Сырқы экономикалық сауда



Кіріспе
1.тарау Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы
1.2 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

2.тарау Сырқы экономикалық сауданы кедендік.тарифтік реттеу механизмі
2.1 Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметті басқару
2.2 Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік жиындар мен кедендік баж алымы
2.3Қосымша құнға салынатын салық және акциз
3.тарау Казакстан республикасынын сыртқы сауда іс.әрекет3н багыттары
.
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымын оптимальдау жолдары

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сыртқы сауда – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Кедендік статистиканың ұйымдаспаған сауданы есепке алмағандағы деректері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының 2004 жылғы қаңтар-тамыздағы көлемі 19,8 млрд. АҚШ долларын құрады және өткен жылға осындай мерзіммен салыстырғанда 50% -ға өсіп, соның ішінде экспорт – 11,8 млрд. АҚШ долларын құрады, 44,6 пайызға өсіп, импорт – 8,1 млрд. АҚШ доллары, 58,4 пайызға өсті.
1. С.Т.Әлібеков, «Қазақстанның кеден құқығы», Алматы 2002;
2. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н Международные экономические отношения: Учебное пособие/Под ред.Н.НЛивенцева. М.Финансы и статистика, 1996.
3. Дегтярева О.И. Организация и техника внешнетоговых операций. М.,1992.
4. О.И.Дегтярова., Т.Н.Полянова., С.В.Саркисов. Внешнеэкономическая деятельность. Москва 2000 г.
5. Дюмулер И.И. Вопросы таможенно-тарифного регулирования. Материалы лекций. Вып.1-2, М., 1989.
6. Д.М.Мадиярова, У.А.Текенов, Б.М.Акбаева, «Международные транспортные перевозки и управление таможенным делом», Учебное пособие. Алматы «Экономика» 2000;
7. Международная торговля: финансовые операции, страхование и другие услуги/ Киев: Торгово-издательское бюро ВНV, 1994.
8. В.А.Некрасов, И.А. Джандарбеков «Основы таможенное дело в РК», Астана 2002;
9. Николаев Д.С. Транспорт в международных экономических отношениях. М., 1984.
10. Нұрахметов Б. Қазақстан Республикасының кеден ісі: сұрақтар мен жауаптар. Алматы, 1998.
11. Сарсембаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы, 1995.
12. Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы, 1995.
13. Таможенная право: Учебник / Под ред. Б.Н.Габричидзе. М., 1995.
14. Таможенное законодательство: Сб.нормативных актов. М., 1994.
15. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін)
16. Шмиттгофф К. Экспорт: право и практика международной торговли. М., 1993.
17. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе-2004 ж. «А-Полиграфия»;
18. //Ақиқат. №1,2004.Нұрақым Райханұлы. Қазақстан мен Ресей қарым- қатынастарының басты буыны. (16 – 21 беттер);
19. // Ақиқат. №3,2003. Өткен жылдың қорытындысы не көрсетті? (46 бет).

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
1-тарау Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы
1.2 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

2-тарау Сырқы экономикалық сауданы кедендік-тарифтік реттеу механизмі
2.1 Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметті басқару
2.2 Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік жиындар мен кедендік баж алымы

2.3Қосымша құнға салынатын салық және акциз
3-тарау Казакстан республикасынын сыртқы сауда іс-әрекет3н багыттары
.
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымын оптимальдау жолдары

