Кәсіпорынның кірісі


МАЗМҰНЫ
Қысқартылған сөздер тізімі . . . 3
Кіріспе . . . 4
I-бөлім. Кәсіпорынның кірісін қалыптастырудың теориялық аспектілері . . . 6
1. 1 Кәсіпорынның жиынтық кірісі және оның экономикалық қажеттілігі . . . 6
1. 2 Өнімді, жұмысты және қызметті сатудан алынатын кіріс . . . 11
1. 3 Кәсіпорынның негізгі және төтенше қызметтен алынатын кіріс . . . 13
II-бөлім. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның кірістілік көрсеткіштерін талдау . . . 16
2. 1 Кәсіпорынның кірістілік көрсеткіштерін сипаттау . . . 16
2. 2 Кірістіліктің абсолютті көрсеткіштеріне талдау жасау . . . 20
2. 3 Кірістіліктің қатынастық көрсеткіштерінің тиімділігін бағалау . . . 33
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 43
Қосымшалар . . . 45
Қысқартылған сөздер тізімі
АҚ - Ақционерлік қоғам
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР ҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Кіріспе
Өзектілігі: Кәсіпорынның қаржыларының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: кәсіпорын құрылымдарының қарамағына қаржы ресрустарын жұмылдыру және қаражаттарын кәсіпорынның әртүрлі қызметіне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін кәсіпорынның кірістері ұғымында, ал екіншісі кәсіпорынның шығыстарында табады.
Кәсіпорын іс-әрекетіндегі кірістің рөлі оның атқаратын функцияларына байланысты. Кірістің бірнеше функцияларының ішіндегі шаруашылықты жүргізу процесінің элементі ретіндегі оның екі негізгі - біріншіден, мемлекеттік бюджет толықтырма көзі, екіншіден, кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі функцияларын айтуға болады. Сонымен бірге, кіріс функциялары бойынша мемлекеттің, әрбір жұмыскердің және жалпы кәсіпорынның экономикалық мүдделері өзара шарттасты әлпеттеледі.
Демек, кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекетін бағалау үшін пайдаланатын маңызды көрсеткіштердің бірі болып кірістің абсолюттік көрсеткіші табылады. Осы көрсеткіш арқылы кәсіпорынның біскерлік белсенділігінің дәрежесі, ресурстарының қайырым деңгейі, активтерге жасалған салымдарының табыстылығы және жалпы қаржылық саулығы анықталады.
Кәсіпорынның кірістері -бұл кәсіпорынның жұмыс істеуімен байланысты ақша кірістері. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қазіргі заманғы кәсіпорындардың дамуы сатысында кірістер қаржылық саясаттың негізгі құралы ретінде қатысады және ол қоғамның өмір сүруінің материалдық негізі болып табылады. Нарықтық экономиканы қалыптастыру сатысында Қазақстан Республикасының белсенді дамуы көбіне мемлекеттің қаржысының жағдайымен және қаржы-несие жүйесінің тұрақты функцияланымен анықталады.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық қызметін таза кірістің және қаржының жан-күйінің көрсеткіші жалпы сипаттайды. Сонымен бірге қомақты пайда алып қана қоймай, кәсіпорынның иелігінде қалатын пайданың бөлігін дұрыс пайдалану, яғни ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік ұлғаймалы ұдайы өндіріс қарқынының оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етуге де ерекше назар аудару қажет.
Жұмыстың негізгі мақсаты: әсіпорынның кірістерін қалыптастыру мен бөлудің экономикалық тиімділігін ашып көрсету болып табылады.
Жұмыстың жалпы міндетіне келесілер жатады:
- кәсіпорынның кірістеріне сипаттама беру;
- кәсіпорынның кірістерін жүргізу саясатының ерекшелігіне мән беру;
- құрамы мен құрылымын талдау;
Курстық жұмыстың құрылымы: жоспар мен өзара тараушаларға бөлінген кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімде кәсіпорынның кірістерінің мәні мен түрлері, экономикалық жағдайы және кәсіпорынның кірістерін жүргізу саясаты қарастырылады.
Екінші бөлімде кәсіпорынның кірістерінің кірістілік көрсеткіштерін сипаттау, абсолютті көрсеткіштерін талдау және кірістіліктің қатынастық көрсеткішін бағалауы қарастырылады.
