Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау



І Кіріспе

Өнімнің өзіндік құнына жалпы түсінік

ІІ Негізгі бөлімі

1.Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі
шығыстарды мойындайтын шығыстар
2.Кәсіпорынның шығын түрлері
3.Шығындарды топтастыру
4.Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен
құрылымы

ІІІ Қорытынды
Өнімнің өзіндік құнына түсінік

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің өзіндік құны– кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді.
Өнімнің өзіндік құны жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау кен кәсіпорынның басқару, жоспарлау, еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі туралы пікір айтуға болады.
Кәсіпорынның өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:

T=C+V+m (6.1)
мұндағы Т– тауар құны;
С– тұтынылған өндіріс құралдары;
V– қажетті еңбек;
m– қосымша құн.

Тұтынылған өндіріс құралдары деп– материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады. Яғни, бұлар бұрын затталған еңбектң құрады. Тұтынылған өндіріс құралдары–құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К. Маркс «тұрақты капитал» деп атаған (constant capital).
Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші–тауар құны, ол жұмысшының дене және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы алады. Жұмыс күші–өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнына артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі «өзгермелі (variable) капитал» делініп, «V» әріпімен, ал қосымша құн «m» әріпімен белгіленеді.
Қосымша құн жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай болатыны–өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық құн мөлшерін өндіреді. Қосымша құн кәсіпорынның алғашқы авансыланған қаражаттардан түскен таза пайдасы.
Өнімнің құнынан, өнімнің өзіндік құнының сандық әрі сапалық жағынан айырмашылығы бар. Өнімнің құны үш бөліктен: тұтынылған өндіріс құралдарының, сондай–ақ қажетті және қосымша еңбекпен жасалған өнім құнына құралатын болса, өнімнің өзіндік құнында алғашқы екі бөлік толық, үшінші бөлігі–ішінара, әлеуметтік мұқтаждарға аударым және тұтынылған еңбек заттарының бағасымен есептелген пайда қамтылады.
Сапалық айырмашылығы мынада: құн сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады, ал өнімнің өзіндік құны–қол жеткізілген техника мен технология, еңбек өнімділігі мен баға, жұмыс күшін қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, табиғи ресурстар, еңбек құралдары мен заттарын пайдалану деңгейі жағдайында өндіріс шығындарымен анықталады.
Пайдалы қазбаларды өндірудегі өзіндік құн, әр түрлі факторларға байланысты. Оның бірі–табиғи кен геологиялық жағдайлары, олар пайдалы қазбаларды өндіру тәсілін (ашық немесе жер астында), қазу жүйесін, қәсіпорынның жылдық өндірістік қуат мөлшерін анықтайды.

Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі
шығыстарды мойындайтын шығыстар

Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнына енбейтін және шығыстардың кезеңдегі шығыстарына жатқызылған (есепті уақыт арасындағы жасалған шығыстар) шығыстар:
– әкімшілік пен жалпы шығыстарды;
– өнім өткізуді жұмсауға кеткен шығыстар;
– проценттер бойынша шығыстар.
Өнім шығаруға кеткен шығындардың бұл шығыстардан
айырмашылығы – бұл өндіріс көлеміне қатысты емес және өнімдерді жұмсауға немесе қызмет көрсету түрлеріне
байланыссыз үнемі жұмсалатын шығын есебінде қаралады. Сондықтан мұны өнімдердің негізгі көлеміне емес, уақыт кезеңдеріне байланысты есептеу дұрыс. Субъект белгілі уақыт арасында ешнәрсе сатпаса да, сол уақытта жасалған шығыстарды көрсетеді. Есептеу және есептеме жүргізу тұрғысынан алып қарағанда, өнеркәсіптің өзіндік құнын өтеу уақытында жасаған шығыстан өзгешелігі–бұл өнім қалдығының кезеңдік шығыстарына жатқызылмайды. Бұларды есептеудің мұндай жолдары, нарықтық экономика жағдайында сақтылық принцптерінен туады. Осылайша, кезеңдегі шығыстар–қаржы–шаруашылық қызметінің есептеуінің нәтижесі болып
Қолданылған әдебиеттер

1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Э. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Алматы: Экономика 2003.

2. А.Қ. Ерали, М.Ғ. Қабылбеков. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық – Алматы: ҚазҰТУ, 2004.

3. Дүйсенбеков К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика. 2001.