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сыртқы сауда – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт)
құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан
көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса
активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда
балансын құрайды.
Кедендік статистиканың ұйымдаспаған сауданы есепке алмағандағы
деректері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының 2004
жылғы қаңтар-тамыздағы көлемі 19,8 млрд. АҚШ долларын құрады және өткен
жылға осындай мерзіммен салыстырғанда 50% -ға өсіп, соның ішінде экспорт –
11,8 млрд. АҚШ долларын құрады, 44,6 пайызға өсіп, импорт – 8,1 млрд. АҚШ
доллары, 58,4 пайызға өсті.
Келтірілген деректер бұрынғы жылдарғы тиісті көрсеткіштерден тым
өзгеше. Мысалы, 2003 жылы қаңтар-тамыздағы сыртқы сауда айналым 13,1 млрд.
АҚШ долларын құрады және 2002 жылмен салыстырғанда 30 пайызға өсіп, оның
ішінде экспорт – 8,1 млрд. доллар, 40 пайызға, импорт – 5,0 млрд. доллар,
58 пайызға өскен. 2004 жылы өткен жылдарға қарағанда импорттың жалпы
сомасы және соған сәйкес оның өсу қарқыны айтарлықтай жоғары және
экспорттың өсу қарқынын басып озды, экспорттың үлес салмағы біраз төмендей
түсті, тиісінше импорттың үлес салмағы өсті.
Кедендік-тарифтік шара деп - сыртқы сауданы реттеуге бағытталған
және заң актілеріне сәйкес мемлекет органдарымен жүзеге асырылатын құқықтық
шаралар, экономикалық, ұйымдастырушылық кешен түсіндіріледі. Кедендік
тариф – бұл сыртқы экономикалық қызмет тауарлық номенклатурасына сәйкес
мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты
қолданылатын кедендік алымдардың жүйеленген тізбесі. Қазақстан
Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы
Үкіметпен анықталады және Бүкіләлемдік Кеден Ұйымымен жүргізілетін
Үйлесімділік жүйе кодтауы мен тауар сипатында орналастырылады.
Кедендік тариф елдің кедендік территориясына әкелінетін
(импортталатын), сонымен қатар әкетілетін (экспортталатын) тауарларға
қатысты қолданылады.
Осылайша мемлекеттің сыртқы саудасын реттеудің негізгі құралы болып
тарифтік шаралар болып табылады. Оларды қолданудың сипаты мен ерекшелігі
кедендік территория арқылы тасымалданғанда қажет болатын тауарлар мен көлік
құралдарының түрі мен мақсаты, олардың тағайындалуы, таңдалған кеден режимі
мен басқа да мәліметтерге тәуелді анықталады. Осындай тауарлар туралы
мәліметтердің негізгі қайнар көзі болып жүк кедендік декларациясы табылады.
Осы құжат және онда көрсетілген мәліметтерге сәйкес тауар қарастырылған
кедендік тариф бойынша алымдармен алынады және кедендік шекарадан өту
туралы сұрақ шешіледі. Кедендік – тарифтік шаралар тасымалданатын тауарлар
мен көлік құралдарына қатысты бақылау процесі мен рәсімдеу кеден органымен
жүргізілгенде қолданылады.
Сыртқы сауданы кедендік – тарифтік реттеудің құқықтық жағдайын Кеден
тарифтері және баж туралы Қазақстан Республикасының заңы 1991 жылы 24
желтоқсанда белгіледі. Кедендік-тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең
Кеден тарифтер және баж туралы заңның қабылдануы.

I-тарау. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүниежүзінің
көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет
етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи
тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит
институттарымен сауда, кредит, инветициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт
және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең
шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі
ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық
агенттерінің басқа дүниемен (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі
бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар
жүйесіндегі қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық
құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге
асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында
қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық
ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы
болып табылады.(1-қосымша)
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша
көрінеді:
➢ қаржы көздрін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі
бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
➢ халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
➢ халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар
жатады:
1. сыртқы сауда;
2. шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи
тұлғалардың мүлкіне акциялар дәне басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік
қатысу;
3. концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге
асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі
объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
4. Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы – кредит ұйымдарына
қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік
кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және
басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
5. ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
6. шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстау жөніндегі есеп – қисаптардыжүргізу.
Сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы
қағаздарға, шетелде өнеркәсіп және басқа объектілер салуға капитал жұмсау
нысанындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда, қызметтің бұл түрі
Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың
жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мұндай активтер айтарлықтай дәрежеде шетке
капиталдың кемуі болып табылады.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды - айрықша құқықтық және
экономикалық режимі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің
ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-
экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік
технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың
шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне
қойылған. (2-қосымша)
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі
қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі
әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және
шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сыртқы сауда – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт)
құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан
көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса
активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда
балансын құрайды.
Сыртқы сауда дегеніміз – белгілі бір елдің басқа елдермен сауда
жасауы.
Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асыратын сфера –
халықаралық нарық деп аталады. Сыртқы сауда операциясының төрт негізгі
түрі бар:
• экспорттық операция – шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке
тауарды сату;
• импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен
тауарды сатып алу;
• реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген
тауарларды шетке шығару арқылы сату;
• реимпорттық операция – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген
тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі – шетел инвесторларының
қатысуы және республика эклнлмикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым
міндеттерін шешу, нарықты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық
әлуетті күшейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы
кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резевтері жасалған, олар
сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Несиелерді қамтамасыз
етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Инвестициялардың екі түрі болады: тура және портфелдік.Тура
инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен
пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар
– қаражаттарды жалған капиталға – басқа елдің заңи және жеке тұлғалары
шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1. шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді
ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және
шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру және тағы
басқа;
2. елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру;
3. жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтамасыз ету,
қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4. пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық
заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және
дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы
экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы нарықта
республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақтарының дербестігін
кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші
субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен
алу және орталықсыздандыру қойылған. Сыртқы экономикалық қызметті басқару
негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларға аударылып отыр. Сыртқы
экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты – ұлттық валютаның тұрақты жұмыс
істеуі және валюта нарығын дамыту. Валютаның нарықтық бағамы экспортты
кеңейту мен импортты оңтайландыру жөніндегі сыртқы экономикалық қызметті
ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық бағамдар
бойынша оны еркін сатып алу – сатудың валюталық ішкі нарығы құрылған.
Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-саттықты
жүргізгенде валютаға сұраным мен ұсынымның ағымдағы ара салмағының
негізінде Ұлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта және кредит
операцияларына коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші
субъектілер мүлікті кепілдікке салып, шетелдік кредиттерді өздігінше
тартуға құқық алады.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы
экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында
сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар
жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар
биржаларының желісі жұмыс істейді.[1]