Кәсіпорын иелігінде қалатын таза кipic меншік иелерінің (акционерлер, жарнашылар, қатысушылар) шешімі бойынша бөлінеді. Жыл басында менеджердің ұсынысы бойынша меншік иeлepi болжамды жылы, тоқсанда пайданы бөлу сметасын бекітеді. Қолданыстағы заңнама бойынша кейбір салықтар мен жиындар (мысалы, үстеме пайдаға салынатын салық) кәсіпорын иелігінде қалатын таза пайдадан төленетін ескерген жөн.
Кәсіпорын иелігінде қалатын таза пайда екі бөлікке: жыл бойы оның жарғысында көзделген мақсатқа бөлінетінге және бөлінбейтін бөлікке бөлінеді. Соңғы бөлік жыл (тоқсан) соңында бөлінбеген пайданың болжанатын қалдыгының мөлшері көрсетеді. Меншік иeлepiнiң шешімі бойынша кәсіпорын иелігінде қалатын бүкіл пайданың бөлiнyiн болжауға болады.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілері, отандық және шетелдік ғалым-экономисттердің еңбектері, мерзімді басылымдар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдары пайдаланылды.
I-бөлім. Кәсіпорынның кірісін қалыптастырудың теориялық аспектілері
1. 1 Кәсіпорынның жиынтық кірісі және оның экономикалық қажеттілігі
Таза пайда (кipic) - бұл салық салынғаннан кейін пайда, ол ұйымньң (кәсіпорынның) одан әрі өсу және кәсіпорынның меншік иесі (кәсіпкер) кipic алатын көз.
Мемлекет ұйымның (кәсіпорынның) таза кірісті бөлуін және пайдалануын жанама әдістермен реттейді. Таза кipic кәсіпорынның иесінің толық иелігінде болады, сонымен 6ipre инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу, қаржы нарығында бос ақшалай қаражатты пайдалану, сондай-ақ жеке тұлғаның мүлкіне, кipiciнe салық салу және т. б. бөлігінде қаржыны осылай басқарады.
Кәсіпорын иелігінде қалатын таза кipic меншік иелерінің (акционерлер, жарнашылар, қатысушылар) шешімі бойынша бөлінеді. Жыл басында менеджердің ұсынысы бойынша меншік иeлepi болжамды жылы, тоқсанда пайданы бөлу сметасын бекітеді. Қолданыстағы заңнама бойынша кейбір салықтар мен жиындар (мысалы, үстеме пайдаға салынатын салық) кәсіпорын иелігінде қалатын таза пайдадан төленетін ескерген жөн.
Кәсіпорын иелігінде қалатын таза пайда екі бөлікке: жыл бойы оның жарғысында көзделген мақсатқа бөлінетінге және бөлінбейтін бөлікке бөлінеді. Соңғы бөлік жыл (тоқсан) соңында бөлінбеген пайданың болжанатын қалдыгының мөлшері көрсетеді. Меншік иeлepiнiң шешімі бойынша кәсіпорын иелігінде қалатын бүкіл пайданың бөлiнyiн болжауға болады.
Акционерлік қоғамда бөлінетін пайдадан салық төленгеннен кейін бірінші кезекте тіркелген дивиденд төленеді. Бұл мөлшері дивиденд шығарылғанда жарияланған артықшылықты акция мен облигация бойынша төленетін дивиденд. Сонымен 6ipre ационерлік қоғам мен жayaпкepшiлiгi шектеулі серктестік қолданыстағы заңнаманы және нормативтік актілерді ескере отырып жарғыда белгіленген мөлшерде резервтік қор кұруды қамтамасыз eтyi тиic. Сондықтан құрылтай құжатта бекітілген сомаға қол жеткізуге дейін пайданың бөлігі ең алдымен осы қорға бағытталуы тиіс.
Кәсіпорын диведент төлеп, резервтік қор құрғаннан кейін иелігінде қалатын жоспарлы пайданың бөлу үйлесімі кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық міндетінде анықталады. Аталмыш міндетке кәсіпорынның келешегі (өндірісті дамытуға немесе тұқыртуға жұмылдыруға байланысты пайданы инвестицияға және тұтынуға бөлген кездегі үйлесім), жаңа инвесторды (бұл үшін алдағы жылы дивиденд төлеуді арттыру орынды) және жалдамалы қызметкерлерді (пайданы әлеуметтік іс-шараларға, әлеуметтік сала қаражатының қорына, балалар мекемелерін ұстауға және т. б. ) тарту қажеттілігі жатады.