4. Қаржылық есеп: Оқу құралы/ Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жанатаева А.Ә. – Алматы: Экономика, 2001.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау

І Кіріспе

Өнімнің өзіндік құнына жалпы түсінік

ІІ Негізгі бөлімі

1.Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі
шығыстарды мойындайтын шығыстар
2.Кәсіпорынның шығын түрлері
3.Шығындарды топтастыру
4.Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен
құрылымы

ІІІ Қорытынды

Өнімнің өзіндік құнына түсінік

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде
пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның,
негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге
жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің өзіндік құны– кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге
жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас
жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды
экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен
пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді.
Өнімнің өзіндік құны жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік
құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау кен кәсіпорынның басқару, жоспарлау,
еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі
туралы пікір айтуға болады.
Кәсіпорынның өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:

T=C+V+m
(6.1)
мұндағы Т– тауар құны;
С– тұтынылған өндіріс құралдары;
V– қажетті еңбек;
m– қосымша құн.

Тұтынылған өндіріс құралдары деп– материалдарға, отынға,
энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады.
Яғни, бұлар бұрын затталған еңбектң құрады. Тұтынылған өндіріс
құралдары–құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К.
Маркс тұрақты капитал деп атаған (constant capital).
Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің
өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші–тауар құны, ол жұмысшының дене
және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең.
Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы
алады. Жұмыс күші–өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнына
артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі өзгермелі (variable)
капитал делініп, V әріпімен, ал қосымша құн m әріпімен белгіленеді.
Қосымша құн жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай
болатыны–өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық
құн мөлшерін өндіреді. Қосымша құн кәсіпорынның алғашқы авансыланған
қаражаттардан түскен таза пайдасы.
Өнімнің құнынан, өнімнің өзіндік құнының сандық әрі сапалық жағынан
айырмашылығы бар. Өнімнің құны үш бөліктен: тұтынылған өндіріс
құралдарының, сондай–ақ қажетті және қосымша еңбекпен жасалған өнім құнына
құралатын болса, өнімнің өзіндік құнында алғашқы екі бөлік толық, үшінші
бөлігі–ішінара, әлеуметтік мұқтаждарға аударым және тұтынылған еңбек
заттарының бағасымен есептелген пайда қамтылады.
Сапалық айырмашылығы мынада: құн сұраныс пен ұсыныс арқылы
айқындалады, ал өнімнің өзіндік құны–қол жеткізілген техника мен
технология, еңбек өнімділігі мен баға, жұмыс күшін қалпына келтіруге
жұмсалған шығындар, табиғи ресурстар, еңбек құралдары мен заттарын
пайдалану деңгейі жағдайында өндіріс шығындарымен анықталады.
Пайдалы қазбаларды өндірудегі өзіндік құн, әр түрлі факторларға
байланысты. Оның бірі–табиғи кен геологиялық жағдайлары, олар пайдалы
қазбаларды өндіру тәсілін (ашық немесе жер астында), қазу жүйесін,
қәсіпорынның жылдық өндірістік қуат мөлшерін анықтайды.

Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі
шығыстарды мойындайтын шығыстар

Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнына енбейтін және шығыстардың
кезеңдегі шығыстарына жатқызылған (есепті уақыт арасындағы жасалған
шығыстар) шығыстар:
– әкімшілік пен жалпы шығыстарды;
– өнім өткізуді жұмсауға кеткен шығыстар;
– проценттер бойынша шығыстар.
Өнім шығаруға кеткен шығындардың бұл шығыстардан
айырмашылығы – бұл өндіріс көлеміне қатысты емес және өнімдерді жұмсауға
немесе қызмет көрсету түрлеріне
байланыссыз үнемі жұмсалатын шығын есебінде қаралады. Сондықтан мұны
өнімдердің негізгі көлеміне емес, уақыт кезеңдеріне байланысты есептеу
дұрыс. Субъект белгілі уақыт арасында ешнәрсе сатпаса да, сол уақытта
жасалған шығыстарды көрсетеді. Есептеу және есептеме жүргізу тұрғысынан
алып қарағанда, өнеркәсіптің өзіндік құнын өтеу уақытында жасаған шығыстан
өзгешелігі–бұл өнім қалдығының кезеңдік шығыстарына жатқызылмайды. Бұларды
есептеудің мұндай жолдары, нарықтық экономика жағдайында сақтылық
принцптерінен туады. Осылайша, кезеңдегі шығыстар–қаржы–шаруашылық
қызметінің есептеуінің нәтижесі болып табылатындықтан, алдымен
тауар–материалдық қорлардың баланстағы субъективті активтерінің бөлімдері
көрсетіліп қосылады. Содан кейіг барып, шаруашылық қаржы қызметінің есептік
көрсеткіштерінің нәтижелері көрсетіледі.
Кезеңнің шығыстары жасалған есепті кезең–уақытындағы шығысқа
жатқызылып, өткізілмеген өнімдердің келесі кезеңгі қалдығына да, өнімнің
есебіне де енбейді. Бұл сұрақтар субъектінің нарық саясатын жүргізуге
негізделген шешім қабылдауындағы маңызды мәселе.

