудың элементі
ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару
стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін
(операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз
ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы
аппаратының қызметін қамтиды.
Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес обьектілредің екі тобын
бөледі: шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы.
Оларға басқарудың мына субьектілері сәйкес келеді: қаржы службалары
(шаруашылық жүргізуші субьектілердің бөлімдері), қаржы және салық
органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың
жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде
пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін
кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция
жағдайында заңды екенін мойындауға тура келеді. Бұл буынның қаржысын
басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің,
ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті
(басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы
бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен
топтары басқарады.

1.2. Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті

Қаржыны басқаруда дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субьектілерінің қаржы органдарының,
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылы
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржыны басқаруда кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқаруда
обьектілері мен субьектілері көрінеді. Обьектілер ретінде қаржы
қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субьектілер болып табылады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар қолданып жүрген
әдістерді іске асыруды, басқару фкнцияларының реттеудің қаржы рыногын
қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін
тауап пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға
көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен қатар әлеуметтік жағынан
бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп
отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына,
оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары
жеткілікксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардың бас тарту
болады және тағы басқалар. Осы жерде басқа себептерге байланысты қаржының
ролі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап,
жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап
етті. Бұл әдістер экономикаға қаржыны реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз
етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға
ммүкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көсретіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың
қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың
бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің
аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы Министрлігі
тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып
жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен
нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет
операцияларына сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету
жөніндегі операцияларға қатысты.
Екнішіден, түсімдерді уақыты алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы Министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,
бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері
арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті
бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің
кемшіліктері.
Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару
жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімнің бірі қаржыны басқару.
Нарықтық экономикаға көшекен елдерде бұл басқарудың принциптері және
әдістері ХІХ-ХХ ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып
Қаржылық менеджмент деген атқа ие болды. Жүз жылдан астам мерзімде
қаржылық менеджмент ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтіп,
көптеген өзгерістерге ұшырады.
Қаржының атқарымы және оның қаржы менеджері жұмысында білуніу туралы
әдебиеттер екі негізгі көзқарас қалыптасқан:
1. Қаржы екі атқарымды орындайды тарату және бақылау;
2. Қаржы үш атқарымды орындайды: табысты қалыптастыру, шығын жасау
–тарату, тиімді бақылау.
Екі бағыттың ішіндегі дұрыс негізделгені екінші бағыт. Шындығында қаржыны
тартпас бұрын алдыменен табысты қалыптастыру керек. Яғни ресурстарды
қалыптастыру арқылы ақша қаражаттары қорын қалыптастыру қажет.
Сонымен бірінші атқарым қаржы менеджерінің ұмысында қаржы ресрустарын
ақша қаражаты қорына толық шоғырландыру арқылы айқындалады. Атап айтқанда
толық және өз уақытында қаржы ресурстарын жинақтау қаржы неси жүйесінің
барлық бөлімдерінің аса маңызды мақсаты болып есептелінеді. Шындығында
табыстың толық түспеуі яғни өз уақытында сатылған тауарлардан түсімнің
түспеуі, өндірісті қаржыландыру мен әлеуметік төлемдерді төлеуді тағы
басқаларды қиындатады. Өз уақытында табысты түсірудің қажеттілігі қаржы
менеджерінің жіберген қатілктерін қалпына келтіру үшін қаржы көздерін
іздестіру арқылы шара қолдануды қажет етеді. өз уақытында табысты түсірудің
қажеттілігі қаржы менджерінің басты принциптерінің бірі болып табылады.
Екінші атқарым шығын жасау немесе барлық ақша түсімдерін тарату және
қайта таратуда байқалады. Соныменен қаржы менеджерінің қолындағы қаржы
магнитін уақытша бос ресурстарды тартып, оларды ең басымды және тиімді
обьектіге салған жөн.
Қаржылық менеджмент дегеніміз-бұл кәсіпкерлік кәсіпорындарының шаруашылық
әрекеті арқылы қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі.
Қаржыны басқару кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын
бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда
алу мақсатында қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен анықтауға болады.
Қаржы менеджменті жұмыс істеу тетігіне сүйенеді.
Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің,
ведомстоволардың компаниялардың акционрелік қоғамдардың, серіктестіктердің
қаржы департаменттері мен бөлімдері фирмалардың шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы
басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды есепке алуды орындаумен қоса
атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік
департаменттер жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы
қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып оның тиімділігін
арттыруға, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық
айналамына пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға,
өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді
жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға,
табыстылықты (рентабельділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды
әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қатысты шаруашылық құрылымдарының
қаржылық жұмыстарын ретейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды әдістемелік
материалдарды жасайды.
Министрліктер мен жоғарғы органдардың қаржы басқармасының аппараты
жиынтық қаржыны болжау, кірістер мен шығыстардың жиынтық балансына бақылау
жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын
үйлестіру туралы жұмыстарды жүзеге асырып отырады.
Фирмалардағы компаниялардағы қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім
болып табылатын қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері
өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы
менеджменті деп аталады және шаруашылық жүргізуші субьектілердің
кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық
процестер мен ақша ағынын басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы
менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең
тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында
бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға
мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Төменгі буындардағы қаржы менеджментінің обьектілері мыналар болып
табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар
және қызметтер, ақпарат зияткерлік қызметтің нәтижелері, материалдық емес
игіліктер.