Жыл бойы пайда арнайы мақсаттағы қорға мақсатты қаржыландыруға (мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелерді және әлеуметтік инфракұрылым объектілерін ұстауға), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша залалдың орнын толтыруға, жарғылық корды толықтыруға, кысқа мерзімді несиенің пайызын колданыстағы заңнамада көзделген деңгейден тыс өтеу, негізгі кұрал-жабдықты ұзақ мерзімді жалға алу үшін пайыз төлеуге, үлес пен жай акцияға дивиденд төлеуге және т. б. бағытталуы мүмкін. Пайданың бөлігі бөлінбей калуы мүмкін.
Пайданы жыл бойы пайдалану бағыттары нақты кәсіпорынның жарғысында қарастырылған, ал олардың әрқайсысынан түсетін пайдадан аударылатын аударымның сомасын кәсіпорынның меншік иелері жыл сайын белгілейді.
Жыл бойы нақты пайда бекітілген сметаға сәйкес пайдаланылады. Жоспарлы шығысты қоспағанда, кәсіпорын иелігінде қалатын пайданың есебінен бюджеттен тыс қорларға кейбір төлем, өкілдік шығыс, жарнамаға жұмсалатын шығыс белгіленген норма мен нормативтен асқанда кадр даярлау мен қайта даярлауға жұмсалатын шығыс, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін белгіленетін айыппұл санкциясы және т. б. төленеді.
Жыл басында кәсіпорынның кірісі мен шығысы. сондай-ақ есепті жылы пайданы пайдалану есебі жасалады, сондай -ак бөлінбеген пайданың сомасы аныкталады.
АҚ-да аталмыш есепті (бухгалтерлік баланс сияқты) дербес аудиторлық ұйымы тексереді және осы есеп баспасөзде жарияланады.
Меншік иелері табыс етілген есепті бекіткеннен кейін бухгалтерлік баланс ішінара өзгертіледі, яғни есепті жылы пайдаланылған пайданын сомасы есептен шығарылады, сонымен бірге меншік иелері бөлінбеген пайданы пайдалану жөнінде шешім қабылдайды. Осы пайданың есебінен мүлікті ерікті сақтандыру төлемі төленеді, резервтік қор мен арнайы тағайындалған қор пайданы бөлу сметасы бойынша көзделген сомадан тыс толықтырылады, сондай-ақ мақсатты қаржыландыруға аударылатын аударым ұлғайтылады.
Нарықтық қатынас жағдайында кез келген кәсіпорын негізгі (операциялық), негізгі емес (қаржылық және инвестициялық) және төтенше қызмет түрлерінен кіріс алуы мүмкін (Қосымша №1) .
Операциялық қызмет-заңды тұлғаның кіріс алатын негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметіне жатпайтын өзге де қызметі. Аталмыш кәсіпорын осы қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Инвестициялық қызметі-ұзақ мерзімді актив сатып алу және сату, сондай-ақ өтелетін қарыз беру және алу жөніндегі қызмет.
Қаржы қызметі-заңды тұлғаның нәтижесінде меншікті капиталдың және қаржы қаражаттың мөлшері мен құрамы өзгеретін.
Кәсіпорынның өндірістік, өткізу, жабдықтау, қаржы және инвестициялық қызметінің түрлі қырлары қаржы нәтижесі көрсеткіштері жүйесінде аяқталып ақшалай бағаланады. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесінің қорытындыланған ең маңызды көрсеткіштері « Кіріс және шығыс жөніндегі есеп» деген жылдық және тоқсандық есеп-қисап нысанында келтірілген.
Есеп ҚР ҚМ Бухгалтерлік есеп және есеп беру әдістемесі департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 7 бұйрығымен ( 2003 жылғы 14 ақпандағы № 61 бұйрықтағы өзгерістермен) бекітілген Қаржылық есеп-қисапты жасау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жасалды.