2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен
әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1. сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2. салық салу;
3. инвестициялау;
4. сыртқы қарыз алу;
5. сыртқы берешек;
6. экспортты қаржыландыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ
жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары, лицензиялар мен квоталар
жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстарымен
тауар қорларының шектеулілігі жағдайында ішкі нарықты толықтырып,
тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ
сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және
дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға
салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүние жүзілік баға,
сыртқы кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы
қағаздар мен төлем құжаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын
ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен
байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа
елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың
бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер
экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының
басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами
бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық
тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға сұраным ұлғая
түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде
бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар
арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады.
Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді немесе тіркелген валюта
бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы
негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық
валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы
белгіленеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады,
сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта
бағамының кемуі экспорт кезінде құнның импорт кезінде өтелінетін шығасын
тудырады және керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт
кезінде пайда болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс.
Импорт кезінде шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы
төмендеуі жергілікті нарықта мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді және
керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне
байланысты нарықтың тұқыруына ұрындырады.
Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен
қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы эклномикалық тепе-
теңдікті айқындайтын макроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады
әрі бұрмаланады. Бұл тұтынушыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен,
өскелең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім ақшаның
жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден
құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла
отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің
ақша бірлігінің бағамын қолдап отру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге
мүдделі болады.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып
табылады; бұл жерде әңгіме жалпымемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы –
бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары
(экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болып отыр.
Кедендік тариф – бұл сыртқы экономикалық қызмет тауарлық
номенклатурасына сәйкес мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы
тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылатын кедендік алымдардың
жүйеленген тізбесі. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
қызметінің тауарлық номенклатурасы Үкіметпен анықталады және Бүкіләлемдік
Кеден Ұйымымен жүргізілетін Үйлесімділік жүйе кодтауы мен тауар сипатында
орналастырылады.
Кедендік тариф елдің кедендік территориясына әкелінетін
(импортталатын), сонымен қатар әкетілетін (экспортталатын) тауарларға
қатысты қолданылады.
Осылайша мемлекеттің сыртқы саудасын реттеудің негізгі құралы болып
тарифтік шаралар болып табылады. Оларды қолданудың сипаты мен ерекшелігі
кедендік территория арқылы тасымалданғанда қажет болатын тауарлар мен көлік
құралдарының түрі мен мақсаты, олардың тағайындалуы, таңдалған кеден режимі
мен басқа да мәліметтерге тәуелді анықталады. Осындай тауарлар туралы
мәліметтердің негізгі қайнар көзі болып жүк кедендік декларациясы табылады.
Осы құжат және онда көрсетілген мәліметтерге сәйкес тауар қарастырылған
кедендік тариф бойынша алымдармен алынады және кедендік шекарадан өту
туралы сұрақ шешіледі. Кедендік – тарифтік шаралар тасымалданатын тауарлар
мен көлік құралдарына қатысты бақылау процесі мен рәсімдеу кеден органымен
жүргізілгенде қолданылады. [2]
Сыртқы сауданы кедендік – тарифтік реттеудің құқықтық жағдайын Кеден
тарифтері және баж туралы Қазақстан Республикасының заңы 1991 жылы 24
желтоқсанда белгіледі. Кедендік-тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең
Кеден тарифтер және баж туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы
сауданы реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады. Кеден тарифтері
механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарды шешеді:
- реттеуші;
- сауда саяси;
- фискальді.
Кеден тарифінің нақты мақсаттарына мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасына тауарлар, валюталық табыстар мен шығындарды
кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын ұстау;
- Қазақстан Республикасында тауарлар өндірісі мен тұтыну
құрылымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді жоғарлауына
жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының кеден тарифтері - Қазақстан Республикасының
кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы
мөлшерлемесінің жиыны. Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке
тұлғалар, мәміле түрі және басқа да факторларға қатысты заңда
көрсетілгеннен өзгермейді.
Кеден тарифі тауарлар мен өзге де заттарды Қазақстанның кеден аумағына
енгенде Қазақстанның кеден аумағынан шығарылғанда қолданылады. Бұл заң
күшінің аумағы – Қазақстан Респупликасының біртұтас кеден аймағына жүреді,
яғни әкімшілік аймақ біртұтас кеден аймағы болып жарияланды. Заң бойынша
кеден тарифін Президент бекітуге тиіс болатын, алайда тәжірибеде Үкімет
бекітетін қандай да бір кеден баждарын қосқан соң ғана тариф туралы айтуға
болады.
Заңдық мазмұны бар тариф туралы 1991 жылдың 17 желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы Заңда жалпы
мемлекеттік салықтар қатарында (16-бап) айтылған, ал кейінгі заңдарда кеден
тарифі көрсетілмейді. Тек 1992 жылғы 28 қарашадағы Уақытша импорттық кеден
тарифі туралы Президент Жарлығын айтса болады.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден баждарын ретке келтіріп,
оларды кеден тарифіне біріктіру Қазақстан ТМД елдерінің, Кеден Одағының
ішінде, ең алдымен, Ресейдің кеден тарифіне біртіндеп көшкенде оңайлаған
болар еді. ТМД-ң интеграциялық комитетінің мәліметтеріне қарағанда,
Қазақстанда кеден баждарының 60%-ға жуығы Ресейдікімен сәйкес келеді,
дегенмен жалпы 15 мың тауар түрлеріне қатысты тарифтерді қайта қарау
керек.[3]
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік
құралдарын алып өткенде келесі төлемдер төленеді:
- кедендік баж алымы;
- кедендік алымдар;
- алымдар;
- алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.
Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп
алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Қазақстан
Республикасының Кеден кодексімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және
өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
және жағдайларда алады. Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. Жеке
тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер
және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік
төлем түрінде төленуі мүмкін. (ҚРКК, 37-тарау, 290-бап)
Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде
төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік
тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.