Әкімшілік және жалпы шығыстар
Негізінен жалпы әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыстарына мыналар
жатады:
– әкімшілік қызметкерлері мен жұмысшыларға жататын адамдардың
еңбекақысын төлеу;
– кәсіпорындар мен шаруашылықтарға қызмет көрсететін адамдардың
еңбекақысын төлеу;
– әкімшілік және шаруашылық қызметтеріне байланысты адамдардың
– еңбекақысынан әлеуметтік және медициналық сақтандыруға
байланысты заң бойынша тағайындалған норма органдары, зейнетақы қоры,
еңбекке үйлестірудің мемлекеттік қорына ақша аудару.
– әкімшілік аппараты басқамасының, субъектінің құрылымдық
бөлімдеріне қызмет ететін жұмысшыларды, мұның ішінде қызмет бабындағы жеңіл
автотранспорттарды ұстауға кететін шығындар мен жекеменшік жеңіл
автомобильдерді қызмет бабында пайдалануға кететін шығындардың орнын
толтыру.
– техникалық басқармаларды ұстауға және олардың қызметін
ұйымдастыруға, байланыс бөлімшелерін, сигнализация құралдарын, есептеу
орталықтарын өндіріске жатпайтын және басқа да техникалық басқару
құралдарына (жалпы шаруашылыққа арналған негізгі құралдардың тозуы,
ғимараттарды жөндеуге және оны ұстауға, жалпы шаруашылыққа арналған
құрал–жабдықтар мен құрылыстарға) жұмсалатын шығындар;
– өндіру саласындағы дайындық жұмыстарына, егер ол күрделі шығынға
жатпаса (негізгі қордың есебінде қаржыландырылмаған жағдайда) кететін
шығындар;
– техникалық бақылау–дирекция тобы болмаған жағдайда, салынып жатқан
субъектінің дирекциясын, сол сияқты жаңа ұйымдар мен объектілерді іске
қосқанда кететін шығындар;
– құрылыс–монтаж жұмыстары мен жобалардың кемшіліктерін жоюға
объектіге зат беретін қоймадан қорларды алу кезіндегі сыну, бүліну және
зақымдану салдарынан, тексеру кезіндегі (заттарды бөлшектегенде) осы сияқты
басқа да шығындарды тапсыру кезіндегі жұмыстардағы шарттардың
орындалмауынан туындайтын шығындар;
– банктердің қызметіне төленетін шығындар;
– әкімшілік басқару құралдары мен оның жүйелерін құру мен жетілдіруге
кететін шығыстар;
– субъектінің штат кестесі бойынша кейбір қызметті орындауға адам
қаралмаған жағдайда, жалпы шаруашылықты басқару мен ұйымдастыру жұмыстарына
ақы төлеуге кететін шығыстар;
басқарманың әкімшілік қызметкерлерінің іссапарына жұмсалатын
шығындар;
– әкімшілік басқармасы аппараты қызметкерлерінің орын ауыстырғанда,
көтермеге төленетін шығындар;
– телефон, пошта, телеграф, баспахана, кеңсе шығындары;
– шаруашылық жәнекәсіпорындарды ұстауға (кеңсе бөлмелерін тегін беру,
қоғамдық тамақты ұйымдастыруға кететін, коммуналдық қызметтердің бағасын
төлеу, т.б.)
– жұмыс күштерін жинауды ұйымдастыруға, кадрларды қайта даярлауға,
жұмысшыларды жұмыстан босатқанда төленетін өтемақылар, коммиссиялық
шығындар;
– жалпы шаруашылықтың негізгі қорын жалға алуға кететін шығындар;
– жылжымайтын мүліктен, басқа да мүліктерден түсетін жиындар, салықтар;
– коммуналдық қызметке, қызметкерлердің еңбегін қорғауға, өртке қарсы
қызмет ұйымдастыруға, денсаулық, сауықтыру шараларын жүргізуге, директорлар
кеңесін ұйымдастыруға және жалпы шаруашылыққа қарастырылған басқа да
шығындар;
– есептен тыс шығындар, қоймаларды тауарлы–материалдық байланысты
және басқа да өнімге жатпайтын жоғалтулар мен шығындар;
– негізгі еңбекақысын алғанға дейінгі еңбекке уақытша
қабілеттілігін жойған жағдайда төленетін қосымшалар;
– қолданымдағы заңға сәйкес өндіріске тікелей қатысты емес
(басқару аппараты, т.б.) адамдарға қызмет көрсеткен жылдары үшін бір рет
берілетін қызметақы шығындары
– хабар қызметі және аудиторлық кеңес беруге төлеу;
– денсаулық мекемелерін, мектеп жасына дейінгі балалар
мекемелерін, сауықтыру лагерьлерін спорт пен мәдениет объектілерін, тұрғын
үй қоры объектілерін ұстауға кететін шығыстар;
– қаланы көріктендіру жұмыстарына, ауылшаруашылығына
көмек көрсету, т.б. жұмыстарға жұмсалатын шығындар;
Өткізуге байланысты шығындар
Өнімді сатуда туындаған шығыстар қосылады:
– өткізу бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысы, өткізу
бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдар, жекменшікті
қамсыздандыру шығындары, іссапар шығындары, қор және басқа шығындарды
пайдалану, негізгі қорды ұстауға және амортизацияға ақша аударуға кететін
шығындар;
– жіберілген жерден жүктерді апару, тиеу–түсіру жұмыстары;
– сату рыногін зерттеуге және рынокке дейін тауарды апаруға
(маркетингке шығындарды қосса), жарнама шығаруға әзірлеуге, көрмелерге
қатысуға, жәрмеңкелерге, тауарлардың үлгілерін жасауға, контрактілерге
сәйкес немесе басқа құжаттар мен келісімдерге тұтынушылар мен тікелей
немесе аралық ұйымдар мен тегін және қайтаруға жатпайтын осы сияқты басқа
шығындар.
Пайыз бойынша шығындар
Мұндай шығыстарға мыналар жатады:
– банктерден алған несиелердің айыздарын төлеу;
– жеткізушілердің несиелері бойынша пайыздарын төлеу;
– мүлікті жалға алу және басқалар бойынша пайыз шығындарын
төлеу;