Қаржы нәтижесінің көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олар арасында ең маңыздысы нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын экономикасының дамуының негізін қалайтын кірістілік көрсеткіші болып табылады. Кіріс ұлғайса өзін-өзі қаржыландыру, ұдайы өндірісті ұлғайту, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық қажеттілігінің проблемаларын шешу үшін қаржы базасын құрады. Кірістің есебінен кәсіпорынның бюджеттің, банкінің және басқа да кәсіпорын мен ұйымның алдындағы міндеттеменің бөлігі орындалады. Сөйтіп, кірістілік көрсеткіші кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметін бағалау үшін өте маңызды болып табылады. Кірістілік көрсеткіші кәсіпорынның іскерлік белсендігі мен қаржылай әл-ауқатының дәрежесін көрсетеді. Авансқа алынған қаражаттың қайтарым деңгейі және осы кәсіпорынның активіне салынған салымның кірістілігі де кірістілік көрсеткіші бойынша анықталады.
Кәсіпорынның қызметінің түпкілікті қаржы нәтижесі - есепті кезеңдегі қызметтен алынатын кіріс ( шегілетін залал) . Аталмыш көрсеткіш өнім ( жұмыс, қызмет) сату ( негізгі қызметтің) нәтижесінің: қаржылық және инвестициялық қызметтің нәтижесінің: төтенше қызметтен алынатын кіріс пен жұмсалатын шығыстың алгебралық сомасын білдіреді. Жиынтық кірістің нысандандырылған есеп-қисабы төменде келтірілген:
P = P Р + P Ф + P и + P ч (1)
Мұндағы:
P - кәсіпорынның жиынтық кірісі(залалы) ;
P Р - өнім ( жұмыс, қызмет) сатудан алынатын нәтиже (кіріс немесе залал)
P Ф - қаржылық қызметтің нәтижесі;
P и - инвестициялық қызметтің нәтижесі;
P ч - төтенше жағдайдың нәтижесі.
Өнім ( жұмыс, қызмет) сатудан алынатын нәтиже төмендегідей анықталады:
P р = N р -C пр -C пер (2)
Мұндағы:
N р - өнімді ( жұмысты, қызметті) ҚҚА, акциз және басқа да жанама салық пен жиын қоспай босату бағасымен сатудан алынған түсім;
C пр - сатылған өнімнің өзіндік( өндірістік) құны;
C пер - кезең шығысы ( коммерциялық және басқарушылық) .
Кәсіпорынның өнім сату бойынша айналымының бастапқы сәтінде кірістілік көрсеткіші есептеледі. Өнім ( жұмыс, қызмет) сатудан алынатын түсім кәсіпорынның өндірістік кезеңінен аяқталғалғанын, сонымен бірге кәсіпорынның өндіріске авансыланған қаражатының ақшалай нысанға қайтуын және айналымдағы барлық қаражаттың жаңа айналымының басталғанын білдіреді. Өнім сату мөлшеріндегі өзгеріс кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін ерекше әсер етеді, сондықтан қаржы департаменті өнімді тиеу мен сату процесін күнделікті жедел бақылауы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесін талдауға мына негізгі міндет жүктеледі:
-кірістілік көрсеткішінің серпін, оның нақты мөлшерінің негізгі пайда болуын және бөлінуін бағалау;
-кіріске түрлі факторлардың жасайтын әсерін анықтау және оның іс-әрекетін өзгерту;
-өндіріс көлемін және шығынды оңтайландыру негіінде кірістіліктің одан әрі өсуінің ықтимал резервін бағалау.
Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға арналған, кірісті қалыптастыруға негізделген, сондай-ақ нарықтық қатынас жаідайындағы кәсіпорынның шаруашылық механизмінің біріңғай моделі кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесін экономикалық талдаудың теориялық базасы болып табылады (қосымша №2) . Аталмыш модель нарық жағдайында жұмыс істейтін дербес тауар өндіруші ретіндегі барлық кәсіпорындарға тән кәсіпорын мақсатының, қызметтің қаржы нәтижесі көрсеткіштерінің, кірісті қалыптастыру мен бөлу процестерінің, салық салу жүйесінің біртұтастығын білдіреді.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізу моделінде бірқатар қадам немесе есеп бар. Оларды толығырақ қарастырайық.