2-тарау Сырқы экономикалық сауданы кедендік-тарифтік реттеу механизмі
2.1 Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметті басқару

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы - елдің
экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың Жан-
жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Мысалы, АҚШ-та келендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7 аймақтық
бөлімшесі бар Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік қызмет
Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік-
Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.
Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде
олардың 300 кедені және кедендік бекеттері бар.
Қазақстан Республикасының кедендік саясатты жүзеге асырушы орган –
қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1991
жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру
жөніндегі Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас
жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет,
сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендік және кеден бекеттері кіреді.
Кедендік іс жөніндегі Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы
кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік
басқарма және еркін экономикалық аймақта орналасқан 2 дербес кедендік
органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.
Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе
ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік:
Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен
міндеттерінің біртұтастығы. Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі
осы органдар жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамасыз етіледі. Ол қатаң
иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшеленеді.
Орталық кеден органы кедендік қызметтің барлық мәселелерімен
айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институтционалдық
құрылымның негізін құраушы элемент болып Кеден есептеледі.
Кедендік органдар жүйесі

Кеден дегеніміз – кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген
және тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы
міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден
қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.
Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы
және бағынуы, кедендердің жергілікті әкімшілікке тәелсіздігі төмендегі
жүйені құрудың айрықша белгісі болып табылады.
Қазақстанның кедендік органдар жүйесі

Кедендік органдардың негізгі қызметтері:
➢ біріншіден, олар Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жасау
мен оны жүзеге асыруға қатысады;
➢ екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етеді және біздің мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғайды;
➢ үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады,
Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық
құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз
етеді.[4]

2.2 Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік жиындар мен кедендік баж
алымы