Кәсіпорынның шығын түрлері
Өндіріс шығындары мен өндіріске жұмсалған шығындардың мәні,
теориялық және тәжірибелік жағынан өзара ұқсас емес. Кәсіпорын шығындары,
олардың экономикалық міндеттеріне қарай ажыратылады. Шығындардың ұдайы
өндіріс процесіндегі рөлін анықтап, айыру өте маңызды. Ұдайы өндірістік
белгісі бойынша кәсіпорынның шығындарын үш түрге бөлуге болады:
өнімнің өзіндік құнын құрастыратын өндірістік және өнім өткізуге
жұмсалатын шығындар. Бұл айналмалы капиталдың айнымалы арқылы өнім
өткізуден түскен түсімнен өтелетін ағымдағы шығындар;
өндірісті ұлғайту және жаңартуға жұмсалған шығындар. Бұл негізгі
және айналмалы қорлардың көлемін қлғайтуын, құрылымын жақсартуға
жұмсалатынбір жолғы шығын сомасы;
әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларға жұмсалатын
шығындар. Олар ттікелей өндіріспен байланысты емес және кәсіпорынның
арнаулы қорларынан қаржыланады;
Өндіріске және өнім өткізуге жұмсалатын кәсіпорынның ақшалай түрде
есептелетін шығындары–олар өндіріс процесінде материалдарды, отын мен
энергияның барлық түрлерін, еңбекті, негізгі қорларды, бейматериалдық
активтерді пйдалануға байланысты және шығарылатын өнімнің өзіндік құнына
енгізіледі.
Шетел оқулықтарында өндіріс шығындарын іске қосатын факторлар немесе
экономикалық ресурстарға жұмсаллған ресурстар деп анықтайды. Мұнда барлық
ресурстар баламалы деп қабылданады, бұл мынаны көрсетеді: өнім өндіру үшін
таңдалған кез-келген ресурстадың баламалығы–оның құнына немесе пайдаланудың
барлық ықтимал баламаларынан, ең таңдаулы нұсқасындағы құндылыққа тең.
Бұл–нарықтық экономиканың маңызды принцптерінің бірі.
Өндіріс шығындары – экономикалық және бухгалтерлік болып
ажыратылады.Экономикалық шығындар – жеткізушілерге пайдаланылатын
ресурстар, оған кәсіпорын төлемдерінің барлық түрлерін атауға болады. Олар
екі түрден тұрады: сыртқы (көрінетін немесе ақшалай) және ішкі (көрінбейтін
немесе имплициттік) шығындар.
Сыртқы шығындар–ресурс жеткізушілерге ақшалай төлемдер:
материалдарға, отынға, жұмысақы төлеуге, тозуды есептеуге арналған
төлеулер. Осы шығындар тобы, бухгалтерлік шығындарды құрастырады.
Ішкі шығындар–кәсіпкердің өзінің қосымша пайдаланылатын ресурстарына
алуға боатын табыс пен қалыпты пайданы қамтиды. Мысалы, кәсіпкер өз
капиталын жалгерлікке берсе немесе банкке салса, қосымша табыс алуы мүмкін.
Ал басқа кәсіпорында жұмыс істесе, жалақы алуы мүмкін.
Сонымен:
Экономикалық – Имплициттік = Бухгалтерлік
шығындар шығындар шығындар
Бухгалтерлік шығындар негізінде, шығындардың нақты сомасы
белгіленеді. Өнімнің өзіндік құны есептеліп, салық салынатын таббыстың
мөлшері анықталады.
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндіріс шығындары–материалдық заттар (материалдар, отын, энергия,
жабдықтың тозуы, т.б,) мен өнім өндіруге жұмсалған еңбек шығынддарының
жиынтығы және ол кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің қаншаға түсетінін
көрсетеді. Ақшалай нысанда ол өнімнің өзіндік құны–кәсіпорынның ағымдағы
шығыны болып саналады.
Өндіріс шығындары–пайдалы қазбаларды сатудың ең төмен бағасын
білдіреді, оны–заласыздық баға дейді. Ал тауарлық өнімнің жоғары бағасы
сұраныспен анықталады. Сонымен, тау-кен кәсіпорны өзінің өніміне оны
өнддіруге, өткізуге жұмсаған шығындарды, сондай-ақ жұмсалған күш-жігер мен
тәуекелдік үшін, пайданың орынды нормасын толық жабатындай баға қоюға
ұмтылады.
Тау-кен кәсіпорында өндірілген пайдалы қазбалардың өзіндік құнын
талдау үшін, шығындардың әр түрінің ерекшеліктерін біліп, сол шығындардың
өнім өндіру көлемімен өзара байланысын айқындау керек.
Өндіріс шығындарын әбден талдап, зерделеу үшін оларды жіктеп,
сипатты белгілермен әр түрлі топтарға бөлген жөн. Әдетте өндіріс шығындары
экономикалық мазмұнына, өндіріс процесіндегі міндетіне, өнімнің өзіндік
құнына жатқызу тәсіліне, шығындардың құрамына, өндіріс процесіндегі рөліне,
өндіріс көлеміне, қатынасына қарай топтастырылады. Экономикалық мазмұны
бойынша өндіріс шығындары былай бөлінеді:
жанды (нақты) еңбек шығындары–қызметкерлердің жұмысақысы, әлеуметтік
сақтандыру төлемдері;
затталған еңбек шығындары–материалдарға, отынға, энергияға, негізгі
қорлардың амортизациясына, т.б. материалдық құндылықтарға жұмсалған
шығынддар.
Өндірістік процеске қатысуына қарай шығындар: нгізгі және үстеме
шығындарға жатады.
Негізгі шығындар–тікелей өндірістік процесті жүзеге асыруға
байланысты.
Оларға:
–технологиялық процеске қажетті материалдар (бекітпе материалдары,
жарылғыш заттар, қосалқы бөлшектер);
–негізгі өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жұмысақысы,
сондай-ақ әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
–технологиялық отын;
–технологияға қажетті энергия–электроэнергиясы, сығылған
ауа, су;
–негізгі қорлардың өтелімі жатады.
Үстеме шығындар – өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен, оған қызмет
көрсетуге байланысты шығындар. Оған мыналар жатады:
–әкімшілік-шаруашылық шығындар–басшылар мен мамандардың, басқару
аппаратының, басқа да қызметкерлердің негізгі және қосымша жалақысы,
әлеуметтік сақтандыру аударымдарына – кеңсе керек-жақтарына жұмсалған
шығындар, пошта-телеграф, баспахана шығыны, іссапар шығындары;
–қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығындар;
–негізгі өндірісте істейтін және машиналар мен жабдықтарды
пайдаланумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің
қосымша жалақысы, әлеуметтік сақтандыру аударымдары;
–жұмысты ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар–негізгі өндірістік
қорларды күтіп ұстауға, жалгерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайы
ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАЛҚАШТҮСТІМЕТАЛ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
«Диполь альянс» ЖШС
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Салық салу және заңды тұлғалардың салықтық есебі
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру
Кәсіпорынның айналым қоры
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Кәсіпорын шығынының жалпы сипаттамасы
Пәндер