Кіріс және шығыс жөніндегі есепке келесі көрсеткіштер кіреді:
- даяр өнімді ( тауарды, жұмысты, қызметті ) сатудан алынатын кіріс қосылған құн салығы, акцизбен т. б. салық және міндетті төлем, сондай-ақ қайтарылған тауардың құны, сатудан берілген жеңілдік пен сатып алушыға берілген бағадан жеңілдік құны шегеріліп көрсетіледі.
Осы бап бойынша негізгі қызметпен алынатын кіріс көрсетіледі. Негізгі қызметтен алынатын кіріс тауарлық-материалдық запасты сатудан, қызмет көрсетуден, сондай-ақ негізгі қызметке байланысты сыйақы, диведент, гонорар мен рента түрінде алынуы мүмкін.
- сатылған даяр өнімнің ( тауардың, жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына өнімді ( жұмыстың қызметті өндірумен тікелей байланысты нақты шығын кіреді. Нақты шығын өзінің экономикалық маңызына сәйкес материалдық шығын, еңбекақыға жұмсалатын шығын, сақтандырға аударым, негізгі құрал-жабдықтың тозуы, өзге шығын сияқты элемент бойынша топтастырылады;
- жалпы кіріс даяр өнімді ( тауарды, жұмысты, қызметті) сатудан алынатын қаржы нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде даяр өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сатудан алынатын кіріс пен сатылған даяр өнімнің (тауардың, жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады;
- кезең шығыны:
- жалпы және әкімшілік шығыс;
- сатуға жұмсалған шығыс;
- сыйақы төлеуге жұмсалған шығыс.
Кезең шығысы- бұл даяр өнімнің (тауардың, жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енгізілмейтін шығын.
- негізгі қызметтен алынатын кіріс ( залал) деген сальдоланған қаржы нәтижесі және жалпы кіріс пен кезең шығыны арасындағы айырма ретінде анықталады;
- негізгі емес қызметтен алынатын кіріс ( залал) . Осы бап бойынша негізгі емес қызметтің сальдоланған қаржы нәтижесі ( кіріс, шығысы) кө көрсетіледі. Негізгі емес қызметтен пайда болатын кіріс-бұл айналымдағы емес активті беру, биржада айналыстағы бағалы қағазды қайта бағалау және т. б;
- дағдылы қызметтен салық салынғанға дейін алынатын кіріс (залал) . Аталмыш көрсеткіш дағдылы қызметтен салық салынғанға дейіналынатын сальдоланған қаржы нәтижесін (кірісті, залалды) көрсетеді. Ол 5 және 6 тармақтың көрсеткішін есептеу арқылы анықталады:
- табыс салығы, бухгалтерлік есептің « Табыс салығы бойынша есеп» деп аталатын 11-стандартына сәйкес анықталады;
- дағдылы қызметтен салық салынғаннан кейін алынатын кіріс (залал) 7 және 8-тармақтың көрсеткішінің деректері бойынша айырма түрінде есептеу арқылы анықталады.
10) Төтенше жағдайдан алынатын кіріс ( залал) . Аталмыш көрсеткіш төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесінен табыс салығы шегеріліп көрсетеді. Төтенше жағдайға ұйымның қалыпты қызметінен ерекшелінетін оқиға немесе операция жатады. Осындай оқиға мен операция жиі немесе үнемі қайталанады деп қарастырылмайды.
11) таза кіріс ( шегілетін залал) заңды тұлға есепті кезеңінде алған сальдоланған нәтижені (таза кірісті, залалды) білдіреді.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық қызметін таза пайданың ( кірістің) және қаржының жан-күйінің көрсеткіші жалпы сипаттайды. Сонымен бірге қомақты пайда алып қана қоймай, кәсіпорынның иелігінде қалатын пайданың бөлігін дұрыс пайдалану, яғни ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік ұлғаймалы ұдайы өндіріс қарқынының оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етуге де ерекше назар аудару қажет.
Кәсіпорынның нарықтық қатынас жағдайындағы қызметінің қаржы нәтижесін қалыптастыру және оны бөлу қарастырылған моделі мемлекеттің және жекеленген кәсіпорындардың ( кәсіпкерлердің) арасында қабылданған нормативтік бөлу қатынас жүйесінің негізгі ерекшеліктерін білдіреді. Кәсіпорын үшін корпоративтік табыс салығы кірістің белгіленген үлесін мемлекеттің бюджетіне тегін беру жүйесі ретінде болады және осы кәсіпорынның капиталының жұмыс істеу процессіндегі қажетті элемент болып табылады. Осы элементтің мөлшері өндірістіішкі жоспарлауды және шығын мен инвестицияны бақылау жүйесін жақсарту, сондай-ақ шаруашылық қызметті кешенді түрде ұтымды ету және есептік саясатты негіздеп таңдау есебінен барынша төмендетілуі мүмкін.