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар
мен көлік құралдарын кедендік рәсімдегені үшін және тасымалданатын
тауарлар, коммерциялық емес мақсаттағы тауарлар, сонымен қатар көлік
құралдары халықаралық пошталық жіберу жолжүгінде алып жүрусіз кедендік
рәсімдегені үшін кедендік жиындар алынады.
Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік жиындар – кедендік шекара
арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарының кедендік рәсімдегені
үшін алынатын кедендік төлем түрі. Кедендік рәсімдегені үшін алынатын
кедендік жиындар әрбір тауар партиясын кедендік рәсімдеген кезде, яғни
әрбір кедендік жүк декларациясы кезінде алынады.
Кедендік рәсімдеу үшін төленетін кедендік жиындарды бөліп
төлеуге және мерзімін ұзартуға жол берілмейді. Егер кеден органымен
тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеуге байланысты ешқандай әрекет
жасалмаса, кедендік рәсімдеу үшін алынған кедендік жиындар
қайтарылмайды.
Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік жиын Қазақстан
Республикасының валютасымен тауарлардың кедендік құнынан 0,2 % пайыз
мөлшерінде алынады.
Қазақстан Республикасының территориясы арқылы мемлекеттік теміржол
арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты транзиттік кеден режиміне сәйкес
кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік жиын бір кедендік тіркеме қағаз
арқылы тасымалданатын әрбір тауар партиясына қатысты 14 АҚШ доллары
көлемінде алынады. Тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеу белгісіз орын мен
Қазақстан Республикасының кеден органының жұмыс уақытынан тыс болса, онда
мұндай кедендік рәсімдеуде кедендік жиын екі есе көлемде алынады.
Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік жиын алынбайды:
- ізгі ниетті көмек жүктерін рәсімдегенде;
- тауарларды мемлекеттің пайдасы үшін бас тарту режиміне қойылса;
- жинақты объектке жалпы кеден декларациясын көрсеткен жағдайда;
- Қазақстан Республикасының кеден территориясына шетелдік мемлекеттің
дипломатиялық өкілдіктеріне арнайы қолдану үшін әкелінген тауарларды
рәсімдегенде;
- Қазақстан Республикасының кеден территориясынан Қазақстан
Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктердің
қызметін қамтамассыз ету үшін шығарылған тауарларды рәсімдегенде;
- Мемлекеттік және жергілікті мұражайларды, мұрағаттарды және тағы да
басқа мемлекеттік мәдени құндылықтардың қоймасын, кітапханалар мен
мәдени құндылықтарды экспонаттау мақсатында көрме, вернисаж және тағы
да басқа шараларды өткізуде уақытша әкетілетін және әкелінетін
тауарларды рәсімдеуде;
- Қазақстан Республикасының Халық Банкімен қолма-қол валюталарды
әкету немесе әкелуде рәсімдеуде, бірақ естеліктегі құнды металдан
жасалмаған тиындар және құнды металдан жасалған тиындардан басқа;
- кедендік құны 100 евродан төмен сомадағы тауарларды және кедендік
төлемдер мен салықтар алынбайтын, сонымен қатар экономикалық саясат
шаралары қолданылмайтын тауарларды рәсімдеуде;
- Қазақстан Республикасының территориясы арқылы транзитпен Армения,
Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы,
Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан Республикалары және Өзбекстан
Республикасы арқылы және осы елдерден тасымалданатын тауарларды
рәсімдеуде;
- Жіберуші кеден органы тағайындалған кеден органына сай келген
жағдайда (ауа және су тасымалына байланысты) транзиттік кеден
режиміне қойылған тауарларға қатысты;
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғамен
тасымалданатын қолма-қол шетелдік валютасын рәсімдегенде;
- Халықтық көркемдік кәсіби бұйымдарды өндіру үшін халықтық көркемдік
кәсіби кәсіпорындармен сатып алынатын шикізат материалдары мен құрал-
жабдықтарға қатысты;
- Мемлекеттік және жергілікті кітапханалар мен ғылыми қоғамдық және
шығармашылық одақ кітапханаларымен, халықаралық кітап айырбастау
мұражайларымен алынатын барлық баспасөз басылымына (сонымен қатар
электрондық тасушыдағы жазба түрінде) қатысты;
- Мемлекеттік қарызды өтеу есебіндегі (акциздік тауарлардан басқа)
әкелінетін тауарларға қатысты.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын
тауарлардан Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңына сәйкес
кедендік баж алымы алынады.
Сыртқы сауданы кедендік – тарифтік реттеудің құқықтық жағдайын Кеден
тарифтері және баж ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Арнайы кедендік режим
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Халықаралық сауда жайында
Жапон экономикалық ғажабы
Еркін экономикалық аймақтардың түрлері
Молдовия
Еуразиялық ой - Қазақстанның жаһандану үніне қарсылығы ретінде
Пәндер