ІІ Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің
қолданылу аясы
2.1. Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджменті

Кәсіпорынның қаржысын басқару қаржы тетігінің көмегімен орындалады. Ол
басқарушы және басқарылушы деген екі қосалқы жүйеден құралады. Басқару
субьектісі болып яғни қаржы менеджментінің қосалқы жүйесі қаржы қызметі,
оның бөлімдері мен қаржы менеджері болып саналады. Қаржы менеджментінің
негізгі басқару обьектісі ретінде кәсіпорынның ақша айналымы саналады.
Кәсіпорынның қаржы тетігі-қаржы инстурменттері мен қаржы әдістері арқылы
кәсіпорынның қаржы қатынасы басқару жүйесі. Сонымен қаржы тетегінің негізгі
элементтері дегеніміз қаржыны басқару обьектісі ретіндегі қаржы қатынасы,
қаржы әдістері, қаржы инструменттері, қаржыны басқаруды ақпараттармен және
құқықпен қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қаржы қатынасы кеәсіпорын деңгейіндегі қаржы қатынасын
қамтитындар:
- басқа кәсіпорындардан және мекемелерден шикізат, материлдар жеткізу,
құрастырушы мүліктерм ен өнімдерді сату, қызмет көрсету қатынасы;
- есеп айырысуға банктік қызмет көсрету, несиелерді алғанда және
жапқанда валютаны сатып алу және сатқанда тағы басқа операциялар
жасауға банк жүйесімен қатынас;
- өндірістік және қаржы активтері операцияларымен байланысты тауарлар,
шикізаттар және қор биржаларымен қатынас;
- акционерлік кәсіпорындармен қатынас;
- салық қызметімен қатынас;
- аудиттік фирмалар мен және басқадай шаруашылық субьектілермен қатынас
тағы басқалар.
Басқадай кәсіпорындар және ұйымдармен қатынас жасау ақша төлеу көлемі
жағынан ең ірі топ болып есептеледі. Кәсіпорныдар бір-бірімен дайын
өнімдерді сатумен және шаруашылық қажетке керек метариалдарды алумен
байланысты болады. Бұл топпен қаржы қатынасы басымқы роль тақарады, өйткені
материалдық өндіріс саласында ұлттық табыс жасаланып, кәсіпорындар
өнімдерді сатудан түсім және пайда алады.
Кәсіпорынның ішкі қаржы қатынасы бұл кәсіпорынның әр түрлі құрылымындағы
бөлімдерінің арасныдағы қатынас: дербес бөлімдер, цехтар, бригадалар,
сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларының қатынасы.
Қаржы жүйесінің көрсеткіштері арқылы басқарушы жүйе кәсіпорынның
шаруашылық әрекетіне әсер ете алады. Қаржы көрсеткіштеріне талдау
жасағанда жоспарлағанда, кәсіпорынның қаржысын бақсрауда қолданылады және
олар мынадай топтарға бөлінеді:
- кәсіпорынның мүлкін бағалау көрсеткіштері;
- кәсіпорынның қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері;
- кәсіпорынның капитал құрылымының көрсеткіштері;
- айналым қаражаттары жайының көрсеткіштері;
- рентабельділік және тағы басқа көрсеткіштер.
Қаржы әдістер бұл қаржыны басқару әдістеріне жататындар: қаржы есебі,
талдау жоспарлау, болжау, қаржыны бақылау, қаржыны реттеу, есептесу жүйесі,
несиелек салық салу, сақтандыру, лизинг талдау, факторинг және тағы
басқалар. Аталған әдістердің құрамды әдістері: несиелер және қарыздар,
пайыздық мөлшерлер, дивиденттер тағы басқалар.
Қаржы менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субьектілердің
барлығымен сипатталады. Жалпы түрде бұл кәсіпорынның қаржы қызметі
делінеді. Қаржы әрекетінің көлемі шағын кәсіпорындарда қаржы әрекетін
басқару, әлбетте, кәсіпорынның меншік иесімен атқарылады, бұл жерде қосымша
мамандарды қатыстырудың қажет жоқ. Жекелеген шағын және орта кәсіпорындарда
қаржы қызметін ұйымдастыру құрылымына қарай бухгалтерлік бөліммен
атқарылады. Бөлімнің міндеті есеп ақпаратын жинақтап, онда қаржыны
басқарушы кәсіпорынның бастығына береді. Кәсіпорынның кәсіпкерлік
әрекетінің кеңеюіне орай, қаржы әрекеті көлемінің ұлғаюына байланысты
кәсіпорынның басшысы қаржы қызметін құрады және оған кәсіпорынның қаржысын
басқарумен байланысты өз өкілеттілігінің бір бөлігін және міндетін
тапсырады. Әлбетте, бұл жағдай қаржы қызметі және қаржы немесе қаржы-
экономикалық бөлімімен атқарылады.
Шағын және орта кәсіпорындардың қаржы бөліміндегі жұмысқа әлбетте
кәсіпорынның қаржысын басқарудың барлық тақарымын орындаушы кең профильді
қаржы менеджері тартылады.
Ірі кәсіпкерлік құрылымдардың қаржы қызметіне кең профильді қаржы
менеджерлері, сондай-ақ атқарымды қаржы менеджерлері тартылады. Біріншісі
қаржы әрекетін басқаруға, екіншісі қаржы басқарудың нақтылы міндетін
орындаушы ретінде тартылады. Атқарымды қаржы менеджері кәсіпорынның қаржы
әрекетінің бір салымындағы басқарымына маманданған біржақты маман қажет.

2.2. Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің ролі

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес Туран Әлем
Банкі АҚ қаржылық-шаруашылық жұмысының нәтижесі туралы бірігіп жасаған
есебі негізінде жасалған баланстық есепте келтірілген ақпарат, банктің
қаржылық жағдайына анық мағлұмат береді.
Актив базасы 2006 жылдың аяғында 147,52 млн.тг 374064 млн теңгеге
дейін өсті, өсімі 2004 жылдың 31 желтоқсандағы 225492 млн тн салыстырғанда
65,4% артқан. Біздің өсіміміз 2004 жылмен салыстырғанда 2005 ж 68,1155 млн
тг көбейген.
Еліміздегі экономикалық өсудің арқасында әсіресе соңғы жылдықта,
Қазақстандағы банктің индустриясы да дамуда. Тек қана Туран Әлем Банкі АҚ
ғана емес, соңғы бес жыл ішінде активтің көбеюіне біздің стратегияда өз
ролін атқарды.
2004 ж аяғынан бастап қолма-қол қаржы және банктегі қолдағы қалдық
(сальдо) 4 есе өсті, 9339 млн теңгеге жетті, яғни 31.12.2004ж 22,054 млн
теңгеден 31.12.2006 ж 31,390 млн теңгеге дейін көбейді.
Құнды қағаздар портфелі айтарлықтай өсіп 400% жетті, 31.12.2004 ж
17,831 млн тг 2006 жылдың аяғында 87,879 млн тг дейін көбейді.
Біздің өтімді активтерімізді іске асыру стратегиялық нәтижесінжде
85,823 млн тн және 39,885 млн тг 31.12.2004 және 2005 жылмен сәйкес
салыстырғанда, 31.12.2006 ж 119,269 млн тг құрады. Өтімділік
коэффициентіннің нәтижесі 2006 жылдың аяғында 25,4%-тен 32%-ке дейін өсті.
Соңғы үш жылда актив саласындағы қарыз үлесі атйтарлықтай ұлғайды.
2005 жылмен салыстырғанда 2006 ж аяғында қарыз беру 88% өсті, бұл 2004 ж
салыстырғанда 15% өскен. Алдағы жылға да қарыз беру өсімін жсопарлаудамыз,
осыған байланысты біздің ойымызға консервативтік саясат, нағыз тиімді жол.
Біздің стратегия, жоғары салалы несие беруді сақтау үшін, қарыз портфелін
таңдау жолымен жүргізу.
Негізінде қаржы базасын бірізділікпен ұлғайта отырып, біздер тұрақты
түрде жаңа технологияны қаржыландырамыз. Шамалы қаржының өсімінде негізгі
кәсіпорынның қаржысын өсіруге теңейміз және нарықтық дұрыс бағаның
негізінде тәуелсі баға қоюшылардың қайта бағалауының арқасында кейбір
активтердің қаржысын өсіруге көмектеседі.
2006 жылдың активінің өсуі 2006ж аяғында 33% құрап, 31.12.2005ж 5,399
млн теңгеден 2006 ж аяғында 1,804млн теңгеден 7,203 млн теңгеге дейін өсті,
бұны негізінен банкінің еншілес сақтандыру компаниясының жүргізген
операциясымен түсіндіруге болады.
Біздер әр алуандық үдеріс жүргізудеміз және қаржы көзін көбейту,
активтің өсуіне әсер етеді. Банкінің қарыз берудегі басқа ұйымдармен есеп
айырысу шоты 31.12.2005 ж 58,653 млн тг, 31.12.2006 ж 62,204 млн теңгеге
өсіп, 120,857 млн теңге құрады. 2004 ж мен 2005 жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің принциптері
Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары
Қаржыны басқару және қаржы менеджменті
Менеджмент қызметі
Корпоративтік қаржы қызметтері
Қаржы менеджменті жайлы
Пәндер