1. 2 Өнімді, жұмысты және қызметті сатудан алынатын кіріс
Даяр өнім-негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Даяр өнімнің өндірісі аяқталуы, жинап-толықтырылуы, сонымен бірге ол стандартқа немесе техникалық шартқа сәйкес келуі тиіс. Даяр өнімді техникалық бақылау қызметі қабылдап алуы тиіс, сондай-ақ оның паспорты, сертификаты немесе оның сапасы мен жинақтылығын растайтын басқа да құжаты болуы тиіс. Аталмыш өнім қоймаға тапсырылуы, ал егер тапсырыс берушіге сол жерде табыс етілуі тиіс болса, онда ол қабылдау актісімен немесе басқа құжаттармен ресімделуі тиіс.
Даяр өнімге бөгде тарап үшін орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызмет, сондай-ақ меншік өндірістің сатуға арналған жартылай фабрикатының құны жатады. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісімен оны сату жоспарын орындау субъектінің қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.
Субъект өзінің өнімін, жұмысы мен қызметін тұтынушымен жасалған шаруашылық шартын орындау тәртібінде сатады. Ол өнімнің бөлігін өзінің өнімін сататын сауда желісі арқылы сатуы мүмкін. Субъектінің ең маңызды міндеті өнімнің саны, номенклатурасы, оны жеткізу мерзімі, сапасы мен басқа да талап қойылатын шартты міндеттемелерді орындау болып табылады. Әрбір субъект және жалпы республиканың экономикасы тұрақты жұмыс істеу үшін сатып алушыға жеткізілген өнімді уақтылы төлеу (әрбір өндіруші кәсіпорын да сатып алушы) бұлжымайтын талап ретінде қойылады.
Жинақтамалы есепте даяр өнім нақты өзіндік құн; талдамалы есепте-жоспарлы өзіндік құн немесе шартты баға болуы мүмкін тұрлаулы баға бойынша бағаланады. Өнімнің нақты және жоспарлы өзіндік құны немесе келісімді баға мен нақты өзіндік құн арасындағы айырма (+, -) жеке есептеледі.
Бухгалтерлік есепте даяр өнімді бағалаудың келесі түрі қолданылады:
- өндірістік өзіндік құн (жоспарлы, нақты), оған даяр өнімді өндіруге жұмсалатын барлық өндірістік шығын кіреді;
- толық өзіндік құн (жоспарлы, нақты) оған өндірістік өзіндік құн және коммерциялық шығыс (сатумен, жарнамамен байланысты және сатып алушы өтемейтін басқа да шығыс) кіреді.
- кәсіпорынның шартты бағасы бойынша;
- бөлшек сауда бағасы-кең салалы нарыққа түсетін және негізінен бөлшек сауда желісі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны арқылы сатылатын адамның жеке басы тұтынатын тауардың бағасы бойынша.
Кіріс бухгалтерлік есептің №5 «Кіріс» стандартына сәйкес саналады. Субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінен алынған кіріс оның жиынтық кірісін құрайды.
Сатып алынған даяр өнім мен тауар сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс тараптар арасындағы шартта (келісімшартта) көзделген сату құны бойынша анықталады. Мәміледен алынатын кірістің сомасы бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдіктің, сондай-ақ шартта (келісімшартта) келісін арзандату (қосымша бағалау) сомасы ескеріліп алынған немесе алынуы тиіс құнмен өлшенеді.
Субъект қызметінің сол бір мәмілесімен немесе оқиғасымен байланысты кіріс пен шығыс бір уақытта саналады.
Егер ақшалай қаражаттың мерзімі ұзартылса немесе төлем мелжеленген мерзімнен бұрын төленсе, онда өтемақының құны алынған немесе алынуы тиіс ақшалай қаражаттың атаулы сомасының аз немесе көп болуы мүмкін. Сату құны мен төлемнің атаулы сомасының арасындағы айырма пайыз түріндегі кіріс деп танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz